Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



жүктеу 0,84 Mb.
бет2/4
Дата04.12.2017
өлшемі0,84 Mb.
#3161
түріСабақ
1   2   3   4

Оқыту мақсаты:


студент білуі керек:

  • биотехнологияның ғылым ретінде және халық шаруашылығы саласы ретінде анықтамасы, мақсаттары, оның негізгі мазмұны;

  • биотехнологияның негізгі түсініктері мен терминдерін: микроорганизмінің культурасы, штамм, суперпродуцент және т.б.;

  • биотехнологияның әдістерін;

  • қоректік орталардың негізгі компоненттері және бастапқы шикі зат сапасының критерийлерін;

  • егінді (қатты және жартылай қатты) агарлы орталарды дайындау технологиясын;

  • ферментациялық (сұйық) орталарды дайындау технологиясын;

  • егінді агарлы және сұйық орталарды стерилизациялау және сақтау ережелері;

  • микроорганизмдерді өсіру (культивирлеу) барысында қоректі ортаға қажетті компоненттерді енгізу ережелері;

  • биотехнологияның медицинадағы және фармациядағы жетістіктері;

  • биотехнологияның ғылым және сала ретінде даму негізгі бағыттары.

студент істей білуі керек:

  • биотехнология саласында ғылыми, әдістемелік әдебиеттерді пайдалана білу;

  • биотехнология мен генді инженерия және ұлпалар культурасы аймағындағы жетістіктерін өзара байланыстыру;

  • қоректі ортаның негізгі компоненттерін дұрыс таңдау және бастапқы шикі заттың сапасын бағалау;

  • егінді (қатты және жартылай қатты) агарлы орталарды дайындау технологиясын дұрыс жүргізу;

  • ферментациялық (сұйық) орталарды дайындау технологиясын дұрыс жүргізу;

  • егінді агарлы және сұйық орталарды дұрыс стерилизациялау және ережелерге сәйкес сақтау;

  • микроорганизмдерді өсіру (культивирлеу) барысында қоректі ортаға қажетті компоненттерді дұрыс енгізу.


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

негізгі білім бойынша:

  1. Сабақтың тақырыбы бойынша латын терминологиясы.

  2. Микробиология. Микробиологиялық объектілердің негізгі топтары: бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар және т.б.

  3. Микробиология бойынша негізгі терминдері.

  4. Микробиологиялық объектілерді культивирлеудің (өсірудің) физиологиялық жолдары.

  5. Микроорганизмдерді өсіруге арналған қоректі орталарды дайындау технологиясы.

  6. Қоректі орталарды, құрал-жабдықарды стерилизациялау әдістері мен тәсілдері. Қолданылатын аппараттар мен құралдар.

сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Биотехнология – ғылым ретінде, оның анықтамасы. Биотехнологияның ғылым ретінде және халық шаруашылығының саласы ретінде дамуының қысқаша тарихы.

  2. Биотехнологияның негізгі мақсаттары және міндеттері, оның негізгі мазмұны.

  3. Микробиология және биотехнологияда қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер: микроорганизм, культура, штамм және т.б.

  4. Өнеркәсіптік продуценттердің номенклатурасын кеңейту әдістері.

  5. Индукцияланған мутагенез және сатылы сұрыптау.

  6. Қоректік орталар және бастапқы шикі зат сапасының критерийлері.

  7. Қоректі орталарға қойылатын талаптар.

  8. Қоректі орталардың категориялары.

  9. Жаңа штаммдарды және олардың негізінде жаңа продуценттерді алу негізгі жолдары.

  10. Культураны сақтау.



СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ

Студенттер бақылау сұрақтары бойынша ауызша сұрау немесе жеке әңгімелесуден кейін келесі тапсырмаларды орындауға керек:



Тапсырма 1. Микроорганизмдердің әртүрлі топтары үшін қоректі орталардың едәуір рационалды құрамын таңдаңыз:

а) Ішке арналған сұйық дәрілік түрлердің стерильдігін анықтау үшін;

б) Олардың ферменттік белсенділігі бойынша бір бактерияларды басқа түрлерінен айырып бөлу үшін.

Тапсырма 2. Берілген жазба бойынша Петри табақшаға құйылатын қоректі ортаны, сандық құрамын есептеп, дайындаңыз. Оны стерилдеп келесі сабаққа қалдырыңыз.

Қарапайым қатты (тығыз агарлы) қоректі ортаның құрамы:

Пептон 1,0

Натрий хлориді 0,5

Агар 2,0

Тазартылған су 100 мл дейін

30 минут 1200 С немесе 1 сағат 1000 С стерилдейді.

Тапсырма 3. Өнеркәсіптік өндірісте қолданылатын, липидтер мен каротиноидтарды синтездейтін мукор саңырауқұлақтарды өсіруге арналған, синтетикалық қоректі ортаны дайындап, стерилдеңіз.

Синтетикалық сұйық қоректі ортаның құрамы (С/N қатынасы 40:1):

Глюкоза 6,0

Мочевина 0,2

Магний сульфаты 0,05

Натрий хлориді 0,05

Бір орын басқан калий фосфаты 0,1

Дрожжи экстрактысы 0,05

Еківалентті темір сульфаты 0,001

Тазартылған су 100 мл дейін



Ортаның рН мәні 6,3-6,8. Глюкозаның және мочевинаның ерітінділерін бөлек дайындап, бөлек стерилдейді. Культураны егудің алдында біріктіреді. 30 минут 1200 С немесе 1 сағат 1000 С стерилдейді. Араластырғаннан соң сақталу мерзімі 24 сағаттан аспауы керек.
Білім берудің және оқытудың әдістері: ауызша сұрақ, тәжірибелік жұмыс, хаттама безендіру.
Әдебиет

негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

  2. Технология лекарственных форм.- (Под ред. Л.А.Ивановой) – Том 2. – 1991.

  3. Дәріс материалдары.

  4. Промышленная технология лекарств. – Учебник в 2-х томах - /Под ред. проф. В.И Чуешова. – Харьков. – 2002.

қосымша :

  1. Фармацевтическая биотехнология. Учебник

  2. Елинов Н.П. Химическая микробиология. – Учебник.- М.: Высшая школа. – 1989, 448 с.

  3. Биотехнология: Принципы и применение. – Перевод с англ. - /Под ред. И. Хиггинса, Д. Беста и Дж.Джонса. – М.: Мир. – 1988, 480 с.

  4. Биотехнология. /Под ред. академика А.А. Баева. – М.: Наука. – 1984, 310 с.

  5. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология. – Учебник, 2-е изд., исправл. – С-П.: СпецЛит. – 2000, 591 с.

  6. Воробьева Л.И. Промышленная биотехнология. Учебное пособие. – М.: Изд-во МГУ. -1989, 294 с.

  7. Вакула В.Л. Биотехнология: что это такое? – М.: Молодая гвардия. – 1989, 303 с.

  8. Биотехнология микробного синтеза (Под ред. Бекера М.Е.) – Рига – 1980 г.

  9. Елинов Н.П., Заикина Н.А., Соколова И.П. Руководство к лабораторным занятиям по микробиологии. – М.: Медицина. – 1988. – 208 с.

  10. Руководство к лабораторным занятиям по микробиологии. /Под ред. Борисова Л.Б. – М.: Медицина. – 1984. – 256 с.

  11. Попова Т.В. – Развитие биотехнологии в СССР – М., Наука - 1988 г.

  12. Промышленная микробиология (Под ред. Егорова Н.С.) – М., 1989 г.

  13. Журналы «Биотехнология», «Фармацевтический бюллетень» «Фармация Казахстана», РЖХ и др.


Бақылау:

Бақылау сұрақтары:

  1. Биотехнологияның ғылым ретінде анықтамасын беріңіз.

  2. Биотехнологияның негізгі мақсаттары және міндеттері неде?

  3. Микробиология және биотехнологияда қолданылатын негізгі терминдерді түсіндіріңіз: микроорганизм, культура, штамм және т.б.

  4. Биотехнология объектілері ретінде не болып табылады? Олардың ерекшеліктері қандай?

  5. Биотехнология объектілерінің қысқаша жіктелуін беріңіз.

  6. Өнеркәсіптік продуценттердің номенклатурасын кеңейту қандай әдістерін білесіз?

  7. Жаңа штаммдарды және олардың негізінде жаңа продуценттерді алу негізгі жолдары қандай?

  8. Қоректік орталар қандай топтарға бөлінеді және бастапқы шикі зат сапасының критерийлері қандай? Қоректі орталардың құрамына қандай заттар енгізіледі?

  9. Қоректі орталарда азот көзі ретінде не қолданылады?

  10. Қоректі орталарда көміртек көзі ретінде не қолданылады?

  11. Қоректі орталарға қандай талаптар қойылады?

  12. Қоректі орталар қандай категорияларға бөлінеді, олардың ерекшеліктері неде?

  13. Қоректі орталарды дайындау жалпы технологиялық схемасын беріңіз.

Тест тапсырмалары:

  1. Биотехнологияның объектілері – ретінде болып табылады:

А. өсімдіктер

Б. жануарлар

В. процестер

Г. микроорганизмдер

Д. аппараттар


  1. Плазмидалардың негізгі ерекшелігі

А. сыртқы ортаға жоғары бейімделушілігі

Б. клеткалық қабырғаның болмауы

В. шексіз көбею қабілеті

Г. ДНК варианттарының доғары саны

Д. бактериялық клетканың жойылуын туғызу қабілеті


  1. Вирустармен салыстырғанда плазмидалар

А. клеткалардың өлуін шақырмайды

Б. клеткалардың өлуін шақырады

В. клеткалалардың қалыпты қызметтерін бұзады

Г. клетка ішінде шексіз көбейеді

Д. құрылымдық ақ уыздардың синтезін талап етеді


  1. Плазмидалар үшін өмір сүру орта ретінде….

А. вирустар

Б. өсімдік клеткалары

В. бактериялар

Г. жануар клеткалары

Д. микроскопиялық саңырау құлақтар

Сабақ № 10

Кредит 7

Тақырып 2: Биотехнологиялық синтез өнімдердің тереңдік ферментация арқылы өндірістің жалпы технологиялық схемасы. Ферментациялық құрал-жабдықтар. Технологиялық процесті бақылау және басқару.
Мақсаты: Студенттерді терең культивирлеудің артықшылықтарымен және ерекшеліктерімен таныстыру.
Оқыту мақсаты:

студент білуі тиіс:


  • биотехнологиялық әдістерді:

  • қатты фазалық культивирлеудің ерекшеліктерін:

  • терең культивирлеудің артықшылығы мен ерекшеліктерін;

  • фермантациялық құрал-жабдықтар, ферментаторлардың түрлері, олардың жұмыс істеу принципін;

  • қажетті өнімді биотехнологиялық синтез арқылы алудың принипальды технологиялық схемасын, негізгі сатылары мен операцияларын;

  • биотехнологиялық өндірістің асептикалық жағдайларын ұйымдастыруын;

  • ферментациялық процестің негізгі жағдайларын;

  • биотехнологиялық процесті бақылау, басқару және оптимизациялау мүмкіншіліктерін.

студент істей білуі тиіс:

  • биотехнология саласында ғылыми, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерді қолдана білу;

  • биомассадан биотехнологияның өнімді алудың жалпы технологиялық схемасын дұрыс құрастыру;

  • культуральды сұйықтықтан биотехнологиялық өнімді алудың жалпы технологиялық схемасын дұрыс құрастыру.


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

негізгі білім бойынша:

  1. Сабақтың тақырыбы бойынша латын терминологиясы.

  2. Микробиология. Микробиологиялық объектілердің негізгі топтары: бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар және т.б.

  3. Микробиология бойынша негізгі терминдері.

  4. Микробиологиялық объектілерді культивирлеудің (өсірудің) физиологиялық жолдары.

сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Культуралық сұйықтықтан биотехнологиялық өнімді алу өндірісінің жалпы технологиялық схемасын құрастыру.

  2. Құнды заттарды биомассадан бөліп алу және тазарту тәсілдері.

  3. Құнды заттарды культуралды сұйықтықтан бөліп алу және тазарту тәсілдері.

  4. Ферментациялық қондырғыларды таңдау.

СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ

Тапсырма 1. Келесі биологиялық активті қажетті өнімді бөліп алу үшін бастапқы шикізаттың тиімді түрін (биомасса немесе культуральды сұйықтық) анықтаңыз:

а) Антибиотиктер



б) Липидтер.

Тапсырма 2. Бірінші тапсырмада бойынша вариантына сәйкес шикізатты (биомасса немесе культуральды сұйықтық) өндеу принципиальды технологиялық схемасын жазбаша түрде құрастырыңыз және оған теориялық негіздеме беріңіз.
Білім берудің және оқытудың әдістері: ауызша сұрақ, тәжірибелік жұмыс, хаттама безендіру.

Әдебиет

негізгі:

  1. Технология лекарственных форм.- (Под ред. Л.А.Ивановой) – Том 2. – 1991.

  2. Лекционный материал.

  3. Промышленная технология лекарств. – Учебник в 2-х томах - /Под ред. проф. В.И Чуешова. – Харьков. – 2002.



қосымша:

  1. Фармацевтическая биотехнология. Учебник

  2. Елинов Н.П. Химическая микробиология. – Учебник.- М.: Высшая школа. – 1989, 448 с.

  3. Биотехнология: Принципы и применение. – Перевод с англ. - /Под ред. И. Хиггинса, Д. Беста и Дж.Джонса. – М.: Мир. – 1988, 480 с.

  4. Биотехнология. /Под ред. академика А.А. Баева. – М.: Наука. – 1984, 310 с.

  5. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология. – Учебник, 2-е изд., исправл. – С-П.: СпецЛит. – 2000, 591 с.

  6. Воробьева Л.И. Промышленная биотехнология. Учебное пособие. – М.: Изд-во МГУ. -1989, 294 с.

  7. Вакула В.Л. Биотехнология: что это такое? – М.: Молодая гвардия. – 1989, 303 с.

  8. Биотехнология микробного синтеза (Под ред. Бекера М.Е.) – Рига – 1980 г.

  9. Елинов Н.П., Заикина Н.А., Соколова И.П. Руководство к лабораторным занятиям по микробиологии. – М.: Медицина. – 1988. – 208 с.

  10. Руководство к лабораторным занятиям по микробиологии. /Под ред. Борисова Л.Б. – М.: Медицина. – 1984. – 256 с.

  11. Попова Т.В. – Развитие биотехнологии в СССР – М., Наука - 1988 г.

  12. Промышленная микробиология (Под ред. Егорова Н.С.) – М., 1989 г.

  13. Журналы «Биотехнология», «Фармацевтический бюллетень», «Фармация Казахстана», РЖХ и др.


Бақылау:

Бақылау сұрақтары:

  1. Биообъектіні биотехнологиялық культивирлеу қандай әдістермен жүргізеді?

  2. Қатты фазалық культивирлеудің ерекшеліктері неде?

  3. Терең культивирлеудің ерекшеліктері мен артықшылықтары неде?

  4. Қажетті өнімнің биотехнологиялық синтезбен алу принципиальды технологиялық схемасын беріңіз. Негізгі стадиялар мен операцияларын көрсетіңіз.

  5. Биотехнологиялық өндірістің асептикалық жағдайын қалай ұйымдастырады?

  6. Ферментацияны жүзгізудің негізгі жағдайлары қандай?

  7. Ферментациялық процестің негізгі көрсеткіштері қандай?

  8. Биотехнологиялық процесті бақылау, басқару және оптимизациялау қандай мүмкіншіліктері бар? Ол үшін қандай құрал-жабдықтар және аспаптар (приборлар) қолданылады? Биодатчик және биосенсор дегеніміз не?

  9. Биообъектінің (микроорганизмнің) өсуін реттеудің қандай мүмкіншіліктері бар? Қандай мақсатта биообъектінің өсуін реттеуді жүргізеді?

  10. Қажетті өнімдерді биомассадан бөліп алу мен тазарту қалай жүзеге асады? Ол үшін қандай құрал-жабдықтар қолданылады?

Тест тапсырмалары:

1. Жаңа қоректі ортаға клеткалардың үйренуімен сипатталынатын культивирлеудің

фазасы

А. логарифмдік фазасы



Б. өсу жылдамдатылған фазасы

В. лаг-фазасы

Г. стационарлық фазасы

Д. клеткалардың өлу фазасы (автолиза)

2. Культуральды ортадан клеткаларды (биомассаны) бөліп алу үшін … қолданады

А. лотацияны

Б. седиментацияны

В. центрифугалауды

Г. араластыруды

Д. барботажды

3. Скриниинг әдісінің мәні келесіде

А. микроорганизмдерді биологиялық трансформациялау жолымен жетілдіру

Б. өнімді штаммдарды іздестіру және таңдап алу

В. микроорганизмдерді химиялық трансформациялау жолымен жетілдіру

Г. химиялық компоненттерді іздестіру және таңдап алу

Д. микроорганизмдерді өсіру физиологиялық жағдайларды іздестіру және таңдап алу

4. Биотехнологияның объектілері – ретінде болып табылады:

А. өсімдіктер

Б. жануарлар

В. процестер

Г. микроорганизмдер

Д. аппараттар

5. Плазмидалардың негізгі ерекшелігі

А. сыртқы ортаға жоғары бейімделушілігі

Б. клеткалық қабырғаның болмауы

В. шексіз көбею қабілеті

Г. ДНК варианттарының доғары саны

Д. бактериялық клетканың жойылуын туғызу қабілеті



Сабақ №11

Кредит 7

Тақырыбы 3: Антибиотиктер туралы түсінік. Оларды алу технологиясы. Жаңа табиғи және жартылай синтетикалық антибиотиктерді жасап шығару. Антибиотиктерді түзетін рекомбинантты штамм-продуцент антибиотиктерді (эритромицинді) алу әдістері. Антибиотиктердің микробқа қарсы белсенділігін агардағы диффузия әдісімен анықтау.
Мақсаты: Дәрілік препараттардың қазіргі заманғы арсеналында антибиотиктер, іс-тәжірибелік медицинаның барлық салаларында қолдану арқасында, басты орындардың бірін алып отыр. Сондықтан сабақтың мақсаты студенттерді табиғи және жартылай синтетикалық антибиотиктерді алу тәсілдерімен және өнеркәсіптегі өндірісімен таныстыру.
Оқыту мақсаты:

студент білуі керек:

  • биотехнологияның ғылым саласы ретінде анықтамасын;

  • биотехнологияның объектілерін;

  • биотехнологиялық тәсілдер;

  • биотехнологияның медицина мен фармациядағы жетістіктері;

  • биотехнологияның ғылымның басқа салаларында және халық шаруашылық саласындағы жетістіктері.

студент істей білуі керек:

  • биотехнология аймағында қолданылатын ғылыми, әдістемелік және анықтама әдебиеттерін қолдану;

  • қоректік орталардың негізгі компоненттерін дұрыс таңдау және бастапқы шикізат сапасын бағалау;

  • биотехнологиялық өнімдердің биомассадан алудың жалпы технолгиялық схемасын дұрыс құрастыру.


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

негізгі білім бойынша:

  1. Сабақтың тақырыбы бойынша латын терминологиясы.

  2. Микробиология. Микробиологиялық объектілердің негізгі топтары: бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар және т.б.

  3. Микробиология бойынша негізгі терминдері.

  4. Микробиологиялық объектілерді культивирлеудің (өсірудің) физиологиялық жолдары.

сабақ тақырыбы бойынша:

  1. антибиотиктерді алу өндірісінің жалпы технологиялық схемасын дұрыс құрастыру.

  2. Ферментациялық қондырғыларды таңдау.


СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ

Тапсырма 1. МФ ХІ бас. (том 1, 210-225 б.) берілген антибиотиктердің микробтарға қарсы белсенділігін агарға диффузиялау әдісімен анықтау әдістемесін сипаттаңыз.

Тапсырма 2. МФ ХІ бас. бойынша антибиотиктердің микробтарға қарсы белсенділігін агарға диффузиялау әдісімен анықтау үшін агар пластинкаларды дайындаңыз.

№ 1 агар ортаның құрамы: Ет-пептон сорпасы 100 мл

Агар-агар 2 г

Ортаның рН мәні 7,0-7,2

Стерильдеу 120 0С 15 минут бойы автоклавта немесе 100 0С 30 минут.

Агар пластинкаларды дайындау әдістемесі «Биофармация» курсы бойынша лабораториялық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқауда жазылған.

Антибиотикті еріту үшін буферлы еріткіш ретінде инъекцияға арналған су немесе ампуладағы натрий хлориді ерітіндісін қолдануға болады. Қатнасты келесі арада қолдану керек: 1:100, 1:200 немесе 1:300, себебі антибиотиктің стандартты үлгі ерітіндісінің концентрациясы 1 мг/мл болуы қажет.

Тест-микробтар ретінде келесі культураларды қолдануға болады:

Staphylococcus aureus 209 P

Candida utilis ЛИА-01

Bacillus subtilis ATCC 6633

Bacillus cereus var. mycoides 537

Bacillus cereus var. mycoides HB

Pseudomonas aeruginosa NCTC 2134

Тапсырма 3. (сабақ № 12). Тест-микробтар культураларының өсуін басу зоналарын өлшеп алып зерттелген антибиотиктің микробтарға қарсы белсенділігі бойынша қорытынды жасаңыз.

Тест-микробтар культураларының өсуін басу зоналарын, дәлділігі жеткілікті (0,1 мм-ге дейін), миллиметрлік линейка көмегімен өлшеп антибиотиктің стандартты үлгісін қолданған кездегі өсуін басу зоналармен салыстыруы керек.


Білім берудің және оқытудың әдістері: ауызша сұрақ, тәжірибелік жұмыс, хаттама безендіру.
Әдебиет

негізгі:

  1. Технология лекарственных форм.- (Под ред. Л.А.Ивановой) – Том 2. – 1991.

  2. Лекционный материал.

  3. Промышленная технология лекарств. – Учебник в 2-х томах - /Под ред. проф. В.И Чуешова. – Харьков. – 2002.

қосымша:

  1. Фармацевтическая биотехнология. Учебник

  2. Елинов Н.П. Химическая микробиология. – Учебник.- М.: Высшая школа. – 1989, 448 с.

  3. Биотехнология: Принципы и применение. – Перевод с англ. - /Под ред. И. Хиггинса, Д. Беста и Дж.Джонса. – М.: Мир. – 1988, 480 с.

  4. Биотехнология. /Под ред. академика А.А. Баева. – М.: Наука. – 1984, 310 с.

  5. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология. – Учебник, 2-е изд., исправл. – С-П.: СпецЛит. – 2000, 591 с.

  6. Воробьева Л.И. Промышленная биотехнология. Учебное пособие. – М.: Изд-во МГУ. -1989, 294 с.

  7. Вакула В.Л. Биотехнология: что это такое? – М.: Молодая гвардия. – 1989, 303 с.

  8. Биотехнология микробного синтеза (Под ред. Бекера М.Е.) – Рига – 1980 г.

  9. Елинов Н.П., Заикина Н.А., Соколова И.П. Руководство к лабораторным занятиям по микробиологии. – М.: Медицина. – 1988. – 208 с.

  10. Руководство к лабораторным занятиям по микробиологии. /Под ред. Борисова Л.Б. – М.: Медицина. – 1984. – 256 с.

  11. Попова Т.В. – Развитие биотехнологии в СССР – М., Наука - 1988 г.

  12. Промышленная микробиология (Под ред. Егорова Н.С.) – М., 1989 г.

  13. Журналы «Биотехнология», «Фармацевтический бюллетень», «Фармация Казахстана», РЖХ и др.


Бақылау:

Бақылау сұрақтары:

  1. Биотехнологияның объектілерінің жіктелуін және қысқаша сипаттамасын беріңіз.

  2. Биотехнологиялық тәсілімен алынатын антибиотиктердің өнеркәсіптік өндірісінің дамуы қашан басталды?

  3. Жаңа антибиотиктерді іздестіру және өндіріске енгізу негізгі мақсаттары неде?

  4. Цефалоспориндердің номенклатурасын және жалпы сипаттамасын беріңіз. Олардың негізгі продуценттері ретінде не болып табылады?

  5. Аминогликозидті антибиотиктердің номенклатурасын және жалпы сипаттамасын беріңіз. Олардың негізгі продуценттері не болып табылады?

  6. Тетрациклиндердің номенклатурасын және жалпы сипаттамасын беріңіз. Олардың негізгі продуценттері қандай?

  7. Макролид-антибиотиктердің номенклатурасын және жалпы сипаттамасын беріңіз. Олардың негізгі продуценттері қандай?

  8. Антибиотиктердің қандай басқа топтарын білесіз? Олардың негізгі продуценттері қандай?

  9. Жаңа антибиотиктерді алу қандай негізгі тәсілдерді білесіз? Олардың мәні неде?

Тест тапсырмалары:

  1. L-аскорбин қышқылының синтезі ... ... орындалады

А. өсімдік шикізатынан бөліп алу

Б. бір микробиологиялық сатысы қосылған химиялық синтезбен

В. тек химиялық синтезбен

Г. тек микробиологиялық синтезбен

Д. жануарлар шикізатынан бөліп алу


  1. Адам инсулиніне тең инсулиннің өндірісі ... ... орындалады

А. жануарлар шикізатынан бөліп алынған инсулинді өте мұқият тазарту арқылы

Б. шошқалардан бөліп алынған инсулинде аланинді треонинге алмастыру

В. химиялық синтезбен

Г. рекомбинантты ДНК технологиясын қолданып гендік инженерия әдісімен

Д. әртүрлі жануаолардың гибридті клеткаларды алу арқылы


  1. Дәрілік затты моноклонды антиденеге қосу келесі мақсатпен қолданылады

А. дәрілік заттың тұрақтылығын арттыру үшін

Б. дәрілік затты оның әсер ету орнына бағытталған түрде тасымалдау үшін

В. дәрілік заттың нуклеотидтерге қарсы әсерінің фармакологиялық спектрін кеңейту үшін

Г. дәрілік препараттың бағасын төмендету үшін

Д. дәрілік заттың жағымсыз органолептикалық қасиеттерін жасыру үшін


  1. Стрептокиназа келесіден алынадын

А. адам донорлық қанынан

Б. дрожжи клеткаларынан

В. Е. соli клеткаларынан

Г. «С» тобының β-гемолитикалық стрептококк клеткаларынан

Д. дәрілік өсімдіктердің сөлінен

5. Пенициллиназа ... ... қолданылады

А. пенициллинді құрылыстардың резистентті бактериялар қарсы тиімділігін бағалау үшін

Б. қос байланыстар арқылы қосу реакцияларды катализдеу үшін

В. жартылай синтетикалық пенициллиндерді алу үшін

Г. пенициллинге қарсы аллергиялық реакцияларды жою үшін

Д. гидролиз реакцияларды катализдеу үшін

6. Антибиотиктердің биосинтезі келесі жағдайда күшейеді және ертерек басталады

А. көміртегі көп орталарда

Б. қоректі заттары аз орталарда

В. температура оптималдыдан едәуір жоғарлағанда

Г. аэрация күшейгенде

Д. өсуді жылдамдатын заттардың (витаминдер, микроэлементтер) қатысында

7. Биотехнологиялық өндіріс үшін ауаны келесі жолымен стерильдейді

А. 100 0С-қа дейін қыздыру арқылы

Б. стерильді фильтрлер арқылы өткізу

В. γ-саулелермен өңдеу арқылы

Г. токсикалық ерітінділердің буларымен өңдеу арқылы



Д. ультрадыбыспен өңдеу арқылы
Сабақ 12

Кредит 8

Тақырып 1: Дәрілік заттардың физикалық күйінің (дисперстік дәрежесінің және полиморфтық жағдайының) және химиялық модификациясының дәрілік түрден босап шығу жылдамдығына және ағзаға сіңірілуіне әсерін «in vitro», «in vivo» тәжірибелерде анықтау.
Мақсаты: «іn vіtro», «іn vіvo» тәжірибелерінде дәрілік заттардың ағзаға сіңірілуі жылдамдығына бөлшектердің физикалық күйінің және химиялық модификациясының әсерін анықтауды игеру. Биофармацевтік бағалау әдістерін қолдануды теориялық негіздеуді үйрену.

жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау