Құрастырушы: оқытушы І.Ө. Хасанова Келісілді: ОҮҰжОӘБ жетекшісі А. А


Мақал-мәтелдермен жұмыс жасаудың жолдары



жүктеу 1,2 Mb.
бет5/7
Дата06.03.2018
өлшемі1,2 Mb.
#11828
1   2   3   4   5   6   7

2. Мақал-мәтелдермен жұмыс жасаудың жолдары.

Мақал – мәтелдің көркемдік ерекшелігін таныту арқылы оқушылардың тілін дамытып, орынды қолдануға, ойын дәл, өткір, әсерлі етіп беруге үйретіледі, сондай-ақ тәрбиелік мәні де зор.

Мақал – мәтел – сөз мәйегі, асылы, саф алтыны. Мақал – сөз атасы». Олар сөз дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мақал – мәтелдер нақыл сөз есебінде қызмет атқарады. Прозалық, поэтикалық құрылымды боп келеді. Олардың қайсысында болсын проза, поэзияға тән ырғақ, үйлесім, саз интонация – барлығы да бар.

Мақал – мәтелдер дыбыс үндестігіне негізделген. Сондықтан олар музыкалық саздылығымен оқушысына әсер етеді, мақалдағы негізгі ойға жетектейді. Мысалы, «Ердің ісі – келіс, ездің ісі – керіс» деген мақалды олалық. Осында «е, і» дыбыстары бірнеше рет қайталанған.

Сол дыбыстар мақалдың саздылығын күшейтумен бірге, құлаққа жатық та әсем үн естіледі. Мақалдағы негізгі ой ер мен езге байланысты. Әңгіме солардың бойындағы адамгершілік қасиет туралы. Дыбыстық өрнектер де соған орай. Сонан соң осы мақалдардағы сөздер үйлесе үн тапқан. Негізгі ұйқас жол аяғындағы «келіс» пен «керіс» сөздеріне негізделсе, мақалдағы басқа сөздер іштей үйлескен. «Ердің ісі» мен «ездің ісі» ішкі ұйқасқа сүйенген. Бұл ұйқастар мақалды ажарландырып тұр. Сондай – ақ «Түсі игіден түңілме» деген мақалда жақсы жамандыққа бармайды, ол жақсылыққа әзір деген ойды «т, і» дыбысы арқылы өрнектеген. Екіншіден, сол ойды әрі кейіптеу арқылы жақсы білдірген. Мақал – мәтелдерде көп қолданылатын көркем өрнек – синтаксистік параллелизм. Мысалы, «Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді, елін сүйген еріне, ел тілеуін береді», «Жолдасын таппаған ер азады, қордасын таппаған жер азады», «Су кірді тазартса, оқу миды тазартады», «Сүңгінің жарасы бітер, тіл жарасы бітпес». Ал «Сүңгінің жарасы бітер, тіл жарасы бітпес» деген өрнектерде «еттен өтіп, сүйекке жетер» тіл тәңірісін ғаламат өрнектеген.

Мақал – мәтелдерде бейнелі көркем сөз айшықтарының өрнек жасалынады. Мысалы, «Түсіне қарасаң күндей, ішіне қарасаң түндей». «Жүзі күндеиі күлімдеп, іші мерез, сұм адамдарды «түндегі» деген тоңыз арқылы қапысыз танытқан. Мақалдағы көркемдік тәсілдердің бірі - әсірелесу. Мысалы, «Тарыдан тау, тамшыдан көл». Мақал – мәтелдерден көркем сөз айшықтарының бәрін кездестіреміз. «Еңбек – ырыстың бұлағы,еңбек – бақыттың шырағы», «Еңбексіз - өмір тұл, ойсыз – көңіл тұл», «Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» сияқты метафора, «Талапсыз адам – табансыз, алымсыз адам – шалымсыз», «От ауызды, орақ тісті» сияқты эпитет, «Кітап – көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа – маржан» сияқты метонимия мақал – мәтелдерде мол ұшырасады. Мақал – мәтелдер көркемдік бейнелі сөз айшықтарымен әсерлі. Олардың айтуға оралымдылығы, тілге үйіріп кететіндегі, ойдың өткірлігі, ұшқырлығы, тереңдігі мақал – мәтелдердің көркемдік осы сапаларымен байланысты.



Тексеруге арналған сұрақтар:

1.Мақал-мәтелдердің тіл дамытудағы және тәрбиелік мәні?

2. Мақал-мәтелдермен жұмыс жасаудың жолдары көрсет.

Пайдаланылатын әдебиеттер :

/4/ -192-194 б.

/3/ - 61-62 б.



Дәріс 10

Тақырып: Жұмбақ- жаңылтпаштармен жұмыс.

Мақсаты: Жұмбақпен жұмыстану жолдарын меңгеру.

Дәріс мазмұны:

1.Жұмбақ, олардың тіл дамытудағы мәні.

2.Ана тілі оқулығында жұмбақтардың оқытылуы.

Жұмбақтарды оқыту.

Оқушыларда жұмбақ, мақал-мәтелдердің көптігі мәтіндердің аяғында беріледі, сонымен қатар, бастауышқа арналған жұмбақ, мақал мәтелдер жинағы жоқ боғандықтан, авторлар оқушылардығ тілін ұшыратудағы бұл материалдардың орасан зор маңызын еске алып, оқулықтарға бірсыпыра жұмбақ, мақал мәтелдер, жаңылтпаштар енгізген.

Мақал-мәтелдер мен жұмбақ бір жағынан балалардың өмірге көзқарасын, ойын кеңейтсе, екінші жағынан тілін дамытып, сөздік қорын байытады.

А.Байтұрсынов бастауыш мектеп балларына мақал мәтелдердің пайдасын айта келіп, оның қысқа да дәл және халықтың тамаша байырғы тілімен қандай да болмасын табиғат немесе адам тұрмысының шындық құбылысын сипаттайтыныны көрсетеді.



Тексеруге арналған сұрақтар:

1.Жұмбақтың тіл дамытудағы мәні.

2.Ана тілі оқулығында жұмбақтардың оқытылуы.

Пайдаланылатын әдебиеттер :

/3/ -61-62 б.

/9/ - 132-136 б.


Дәріс 11

Тақырып: Мысалдармен жұмыс.

Мақсаты: Мысалдардың көркемдік тілін талдау арқылы тіл дамыту жұмыстарын меңгеру.

Дәріс мазмұны:

1.Мысалдар, оның көркемдік тілі.

2.Ана тілі оқулығында мысалдарды оқытудағы тіл дамыту жұмыстары.

1. Мысалдарды оқыту.

Әдеби шығармалардың басқа түрлерінен мысалдың мынадай өзгешеліктері бар;



  • Аллегориямен айтылатыны.

  • Мысалда белгілі бір үгіт, тәлім тәрбиелік мән болатыны.

  • Оның оқылу ерекшелігі.

Осыдан келіп, мынадай сұрақ туады: мысалдағы аллегорияны ашу керек пе, жоқ па? Мұндай сұраққа жауап беру үшін, мысалдың сипатын, мазмұнын, оны балалардың қалай қабылдайтынын байқап қараған дұрыс.

Бастауыш сынып оқушылары мысалды оқығанда суреттелген оқиғаның тартымдылығына қызығады, оны шындық деп қабылдайды. Сондықтан мысалды оқып шығысымен, автордың онда сурет теп отырған жан жануарлары кімдердің бейнесі, оны кім деп түсінесіңдер? Дегенлей, сұрақ қою қателік болар еді. Өйткені жұмысты мұндай әдіспен жүргізу оқушылардың мысалды оқығанда алған әсерін жояды.

