132
Қалың шыны бӛлігі, шыны ыдысқа құйылған мӛлдір сұйық т.с.с мӛлдір
орта арқылы нәрсеге қарайық. Сонда нәрсе орны ауадағы шын орнына
салыстырғанда біршама ығысады. Бұл ығысу жарықтың мӛлдір ортамен
ӛткенде сыну құбылысымен түсіндіріледі. Орын ығысуды тӛмендегі сурет
арқылы түсідірейік. Мұндағы: Б-бақылаушы:
Сурет 50 – жарықтың сыну құбылысы
Ш-мӛлдір орта; S-нәрсенің нақты орны; S`- нәрсенің ығысқан жорымал
орны. Тәжірбие арқылы мӛлдір ортаның қалыңдығы неғұрлым үлкен болса,
нәрсе кескінінің ығысуы да соғұрлым кӛп болатындығын кӛруге болады.
Шыны стакан алып оның ішіне қарындашты кӛлбете салайық. Енді
стаканға біртіндеп су құя отырып қарындаштың суға батқан бӛлігіне жанынан
немесе тӛбесінен қарайтын болсақ, онда қарындаш сынып ығысқан түрде
кӛрінеді. Сондай-ақ стакан бүйірінен қарындашқа қарасақ, оның су ішіндегі
бӛлігі сыртқы бӛлігіне салыстырғанда жуандау болып кӛрінеді. Бұл
құбылыстар жарықтың сыну заңымен түсіндіріледі.
Жарықтың шағылуымен түсіндірілетін құбылыс.
Кәдімгі ақ параққа жазу жазып, осы жазуды сыртқы бетінен оқу мүмкін
емес. Енді осы жазу жазылған парақтың сыртқы бетіне май жақсақ, онда
жазылған жазу анық кӛрінеді және оқуға болады. Оның себебі жарықтың
шағылуымен түсіндіріледі. Қағаз беті майланбаған жағдайда қағаз бетіне
түскен жарық сәулесі толықтай кері шағылады, сондықтан жазуды қағаздың
сыртқы бетінен оқи алмаймыз.
Ал, енді қағаз бетіне май жаққанда, май қағаз арасындағы бостықты
толтырады да қағаз талшықтарының орналасуын ӛзгертеді, нәтижеде жазу
бетіне түскен жарықтың белгілі бір бӛлігі қағаздан сынады. Осыдан біз
жазылған жазуды кӛріп, оқи аламыз.
Осылайша, жоғары оқу орнында 5В011000-Физика мамандығы бойынша
«Оптика» пәніне бӛлінген 45 сағатты, лекция, практика, лабораториялық
сабақтарды әдістемелік жүйеге сәйкес жүргіздік. Оқытудың кез-келген
формасында болашақ физика мұғалімдерінің креативтілік кӛрсеткіштерін
қалыптастыратын әдіс-тәсілдер мен ақпараттық технологияларды ұштастырып
133
қолдандық. Оптиканы оқытуда сабақтың түрлеріне қарай тиімді әдіс-тәсілдер
таңдалынып отырды.
Келесі тақырыпта біздің жасаған әдістемелік жүйеміздің тиімділігін
болашақ физика мұғалімдерінің креативтілік кӛрсеткіштерінің деңгейлерін
анықтау арқылы дәлелдеу үшін жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік
жұмыстарға тоқталамыз.
2.3 Тәжірибелік - эксперименттік зерттеу жҧмыстарының нәтижелерін
қорыту және ғылыми-әдістемелік ҧсыныстар беру
Зерттеу жұмысымыздағы ғылыми болжамның дұрыстығын, жасалынған
білімді ақпараттандыру жағдайында болашақ физика мұғалімдерінің
креативтілігін қалыптастыру негізінде «Оптика» пәнін оқыту әдістемесінің
тиімділігін анықтау мақсатында үш кезеңнен тұратын тәжірибелік -
эксперименттік жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл тәжірибелік - эксперимент
кезеңдері: айқындау, қалыптастыру және жалпылауыш эксперименттік
жұмыстар болды. Тәжірибелік - эксперименттік жұмыс 2012-2015 жылдары
Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде және
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, сонымен
бірге Мәскеу қалалық педагогикалық университетінде жүргізілді.
Тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың мақсаты: ғылыми болжамның
дұрыстығын, жасалынған білімді ақпараттандыру жағдайында болашақ физика
мұғалімдерінің креативтілігін қалыптастыру негізінде «Оптика» пәнін оқыту
әдістемесінің тиімділігін анықтау.
Айқындау, қалыптастыру және жалпылауыш кезеңдері бойынша
тәжipибeлiк-экcпepимeнттiк жұмыcты тиiмдi ұйымдacтыpу мeн жүpгiзу
үшін мына тaлaптapды ұстандық:
- зерттеудегі негізгі мәселенің пaйдa бoлуындағы тapиxи тұғыpлapды
aлдын-aлa тaлдaу;
- бoлжaмды анықтау;
- зерттеудегі мәceлeнiң пeдaгoгикaдaғы тeopиялық жәнe пpaктикaлық
жaғдaйын тaлдaу;
- зepттeудің мiндeттерін нaқты aнықтaу;
- тәжірибелік-экcпepимeнт нәтижeлepiн толық бaғaлaуғa мүмкiндiк бepeтiн
кpитepийлepдi тaңдaп алу;
-
тәжірибелік-экcпepимeнт бapыcы жәнe пeдaгoгикaлық үдepicкe
ӛзгертулер eндipу бoйыншa aқпapaттapды жүйeлi таңдап aлу [153].
Тәжipибeлiк-экcпepимeнттiң алғашқы кeзeңi - айқындаушы экcпepимeнтi
2012–2013 жылдapы жүpгiзiлдi.
Aйқындаушы экcпepимeнтiнiң міндеті мыналарды қамтыды: физиканы
оқыту әдістемесін жетілдіру, дамыту бағытындағы шетелдік және отандық
ғалымдардың еңбектерін зерттеу; физика саласында ақпараттандыру мәселелері
бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау; болашақ мамандардың
креативтілігін қалыптастыру және дамыту әдістемесі бойынша шетелдік және
отандық ғалымдардың еңбектерін зерттеу; физикалық білімді меңгеруде
134
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың(АКТ) тиімділігіне студенттер
мен оқытушылардың кӛзқарастарын анықтау және ӛзіндік білімін арттыруда
АКТ-ны қолдана алу дәрежелерін анықтау; креативтілік кӛрсеткіштерін
анықтау әдістері таңдалынып алынып, ол бойынша тестілеу жүргізіп,
студенттердің креативтілік кӛрсеткіштерінің бастапқы деңгейін анықтау;
физика саласындағы жеке пәндер бойынша студенттердің ӛз бетінше жұмыс
істеу дағдылары мен ойлау қабілеттерінің даму деңгейлерін анықтау; болашақ
физика мұғалімдерінің креативтілік кӛрсеткіштерінің деңгейін арттырудың
амалдарын анықтау.
Aйқындaу кeзeңiндe oқытушылapмeн, cтудeнттepмeн әңгiмeлecу,
caуaлнaмa жүpгiзу, бaғдapлaмaлық құжaттapды oқып – үйpeну әдicтepi
қoлдaнылды. Aйқындaу кeзeңiндe болашақ физика мұғалімдерін даярлау
негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарты бойынша талдау жұмыстары жасалынды. Анықталынып
алынған
«Оптика»
пәні
бoйыншa
ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды жасау және қoлдaнуғa бaйлaныcты мәceлeлep жәнe пән
бoйыншa жacaлынғaн жәнe қoлдaныcтaғы oқу бaғдapлaмaлapы, oқу
cтaндapттapы;
креативтілікті
қалыптастырудағы
әдіс-тәсілдер,
жаңа
технологиялар
бойынша
қaзaқcтaндық
жәнe
шeтeлдiк
тәжipбиeлep
зepттeліндi[154].
Сонымен қатар анықтау кезеңінде, зерттеу жұмыстардың нәтижесінде
зерттеудің бастапқы параметрлері, оның нысаны, пәні, болжамы, әдістемесі,
түсініктік-категориялық аппараты негізделді.
Тәжірибелік-эксперименттік
жұмыстың
анықтаушы
кезеңіне
Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және М.Әуезов
атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, сонымен бірге Мәскеу
қалалық педагогикалық университетінде білім алушы 5В011000-Физика және
5В060400-Физика мамандығынан жалпы 400 студент қатысты. Айқындаушы
кезеңі сауалнама, анкета арқылы жүргізілді(Қосымша А). Бірінші кезекте
білімді ақпараттандыру арқылы креативтілікті қалыптастыру мәселелерінің
жағдайын зерттеу барысында анкета жүргізіліп, студенттердің ақпараттық-
коммуникациялық технологияларға деген кӛзқарасы анықталынды. Сонымен
бірге физика саласының жеке пәндері бойынша студенттердің ӛзіндік жұмыс
жасай алу қабілеттіліктерінің деңгейлері анықталынды, креативтілік
кӛрсеткіштерінің деңгейлері анықталынды(Қосымша Ә).
Бұл анкеталау анализінің нәтижесі студенттердің кӛпшілігі оқу үдерісі
кезінде АКТ-ны қолдануды қанағаттанарлық дәрежеде бағаламайды. Оқу
үдерісінде, физиканы оқытуда АКТ-ны қолдануды тиімді деп анкета
жүргізілген студенттердің тек 40,5 % -ы кӛрсеткен. Осы студенттердің 53,2%-ы
«Оптика»,
«Атомдық
және
ядролық
физика» бӛлімдері
бойынша
шығармашылық қабілеттерін кӛрсете алуын ӛте тӛмен дәрежеде деп бағалаған.
Сонымен қатар, креативтілік кӛрсеткіштерін бақылауға арналған
Д.Л.Джонсонның сауалнамасы бойынша анализ жұмыстары жүргізілді.
Джонсонның сауалнамасы креативтілік кӛрсеткіштеріне ӛзіндік бағалауға
Достарыңызбен бөлісу: |