Құрастырған: Қозыбағаров А. И. қоғамдық пәндер оқытушысы


Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы–1224 ж.)



жүктеу 2,07 Mb.
бет4/13
Дата05.02.2018
өлшемі2,07 Mb.
#8640
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы–1224 ж.). «Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 ж. Ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде аталады. Мұсылман дерек-терінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің (ІХ ғ.) жылнамалық жағынан ҮІІІ ғ. жататын, түрік тайпаларының тізімінде көрсетіледі. 656 ж. Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы ҮІІІ ғ. соңында оларды Кимек федерациясынан бөлініп, олардан әрі, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды. ІХ-Х ғғ. қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі: қыпшақтар кимек қағанатына саяси тәуелді болады, конфедерацияға, сосын Кимек қағанаты құрамына кіреді. ХІ ғ. екінші жартысында қыпшақтар Маңғыстау мен Үстірт жерлеріне орнығады, олармен бірге сол арада оғыз тайпаларының біраз топтары да көшіп-қонып жүреді. Қыпшақтардың ХІ ғ. орта кезінде батысқа қарай жылжуының бастапқы кезеңі Махмұт Қашқаридің жағрафиялық картасында бейнеленген, ол картада қыпшақтардың мекені ретінде Еділдің ар жағы мен Каспий теңізінің арғы бетіндегі солтүстік-батыс жерлері көрсетілген, ал Еділ өзенінің өзі Қыпшақ елі ішінде қалады. Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын кеңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек Сеңгір бекінісін салады. Қыпшақ билеушілері мен Қарахандар арасындағы табиғи шекара Балқаш көлімен Алакөл шұңқырының көлдері болады. Солтүстік-шығыс бетте қыпшақтар өркениет пен мәдениеттің Саян-Алтай ошағымен байланысты болған, бұл мәдениеттің иелері қырғыздар мен хакастар және басқа да тайпалар еді. Қыпшақ хандығының солтүстік шекарасы қазіргі қазақ даласын Батыс Сібірден айырып тұратын орманды дала зонасы арқылы өткен. Солтүстік Батыс жағында қыпшақтар Еділ бойы мен Орал өңірінің халқымен этникалық мәдени және саяси қарым-қатынас жасаған. Қыпшақ тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалық-саяси бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағанда, негізінен тұрақты болған, тек оңтүстік-батыс шекарада ХІІ ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезмшахтар мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді. Қыпшақ тайпаларының ХІ ғ. екінші жартысы мен ХІІІ ғ. бас кезінде бұлғарлармен және башқұрттармен өзара алыс-беріс жасап, аралас-құралас тұруы қыпшақ тілі мен мәдениетінің оларға ықпал етуі бағытында дамып отырған. Қыпшақ ақсүйектері Шығыс Дешті қыпшақ тайпаларының қоныстық-өрістік жерін едәуір кеңейтуге себепші болған және Сырдария бойындағы Оғыздар мемлекетімен, Орта Азиядағы Салжықтар, Хорезмшахтар және Қарахандар әулеттерімен соғысқа және соғыстарға әкеліп жеткізген ХІ ғ. бірінші жартысындағы буырқанған дауылды оқиғалар қыпшақтар мемлекетін құрудың объективті себебіне айналды. ХІ ғ. екінші жартысында ХІІ бірінші ширегі біткенге дейін қыпшақ хандарының жағдайы бірсыпыра тұрақтанып, саяси бірлігі біраз жақсарды. Бұған қарағанда, қыпшақтың этникалық - әлеуметтік қауымдастығында өз билігін бүкіл хандыққа жүргізе алатын жоғарғы хандар болғанға ұқсайды. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі – малға жекеменшік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулердің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған деседі. Қыпшақ отбасының меншігіндегі малға ру-тайпа белгілері – таңбалар басылған. Хисапсыз көп малы бар ақсүйектер жеке меншігіне заң жолымен бекітіп берілмесе де, мал жайылатын өрістің бәрін меншіктеген. Жайылымдарды бөліп беруді, көші-қон мәселелерін реттеп отыруды қыпшақ хандары мен тайпа тектілері уысынан шығармаған. Бүкіл мұсылман Азиясы ішінде бірінші орын алуға ұмтылған Хорезмшах Мұхаммед (1200-1220 жж.) мемлекеті құрамына ХІІІ ғ. бас кезінде Сығанақ облысы да кіреді. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан, қыпшақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра береді. Жент қаласынан солтүстікке қарай Дешті қыпшақ еліне Мұхаммед Хорезмшах талай рет жорық жасайды. 1216 ж. Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетіп, Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғыс хан қолымен кездейсоқ соқтығысып қалады. Сұлтанмен айқасып қалғаннан кейін, монғолдар түн жамылып шегініп кетеді. Бұл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, бұған ілесе қыпшақтардың Хорезмшахтармен ұзаққа созылған бәсекесі тоқтап қалады. Моңғол басқыншылығының дәуірі келіп жеткен еді.
Моңғол шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақстан.
Шыңғыс ханның жаулаушылық соғыстары. ХШ ғасырдың бас кезінде Моңғол империясының құрылуы Орталық және Орта Азия, Қазақстан мен Шығыс Еуропа халықтары мен мемлекеттерінің тарихи тағдырына орасан зор ықпал жасады. Моңғол жаулаушылығы Еуразия аймағын мекен еткен халықтар мен тайпалардың қалыптасқан қарым-қатынасымен өзара байланысын бұзды және олардың этникалық-саяси, шаруашылық-мәдени дамуының үрдісін өзгертіп жіберді.XII ғ. орта шенінде монғол тайпалары Монғол Алтайы мен Ертістің жоғарғы жағынан наймандар мен қыпшақтарды ығыстырып, түрік тілді топтарға сіңісіп, түріктерден материалдық медениетінің көптеген элементтерін, шаруашылық пен тұрмыстың түрлерін, көшпеліліктің әдет-ғұрпын, мал тұқымдарын ала отырып, Орхон мен Керулен бойларынан батысқа қарай жылжыды. Сол уақыттан бастап түріктер мен монғолдардың кейінгі уақытқа дейін сақталған қоныстарының шекарасы анықталып қалыптасты. Монғолдар жайлаған аумақ солтүстікте Байкалдан, Ертіс пен Енисейдің жоғарғы бойынан Оңтүстік Гоби шөліне дейін кең көсіліп жатады. Егер ескі дүниенің картасына көз салсақ, онда өркениеттің екі полюсінің - Шығыстағы Қытай мен Үндістанның және батыстағы грек-роман әлемі арасында байланыстырушы болып ұзын лента теріздес түрік-моңғол халықтары жатқанын көруге болады. Осы халықтарды біріктіріп, біртұтас мемлекет құрса, ол шығыс пен батыс арасындағы өркениет көпіріне айналар еді. Осы үлкен мақсатты орындауға кірісу және "темір мен оттың" көмегімен аяғына дейін жеткізу ХШ ғасырда Шыңғыс ханның үлесіне тиді. ХП ғасырдың аяғы - ХШ ғасырдың басындағы Орталық Азия мен Қазақстан далаларында билік етуші тайпалар арасындағы күрес асқынып кетті. Күрес барысында моңғол тайпалары көсемдерінің бірі Тимучиннің (Шыңғыс хан) мерейі үстем болып, ол Орта Азия тайпаларының басын қосқан құдіретті билеушіге айналды. Тимучин, яғни болашақ, Шыңғыс хан 1155 жылы ақпанда (кейбір деректе 1162 жылы) Онон өзенінің жағасында, Дели-Чюн-Болдок шатқалында дүниеге келді. Оның әкесі белгілі моңғол билеушісі ноян Есугей-бахадүр текті әулеттен шыққан, халық арасында белгілі кісі болатын. Отбасының тұңғышы Тимучин дүниеге келуі жөнінде монғол-қытай жазбасы ("Юань-ши") былай дейді: «Есугей батыр татар тайпаларына қарсы жорықта жеңіске жетіп, олардың басшысы Тимучинді қолға түсіреді. Осы кезде батырдың әйелі императорды (Шыңғысты) босанады. Оның қолында ұйып қалған қан болыпты-мыс. Жеңістің құрметіне оған қолға түскен татар батыры - Тимучиннің атын қояды». Тимучин мәртебесін көтеруге оның керейттер ұлысының билеушісі Тоғырыл Ван-ханмен ынтымақтасуы маңызды болды. Керейттердің наймандармен, моңғол тілдес татарлармен және меркіттермен соғысында Тимучин Ван-ханның вассалы ретінде соғысып, құрметті атақтарға қолы жетті. 1185 жылы Ван-хан, Тимучин және моңғол тайпасы жаджираттан шыққан Жамуха Селенга өзенін сағалаған меркіт ұлысын талқандайды. Жеңіс Тимучинннің күшін арттырып, оны басқа да белгілі билеушілердің қатарына қосты. Тимучинге жалайыр, барлас, т. б. рулар қосылды. 1199 жылы Тимучин мен Ван-хан найман хандарының бірі Бұйрыққа шабуыл жасап, талқандап жеңді. 1200 жылы Тимучин мен Ван-хан меркіттерді жеңді. 1202 жылы Жамуха найман, меркіт, ойрат, т.б. тайпалардан күш жиып, Тимучин мен Ван-ханға қарсы шығып, жеңіліс тапты. 1202 жылы Тимучин татар ұлысын түпкілікті талқандайды. Бірақ Тимучиннің жаңа қарсыласы меркіттер мен наймандардың біріккен күштері басында Бұйрық хан тұрды. Уақытты ұттырғысы келмеген Тимучин 1204 жылы 45 мың атты әскермен наймандарға жорығын бастайды. Бұл шайқас Нагу тауы етегінде басталады. Әйтсе де наймандардың бір бөлігін бастап Даян ханның баласы Күшлік құтылып кетеді. 1206 жылы монғолдар найман ханы Бұйрықты талқандайды. Енді Тимучин Орталық Азия даласындағы жалғыз билеуші болып шыға келді. 1206 жылдың көктемінде Онон өзені сағасында Тимучинді жақтаушы көшпелі билеушілер бас қосып, қасиетті ақ туды көтерді, құрылтай шақырып, Тимучинді ұлы хан деп жариялап, оған Шыңғыс хан атағын берді.1208 жылы Шыңғыс ханның әскері қашқан наймандар мен меркіттерді қуалай отырып, оларды Ертіс жағалауында екінші рет талқандайды. Ал жеңіліс тапқан наймандар мен керейттер Күшлік ханның бастауымен Жетісуға келіп паналайды, ал меркіттер болса, Орталық Қазақстан даласына қашты. Осы тұста Жетісуда да аласапыран мезгіл туған еді. Оған себепкерлер Шығыс Түркістандағы ұйғырлар, қарақытайға бағынышты жетісулық, қарлұқтар мен қаңлылар еді. 1211 жылы Жетісуда алғашқы моңғол әскерлері пайда болады. Көп кешікпей оларды Шыңғыс хан солтүстік Қытайдағы Цзинь империясымен соғысқа шақырып алады. Шыңғыс хан әскері 1211-1215 жж. Қытайға жасаған жорығынан кейін моңғол армиясында Қытайдың әскери техникасы - қабырға құлатқыш, тас атқыш және от атқыш қарулары пайда болды. 1216 жылы Солтүстік Қытайдағы бұл науқан сәтімен аяқталған соң моңғолдар батысқа жылжуын қайта жалғастырды. 1218-1219 жж. моңғолдар көптеген көрші халықтарды бағындырды. Енисей қырғыздары мен буряттар жері жаулап алынды. Ұйғыр, Тұрпан князьдіктері моңғолдар билігін ерікті түрде қабылдады. Цзинь империясының армиясын талқандағаннан кейін монғолдар солтүстік Қытайды басып алды. Шыңғыс ханның ендігі ойы батыс елдерін - Орта Азия мен Иранды, Таяу Шығыс пен Кавказ сырты, Шығыс Еуропаны жаулап алу болды. Әлі жаулап алынбаған Ертістің, Арал теңізі мен Әмударияның батысындағы жерді үлкен ұлы Жошы мен оның ұрпақтарының ұлысы етіп берді. Шыңғыс хан үлкен ұлы Жошыға қьпшақтарды паналаған меркіттерді талқандауға, сүйікті қолбасшысы Жебе ноянға Күшлік ханды бағындыруды табыстады. Жетісуда билік басында отырған Күшлік хан 1218 жылы моңғолдардан тағы да жеңіліс тауып, Бадахшанда қолға түсіп басы шабылады. Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болған Шыңғыс хан Жетісуды аса көп қарсылықсыз-ақ басып алды. Жебе ноян жарлық беріп, бейбіт халықтың мал-мүлкіне тиісуге тыйым салды, ал мұсылмандарға кұдайға құлшылық, етуге рұқсат берді. Моңғолдар үшін Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алу Ескі дүниені тұтастай жаулап алу стратегиясының құрамдас бөлігі деп қараған жөн. Шыңғыс хан ат тұяғы жеткен жердің бәрін өзіне қаратуды алға қойды. Орта Азия мен Қазақстанды қарату оған Шығыс Еуропаға және Алдыңғы Азияға апаратын жолды ашты. Осы себепті бұл жорыққа Шыңғыс хан мұқият даярланды. Моңғолдарға қызмет еткен мұсылман көпестер мен қашқындар Қарақытай мемлекеті, кейінде Хорезмшах жайлы мәліметтер тасумен болды. Шығыс Түркістан мен Жетісудың моңғол қолына өтуі Оңтүстік Қазақстанда, Орта Азияда дүрбелең туғызды. Хорезмшах пен Шыңғыс хан қайта-қайта елшіліктер алмасумен болды. Жетісуды бағындырғаннан кейін Шыңғыс ханның Мауреннахрға, сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жорығына жол ашылды. Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан сауда керуенін жіберді. Онда 450 адам, 500 түйе бар еді. 1218 жылдың жазында керуен Отырарға жетеді. Отырар билеушісі Қайырхан Иналшық көпестердің тыңшы екенін байқаған соң керуенді кұртып жіберуге бұйрық береді. Енді Шыңғыс хан Хорезмшах алдына Қайырханды қолыма бер деген талап қояды. Бірақ осы талапты айтуға келген елшілер де өлтіріледі. Осылайша Шыңғыс ханның Хорезмге қарсы жорығы басталады. Жорық 1219 жылдың қыркүйек айында Ертіс жағалауынан басталады. Шамамен 150 мың әскер жинаған Шыңғыс хан Ертістен Сырдарияға жетті, әрі бұл жорық Жетісу арқылы жүріп өтті. Моңғол әскері Отырарға таяп келгенде Шыңғыс ханның ұлдары Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастаған басқа бір шоғырын Сыр бойымен Жент және Жаңакент қалаларына жіберді. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғысхан ұлы Төлеймен әскердің негізгі күштерімен Бұқараға беттеді. 1219 жылдың күзінде Шыңғысхан орасан зор әскерді бастап, Жетісу арқылы Мауереннахрға аттанды. Ол алғашқы соққыны Сырдария бойындағы қалаларға бағыттады. Моңғолдардың қарамағында бұл тұста көптеген жергілікті феодалдар мен көпестер бар еді. Олар Шыңғыс ханды қажетті мәліметтермен жабдықтап отырды. Жетісуда Шыңғыс ханға өз әскерлерімен Бесбалық қаласының билеушісі мен Алмалықтың ірі феодалы - Сугнак тегін келіп қосылды. Шыңғыс хан нөкерлері ішінде Қойлық қаласынын әмірі де болды. 1219 жылы қыркүйекте Шыңғыс хан әскерлері Отырар қаласына келіп, оны қоршауға алды. Қалада 80 мыңдай әскер бар еді. Отырар қорғанысы Қазақстан мен Орта Азияның халық бұқарасының монғол басқыншыларына қарсы жүргізген ерлік күресінің айқын көрінісі болды. Қаланы қоршау 5 айға жуық уақытқа созылды. Қаланың құлауына опасыздық себеп болды. Хорезмдік әскербасы-Қараджа хаджиб түн жамыла қаланың Софыхан қақпасынан шығып, моңғолдарға өтіп кетті. Қаланы қоршап тұрған монғол әскерлері осы қақпа арқылы қалаға лап беріп, басып кірді. Монғолдар оны әбден тонады, халқын қырғынға ұшыратты. Осыған қарамастан әскердің бір бөлігі мен қала халқы оның ішкі қамалына кіріп алып, бір ай бойы қайыспай қарсылық көрсетіп, бір адамы қалғанша соғысты. Әбден титықтап барып алған қамалдағы жаралы, ауру адамдарды моңғолдар қырып салды. Сөйтіп, Отырар қамалын жермен-жексен етіп, Шағатай мен Үгедей бастаған моңғол шоғырлары Шыңғысханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғысхан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы Сыр бойындағы қыпшақтар астанасы Сығанақты 7 күн және 7 түн қоршады. Ақыры басып алған соң тұрғындарын тегіс қырып жіберді. Сырдың бойымен төмен жүріп отырып Өзгент және Баршынлықкент қалаларын қарсылықсыз алды. Ашнас қаласын қорғаған керейлер қатты қарсылық көрсетті. Бірақ күш тең емес еді. Қала халқының көбі қырылып кетті. Бұдан кейін Жент пен Янгикент қалалары кұлады. Осының бәрі 1219-1220 жылдың қысы мен көктемінде болған оқиғалар еді. 1220 жылды Жошы хан Жент қаласында өткізді. Ал 1221 жылы Гургендж (Үргеніш) қаласының тұрғындары қаланы бірнеше ай бойы ерлікпен қорғады. Сондықтан бұл қалаға Жошы, Шағатай және Шыңғыс хан әскерлерін әкелуге мәжбүр болды. Қала алдырмады. Оны тура шабуылмен ала алмағаннан кейін, моңғолдар Әмудария өзенінің бөгетін бұзып, қаланы суға толтырып барып басып алды. Монғол басқыншыларына Орта Азияның ең ірі қалалары Бұқара мен Самарқанд қалаларының халқы да табанды қарсылық көрсетті. Оңтүстік және Оңтүстік Қазақстан арқылы сапар шеккен Плано Карпини осынау жерден яғни Сырдарияның төменгі жағынан "қиратылған сансыз қалаларды, бұзылған бекіністерді, көптеген қаңырап қалған қыстақтарды көргендігін" айтады. Қалалармен қатар суару жүйелері бұзылып, егістіктер тапталады және сол маңайдағы егіншілік аймақтары құртылады. Сырдария бойындағы егінді мекендердің көптеген халқы қырылады, егіншілері тұтқынға алынады, үшіншілері басы ауған жаққа бытырап қашады. Тұтас бір аудандар, оның ішінде көшпелілері де бар, құлазып бос қалады. 1219 жылдан 1221 жылға дейін Шыңғыс хан әскерлері бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Талай қалаларды талап, жойып жіберді. Хорезмшах Мұхамед Иранға қашып кетті. Ол кейін Каспий теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-1221 жылдарғы қысқы жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты. Жебе ноян мен Сүбедей ноян басқарған 30 мың әскер Солтүстік Иран арқылы 1222 жылы Кавказға баса көктеп кіріп, аландарды, қыпшақтарды (орыс жылнамаларында половецтер) және Калкада орыстарды талқандаған соң қазіргі Қазақстан даласы арқылы (Шығыс Дешті Қыпшақ) Ертістегі Шыңғыс хан ордасына 1224 жылы оралды. Осылайша 1219-1224 жж. моңғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына енді. Шыңғысханның жаулап алған байтақ жері түгелімен оның балаларына бөлініп берілді. Отпен өртеп, қылышпен қырып, орасан зор империя құрған Шыңғыс хан өзінің төрт ұлының әрқайсысына үлес бөліп берді: кіші ұлы Төлей Шыңғысханның негізгі жұртын - Моңғолияның өзін, сондай-ақ, моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды. Моңғолиядан батысқа қарай жаулап алынған ұлан-ғайыр аумақ, үлкен ұлдарына бөлінді, бұл орайда олардың әрқайсысына тұрақты әскерден 4 мың адамнан бөлініп берілді. Шыңғыс ханның үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен ұлысының орталығы орналасқан Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағы қарайтын болды. Өзін ұлы хан деп жариялағаннан кейін (1228/29-1241) Үгедей, Орхонда, Қарақорымда тұрды. Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейінгі, ұйғырлар өлкесінің шекарасынан Самарқанд пен Бұқараға дейінгі жерлердің, яғни Шығыс Түркістанды, Жетісу мен Мауереннахрдың денін қамтыды. Жамал Қаршидің деректері бойынша, Шағатай иеліктерінің негізгі бөлігін құраған өлке Аларғу елі деп аталды; оның басты қаласы Алмалық болды. Шағатайдың жазғы ордасы Іле өзенінің, алқабындағы Кұяш деген жер болды. Оның мирасқорларының ордасы, Жувейни деректері бойынша, түрікше Ұлығ-Иф (Ив) деген атпен, яғни «Үлкен үй» деген атпен мәлім болған. Шағатай мен оның мирасқорлары иеліктерінің кұрамына Балх және Хорасан өлкелері де кірді. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай және Қойлық пен Хорезм шекарасынан Саксин мен Бұлғардың татар аттарының тұяғы тиген жерлерге дейінгі ұшы-қиырсыз аймақты алып жатты, сөйтіп Жетісудың солтүстік бөлігін және Төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті-Қыпшақты қамтыды. Рашид ад-Диннің деректеріне сәйкес, Жошының ордасы Ертісте болған, бірақ басқа деректемелер бойынша, ол Сарысуға жақын маңда, қыпшақтар елінде жерленген. Ертісте, Алакөл көлінің маңында, Плано Карпинидің дәлелдеуі бойынша, ХШ ғасырдың орта шенінде Жошының баласы Орда-Ежен тұрған. Алтын Орданың құрылуына байланысты Жошы ұлысының саяси өмірінің орталығы Төменгі Еділге ауысты. Сонымен Қазақстан аумағы моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі - Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік - Шығыс Қазақстан - Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі - Үгедей ұлысына кірді.Шыңғыс ханның тірі кезінде ұлдарына бөліп берген жерлер олар үшін тек қана пайда көзі болды, бірақ империя басшысына бағынышты болып қала берді Ол өлгеннен кейін жағдай өзгерді. Моңғол державасының ұланғайыр кеңдігі, ұлыстардың иелері тұрған жерлердің Орхондағы жалпы империя орталығынан шалғайлығына байланысты жергілікті жерлердегі билік қана шын мәнінде билік болып қалды. Ұлыстық жүйенің әулеттік бастамасы, ұлыстардағы іс жүзіндегі биліктің Шыңғыс ханның ұлдары ұрпақтарына ауысуы ұлыс қарауында елеулі әскери күші бар Шыңғыс хан ұрпақтарын өз әулеттерін толығымен дербес етіп алуға, ал ұлыстарды тәуелсіз иеліктерге айналдыруға итермеледі. Ұлыс билеушілері қолына біртіндеп бүкіл билік толығымен көшіп, империя бірнеше дербес мемлекетке ыдырады. Оның ыдырауының негізгі себептері халық бұқарасының моңғол езгісіне қарсы күресі, көптеген елдер мен халықтарды қарудың күшімен өзіне қаратып алған империяның іргесінің берік еместігі, қырық құрау болып, үнемі жалғасқан өзара қырқыстар, экономикалық байланыстардың, медени-тарихи дәстүрлердің болмауы еді. 1227 жылы Шыңғыс хан дүние салғаннан кейін, бұл ұмтылыс күшейе түседі де, империя бірнеше тәуелсіз мемлекетке бөлініп кетеді. Оның себебі Моңғол державасының ұлан-ғайыр кеңістігі, ұлыстардың иелері тұрған жерлердің Орхондағы жалпы империя орталығынан шалғайлығына байланысты іс жүзінде әрбір ұлыс теуелсіз бола бастады. Ұлыс басшыларының қолына біртіндеп бүкіл билік толығымен көшіп, империя бірнеше дербес мемлекетке ыдырады. Оның ыдырауының басты себептері мынада: 1) халық бұқарасының моңғолдық езгіге қарсы күресі; 2) көптеген елдер мен халықтарды қарудың күшімен қаратып алған империяның берік болмауында; 3) өзара үдіксіз жүргізілген соғыстарда; 4) экономикалық мәдени байланыстардың, тарихи дәстүрлердің болмауында.
ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттер.
Алтын Орда хандығы. Шыңғыс хан қазаға ұшырағаннан кейін 1235 жылы Қарақорымда моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Моңғол әскерлерін Шыңғыс ханның немересі Жошының екінші ұлы Бату хан басқаратын болды. Батый әскері моңғол шоғырларына еріксіз енгізілген, әртектес тайпалардың жауынгерлерінен құралды. Ондағы басқару қызметтерінің бәрінде моңғол феодалдары болды. Батудың самсаған әскері 1236 жылы Камадағы Бұлғарияны, мордваларды талқандап, 1237-1240 жылдары орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде моңғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар болды. Орыстардың шағын ғана қаласы Козельск тұрғындары жеті апта бойы монғолдарға жан аямай қарсылық көрсетті. Осы ұрыстарда мыңдаған моңғол қырылды. Бірақ сан жағынан әлдеқайда көп Бату әскерлері қаланы басып алып, оны жермен жексен етті. 1239 жылдың басында Бату әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып моңғолдар Переяславль қаласы, онан кейін Чернигов жеріндегі Глух қаласын алды. 1239 жылдың қазан айында олар Чернигов қаласын қоршауға алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 жылдың күзінде Бату әскерлері Киевті қоршады. Киев халқы ұзақ уақыт қаланың сыртында, тіпті монғолдар қала ішіне басып кіргеннен кейін де қарсылығын тоқтатпады. Олар түгелімен дерлік қырғынға ұшырады. Одан кейін, Польшаны, Венгрияны, Дальмацияны шапты, Грузияны жеңіп, Кавказдың басқа да кейбір халықтарын бағындырды. Алтын Орда шекарасы Ертістен Днестрге дейін созылды. Шығыс Еуропада оған Еділ бұлғарларының жері, Дешті Қыпшақ, Қырым және Дербентке дейінгі Солтүстік Кавказ (кейде Бакуғе дейін), Орта Азияда Үргеніш қаласымен қоса Солтүстік Хорезм, Сырдарияның теменгі ағысына дейінгі аймақ түгел қарады. Тарихи әдебиетте бұл мемлекеттің Алтын Орда деген атауы орнықты. Алғашында Алтын Орда Моңғол империясына оның бір ұлысы ретінде енген еді, ал ХШ ғасырдың 60-жылдарынан кейін ол дербес хандық болып бөлінді. Алтын Орда астанасы алғашқы кезде Еділ сағасындағы Сарай-Бату қаласында (қазіргі Астрахань маңында) болды; көп кешікпей ол Азиядан Еуропаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталығына айналды. Кейінірек Сарай Беркеге (Еділ бойымен Сарай-Батудан жоғарырақ) көшірілді. "Алтын Орда" ұғымы біртекті емес; бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның мирасқорлары Беркенің жеке иелігіндегі жерлер, яғни Төменгі Еділ бойы мен Солтүстік Кавказ, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады. Бату хан (1227-1255 жж.) зор беделге ие болды және іс жүзінде империяны өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен бірге биледі. Алайда Бату да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Бату хан Шығыс Еуропаға жасаған жеті жылдық (1236-1242) жорығынан кейін ата-бабадан келе жатқан әдет-ғұрыпқа бағып, өзінің басқа бауырларына да үлес берген. Інісі Орда Еженнің ұлысына Жетісудың солтүстік-шығыс белігіндегі жерлер, Ертіс бойындағы кең-байтақ аумақ Ұлытау мен Қаратауға дейінгі жерлер кірді. Ұлыстың аумағы біртіндеп кеңейе берді. ХІІІ ғ. екінші жартысында-ақ Орда Еженнің немересі Қонышанның тұрған жері, деректеме бойынша, Орта Сырдариядағы Жент пен Үзкент маңында болған, ұлыстың саяси орталығы осы жерге ауысқан еді.Іс жүзінде ХШ ғ. ортасынан бастап Орда Ежен ұлысы дербес мемлекет болып, шығыс деректемелерінде ол Ақ Орда деп аталған. Орда Ежен ұлысынан батысқа қарай Шайбани иелігіндегі жерлер жатты. Шайбани ұлысының бөлінуі туралы Махмұд ибн Уәли былай деп хабарлайды: "... Шыңғыс ханның ұлы Жошы ханның баласы Шайбани хан жеті жылдық жорықта астар, орыстар, черкестер және бұлғарлар елдерін жаулап алған кезде ептілік көрсетіп, ағасы Батудан сыйлық ретінде төрт омақ алды". Шайбани ұлысының аумағы туралы Әбілғазы былай деп хабарлайды: "Шайбани жазда Орал бөктеріндегі, Тобыл, Жайық, Ырғыз өзендерінің аралығындағы кең байтақ жерлерде, ал қыста Арал теңізі өңірінде, Шу, Сарысу өзендерін бойлап және Сырдарияның төменгі ағысында кешіп жүрген". ХШ ғ. екінші жартысындағы ХІV ғ. басындағы Алтын Орданың тарихы орыс князьдықтарымен, Иранның Құлағу әулетімен болған үздіксіз соғыстарға толы, бұлардан Берке (1257-1266) мен оның мирасқорлары Әзірбайжанға және Оңтүстік Каспий маңындағы басқа да жерлерді иелену құқығына таласты. Мөңке-Темір тұсында (1266-1280) Алтын Орда Монғол империясының орталығынан біржола оқшауланып, тұңғыш рет өз атынан теңге соға бастады, Орта Азия мен Жетісуда Шағатай ұрпақтарының билігін нығату үшін ұлы ханға қарсы күресінде Хайдуды қолдап отырды. Алтын Орда ХШ - XIV ғасырлар аралығында күшті мемлекет болып тұрды. Бұл тұста оның мемлекет ретінде беделі өсіп, көрші елдермен қарым-қатынасы нығайды, шаруашылығы, мәдениеті өркен жайды. Осы кезендерде Алтын Орданың қол астындағы жерлерде, әсіресе Бату Сарайы, Берке Сарайы, Керчь, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты кенттерде қолөнер, ғылым, әдебиет салалары өсті. Оған біріншіден түрік текті ру-тайпалар мен халықтардың медениеті, әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әл-Бируни, Ас-Сығанақи, ибн Исқақ, Фирдауси, Низами, Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани тәрізді ғалымдар мен ақындардың мұраларын пайдалану мен ілгері дамыту оң әсерін тигізсе, екіншіден көрші елдер мәдениетін үйренудің ізгі ықпалы болды. Алтын Орда көп ұлтты мемлекеттік құрылым еді. Ол қоғамдық- экономикалық дамуының деңгейі жағынан бір-бірнен айырмашылығы үлкен, өзіндік мәдениеті мен әдет-ғұрыптары бар, әр алуан халықтар мен тайпалардан құралатын. Дешті Қыпшақ даласындағы көшпелілердің басым көпшілігі ең әуелі қыпшақтар содан кейін қаңлылар, қарлұқтар, наймандар, т.б. болатын. Алтын Орданың отырықшы облысында бұлғарлар мен мордва, орыстар мен гректер, шеркестер мен хорезмдіктер, т.б. тұратын. Монғолдардың өздері тіпті аз еді. ХШ-ХІV ғасырлардың шамасында, әсіресе XIV ғ. монғолдар іс жүзінде түріктеніп кеткен еді, ал Алтын Орданың халқы "татарлар" деп атала бастады. Алтын Орданың хандары Бату (1241-1256 жж.), Берке (1257-1266 жж.), Мөңке-Темір (1266-1280 жж), Туда-Мөңке (1280-1287жж.), Төле-Бұқа (1287-1291 жж.), Тоқты (1291-1312 жж.), Өзбек (1312-1342 жж.), Жәнібек (1342-1357 жж.) хандар тұсында Алтын Орданың қуаты арта түсіп, билігі мейлінше күшейді. Егер Жошы мен Бату Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бас иген болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін толықтай тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс Еуропа және Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттығы өркендеді, әртүрлі кәсіпшілік пен қолөнері дамыды. Берке тұсында Алтын Ордаға ислам діні ене бастап, Өзбек тұсында ол үстем дінге айналды. Өзбек ханның (1312-1342 жж.) және оның баласы Жәнібектің (1342-1357 жж.) тұсында Алтын Орданың күш-қуаты барынша кемел кезіне жетті. Өзбек хан Орда-Ежен ұрпақтарының бұрынғы вассалдық тәуелділігін қайтаруға тырысып, Сығанақта өзінің баласы Тыныбекті хан тағына отырғызды; алайда ол көп кешікпей өлтіріліп, билік Орда-Еженнің ұрпақтарына қайта көшті. Саяси өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші әулеттің өкілдері бастаған әскери-феодалдық алпауыт-бектердің құрылтайы шақырылып тұрды. Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы тұтас алғанда Шыныс хан енгізген үлгінің ізімен жүрді. Мемлекет Жошы ұрпағынан шыққан хандардың меншігі саналды. Аса маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін билеуші әулет мүшелері бастаған ақсүйектердің, жалпы жиналысы - құрылтай шақырылатын болған, Әлеуметтік қызметерді атқаруға билеуші топтың өз адамдары – оғландар, әмірлер, даруға бектер қойылды. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың көмекшілері - бақауыл, тұқауыл, жасауыл, қази, муфти, дуан бітікшілері, талғамшылар отырды. Қалалар мен бағынышты аймақтарды басқару үшін губернаторлар - жаруғашылар, басқақтар тағайындалды. Олардың негізгі міндеті жергілікті халықты бұғауда ұстау әскердің күшімен алым-салық жинау еді. Алтын Орда халқының қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әркелкі болды. Көшпелі халықтарда (қыпшақ, моңғол, татар тайпалары) жартылай патриархтық, жартылай феодалдық қатынастар үстемдік етті. Шаруалардың жағдайы мейлінше ауыр болды, олар екі жақтан бірдей қаналды: ханға да, жергілікті ірі алпауыттарға да алым-салық төледі. Кейіннен Алтын Орда хандары жергілікті билеушілерге тархандық жарлық үлестіруді кеңінен қолданды. Мұның өзі феодалдардың бағынышты халықты шексіз билеуіне және салықты өз қалауынша жинауына ерік берді. Егінші шаруалар өңделген жерден заттай алынатын салық төледі. Серіктес шаруалар феодалдарға еріксіз жұмыс істеп салықтарын өтеді. Жекеменшікті қорғау үшін мемлекеттік заң және мемлекеттік идеология қалыптасты. Ол туралы Лев Гумилев "Мені Евразиялық деп атайды" атты еңбегінде: "Жошы ұлысына қарайтын бүкіл елге - Еділдегі Алтын Ордадан, Тюменьдегі Көк Орда мен Ертістегі Ақ Ордаға дейін ислам дінін қабылдауға мәжбүр етілді" – дейді. Феодалық қатынастар дамыған сайын Алтын Орданы билеушілер арасында талас күшейіп, феодалдардың өзара күресі мемлекетті жегідей жеді. Мұның үстіне жаулап алынған тәуелді халықтардың күресі етек алды. Моңғол езгісіндегі тайпалар мен халықтар құлдық бұғауынан құтылуға тырысты. 1238 жылы Бұқарада қолөнерші Махмұд-Тараби бастаған көтеріліс болды. Көтерілісшілер қаланы басып алғанмен моңғол әскерлері көтерілісті аса қаталдықпен басып жаныштады. Бұқарада болған көтеріліс моңғолдарға қарсы азаттық күресінің өрістеуіне мықты ықпал жасады. Қыпшақтар, половшылар, чуваштар, мордвалар, марийлер және басқалары бас көтерді. 1240-1241 жж., сондай-ақ 1270 жылы кама бұлғарлары моңғолдарға қарсы көтеріліс жасады. Мұның өзі Алтын Орданы әлсірете берді. 1259 жылы Новгородта, 1262 жылы Ростовта, Суздальда, Ярославльде болған көтерілістен Алтын Орданың іргесі шайқалды. 50-жж. орта шенінде Жәнібек ханды оның үлкен ұлы Бердібек өлтіргеннен кейін, "ұлы алапат" (1359-1379 жж.) деген атпен мәлім болған жиырма жылдық өзара қырқыс басталды. Алтын Орданың батыс бөлігі бірнеше иеліктерге бөлінді. Еділ бойында, Астраханда, Қырымда, Сарайшықта жергілікті әмірлер, Қара теңіз өңірінде түменбасы Мамай орнықты. 1380 жылы Алтын Орданың нағыз билеушісі мыңбасы Мамай Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен тас-талқан болып жеңілді. Жошының ұрпағы Тоқтамыс Мамайдың күйрегенін пайдаланып, Алтын Орданың билігін тартып алады. Өз өкіметін әскери жеңістермен нығайту үшін 1382 жылы Мәскеуді өртейді, Мәуреннахр мен Кавказдың ар жағына бірқатар жорықтар жасайды. Ал Мауереннахр билеушісі Әмір Темір өз тарапынан Алтын Ордаға бірнеше рет қанды жорық жасап оны ойрандап кетеді. Осы соққыдан ол оңала алмайды. Жошы ұрпақтарынан тараған жекелеген хандар мен ірі тайпалардың жетекшіліктері оларды уақытша біріктіргенімен де, XV ғ. өзінде-ақ бұл иеліктер тәуелсіз Қазан, Астрахан, Қырым, Үлкен Орда хандықтарына айналды. Қазақстан мен Түркістанның далалық аумағында жергілікті билік нығайды, сөйтіп, Алтын Орданың күні өтіп шаруасы бітеді. Әлгі ұлыстар ішіндегі ең ірісі Еділ мен Дон арасынан құрылған Үлкен Орда (XV ғасырдың 30 жылдары) болады.

жүктеу 2,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау