Рахымбаев А. Б., Сабатаева Б. О



жүктеу 1,91 Mb.
Pdf просмотр
бет28/39
Дата14.11.2018
өлшемі1,91 Mb.
#19562
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39

жақтардың  психикалық  жағдайлары  тұрғысынан  қарағанда  олардың 
пікірі, бағыт-бағдары, көзқарастары, мінездері, қызығушылықтарының 
қарама-қайшылығы  жатыр.  Бір  мезгілде  жанжал  қорғаныс  реакциясы 
жəне қарсы жауапты көңіл-күй реакциясы да болып табылады. 
Қазіргі 
жанжалтану 
(конфликтология) 
жанжалдың, 
өту 
динамикасын нақты талдап берді. Көптеген жанжалдар біртіндеп пісіп-
жетіледі,  яғни  жанжалдасушы  жақтар  бір-біріне  наразылығын 
жасырын  көрсететін  инкубациялық,  жасырын  (латентті)  жағдайда 
дамиды.  Бұл  жағдайда,  əдетте,  өз  наразылықтарын  «бейбіт»  жолмен 
қанағаттандыруға  əрекет  етіледі.  Егер  бұл  тəсілден  оң  реакция 
көрінбей,  қабыл  алынбаса,  жанжал  ашық  түрге  көшеді.  Жанжалдың 
бұл  стадиясы  жанжалды  мінез-құлық  деп  аталады.  Жанжалды 
мінезқұлық – бұл 
қарама-қайшы 
жақтың 
мақсат-міндетін, 
қызығушылығын  тура  немесе  жанама  түрде  тежеуге  бағытталған  іс-
əрекет. Бұл фазадағы жанжал жөнге салудан бұрын одан ары алдыңғы 
өзара  іс-əрекеттері  мен  байланысын,  қарым-қатынасын  үзе  түсетін 
өткір  алауыздың  түріне  өтеді.  Көңіл-күй  жағдайындағы  бұл  стадия 
агрессиялықтың 
өсуімен, 
психологиялық 
«дүшпан 
образы», 
қалыптасатын  ой  араздығынан  ашық  жауапкершілікке  өтуімен 
түсіндіріледі.  Осылайша  жанжалды  іс-əрекет  дереу  жанжалдың  өту 
көрінісін  ушықтырады,  көңіл-күй  көрінісі,  өз  кезегінде,  жанжалды 
мінез-құлықты ынталандырады. 
Жанжалды  мінез-құлық – жанжалдың  дамуының  шыңы.  Ол 
өмірбақи  созылмайды,  бəрібір  соңында  жанжалдатушы  жақтар  екі 
мінез-құлық  бағдарламасының  біреуін  таңдауына  тура  келеді: 1) 
жанжалдың  өзін  сақтап,  бірақ  қарсы  жаққа  арасында  кеңшілік  жасау 
есебімен  оны  жасырын  түрге  өткізу  арқылы  иеленістің  деңгейін 
төмендету; 2) жанжалды толық шешу амалдарын қарастыру. 
Жанжалдың оң функцияларын жалпы үш негізге келтіруге болады. 
1. Ақпараттық қызмет. Бұл негізгі қызметтің екі дабыл беруші жəне 
коммуникативті  жағы  бар.  Дабыл  беруші  жағы  еңбектің  шыдамсыз 
шарттарына,  зорлық-замбылыққа,  қиянатқа  көңіл  боле  бастағанын 
білдіреді.  Жанжалдың  эскалациясын  болдырмауға  тырысып,  орын 
алған  жағдайды  ушықтырмаудың  жолын  іздестіреді.  Коммуникативті 
жағы  былайша  анықталады – жанжалдасушы  екі  жақ  бір-бірінің 
қолында қандай құрал-жабдық, əдіс-амал жоспарлары барын білу үшін 
ақпарат  көзін  іздейді.  Өздерінің  ақпараттық  күш-қуатын  арттыра 
отырып  олар  еріксіз  жанжалдан  шығудың  бағыт-бағдарламалары, 
сақсат-міндеттері,  себеп-салдарынан  тұратын  ақпарат  көлемімен 
танысып, өзара коммуникативті алыс-берісті күшейтеді. 
 
86


2. Интегративті қызмет. Өндірістік жанжал жеке, топтың, ұйымдық 
көзқарастардың ара-қатынасына əсерін тигізеді, топтасушылыққа алып 
келеді,  топтың  нормативті  жəне  физикалық  шегін  қалыптастырады. 
Бұл  қызмет  жанжалдасушы  жақтардың  ішкі  жағдайы  мен  олардың 
өзара  іс-əрекетімен  байланысты.  Əлеуметтік  психологияда  бұл 
құбылыс  «топтың  фаворитизмнің  əсері»  деген  атқа  ие  болған.  Оның 
мəні басқа топтың мүшелеріне қарсы тобының мүшелеріне жақсылық 
жасауында.  Бұл  əсер  əлеуметтік  өзара  іс-əрекеттердің  түрлі 
жағдайларында əрқандай критерийлерді бетке ұстанып «өзіндік» жəне 
«бөтен»  адамдардың  арасында  «демаркациялық»  сызық  жүргізу 
арқылы іске асуы мүмкін. 
3.  Инновациялық  қызмет.  Жанжалдық  көмегімен  ұйымның 
əлеуметтік, рухани, экономикалық даму жолындағы кедергілі шешуге 
байланысты.  Қарама-қайшы  күрестің  əсерінен  немесе  ол  тоқтаған 
жағдайда  тұлғааралық  қатынастардың  белгілі  трансформациясы 
болады.  Дұрыс  шешілген  жанжал  ұйымның  психологиялық  сипатын 
жақсартады  жəне  барлық  негізгі  мінез-құлықтардың  өзгеруін  өзара 
сенім мен сыйластықты, ұйымдағы ортақ мүшелікке қанағат пен ортақ 
міндеттердің  сəйкестік  деңгейін,  бедел  т.б.  əлеуметтік  белсенділіктің 
күшеюін туғызады. 
Конфликтологияда  жанжалды  шешуге  алып  келетін  оның 
мүшелеріне ықпал ететін басым төрт түрлі əдіс-тəсіл қарастырылады. 
1.  Сендіру,  көзін  жеткізу.  Бұл  қарсылас  басқаша  əрекет  істеуге 
дайын  болғанда  мүмкін.  Топ  ішіндегі  кездейсоқтықтарды  немесе 
сыртқы  жағдайлардың  өзгеруін  есептемей,  өз  іс-əрекетінің  өзгеруіне 
байланысты  кейбір  міндеттемелерді  мойындауды  қинамаса,  тек  өзіне 
пайдалы  жағын  көздегенде  мүмкін  болатын  құрал.  Бұл  құралдың 
артықшылығы оның иілгіштігі мен сенімділігінде. 
2.  Ережелерді  күштеп  тағу.  Қоғамдық  өзара  байланыстарды  себеп 
қылып  қарастыру  тарапынан  ережелер  сырттан  тағылады.  Бұл  əдет-
ғұрыпқа  негізделген  интитуционалды  жол.  Ең  басты  ерекшелігі 
қарсылыстың  мінез-құлығын  алдын-ала  танып  білу  мүмкіндігі  мен 
саралығында  (дұрыс).  Негізгі  кемшілігі – иілгіштің  қасиеттің 
жоқтығында. 
3.  Материалды  ынталандыру  жағдайға  байланысты  қолданылады. 
Əдетте  жанжал  өз  шегіне  жеткен  кезде  пайдаланылады.  Қарсыластар 
аз да болса өз мақсаттарына жетуге келісіп, қалайда өз шығындарының 
орнын  толтыруды  ойластырады.Жанжалдың  ыңғайлы  шешімі 
толыққанды  табылмаса  да  пайдаландыру  арқылы  кішкене  сенімге 
кіруге болады. Бұл құралдың артықшылығы – иілгіштігінде, кемшілігі 
 
87


–  тəжірибелік  қолданысының  жетіспеушілігінде  жəне  əлсіз 
нормативтілігі мен нəтижесіздігінде. 
4.  Билікті  қолдану  ситуациялық  жəне  тек  теріс  санкциялар 
(қорқыту  немесе  күш  қолдану)  араласқанда  ғана  іске  асады. 
Шындығында,  өзара  араластырылмаған  жоғарғы  құралдарды 
қолдануға болады. 
Конфликтология  жанжалды  шешу  процесін  жылдамдататын 
бірнеше  ұсыныстарды  жасап  шығарды: 1) келісім  кезінде  басымдық 
маңызды  сұрақтармен  талқылануы  тиіс; 2) екі  жақ  та  психологиялық 
жəне  əлеуметтік  шиеленісті  шешуге  тырысуы  керек; 3) жақтар  бір-
біріне  өзара  сыйластығын  көрсетуі  қажет; 4) келісім  мүшелері 
жанжалды оқиғаның маңызды жəне жасырын бөлімін ашып, яғни бір-
бірінің  бағыт-бағдарын  дəлелді  жəне  саналы  тең  түрде  алмастырып, 
оны  бұқаралық  сипатқа  айналдыру; 5) келісуші  мүшелердің  бəрі 
ымыра  жасауға  ыңғай  танытуы  керек.  Ымыра  дегеніміз – жанжалды 
шешудің бірден бір жолы. Мұнда жанжалдасушы жақтар өз мақсатына 
өзара  келісім  арқылы  іске  асырады  немесе  əлсіздеу  жаққа  кеңшілдік 
жасайды не кішкене болса да өз талаптарынан ерікті түрде бас тартқан, 
тілектерін дəлелмен негіздей алған жаққа кеңшілік жасайды. 
 
Белсенді семинар өткізу кезінде студенттердің білім сапасын 
тексеруге арналған сұрақтар 
 
1. Кəсіпорын сөзінің ұғымы? 
2. Жұмыс күші айналымы дегеніміз не? 
3. Кадр саясатын құжаттану қалай іске асады? 
4. Кадр саясатының қызметтері? 
5. Кадрларды басқарудың қындай стадияларын білесің? 
6. Еңбек ресурстарына деген қажеттілік қалай анықталады? 
7. Басшылық кадрларды дайындау бағытын ажыратып беріңдер? 
8. Қызмет баспалдағымен көтерілуді басқару қалай іске асады? 
9. Төлем механизмінің бағыты қалай іске асады? 
10. Жоғарғы ақы төлеу мен нəтижеліктің арақатынасы қандай? 
11. Кадрларды таңдау механизмін талдап беріңіз? 
12. Еңбекті бағалаудың қандай əдіс-тəсілдерін білесіз? 
13. Жанжалдар жəне оны шешу жолдары. 
 
 
 
 
 
 
88


жүктеу 1,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау