75
табыстарды ойластыруға мүмкiндiк бередi. Мұның бәрi оқу барысын зерттеуге
және ғылыми тәжiрибеге жақындастырады.
Осы жоғарыда аталған бағыттағы мәceлeнiң мaңыздылығы мeн ӛзeктiлiгi,
oның тeopиялық жәнe пpaктикaлық тұpғыдa жeткiлiктi жacaлмaуы білімді
ақпараттандыру жағдайында бoлaшaқ физика мұғалімдерінің креативтілігін
қалыптастыру негізінде «оптика» пәнін оқытудың әдістемелік жүйесін жacaуғa
нeгiз бoлды.
Бірінші тарау бойынша тҧжырым
Қазіргі кезеңде үздіксіз дамып жатқан қоғам жоғары оқу орындарының
алдына ӛзін-ӛзі дамытуға, ӛз ақыл-ойы мен жігерін іске асыруға, ӛз бетінше
жауапты шешімдер қабылдауға, ӛз бетінше жаңа идеялар мен шешімдер ұсына
алуға, ерекше және жылдам, икемді нәтиже шығара алуға қабілетті жеке
тұлғаларды қалыптастыру міндетін қойып отыр. Бұл мәселелерді шешудің
тиімді жолдарының бірі – білімді ақпараттандыру. Ал, қазіргі таңда жоғары оқу
орындарын жаппай жаңа ақпараттық технология құралдарымен жабдықтауы
оқыту теориясы мен практикасы алдына оны тиімді қолданудың ғылыми-
әдістемелік жолдары бағытында ізденуді талап етуде.
Осыған орай бірінші тарауда философиялық, педагогикалық, әдістемелік
зерттеулерді талдау арқылы білімді ақпараттандыру жағдайында физиканы
оқытудың теориялық мәселелері айқындалды.
1. Шетелде және ӛз елімізде болашақ физика мұғалімдерін даярлауда
білімді ақпараттандырудың қазіргі күйі зерттелді. Зерттеу барысында физика
саласында қолданыстағы ақпараттық технологияларға талдау жасалынды.
Физиканы оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында қолданылып жатқан
компьютерлік бағдарламаларға, интернет ресурстарға талдау жасалынып,
олардың ерекшеліктерін айқындап, болашақ физика мұғалімдерін даярлауда
оларды қолдануды ұсынамыз.
2. Физиканы оқытуда білімді ақпараттандырудың маңызы мен мәні
анықталды. Физиканы оқытудың кез-келген формасында ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі айқындалды. Дәріс
сабақтарының тиімділігін арттыруда АКТ мүмкіншіліктерін пайдалану;
практикалық сабақтарда есептерді компьютер бағдарламалары арқылы шығару,
лабораториялық жұмыстарды орындауда виртуальдық кешендерді пайдалану,
студенттердің ӛзіндік жұмыстарын АКТ арқылы ұйымдастыру, т.б. Білімді
ақпараттандыру жағдайында оқу үдерісін ұйымдастыру педагогикалық
әрекеттің жаңа сапалы деңгейіне жалғасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар,
оқыту үдерісінің дидактикалық, ақпараттық, әдістемелік және технологиялық
мүмкіндіктерін біршама арттыра отырып, танымдық іс-әрекеттерін,
креативтілік кӛрсеткіштерін қалыптастыруға септігін тигізетіні анық.
3. Білімді ақпараттандыру – болашақ физика мұғалімдерін оқытуды
олардың креативтілігін қалыптастыру негізінде дамытудың кепілі екендігі
айқындалды. Болашақ физика мұғалімінің креативті тұлға болуының
қажеттілігін ескеріп, білімді ақраттандырудың ерекшеліктерінен креативтілікі
қалыптастырудың кепілді құралы екендігін кӛрсетік. Креативтілік және оны
76
қалыптастыру бағытында жүргізілген шетелдік және отандық ғалымдардың
еңбектерін талдай келе, болашақ физика мұғалімдерінің креативтілігін
қалыптастырудың
маңыздылығы
белгіленді.
Білімді
ақпараттандыру
жағдайында креативтілікті қалыптастырудың дидактикалық шарттары
жасалынды. Дидактикалық шарттардың негізгілері ретінде тӛмендегілерді
келтірейік:
-«болашақ
физика
мұғалімдерінің
креативтілігін
АКТ
арқылы
қалыптастыру» атты тренинг ұйымдастыру;
-болашақ
физика мұғалімдерінің шығармашылығын қалыптастыру
мақсатында, олардың АКТ мен ӛз беттерінше жұмыс жасауында білімдерді
түсінікті қабылдайтындай етіп ұйымдастыру;
-физикалық пәндерді («оптика» пәнін оқыту мысалында) оқытудың АКТ
ны қолдану арқылы болашақ физика мұғалімдерінің креативтілігін
қалыптастыруға бағытталған мазмұны, әдістері, формалары, құралдарын
пайдаланудың икемділігі;
-физиканы («оптика» пәнін оқыту мысалында) оқытудың кез – келген
формасында АКТ-ны қолдануды эвристикалық әдістермен байланыстыра
ұйымдастыру;
-физикалық пәндерді («оптика» пәнін оқыту мысалында)оқытуда
қолданылатын электронды оқулықтар мен оқытушы-бақылаушы бағдарламадан
тұратын болашақ физика мұғалімдерінің креативтілігін қалыптастыруға
арналған бағдарламаны іске асыру.
Сонымен
бірге,
болашақ
физика
мұғалімдерінің
креативтілігін
қалыптастыру критерийлерін анықтаумен білімдік іс-әрекетінің мазмұны
анықталды. Олардың құрылымына енгендер:
Ойлау ұшқырлығы - шығармашылық тапсырманы тез арада орындайды;
есептер мен мәселелердің кенеттен шешімін шығару тәсілдерін ӛзгерте алу
қабілеттілігі; жаңаны жылдам тану қабілеттілігі; іскерліктің кез-келген түрінде
жылдамдықты кӛрсете алу қабілеттілігі; тапсырманың ережесіне сәйкес келетін
бірнеше ойлар
Ойлау икемділігі- тәжірибеге ұмтылушылық; жаңа проблемаларға икемді;
мәселені шешуге бейімділік; талқылауға икемділік; тапсырманың шегіне шыға
алу; есепті, мәселені шешудің бірнеше жолын таба алу қабілеттілігі; жаңа
мәселеге бірнеше дұрыс жауап бере алу қабілеттілігі, т.б
Ойлау ерекшелігі- тапсырманы орындауда ойлау ерекшелігінің болуы;
тапсырманы ӛз бетінше орындай алу қабілеттілігі, ӛзбеттілік; даралық
ерекшелікті кӛрсете алу қабілеттілігі; мәселенің, есептің, тапсырманың ерекше
шешімін шығару; жаңа мәселені шешуде бірнеше ерекше элементтерді қолдана
алу.
Достарыңызбен бөлісу: |