Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



жүктеу 0,84 Mb.
бет4/4
Дата04.12.2017
өлшемі0,84 Mb.
#3161
түріСабақ
1   2   3   4

Оқыту мақсаты:


студент білуі тиіс:

  • фармацевтік факторладың негізгі топтарын;

  • дәрілік заттардың дәрілік түрлерден босап шығу жылдамдығына дәрілік түрінің және оны ағзаға енгізу жолын және осы факторды игеру мүмкіншілігін;

  • дәрілік заттардың дәрілік түрлерден босап шығу жылдамдығын «іn vіtro” тәжірибелерде анықтау әдістерін, қолданатын приборлар мен әдістемелерін;

  • дәрілердің БТ бір реттік дозаны пайдалану арқылы зерттеу әдісін «in vivo» тәжірибелерінде анықтау;

  • дәрілердің БТ бірнеше реттік дозаны пайдалану арқылы зерттеу әдісін «in vivo» тәжірибелерінде анықтау.


студент істей білуі тиіс:

  • дайындалған дәрілік түрдің сапасын бағалауды;

  • «іn vіtro» тәжірибелерінде биофармацевтік зерттеулерді жүргізуді;

  • Петри чашкасында агар пластикаларын дұрыс дайындауды;

  • «іn vіtro» тәжірибелерінде дәрілік заттардың дәрілік түрлерден босап шығу жылдамдығына агар пластинкаларынан тікелей диффузия әдісін жүргізуді;

  • «іn vіtro» тәжірибелерінде дәрілік заттардың дәрілік түрлерден босап шығу жылдамдығын Крувчинский бойынша жартылай өткізгіш мембрана арқылы диализ жүргізу әдісін дұрыс орындауды;

  • дәрілік түрден дәрілік препараттың босап шығу жылдамдығын және толықтығына дәрілік заттың физикалық жағдайының әсері туралы қорытынды жасауды.


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

негізгі білім бойынша:

  1. Сабақтың тақырыбы бойынша латын терминологиясы.

  2. Дайын дірілік түрлер мен экстракциялық препараттардың өндірісінде қолданылатын машиналар мен аппараттар, олардың жіктелуі, құрылысы және жұмыс істеу принципі.

  3. Дәрілердің сапасын бағалау және шикізат, жартылай өнімдер мен дайын өнімді стандарттау әдістері және әдістемелері. Қолданылатын приборлар, олардың жұмыс істеу принципі.

сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Биофармацияның ғылым ретінде анықтамасы. Биофармацияның негізгі мақсаты.

  2. Дәрінің ағзада тасымалдануының негізгі этаптары.

  3. Дәрінің терапевтік эффективтілігіне және оның ағзада жылжуының әрбір сатысындағы жылдамдығына әсер ететін факторлардың негізгі топтары. Олардың жалпы сипаттамасы.

  4. Препараттың дәрілік түрден босап шығу және ағзаға сіңірлу жылдамдығына байланысты негізгі физико-химиялық қасиеті.

  5. Дәрілік заттардың дәрілік түрлерден босап шығу жылдамдығы мен толықтығына әсер ететін фармацевттік факторлардың негізгі топтары.

  6. Дәрілік түрінің және оны ағзаға енгізу жолының дәрілік заттардың дәрілік түрден босап шығу және ағзаға сіңірлу жылдамдығына әсер ететін фактор ретінде. Осы факторды пайдалану мүмкіншіліктері.

  7. “іn vіtro” тәжірибелерінде дәрілік заттардың дәрілік түрлерден босап шығу жылдамдығын агар пластинкаларынан тікелей диффузия әдісімен анықтау әдістемесі.

  8. «іn vіtro тәжірибелерінде дәрілік заттардың дәрілік түрлерден босап шығу жылдамдығын Крувчинский бойынша жартылай өткізгіш мембрана арқылы диализ жүргізу әдістемесі.

СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ

Студенттер келесі тапсырманы орындауы керек:



Тапсырма 1. Дәрілік заттардың дәрілік түрлерден босап шығу жылдамдығын «in vitro» (агар пластинкаларынан тікелей диффузия әдісімен) тәжірибелерінде анықтау үшін вазелин- ланолинді (6:4) негізінде дайындалған 10% новокаин жағар майын екі тәсілмен дайындау:

1 10% новокаин жағар майы

Тапсырманы орындау үшін студенттер:

Негізге новокаинді эмульсия типі бойынша енгізуі керек. Ол үшін сулы ланолинді сусыз ланолинге есептеу және новокаинды еріту үшін қажетті су көлемін есептеуі қажет. Сосын новокаинның сулы ерітіндісін сусыз ланолинмен эмульгирлеп, вазелинмен араластырады.

2 10% новокаин жағар майы

Вазелинді сулы ланолинмен араластырады, сосын суспензия түрінде негізге новокаинді енгізеді.



Тапсырма 2. Петри табақшаларында агар пластинкаларына тікелей диффузия әдісімен «in vitro» тәжірибелерін жүргізу үшін, Эрлих реактиві мен агар пластинкаларын дайындау.

Тапсырма 3. Әртүрлі тәсілдермен дайындалған жағар майлардан новокаинның босап шығу жылдамдығын агар пластинкаларына тікелей диффузия әдісімен боялған зоналардың диаметрін әр 30 минут сайын (30, 60, 90, 120, 150 минутта) ұяшықтардың сыртындағы боялған зоналардың диаметрін өлшейді. Боялған зонада дәрілік заттың агарға диффузиялану дәрежесін көрсетеді. Алынған нәтижелер бойынша тәуелділік графигін сызу және берілген фармацевтикалық факторлардың әсері туралы қорытынды жасау.

Тапсырма 4. Әртүрлі тәсілдермен дайындалған жағар майлардан новокаинның босап шығу жылдамдығын Крувчинский бойынша тең салмақты диализ әдісімен анықтау: диализат сынамасындағы новокаинның мөлшерін әр 30 минут сайын 30, 60, 90, 120, 150 минутта нитритометриялық титрлеу немесе СФ-26 спектрофотометрінде анықтау керек. Алынған нәтижелер бойынша тәуелділік графигін сызу және берілген фармацевтикалық факторлардың әсері туралы қорытынды жасау.

Жұмыс бригадалық әдіспен жүргізіледі. Студенттер протокол толтырады және зертханылық жұмыс бойынша ауызша сұраудан өтеді. Студенттер жұмысты жүргізу бойынша сұрақтарға жауап беруі керек және протоколды оқытушыға қол қойғызады.



Білім берудің және оқытудың әдістері : тәжірибелік жұмыс, хаттама толтыру, ауызша сұрау.

Әдебиет

негізгі:

  1. Сагиндыкова Б.А., Торланова Б.О., Анарбаева Р.М., Кыдыралиев Б.С. Биофармация и элементы фармакокинетики. Учебное пособие.– Шымкент .– 2008.– 68 с.

  2. Технология лекарственных форм. - (Под ред. Ивановой Л.А.) – 1991. - Том 2.

  3. Технология лекарств. - Муравьев И.А. – 1980. - Том 1-2.

  4. Ажгихин А.С. Руководство к практическим занятиям по технологии лекарств – 1977. - Стр. 327.

қосымша:

  1. Маркевич М.П. Руководство к лабораторным занятиям по Биофармации.– Шымкент.– 2009 г. 50 с.

  2. Государственная фармакопея СССР ХІ издания. – 1989. – Том 1, 2.

  3. Дәріс материалы.

  4. Студенттерге арналған әдістемелік нұсқау.


Бақылау:

Ситуациялық есептер:

Тапсырма 1. Жалпы салмағы 2,0-2,5 кг қояндар тобына тік ішегін алдын-ала тазаламай құрамында 50 мг препараты бар әртүрлі таблеттейтін машиналарда (КТМ және РТМ) дайындалған таблеткалар суспензия түрінде енгізілді. Белгілі бір уақыт аралықтан кейін жануарлардың құлақ венасынан қан үлгілері алынды. Қан плазмасындағы препарат құрамын спектрофотометриялық әдіспен анықталды. Алынған мәліметтер кестеде келтірілген.


Қан үлгісін алу уақыты, сағат

Жануарлар қанындағы препарат құрамы, мкг/мл

Таблеттейтін машинаның атауы




КТМ РТМ

0,5

10,60

13,40

1

9,89

12,30

2

9,00

11,30

4

7,60

10,60

6

6,50

9,60

24

2,70

4,10

А) Қандағы препараттың сіңірілу мөлшерінің кинетикасы қисықтарын құрастырыңыз (қандағы препарат концентрациясы мен уақытқа тәуелділік) және түсініктеме беріңіз;

Б) Қандағы препараттың максимальды концентрациясын, оған жету уақытын анықтаңыз;

В) Препараттың БТ есептеңіз, БТ түрін анықтаңыз;

Г) Аталған жағдайда сіңірілу процессіне әсер етуші фармацевтік фактордың түрін анықтаңыз. Осы фактордың әсеріне теориялық дәйектеме беріңіз.
2.Дәрінің терапевтік эффективтілігіне дәрілік форманың түрі және оны ағзаға енгізу жолы қалай әсер етеді:

А) егер тері беткейіне глицирамды бірдей дозада жағар май және аэрозоль түрінде

енгізсе?

Б) егер амидопиринді ағзаға таблетка түрінде пероральды және суппозиторий

түрінде ректальды енгізсе?

В) егер ұзақ мерзім бойы стероидты гормондар препараттарын ағзаға пероральды

және ректальды енгізсе?
3.Ағзаға бірдей жолмен дәріні енгізген кезде дәрілік форманың түрі препараттың терапевтік эффективтілігіне қалай әсер етеді:

А) егер тері беткейіне глицирамды бірдей дозада жағар май және аэрозоль түрінде

енгізсе?

Б) егер теофилинді ағзаға пероральды жолмен таблетка түрінде және шырын

түрінде енгізсе

В) егер ампициллинді ағзаға пероральды жолмен таблетка түрінде және суспензия

түрінде енгізсе
4. Дәрілік түрді дайындау кезінде дәрінің терапевтік эффективтілігіне технологиялық процестер қалай әсер етеді:

А) егер бірдей дәрілік заттарды ұнтақтау үшін барабанды диірменнің екі түрін

(шарлы және стерженьді) қолданса?

Б) егер түйіршіктерді кептіру үшін әртүрлі тәсілдерін (жалған қайнау қабатта

кептіргіш аппаратта және вакуум кептіргіш шкафта) қолданса?

В) егер таблеткаларды престеу кезінде таблеттейтін машиналардың әртүрлі



типтерін (КТМ және РТМ) қолданса?
Бақылау сұрақтары:

  1. Өндірістік процесстердің түрі (технологиялық операциялардың тәсілдері) - дәрінің терапевтік эффективтілігіне қалай әсер етеді? Осы факторды қалай пайдалануға болады?

  2. Өндірістік процесстердің түрі (технологиялық жабдықтардың түрлері) - дәрінің терапевтік эффективтілігіне қалай әсер етеді? Осы факторды қалай пайдалануға болады?

  3. «іn vіtro» тәжірибелерінде агар пластиналарға тікелей диффузияны жүргізу әдістемесі қалай орындалады?

  4. «іn vіtro» тәжірибелерінде жұмсақ дәрілік түрлер үшін Крувчинский бойынша, жартылай өткізгіш мембрана арқылы диализ жүргізу әдістемесі қалай орындалады?

  5. Дәрілік заттардың қатты дәрілік түрлерден (таблетка, пилюля және т.б.) босап шығу жылдамдығын анықтау үшін “айналмалы кәрзеңке” қондырғысында “ерігіштік бойынша тест” әдістемесі қалай орындалады? Экспериментті жүргізу тәртібі қандай? Қондырғы құрылысы. Әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

  6. “Резомат-1” приборының құрылысы мен жұмыс істеу принципі қандай? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

  7. “Резомат-2” приборының құрылысы мен жұмыс істеу принципі қандай? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

  8. “Сарториус” приборының құрылысы мен жұмыс істеу принципі қандай? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?


Сабақ № 15

Кредит 8

Тақырып 4: «in vitro» тәжірибелерінде қатты дәрілік түрлердің биофармацевтикалық бағалауын жүргізу. Биофармацевтік зерттеулерде алынған эксперименттердің нәтижелерін статистикалық өңдеу.
Мақсаты: Биофармацевтік зерттеулерде «іn vіtro » тәжірибелерді дұрыс жүргізуді игеру.
Оқыту мақсаты:

студент білуі тиіс:

  • фармацевтік факторладың негізгі топтарын;

  • дәрілік заттардың дәрілік түрлерден босап шығу жылдамдығына және толықтығын «іn vіtro» тәжірибелерінде анықтау;

студент істей білуі тиіс:

  • дайындалған дәрілік түрдің сапасын бағалауды;

  • биофармацевттік зерттеулерді «іn vіtro» тәжірибелерінде жүргізуді;

  • дәрілік заттардың дәрілік түрден босап шығу жылдамдығы мен толықтығына фармацевттік факторлардың әсері туралы қорытынды жасауды;

  • әдістердің метрологиялық сипаттамасы;

  • негізгі шартты белгілеулер.


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

негізгі білім бойынша:

  1. Сабақтың тақырыбы бойынша латын терминологиясы.

  2. Дайын дірілік түрлер мен экстракциялық препараттардың өндірісінде қолданылатын машиналар мен аппараттар, олардың жіктелуі, құрылысы және жұмыс істеу принципі.

  3. Дәрілердің сапасын бағалау және шикізат, жартылай өнімдер мен дайын өнімді стандарттау әдістері және әдістемелері. Қолданылатын приборлар, олардың жұмыс істеу принципі.

сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Қатты дәрілік түрлер үшін “айналмалы кәрзеңке” қондырғысында “еру тесті” әдістемесі.

  2. “Сарториус” приборының құрылысы мен жұмыс істеу принципі. Оның артықшылықтары мен кемшіліктері.

  3. “Резомат-1” приборының құрылысы мен жұмыс істеу принципі. Оның артықшылықтары мен кемшіліктері.

  4. “Резомат-2” приборының құрылысы мен жұмыс істеу принципі. Оның артықшылықтары мен кемшіліктері.


СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ

Студенттер лабораториялық жұмыс бойынша келесі тапсырмаларды орындауы керек:

«іn vіtro» тәжірибелерінде дәрілік заттардың дәрілік түрлерден босап шығу жылдамдығына фармацевтік факторлардың әсерін анықтау үшін жүргізілетін жұмысты жүргізу үшін: таблеткалар, капсулалар және қабықшамен қапталған таблеткалар.

Тапсырма 1. Айналмалы кәрзеңке қондырғысында стрептоцид таблеткасына еру тестін жүргізіңіз. Әдістемесі МФ ХІ басылымы, 1 том, 154-бетте «Таблетки» мақаласында көрсетілген.

Тапсырма 2. Нитритометриялық титрлеу арқылы «Руководстве к лабораторным занятиям по Биофаромациии» 7- бетте көрсетілген әдістеме арқылы стрептоцидтің диализаттағы сандық мөлшерін анықтаңыз.

Тапсырма 3. Нәтижесі бойынша калибрлік график сызыңыздар, таблицаны толтырып, қорытынды жасаңыз.

Тапсырма 4. Тербелмелі кәрзеңке қондырғысында берілген дәрілік түрдің ыдырағыштығын анықтаңыздар. Әдістемесі МФ ХІ басылымы, 1 том, 154-бетте «Таблетки» мақаласында көрсетілген.

Тапсырма 5. Берілген дәрілік түрдің механикалық беріктігін анықтаңыздар: сыну беріктігі және үгітілуі. Әдістемесі МФ ХІ басылымы, 1 том, 154-бетте «Таблетки» мақаласында көрсетілген.

Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды капсулалар мен қабықшамен қапталған таблеткаларды (үгітілуден басқа, МФ бойынша қабықшамен қапталған таблеткалардың үгітілуге тексерілмейді) қолданып жүргізіңіздер.


Білім берудің және оқытудың әдістері: ауызша сұрақ, тәжірибелік жұмыс, хаттама безендіру.
Әдебиет

негізгі:

  1. Сагиндыкова Б.А., Торланова Б.О., Анарбаева Р.М., Кыдыралиев Б.С. Биофармация и элементы фармакокинетики. Учебное пособие.– Шымкент .– 2008.– 68 с.

  2. Технология лекарственных форм. - (Под ред. Ивановой Л.А.) – 1991. - Том 2.

  3. Технология лекарств. - Муравьев И.А. – 1980. - Том 1-2.

  4. Ажгихин А.С. Руководство к практическим занятиям по технологии лекарств – 1977. - Стр. 327.

  5. Тенцова А.И., Козлова Л.М. – Биофармация. - 1978.

қосымша:

  1. Маркевич М.П. Руководство к лабораторным занятиям по Биофармации.– Шымкент.– 2009 г. 50 с.

  2. Государственная фармакопея СССР ХІ издания. – 1989. – Том 1, 2.

  3. Дәріс материалы.

  4. Студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар.


Бақылау:

Ситуациялық есептер:

Дәрілік түрді дайындау кезінде дәрінің терапевтік эффективтілігіне технологиялық процестер қалай әсер етеді:

А) егер бірдей дәрілік заттарды ұнтақтау үшін барабанды диірменнің екі түрін

(шарлы және стерженьді) қолданса?

Б) егер түйіршіктерді кептіру үшін әртүрлі тәсілдерін (жалған қайнау қабатта

кептіргіш аппаратта және вакуум кептіргіш шкафта) қолданса?

В) егер таблеткаларды престеу кезінде таблеттейтін машиналардың әртүрлі

типтерін (КТМ және РТМ) қолданса?


Бақылау сұрақтары:

  1. Дәрілік заттардың қатты дәрілік түрлерден (таблетка, пилюля және т.б.) босап шығу жылдамдығын анықтау үшін “айналмалы кәрзеңке” қондырғысында “еру - тесті” әдістемесі қалай орындалады? Экспериментті жүргізу тәртібі қандай? Қондырғы құрылысы. Әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

  2. «Тербелмелі кәрзеңке» қондырғы құрылысы және жұмыс істеу принциптері қандай?

  3. Механикалық беріктігін анықтау қондырғылары: сынуы мен үгітілуіне тексеру- құрылысы мен жұмыс істеу принциптері?

  4. “Сарториус” приборының құрылысы мен жұмыс істеу принципі қандай? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

  5. “Резомат-1” приборының құрылысы мен жұмыс істеу принципі қандай? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

  6. “Резомат-2” приборының құрылысы мен жұмыс істеу принципі қандай? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

  7. Эксперимент нәтижелерін статистикалық өңдеу мақсаттары мен міндеттері қандай?

  8. Эксперимент нәтижелерінің дұрыстығын қалай түсінесіз?

  9. Негізгі статистикалық есептеу сипаттамасының сатылары қандай?

  10. Стандартты ауытқу деген не? Есептеу формулалары.

жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау