«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 63,86 Kb.
Pdf просмотр
Дата11.12.2017
өлшемі63,86 Kb.
#4057


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 28 сəуірдегі

№ 3-2/378 бұйрығына

1-қосымша

«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.01.2016

№ 15

 (қолданысқа енгізілу тəртібін



3-т

. қараңыз) бұйрығымен.



1. Жалпы ережелер

      1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет (бұдан əрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылығы министрлігі (бұдан əрі – Министрлік) əзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана жəне Алматы

қалаларының, аудандардың жəне облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы

органдары жəне кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің əкімдері (бұдан əрі –

көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімді қабылдау жəне мемлекеттік көрсетілетін қызмет нəтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) ««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес

акционерлік қоғамы (бұдан əрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тəртібі

      4. Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ порталға

жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) құжаттар топтамасын тапсырған сəттен бастап – 30 (отыз) минут;

      2) күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған)

немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына

1-қосымшаға

 сəйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтың бар

екендігі туралы анықтама.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нəтижесін ұсыну нысаны: электрондық

жəне (немесе) қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызметтің нəтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін көрсетілетін қызметті

берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесі электрондық

нысанда ресімделеді, басып шығарылады жəне мөрмен жəне көрсетілетін қызметті

берушінің басшысының қолымен куəландырылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің нəтижесі көрсетілетін

қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан əрі – көрсетілетін қызметті алушылар)

тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан



Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан əрі – Кодекс) 84-бабына жəне «Қазақстан

Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан

Республикасы Заңының (бұдан əрі – Заң) 5-бабына сəйкес демалыс жəне мереке

күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі

үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау жəне нəтижені беру сағат 13.00-ден

14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз жəне жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек

тəртібімен көрсетiледi;

      2) Мемлекеттік корпорацияда – Кодекстің

84-бабына

 жəне Заңның

5-бабына

 сəйкес


демалыс жəне мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-сенбі аралығында белгіленген жұмыс

кестесіне сəйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электрондық» кезек

тəртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі. Электрондық кезекті портал арқылы

брондауға болады;

      3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді

қоспағанда тəулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің

84-бабына

 жəне

Заңның


5-бабына

 сəйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс жəне мереке күндері

жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау жəне нəтижені беру

келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде

мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге жəне Мемлекеттік корпорацияға:

      жеке басын куəландыратын құжат (жеке басын сəйкестендіру үшін талап етіледі);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымшаға

 сəйкес нысан

бойынша өтініш;

      2) порталға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымшаға

 сəйкес нысан

бойынша өтініш.

      Жеке басын куəландыратын құжат туралы мəліметтерді Мемлекеттік корпорацияның

қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден

«электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін

құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде

мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) Көрсетілетін қызметті алушыға - өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған

кезде көшірмесінде өтінімді қабылдау күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды

адамның тегі жəне аты-жөні көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің

кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтінімнің

қабылданғанын растау болып табылады.

      2) Мемлекеттік корпорацияға - көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың

қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      3) порталға - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік

қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мəртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының

(не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке басын куəландыратын

құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде

жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нəтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін

оларды одан əрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті

алушы бір ай өткеннен кейін жүгінсе, Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша




көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжатты көрсетілетін қызметті

алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде»

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нəтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік

қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау мəртебесі көрсетіледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының

9-тармағында көзделген тізбеге сəйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады жəне осы

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымшаға

 сəйкес құжаттарды

қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері бойынша көрсетілетін

қызметті берушілердің жəне (немесе) олардың лауазымды адамдарының,

Мемлекеттік корпорацияның жəне (немесе) олардың қызметкерлерінің

шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) шағымдану тəртібі

      11. Мемлекеттік қызметтертер көрсету мəселелері бойынша, көрсетілетін қызметті

берушінің жəне (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, əрекетіне

(əрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті берушінің басшысының

атына беріледі.

      Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында

көрсетілген мекенжайлар бойынша почта арқылы жазбаша нысанда, не көрсетілетін

қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің əрекетіне (əрекетсіздігіне) шағым осы

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар

мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына жіберіледі.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу

мерзімі мен орнын көрсете отырып оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі жəне күні)

Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге шағымның қабылданғанын

растау болып табылады.

      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның

қызметкерінің əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) шағымдану тəртібі туралы ақпаратты

мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының

1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға оның шағымының қабылданғаны туралы растау үшін

шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның

тегі, осы шағымға жауапты алу мерзімі жəне орны, шағымның қаралу барысы туралы

ақпарат алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі.

      Электронды өтінімді портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға

«жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін

қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (шағымның жеткізілгені, тіркелгені,

орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап)

жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп

түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні

ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нəтижелері туралы дəлелді жауап

көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетілетін




қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нəтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін

қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау жəне бақылау

жөніндегі уəкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті

органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен

бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нəтижелерімен келіспеген жағдайда,

көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы

15 сəуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы

1-тармағының

 6) тармақшасына

сəйкес сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда жəне

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету

ерекшелектері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзіне-өзі қызмет көрсету,

өздігінен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен

толық немесе iшiнара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті

көрсетуді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1414, 8-800-080-7777 Бірыңғай

байланыс орталығы арқылы жүгіне отырып, тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту жəне

қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған

креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды

толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады).

      Көрсетілетін қызметті берушінің жəне Мемлекеттік корпорацияның ғимараттары дене

мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен

жабдықталған.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;

      3) порталда орналастырылған.

      16. Көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болу шартымен

мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі

бар.


      17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тəртібі жəне

мəртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке

кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері жөніндегі Бірыңғай

байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны арқылы алу мүмкіндігі бар.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы

туралы анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына

1-қосымша

Нысан


Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама


Анықтама___________________________________________________берілді.

(тұтынушының тегі, аты жəне əкесінің аты (жеке басын куəландыратын құжатта бар

болса).

Төменде көрсетілген кестеге сəйкес ________________________________



                                             (өңірдің атауы)

мекенжайы бойынша жеке қосалқы шаруашылығы бар.

      Жеке қосалқы шаруашылық орналасқан жер учаскесінің иесі туралы ақпарат:

ЖСН


Тегі, аты жəне əкесінің аты (жеке басын

куəландыратын құжатта бар болса)

Туған күні

Жалпы ақпарат:

Табиғи аймақтың атауы

Кітап нөмірі

Кітаптағы есеп шотының нөмірі  Кадастрлық нөмір

Отбасының басқа мүшелері туралы ақпарат:

ЖСН

Тегі, аты жəне əкесінің аты (жеке



басын куəландыратын құжатта

бар болса)

Туған күні

Жануарлар/ өсімдіктер туралы ақпарат:

Тіркеу күні

Атауы


Саны/ауданы

Өлшем бірлігі

Анықтама _____ күн ішінде жарамды.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың

болуы туралы анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына

2-қосымша

Нысан

Өтініш

Мен,_______________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты (жеке басын куəландыратын құжатта бар

___________________________________________________________________

     болса), жеке сəйкестендіру нөмірі, жеке куəлік деректері

___________________________________________________________________

                     жəне тұрғылықты жері

___________________________________________________________________

       (өкілеттілікті куəландыратын құжаттың деректемелері)



________________________________негізінде__________________________

___________________ атынан əрекет ететін (сенімхат бойынша əрекет

еткен жағдайда уəкілетті өкіл толтырады)

      Маған жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беруді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мəліметтерді

пайдалануға келісемін.

      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын жəне шынайы емес мəліметтерді

ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сəйкес жауапкершілік туралы

хабардармын.

      __________«__» ____ 20 __ жыл (қолы)

Сұрау салуды орындау / қарау нəтижесі:

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

Тексерілді: күні 20__ жылғы______________

___________________________________________________________________

                    (маманның тегі жəне аты-жөні, қолы)

«Жеке қосалқы шаруашылықтың

болуы туралы анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

3-қосымша

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сəуірдегі Қазақстан

Республикасы Заңының

20-бабының

 2-тармағын басшылыққа ала отырып,

___________________ мекенжайында орналасқан ««Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан əрі –

Мемлекеттік корпорация)» филиалының № ____ бөлімі «Жеке қосалқы шаруашылықтың

болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге құжаттарды

қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге

сəйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап

айтқанда:

1_______________________________________________;

2.______________________________________________.

      Осы қолхат əр тарап үшін бір-бір данадан екі данада жасалды.

___________________________________________________________________

(тегі, аты, əкесінің аты (жеке басын куəландыратын құжатта бар

   болса), Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің қолы

Орындаушы:_________________________________________________________

(тегі, аты, əкесінің аты (жеке басын куəландыратын құжатта бар болса)

Телефоны ________________

Қабылдап алды:

____________________________________________________________________

(тегі, аты, əкесінің аты (жеке басын куəландыратын құжатта бар

болса), көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20___жылғы «____» __________




Document Outline

  • ‎D:\Документы\Работа\akimataktobe.gov.kz\Госуслуги\На 30.11.2016г\ГУ Отдел ветеринарии г.Актобе\7\стандарт каз.docx‎

жүктеу 63,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау