«ӨСКЕМЕН ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ»
РЕФЕРАТ
Пән: Қазақстан тарихы
Тақырыбы: «Ақорда-қазақ хандығының негізі»
Орындаған: ЕІ-107
Солтанбекова Аида
Қадылбекова Айғаным
Тексерген: Тынай Г.
2022-2023 оқу жылы
Жоспар:
1.Ақ Орда ұғымы
2.Ақ Орда Жошы ұлысының шығыс қанаты
3.Әбілхайыр хандығы
4.Әбілхайыр хандығының мемлекеттік аумағы
5. Қазақ хандығының құрылу себептері
6. Жәнібек пен Керейдің Жетісуға көшуі. Қазақ хандығының құрылуы
7.Қорытынды ой.
8.Қолданылған әдебиеттер
Жошы ұлысының шығыс бөлігінде Орда Ежен ұрпақтарының ұлысы бөлектене бастағаны айтылды.Осы Орда Ежен ұлысы Ақ Орда деп аталады.
«Ақ Орда» ұғымы.
Ұлы Даланың батыс бөлігін жаулап алғаннан кейін,Бату Еділ жағалауына қоныс аударды. Жайық өзені Орда ежен мен Бату қлыстарының арасындағы шегараға айналды. Батыс Қазақстанда Батудың кіші інісі Шайбан қалып,ол шайбанилердің жеке ұлысының негізін қалады. Бұл ұлыс Көк Орда деп аталды. XIV ғасырдың екінші жартысында шайбанилер Алтын Ордадағы билікті басып алып,оған өз ұлысының атын (Көк Орда)берді. Бұл дерекөздерде бірқатар шатасуларды туындатты. 1370 жылдарының қарсаңында олардың бұрынғы ұлысы Орда Ежен ұрпағы Орыс ханның Ақ Ордасына қосылды.
Ақ Орда Жошы ұлысының шығыс қанаты ретінде.
Алтынорадалық билеушілер алғашында Ақ Орданың істеріне араласқан жоқ. Ол іс жүзінде тәуелсіз болмады.
Орыс хан тұсында Ақ Орда күшейіп,Жошы әулетінің сол қанаты тиесілі барлық жерді біріктірді. Ол Ақ Ордаға Сырдария бойындағы қалаларды,әсіресе астаналық қала Сығанақты қайтарды. Кейін ол шайбанилердің бұрынғы Көк Ордасын- Батыс Қазақстанды қосып алды. 1375-1376 жылдары Орыс хан алтынордалық Сарайшық, Қажы-тархан мен Сарай қалаларын басып алды және ол жерде өз ақшасын шығара бастады.
Орыс хан біріктірген орасан аумақ – қазақтардың этникалық аумағы және болашақ Қазақ хандығының мемлекеттік аумағы (әлі де болса Шағатайлардың билігінде болған Жетісуды қоспағанда). Сондықтан Орыс ханның Ақ Ордасы бірінші қазақ мемлекеті болып есептеледі.
Орыс ханның өлімнен кейін Тоқтамыс бүкіл Жошы ұлысын өз қол астына біріктірді. Орыс ханның ұрпақтары Ақ Ордадағы өз билігін қалпына келтіру үшін күресе бастады. Далалық тайпалардың бір бөлігі оларды,екінші бөлігі Тоқтамысты,кейін шайбанилерді қолдады. Орыс ханның ұрпағы Бараққа Шығыс Дешті Қыпшақты бес-алты жылға біріктірудің сәті түсті. Бірақ 1428 жылы оның өлімінен кейін Ақ Орда ыдырап кетті. Оның көп бөлігіне шайбанилік Әбілхайыр хан өз билігін жүргізді.
Достарыңызбен бөлісу: |