Бұл айтылғаннан шығатын қорытынды: мысалдарды оқығанда көңіл қоятын жай оқушыларға оның мазмұнын қабылдату және ондағы кейіпкерлердің іс әрекетін талдау.

Мысалдағы аллегорияны ашу жұмысын төртінші сыныпта мынандай тәсілмен іске асыруға болады. Мұнда мысалда суреттелген оқиғаға ұқсас оқиға іздестіріледі. Айталық, И.А.Крыловтың «Қарға мен түлкі» мысалы оқылғаннан кейін біреудің қлындағы нәрсесін алдап алу өмірде кездесе ме, ондай әрекет жақсы ма, жаман ба ... дегендей сұрау қою арқылы, ондағы негізгі ойды түсінуге жеңілдік жасалады.

Мысалдың екінші ерекшелігі онда белгілі бір үгіт, тәлім тәрбиелік мәні бар, қорытынды пікір болатындығы. Мысалы:

Жұрт біледі, күледі ,

Сұрқия тілдің жаманын,

Қошеметшілердің амалын,

Сонда да солар қайда жоқ,

Ептеп алса, ересің,

Артынан өкінсең де пайда жоқ ...

Мысалды оқытудың үшінші ерекшелігі оны дауыстап, дұрыс мәнерлеп оқу тәсілінде. Мысалдағы айтылатын сөз автордың атынан айтылмай, кейіпкердің атынан баяндалатын болса, сол кейіпкердің басындағы ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Мысалы : «Шал мен малайды», «Қарға мен түлкіні» оқығанда бір ырғақпен оқылмайды.

Қорыта айтқанда , мысалды төмендегідей жолдармен оқытуға болады:

1.Оқылатын мысал жөнінде мұғалім алдын ала әңгіме өткізеді.

2.Мұғалім мысалды әуелі нақышына келтіре, өзі оқиды, сонан кейін оқушыларға оқытады.

3.Мысалдың мазмұны талданады.

4.мысалдан үзінді келтіре отырып, ондағы негізгі ойдың не екеніа қорытындыда әңгімеленеді

5.Мысалдың мазмұнына ұқсас өмірден мысал келтіреді

6.Мүмкіндігіне қарай рөлге бөліп оқу.

Тексеруге арналған сұрақтар:

1.Мысалдардың көркемдік тілін талдау тәсілдері.

2.Ана тілі оқулығында мысалдарды оқытудағы тіл дамыту жұмыстары қандай?

Пайдаланылатын әдебиеттер :

/3/ -62-64 б.

/9/ -98-111 б.


Дәріс 12

Тақырып: Ертегілерді оқытудағы тіл дамыту жұмыстары.

Мақсаты: Ертегілерді оқу арқылы ертегі құрастыруға үйрету.

Дәріс мазмұны:

1. Ертегілер.

2. Бастауышта ертегілердің оқытылуы, дамытушылық, тәрбиелік мәні.

1.Ертегілерді оқыту.

Халық әділеттілік пен адамгершілікті, ақылдық пен батырлықты өте жоғары бағалаған.

Ертегілердің тәрбиелік мағызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, қайырымдылыққа адалдыққа үйренеді.

Ертегілерді оқуда мыналар ескерілуі қажет;



  1. Ертегіні оқу барысында бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді деудің қажеті жоқ, балықтың, жан жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегідегі оқиғаға сеніп, оның кейіпкерлерінің іс әрекетіне бірде қайырып, бірде қуанып қиялдау оларды армандауға үйретеді.

  2. оқушылардың кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуде де ертегілердің пайдасы мол.

  3. Қара Сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жақын үлгімен мазмұндалады. Кейде ертегіні мұғалім оқымай ақ қызықты етіп, қысқаша айтып береді.

  4. Ертегі оқушыларға жоспар жасауға өте қолайлы. Оған ат қою, бөлімге бөлу т.б. жұмыстарды ІІ ІІІ сынып оқушылары орындай алады.

  5. Жауарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі жоқ.

  6. Кейбір ертегілерді пьесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, сыныптан тыс сабақтарда балаларға орындатуға болады.

  7. Ертегініңкомпозициялық ерекшеліктерін қарапайым түрде бақылау жүргізіп, үйрету жұмыстары да үнемі іске асырылып, отырғаны жөн.

  8. Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда ақ игереді.

Тексеруге арналған сұрақтар:

1. Ертегілердің түрлері қандай?

2. Бастауышта ертегілердің оқытылуы, дамытушылық, тәрбиелік мәні.

Пайдаланылатын әдебиеттер :

/3/ - 60-61 б.

/9/ - 84-98 б.


Дәріс 13

Тақырып: Сөз тіркесімен жұмыс. Сөйлемдермен жұмыс жүргізу әдістемесі.

Мақсаты: Сөз тіркесінің құрылымын меңгерту. Сөйлемді дұрыс құруға үйрету, сөйлем құру тәсілдерін меңгеру.

Дәріс мазмұны:

1. Сөйлеммен жұмыс (жай сөйлем, құрмалас сөйлем).

2. Бастауышта мәтіннің оқытылуы.

Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.

Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.

Көркем шығарма жазушының сөзі арқылы қабылданады. Шығарманы оқыған кезде оқушыда елес (адамдардың портреті, табиғат картинасы, ондағы оқиғалар, т.б) туады. Бұл оқушының сезімін де қозғайды. Ішкі көрініс айқындала түсу үшін оқушының санасында бейне анық жасалу үшін шығарманы оқымас бұрын оқушылармен алдын ала дайындық жұмысы жүргізіледі. Бұл көбіне әңгіме түрінде ұйымдастырылады. Дайындық әңгіме оқығалы тұрған шығармадағы оқиғаға ұқсас, балалардың өз өмірінде болған оқиғаларды еске түсіру сияқты тәсілдермен өткізіледі.

Алдын- ала жүргізілген әңгімеде мұғалімнің оқылатын мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен қиын ұғымдарды түсіндіруді ұмытпағаны жөн. Әңгіменің ішіндегі түсініксіз сөздердің мән-мағынасын біліп алмайынша, оны оқығанда мазмұнын ұғу балаларға өте қиын соғады. Ал оқулықтарда әрбір әңгімедегі осы түсініксіз болды-ау деген сөздердің барлығын теріп алып, мәтіндердің аяғына сөздік ретінде бере беруге болмайды.

Сонымен шығарманы оқуға дайындық жұмысы, біріншіден, балаларды оқылатын әңгіменің мазмұны мен ондағы кейіпкерледің ісін саналы түсіне білуге дайындау, екіншіден, оқылатын әңгіменің мазмұнына қызықтыру, үшіншіден, ондағы түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру мақсатында жүргізіледі. Дайындық жұмысының да көздейтін түпкі мақсаты – балаларға шығарманы толық та саналы қабылдауға мүмкіндік туғызу. Дайындық жұмысында қандай әдіс-тәсілдер қолдануға болады:

а) Оқушылардың өздеріне әңгіме айтқызу. Кейбір шығармаларды оқуға дайындық барысында балаларға өздерінің басынан кешірген немесе естіп, көріп, оқып білген оқиғалары жөнінде әңгіме айтқызылады. Мұндай әңгіме балалардың ойы мен сезімін қозғауға жәрдем етеді.

ә) Мұғалімнің әңгімесі. Кейбір жағдайларда, егер оқылатын материалды түсінуге қажетті деректерді балалар білмейтін болса, мұғалімнің өзі кіріспе әңгіме айтып береді. Мұнда балалар мұғалімнің әңгімесін тыңдай отырып, шығарманы оқуға құмартатындай, оқығанша асығатындай жағдайда болғанда ғана дайындық әңгіменің талапқа толық сай өткені деуге болады.

б) Ұжымдасқан түрде әңгіме айту. Біреу білмегенді біреуі айтады.Жеке оқушыдан гөрі сыныптағы барлық оқушының білетіні көп болады. Сондықтан кейбір жағдайда оқылатын материалға қажетті мағлұмат ұжымды түрде айтылатын әңгіме ұйымдастыру арқылы анықталады. Мұнда балалар өз беттерімен біреулер екіншілердің айтқанын түзетеді, толықтырады.

Әңгіменің барысында бұрын оқылып өткен материалдардағы деректерді немесе балаларға басқа кітаптардан, күнделікті тәжірибелерінен белгілі деректерді пайдаланған тиімді.

в) Экскурсияда байқағандарын пайдалану. Оқушылардың әңгімесі болсын, мұғалімнің әңгімесі болсын – қай-қайсысын да балалардың экскурсияда көргендерімен байланыстыру өте тиімді нәтиже береді. Бұл айтылғаннан бір әңгімені немесе өлеңді оқыр алдында арнайы экскурсия ұйымдастыру керек деген ой тумасқа қажет. Бірақ мұғалім жыл бойы өтетін материалдарды қай кездерде өтетінін жоспарлап алғаннан кейін, балаларға табиғат тану материалдарына байланысты шығарма жаздыру үшін материал жинату мақсатында алуан түрлі экскурсиялар ұйымдастырады. Осы экскурсиядан көрген-білгендерін оқушыларға оқулықтағы шығармаларымен танысу жұмыстарында пайдалануды үйретудің пайдасы мол.

г) Суреттерді қарау. Шығарманың мазмұнына сай суреттер берілсе олар оқуға дайындық кезінде пайдаланылады. Мысалы, табиғатты бейнелейтін суреттерді шығарманы оқымас бұрын қолдануға болады. С.Мәуленовтың «Қыс келбеті» өлеңін оқымас бұрын, тіл дамытуға арналған суреттердің ішінен «Қысқы ойын», «Қыс» тақырыптарына берілген суреттерді көрсетуге болады.



Тексеруге арналған сұрақтар:

1. Сөйлеммен жұмыстану тәсілдері қандай?(жай сөйлем, құрмалас сөйлем).

2. Бастауышта мәтіннің оқытылуы және мәтінмен істелінетін жұмыстар.

Пайдаланылатын әдебиеттер :

/7/ -123-128 б.

/10/ -7-9 б.

/11/-61-70 б.
Дәріс 14

Тақырып: Байланыстырып сөйлеу әдістемесі.

Мақсаты: Байланыстырып сөйлеу жаттығулары, олардың түрлерін меңгеру.

Дәріс мазмұны:

1.Байланыстырып сөйлеу жаттығулары, олардың түрлері.

2. Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының мақсаты мен оған қойылатын методикалық талаптар.

Әңгіме үйретудің жалпы мәселелері (сөйлеуді қалыптастыру, әңгіме, оның тақырыптары, әңгімені

құрастыруға үйрету тәсілдері).

1. Байланыстырып сөйлеу жаттығулары, олардың түрлері. Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының мақсаты мен оған қойылатын методикалық талаптар.

Шығарма жаздырғанда балалардың өз тәжірибесіне сүйеніп, бойындағы білімін, дағдысы мен шеберліктерін жарыққа шығаруға, іске асыруға жол беру керек. Методист Ш.Кәрібаев: «Шығарма жаздыру жұмысы оқытушының үнемі басшылық етіп отыруын керек қылады. Өйткені не болса, соны я кез-келген тақырыпты жаздыра беруге болмайды. Оқушылармен тиісті әңгіме жүргізіп, байқап сұрастыра отырып, шындыққа үйлесетін, шамасы келетін, жақсы білетін, еркін меңгеріп айта алатын материалды жаздырған дұрыс»,- дейді. Сондықтан қандай жағдайда болмасын, мазмұндама мен шығарма мұғалімнің басшылығымен дұрыс әдіс арқылы жүргізілгенде ғана белгілі бір нәтиже береді, көзделген мақсатқа жетеді. Ол үшін мұғалім бұл жұмыстарға қойылатын методикалық талаптарды жақсы білуге тиіс.

Балалардың тілін дамыту, оларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарының болу мақсаттары мұғалімдердің озық тәжірибелері мен ғылыми эксперименттердің.ең жақсы нәтижелеріне сүйене отырып, басшылыққа алып жұмыс істегенде ғана іске асады.

Бұл жұмыстарға қойылатын методикалық талаптардың бастылары:

1)Берілген тақырыпты ашып көрсете білу, оқушы өзінің жинаған материалын берілген тақырыптағы негізгі ойды көрсететіндей етіп іріктеуі қажет.

2) Жазылған жұмыстың мазмұнды болуы, балалардың жазған мазмұндамалар мен шығармалары орфографиялық, пунктуациялық жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да, ойдың реңін білдіру, сөйлемдердің арасындағы байланыстардың дұрыстығы т.б. жақтарынан да бағалануы тиіс.

3) Оқушы материалды ешбір қайшылықсыз, белгілі бір ретпен, жүйелі баяндауға тиіс, яғни алдын-ала синтездеу жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, саналы түрде өткізілуі қажет.

4) Оқушылар айтайын деген ойын дәлме-дәл, анық білдіретіндей етіп, сөздерді, материалдың ішіндегі негізгілерін, таңдап қолдануға тиіс (мысалы, үшінші класс оқушысы «Мәншүк» тексті бойынша мазмұндама жазғанда, «жаудың жаңбырша жаудырған оғы» деген тіркесті сол қалпында беруге тырысып «жаудың тамаша жаудырған оғы» деп жазған. Мұндай қателерге жол бермеу үшін, сөз іріктеу, сөйлем құрастыру т.б. тексті анализдеу, синтездеу жұмысына дұрыс мән берген жөн.

5) Басы артық сөз қолдану, қыстырма сөз қолдану, бір сөздің бірнеше рет қайталануы сияқты кемшіліктерге жол бермеу шарасы жасалуға тиіс.

6)Оқушы жазба жұмысында сөйлемдерді белгілі бір формада қарастыратын болсын, яғни бір сөйлем өткен шақта, екінші сөйлем келер шақта тұрмасын ( «Мен тауға бардым. Күн ыстық болады»).

7) Жергілікті ауыз екі сөйлеуде қолданылатын сөздерді жазуда қолдануға дағдылданбау керек.

8)Жазба жұмыстарын жетілдіре білу дағдыларын оқушылар міндетті түрде меңгерген болуға тиіс, яғни жазба жұмыстарының орфографиялық пунктуациялық, лексикалық қателерін окушы мұқият қарап, тексеріп шығатын болсын. Міне бастауыш кластардағы тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарының барлығы да осы көрсетілген талаптарды орындау жолына бағытталады.



2.Әңгіме үйретудің жалпы мәселелері (сөйлеуді қалыптастыру, әңгіме, оның тақырыптары, әңгімені құрастыруға үйрету тәсілдері).

«Мектеп жас ұрпақтарды олар болашақта өмір сүріп, жұмыс істейтін қоғамдық жағдайларды мейлінше ескере отырып, өсіруге оқытуға және тәрбиелеуге тиіс»,- делінген «Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының Негізгі бағыттарында». Қазіргі кездегі қоғам дамуындағы, ғылым мен техникалық прогреске байланысты ерешіліктерінің бірі- еңбектің творчестволық сипат алуы. Осыған орай, қазіргі ең маңызды міндет- балалардың жас шағынан бастап, өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру, творчестволық белсенділігін арттыру.

Баланы ойлау мен сөйлеуге үйрету негізі бастауыш кластарда қаланады яғни бастауыш класс оқушылары ойлау мен сөйлеу дағдысына төселіп, істі творчестволықпен ұтымды орындауға үйренеді.

Сөйлеу арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасайды.Сөйлеудің пікірлесу ретіндегі әрекетінің әртүрлі болып келетінін психология ғылымы зерттей отырып, оны үлкен екі топқа, сырттай және іштей сөйлеу деп аталатын топтарға бөліп қарастырады. Сырттай сөйлеудің өзі ауызша (дыбысты тілдің көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Сөйлеудің бұл түрлері бір-бірімен өзара тығыз диалектикалық байланыста болады. Өйткені сырттай сөйлеу (ауызша,жазбаша) мен іштей сөйлеудің физиологиялық негізі бір-ми жарты шарлары қабығындағы екінші сигнал системасының механизмдері. Олардың негіздерінде сөйлеу органдарының қозғалысынан шығатын кинестетикалық сезімдер жатыр. Кинестетикалық түйсікке негізделген шығарма мен мазмұндама жазу балалардың қабылдауын дамытып, зейін өрісін кеңейтеді, ойын, тілін дамытады, оларды қиял шыңына шарықтатып тәтті сезімге бөлейді.

Психологтардың анықтауынша, бастауыш класс оқушыларының қиял дүниесіне бой ұруы, әр түрлі оқиғаларға кездесуге құштарлығы, өзін ертегі кейіпкерлерінің орнына қойып,ойға алғанын іске асыруға әрекет жасауы басым болады.Олардың бұл ерекшелігін творчестволық жұмысқа пайдаланудың зор маңызы бар.Қиялдың шарықтап дамудың ең жоғарғы сатысы творчестволық әрекетпен тығыз байланысты болады.Қиял екі түрлі.Пассивтік және активтік. Пассивтік қиялға түс көру жатады,ал активтік қиялдың өзі қайта жасау және творчестволық болып екіге бөлінеді. Шығарма, мазмұндама жұмыстары активтік қиялдың екі түрінде дамытады,өйткені кітап оқу, түрлі суреттер көру, диафильмдер көру арқылы уақиғаларды көз алдына елестету- қайта жасау қиялының көрінісі. Ал бала қиялының бетін шындыққа бұрып оның іс-әрекетіне өз ойынан шығарғанын өздігінен тапқандарын қосып дамытуға толықтыруға үйрету творчестволық қиялды дамыту болып табылады. Осыған орай, еркін тақырыпқа шығарма жаздыру т.б. жұмыстарды көбірек жүргізу бала творчествосын дамытады.

Балалардың мектепке келіп түскен кездегі психикалық және дене даму ерекшеліктері жөнінде оқулықтарға берілген мағлұматтарға сүйене отырып мазмұндама мен шығарманы да осы кезден II кластан бастап жүргізуге толық мүмкіндік бар екені анықталады. Шығарма мен мазмұндама жұмыстары:

1.Балалардың психикалық процестерін (түйсік,қабылдау,зейін,ес,ойлау,қиял,сезім,ерік) күшейтеді,әсіресе ой қызметінің белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабығында өтіп жататын анализдеу,синтездеу әрекетін күшейтеді. Мидың жарты шарлар қабығында өтіп жататын әрекеті үздіксіз күшейтіп уақытша нерв байланыстарын (анализторлардың мидағы ұштарының арасында туып жататын уақытша нерв байланыстары) жасайды және жетілдіре түседі.

Шығарма мен мазмұндамаға дайындалу барысында әсіресе 2 класс оқушыларының психикасында 1 сигнал системасынан қызметі мен эмоция басым болғандықтан,балалардың өмірде көрген білгендеріне, заттың тікелей өзін көрсетіп,сол жөнінде қабылдауларына,уақиғаны бақылау қабілеттеріне сүйену керек. Тексті алдын ала синтездеу жұмысына ерекше назар аударған жөн.Өйткені тексті алдын ала синтездеудің яғни жазбас бұрын тексті жобалап алудың қате жібермеу үшін де тигізер пайдас мол. Жазу процесінің аналитикалық-синтетикалық жағы неден көрінеді:1)сөзді тыңдағанда әңгімеленгелі отырған уақиғаға сай келетін сөздерді таңдап ала білсе бұл-аналитикалық процесс,ал осы сөздерді таңдап ала білсе, бұл-аналитикалық процесс,ал осы сөздердің текстің ішінде енгізуі синтетикалық процесс болып есептеледі. 2)сөйлем құрастыруда анализ-субьектілер мен предикаттарды және заттың белгілерін көрсететін сөздерді іріктеп алу, синтез-осыларды сөйлемнің ішінде орын-орнына қойып,орналастыру.

3)текст құрастыруда анализ –тұтас тексті бірнеше бөлімге бөлу,синтез-сол бөлімдерді бір-бірімен жалғастыру. Мұнда анализ жазуға дайындық кезінде текстке жоспар бойынша,құрастырып айтып не жазып беру жұмысы болып саналады.

4)шығарма жазу процесінде анализ үнемі синтезден бұрын жүреді. Анализдің бұрын келуі синтезге жол ашады.

5.Психология оқулықтарында бастауыш мектеп жасындағы балалардың қабылдауы эмоциямен, сезіммен сабақтас жүретіні айтылады.

Сондықтан мазмұндамаға алынатын текстер мен шығарма тақырыптары балаларда болатын көңілдік сенгіштік, сезімталдық, қызығушылық, еліктегіштік сияқты қасиеттерге сай келетіндей болып іріктелуге тиіс. Алайда қандай әсерлі шығарма ұсынылғанымен ол нақышына келтіріліп дұрыс дауыс ырғағымен оқылмаса балаларда болатын жоғарыда айтылған қасиеттерді дамытуға пайдасы тиіп жарымас еді. Өйткені мазмұндамаға ұсынылғған текстерді балаларға оқып беруде болсын, шығарма жаздыру үшін материал жинау барысында балаларға айтылатын әңгімеде болсын, мұғалімнің дауыс сазының әсерлі болып, сөздер мен сөйлемдерді анықтауының маңызы зор. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский: «...мүмкін егерде біз:бізде анық дауыстап ырғағына келтіріп, әсерлі етіп оқи алатын төменгі кластың мұғалімін табу өте қиындыққа түседі десек, кейбіреулерге ерсі болып көрінер еді бірақ зейінінің қабілеті жетілмеген балаларға мұндай мұғалім ерекше қажет»- дейді.



Байланыстырып сөйлеуді дамытру.

Тілдің синтаксистік жағы байланыстырылып сөйлеу және әңгімелеуге үйрету процесі арқылы жетіледі. Төл сөз кеңінен пайдаланылады, жай, жайылма, салалас сабақтас , салалас құрмалас сөйлемдер көптеп кездеседі. Ойын-инсценировкалар, драмматизациялар халық ертегілерімен : «Торғай мен қарлығаш», «Түлкі мен ешкі », «Жыланның басы мен құйрығы » т.б. Жұмбақтар, мақал-мәтелдер кеңінен пайдаланылады.

Балалардың шығамашылығы, әңгіме құрастыру, кітапшалар жасау ( үлкендер жазып алады). Бастауышты сын есіммен байланыстыру , мысалы: сәби көңілді. Көңілді сөзін тағы қандай сөздермен байланыстыруға болады?

Схема ( үлгіге) қарап сөйлем құрау.

«Жанды сөздер»- ойын. Әр ойынша сөз ойлап табады: бір бала «қоян», екінші бала «сәбіз жақсы көреді». Тапсырма : алдыңғы екі сөзге мазмұны жағынан сәйкес үшінші сөзді ойлап табу.

мысалы: «қоян сәбізді жақсы көреді».

Мәтінде кейбір сөздерді жасырып қою балалар оны ойлап табады .

«Кейбір сөздер өшіп қалған хат»-ойын.



жүктеу 1,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау