«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары



жүктеу 2,43 Mb.
бет2/3
Дата22.05.2018
өлшемі2,43 Mb.
#16094
түріКодекс
1   2   3

3-параграф. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары.


  1. Объектіде және оның айналасында радиациялық қауіпсіздік:

  1. Радиациялық объектіні орналастыру үшін аудан мен алаңды, сәулелену көздерін физикалық қорғау деңгейін таңдаудың негізделуін, осы Санитариялық қағидаларға 18-тармағына сәйкес белгіленген 1 және 2 санаттағы объектілердің айналасын және ішкі аумағын аймақтарға бөлуді қамтитын радиациялық объектінің жобалық құжаттамасын дайындау кезінде нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтау;

  2. технологиялық жүйелерді пайдалану шарттары;

  3. сәулелену көздерімен қызметті санитариялық-эпидемиологиялық бағалау;

  4. радиациялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;

  5. объектінің қалыпты жұмысы, оның реконструкциялануы және пайдаланудан шығару кезінде, сондай-ақ радиациялық апаттар кезінде персоналдың және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу;

  6. А және Б топтары персоналының біліктілігін және сәулелену көздерімен жұмыс істеу ережелері бойынша білімдерін арттыру;

  1. Персоналдың радиациялық қауіпсіздігі:

  1. жасы, жынысы, денсаулық жағдайы, деңгейі, алдыңғы сәулелену деңгейі және басқа да көрсеткіштері бойынша сәулелену көздерімен жұмыс істеуге рұқсат беру шектеулермен;

  2. жүкті әйелді жүктілігі туралы ақпаратты алған күннен бастап жүктілік және емшек емізу кезеңінде сәулелену көздерімен байланысы жоқ жұмысқа көшірумен;

  3. сәулелену көздерімен жұмыс істеу ережелерін білумен және сақтауымен;

  4. қорғаныс барьерлерінің, экрандардың және сәулелену көздерінен арақашықтығының жетістілігімен, сондай-ақ сәулелену көздерімен жұмыс істеу уақытының шектелуімен;

  5. Гигиеналық нормативтердің және осы Санитариялық қағидалардың талаптарына жауап бермейтін еңбек шарттарын құрумен;

  6. жеке қорғаныш құралдарын пайдаланумен;

  7. радиациялық объектіде радиациялық факторлардың бақылау деңгейлерін сақтаумен;

  8. радиациялық бақылауды ұйымдастырумен;

  9. радиациялық жағдай туралы ақпарат жүйесін ұйымдастырумен;

  10. апат қаупі және туындауы жағдайында жоғары сәулелендіруді жоспарлау кезінде персоналды қорғау жөніндегі тиімді іс-шараларды өткізумен;

  11. иондаушы сәулелену көздерін есепке алуды және бақылауды ұйымдастырумен қамтамасыз етіледі.

  1. Халықтың радиациялық қауіпсіздігі:

  1. осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес адамдардың өмір сүру жағдайларының жасалуымен;

  2. әртүрлі сәулелену көздерінен сәулеленуге квоталар белгілеу;

  3. радиациялық бақылауды ұйымдастыру;

  4. қалыпты жағдайларда және радиациялық апат кезінде радиациялық қорғану жөніндегі іс–шараларды жоспарлау және өткізу тиімділігімен;

  5. радиациялық жағдай туралы ақпарат жүйесінің ұйымдастырылуымен қамтамасыз етіледі.

  1. Персоналдың және халықтың сәулелену дозаларын төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу кезінде мынадай негізгі жағдайларға сүйенеді:

  1. жеке сәулелену дозаларының экономикалық және әлеуметтік факторларын және үйретілетін адамдар санын ескере отырып, кез келген иондаушы сәулелену көзін пайдалану кезінде жеке сәулелену дозаларын барынша төмен қол жетімді деңгейде ұстау;

  2. адамдарды ұжымдық қорғау жөніндегі іс–шаралар шығындары ең аз ұжымдық сәулелену дозасын неғұрлым төмендетуге қол жеткізу мүмкін болатын сәулелену көздеріне қатысты жүзеге асырылады;

  3. әрбір сәулелену көзінен алынатын дозаларын төмендету осы сәулелену көзі үшін шекті топтарды сәулеленуін төмендету есебінен қол жеткізіледі.



4-параграф. Радиациялық бақылауға қойылатын жалпы талаптар


  1. Радиациялық бақылау өндірістік бақылаудың бір бөлігі болып табылады және адамға иондаушы сәулелену ықпалының барлық негізгі түрлерін қамтуы тиіс.

  2. Радиациялық бақылаудың мақсаты адам тіршілігінің барлық жағдайларында персоналдың, пациенттердің және халықтың жеке және ұжымдық сәулелену дозалары туралы ақпаратты, сондай-ақ радиациялық жағдайды сипаттайтын барлық регламенттелетін шамалар туралы мәліметтерді алу болып табылады.

  3. Радиациялық бақылау нәтижелері радиациялық жағдайды бағалау, шекаралық дозаларды белгілеу, сәулелену дозаларын төмендету бойынша іс-шараларды әзірлеу және олардың тиімділігін бағалау үшін пайдаланылады.

  4. Радиациялық бақылау объектілері:

  1. өндірістік жағдайларда иондаушы сәулелендірудің әсері кезінде «А» және «Б» топтарының персоналы;

  2. медициналық рентгенорадиологиялық процедураларды орындау кезіндегі пациенттер;

  3. табиғи және техногенді сәулелену көздері ықпал еткен кездегі халық;

  4. адамның мекендеу ортасы болып табылады.

  1. Иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеу жоспарланған радиациялық объектідегі радиациялық бақылау бағдарламасы жобалау сатысында әзірленеді. Радиациялық объектінің жобасында бақылауды жүргізу түрлері, көлемі мен тәртібі, техникалық құралдарының тізбесі және жүзеге асыру үшін қажетті қызметкерлердің штаты белгіленуі тиіс.

Радиациялық бақылаудың түрлері мен көлемі радиациялық объектідегі және оған іргелес аумақтағы нақты радиациялық жағдайға байланысты нақтылануы мүмкін.

18. жұмыстың көлемі мен сипатына байланысты радиациялық бақылау радиациялық қауіпсіздікті қызметімен немесе арнайы дайындықтан өткен радиациялық бақылауға жауапты адаммен жүзеге асырылады.

19. Радиациялық объект әкімшілігі орындалатын жұмыстардың ерекшеліктері мен жағдайларын есепке ала отырып радиациялық бақылау бағдарламасын әзірлейді және бекітеді.

20. Радиациялық объектіні радиациялық бақылау қызметкерлердің және халықтың жеке сәулелену дозаларына бақылау жүргізуді және есепке алуды көздейді.



5-параграф. Радиациялық объектінің әкімшілігіне және персоналына қойылатын талаптар
21. Радиациялық объектінің әкімшілігі келесі талаптарды орындауы тиіс:

1) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу;

2) қол жеткізілген радиациялық қауіпсіздік деңгейін бекіту, персонал мен халықтың сәулеленуін, қоршаған ортаның радиоактивті ластануын одан әрі төмендетуді қамтамасыз ету мақсатында радиациялық объектіде және жедел радиациялық бақылау үшін орнатылатын санитариялық-қорғау аймағында радиациялық факторлардың бақылау деңгейлерін әзірлеуді қамтамасыз ету;

3) ИСК-мен жұмыс істеу кезінде жұмыстарды жүргізу тәртібі, ИСК-ны бақылау, есепке алу, сақтау және беру, радиоактивті қалдықтарды жинау және жою, үй-жайларды ұстау, жеке қорғану шаралары, ИСК-мен қосу-баптау жұмыстары кезінде радиациялық қауіпсіздік шаралары мазмұндалатын радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлеуді қамтамасыз ету;

4) «А» және «Б» топтарының персоналына жататын адамдар тізбесін анықтау;

5) осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес сәулелену көздерімен жұмыс шарттарын құру;

6) радиациялық объектіде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру;

7) жұмыс орындарында, үй-жайларда, ұйым аумағында, санитариялық-қорғаныш аймағында және бақылау аймағында радиациялық жағдайға, сондай-ақ радиоактивті заттардың сыртқа шығуы мен тасталуына жүйелі бақылауды қамтамасыз ету;

8) персоналдың жеке сәулелену дозаларына бақылауды және есепке алуды қамтамасыз ету;

9) жұмыс орындарында персоналға иондаушы сәулелену деңгейлері және олардың және олар алған жеке сәулелену дозаларының көлемі туралы жүйелі түрде хабарлау;

10) персоналға алдын ала (жұмысқа тұру алдында) және мерзімдік міндетті медициналық тексеріп-қарауды жүргізу;

11) жыл сайын радиациялық объектінің радиациялық-гигиеналық паспортын белгіленген мерзімде ұсынып отыру.

22. «А» тобының персоналы мынадай талаптарды орындауы тиіс:

1) осы Санитариялық қағидаларда, радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтарда және лауазымдық нұсқаулықтарда белгіленген радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды білуге және орындауға;

2) жеке дозиметрлік бақылау құралдарын және жеке қорғаныш құралдарын пайдалануға;

3) персоналды және халықты радиациялық апаттар мен оның салдарынан қорғау жөніндегі шараларды сақтау;

4) қондырғылардың, аспаптар мен аппараттардың жұмысындағы сәулелену көздері болып табылатын барлық анықталған ақаулықтар туралы цехтың, учаскенің, зертхананың басшысына және тиісті лауазымды адамдарға және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті адамға дереу хабарлау;

5) жұмыстарды орындау кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты радиациялық қауіпсіздік қызметінің нұсқауларын орындауға;

6) ауысым аяқталған соң, егер одан әрі болуы өндірістік қажеттілікпен негізделмеген болса, өзінің жұмыс орнын тастауға міндетті.

3-тарау. Сәулелену көздерін пайдалану кезінде персоналдың және халықтың радиациялық қауіпсіздігіне қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1-параграф. Әлеуетті радиациялық қауіптілігі бойынша радиациялық объектілердің топтамасына қойылатын талаптар


  1. Радиациялық объектінің әлеуетті қауіптілігі радиациялық апат кезінде оның халыққа және персоналға ықтимал радиациялық әсерімен белгіленеді.

Қызметі нәтижесінде апат кезінде объект қызметкерлерін ғана емес, халықты да сәулелендіруі мүмкін әлеуетті аса қауіпті болып радиациялық объетілер табылады. персоналға қатысы жоқ адамдарды сәулелендіру мүмкіндігі болмайтын объектілер ең төмен радиациялық қауіпті объектілер болып табылады.

Әлеуетті радиациялық қауіптілігі бойынша объектілердің төрт санаты белгіленеді:



  1. І санатқа апат кезінде халыққа радиациялық әсер етуі ықтимал және оны қорғау іс-шаралары талап етілуі мүмкін радиациялық объектілер жатады;

  2. объектілердің ІІ санатына апатты кезінде радиациялық әсер санитариялық-қорғаныш аймағының аумағымен шектелетін объектілер жатады;

  3. ІІІ санатқа радиациялық әсері объектінің аумағымен шектелетін объектілер жатады;

  4. ІV санатқа радиациялық әсері сәулелену көздерімен жұмыс жүргізілетін үй-жайлармен шектелетін объектілер жатады.

  1. Радиациялық объектілердің санаты оларды жобалау сатысында белгіленеді. Қолданыстағы радиациялық объектілер үшін санат радиациялық объект әкімшілігімен белгіленеді. Жобалау және пайдалану кезінде әлеуетті қауіптілігі бойынша радиациялық объектілердің санатына қойылатын талаптар осы Санитариялық қағидаларға 3 - қосымшасының 1-кестесінде келтірілген.



2-параграф. Радиациялық объектілерді орналастыруға және аймақтарға бөлуге қойылатын талаптар


  1. Радиациялық объектіні орналастыру мүмкіндігін қарау кезінде объектінің санатын, оның халық және қоршаған орта үшін әлеуеттік радиациялық, химиялық және өрт қауіптілігін ескеру қажет.

  2. Жер телімінде І және ІІІ санаттағы радиациялық объектілерді орналастыру мүмкіндігін қарау кезінде қалыпты пайдалану және ықтимал апаттар жағдайында метеорологиялық, гидрологиялық, геологиялық және сейсмикалық факторлары бағаланады.

  3. Бұл ретте І және ІІІ санаттағы радиациялық объектілерді:

  1. аз қоныстанған су баспайтын аумақтарда орналасқан;

  2. жел режимі тұрақты;

  3. өзінің топографиялық және гидрогеологиялық жағдайларының арқасында объектінің өнеркәсіптік алаңынан тыс радиоактивті заттардың таралу мүмкіндігін шектейтін жер телімдерінде орналастырған жөн.

  1. І және ІІ санаттың радиациялық объектілері көбіне жел тармағы ескеріле отырып, тұрғын аумаққа, емдеу-профилактикалық және балалар ұйымдарына, сондай-ақ демалыс орындары мен спорт құрылыстарына қатысты желдің ық жағында орналастырылады.

  2. Радиациялық объектінің бас жоспары объектіде және оның айналасында өндірістің дамуын, радиациялық жағдай болжамын және радиациялық апаттар туындау мүмкіндігін ескеріле отырып әзірленеді.

  3. Стоматологиялық тәжірибеде қолданылатын, орналастыруға қорытынды негізінде жол берілетін рентген қондырғыларынан басқа, сәулелену көздерімен жұмысты жүзеге асыратын объектіні тұрғын үй ғимараттарында және қоғамдық ғимараттарда орналастыруға жол берілмейді.

  4. І-ІІІ санаттағы радиациялық объектілердің айналасында санитариялық-қорғаныш аймағы, ал І санаттағы радиациялық объектінің айналасында, сондай-ақ байқау аймағы орнатылады. ІІІ санаттағы радиациялық объектілерге арналған санитариялық–қорғаныш аймағы объектінің аумағымен шектеледі, ІV санаттағы радиациялық объектілер үшін аймаққа бөлу көзделмеген.

  5. Радиациялық объектінің айналасындағы санитариялық–қорғаныш аймағының және байқау аймағының өлшемдері сыртқы сәулелену деңгейлерін, сондай–ақ радиоактивті шығарындылар мен төгінділердің ықтимал таралу шамалары мен аудандары ескеріле отырып белгіленеді.

  6. Радиациялық объектілер кешенімен бір алаңда орналастырылған жағдайда, санитариялық-қорғаныш аймағы мен байқау аймағы объектілердің жиынтық әсер етуі ескеріле отырып белгіленеді.

Байқау аймағының ішкі шекарасы санитариялық–қорғаныш аймағының сыртқы шекарасымен сәйкес келеді.

Әлеуетті радиациялық қауіпсіздік санаты және радиациялық объектінің санаты ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылар (бұдан әрі – ЯРЭҚ) жобасында негізделеді. Белгіленген санат халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосымен және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісіледі. Жобалау және пайдалану кезіндегі әлеуетті қауіптіліктің әртүрлі санатындағы ЯРЭҚ-қа қойылатын талаптар осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген.



  1. І санаттағы радиациялық объектінің байқау аймағында тұратын халыққа радиациялық әсері оны дұрыс пайдалану кезінде осы объекге арналған квота мөлшерімен шектеледі.

  2. Радиоактивті заттар мен сұйық радиоактивті қалдықтарды тасымалдауға арналған құбыр трассасының бойындағы санитариялық–қорғаныш аймағының (айыру жолағының) өлшемдері соңғы солардың белсенділігіне, жер бедеріне, топырақтың сипатына, құбырдың төселу тереңдігіне, ондағы қысым деңгейіне байланысты белгіленеді және құбырдың әрбір жағына қарай кемінде 20 метр болуы тиіс.

  3. Ядролық қондырғылары бар кемелер мен өзге де жүзу құралдарының айналасындағы санитариялық-қорғаныш аймағы және байқау аймақтары оларды пайдалануға беру орындарында, тұрақ айлақтарында және пайдаланудан алу орындарында белгіленеді.

  4. Радиациялық объектінің айналасындағы санитариялық-қорғаныш аймағының және байқау аймағының шекаралары жобалау сатысында белгіленеді. Санитариялық-қорғаныш аймағының дәлелдемесінің көлемі барлық ластаушы заттар үшін бөлінетін шығарындылардың және радиациялық факторлардың атмосфераға таралуын есептеулермен расталады, объектілердегі санитариялық-қорғаныш аймағы мынадай ретпен әзірленеді: есептік (алдын ала) ластаудың атмосфералық ауаға таралуы мен физикалық әсердің есптеулер бар жобаның негізінде; белгіленген (түпкілікті) - есептік параметрлерді растау үшін заттай зерттеулер мен өлшеулердің нәтижелері жылдық циклының негізінде орындалған.

  5. Радиациялық объектілердің санитариялық–қорғаныш аймағында тұрақты немесе уақытша тұруға, балалар ұйымдарын, ауруханаларды, санаторийлер мен басқа да сауықтыру ұйымдарын, сондай-ақ осы объектіге жатпайтын өнеркәсіптік және қосалқы үй-жайларды орналастыруға жол берілмейді. Санитариялық-қорғаныш аймағының аумағы абаттандырылған және көгалдандыру жобалық шешімге сәйкес жүргізіледі.

  6. Байқау аймағында радиоактивті заттар апаттық шығарылған жағдайда радиациялық объект әкімшілігі Гигиеналық нормативтерде және осы Санитариялық қағидаларда белгіленген қорғаныш іс-шаралары кешенін көздейді.

  7. Санитариялық-қорғаныш аймағында және байқау аймағында объектінің радиациялық қауіпсіздігі қызметінің күшімен радиациялық бақылау жүргізілуі тиіс.



3-параграф. Радиациялық объектілерді жобалауға қойылатын талаптар


  1. Радиациялық объектілерді жобалау кезінде құрастыру, салу, реконструкциялау, пайдалану, пайдаланудан шығару, сондай-ақ апат жағдайы кезіндегі қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіледі.

  2. Радиациялық объектінің жобасында әрбір үй-жай (учаске, аумақ) үшін:

  1. ашық сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде: радионуклид, қосынды, агрегаттық күй, жұмыс орнындағы белсенділік, жылдық тұтыну, жоспарланатын жұмыстардың түрі және сипаты, жұмыстар сыныбы;

  2. жабық сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде: радионуклид, оның түрі, белсенділігі, жұмыс орнындағы көздердің рұқсат етілген caны және олардың жиынтық белсенділігі, жоспарланатын жұмыстардың сипаты;

  3. иондаушы сәулеленуді генерациялайтын құрылғылармен жұмыс істеу кезінде: құрылғының типі, генерацияланатын сәулелену түрі, энергиясы және қарқындылығы және (немесе) анодтық кернеуі, тоқ күші, қуаты, бір үй-жайда (учаскеде, аумақта) орналастырылған бір уақытта жұмыс істейтін құрылғылардың барынша жол берілген саны;

  4. ядролық реактор, радионуклидтер генераторы, радиоактивті қалдықтармен және басқа да радиациялық сипаттамасы күрделі сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде: сәулелену көзінің түрі мен оның радиациялық сипаттамалары (радионуклидтік құрамы, белсенділігі, энергиясы мен сәулелену қарқындылығы) көрсетіледі. Барлық жұмыстар үшін олардың сипаты және шектеу шарттары көрсетіледі.

  1. Персоналды және халықты сыртқы сәулеленуден қорғауды жобалауды екіге тең жылдық тиімді доза бойынша қор коэффициентін және басқа сәулелену көздерінің бар болуы мен олардың қуатын перспективалық ұлғайтуды ескере отырып жүргізеді.

  2. Сыртқы иондаушы сәулеленуден қорғауды жобалау үй-жайлардың мақсатын, сәулеленуші адамдар санаттарын және сәулелену ұзақтығын ескере отырып орындалуы тиіс:

  1. қорғауды екіге тең қор коэффициентімен есептеу кезінде қорғау бетіндегі сәулеленудің баламалы дозасының жобалық қуаты (бұдан әрі - Н) мынадай формула бойынша айқындалады:


, мкЗв/сағ,
мұнда: Д – персонал немесе халық үшін доза шегі, жылына мЗв,

t – сәулелену ұзақтығы, жылына сағат;

  1. сыртқы иондаушы сәулеленуден қоғауды жобалау кезінде пайдаланылатын баламалы доза қуаты мәндері осы Санитариялық қағидаларға 4- қосымшадағы 1-кестеде келтірілген;

  2. рентген аппараттары мен күшейткіштер үшін есептеу белгіленген тәртіппен бекітілген әдістемелер бойынша аппараттың радиациялық шығысын және жұмыс жүктемесі ескеріле отырып жүргізіледі.

  1. Радиациялық объектілердің жол берілген шығарындылары мен төгінділерін есептеу 70 жыл өміріндегі халықтың жылдық шығарындылар мен төгінділерге негізделген доза шегінің белгіленген квотасынан аспау талабының негізінде жүргізіледі.

  2. Радиациялық объектілерді жобалау және жұмыстардың технологиялық схемаларын таңдау кезінде:

  1. персоналдың барынша сәулеленуі;

  2. операцияларды барынша автоматтандыру және механикаландыру;

  3. технологиялық процестің барысын автоматтық және көзбен шолып бақылау;

  4. уыттылығы мен зияндылығы неғұрлым аз заттарды қолдану;

  5. шу, діріл және басқа да зиянды факторлардың барынша аз деңгейлері;

  6. радиоактивті заттардың барынша аз шығарындылары және төгінділері;

  7. оларды уақытша сақтау және қайта өңдеудің қарапайым, сенімді әдістерімен радиоактивті қалдықтардың барынша аз мөлшері;

  8. технологиялық процестің бұзушылықтары туралы дыбыстық және/немесе жарықтық дабыл беру;

  9. бұғаттау қамтамасыз етіледі.

  1. Радиоактивті заттармен жұмыс істеуге арналған технологиялық жабдық мынадай талаптарға сәйкес болады:

  1. конструкциясы пайдалануда сенімді және ыңғайлы, қажетті тұмшаланған болуы, жабдықтың жұмысын қашықтықтан басқару және бақылау әдістерін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

  2. дезактивациялауға икемді, тоттануға төзімді және радиацияға төзімді материалдардан жасалады;

  3. жабдықтың сыртқы және ішкі беттері дезактивация жүргізу үшін қол жетімді болуы тиіс.

  1. Радиациялық объектінің жобасында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде персоналдың және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру, техникалық және санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралар кешені көзделеді.



4-параграф. Сәулелену көздерімен жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар



  1. Сәулелену көздерімен жұмыс істеудің барлық түрлері заңды және жеке тұлғалардың өтініші бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері беретін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған кезде жүзеге асырылады.

Жаңа санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды сәулелену көздерімен жұмыс істеу жағдайлары, көздің түрі мен сипаттамалары немесе жұмыс түрі мен сипаттамалары өзгерген жағдайда, сондай-ақ лицензия ресімдеу (қайта ресімдеу) кезінде заңды және жеке тұлғалардың өтініші бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен ресімделеді.

  1. Сәулелену көздерімен жұмыс істеуге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыда көрсетілген үй-жайлар мен аумақтарда ғана жол беріледі.

Әрбір үй-жайдың есігінде оның мақсаты, ашық сәулелену көздерімен жүргізілетін жұмыстар сыныбы және радиациялық қауіптілік белгісі көрсетіледі.

  1. Құрамында сәулелену көздері бар жабдықта, контейнерлерде, қаптамаларда, аппараттарда, жылжымалы қондырғыларда, көлік құралдарында радиациялық қауіптілік белгісі болуы тиіс.

  2. Радиациялық қауіптілік белгісін сәулелену көздерімен жұмыстар тұрақты жүргізілетін және радиациялық қауіптілік белгісі бар үй-жайлардағы жабдыққа салмауға жол беріледі.

  3. Иондаушы сәулелену көздерінің сақталу жағдайларын қамтамасыз етуді заңды адамның немесе жеке адамның әкімшілігі жүзеге асырады.

  4. Сәулелену көзін шығару кезінде сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды оны стационарлық емес жағдайларда пайдалануға жол береді, бұл ретте сәулелену көзімен жұмыс істеу жоспарланатын орын бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін (жазбаша түрде) хабардар ету керек.

55. Стационарлық емес жағдайларда ИСК-мен жұмыс жүргізетін радиациялық объектінің аумағынан тыс сәулелену көздерін уақытша сақтау орындарын құру кезінде осы Санитариялық қағидалардың 75-тармағының талаптары орындалуы тиіс.

56. Иондаушы сәулелену көздерімен жұмысты бастау сәтіне қарай заңды немесе жеке адам олармен жұмыс істеуге жіберілген адамдардың тізімін бекітеді, оларға қажетті оқытуды қамтамасыз етеді, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, иондаушы сәулелену көздерін есепке алуға және сақтауға, радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау және тапсыруды ұйымдастыруға, радиациялық бақылауға жауапты адамдарды тағайындайды.

57. Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыстар тоқтатылған кезде заңды және жеке тұлғалар бұл туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне хабарлайды.

58. Иондаушы сәулелену көздерімен жасалатын жұмыс көлемі мен сипатына байланысты радиациялық объектілер радиациялық қауіпсіздік қызметін құрады. Радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереже радиациялық объектінің басшысымен немесе ол уәкілеттік берген адаммен бекітіледі және қызметтің санын, құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

Қызметтің саны барлық радиациялық-қауіпті жұмыстар кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болатындай белгіленеді.

  1. Лауазымы бойынша персоналды сәулеленген адамдардың белгілі санатына жатқызуды персоналдың қорғаныш деңгейін және сәулелену дозаларын ескеру арқылы радиациялық объектінің әкімшілігі айқындайды.

  2. Кем дегенде 2-і адам істейтін сәулелену көздерімен жұмыс істеуге жіберілетін персоналға қойылатын талаптар өндірістік үдерістің сипатымен, қолданылатын жабдықтың түрімен және осы Санитариялық қағидалармен айқындалады.

  3. Иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеуге 18 жастан кіші емес, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, басшысының бұйрығымен радиациялық қауіпсіздік бойынша оқудан және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтан өткен «А» тобындағы персонал санатына жатқызылған адамдар жіберіледі.

  4. Егер бұл әрекеттер жұмысшылардың денсаулығына қатер төндіретін апаттар мен басқа да жайлардың алдын алу жөніндегі шұғыл шаралар қабылдауға бағытталмаған болса, сәулелену көздерімен жұмыстар жүргізілген кезде пайдалану және радиациялық қауіпсіздік бойынша нұсқауларда көзделмеген операцияларды орындауға жол берілмейді.

  5. Қорғаныш технологиялық жабдықтың (камералар, бокстар, сыртқа тарату шкафтары), сондай-ақ сейфтердің, радиоактивті қалдықтарға арналған контейнерлердің, көлік құралдарының, көліктік буып-түю жинақтардың, радиоактивті заттарды сақтауға және тасымалдауға арналған контейнерлердің, шаң мен газдан тазарту жүйелері сүзгілерінің, жеке қорғаныш және радиациялық бақылау құралдарының пайдалану шарттары белгіленетін дайындаушы заводтан құжаттары болады, қызмет көрсететін мекеме берген техникалық жарамдылығы туралы акт болғанда кепілдік мерзімі өткенге дейін пайдаланылады.

