Босанғаннан кейінгі патронаж Босану үйінен шыққаннан кейінгі алғашқы 3 тәулік ішінде әйелге әйелдер кеңесі жұмысшылары келеді – дәрігер (патологиялық босанулардан кейін) және акушер (қалыпты босанулардан кейін). Уақытылы босанудан кейінгі патронажды қамтамасыз ету үшін әйелдер кеңесі босану стационарларымен үнемі байланыста болулары қажет. Патронаж — тұрмыстағы санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту сауықтыру және алдын алу шараларын жүргізуге бағытталған емдеу- профилактикалық мекемелерінің жұмыс түрі. Патронаж, әсіресе, ана мен бала денсаулығын сақтау мекемелерінде кең қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |