23 – дәріс
Тақырыбы: Радиоқабылдағыштың негізгі параметрлері.
Дәріс мазмұны:
1. Радиоқабылдағыштың негізгі параметрлері.
2. Жиілікті түрлендіргіштер.
Мақсаты: Радиоқабылдағыштардың жұмысымен таныстыру.
1. Радиоқабылдағыштардың негізгі параметрлері.
Радиоқабылдағыштардың негізгі параметрлері: А) Жұмыстық жиіліктер аумағы Б) қабылдағыш сезгіштігі В) кірістегі сигналдың ең үлкен қуаты Г) динамикалық диапазон Д) таңдаушылық
2. Жиілікті түрлендіргіштер
Супергетеродинді қабылдағыштарда жиілік түрлендіргіштер деп гетеродин мен араластырғыш жүйесін айтады. Ол түскен сигналдан информациялық сигналды бөліп алу үшін керек. Жиілікті түрлендіру дегеніміз қабылданатын сигнал спектрін радиотолқындардың бір диапазонынан екіншісіне модуляция түрі мен параметрлерін өзгертпей көшіру.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
Гетеродиндік жиілік не үшін керек?
Радиоқабылдағыштың негізгі параметрлері қандай?
Әдебиет: Силлабусты қара.
24-дәріс
Тақырыбы: Теледидар құрылғылары
Дәріс мазмұны:
Таратушы теледидар арнасының құрылымы
Теледидар қабылдағышы
Мақсаты: Теледидарласу жайында мәлімет беру
Таратушы теледидар арнасының құрылымы.
Теледидар- электрмагниттік толқындардың көмегімен қозғалатын обьектілердің бейнесін үлкен қашықтыққа жеткізіп, қайта жаңғыртатын құрылғылар жүйесі.
Теледидар принципі таратылатын бейненің кескінін элементтерге бөліп,әрбір элементтегі жарқырауын талдау,оған пропорционал сигналды өндіру, радиоарка бойынша беріп, қабылдағышта бөліп алынған сигналды кинескоп экранында бейнені элемент бойынша құрастыру үшін қолдану.
Таратушы теледидар арнасының құрылымдық сұлбасы.
ТТ- теледидар түтігі, ЖБ- жаймалау блогі, СГ- синхрогенератор, АЖ- ауытқытушы жүйе, ТК-теледидар каналы, Т-таратқыш, А-антенна.
Теледидар қабылдағышы.
Қабылдағыштың құрылымдық сұлбасы:
А-антеннадан сигнал Қ қабылдағышқа, БК-бейнекүшейткіш, СИС- синхроимпуль селекторында- синхроимпульстер бөлініп қабылдағыштың ЖБ – жаймалау бөлігін басқарады. Ол АЖ- ауытқытушы жүйеге әсер етіп, экранда бейне туғызады.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
-Теледидар дегеніміз не?
- Теледидардың таратушы арнасының құрылымдық сұлбасын сыз?
- Түрлі-түсті кескінді қалай шығарып алады?
- Ауытқытушы жүйе не үшін керек?
- Теледидар қабылдағышының құрылымдық сұлбасын сыз?
-
Әдебиет: Силлабусты қара.
25– дәріс
Тақырыбы: Теледидар бейнесінің түзілуі.
Дәріс мазмұны:
1. Теледидар жаймалау процесінің түрлері.
2.Таратушы теледидар түтігі.
Мақсаты: Теледидар бейнесін қалыптастыру жөнінде мәлімет беру.
1. Теледидар жаймалау процесінің түрлері
Жаймалау дегеніміз- бейнені түзу процесі. Жаймалаудың екі түрі болады.: 1. прогрессивті жаймалау және жоларалық жаймалау. Экран ұзындығы в, биіктігі h болса онда b/h= R кадр форматы деп аталады. КСРО да бұрын R = 4/3, ал кадрдегі жолдар саны z = 625 болған.
Толық теледидар сигналында бейне элементерінің жарқырауының өзгеруі жайындағы информация мен синхроимпульстер болады.
2.Таратушы электронды –сәулелік түтіктер
Таратушы электронды –сәулелік түтіктер түпнұсқада көрінетін оптикалық бейнесін –теледидар сигналына түрлендіру үшін керек. Таратушы теледидар түтіктердің түрлері: ортикон, супер ортикон, видикон, статикон, резистрон, люминикон.
Видикон дегеніміз - таратушы теледидар түтігі.Видиконда оптикалық кескінді электр сигналдарына түрлендіру үшін ішкі фотоэффект құбылысы қолданылады. Оның экранына түскен жарық өзінің интенсивтігіне сәйкес теледидар сигналы болып түрлендіреді. Экраны бір-біріне тақалып орналасқан фотоэлементтерден құралған деп есептеуге болады. Әрқайсысын жалпы түрде элементар конденсатор арқылы бейнелеуге болады. Түскен сигнал оны зарядтайды. Егер соған электрондық сәуле түссе тізбектеп, конденсатор разрядталып, ток пайда болады. Оның мөлшері фотоэлементтің жарықталуына тәуелді. Видиконның ішіндегі сәуле барлық конденсаторларды белгілі-бір тәртіппен өте шыққанда осы жүйедегі жүктемеде электр сигналы пайда болады. Электрондық сәуле шоғы экран –нысанадағы барлық нүктелерді бірінен соң бірін периодты сәулелендіріп шығады. Нысана электр тізбегіне қосылған, одан өтетін ток күші элементтердің жарықталынуына тәуелді. Жүктемеден бейнесигналы өтеді.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
- Теледидар жаймалау процесінің түрлері қандай?
- Таратушы теледидар түтігі
- Жоларалық жаймалау қалай орындалады?
- Видиконда бейнесигналын қалай қалыптастырады?
Әдебиет: Силлабусты қара.
26-дәріс
Тақырыбы: Радиолокациялық құрылғылар
Дәріс мазмұны:
Радиолокациялық станциялар параметрлері.
Радиолокациялық таратқыш және қабылдағыш
Мақсаты: Тыңдаушыларға радиолокация жайында білімін қалыптастыру
1.Радиолокациялық станциялар параметрлері
РЛС жұмысын сипаттайтын бірнеше параметр бар: 1.шолу зонасы 2.шолу периоды 3.РЛС сөздігінің дәлдігі. 4.РЛС-тің қашықтықты ажырату қабілеті. 5.Зондтаушы импульстердің қуаты. 6.Импульстердің қайталау жиілігі 7.Тасымалдау жиілігі 8.Радиолокациялық қабылдағыштың сезгіштігі 9.Кеңістікті шолу түрлері 10.бағыттылық диаграммасы және т.б.
2.Радиолокациялық таратқыш және қабылдағыш.
Радиолокациялық таратқыштардың ең жай сұлбасында жинағыш және шектегіш элементтер болады.
ТТК- тұрақты ток көзі.
Ж- жинағыш(конденсатор)
К-кілт (электрондық,иондық және шала өткізгіш аспап)
Rж – жүктеме (клистрон немесе магнетрон)
Бұларда қалыптасқан аса жоғары жиілікті (АЖЖ) , өте қуатты тербелістер фидерлік жол арқылы антеннаға түседі де кеңістікке шығарылады.Қабылдағыштар супергетерогинді жүйе немесе бейнежиілікті күшейткіші бар детекторлы жүйе болуы мүмкін.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары :
Радиолокация деп нені айтады?
Радиолокацияның пайда болуына электромагниттік толқындардың қандай қасиеті себепші болды?
Радиолокациялық станциялардың антенналары қандай етіп жасалады?
Жауабы бар активті радиолокация дегеніміз қандай түрі?
Радиолокациялық станциялардың жұмыс режимдері қандай?
Ілесе жүру режимі деп қандай режимді айтады?
Радиолокациялық станциялардың бағыттылық диаграммасы дегеніміз не?
Радиолокациялық станциялардың кеңістікті шолу түрлері қандай?
Радиолокациялық таратқыштың негізгі бөліктері қандай?
Әдебиет: Силлабусты қара.
27 – дәріс.
Тақырыбы: Радиолокация
Дәріс мазмұны:
1.Радиолокацияның түрлері.
2.Радиолокациялық құрылғының жалпы сұлбасы және қолданылуы.
1.Радиолокациялық түрлері.
Радиолокация түрлері: активті, жартылай активті, жауабы бар активті және пассивті шығарылатын сиганл түрлері бойынша радиолокация : импульсті үздіксіз және квазиүздіксіз сәуле шығарушы болып бөлінеді.
РЛС- лар әртүрлі режимде жұмыс істейді: іздеу режимі, ілесе жүру режимі.
2 . Радиолокациялық құрылғылар.
Радиолокация деп радиотолқындардың көмегімен әртүрлі обьектілерді табу, бақылау, танып алу, орналасқан орнын,параметрлерін және қасиеттерін анықтау процесін айтады.
Радиолокациялық бақылау обьектілері жердің жасанды серіктері, ұшақтар, жер бетіндегі және су бетіндегі әртүрлі учаскелері,жер атмосфе-расының біртексіздіктері, күн жүйесі планеталары және басқа денелері.
Радиолокациялық станциялар - радиотаратқыш және радиоқабылдағыш құрылғылардан, басқару және бейнелеу жүйелерінен құралады.
Радиолокация : активті, жартылай активті және пассивтіден бөледі. Шығарылатын сигнал түрлеріне қарай: импульсті үздіксіз және квазиүздіксіз сәуле шығарушы деп бөлінеді.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
- Радиолокациялық түрлері.
- Радиолокациялық құрылғының жалпы сұлбасы және қолданылуы.
Әдебиет: Силлабусты қара.
Достарыңызбен бөлісу: |