Реферат «Азаматтық құқық»


I. ТАРАУ. ОРТАҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ 1.1. Ортақ меншік ұғымы



жүктеу 42,65 Kb.
бет2/8
Дата23.11.2023
өлшемі42,65 Kb.
#44437
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Ортақ меншік

I. ТАРАУ. ОРТАҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ

1.1. Ортақ меншік ұғымы


Бір затқа меншік құқығы бірнеше меншік иесіне қатысты болуы мүмкін, ал мұндай жағдайда ортақ меншік қатынасы пайда болады. Мұндай жағдайда меншік құқығы бірнеше меншік иелеріне бөлінеді. Ортақ меншік екі немесе бірнеше адамның меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады, оны өзінің мақсаты өзгертілмейінше бөлуге болмайды (бөлінбейтін заттар), өйткені, ол заңға сәйкес бөлінуге жатпайды. Мысалы, шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің бірі одан шыққан кезде, шаруашылықтың өндіріс құралжабдықтары бөлінуге жатпайды (АК-тін, 225-бабы, 2-тармағы).
Бөлінетін мүлікке ортақ меншік заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады (АК- тің 209-бабы, 4-тармағы).
Мұндай жағдайға жекелеген заттардан құралған не жинақталған заттарды жатқызуға болады (мысалы, оған кітапхана, сурет галереясы, және т.б. жатады). Айталық, кітапханадағы кітаптың кейбіреуі бір адамға, басқасы өзге адамдарға тиесілі болуы мүмкін, мұның өзі шартпен немесе заң құжаттарымен айқындалады.
Ортақ меншіктің құқық қатынастары бірқатар заңдық ерекшеліктерге ие болады. Меншіктің құқықтық қатынасында ортақ меншік құқығы субъектілерінің бір-біріне деген өзара қарым-қатынасы туындайды, яғни ортақ меншіктің басқа иелері мен үшінші тұлға арасында құқықтық қатынас пайда болады.
Сондықтан да ортақ меншік жалпы меншік қатысушылары арасындағы қатынас емес, салыстырмалы құқықтық қатынас болып табылады, яғни бұл жерде олардың қатынастары нақтылы және де құқықтық қатынасқа қатысушыларының аясы белгіленген. Мысалы, оған бір мүліктің бәріне ортақ болуы дәлел, демек әрбір қатысушы бірдей мөлшерде немесе үлесіне қарай ие болуы мүмкін.[1,18-21] Бұл жерде біріне бірі қарсы тұрған жақтар жоқ, қатысушыларды несие беруші не борышқор деп те айта алмайсың, ал олардың арасындағы келісім тек ортақ мақсатқа бағытталған. Мәселен, мұрагерлік мүлікке бірнеше адам ие.
Бірлескен меншік иелерінің арасындағы бір-біріне деген қарымқатынасының сипаты меншік түрінің сипатымен ерекшеленеді. Оның өзі меншік құқығының құрылымына сәйкес болуы мүмкін. Былайша айтқанда, бір затты иеленетін меншік иелері меншік құқығының әртүрлі субъектілері бола алады. Сондықтан да мемлекет, бір немесе бірнеше жеке тұлғалар сол мүліктің ортақ меншігіне қатысушылар рөлін атқаратын жағдай аз кездеспейді.
Ортақ меншіктің субъектілері жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде шетел азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен оның әкімшілікаумақтық бірлігі бола алады. Ортақ меншік құқығы әртүрлі заңдық фактілер, атап айтқанда, шарттар, келісімдер, заңда кезделген өзге де реттер негізінде де жүзеге асады ("Жеке кәсіпкерлік туралы" Занның 3-бабы, 3-тармағы). Ортақ меншік ерлі-зайыпты адамдардың сатып алған ортақ мүлкінен де туындайды.
АК-тің 230-бабына сәйкес жай серіктестік қызметінің негізгі ақшалай немесе өзге де мүліктік жарналары, сондай-ақ олардың бірлескен қызметі нәтижесінде жасалған немесе сатып алынған мүлік олардың ортақ үлесті меншігі болып табылады. Ортақ меншік құқығы дегеніміз бірнеше тұлғалардың мүлікті бір объект ретінде иеленіп, пайдалану мен билік етуін бекітетін, реттейтін және қорғайтын құқық нормаларының жиынтығы.
Ортақ меншік құқығын субъективті мағынада екі немесе одан да көп тұлғалардың өздерінің қалауы бойынша қарамағындағы ортақ мүлікті белгіленген тәртіп пен заң шегінде иелену, пайдалану және билік ету мүмкіндігін заңмен немесе ортақ меншіктің басқа иелері өзара жасалған шарттарымен қамтамасыз ету деп түсіну керек.
Ортақ меншік құқығы институтының маңызы мен мағынасы ең алдымен бірнеше тұлғалардың өздерінің тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру үшін белгілі бір объектіні жария түрде құрып, немесе иеленіп, бірлесіп пайдалануынан көрінеді. Ортақ меншік шаруашылық жүргізу тәжірибесінде, сондай-ақ өмірде мүлікті мейлінше тиімді пайдалануына жәрдемдеседі.

жүктеу 42,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау