Реферат пән: Қазақстан тарихы Тақырыбы: «Ақорда-қазақ хандығының негізі»



жүктеу 17,99 Kb.
бет2/3
Дата20.11.2023
өлшемі17,99 Kb.
#44348
түріРеферат
1   2   3
Ақ Орда-қазақ хандыңының негізі

Әбілхайыр хандығы.
Әбілхайыр хан сайланған кезде, жасы бар-жоғы он жетіде еді. Оны көптеген далалық тайпалардың басшылары қолдады. Алайда даладағы өзара соғыстар ол билік жүргізген барлық қырық жылдың ішінде де тоқтаған жоқ және Шығыс Дешті Қыпшақтыі аумағы бытыраңқы болып қала берді. Әбілхайыр ханға билік үшін басқа шайбанилермен және Жошы ұрпақтарымен күресуге тура келді. Оңтүстік аймақтарды бағындыру одан да көп күш-жігер жұмсауды талап етті.
Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек және керей сұлтандар ораналасқан Ақ Орданың оңтүстік бөлігінде Әбілхайыр хан жиырма жыл бойы алға жылжи алмады. Олар осы аумақ билігін Барақтан мұрагерлікке алған еді және Әбілхайырмен күресте Сырдария бойындағы билеушілердің одақтастары болды. Әбілхайыр ханның оңтүстікке қарай жылжуы олардыі қол астындағы тайпалардың мүдделеріне қайшы келді.
Әбілхайыр хандығының мемлекеттік аумағы.
Әбілхайыр қырық жыл билік еткен кезеңде Шығыс Дешті Қыпшақ өзгерістерге ұшырады. Билігінің соңына қарай батыс Сібірдің оңтүстігінен Сырдарияның оң жағалауы мен Қаратаудың етегіне дейінгі жерді Сығанақ,Үзгенд,Ақ Қорған,Созақ қалаларымен бірге ұстап тұрды. Сондай-ақ Жайықтан Ертіске және Балқаштың солтүстік жағалауына дейінгі жерлер,яғни өзбек-қазақтардың этникалық аумағы оған қарасты болды. Әбілхайыр хан мемлекетін кейде Өзбек ұлысы,Әбілхайыр ұлысы немеспе Көшпелі өзбектер мемлекеті деп те атайды. Әбілхайыр хандыңы атауы неғұрлым дұрыстауы саналады,өйткені «өзбек» ұғымы далалық тайпаларға қатысты әлі де болса этникалық ұғым бола қойған жоқ еді.
1456-1457 жылдары ойраттардан жеңіліске ұшыраған Әбілхайыр Дешті Қыпшаққа кетуге мәжбүр болды. 1468 жылы Әбілхайыр хан қайтыс болды. Қазақ хандығының құрылыуымен Шығыс Дешті Қыпшақта шайбанилердің билік жүргізуі тоқтады.
Әбілхайыр мемлекетті қазақ мемлекеттігінің саяси тарихында мағызыды рөл атқарды. Ақ Ордамен қатар Әбілхайыр хандыңы Қазақ хандығының құрылуына қатысқан мемлекеттің бірі болып табылады.
Қазақ хандығының құрылу себептері.
XV ғасырдың ортасында қалыптасып келе жатқан қазақ этносының әртүрлі бөліктерін үш мемлекетте-Әбілхайыр хандығы,Ноғай Ордасы және Моғолстанда болды. Қазақ тайпаларын бір мемлекетке бііктіру ісі Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керейдің үлесіне тиді.
Сырттай қарағанда Орыс хан ұрпақтарының шайбанилермен күресі «мұралық иелік» Шығыс Дешті Қыпшақ үшін күрес болып көргенімен,шын мәнәнде,қазақтардың дербес мемлекет құруға ұмтылысын көрсетті.
1440-1450 жылдары көптеген қазақ ру-тайпалары Қзақстанныі оңтүстік бөлігінде – Жәнібек пен Керейдің айналасына топтасты. Бұл жерде осыған дейін Жәнібектің әкесі Барақ ханның күшті билігі болған еді.Әбілхайыр хан билік үшін Жошы ұрпақтарымен күрес жүргізіп жатқан кезде,Жәнібек пен Керей өздерінің қол астындағы тайпаларды мықты тәртіппен басқарды. Олармен өзара қырқыстың тоқтауын және сауланың дамуын қалаған Сырдария бойындағы қалалардың ақсүйектері де байланысты болды. Жәнібек пен Керейдің билігіндегі қазақ тайпаларына өз билеушілерінің Әбілхайырмен жауласуы оңай тиген жоқ. Өйткені осыған байланысты жаз мезгілінде Қазастанның солтүстігіне көше алмады. Өз кезегінде Әбілхайырдың қол астындағы тайплардың Сырдария бойындағы аудандарсыз қалуы қиыншылықтар тудырды. Қазақ тайпаларының табиғи көші-қон бағыттары бойындағы аумақтарды иеленуге ұмтылуы олардың мемлекет құруға ұмтылысын тудырды. Бұл Жәнібек пен Керейдің Жетісуға көшуі мен қазақ жерлерін біріктіру үшін күресінің аса маңызды себептерінің бірі болды.

жүктеу 17,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау