Жалпы алғанда медиаортаның келесі түрлері кездеседі:
Қаржы қоғамдары (банктер, инвестициялық компаниялары, қор биржалары) фирманы қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді.
Ақпарат тарату құралдары (радио, теледидар, газеттер, журналдар т.б.) кəсіпкерлік жүйесі туралы əр түрлі ақпарат таратады.
Қоғамдар (тұтынушылар тобы, жергілікті тұрғындар) фирманың жұмысын бақылайды.
Фирма қызметкерлері олардың фирма жайлы қалыптасқан пікірлері жұмысшылардың өз міндеттерін орындау сапасына ықпалын тигізеді.
Мұндағы маркетинг зерттеулерінің мақсаты — медиаортаның жалпы жағдайы туралы ақпарат жинау, фирмаға қатысты əрекеттерді болжау жəне қоғаммен бірлесу жолдарын іздеу.
Ендігі кезекте, медиаорта негізінде Қазмедиа орталығының қызметіне тоқтасақ. «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы Астананың орталығында орналасқан «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінің кеңістігі жылына 365 күн, аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы шығармашылық үшін ашық. 22 қабатты телеорталық ғимараты медиаконтентті үздіксіз өндірудің толық циклін қамтамасыз ету және Қазақстан аумағына ұлттық медиа хабарларды сапалы тарату үшін арнайы жабдықталған.
Бұл 15 бірегей аппараттық-студиялық блоктар, оның ішінде Астананың панорамалы көрінісі бар Sky-студия, виртуалды студия, көп функциялы киноконцерт залы, жайлы үлкен көрме холдары, коворкинг аймағы, дыбыс жазу студиялары. «Қазмедиа орталығы» телерадиокешені өз жұмысын 2012 жылдың қыркүйек айынан бастады. Медиаконтенттің үздіксіз өндірісін қамтамасыз етуге және хабарды сапалы таратуға арналған инфрақұрылыммен жабдықталған 22 қабатты заманауи іскерлік технологиялық кешенде жеті телеарна мен үш радиостанция орналасқан, атап айтқанда: «Хабар», «Хабар 24», «KazakhTV», «Qazaqstan», «Balapan», «Евразия» бірінші телеарнасы, «МИР» ХТРК арналары, сондай-ақ «Қазақ радиосы», «Shalqar» және «Астана» радиолары.
Қазмедиа орталығы” басқарушы компаниясы ” ЖШС Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласын техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын технологиялық алаң бола отырып, оның одан әрі дамуына күш жұмсайды.
Миссиясы: ҚР халқы үшін телевизиялық және радиобағдарламаларды жасау мен эфирге шығарудың толық циклін қолдау үшін жаңғыртылған инфрақұрылымды құру, енгізу және қамтамасыз ету.
Көрінісі: КМО – медиа-хабар тарату саласындағы заманауи жаңа технологиялармен бірқатар қызметтер ұсынатын технологиялық хаб. Біз технологиялық, қаржылық және корпоративтік мәдениеттің үздіксіз дамуына бағытталғанбыз.
Миссияны іске асыру және пайымға қол жеткізу үшін KMO теледидар және радио өндірісі саласындағы ең озық әлемдік тенденцияларды қолдана отырып, хабар тарату процесін инфрақұрылымдық қолдауды қамтамасыз ететін интеграцияланған технологиялық платформа ретінде дамиды.
Құрылатын жаңа қызметтер мультиклиенттік қызмет көрсетуге бағдарланатын болады, яғни телерадио өндірісі саласында жұмыс істейтін барлық компаниялар үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Ілеспе инфрақұрылымды жаңғырту және жаңарту ең аз шығындар кезінде қуаттарды ұлғайту мүмкіндігін ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
Сервистік бағытты дамыту жөніндегі белгілі бір міндеттерді іске асыру мақсатында КМО жетекші әлемдік компаниялар арасында стратегиялық әріптестерді тартатын болады. Бұл: біріншіден, телеөндіріс саласындағы озық технологияларды тартуға, екіншіден, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға; үшіншіден, компанияның капиталды қажетсінетін жобаларын бірлесіп іске асыруға мүмкіндік береді.
Қазмедиаорталығының мүмкіндіктері келесідей:
әлемнің жетекші өндірушілерінің ең заманауи өндірістік және телекоммуникациялық жабдықтарды;
жетекші телерадиокомпаниялар мен жеке продакшн студияларына телевизиялық және радио бағдарламалар өндірісін қамтамасыз ететін 400-ге жуық жоғары білікті мамандар;
14 студиялық блоктар, оның ішінде: телебағдарламаларды өндіруге арналған 9 студия, жаңалық өндіретін 4 студия, 1 виртуалды студия және 92 монтаждық аппаратхана;
теле- және радиоэфир хабарын тәулік бойы тарату;
888 орындық киноконцерттік зал;
коворкинг зонасы;
кеңсе және коммерциялық жайлар.
Халықаралық серіктестікті орнатқан:
«Останкино» телевизиялық техникалық орталығымен серіктестік туралы меморандум жасалды;
2012 жылдан бастап Азия-Тынық мұхиттық хабар тарату одағының (ABU) мүшесі.
«Қазмедиа орталығының» клиенттері мемлекеттік сектор өкілдіктері;
ұлттық компаниялар мен елшіліктер;
коммерциялық компаниялар;
продакшн-студиялар, продюсерлік орталықтар, event- және PR-агенттіктер;
қоғамдық бірлестіктер.
Достарыңызбен бөлісу: |