Реферат «Медиаорта және байланыс аудиториясы. Казмедианың қызметі»



жүктеу 0,58 Mb.
бет9/12
Дата09.01.2022
өлшемі0,58 Mb.
#31838
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
МЕДИАОРТА Бисекен Ақниет ЕА-33

ІІІ-бөлім. Қазмедиаорталығының медиаортасына маркетингтік талдау

Бүгінгі таңда сырттан келетін ақпаратқа тосқауыл қою өте күрделі және оны шектеудің өзіндік қиындықтары бар. Әрі сырттан келетін ақпаратқа тыйым салу арқылы проблеманы шешу мүмкін емес. Қоғамның маргиналдануына бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы көп. Жаһандану заманында бір жағынан ақпаратты кедергісіз алатын қоғамның орнауы заңдылық деп табылса, екінші жағынан, жастардың ақпарат тасқынының кері ықпалынан сақтандыру, антигумандық ақпараттар ағынынан өзін - өзі қорғай алу дағдыларын қалыптастыру өзекті мәселе болып табылады.

Осы ретте, мән мәтінде ақпараттық қоғамның маңызды сипаттамаларын, елімізде ақпараттық қоғамның даму кезеңіндегі медиаортаның қалыптасу факторларын және қазіргі жағдайдағы медиакеңістіктегі студент тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық аспектілерін талдау мәселесі туындайды.

«Ақпарат» термині ғылыми айналымға түспей тұрып, коммуникация құралдарының қарқынды дамуы - қазіргі заманның таңбалау мағынасына ауыспастан, көп бұрын пайда болған. Философия өз кезегінде, ақпараттың біріне-бірі қарсы – атрибутивті және функционалды екі тұжырымдамасын қалыптастырды. Атрибутистер ақпаратты материя атрибуты ретінде жіктесе, ал функционалистер ақпаратты тек күрделі, өздігінен құрылатын жүйелердің қызмет етуімен байланыстырады. С.Н. Данилин бұл екі тәсілдің де толық еместігін көрсетіп: «Ақпарат – қоршаған ортадағы өмір сүру немесе көрініс формасына қарамастан, ол кез келген объектілер мен үрдістердің, құбылыстар немесе оқиғалардың сандық және сапалық шамасы» деп тұжырым жасайды[1].

Е.П.Тавокин, ақпарат табиғатының екі жақтылығын анықтап, оның объективті әлем құбылыстарының, үрдістерінің көрінісі ретінде идеалды болғанымен, материалды объектілер арқылы: белгілер, дыбыстар және т.с.с. арқылы берілетінін, оның пайда болуының (көрінуінің) ең маңызды шарты – белсенді (өзін-өзі ұйымдастыратын) субъекттің өзара әрекетіне қатысуы екеніне тоқталады. Оның көпшілікке ұсынған анықтамасында: «Ақпарат – ол субъекттің басқа субъекттің (-тердің) қабылдауына арналған нақты немесе идеалды дүниенің белгілі бір фрагменттерін саналы немесе санасыз көрсетуінің материалданған. нәтижесі» деп тұжырымдаған[2]. Бұл анықтамалар, өз кезегінде «ақпарат» категориясын әрі қарай талдау және оны университет студенттерінің медиақұзіреттілік тақырыбы бойынша

зерттеулерінде қолдану үшін негіз болады.

Ақпарат өздігінен тұтынушыға жете алмайды, сондықтан осы саналы көріністің материалданған нәтижесін беруге қабілетті белгілі бір технологияларды қажет етеді. 1962 жылдың өзінде-ақ, Маршалл Маклюэн «Гутенберг галактикасы: баспамен айналысатын адамның қалыптасуы» деген кітабында, коммуникациялық технологиялар (көбіне жазу және кітап басып шығару) қоғамдағы когнитивтік үрдістерді ұйымдастыруға қалай әсер ететініне жауап беруге тырысқан. М. Маклюэннің пікірі бойынша, бұқаралық ақпарат құралдары өздігінен олардың мазмұнына (контентіне) қарамастын, зерттеу объектісі болуы керек.

Бұқаралық ақпарат (коммуникация) құралдары қоғамға ең алдымен мазмұнымен емес, оның басқа бұқаралық ақпарат құралдардан ерекшеленетін сипаттамасымен ықпал ететіні негізгі идея болып табылады.

Маклюэнннің өркениет даму кезеңдерін төмендегідей көрсетуге болады:

а)алғашқы жазуға дейінгі мәдениет – байланыстың ауызша түрі мен өмірдің ұжымдық түрінің қағидаларына, қоршаған ортаны қабылдауы мен түсінуіне негізделген ақпаратты беру;

ә)жазба- баспа мәдениеті («Гутенберг галактикасы») – табиғилық пен ұжымдық даралықты ұжымды тарату және детрайбализациямен ауыстырған дадактизм және национализм дәуірі;

б) «жаһанды ауылдың» қазіргі кезеңі – әлемді аудио-визуалды, көп шамалы қабылдауды және ұжымдылық табиғи қабылдауды тудыратын, бірақ жазба-баспа қатынас тілін редиотелевизиялық және желілік бұқаралық ақпарат құралдарымен ауыстыру арқылы - жаңа электрондық негізде қабылдау [3].

Қоғам өмірінің әртүрлі салаларын компьютерлендіру мен ақпараттандырудың технологиялық және әлеуметтік салдарының тереңдігі мен ауқымын ескере отырып, оларды кейде компьютерлік немесе ақпараттық төңкеріс деп те атайды. Бұдан басқа, батыстық қоғамдық-саяси ой, мақсаты ғылыми-техникалық прогресстің жаңа кезеңі – компьютерлік және ақпараттық төңкеріс тудырған ең жаңа құбылыстарды түсіндіру болып табылатын «ақпараттық қоғам» деп аталатын тұжырымдаманың әртүрлі нұсқаларын ұсынды.

Постиндустриалдық қоғам теориясын ұсынған жетекші зерттеушілердің бірқатары, соның ішінде Д.Белл, қазіргі уақытта ақпараттық қоғам тұжырымдамасының қолдаушысы ретінде көрінеді. Д.Белл үшін ақпараттық қоғам тұжырымдамасы постиндустриалды қоғам теориясын дамытудың өзіндің жаңа кезеңі болып отыр. Сондай-ақ, Д.Беллдің пікірінше, ақпарат пен басты рөлде компьютер ойнайтын білімді ұйымдастыру мен өңдеудегі төңкеріс – постиндустриалды қоғам деп атайтын мәнмәтінде дамиды [4]. У. Мартин ақпаратты қоғамның негізі сипаттамаларын келесі критерийлер бойынша төмендегідей бөліп, қарауды ұсынады:



  • технологиялық (негізгі фактор — өндірісте, мекемелерде, білім жүйесі мен тұрмыста кеңінен қолданылатын ақпараттық технология);

- әлеуметтік (ақпарат өмір сапасын өзгертудің маңызды ынталандырушысы ретінде болады, ақпаратқа кеңінен қолжетімдік болған жағдайда, «ақпараттық сана» қалыптасады және бекиді);

- экономикалық (акпарат - ресурс, қызмет, тауар, қосалқы құн мен жұмыс бастылық көзі ретінде экономикада негізгі факторды құрайды);

- саяси (халықтың әртүрлі таптары және әлеуметтік топтары арасындағы өсіп келе жатқан қатысулар және консенсуспен сипатталатын саяси үрдіске әкеліп соғатын ақпарат еркіндігі);

- мәдени (жеке индивидтің немесе жалпы қоғамның дамуы үшін ақпараттық құндылықтарды бекітуге ықпал ету арқылы ақпараттың мәдени құндылығын мойындау). Бұл орайда У.Мартин, коммуникация ақпараттық қ амның негізгі элементі болып табылатындығына баса назар аударады. Автордың пікірінше, ақпараттық қоғамды – өмір сапасы әлеуметтік өзгерістер мен экономикалық даму перспективалары сияқты (үдемелі түрде) ақпарат пен оны пайдалануға тәуелді болатын қоғам ретінде анықтауға болады. Осындай қоғамда өмір стандарттары, еңбек пен демалыс формалары, білім жүйесі мен нарық, ақпарат пен білім саласындағы жетістіктердің айтарлықтай ықпалында болады.

Ақпараттандыру мен компьютерлендіру адамдардан компьютерленген қоғамның жағдайлары мен шындығына бейімделуді және оған қоғамда лайықты орынды қамтамасыз ететін жаңа дағдыларды, жаңа білім мен жаңа ойды талап етеді.

Сондықтан, Қазмедиаорталығының негізгі қағидаттары:

 


жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау