Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



жүктеу 0,84 Mb.
бет1/4
Дата04.12.2017
өлшемі0,84 Mb.
#3161
түріСабақ
  1   2   3   4



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Дәрілер технологиясы кафедрасы



044 -43/15УМК- (2014-15)

48 беттің -беті



Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу





Тәжірибелік Сабаққа арналған әдістемелік Өңдеу

Пән: Дәрілер технологиясы
Пән коды: TL5303
Мамандық: 5В110300 Фармация
Оқу сағаттар көлемі: 360 (8 кредит)
Курс және семестр: 5 курс 10 семестр
Тәжірибелік сабақтар: 45 сағат


Кафедра мәжілісінде __ ___ 2014 ж.

(хаттама № ___ ) талқыланған

Каф.мең., фарм.ғ.д., профессор

____________Сағындықова Б.А.

2014ж.

Сабақ 1

Кредит 5

Тақырып 1: Ампулаларды толтыруға дайындау. Ампулалық шынының химиялық және термиялық тұрақтығын тексеру. Тұрақтандыруды талап ететін шаншуға арналған ерітінділерді (новокаин гидрохлориді, кофеин-бензоат натрий) дайындау. Сапасын бағалау.
Мақсаты: Ампулаларды толтыруға дайындаудың технологиялық процесін өз бетінше жүргізуді үйрену. Ампулалық шынының талдауын жүргізуді, ампулалық шынының маркасын дұрыс бағалауды үйрену, жеңіл тотығатын дәрілік заттармен шаншуға арналған ерітінділерді дайындау, дайын өнімнің сапасын бағалауды үйрену және тұрақтандыруды дұрыс жүргізу туралы шешімін қорытындылау.
Оқыту мақсаты:

студент білуі тиіс:

  • стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік түрлердің негізгі топтары;

  • парентеральды енгізуге арналған дәрілік түрлерге қойылатын талаптар: шаншуға арналған және инфузиялық;

  • өндіріс бөлмелерінің тазалық кластары және оларды қамтамсыз ету шарттары;

  • бастапқы шикізатқа, қосымша материалдарға, қызметкерлерге, құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар;

  • медициналық шынылар маркалары;

  • ампулаларды толтыруға дайындау сатысының негізгі операциялары.

студент істей білуі тиіс:

  • ампулаларды толтыруға дайындау: ампулалардың ішін және сыртын жуу, ампулаларды кептіру және стерильдеу, ампулаларды толтыру және дәнекерлеу;

  • ампулалық шынының термиялық тұрақтылығын анықтау;

  • ампулалық шынының химиялық тұрақтылығын анықтау;

  • фенолфталеиндік әдісті пайдаланып, ампулалық шынының маркасын анықтау;

  • берілген ерітіндіні дайындау үшін, керекті ингридиенттердің және еріткіштің мөлшерін есептеу;

  • өндірістің технологиялық схемасын құрастыру;

  • берілген ерітіндіні тұрақтандыру жолдары, тұрақтандырғыштың мөлшерін есептеу;

  • ерітіндіні сұйылту немесе қойылту үшін керекті дәрілік зат пен еріткіштің мөлшерін есептеу;

  • қосымша тазартуды талап ететін ерітінділерді дайындау;

  • толтырылған ампулаларды стерильдеу мен бракеражды дұрыс жүргізу.

Тақырыптың негізгі сұрақтары

негізгі білім бойынша:

  1. Асептика және антисептика туралы түсінік.

  2. Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік түрлер.

  3. Суды дайындау. Аквадистилляторлардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері. Дәріхана жағдайында шаншуға арналған су алу.

сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік түрлердің негізгі топтары.

  2. Шаншуға арналған және инфузиялық дәрілік түрлер. МФ ХІ басылымы бойынша оларға қойылатын талаптар.

  3. Бастапқы шикізатқа, қосымша материалдарға, қызметкерлерге, құрал-жабдықтарға, өндіріс бөлмелеріне қойылатын талаптар.

  4. Өндіріс бөлмелерінің тазалық кластары және оларды қамтамсыз ету шарттары.

  5. Ампулалау өндірісінің технологиялық схемасы. Негізгі сатылары мен операциялары.

  6. Медициналық шынылар. Шыны маркалары. Сапасын бағалаудың негізгі көрсеткіштері және оларды бағалау әдістері.

  7. “Шыны дроттарды дайындау және ампулаларды алу” сатысы: калибрлеу, жуу, кептіру және қорғап орау. Ампулаларды алу. Қолданылатын машиналар мен автоматтар. Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.

  8. “Ампулаларды толтыруға дайындау” сатысы: капиллярларды ашу, ампулаларды кассетаға жинау, күйдіру, сыртын және ішін жуу, кептіру, стерильдеу, сапасын бағалау, кернеу тереңдігін анықтау.

  9. “Шаншуға арналған ерітінділерді дайындау” сатысы. Негізгі операциялары.

СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ

Студенттер жеке лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындауы керек.



Тапсырма N 1. Ампулаларды толтыруға дайындау: ампулаларды ашу, сыртын және ішін жуу, кептіру, стерильдеу.

Тапсырма N 2. Ампулалық шыныларды талдау: химиялық және термиялық тұрақ-тылығы бойынша ампулалық шынылардың маркаларын анықтау, ол үшін ампу-лаларды дистилденген сумен толтырып, созу арқылы дәнекерлеп, стерильдеу, бракераж жасау, сапасын бағалау. Жұмысты қорытындылау.

Тапсырма N 3. Ампулаларды келесі сабаққа дайындау: капиллярларды кесу, сыртын-ішін жуу, кептіру, стерильдеу, қағаз қалатларға салып, келесі сабаққа қалдыру.

ЕСКЕРТУ: ампулалалық шыныларды талдау үшін және жұмыс жүргізу үшін көлемі 1 мл ампулуалар қолданылады.

Жұмысты орындау барысында студенттер техника қауіпсіздігін, өндірістік санитария жағдайларын және оқу лабораториясындағы ережелерді қатаң сақтау керек, ампулаларды ашу кезінде және дәнекерлеу кезінде (спиртовкамен жұмыс істеу кезінде) мұқият болуы керек.

Тапсырма N 4. Жеңіл тотығатын шаншуға арналған ерітінділерді тұрақтандырғыш қосып дайындау. Ол үшін:


  • 25-100 мл ерітінді дайындау үшін жұмыс жазылымын құрастыру;

  • ерітінді дайындау, оның концентрациясын анықтау, фильтрлеу, мөлдірлігін және механикалық қоспаларын тексеру, ерітіндінің бір бөлігіне тұрақтандырғыш қосылады, екінші бөлігіне косылмайды (салыстыру үшін);

  • ампулаларды ерітінділермен толтырып, дәнекерлеп, сапасын тексеріп, стерильдеу, ампулаларды бракераждау;

  • ампулданған ерітіндінің сапасын бағалау;

  • дайын өнімді безендіріп, оқытушыға өткізу, регламентті безендіру;

Лабораториялық жұмысты жүргізу үшін келесі ерітінділер қолданылады:

- новокаин 1% және 2% ерітінділері;

- никотин қышқылының 1% ерітінділері;

- кофеин-натрий бензоаты 10% және 20% ерітінділері;

- натрий-тиосульфат 30% ерітіндісі.

Тапсырма N 5. Ампулаларды келесі сабаққа дайындап, қағаз қалталарға салу.


Жұмыстың орындалуына әдістемелік нұсқау

Ампулалық шынының химиялық тұрақтылығын анықтаудың фенолфталеиндік әдісі (Д.И.Попопов және В.А. Клячкина бойынша).

Бұл әдіс сирек қолданылады, себебі жобамен анықталады.

Дайындалған ампулаларды 2 мл суға 1 тамшы 1 % фенолфталеиннің спирттік ерітіндісі



тамызылған , дистилденген сумен толтырып, дәнекерлеп 3 бөлікке бөледі:

  1. 1 -бөлік ампулаларды 30 мин. 100 С;

  2. 2- бөлік ампулаларды 20 м ин. 120 С;

  3. 3- бөлік ампулаларды салыстыру үшін қалдырады.

Егер ампула маркасы НС-3, НС-1 болса, автоклавтаған кезде де қызғылт түс пайда болмайды. Егер 100 С –та стерилдеу кезінде түсі өзгермесе, бірақ автоклавтау кезінде пайда болса, онда бұл ампулалар тұрақтылығы төмендеу шынының НС-2 маркасынан жасалған. Егер қызғылт түс стерилдеудің екі жағдайында да пайда болса, бұл ампулалар АБ-1 маркасынан дайындалған және оларда тек майлы ерітінділерді босатуға болады.
Білім берудің және оқытудың әдістері: Лабораториялық жұмыс, протоколды безендіру,ауызша сұрау, мылқау карталармен жұмыс, есептер шығару.
Әдебиет

негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

  2. Муравьев И.А. - Технология лекарств. – 1 том. - М. - 1991.

  3. Иванова Л.А. - Технология лекарственных форм. - 2-том. - 1991.

  4. Тенцова А.И. - Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. - М. - 1986.

қосымша:

  1. МФ ССРО Х, ХІ басылымы.

  2. Лекциялық материалдар.

  3. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.

Бақылау:

Ситуациялық есептер:

Есеп 1. 100 ампуланың термиялық тұрақтылығын тексеру кезінде бір партиясынан 32 ампула жарылды. Ампуланың тұрақтылығы төмен болуы неліктен және оны қалай жақсартуға болады?

Есеп 2. Ампуланың химиялық тұрақтылығын тексеру кезінде 1200С 30 минутта стерильдеген соң судың рН-ын потенциометрлік әдіспен анықтаған кезде, рН-тың бастапқы мәнінен 1,4-ке өзгерген. Шыны маркасын анықтаңыздар.

Есеп 3. Фенолфталеиндік әдіспен шынының химиялық тұрақтылығын тексерген кезде, стерильдеуден кейін қызғылт түс пайда болған. Шыны маркасын анықтаңыздар.
Бақылау сұрақтары:

  1. Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік түрлердің негізгі топтарын атаңыздар.

  2. Шаншуға арналған дәрілік түрлерге толық сипаттама беріңіздер. Шаншу жолдарын атаңыз.

  3. Шаншуға арналған дәрілік түрлердің артықшылықтары мен кемшіліктері.

  4. Шаншуға арналған, ампулданған ерітінділерге қандай талаптар қойылады?

  5. Стерильді дәрілік түр дайындауға арналған өндіріс бөлмелеріне қандай талаптар қойылады?

  6. Қызметкерлерге, олардың киімдеріне, қондырғыларға қойылатын талаптар.

  7. Ампулаларға анықтама беріңіздер. Ампулалық шыныларға қойылатын талаптар. Шынылардың қандай маркаларын білесіздер? Ампулаларды дайындау үшін қандай маркалары қолданылады?

  8. Ампулалық шынылардың сапасын қандай көрсеткіштері бойынша анықтайды? Химиялық және термиялық тұрақтылығын қалай анықтайды?

  9. Нейтралды, сілтілі, қышқылды ерітінділер әсерінен ампулалық шынылардың ішкі беттері қандай өзгерістерге ұшырайды? Ерітінділердің рН мәні қалай өзгереді?

  10. Ампулданған ерітінділер өндірісінің толық технологиялық схемасын беріңіздер. Ол қандай сатылардан тұрады?

  11. “Шыны дроттарды дайындау және ампулаларды алу” сатысы қандай операциялардан тұрады?

  12. Шыны дроттарды калибрлеу қандай мақсатта және қандай машиналарда жүргізіледі? Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.

  13. Шыны дроттарды жуудың қандай тәсілдері бар? Олар қалай жүргізіледі? Қайсы тәсіл тиімді және қай тәсілдің өнімділігі жоғары? Шыны дроттарды қорғап орау не үшін қажет?

  14. Шыны дроттардан ампулалаларды алу қандай автоматтарда жүргізіледі?

  15. “Ампулаларды толтыруға дайындау”сатысы қандай операциялардан тұрады?

  16. Капиллярларды ашу қандай машиналарда, қалай жүргізіледі?

  17. Ампулаларды кассетаға жинау қандай аппаратта жүргізіледі?

  18. Ампулаларды қандай мақсатта күйдіреді?

  19. Ампулалардың сыртын жуу қалай жүзеге асырылады?

  20. Ампулалардың ішін жуу қандай тәсілдермен жүргізіледі? Ампулаларды вакуумды жуу тәсілдері қалай жүзеге асырылады? Бұл тәсілдің артықшылығы мен кемшілігі.

  21. Ампулаларды бу конденсациялық әдіспен жуу қалай жүргізіледі? Бұл тәсілдің артықшылығы мен кемшілігі.

  22. Ампулаларды шприцтік жуу тәсілдері қалай жүргізіледі? Бұл тәсілдің артықшылығы мен кемшілігі.

  23. Ампулалардың ішін жуу кезінде УД, діріл, пульсация, температураның жоғарылауы қандай артықшылықтар береді?

  24. Таза ампулаларды кептіру және стерильдеу қалай жүргізіледі? Қандай аппараттар қолданылады?


Сабақ № 2

Кредит 5

Тақырып 2: Жеңіл тотығатын заттармен (аскорбин қышқылы, новокаинамид, викасол) шаншуға арналған ерітінділер дайындау. Сапасын бағалау.
Мақсаты: Теориялық материалдармен танысып, ампулаларды толтыруға дайындау сатыларын, шаншуға арналған ерітінділерді дайындау мен тұрақтандыруды, ампулаларға ерітінділерді толтыруды, стерильдеуді, дайын өнімнің сапасын бағалауды үйрену.
Оқыту мақсаты:

студент білуі тиіс:

  • ампулалық өндірістің жалпы технологиялық схемасы;

  • ампулаларды толтыруға дайындау сатысы;

  • еріткіштер, оларға қойылатын талаптар, еріткіштердің номенклатурасы;

  • еріткішті дайындау сатысы;

  • шаншуға арналған ерітінділерді дайындау;

  • тұрақтандыруды қажет ететін ерітінділер номенклатурасы;

  • шаншуға арналған ерітінділерді тұрақтандыру тәсілдері;

  • стерильдеу және оның түрлері.

студент істей білуі тиіс:

  • берілген ерітіндіні дайындау үшін, керекті ингридиенттердің және еріткіштің мөлшерін есептеу;

  • өндірістің технологиялық схемасын құрастыру;

  • берілген ерітіндіні тұрақтандыру жолдары, тұрақтандырғыштың мөлшерін есептеу;

  • ерітіндіні сұйылту немесе қойылту үшін керекті дәрілік зат пен еріткіштің мөлшерін есептеу;

  • толтырылған ампулаларды стерильдеу мен бракеражды дұрыс жүргізу.

Тақырыптың негізгі сұрақтары

негізгі білім бойынша:

  1. Шаншуға арналған ерітінділерді дайындауда қолданылатын еріткіштер. Жіктелуі. Еріткіштерге қойылатын талаптар.

  2. Суды дайындау. Шаншуға арналған суды алу үшін қолданылатын аппараттар.

  3. Гидролиз, оның механизмі. Кейбір заттардың сулы ерітінділеріне әсер ететін факторлар, гидролизді болдырмау жолдары.

  4. Пирогенді заттар. Олардың пайда болу көздері және жойылу жолдары.

  5. Асептика және антисептика туралы түсінік. Стерильдеу, оның мақсаттары, негізгі әдістері мен тәсілдері. Қолданылатын қондырғылар, олардың жұмыс істеу режимі.

сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Шаншуға арналған ампулданған препараттар өндірісінің жалпы технологиялық схемасы: негізгі сатылары.

  2. “Шаншуға арналған ерітінділерге арналған еріткіш дайындау” сатысы, негізгі операциялары.

  3. Асептикалық жағдайда дайындалатын және стерильді дәрілік түрлер өндірісінде қолданылатын еріткіштер.

  4. Суды дайындау. Негізгі операциялары. Деминерализациялау. Қолданылатын аппараттар. Дистилляциялау. Аквадистилляторлардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері. Өндіріс жағдайында шаншуға арналған суларды алу.

  5. “Шаншуға арналған ерітінділерді дайындау” сатысы, негізгі операциялары.

  6. Тұрақтандыруды талап ететін ерітінділердің жіктелуі мен номенклатурасы. Олардың тұрақтылығына әсер ететін факторлар.

  7. Жеңіл тотығатын заттар және оларды тұрақтандыру. Антиоксиданттардың әсер ету механизмі, жіктелуі, номенклатурасы.

  8. Ерітінділерді фильтрлеу. Фильтрлер. Фильтрлеуші қондырғылар. Фильтрлеуге қолданылатын материалдар.

  9. “Ампулалау” сатысы. Негізгі операциялары.

  10. Ампулаларды шаншуға арналған ерітінділермен толтыру. Қолданылатын аппараттар. Капиллярларды ерітіндіден тазарту тәсілдері. Қолданылатын аппараттар.

  11. Ампулаларды дәнекерлеу және оның сапасын бағалау. Қолданылатын тәсілдер мен қондырғылар.

  12. Стерильдеу. Стерильдеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Қолданылатын аппаратура.

  13. Механикалық стерильдеу, яғни стерильді фильтрлеу. Қолданылатын қондырғылар.

  14. Физикалық стерильдеу (термиялық, УК сәлелермен, радиациялық т.б.), олардың қолданылу аймақтары мен жүргізілу режимдері.

  15. Химиялық стерильдеу. Газды стерильдеу үшін қолданылатын заттар. Дәрілік түрлерге консерванттарды қосу.

  16. Ампулданған ерітінділерді бракераждау.

  17. Ампулданған ерітінділер сапасын бағалау: негізгі көрсеткіштері. Стерильді серия туралы түсінік. Сапасын бағалаудың әдістері мен тәсілдері. қолданылатын приборлар.

  18. Ампулаларды этикеткалау. Симхович машинасы. Ампулаларды орамдау, қолданылатын машиналар мен аппараттар. Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.

СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ

Студенттер жеке (немесе бригадамен) лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындауы керек.



Тапсырма N 1. Шаншуға арналған ерітінділерді тұрақтандырғыш қосып дайындау. Ол үшін:

- 25-100 мл ерітінді дайындау үшін жұмыс жазылымын құрастыру;

- ерітінді дайындау, оның концентрациясын анықтау, фильтрлеу, мөлдірлігін және механикалық қоспаларын тексеру, ерітіндінің бір бөлігіне тұрақтандырғыш қосылады, екінші бөлігіне косылмайды (салыстыру үшін);

- ампулаларды ерітінділермен толтырып, дәнекерлеп, сапасын тексеріп, стерильдеу, ампулаларды бракераждау;

- ампулданған ерітіндінің сапасын бағалау;

- дайын өнімді безендіріп, оқытушыға өткізу, регламентті безендіру;



Лабораториялық жұмысты жүргізу үшін келесі жеңіл тотығатын ерітінділер қолданылады:

  • новокаинамид 10% ерітінділері;

  • викасол 1% ерітінділері;

  • аскорбин қышқылының 5 % ерітінділері;

Тапсырма N 2. Ампулаларды келесі сабаққа дайындап, қағаз қалталарға салу.
Білім берудің және оқытудың әдістері: Лабораториялық жұмыс, регламентті безендіру , мылқау картамен жұмыс, есептер шығару.
Әдебиет

негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

  2. Муравьев И.А. - Технология лекарств. – 1 том. - М. - 1991.

  3. Иванова Л.А. - Технология лекарственных форм. - 2-том. - 1991.

  4. Тенцова А.И. - Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. - М. - 1986.

Қосымша:

  1. МФ ССРО Х, ХІ басылымы.

  2. Лекциялық материалдар.

  3. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.


Бақылау:

Бақылау сұрақтары:

  1. Ампулалық өндірістің жалпы технологиялық схемасы.

  2. Шаншуға арналған ерітінділерді дайындау сатысы қандай операциялардан тұрады? Дәрілік заттарды еріту қалай және қандай жағдайларда жүргізіледі? Бастапқы дәрілік заттарға қандай талаптар қойылады?

  3. Шаншуға арналған ерітінділер өндірісінде қандай еріткіштер қолданылады? Оларға қойылатын талаптар. Қолданылатын еріткіштерге сипаттама беріңіздер.

  4. Өндіріс жағдайында шаншуға арналған суды алу жағдайлары. Ол үшін қандай аппараттар қолданылады? Шаншуға арналған судың апирогенділігін қалай анықтайды?

  5. Тұрақтандыруды талап ететін дәрілік заттар қандай топтарға бөлінеді?

  6. Жеңіл гидролизденетін заттар ерітінділерін қалай тұрақтандырады? Тұрақтандыру механизмін көрсетіңіз. Мысал келтіріңіздер.

  7. Газбен қорғау дегеніміз не? Ол қалай жүзеге асырылады? Қандай ерітінділер үшін қолданылады?

  8. Үйлесімді қорғауды қандай ерітінділер талап етеді? Мсыал келтіріңіздер, оларды тұрақтандыру жолдарын көрсетіңіз.

  9. Шаншуға арналған ерітінділерді фильтрлеу ерекшеліктері. Фильтрлеуші материалдарға қандай талаптар қойылады?

  10. Мембранды фильтрлермен фильтрлеу қалай жүргізіледі? Мембранды фильтрлердің сапасын қалай бағалайды?

  11. Фильтраттан және ампуладағы ерітінділерден механикалық қоспаларды анықтау тәсілдері.

  12. “Ампулалау” сатысы қандай операциялардан тұрады? Ерітінділерді ампулалау үшін қандай аппараттар қолданылады?

  13. Көлемі кіші және көлемі үлкен ампулаларды толтыру қандай тәсілдермен жүргізіледі? Бұл тәсілдердің артықшылықтары мен кемшіліктері неде? Бумен және газбен қорғауды талап ететін ерітінділерді ампулаларға қандай тәсілмен толтырады?

  14. Ампулаларды толтыру қалай бағаланады? Капиллярлардан ерітінділерді тазарту қалай жүргізіледі? Қандай аппаратттар қолданылады?

  15. Ампулаларды дәнекерлеу қандай тәсілмен іске асырылады?

  16. Стерильдеу дегеніміз не? Оның қандай әдістері бар? Қолданылатын қондырғылар.

  17. Ампулалық өндірісте қандай стерильдеу әдісі қолданылады? Қандай режимде жүргізіледі?

  18. Термиялық стерильдеуге ұшырамайтын шаншуға арналған ерітінділер номенклатурасы. Оларды неліктен стерильдемейді?

  19. Ампулданған препараттардың сапасын бағалау қандай көрсеткіштері бойынша жүргізіледі?

  20. Стерильді серия дегеніміз не? Ампулданған ерітінділердің стерильділігін қалай анықтайды? антимикробтық әсер ететін препараттардың стерилдігін тексерудің ерекшелігі қандай ?

  21. Ампулаларды этикеткалау қандай машинада іске асады?

  22. Ампулаларды орамдау қандай машиналарда және қалай жүргізіледі?Қолданылатын машиналардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.



Сабақ № 3

Кредит 5

Тақырып 3: Арнайы тазалауды қажет ететін (магний сульфаты, глюкоза және т.б.) дәрілік заттармен ерітінділер дайындау. Сапасын бағалау. Инфузиялық ерітінділер.

Мақсаты: Тақырып бойынша алынған теориялық білімін бекіту және ампулаларды толтыруға дайындау, тазартуды талап ететін ерітінділерді дайындау, стерилдеу бойынша технологиялық процестерді жүргізуге дағдылану, дайын өнімнің сапасын бағалау және тұрақтандырудың дұрыс жүргізілгені туралы қорытынды жасау. Инфузиялық ерітінділер алудың технологиялық процесін өз бетінше теориялық негіздеуді үйрену, инфузиялық ерітінділердің құрамы мен топтарын білу, олардың өндірісі үшін қажетті технологиялық қондырғыларды таңдау.
Оқыту мақсаты:

студент білуі тиіс:

  • ампулалық өндірістің жалпы технологиялық схемасы;

  • ампулаларды толтыруға дайындау сатысы;

  • еріткіштер, оларға қойылатын талаптар, еріткіштердің номенклатурасы;

  • еріткішті дайындау сатысы;

  • шаншуға арналған ерітінділерді дайындау;

  • тұрақтандыруды қажет ететін ерітінділер номенклатурасы;

  • шаншуға арналған ерітінділерді тұрақтандыру тәсілдері;

  • стерильдеу және оның түрлері.

студент істей білуі тиіс:

  • берілген ерітіндіні дайындау үшін, керекті ингридиенттердің және еріткіштің мөлшерін есептеу;

  • өндірістің технологиялық схемасын құрастыру;

  • ерітіндіні сұйылту немесе қойылту үшін керекті дәрілік зат пен еріткіштің мөлшерін есептеу;

  • қосымша тазартуды талап ететін ерітінділерді дайындау;

  • толтырылған ампулаларды дұрыс стерильдеу және бракераждау;

  • инфузиялық ерітінділерді дайындау үшін еріткіштің мөлшерін және қолданылатын әсер етуші заттардың мөлшерін есептеу, олардың технологиясының теориялық дәйектемесі;

Тақырыптың негізгі сұрақтары

негізгі білім бойынша:

  1. Шаншуға арналған ерітінділерді дайындауда қолданылатын еріткіштер. Жіктелуі. Еріткіштерге қойылатын талаптар.

  2. Суды дайындау. Шаншуға арналған суды алу үшін қолданылатын аппараттар.

  3. Органикалық және бейорганикалық дәрілік заттардың номенклатурасы мен физико-химиялық қасиеттері.

  4. Пирогенді заттар. Олардың пайда болу көздері және жойылу жолдары.

  5. Асептика және антисептика туралы түсінік. Стерильдеу, оның мақсаттары, негізгі әдістері мен тәсілдері. Қолданылатын қондырғылар, олардың жұмыс істеу режимі.

сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Шаншуға арналған ампулданған препараттар өндірісінің жалпы технологиялық схемасы: негізгі сатылары.

  2. Арнайы тазартуды талап ететін шаншуға арналған ерітінділердің номенклатурасы. Тазалығына жоғары талап қойылатын дәрілік заттар номенклатурасы. Олардың ерітінділерін тазартудың негізгі әдістері.

  3. Кальций хлориді, магний сульфаты, кальций глюконаты, глюкоза, желатин ерітінділерінің технологиялық ерекшеліктері.

  4. Ерітінділерді фильтрлеу. Фильтрлер, фильтрлеуші қондырғылар және олардың салыстырмалы сипаттамасы. Ампулданған ерітінділер өндірісінде қолданылатын фильтрлеуші материалдарға қойылатын талаптар.

  5. “Ампулалау” сатысы. Негізгі операциялары.

  6. Ампулаларды шаншуға арналған ерітінділермен толтыру. Қолданылатын аппараттар. Капиллярларды ерітіндіден тазарту тәсілдері. Қолданылатын аппараттар.

  7. Ампулаларды дәнекерлеу және оның сапасын бағалау. Қолданылатын тәсілдер мен қондырғылар.

  8. Стерильдеу. Стерильдеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Қолданылатын аппаратура.

  9. Механикалық стерильдеу, яғни стерильді фильтрлеу. Қолданылатын қондырғылар.

  10. Физикалық стерильдеу (термиялық, УК сәлелермен, радиациялық т.б.), олардың қолданылу аймақтары мен жүргізілу режимдері.

  11. Химиялық стерильдеу. Газды стерильдеу үшін қолданылатын заттар. Дәрілік түрлерге консерванттарды қосу.

  12. “Ампулданған ерітінділерді стерильдеу” сатысы. Қолданылытын тәсілдер мен аппараттар.

  13. Ампулданған ерітінділерді бракераждау.

  14. Ампулданған ерітінділер сапасын бағалау: негізгі көрсеткіштері. Стерильді серия туралы түсінік. Сапасын бағалаудың әдістері мен тәсілдері. қолданылатын приборлар.


СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ

Тапсырма N 1. Арнайы тазартуды талап ететін ерітінділерді дайындау үшін жұмыс жазылымын құрастыру.

Тапсырма N 2. Жеке тапсырма бойынша арнайы тазартуды талап ететін ерітінділерді дайындау үшін жұмыс жазылымын құрастыру (25-100 мл):

- кальций хлоридінің 10% ерітіндісі;

- глюкозаның 5 %, 10% , 25 % ерітінділері;

- магний сульфатының 20 % ерітінділері.

Жұмыс жазылымына сай ерітінділерді дайындап, керекті химиялық реактивтер мен адсорбенттерді қосып, қайнату (керек жағдайда).

Тапсырма N 3. дайындалған ертіндінің сапасын тексеріп, өнімді оқытушыға тексеруге өткізу.

Тапсырма N4. Берілген инфузиялық ерітіндіге регламент құрастырыңыз. Лабораториялық жұмысқа арналған инфузиялық ерітінділердің құрамы:

Трисоль Хлосоль
Натрий хлориді 5,0 Натрий хлориді 1,75

Калий хлориді 1,0 Калий хлориді 1,5

Натрий гидрокарбонаты 4,0 Натрий ацетаты 3,6

Шаншуға арналған су 1000 мл дейін Шаншуға арналған су 1000 мл дейін

Ацесоль Квартасоль
Натрий хлориді 5,0 Натрий хлориді 4,75

Калий хлориді 1,0 Калий хлориді 1,5

Натрий ацетаты 2, 0 Натрий гидрокарбонаты 1,0

Шаншуға арналған су 1000 мл дейін Шаншуға арналған су 1000 мл дейін

Дайындалуы: барлық компоненттерді ретімен шаншуға арналған суда ерітеміз. Натрий карбонатын жабық ыдыста, шайқамай, соңынан қосамыз (көмірқышқыл газын жоғалтпау үшін).


Білім берудің және оқытудың әдістері : Лабораториялық жұмыс, регламентті безендіру, ауызша сұрау, мылқау карталармен жұмыс, есептер шығару.
Әдебиет

негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

  2. Муравьев И.А. - Технология лекарств. – 1 том. - М. - 1991.

  3. Иванова Л.А. - Технология лекарственных форм. - 2-том. - 1991.

  4. Тенцова А.И. - Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. - М. - 1986.

қосымша:

  1. МФ ССРО Х, ХІ басылымы.

  2. Лекциялық материалдар.

  3. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.


Бақылау :

Ситуациялық есептер:

Есеп 1. 500 мл кальций хлориді ерітіндісін дайындау үшін жұмыс жазылымын құрастыр.

Есеп 2. Сыну көрсеткіші 1,3533 тең 450 мл магний сульфаты ерітіндісі дайындалды. Ерітіндіні 20 % концентрацияға дейін қалай жеткізуге болады?

Есеп 3. 25% 350 мл глюкоза ерітіндісін дайындаған кезде, оның сыну көрсеткіштері 1,3728 тең. Ерітіндіні нормаға келтіріңіз.

Есеп 4. 10% желатин ерітіндісінің ампуласын стерилизациядан кейін 7 тәулік 38-40 С температурада термостатта ұстау қандай мақсатта , теориялық дәйектеме беріңіз.
Бақылау сұрақтары:

      1. Ампулалық өндірістің жалпы технологиялық схемасы. Ерітінділерді ампулалау үшін қандай аппараттар қолданылады?

      2. Шаншуға арналған ерітінділерді дайындау сатысы қандай операциялардан тұрады? Дәрілік заттарды еріту қалай және қандай жағдайларда жүргізіледі? Бастапқы дәрілік заттарға қандай талаптар қойылады?

      3. Шаншуға арналған ерітінділер өндірісінде қандай еріткіштер қолданылады? Оларға қойылатын талаптар. Қолданылатын еріткіштерге сипаттама беріңіздер.

      4. Қандай дәрілік заттар ерітінділері қосымша тазартуды талап етеді? Қолданылатын әдістерге сипаттама беріңіздер?

      5. Кальций хлориді, магний сульфаты, кальций глюконаты, глюкоза ерітінділерінің технологиялық ерекшелігі неде? Глюкоза ерітіндісін қалай тұрақтандырады?

      6. Шаншуға арналған желатин ерітіндісінің технологиялық ерекшелігі неде? Тұрақтандыру мен ампулаларды толтыру қалай жүргізіледі?

      7. Шаншуға арналған ерітінділерді фильтрлеу ерекшеліктері. Фильтрлеуші материалдарға қандай талаптар қойылады?

      8. Көлемі кіші және көлемі үлкен ампулаларды толтыру қандай тәсілдермен жүргізіледі? Бұл тәсілдердің артықшылықтары мен кемшіліктері неде? Бумен және газбен қорғауды талап ететін ерітінділерді ампулаларға қандай тәсілмен толтырады?

      9. Ампулаларды толтыру қалай бағаланады? Капиллярлардан ерітінділерді тазарту қалай жүргізіледі? Қандай аппаратттар қолданылады?

      10. Ампулаларды дәнекерлеу қандай тәсілмен іске асырылады?

      11. Стерильді серия дегеніміз не? Ампулданған ерітінділердің стерильділігін қалай анықтайды?

      12. Ампулаларды бракераждау қалай және қай сатысында жүргізіледі?

      13. Ампулаларды этикеткалау қандай машинада іске асады?

      14. Ампулаларды орамдау қандай машиналарда және қалай жүргізіледі? Қолданылатын машиналар мен автоматтардың құрылыс мен жұмыс істеу принциптері.

      15. Инфузиялық ерітінділер дегеніміз не?

      16. Инфузиялық ерітінділер жіктелуі?

      17. Оларға қойылатын жалпы және арнайы талаптар?


Сабақ № 4

Кредит 5

Тақырып 4: Стерильдеусіз дайындалатын шаншуға арналған ерітінділерді дайындау. Майлы ерітінділер (камфора ерітіндісі) алу .

Мақсаты: Сабақ тақырыбы бойынша теориялық материалдарды бекіту. Өз бетінше стерильдеусіз дайындалатын шаншуға арналған ерітінділердің және майлы ерітінділердің технологиялық процесін теориялық негіздеу, өндіріске қажетті технологиялық қондырғыларды таңдай білу.
Оқыту мақсаты:

студент білуі тиіс:

  • өнеркәсіптік өндірісте стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік түрлердің негізгі топтары;

  • шаншуға арналған ерітінділер өндірісінің жалпы технологиялық схемасы;

  • өндірісте дайындалатын майлы ерітінділердің, эмульсиялардың, суспензиялардың, лиофильденген ұнтақтардың номенклатуралары;

  • стерильдеу, олардың әдістері мен жүргізілу режимдері, қолданылатын қондырғылар.

студент істей білуі тиіс:

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

негізгі білім бойынша:

  1. Сұйық дәрілік түрлерді дайындау сатысы.

  2. Бейсу еріткіштер. Оларға қойылатын талаптар.

  3. Бейсу еріткіштерде ерітініділерді дайындау ерекшеліктері.

сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Ампулданған препараттар өндірісінің жалпы технологиялық схемасы. Негізгі сатылары мен операциялары. Аппараттар.

  2. Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік түрлерге арналған еріткіштер. Номенклатурасы. Оларға қойылатын талаптар.

  3. Стерильді дәрілік түрлер технологиясының даму перспективалары. Тұрақтылығын және сақтау мерзімін арттыру.

  4. Бейсу еріткіштер, олардың номенклатурасы, қасиеттері. Оларға қойылатын талаптар.

  5. Шаншуға арналған майлы ерітінділердің технологиялық ерекшеліктері мен номеклатурасы. Ампулаларды тұтқыр ерітінділермен толтыру тәсілдері.

СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ

Студенттер жеке лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындауы керек. Жұмысты орындау барысында студенттер техника қауіпсіздігін, өндірістік санитария жағдайларын қатаң сақтау керек.



Тапсырма N 1. Камфораның 20 % майлы ерітіндісін дайындау үшін лабораториялық регламент құрастырыңыз.

Тапсырма N 2. Дайын ерітіндімен ампулаларды толтырыңыз. Ол үшін:

  1. өсімдік майын дайындап, стерильдеу;

  2. камфораның майлы ерітіндісін дайындап, фильтрлеу;

  3. ампулаларды дайын ерітіндімен толтыру, дәнекерлеу;

  4. ампулаларды стерильдеп, бракераждау (ыстық ампулаларды суық сабынды ерітіндіге салып, герметикалық емес ампулаларды жарамсыз деп табу);

  5. дайын өнімді оқытушыға регламентпен бірге өткізуі керек.


Білім берудің және оқытудың әдістері: Ауызша сұрақ, тәжірибелік жұмыс, регламент безендіру, мылқау картамен жұмыс, есептер шығару.
Әдебиет

Негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

  2. Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 2 том. - М. - 1980.

  3. ИвановаЛ.А.-Технология лекарственных форм.-2-том.-1991.

  4. Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986.- 272 бет.

  5. МФ СССР, ХІ басылымы. - 1990 ж.


Қосымша:

  1. Лекциялық материалдар.

  2. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.


Бақылау:

Бақылау сұрақтары:

  1. Ампулданған препараттардың жалпы технологиялық схемасы. Негізгі сатылары мен операциялары. Қолданылатын қондырғыларға қысқаша сипаттама беріңіздер.

  2. Ампулданған препараттар өндірісінде қандай еріткіштер қолданылады? Оларға қойылатын талаптар.

  3. Шаншуға арналған және инфузиялық дәрілік түрлер өндірісінде қандай бейсу еріткіштер қолданылады? Қысқаша сипаттама беріңіздер.

  4. Со-еріткіштер ретінде не қолданылады? Қандай мақсатта қолданылады?

  5. Шаншуға арналған майлы ерітінділердің номенклатурасы мен технологиялық ерешелігі? Ампуларды тұтқыр ерітіндімен қандай әдіс бойынша толтырады?

  6. Ампула дәнекерленуінің герметикалығына майлы ерітінділердің сапасын бағалауда қалай анықталады?

  7. Майлы ерітінділердің ампулаларына бракераж қалай жүргізіледі?

Сабақ № 5

Кредит 6

Тақырып 1: Көзге арналған дәрілік түрлер: тамшылары,ерітінділері, жағар майлары, пленкалары. Өндірісінің ерекшеліктері. Көзге арналған дәрілік түрлерді тұрақтандыру принциптері.
Мақсаты: Теориялық материалдарды оқу негізінде және практикалық тапсырмаларды орындау барысында, көз дәрілік түрлерін алудың технологиялық процесін үйрену, сатылы бақылауды іске асыру, дайын өнімнің тұрақтылығын сақтау шартын және дайын өнімнің сапасын бағалауды үйрену.
Оқыту мақсаты:

студент білуі тиіс:

  • сабақ тақырыбы бойынша латын тіліндегі терминология;

  • көз дәрілік түрлері оларға қойылатын талаптар, зауыттық жағдайда дайындалатын көз дәрілік түрлерінің технологиялық ерекшеліктері;

  • стерилдеу, оның мақсаты, негізгі әдістері және жүргізілу режимдері, қолданылатын қондырғылар.

студент істей білуі тиіс:

  • көз дәрілік түрлеріне қажетті ингредиенттерді дұрыс есептеуді;

  • көз дәрілік түрлерін дұрыс стерильдеу және сапасын бағалауды.


Тақырып бойынша тапсырмалар:

негізгі білім бойынша:

  1. Сұйық дәрілік түрлерді дайындау сатысы.

  2. Көз тамшыларының технологиялық ерекшеліктері. Қабатты цилиндр ережесі.

  3. Бейсу еріткіштер. Оларға қойылатын талаптар.

  4. Бейсу еріткіштерде ерітініділерді дайындау ерекшеліктері.

  5. Көз пленкаларының технологиялық ерекшеліктері.

  6. Көз дәрілік пленкаларының өндірісінде қолданылатын полимерлер.

  7. Көз дәрілік пленкаларының дайындау ерекшеліктері.

  8. Көз дәрілік пленкаларының стерильдеу ерекшеліктері.

  9. Көз жағар майлары технологиялық ерекшеліктері.

  10. Көз жағар майларын дайындау үшін негіздер.


сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Көзге арналған дәрілік түрлер. Жіктелуі.

  2. Көз тамшылары (ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар). Оларға қойылатын талаптар.

  3. Өндіріс жағдайында дайындалуының технологиялық ерекшеліктері. Көз тамшыларын тұрақтандыру және изотондау. Номенклатурасы. Шығару түрлері.

  4. Көз дәрілік пленкалары. Номенклатурасы. Олардың артықшылығы. Технологиялық ерекшеліктері. Газдық стерильдеу. Оларды орамдау.

  5. Стерильді дәрілік түрлер технологиясының даму келешегі. Тұрақтылығын және сақтау мерзімін ұзарту.

  6. Көзге арналған дәрілік түрлер. Жіктелуі.

  7. Көз жағар майлары. Анықтамасы. Номенклатурасы.

  8. Көз жағар май негіздеріне қойылатын талаптар

  9. Өндіріс жағдайындағы жағар майлардың номенклатурасының технологиялық ерекшеліктері. Олардың орауыштары.


Студенттердің тәжірибелік жұмысы

Тапсырма N 1. Биоерігіш полимерлі негіз және көз дәрілік пленкасын дайындауға есептеулер жүргізу және лабораториялық регламент құрастыру :

  • пилокарпин гидрохлоридімен 0,0027 г;

  • дикаинмен 0,00075 г.

Тапсырма N 2. Көз дәрілік пленкаларын стерильдеу шарттарын және оларды орамдауды теориялық дәйектеңіз.

Тапсырма N 3. Көз тамшыларын дайындауға лабораториялық регламент құрастыру:

  • 30%сульфацил-натрий ерітіндісі;

  • 1% пилокарпин гидрохлориді ерітіндісі.

Тапсырма N 4. Жұмыс жазылымы бойынша ерітінді дайындау, қажетті мөлшерде стабилизаторлар, изотондау және ерітіндіні стерильдеу

Тапсырма N 5. Дайындалған ерітінділердің сапасын бағалау, регламент дайындау, оқытушыға тапсыру.

Білім берудің және оқытудың әдістері: Ауызша сұрау, тәжірибелік жұмыс,регламент безендіру, есептер шығару,.

Әдебиеттер

негізгі:

  1. Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 2 том. - М. - 1980.

  2. ИвановаЛ.А.-Технология лекарственных форм.-2-том.-1991.

  3. Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986.- 272 бет.

  4. МФ СССР, ХІ басылымы. - 1990 ж.


қосымша:

  1. Лекциялық материалдар.

  2. “Фармацевтический бюллетень”, “Фармация Казахстана”, “Фармация”, “Химико-фармацевтический журнал” және т.б. журналдар.

  3. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.


Бақылау:

Бақылау сұрақтары:

  1. Көзге арналған дәрілік түрлер қалай жіктеледі?

  2. Офтальмологиялық ерітінділер, тамшылар дайындау үшін қолданылатын дәрілік?

  3. Көз дәрілік түрлеріне қандай талаптар қойылады (ерітінділерге, суспензияларға, эмульсияларға)?

  4. Көз дәрілік пленкалары дегеніміз не? Олардың артықшылығы. Технологиялық ерекшелігі. Көз дәрілік пленкалары өндірісінде қандай биоерігіш полимерлер қолданылады?

  5. Көз дәрілік пленкаларына қандай талаптар қойылады? Тұрақтандыру және стерильдеу қалай жүргізіледі?

  6. Оларды қандай орамдауыштарда босатады?

  7. Сіз қандай көз пленкаларын білесіз? Көз пленка түзуші материалдарға қандай талаптар қойылады? Көз пленкаларының технологиялық, стерильдеу, бөлшектеп-орамдау ерекшеліктері неде?

  8. Полимерлі орауыштағы көз дәрілік түрлерін газдық стерильдеу қалай жүргізіледі?

  9. Офтальмологиялық ерітінділерді, көз тамшыларын дайындауда қолданылатын дәрілік заттар?

  10. Көз дәрілік тамшыларына қандай талаптар қойылады (ерітінділерге, суспензияларға, эмульсияларға)?

  11. Көз тамшыларының технологиялық ерекшелігі неде?

  12. Офтальмологиялық ерітінділерді тұрақтандыру, изотгондау,консервирлеу қалай жүргізіледі.

  13. Қандай орауыштарда (конструкциясы мен орауыштардың материалдары) оларды босатады.

  14. Полимерлі орамдауышта шығарылатын көз тамшыларын тұрақтандыру.

  15. Көз жағар майларын өндіріс жағдайында дайындау.

  16. Көз жағар майларын бөлшектеп, орамдау.

  17. КДТ биофармацевтік зерттеу.

  18. Стерильді және асептикалық дайындалатын дәрілік түрлер өндірісі дамуының перспективалары қандай? Стерильді және асептикалық дайындалатын дәрілік түрлердің тұрақтылығын және сақталу мерзімін ұзарту жолдары.

Сабақ № 6

Кредит 6

Тақырып 2: Суспензиялық жағар майлар дайындау. Қарапайым күкірт, мырыш жағар майларын алу. Линименттерді дайындау. Сапасын бағалау.
Мақсаты: Дәрілер технологиясы негіздері пәні бойынша гетерогенді дисперстік жүйелер, жұмсақ дәрілік түр технологиясының ерекшеліктері туралы теориялық білім негізінде, линименттерді лабораториялық қондырғыларда дайындауды, тұрақты суспензиялар мен эмульсиялар алуды, стандарттауды үйрену.
Оқыту мақсаты:

студент білуі тиіс:

  • жағар майлардың, эмульсиялардың, суспензиялардың дәрілік түр ретінде анықтамасы. Олардың қолданылуы бойынша жіктелуі, дисперстік жүйесі, оларға қойылатын талаптар;

  • өндірісте қолданылатын жағар майлар, олардың жіктелуі, номенклатурасы, қасиеттері, оларға қойылатын талаптар;

  • жағар майлардың, линименттердің өндірісінің жалпы технологиялық схемасын, номенклатурасын ;

  • жағар майлардың, линименттердің, эмульсиялардың, суспензиялардың өндірісінде қолданылатын машиналар мен аппараттар, олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін;

  • жағар майлардың, линименттердің, эмульсиялардың, суспензиялардың сапасын бағалаудың негізгі көрсеткіштері;

  • жағар майларды биофармацевтік бағалау;

  • жағар майларды, линименттерді бөлшектеп, орамдап, безендіру. Қолданылатын қондырғылар, орамдар түрлері;

студент істей білуі тиіс:

  • жұмсақ дәрілік түрлерді алу үшін қажетті ингридиенттердің мөлшерін есептеу және жұмыс жазылымын құрастыру;

  • эмульсиялық линименттерді дайындау үшін қолданылатын эмульгаторларды таңдай білу;

  • жағар майларды, линименттерді алу үшін технологиялық және аппараттық схема құрастыру;

  • берілген жұмсақ дәрілік түрлерді дайындау, сапасын бағалай.


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

негізгі білім бойынша:

  1. Суспензиялардың, эмульсиялардың, жағар майлардың анықтамасы, сипаттамасы, жіктелуі.

  2. Эмульгаторлар, жіктелуі, әсер ету принциптері.

  3. Суспензияларды дайындау әдістері. Дерягин ережесі.

  4. Эмульсияларды дайындау. Әсер етуші заттарды эмульсияларға енгізу.

  5. Суспензиялардың, эмульсиялардың, жағар майлардың сапасын бағалау.

сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Линименттер, жағар майлардың дәрілік түр ретінде анықтамасы. Жіктелуі.

  2. Өндірісте қолданылатын жағар май негіздері. Оларға қойылатын талаптар. Жағар майлар өндірісінде қолданылатын басқа да қосымша заттар: эмульгаторлар, тұрақтандырғыштар, консерванттар, антиоксиданттар.

  3. Жағар майла, линименттер өндірісінің жалпы технологиялық схемасы: негізгі сатылары мен операциялары.

  4. Суспензиялық жағар майлардың дайындау ерекшеліктері.

  5. Эмульсиялар мен суспензиялар ішке және парентеральді қолданылатын дәрілік түр ретінде. Оларға қойылатын талаптар.

  6. Лининменттер, эмульсиялар, суспензиялар өндірісінде қолданылатын негізгі аппараттар, олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері:

а) механикалық араластыруда қолданылатын араластырғыштар типтері;

б) сұйық ортада майдалауға арналған коллоидты диірмендер;

в) УД диспергирлеуге арналған сәулелендіргіштер.


  1. Жағар майлар, линименттер, суспензиялар, эмульсиялар стандарттау: сапасының негізгі көрсеткіштері және қолданылатын әдістер мен қондырғылар.

  2. Жағар майларды, линименттерді орамдап, безендіру. Өндірісте шығарылатын жағар майлардың номенклатурасы.

  3. Жағар майларда қолданылатын негізгі қондырғылар, құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.

  4. Жағар майлардың жетілдірілген түрлері: дерматологиялық, стоматологиялық қабықшалар, жағар май-қаламдары, “Құрғақ концентрат” жағар майлар.


СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ

Тапсырма N 1. 20-30 г суспензиялық жағар май дайындау үшін лабораториялық регламент құрастыру.

- мырыш тотығы;

- қарапайым күкірт.

Тапсырма N 2. Жағар майлардың дисперсті дәрежесіне зерттеу жүргізу және дайындау.

Тапсырма N3 . Шығын коэффициентінің шығының, шығысын есептеу, материалдық баланс құрастыру .

(Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. Под ред. А.И. Тенцовой. Лабораторная работа № 29 стр. 215)



Тапсырма 4. Төменде көрсетілген препараттардың біреуіне лабораториялық

регламент құрастырыңыз:



  • 10% нафталан линименті;

  • 5% стрептоцид линименті;

  • 1, 5, 10% синтомицин линименті;

  • Вишневский бальзамды линиментін.

Тапсырма 5. Линименттерді дайындап, термотұрақтылығын, қатты фаза өлшемдерін, рН анықтау.

Білім берудің және оқытудың әдістері: Ауызша сұрақ, тәжірибелік жұмыс, регламент безендіру, мылқау картамен жұмыс, есептер шығару.


Әдебиет

негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

  2. Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 2 том. - М. - 1980.

  3. ИвановаЛ.А.-Технология лекарственных форм.-2-том.-1991.

  4. Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986.- 272 бет.

  5. МФ СССР, ХІ басылымы. - 1990 ж.


қосымша:

  1. Лекциялық материалдар.

  2. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.

Бақылау:

Бақылау сұрақтары:

  1. Жағар майларға дәрілік түр ретінде сипаттама беріңіздер. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Жіктелуі. Жағар майларға қойылатын талаптар.

  2. Жағар майларды өнеркәсіпте өндіру кезінде қандай қосымша заттар қолданылады? Негіздер мен жағар майларды алу үшін қандай ПАВ қолданылады?

  3. Жағар май негіздері қалай жіктеледі? Қысқаша сипаттама беріңіздер.

  4. Жағар майлар өндірісінің жалпы технологиялық схемасы. Негізгі сатылары мен операциялары.

  5. Жағар майлар өндірісінде жағар май негіздерін дайындау үшін, гомогенизациялау үшін, орамдап безендіру үшін қандай аппараттар қолданылады?

  6. Жағар майларды қандай көрсеткіштері бойынша стандарттайды? Қандай қондырғылар қолданылады?

  7. Жағар майлардан дәрілік заттардың босап шығу жылдамдығы мен толықтығына қандай фармацевтік факторлар әсер етеді?

  8. Жағар майлардың сақталуы. Өндіріс жағдайында дайындалатын жағар майлар номенклатурасы.

  9. Суспензиялық жағар майлардың терапиялық тиімділігіне және дисперсиялық дәрежесіне қалай әсер етеді?

  10. Парентеральды енгізілетін Суспензиялар мен эмуьсиялардың дайындау ерекшеліктері. Мысал келтіріңіздер.

  11. Экстремальды температура кезінде гетерогенді дисперстік жүйелерде қандай өзгерістер болуы мүмкін? Жағар майлардың сақталу жағдайы.

  12. Линименттердің дәрілік түр ретінде анықтамасы. Жіктелуі. Номенклатурасы.

  13. Фармацевтік өндірісте суспензиялар мен эмульсияларды қандай әдістермен алады?

  14. Ашық және жабық түрдегі турбиналы араластырғыштардың құрылысы және жұмыс істеу принципі қандай?

  15. Коллойдты диірмендердің құрылысы және жұмыс істеу принципі қандай?

  16. РПА құрылысы және жұмыс істеу принципі қандай?

  17. Зауыттық жағадайда суспензиялар мен эмульсиялар алуда компоненттерді диспергирлеу қандай тәсілдермен жүзеге асырылады?

  18. Суспензиялар мен эмульсиялардың терапевтік эффективтілігіне қатты фаза бөлшектерінің дисперстік дәрежесі қалай әсер етеді? Мысал келтіріңіздер.

  19. Парентеральды енгізуге арналған суспензиялар мен эмульсиялардың дайындалу ерекшелігі қандай? Суспензиялар мен эмульсиялардың сақталу жағдайлары.

Сабақ № 7

Кредит 6

Тақырып 2: Суппозиторийлер. Суппозиторийлерді құю әдісімен дайындау. Сапасын бағалау.
Мақсаты: Ректалды дәрілік түрлер туралы теориялық материалдарды оқу негізінде суппозиторийлер алудың технологиялық процесіне регламентті сауатты құрастыруды үйрену, технологиялық қондырғыларды таңдау, ректалды дәрілік түрлерді дайындау және сапасын бағалау.

Оқыту мақсаты:

студент білуі тиіс:

  • тақырып бойынша латын терминологиясы;

  • суппозиторийлердің дәрілік түр ретінде анықтамасы. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері, оларға қойылатын талаптар;

  • суппозиторийлер өндірісінің жалпы технологиялық схемасын;

  • гомогенизацияланған суппозиторийлердің массасын дайындау, оларды дайындау үшін қолданылатын қондырғылар және суппозиторийлерді дайындау әдісі;

  • суппозиторийлердің сапа көрсеткіштері, әдістері мен әдістемелік бағалау, қолданылатын приборлар;

  • ректальды дәрілік түрлердің басқа да түрлері, дәрілік түр ретінде суппозиторийлердің толық жетілдіру жолдары;

студент істей білуі тиіс:

  • нормативті-техникалық құжаттарды пайдалану және суппозиторийлер өндірісіне регламент құрастыру;

  • суппозитоийлерді дайындау әдісін таңдау;

  • құю әдісімен суппозиторийлерді дайындауға арналған ингредиенттердің мөлшерін есептеу

  • илеу әдісімен суппозиторийлер дайындау;

  • дайын дәрілік түрдің сапасын бағалау.

Тақырыптың негізгі сұрақтары

негізгі білім бойынша:

  1. Суппозиторийлер. Анықтамасы. Сипаттамасы. Жіктелуі.

  2. Дәріханалық технологиядағы суппозиторийлердің негіздері және олардың номенклатурасы. Оларға қойылатын талаптар.

  3. Дәріханада суппозиторийлер алу әдістері. Кіші механикалық құрал.

  4. Суппозиторийлердің сапасын бағалау. Крувчинский әдісі.

  5. Дәрілік түр ретінде суппозиторийлердің даму бағытынын перспективалары

сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Ректальды дәрілік түр. Орауыштардың ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері, өндіріс жағдайындағы суппозиторийлер.

  2. Өндіріс жағдайындағы суппозиторийлік негіздер, олардың жіктелуі, номенклатурасы. Оларға қойылатын талаптар.

  3. Суппозиторийлер өндірісінің жалпы технологиялық схемасы: негізгі сатылары мен операциялары.

  4. "Суппозиторийлік негізді дайындау" сатысы: негізгі сатылары, технологиялық құралдар мен жалпы сатыларының операциялары.

  5. Гомогенизациялық суппозиторийлердің салмағы, қолданылатын құралдар, олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.

  6. Орамасыз және орамамен "Құрамалы суппозиторийлер" сатысы, артықшылықтары мен кемшіліктері, қоладыналатын қондырғылар, оның құрылысы мен жұмыс істеу принципі. Жалпы орауыштар материалдары.

  7. Суппозиторийлердің стандартизациясы: Стандартизация суппозиториев: жалпы көрсеткіштері, қолданылатын құралдар. Өндіріс жағдайындағы суппозиторийлердің номенклатурасы.

  8. Лиофилизирленген, пресстелген ("көпіршікті"), екіқабатты және басқа да суппозиторийлер.

  9. Ректальды жағар майлар мен капсулалардың өндірісі. Ректиолалар.


СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ

Тапсырма N 1. Құю әдісімен суппозиторийлерді алу үшін лабораториялық регламент құрастыру: новокаинмен, эуфиллинмен, ихтиолмен.

Тапсырма N 2. Суппозиторийлерді дайындау және сапасын бағалау.

Тапсырма N 3 . Материалдық баланс құрастыру, технико-эканомикалық көрсеткіштерді есептеу.
Білім берудің және оқытудың әдістері: Ауызша сұрақ, тәжірибелік жұмыс, регламент безендіру, мылқау карталармен жұмыс.
Әдебиет

негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

  2. Муравьев И.А. - Технология лекарств. – 1 том. - М. - 1991.

  3. Иванова Л.А. - Технология лекарственных форм. - 2-том. - 1991.

  4. Тенцова А.И. - Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. - М. - 1986.

Қосымша:

  1. МФ ССРО Х, ХІ басылымы.

  2. Лекциялық материалдар.

  3. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.


Бақылау:

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай ректальды дәрілік түрді білесіңдер? Дәрілік түр ретінде суппозиторийлерге анықтама беріңіздер. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Орауыштардың қандай ерекшеліктері бар

  2. Суппозиторийлердің зауыттық өндірісінде қандай негіздер қолданылады? Олар қалай жіктеледі? Номенклатурасы. Қойылатын талаптар.

  3. Суппозиторийлердің өндірісінің жалпы технологиялық схемасы. Негізгі сатылары мен операциялары.

  4. «Суппозиторийлік негіздер дайындау» сатысында жалпы ереже, технологиялық қондырғылар, операциялар қалай қолданылады?

  5. Суппозиторийлік массаны қандай аппараттардың көмегімен гомогенизациялауға болады? Олардың құрылысы және жұмыс істеу принципі.

  6. "Суппозиторийлік негізді дайындау" сатысы орамдау мен бір мезгілде қандай автоматта жүргізіледі. Оның жұмыс істеу принципі мен құрылысы. Артықшылықтары мен кемшіліктері.

  7. Суппозиторийлерді стандарттау қандай көрсеткіштермен жүргізіледі? Қандай әдістер мен құралдар қолданылады? Өндіріс жағдайындағы суппозиторийлердің номенклатурасы қандай?

  8. Лиофилизирленген суппозиторийлер қандай жағдайларда дайындалады?

  9. Пресстелген ("көпіршікті"), суппозиторийлер қандай жағдайларда дайындалады?

  10. Ректальды жағар майлар, ректальды капсулалар, ректиолдың өндірістегі ерекшелігі қандай?


Сабақ № 8

Кредит 6

Тақырып 4: Медициналық аэрозольдер.Пластырлер. Қышалар. Сипаттамасы. Жіктелуі. Тері желімдері (сұйық пластырлер).

Мақсаты: Теориялық материалдарды оқу негізінде және практикалық тапсырмаларды орындау барысында, пластырлер, қышалар және тері желімдерін, медициналық аэрозольдерді алудың технологиялық процесін үйрену, оларды дайындау және дәрілік түрдің сапасын бағалауды үйрену.
Оқыту мақсаты:

студент білуі тиіс:

  • сабақ тақырыбы бойынша латын тіліндегі терминология;

  • пластырлердің дәрілік түр ретінде анықтамасы, оларға қойылатын талаптар;

  • пластырлердің белгіленуі бойынша, құрамы және босатылуы бойынша жіктелуі;

  • өндірісте дайындалатын пластырлердің номенклатурасы, технологиялық ерекшелігі;

  • қышалар технологиясының ерекшелігі.

  • аэрозольді орауыштардың құрылысы;

  • пропелленттердің номенклатурасы және жіктелуі;

  • өндірістің жалпы технологиялық схемасы: медициналық аэрозльдерді алудың негізгі сатылары, аэрозольдердің сапасын бағалау;


студент істей білуі тиіс:

  • НТҚ пайдаланып, пластырлер өндірісіне регламент құрастыру;

  • каучукты пластырлер (қарапайым лейкопластырь) өндірісінде қолданылатын қосымша заттарға теориялық дәйектеме беру;

  • берілген дәрілік түрді дайындау үшін керекті ингридиенттер мөлшерін есептеу;

  • жалпы технологиялық схемасын құрастыру;

  • аэрозольдерді дайындау үшін лабораториялық регламент құрастыру;

  • аэрозольдер өндірісінде қолданылатын қосымша заттарға теориялық дәйектеме беру;

  • жалпы технологиялық схемасын құрастыру;


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

негізгі білім бойынша:

  1. Пластырлер. Анықтамасы. Сипаттамасы. Жіктелуі.

  2. Дәріханаларда суппозиторийлерді дайындау әдістері. Кіші механизация құралдары;

  3. Пластырлердің, қышалардың сапасын бағалау.

  4. Сыртқа қолданылуға арналған дәрілік түрлердің даму келешегі. Сұйық пластырлер.

  5. Аэрозольдер. Анықтамасы. Сипаттамасы. Жіктелуі.

  6. Аэрозольдерді толтыру әдістері.

  7. Аэрозольдердің сапасын анықтау.


сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Пластырлер дәрілік түр ретінде. Анықтамасы. Қойылатын талаптар. Жіктелуі.

  2. Пластырлердің түрлері. Жалпы технологиялық схемасы. Қолданылатын Шпрединг – машинаның құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.

  3. Сұйық пластырлер. Анықтамасы. жіктелуі. Номенклатурасы. Технологиялық ерекшеліктері

  4. Қышалар. Технологиялық схемасы. Сапасын бағалау.

  5. Сыртқа қолданылатын дәрілік түрлердің даму перспективалары.

  6. Аэрозольдік баллондар.Шашыратқыш клапанның құрылысы мен жұмыс істеу принципі. Шыны баллондарға қойылатын талаптар.

  7. Аэрозольдерді алу үшін қолданылатын көмекші заттар.

  8. Пропелленттер. Қолданылуы. Жіктелуі. Номенклатурасы. Артықшылығы. Кемшілігі.

  9. Аэрозольдер өндірісінің технологиялық схемасы: негізгі сатылары.

  10. Аэрозольдердің сапасын бағалау.

СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ

Тапсырма 1. Дәрілік түр алуға лабораториялық регламент құрастырыңыз. ССРО МФ ХІ басылымы бойынша дайын дәрілік түрдің сатылы бақылау жүргізілуін, сапасын бағалауды, безендіріп, орамдауды сипаттаңыз.

Клеол дайындау. (ФС 42-1933-82)

Құрамы: Канифоль 45,0

спирт 95/ 37,0

Медициналық эфир 17,0

Күнбағыс майы 1,0.

Технологиясы: Канифольды этанол, эфир және күнбағыс майының қоспасында ерітеді. Канифольдың еруін жылдамдату үшін, кейде араластырудың гравитациялық тәсілін қолданады. Алынған ерітіндіге эфир және күнбағыс майын қосады. Ерітіндіні тұндырып, фильтрлейді. Терінің жоғарғы бетіне хирургиялық таңғышты фиксациялау үшін қолданады.

Тапсырма 2. Дәрілік түр алуға лабораториялық регламент құрастырыңыз. ССРО МФ ХІ басылымы бойынша дайын дәрілік түрдің сатылы бақылау жүргізілуін, сапасын бағалауды, безендіріп, орамдауды сипаттаңыз.

Пропосол дайындау.

Құрамы: Прополис 6,0 г

Глицерин 14,0 г

96% этил спирті 80,0

Хладон-12 40,0 г

Хладон-114 60,0 г



Пропосол - қоңыр-сары түсті, бальзамның жағымды иісі бар, аэрозольды баллонда қысым астында болатын сұйықтық. Ауыз қуысының кілегейлі қабықшасының қабынуы ауруларында қолданылады.

Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік жұмыс, регламент безендіру, ауызша сұрау.

Әдебиет

негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

  2. Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 2 том. - М. - 1980.

  3. ИвановаЛ.А.-Технология лекарственных форм.-2-том.-1991.

  4. Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986.- 272 бет.


қосымша:

  1. Лекциялық материалдар.

  2. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.


Бақылау:

Оқыту есептері:

  1. Аэрозольді орамдауыштағы сұйық пластырлердің қандай артықшылықтары бар?

  2. Сыртқа қолданылуға арналған аэрозольдің бөлшек өлшемдері 1-8 мкм тең. Аталған дәрілік түр аэрозольдің қай түріне жатады?


Бақылау сұрақтары:

  1. Пластырлерге дәрілік түр ретінде анықтама беріңіз. Оларға қойылатын талаптар қандай?

  2. Медициналық қолданылуы, композициялық құрамы бойынша пластырлердің жіктелуі қалай?

  3. Қарапайым қорғасын пластыр негізінде қандай пластырлер дайындалады?

  4. Лейкопластыр, бұрыш пластырі өндірісі қандай сатылардан тұрады?

  5. Каучукты пластыр өндірісінде қандай аппаратура қолданылады?

  6. Медициналық тәжірибеде шынтаққа жағылған қандай емдік пластырлер қолданылады?

  7. Лейкопластырлердің сапасы қандай көрсеткіш бойынша бағаланады?

  8. Тері желімі дегеніміз не? Қолданылуы, құрамы бойынша қалай жіктеледі? Қандай түрде шығарылады?

  9. Аэрозоль дегеніміз не? Аэрозольді препараттардың қандай артықшылықтары бар?

  10. Аэрозольді баллондар құрылысы. Оларға қойылатын талаптар.

  11. Аэозольдік баллондарда дәрілік заттың сыртқа шығуын не қамтамасыз етеді?

  12. Пропеллентерге қандай талаптар қойылады ? Пропеленттер қандай топтарға бөлінеді? Олардың сипаттамасы.

  13. Аэрозольдегі орауыштағы дәрілік құрал құрамында пропеленттің маңызы.

  14. Концентрат дегеніміз не және аэрозольді балондар қалай толтырылады.

  15. Аэрозольді балонның дұрыс сапалы екенін қалай бағалаймыз?

  16. Қолданылуы бойынша аэрозольдер қалай жіктеледі?

  17. Сыртқа қолданылуға арналған емдік аэрозольдердің артықшылықтары.

  18. Көбік және пленка түзгіш аэрозоль құрамында қандай қосымша заттар қолданылады?

  19. Аэрозольдер қалай сақталады?

  20. Медициналық аэрозольдер өндірісінің келешегі.


Сабақ № 9

Кредит 7

Тақырып 1: Құнды өнімдерді бағытталған биосинтездеу арқылы алу үшін физиологиялық шарттар. Қоректі орталар және бастапқы шикізаттың сапасын бағалау критерийлері. Стерильді егінді (агарлы) және фермантациялық орталарды дайындау.
Мақсаты: Студенттерді құнды өнімдерді бағытталған биосинтездеу арқылы алудың негізгі принциптерімен таныстыру.

жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау