130
Шығармашылық сипаттағы тапсырмалар:
Студенттердің креативтілігін қалыптастыру үшін біз «оптика пәні
бойынша шығармашылық сипаттағы тапсырмалар» атты оқу-әдістемелік құрал
дайындар оқу үдерісіне енгіздік. Бұл оқу-әдістемелік құралда шығармашылық
сипаттағы тапсырмалардың мынадай түрлерін таңдап алдық:
-
студенттердің қызығушылығын оятуға бағытталған деңгейлік бақылау
сұрақтары(А,В,С деңгейлері)
-
оптика пәні тақырыптары бойынша крассвордтар
-
студенттердің ойлау қабілеттерін дамытуға арналған үш
сатылы тест
-
сәйкестендіру тесті
-
қателіктерді табу тапсырмалары
-
бос
орындарды толтыру
-
графиктерді сызу, кестелерді толтыру
-
тірек
сызбалар
-
қызықты эксперименттік жұмыстар
-
қызықты оптикалық есептер (А,В,С деңгейлері) т.б[150]
Мысалы «Геометриялық оптика негіздері» тақырыбы бойынша оқу-
әдістемелік құралда орын алған тапсырмаларды қарастырайық[151].
1.
Бақылау сҧрақтары
«А» нҧсқасы
1. Судың алмазға қатысты және күкіртті кӛміртегінің мұзға қатысты сыну
кӛрсеткішін есептеп шығыңдар.
2. Параллель сәулелердің жазық параллель пластинаға түсу бұрышы 60
0
-қа
тең. Егер пластина арқылы ӛтетін сәулелердің ара қашықтығы 0,7 см-ге тең
болса, пластинадан параллель сәулелер шығатын нүктелердің ара қашықтығын
табыңдар.
«Б» нҧсқасы
1. а) Жарық бӛлме ішіне бірдей түсіп тұрса да неліктен қабырғаларға
жапсырылған түс қағаздарының бірі ашық түсті, ал екіншісі қоңырқай түсті
болып кӛрінеді?
б) Жарық сәулесі айнаға перпендикуляр түседі. Егер айнаны 16
0
бұрышқа бұратын болсақ шағылған сәуле, түскен сәуледен қаншалық бұрышқа
ауытқиды?
2. а) Неліктен заттың теп-тегіс бетінен шағылған жарық шоғы, түскен
сәулеге қарағанда жарығырақ болады?
б) Түскен сәулемен шағылған сәуленің арасындағы бұрыш 50
0
-қа тең.
Жарық айнаға қандай бұрышпен түскен?
«С» нҧсқасы
1. а) Қандай жағдайда сыну бұрышы түсу бұрышына тең болады?
б) Суретте екі ортаның шекарасында жарық
сәулесінің сынуы
бейнеленген. Қайсы ортаның оптикалық тығыздығы кӛп?
131
Сурет 48 – Екі ортаның шекарасындағы сәуле жолы
2. а) Неге суы бар стақанға батырылған қасық бүгілген (иілген)
сияқты
болып кӛрінеді?
б) Суретте екі ортаның шекарасында жарық
сәулесінің сынғаны
бейнеленген. Қайсы ортаның оптикалық тығыздығы кӛп?
Сурет 49 – Екі ортаның шекарасындағы сәуле жолы
Проблемалық эксперимент қою: Кәдімгі лабораториялық жұмыстан
проблемалық сипаттағы лабораториялық жұмыстардың ерекшелігі студент
жұмысты берілген инструкцияға қарап емес ӛздігінен жасауға тырысады.
Лабораториялық жұмысты берілген инструкцияға қарап орындау
студенттердің ӛзіндік жұмыс істеу қабілеттіліктерін тӛмендететіні белгілі.
Қойылған проблемалық эксперимент студенттің қызығушылығын оятады,
ӛзіндік жұмыс жасауын белсендендіреді, шығармашылық қабілеттіліктерін
дамытады. Оптика пәні бойынша біз лабораториялық сабақтарда тақырыптар
бойынша проблемалық эксперименттер қойдық.
Мысалы: Бір саңылау арқылы жарық дифракциясының таралу
интенсивтілігі қандай шамаларға байланысты ӛзгереді? деген проблемалық
сұрақтың жауабын студенттер ӛздігінін эксперимент жүргізу арқылы
анықтайды. Ол үшін студенттер лабораториялық аудиториядағы арнайы жұмыс
орнын белгілеп алады. Ондағы берілген құрал жабдықтарды талдап сол
бойынша оларды құрастырады. Сурет студенттердің орындап жатқаны.
Қолданбалы бағытқа алып келетін жағдаяттар: Бұл жерде біз әр
студенттің күнделікті ӛміріндегі кездесетін жағдаяттармен байланысты болған
мысалдар мен тапсырмалар арқылы оқу ортасын жасауды түсінеміз.
Аталған креативті әдісті біз лаборатория, практика сабақтарында
қолдандық. Мысалы ретінде нәрсе кескінінің ығысуын қарастырғанымызда
күнделікті студенттердің «шәй ішкен» кездерін кӛз алдырына елестетіп
ӛздеріне осы құбылыстың қалай байқалатынын талдатамыз.