  6. Қолданылуы иондаушы сәулеленуді пайдалануға негізделген аспаптарды, аппараттарды, қондырғылар мен басқа да бұйымдарды, жұмысы кезінде иондаушы сәулелену генерацияланатын радионуклидті сәулелену көздерін, аспаптарды, аппараттар мен қондырғыларды, сондай-ақ эталонды сәулелену көздерін шығаруға тек жобалық құжаттама бойынша жол беріледі.



5-параграф. Сәулелену көздерін жеткізуге, есепке алуға, сақтауға және тасымалдауға қойылатын талаптар


  1. Сипаттамалары осы Санитариялық қағидалардың 5-тармағының талаптарында көрсетілген мәндерден асатын сәулелену көздері мен бұйымдарды бір заңды немесе жеке адамдан басқаға табыстау ИСК-ны табыстаушы, сондай-ақ қабылдаушы заңды немесе жеке адамның орналасқан жері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесін 15 күнтізбелік күн ішінде міндетті түрде (жазбаша түрде) хабардар етеді.

  2. Сәулелену көздерін алған заңды немесе жеке адам бұл туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне он бес күндік мерзімде хабардар етеді.

  3. Заңды немесе жеке адам сәулелену көздерінің сақталуын қамтамасыз етеді және сәулелену көздерінің жоғалуы немесе бақылаусыз пайдаланылу мүмкіндігін болдырмайтын барлық сәулелену көздерін оларды алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару жағдайларды қамтамасыз етеді.

  4. Сәулелену көздерін есепке алуға және сақтауға жауапты болып тағайындалған адам оларды қабылдануы мен табыстанылуы осы Санитариялық қағидаларға 7 және 8 - қосымшаларда көрсетілген белгіленген нысандар бойынша реттеуді жүзеге асырады.

  5. Радациялық объектіге келіп түскен барлық сәулелену көздері осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес иондаушы сәулелену көздерін есепке алудың кіріс-шығыс журналында есепке алынады. Әрбір сәулелену көзінің түріне жеке беттер толтырылады. Радионуклидті сәулелену көздерімен жинақталған құралдарды, аппараттарды және қондырғыларды есепке алу жеке журналда радиоактивті заттарды есепке алудан жүргізіледі. Есепке алу журналы тұрақты сақталуы тиіс.

  6. Радионуклидті сәулелену көздері ілеспе құжаттарға сәйкес радионуклид, препараттың атауы, орамасы мен белсенділігі бойынша есепке алынады. Радионуклидті сәулелену көздері пайдаланылатын аспаптар, аппараттар мен құрылғылар атаулары мен зауыт нөмірлері бойынша, жинаққа кіретін әрбір сәулелену көзінің белсенділігі мен нөмірі көрсетіле отырып, есепке алынады.

Қысқа мерзімдік радионуклидтер генераторлары олардың атаулары мен зауыт нөмірлері бойынша бас нуклидтің номиналдық белсенділігі көрсетіле отырып, есепке алынады. Иондаушы сәулелену тудыратын құрылғылар атаулары, зауыт нөмірлері мен шығару жылы бойынша есепке алынады.

Иондаушы сәулелену көздерін генерациялайтын құрылғылар атаулары, зауыт нөмірлері және шығарылған жылы бойынша есепке алынады.



Ұйымда генераторлардың, күшейткіштердің, ядролық реакторлардың көмегімен алынған радионуклидтер орамалары, препараттары мен белсенділіктері бойынша иондаушы сәулелену көздерін есепке алудың кіріс-шығыс журналында есепке алынады.

  1. Сәулелену көздерін сақтау орындарынан жауапты адам радиациялық объект басшысының немесе осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес радиоактивті заттарды беруге қойылатын талапқа сәйкес оған уәкілетті адамның жазбаша рұқсатымен береді.

Сәулелену көздерімен жұмыс істеуге жіберілген адамдар жұмыстан босатылған (ауыстырылған) жағдайда, олардың есебіндегі барлық сәулелену көздерін радиациялық объекті әкімшілігінің актісі бойынша қабылдайды.

  1. Ашық түрде пайдаланылатын радионуклидтерді шығындау сәулелену көздерін есепке алу мен сақтау және өндірістік радиациялық бақылау үшін жауапты адамдардың қатысуымен жұмысты атқарушылар жасайтын ішкі актілермен ресімделеді. Радиациялық объектінің радионуклидті сәулелену көздерін шығындау және шығысқа жазу туралы актілерді радиациялық объект әкімшілігі осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітеді.

  2. Заңды және жеке тұлғалар жыл сайын желтоқсанның 1-нен 30-на дейнгі кезеңде иондаушы сәулелену көздеріне түгендеуді жүргізуі тиіс.

иондаушы сәулелену көздерін ұрлау немесе жоғалту анықталған жағдайда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне дереу (жазбаша түрде) хабарлаған жөн.

  1. Сәулелену көздерін сақтауды және тасымалдауды қолданыстағы стандарттардың талаптарына сәйкес заттар мен материалдардың біртектестігі қағидаты бойынша жүргізу қажет.

  2. Жұмысқа пайдаланылмаған сәулелену көздері олардың сақталуын қамтамасыз ететін және оларға бөгде адамдардың қол жеткізуіне жол берілмейтін арнайы бөлінген орындарда немесе жабдықталған қоймаларда сақталады. Қоймада сақталатын радионуклидтердің белсенділігі санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыда көрсетілген мәндерден аспауы тиіс.

  3. Радиациялық объектінің аумағынан тыс сәулелену көздерін, оның ішінде далалық жағдайларда пайдаланылатын гамма-дефектоскопиялық аппараттарды уақытша сақтау қоймаларын құрған кезде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы қажет. Осындай қойманың немесе оның бөгде адамдардың қол жеткізу мүмкіндігін болдырмайтын қоршауының бетіндегі дозаның қуаты 1,0 мкЗв/сағ аспауы тиіс.

  4. Арнайы жабдықталған қойма үй-жайлары ғимараттың астыңғы белгілерінің деңгейінде (cу баспайтын жертөледе, бірінші қабатта) орналастырылады.

  5. Ашық сәулелену көздерін сақтауға арналған үй–жайлардың әрленуі мен жабдықталуы тиісті сыныптағы жұмыстарға арналған үй-жайларға қойылатын, бірақ ІІ сыныптан төмен емес талаптарға жауап береді.

  6. Радионуклидтік сәулелену көздерін сақтауға арналған құрылғылар (қуыстар, құдықтар, сейфтер) жекелеген сәулелену көздерін салу немесе алу кезінде персоналдың басқа сәулелену көздерінің сәулесіне ұшырамайтындай етіп құрастырылған болуы тиіс. Радиоактивті заттар бар секциялардың есіктері мен қаптамалары (контейнерлері) оңай ашылады және радионуклид атауы мен оның белсенділігін көрсететін айқын таңбасы болады. Радиоактивті сұйықтар бар шыны сыйымдылықтар металл немесе пластмасса қаптамаларға салынады.

Қоймада сәулелену көздерін орналастырудың карта-схемасы сәулелену көздерін есепке алуға және сақтауға жауапты адаммен жасалады және радиациялық объект басшысымен бекітіледі.

  1. Сақталу кезінде радиоактивті газдар, бу немесе аэрозольдар бөлініп шығуы мүмкін радионуклидтер жанбайтын материалдардан жасалған сыртқа тарату шкафтарында, бокстарда, камераларда түзілетін газдарды бұрғышы бар, желдету жүйелерінде тазартқыш сүзгілері бар жабық ыдыстарда сақталады. Қойма тәулік бойы жұмыс істейтін сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.

Белсенділігі жоғары радиоактивті заттарды сақтау кезінде оларды салқындату жүйecі көзделеді. Бөлінетін материалдарды сақтау кезінде радиациялық және ядролық қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіледі.

  1. Радионуклидтік сәулелену көздерін үй-жайлардың ішінде, сондай-ақ радиациялық объектінің аумағында тасымалдау сәулелену көздерінің физикалық күйін, олардың белсенділігін, сәулелену түрін, қаптама көлемдері мен массасын ескере отырып, қауіпсіздік жағдайларын сақтай отырып, контейнерлермен және қаптамада жүргізіледі.

  2. Сәулелену көздерін тасымалдауға арналған көлік құралдары қолданыстағы стандарт талаптарына сәйкес жүктің радиациялық қауіптілігі белгілерімен, сондай-ақ арнайы түстермен жабдықталады.

  3. Көлік құралдары экрандаушы радиациялық қорғау құрылғылармен, көмірқышқыл өрт сөндіргіштерінің орамасын бекітуге арналған құрылғылармен, авариялық жөндеуге арналған құрал-саймандар жинағымен, сіңіруші материалдар мен апат салдарларын жоятын басқа да құралдармен, шығарылатын белгілермен (дөңгелеуге қарсы тіректері бар "Авариялық тоқтау", "Радиациялық қауіп" "Қозғалысқа тыйым салынған"), жеке қорғаныш құралдарымен және арнайы киіммен, медициналық дәрі қобдишасымен, сыртқы және ішкі байланыс және хабарлау құралдарымен, сондай-ақ апаттық жұмыстарға арналған жабдықтармен, құрал-саймандармен және құрылғылармен қамтамасыз етіледі.

  4. Сәулелену көздерін бөлек салоны (кабина) және жүк бөлігі бар көлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етіледі. Жүк бөлігінің ішкі бетін әрлеу ылғалға төзімді және химиялық тұрақты жабынмен, одан қатерсіздендіретін ерітіндіні ағызуға арналған құрылғымен көзделеді.

85. Тасымалдаушылар жүзеге асыратын ИСК-ны қайта тиеу тұрғын үйлерден, ойын-сауық, мәдени-ағарту, оқу, мектепке дейінгі, емдеу және емдеу-сауықтыру мекемелерінен 1000 метрден жақын емес қашықтықта орналасқан қатты жабыны бар алаңда рұқсат етіледі. Елді мекендердің шегінде радиоактивті сәулелену көздерін қайта тиеуге жол берілмейді.

Қайта тиеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу «А» тобының персоналына жатқызылған адамдармен жүзеге асырылады, алаңда бөгде адамдардың болуына жол берілмейді.

ИСК қаптамасының қайта қымталуына жол бермеу мақсатында, барлық тиеу процестері барынша механикаландырылып, тікелей бір көлік құралынан екіншісіне жүзеге асырылады.

ИСК қайта тиеу жұмыстарын жүргізу сәтіне кемінде үш тәулік қалғанда, жүк тасымалдаушы қайта тиеу орнын көрсете отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (жазбаша түрде) хабарлайды.



  1. Көлік құралдары бетінің радиоактивті ластанудың жол берілетін деңгейлері осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген. 


 

6-параграф. Радиациялық объектілерді және сәулелену көздерін пайдаланудан шығаруға немесе ұзартуға қойылатын талаптар



 

  1. Радиациялық объектіні (сәулелену көзін) пайдалану мерзімін ұзарту немесе пайдаланудан шығару сондай-ақ оның нұсқасын таңдау туралы шешім технологиялық жүйелер мен жабдықтың, құрылыс конструкцияларының және іргелес аумақтың радиациялық және техникалық ахуалын кешенді тексеруден кейін қабылданады.

  2. І санаттағы радиациялық объектілерде белгіленген пайдаланудың аяқталу мерзіміне дейін кем дегенде бес жыл бұрын радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдармен келісілген барлық объектіні немесе оның бір бөлігін пайдаланудан шығарудың егжей-тегжейлі жобасы әзірленуі тиіс. ІІ санаттағы объектілер үшін пайдаланудан шығару жобасы пайдалану мерзімінің аяқталуына дейін 3 жылдан, ал ІІІ санаттағы объектілер үшін 1 жылдан кешіктірмей әзірленуі тиіс.

  3. Радиациялық объектіні пайдаланудан шығару жобасында оны пайдаланудан шығару әртүрлі кезеңдерде: тоқтату, консервациялау, бөлшектеу, бейінін өзгерту, жою немесе көму, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар көзделеді.

  4. Радиациялық объектіні пайдаланудан шығарудың жобасы:

  1. бөлшектеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жабдық дайындауды;

  2. бөлшектенетін жабдықтың дезактивациялау әдістері мен құралдарын;

  3. радиоактивті қалдықтарды кәдеге жарату тәртібін;

  4. объектіні пайдаланудан шығару жұмыстары кезінде қолданылатын радиациялық қорғау шараларының тізбесі мен сипатын;

  5. босатылатын алаңдар мен аумақтарды оңалтуды қамтуы тиіс.

  1. Радиациялық объектіні пайдаланудан алу жобасында персонал мен халықтың күтілетін жеке және ұжымдық сәулелену дозаларын бағалау керек.

  2. Радиациялық объектілерді пайдаланудан алу бойынша жұмыстарды радиациялық объектінің арнайы даярланған персоналы немесе атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиясы бар басқа ұйымдардың персоналы орындайды. Қажет болған жағдайларда персоналды даярлау алдағы жұмыстардың негізгі операцияларына ұқсас макеттер мен тренажерларда жүргізіледі.

  3. Сәулелену көздерін пайдалану мерзімін ұзарту мүмкіндігі туралы мәселе, егер мұндай мерзім ұзарту көздің техникалық құжаттамасымен тыйым салынбаса, қарастырылады және құрамында сәулелену көзін пайдаланатын заңды немесе жеке адам өкілдері бар, ал қажет болған жағдайда дайындаушы-ұйым өкілдері бар комиссиямен шешілуі тиіс. Комиссия қорытындысында сәулелену көзін одан әрі пайдаланудың мүмкіндігі, жағдайлары және мерзімі айқындалады.

  4. Генерациялайтын иондаушы сәулелену көздерін пайдаланудан шығарғаннан кейін, олар иондаушы сәулелену көздері ретінде пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын жағдайға келтірілуі тиіс.

Радионуклидтік көздерін пайдаланудан шығарғаннан кейін, олар арнайы ұйымдарға көму үшін жіберілуі тиіс.

7-параграф. Жабық сәулелену көздерімен және иондаушы сәулелену генерациялайтын құрылғылармен жұмыс жағдайларына қойылатын талаптар

 

  1. Жабық сәулелену көздерін және иондаушы сәулеленуді генерациялайтын қондырғыларды пайдалану осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Сәулеленудің жабық көздеріне арналған қауіптіліктің бес санат белгіленеді:

  1. I-санатына радиациялық әсердің бірнеше минуттан бір сағатқа дейінгі олармен қатынаста болған мезгілдегі өлім-жітімге алып келетін сәулеленудің жабық көздері жатады (A/Dос>1000);

  2. II- санатына радиациялық әсердің бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейінгі олармен қатынаста болған мезгілдегі өлім-жітімге алып келетін сәулеленудің жабық көздері жатады (A/Dос>1000);

  3. III- санатына радиациялық әсердің ықтималдығы аз болса да бірнеше күннен бірнеше аптаға дейінгі олармен қатынаста болған мезгілдегі өлім-жітімге алып келетін сәулеленудің жабық көздері жатады (10≥A/ Dос >1);

  4. IV- санатына радиациялық әсердің болуы мүмкін, бірақ ықтималдығы аз болса да бірнеше аптаның ішінде олармен қатынаста болған кезеңдегі денсаулыққа уақытша зиян тигізетін сәулеленудің жабық көздері жатады (1≥A/ Dос >0,01);

  5. V- санатына радиациялық әсердің зияндылығы жоқ және денсаулыққа неғұрлым қауіп төндірмейтін сәулеленудің жабық көздері жатады (0,01≥A/ Dос>МЗА).

Жабық радионуклидтік көздердің қауіптілік санатының шектері мөлшерсіз нормаланған қатынасты A/Dос енгізумен айқындалады, бұл жерде: А – жабық радионуклидтің ағымдағы белсенділігі, Dос - шекті белсенділік. Жабық көздер үшін қауіптілік санатын анықтауға арналған белсенділіктің шекті мәні гигиеналық нормативтерде көрсетілген.

Егер радионуклидттер бірдей бірнеше радионуклидті көздер бір радиозотопты аспапта (сәулелегіш құрылғыда) болатын болса, олардың жиынтық белсенділігі бір көздің белсенділігі болып есептеледі. Осы радионуклидті көздің санаты гигиеналық нормативтерге сәйкес A/D-мөлшері бойынша айқындалады.



Егер радионуклидті көздер әртүрлі радионуклидттермен бір радиозотопты аспапта немесе сәулелегіш құрылғыда болатын болса, A/D-мөлшері қатынасының сомасын

жиынтық
формуласына сәйкес есептеу қажет, бұл жерде: Аi, n - п - радионуклид көзінің жеке і белсенділігі, Dn - 2-кестеде көрсетілген п радионуклидіне арналған мән. Қауіптілік санаты гигиеналық нормативтерге сәйкес A/Dос жиынтық қатынасы бойынша айқындалады.

  1. Жабық сәулелену көздерін олардың тұмшалануы бұзылған жағдайда, сондай-ақ белгіленген пайдалану мерзімі аяқталған соң оның қызмет мерзімін ұзарту туралы құжатынсыз пайдалануға жол берілмейді.

  2. Жұмыс істемей тұрған жабық сәулелену көздері қорғаныш құрылғыларында болады, ал иондаушы сәулеленуді генерациялайтын қондырғылар тоқтан ажыратылған болуы тиіс. Жабық сәулелену көзі салынған құрылғы механикалық, химиялық, температуралық және басқа да әсерлерге төзімді болып жасалады радиациялық қауіптілік белгісі болады.

  3. Жабық сәулелену көзін контейнерден алу үшін қашықтықтан алатын құрал немесе арнайы аспап қолданылады. Қорғаныш контейнерден алынған сәулелену көзімен жұмыс кезінде қорғаныш қалқалары мен манипуляторлар, ал бір метр қашықтықта 2 мЗв/сағ артық доза қуатын тудыратын сәулелену көзімен жұмыс кезінде қашықтықтан басқарылатын арнайы қорғаныш құрылғылары (бокстар, шкафтар және басқалары) қолданылады.

  4. Жұмысы радионуклидтік сәулелену көздеріне негізделген тасымалды, жылжымалы, стационарлық дефектоскопиялық, терапиялық аппараттар мен басқа да қондырғылардың сәулелену дозасының қуаты сәулелену көзінің қорғаныш блогының бетінен бір метр қашықтықта 20 мкЗв/сағ аспауы тиіс.

Өндірістік жағдайларда қолдануға арналған радиоизотоптық аспаптардың сәулелену дозасының қуаты сәулелену көзінің қорғаныш блогының бетінде 100 мкЗв/сағ, ал одан бір метр қашықтықта 3 мкЗв/сағ аспауы тиіс.

Жұмыс істеген кезде ілеспе пайдаланылмайтын рентгендік сәуле пайда болатын құрылғылардың сәулелену дозасының қуаты кез келген беттен 0,1 метр қашықтықта 1,0 мкЗв/сағ аспауы тиіс.

  1. Сәулелену дозасының қуаты жұмыс істеп тұрған және сәулелену көздерін сақтау кезінде қондырғының бетінің қол жетерлік бөліктерінен бір метр қашықтықта 1,0 мкЗв/сағ аспайтын қондырғыларды (аппараттарды) пайдаланған кезде үй-жайға арнайы талаптар қойылмайды.

  2. Бағыты бойынша сәуле шоғы шектелмеген стационарлық аппараттар мен қондырғылардың жұмыс бөліктері бөлек үй-жайда орналастырылуы тиіс (көбіне жеке ғимаратта немесе ғимараттың бөлек қанатында); бұл үй-жайлардың қабырғаларының, еденінің, төбесінің материалы мен қалыңдығы сәулелену көзінің кез келген қалпында және шоғының бағыты кезінде жапсарлас үй-жайлар мен радиациялық объект аумағында бастапқы және шашыраңқы сәуленің жол берілген мәндерге дейін әлсіреуін қамтамасыз етеді.

Осындай аппаратты басқару пульті сәулелену көзінен бөлек үй-жайда орналастырылады. Аппарат тұрған үй-жайға кіретін есігі сәулелену көзін ауыстыру тетігімен немесе персоналдың кездейсоқ сәулелену мүмкіндігін болдырмау үшін жоғары (күшейткіш) кернеуді қосу арқылы бұғатталады.

  1. Жабық сәулелену көздері бар стационарлық қондырғыларда жұмыстар жүргізілетін үй-жайлар бұғаттау және көздің (көздер блогы) жағдайы туралы дабыл беру жүйелерімен жабдықталуы тиіс және қондырғыны энергиямен қуаттандыру ажыратылған жағдайда немесе басқа да кез келген оқыс жағдайларда сәулелену көзін сақтау қалпына мәжбүрлеп қашықтықтан ауыстыруға арналған құрылғы көзделеді.

  2. Жабық сәулелену көздерін су астында сақталған жағдайда бассейндегі судың деңгейін автоматты түрде сақтау, су деңгейінің өзгергені және жұмыс үй-жайындағы доза қуатының жоғарылағаны туралы дабыл беру жүйелері көзделеді.

  3. Жабық сәулелену көздерімен жұмыс кезінде үй-жайларды әрлеуге арнайы талаптар қойылмайды. Сәулелену блоктарын қайта зарядтау, жөндеу жүргізілетін үй-жайлар ІІІ сыныптың ашық сәулелену көздерімен жұмыс істеуге арналған талаптарға сәйкес жабдықталуы тиіс.

  4. Жұмыс үй-жайларының ауасында уытты заттардың нормативтен артық шоғырлануының жиналуына әкеп соғатын мөлшерде қуатты радиациялық қондырғыларды пайдалану және жабық сәулелену көздерін сақтау кезінде жұмыс аймағы ауасында уытты заттардың жол берілетін концентрациясынан асырмауды қамтамасыз ететін ішке сору-сыртқа тарату желдеткіші көзделеді.

  5. Жабық сәулелену көздері бар аспаптар мен иондаушы сәулеленуді генерациялайтын құрылғыларды үй-жайлардан тыс немесе ортақ өндіpіcтік үй-жайларда пайдалану кезінде сәулелену көздеріне бөгде адамдардың кіруіне мүмкіндік болмауы және көздердің сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс.

Персонал мен халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

  1. иондаушы сәулені жерге немесе адамдар жоқ жаққа бағыттау;

  2. сәулелену көздерін қызмет көрсететін персоналдан және басқа адамдардан мүмкіндігінше алысқа шығару;

  3. адамдардың сәулелену көздеріне жақын жерде болу уақытын шектеу;

  4. кемінде 3 метр қашықтықтан анық көрінетін радиациялық қауіптілік белгісі мен ескерту плакаттары ілу керек.

  1. Сәулелену көздерімен жұмыс басталғанға дейін персонал жабдықтардың жарамдығына тексеруді жүргізуге міндетті. Ақаулар анықталған жағдайда жұмысты тоқтата тұру қажет, радиациялық объектінің әкімшілігін хабардар етіп, техникалық қызмет көрсетуді және жабдықтарды жөндеуді жүзеге асыратын ұйым өкілін шақыруы тиіс.

8-параграф. Ашық сәулелену көздерімен (радиоактивті заттармен) жұмыс жағдайларына қойылатын талаптар



 

  1. Радионуклидтер ішкі сәулеленудің әлеуетті көздері ретінде ЕАМБ-ға байланысты радиациялық қауіптілік дәрежесі бойынша төрт топқа бөлінеді:

  1. «А» тобы – ең аз мәнді белсенділігі 103 Беккерель радионуклидтер;

  2. «Б» тобы – ең аз мәнді белсенділігі 104 Бк және 105 Бк радионуклидтер;

  3. «В» тобы – ең аз мәнді белсенділігі 106 Бк және 107 Бк радионуклидтер;

  4. «Г» тобы – ең аз мәнді белсенділігі 108 Бк және одан артық радионуклидтер.

Радионуклидтің радиациялық қауіптілік тобына тиістілігі Гигиеналық нормативтерде келтірілген ең аз мәнді белсенділігіне сәйкес белгіленеді. Осы қосымшада келтірілмеген, кемінде 24 сағат жартылай ыдырау кезеңімен қысқа мерзімдік радионуклидтер «Г» тобына жатады.

110. Ашық сәулелену көздері қолданылатын барлық жұмыстар үш сыныпқа бөлінеді. Ашық сәулелену көздерімен жүргізілетін жұмыстар сыныбы оның МАҮБ радионуклидтің меншікті белсенділігі асқан жағдайда радионуклидтің радиациялық қауіптілік тобына және оның жұмыс орнындағы белсенділігіне байланысты осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаның 3-кестесі бойынша белгіленеді. Сұйықтықтармен қарапайым операциялар кезінде (булаусыз, айдаусыз, барботажсыз және басқа да) жұмыс орнында радионуклидтердің белсенділігін 10 есе ұлғайтуға рұқсат етіледі. Генераторлардан медициналық мақсаттағы қысқа мерзімдік радионуклидтерді өндіру (элюирлеу) және өлшеп орау бойынша қарапайым операциялар кезінде радионуклидтердің белсенділігін жұмыс орнында 20 есе ұлғайтуға жол беріледі. Жұмыстар сыныбы еншілес радионуклидтің бір мезгілде барынша шайылатын (элюирленетін) белсенділігі бойынша анықталады. уран және оның қосындыларын қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін жұмыс сыныбы өндіріс сипатына байланысты анықталады және арнайы ережелермен регламенттеледі. Ашық ИСК-ны сақтау кезінде радионуклидтердің белсенділігін 100 есе ұлғайтуға рұқсат етіледі.



111. Жұмыс орнында радиациялық қауіптілік топтары әртүрлі радионуклидтер болған жағдайда, олардың белсенділігі радиациялық қауіптіліктің «А» тобына мынадай формула бойынша келтіріледі:



мұнда: СЭ–»А» тобының белсенділігіне келтірілген жиынтық белсенділік, Бк;

СА– «А» тобы радионуклидтерінің жиынтық белсенділігі, Бк;

MMАA – «А» тобы үшін маңыздылығы ең аз белсенділік, Бк;

Сі– «А» тобына жатпайтын жекелеген радионуклидтердің белсенділігі;

ЕАМБі – Гигиеналық нормативтерде келтірілген жекелеген радионуклидтердің маңыздылығы ең аз белсенділігі.

  1. Ашық сәулелену көздерімен жұмыстар жүргізілетін үй-жайларды орналастыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар жұмыстар сыныбымен айқындалады.

  2. Ашық сәулелену көздерімен жұмыстар кезіндегі қалыпты пайдалану кезінде, сондай-ақ радиациялық апат салдарларын жою кезінде де персоналды ішкі және сыртқы сәулеленуден қорғау, жұмыс үй-жайлары ауасының және беттерінің, персоналдың тері жабыны мен киімінің, сондай-ақ қоршаған орта объектілерінің (ауаның, топырақтың, өсімдіктердің) ластануына шектеу қамтамасыз етіледі.

  3. Радионуклидтердің жұмыс үй-жайлары мен қоршаған ортаға түсуін шектеу статикалық (үй-жайлар жабдығы, қабырғалары мен жабындары) және динамикалық (желдету және газ тазарту) тосқауылдар жүйесін пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.

  4. Ашық сәулелену көздерімен жұмыстар жүргізілетін радиациялық объектілерде әр жұмыстар сыныбына арналған үй-жайларды бір жерге жинақтау керек. Радиациялық объектілерде барлық үш сынып бойынша жұмыстар жүргізілген жағдайда үй-жайлар оларда жүргізілетін жұмыстар сыныбына сәйкес бөлінеді.

  5. Белсенділігі МАБ мәндерден төмен ашық сәулелену көздерімен жұмыстарды радиациялық қауіпсіздік бойынша қосымша талаптар қойылмайтын өндірістік үй-жайларда жүргізуге жол беріледі.

  6. ІІІ сыныптың жұмыстары химиялық зертханаларға қойылатын талаптарға сәйкес жеке үй-жайларда жүргізіледі. Осы үй-жайлардың құрамында ішке сору-сыртқа тарату желдеткіші және душ құрылғысы көзделеді. Ауаның радиоактивті ластану мүмкіндігіне байланысты жұмыстар (ұнтақпен операциялар, ерітінділерді булау, эманациялаушы және ұшпа және басқа заттармен жұмыс істеу) сыртқа тарату шкафтарында жүргізілуі тиіс. Үй-жайлардың жоғарғы беттері тегіс, зақымданусыз болып, жуып-тазалауға және дезактивациялауға рұқсат беруі тиіс.

  7. ІІ сынып жұмыстары ғимараттың жеке бөлігінде құрастырылған басқа үй-жайлардан оқшауланған үй-жайларда жүргізіледі. Бір ұйымда біртұтас технологияға байланысты ІІ және ІІІ сынып жұмыстары жүргізілген жағдайда ІІ сынып жұмыстарына қойылатын талаптарға сәйкес жабдықталған үй-жайлардың ортақ блогын бөлуге жол беріледі.

Жоспарлау кезінде персонал тұрақты және уақытша болатын үй-жайлар бөлінеді.

Бұл үй-жайлардың құрамында санитариялық өткізгіш немесе санитариялық шлюз көзделеді. ІІ сынып жұмыстарына арналған үй-жайлар сыртқа тарату шкафтарымен немесе бокстармен жабдықталады.

  1. І сынып жұмыстары жеке ғимаратта немесе ғимараттың тек санитариялық өткізгіші арқылы жеке есігі бар оқшауланған бір бөлігінде жүргізіледі. Жұмыс үй-жайлары бокстармен, камералармен, каньондармен немесе басқа да тұмшаланған жабдықпен жабдықталады. Үй-жайлар үш аймаққа бөлінеді:

  1. бірінші аймақ – сәулелену және радиоактивті ластанудың негізгі көздері болып табылатын технологиялық жабдық пен байланыстар орналастырылатын қызмет көрсетілмейтін үй-жайлар. Технологиялық жабдық жұмыс істеп тұрған кезде персоналдың қызмет көрсетілмейтін үй-жайларда болуына жол берілмейді;

  2. екінші аймақ – жабдықты жөндеуге, технологиялық жабдықты ашуға байланысты басқа жұмыстарға арналған, радиоактивті материалдарды тиеу және түсіру, шикізат, дайын өнім мен радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтау тораптарын орналастыруға арналған мезгілмен қызмет көрсетілетін үй-жайлар;

  3. үшінші аймақ – персонал барлық ауысым бойына тұрақты болатын үй-жайлар (оператор отыратын жерлер, басқару пульттері);

Радиоактивті ластанудың таралуын болдырмау үшін аймақтардың арасында санитариялық шлюздер жабдықталады.

І сыныптың жұмысы кезінде радиациялық объектінің мақсатына және қолданылатын тосқауылдардың тиімділігіне байланысты жұмыс үй-жайларын қызмет көрсетілмейтін үй жайлар және персонал тұрақты болатын үй-жайлар аймақтары енетін екі аймақтық жоспарлауға жол беріледі.

  1. І және ІІ сынып жұмыстарының үй-жайларында жылытудың, газбен жабдықтаудың, сығылған ауаның, су құбырының жалпы жүйелерін басқару және топтық электр қалқандары жұмыс үй-жайларынан шығарылуы тиіс.

  2. Персоналдың ашық сәулелену көздерінен сыртқы сәулелену деңгейлерін төмендету үшін автоматтандыру және қашықтықтан басқару жүйелері, сәулелену көздерін қалқалау және жұмыс операцияларының уақытын қысқарту қолданылады.

  3. Радиоактивті заттармен жұмыстар жүргізілетін радиациялық объектілерде өндірістік үй-жайлар мен жабдықты дезактивациялау бойынша іс-шаралар кешені көзделеді.

  4. ІІ сыныптың және І сыныптың 3-аймағының жұмыстарына арналған үй-жайлардың едендері мен қабырғалары, сондай-ақ І сыныптың 1 және 2-аймақтарының төбелері жуу құралдарына төзімді, сіңіргіштігі төмен материалдармен қапталуы тиіс. Әртүрлі аймақтар мен сыныптарға жататын үй-жайлар әртүрлі түстерге боялады.

  5. Есіктер, терезелер, жабдықтар мен жұмыс жиһазы материалдардан жасалып, радиоактивті ластанулардың тиімді жойылуын қамтамасыз ететін конструкциясы болуы тиіс. Еден жабындарының шеттері көтеріліп және қабырғалармен жіктестірілген болуы тиіс. Траптар болған жағдайда едендердің еңісі болуы тиіс.

  6. Радиоактивті заттармен жұмыс істеуге арналған үй-жайлардың биіктігі және бір жұмысшыға шаққандағы ауданы құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптары бойынша айқындалады. І және ІІ сынып жұмыстарына арналған үй-жайдың бір жұмысшыға шаққандағы ауданы 10 шаршы метрден кем болмауы тиіс.

  7. Жабдық пен жұмыс жиһазының беттері тегіс, конструкциялары қарапайым және радиоактивті ластанулардан тазартуды жеңілдететін сіңіргіштігі төмен жабындары болуы тиіс.

  8. Жабдық, құрал-сайман және жиһаз әр сыныптың (аймақтың) үй-жайларына бекітіледі және сәйкесінше таңбаланады. Оларды бір сыныптың (аймақ) үй-жайынан екіншісіне беруге жол берілмейді.

  9. Камералар мен бокстарда радиоактивті заттармен жүргізілетін өндірістік операциялар қашықтық құралдары арқылы немесе қасбет қабырғасына герметикалық орнатылған қолғаптарды қолдану арқылы орындалады. Өңделетін өнімді, жабдықты тиеу мен түсіру, камералық қолғаптарды, манипуляторларды ауыстыру камералардың немесе бокстардың тұмшалануын бұзбастан жүргізіледі.

  10. Жұмыс орнындағы радиоактивті заттардың көлемі жұмысқа қажет ең аз шамада болады. Радиоактивті заттарды таңдау мүмкіндігі болған жағдайда радиациялық қауіптілік тобы төмен заттарды, ұнтақтарды емес, ерітінділерді, үлестік белсенділігі неғұрлым төмен ерітінділерді пайдаланады.

Үй–жайлар мен қоршаған ортаның радиоактивті ластануы мүмкін болатын операциялар санын мейлінше азайтқан жөн (ұнтақтарды басқа ыдысқа салу, құрғақтау). Радиоактивті ерітінділермен қолмен жасалатын операциялар кезінде автоматты тамшуырлар немесе резеңке грушасы бар тамшуырлар қолданылады.

  1. Ашық көздермен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру технологиялық үдерістер (операциялар) кезінде түзілетін радиоактивті қалдықтарды мейлінше азайтуға бағытталуы тиіс.

  2. Жұмыс беттерінің, жабдық пен үй–жайлардың радиоактивті заттармен зертханалық жағдайларда жұмыс істеу кезінде ластануын шектеу үшін сіңіргіштігі төмен материалдардан жасалған науалар мен табандықтар, пластик пленкалар, сүзгіш қағаз және бір реттік пайдаланылатын басқа да материалдар пайдаланады.

  3. Ашық сәулелену көздерімен жұмыс кезінде желдету және ауа тазарту құрылғылары жұмыс үй–жайлардың ауасы мен атмосфералық ауаны радиоактивті ластанудан қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Жұмыс үй-жайлары, сыртқа тарату шкафтары, бокстар, арналар және басқа да технологиялық жабдық ауа ағыны аз ластанған кеңістіктерден көбірек ластанған кеңістіктерге бағытталатын болып жасалады.

  4. Радиациялық объектілердің өндірістік ғимараттары мен құрылыстарында ауаны желдетуді, баптауды, сондай–ақ желдету ауасын атмосфераға шығаруды және оны шығару алдында тазартуды жобалауды осы санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жүргізеді. Радиоактивті заттардың атмосфераға шығарындылары халықтың сыни тобында 10 мкЗв/жыл астам дозаны құрауы мүмкін радиациялық объектілер үшін рұқсат етілген шекті шығарындылары осы санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде белгіленеді.

  5. Баспаналардан, бокстардан, камералардан, шкафтардан және бacқa да жабдықтан аласталатын ластанған ауа атмосфераға шығару алдында тазартылады. Бұл ауаны тазартқанға дейін сұйылтуға жол берілмейді.

І сыныптың және ІІ сыныптың жұмыстары жүргізілетін радиациялық объектілерде биіктігі алаудың жерге түсу орнында атмосфералық ауада радиоактивті заттардың көлемдік белсенділігін халық үшін доза шегінің белгіленген квотасынан асырмауды қамтамасыз ететін мәндерге дейін төмендетуді қамтамасыз етуге тиіс сыртқа шығаратын құбырлар көзделеді.

  1. Егер ауаның жыл бойғы жиынтық шығарындысы радиациялық объекті үшін белгіленген рұқсат етілген шығарынды мәнінен аспайтын болса, оны сыртқы ауаға тазартусыз шығаруға жол беріледі. Бұл ретте халықтың ішкі және сыртқы сәулелену деңгейлері белгіленген квоталардан аспауы тиіс.

  2. Ашық сәулелену көздерімен жұмыстар үшін тек жалпы ауданның бір бөлігі ғана бөлінетін ғимараттарда бөлек желдету жүйелерін көздеу қажет.

  3. Ауаның рециркуляциясы жүйесін қолдану кезінде І және ІІ сынып жұмыстарына арналған үй–жайларды радиоактивті және уытты заттардан тазарту және желдету қамтамасыз етіледі.

  4. Тұмшаланған камералар мен бокстарда жабық ойықтар болған кезде кемінде 20 миллиметр (бұдан әрі - мм) су бағанының сиретілуі қамтамасыз етілуі тиіс, камералар мен бокстар сирету дәрежесін бақылау аспаптарымен жабдықталады. Сыртқа тарату шкафтары мен баспаналардың жұмыс ойықтарындағы ауа қозғалысының есептік жылдамдығы секундына 1,5 метрге (бұдан әрі – м) тең қабылданады.

Сиретуді су бағанының 10 мм-ге дейін қысқа уақытқа төмендетуге және ашық ойықтардағы ауа жылдамдығын секундына 0,5 м-ге дейін төмендетуге жол беріледі.

  1. Сыртқа тарату шкафтарын, бокстар мен камераларды қамтамасыз ететін желдеткіштерді жеке арнайы үй-жайларда орналастырады. І сыныптың жұмыстарына арналған үй-жайларда сыртқа тарату камерасы екінші аймақ үй-жайларының құрамына кіруі тиіс; І сыныптың жұмыстарына арналған үй-жайларға қызмет көрсететін желдету жүйелерінде өнімділігі толық есептіктен кемінде 1/3 болатын резервтік агрегаттар болуы тиіс.

Қозғалтқыштардың іске қосқыштарында жарық дабыл беруі болуы тиіс, оларды 3-аймақтың үй-жайларында орналастырады.

  1. Эманацияланатын және ұшпа радиоактивті заттармен жұмыстарға арналған қоймалардың, жұмыс үй-жайларының және бокстардың тұрақты әрекет ететін сыртқа тарату желдету жүйесі көзделуі тиіс. Жүйе өнімділігі толық есептіліктен кемінде 1/3 болатын резервтік сыртқа тарату агрегатымен қамтамасыз етіледі.

  2. І және ІІ сыныптардың радиоактивті заттармен жұмыстар кезінде шаң-газ тазарту жүйелері мен қондырғыларын таңдау және құру кезіндегі негізгі талаптары мыналар болып табылады:

  1. шаң-газ тазарту жабдығы бірліктерінің ең аз саны;

  2. шаң-газ тазарту жабдығына қызмет көрсету, жөндеу және ауыстыру үдерістерін механикаландыру және автоматтандыру, ал қажет болған жағдайларда бұл жұмыстарды қашықтықтан жүргізу;

  3. тазарту аппараттары мен сүзгілер жұмысының тиімділігін бақылау және дабыл беру жүйелерінің болуы; көп сатылы шаң-газ тазарту жүйecі жағдайында барлық жүйенің, сондай-ақ оның жекелеген бөліктерінің (сатыларының) жұмысын автоматтандырылған бақылау және дабыл беру көзделеді;

  4. шаң-газ тазарту жабдығын сәулелену көзі ретінде сенімді оқшаулау, қызмет көрсету кезінде персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  1. Сүзгілер мен аппараттарды бас ауа бұру жүйелерінің ластануын барынша төмендететіндей етіп тікелей бокстардың, камералардың, шкафтардың, баспаналардың жанына орнатады.

  2. Шаң-газ тазарту жабдығы бөлек үй-жайларда (ғимараттардың бір бөліктерінде, жеке ғимараттарда) орналастырылған жағдайда, оларға негізгі өндірістік үй-жайларға қойылатын талаптарға ұқсас талаптар қойылады. Шаң-газ тазарту жабдығын шатырда орналастырған жағдайда, ол техникалық қабат ретінде жабдықталады.

  3. Шаң-газ тазарту жабдығы үй-жайлары оқшауланған болуы және негізгі өндірістік үй-жайлармен және аймақтармен ауа арқылы қатынаспауы тиіс. Шаң-газ тазарту жабдығы үй-жайларына кіретін және шығатын жерлер санитариялық шлюз арқылы жүзеге асырылады.

  4. Шаң-газ тазарту жабдығы үй-жайларының кешенінде сүзгілерді, аппараттарды және олардың элементтерін жөндеуге, бөлшектеуге, уақытша сақтауға, сондай-ақ жинау және дезактивация құралдарын сақтауға арналған оқшауландырылған үй-жайлардың немесе тұмшаланған желдетілетін учаскелердің болуы көзделеді.

  5. Шаң-газ тазарту жабдығы І сыныптағы жұмыстар үшін учаскелерде орталықтандырып орналастырылған жағдайда, шаң-газ тазарту кешенін жоспарлау негізіне аймақтандыру қағидаты қойылған.

  6. І сыныптың жұмыстарына және жекелеген ІІ сыныптың жұмыстарына арналған үй-жайларда жабдықты аймақтандырып орналастыру кезінде персоналдың шлангалы оқшаулағыш жеке қорғаныш құралдарына (пневмокостюмге, пневмошлемге, шлангалы газтұтқыштарға) ауа жіберуді, сондай-ақ жылжымалы сыртқа тарату қондырғыларын сыртқа тарату желдеткіш жүйелеріне қосу мүмкіндігін көздеу қажет.

Шлангалы қорғаныш құралдарына ауа жіберу үшін ауаның қажетті қысымы мен шығымын қамтамасыз ететін жеке пневможелі немесе жеке желдеткіштер орнатуға жол беріледі. Шлангтардың қосылу орындары шар немесе серіппелі автоматты қақпақтармен жарақталады.

  1. Ашық сәулелену көздері қолданылатын жұмыстарға арналған үй-жайлардың жылытылуы су немесе электр негізінде көзделеді.

  2. Барлық сыныптардың ашық сәулелену көздерімен жұмыстар жүргізілетін радиациялық объектілерде суық және ыстық сумен жабдықтау және кәріз болуы тиіс. ІІІ сыныптың жұмыстарын жүргізетін және елді мекендерден тыс немесе орталықтанған сумен жабдықтауы жоқ дала зертханалары үшін өзгеше болуына жол беріледі.

  3. І және ІІ сыныптардың жұмыстарына арналған үй-жайларда раковиналарға жіберілетін судың шүмектерінде араластырғыштар болуы және педалдық, шынтақтық немесе байланыссыз құрылғының көмегімен ашылуы тиіс. Унитаздарды шаю суды педалдық ағызу арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Қолжуғыштарда қолға арналған электрлі кептіргіштер болуы тиіс.

  4. Арнайы кәріз жүйесі ағын суларды дезактивациялауды және оларды технологиялық мақсаттар үшін қайта пайдалану мүмкіндігін көздеуі тиіс. Тазарту құрылыстары арнайы үй-жайларда немесе ұйым аумағының қоршалған учаскесінде орналастырылуы тиіс. Кәріз жүйесі сарқынды сулардың мөлшерін және белсенділігін бақылау құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Арнайы кәріз жүйесінде радиоактивті ерітінділерді ағызуға арналған қабылдағыштар (раковиналар, траптар) тоттануға төзімді материалдардан жасалған болуы немесе ішкі және сыртқы беттерінің тоттануға төзімді белсенділігі жеңіл жойылатын жабындары болуы тиіс. Қабылдағыштардың құрылымы ерітінділердің шашырау мүмкіндігін болдырмауы тиіс.

  1. Ауа жеткізгіштерді, су құбыры, кәріз және басқа да коммуникацияларды қабырғалар мен жабындарда салу иондаушы сәулеленуден қорғаудың әлсіреуіне әкеліп соқпауы тиіс.


10-параграф. Санитариялық өткізгіштерге және санитариялық шлюздерге қойылатын талаптар


  1. Санитариялық өткізгіш ашық сәулелену көздерімен жұмыстар жүргізілетін ғимаратта немесе ғимараттың өндірістік корпуспен (зертханамен) жабық галерея арқылы жалғасқан жеке бөлігінде орналастырылады.

Санитариялық өткізгіштің құрамына: душ бөлмелері, үй киімін ілетін орындар, арнайы киімді ілетін орындар, жеке қорғаныш құралдарын сақтауға арналған үй-жайлар, тері жабыны мен арнайы киімді радиометрлік бақылау пункті, кірлеген арнайы киім қоймасы, таза арнайы киім қоймасы, дәретхана бөлмелері кіреді.

Санитариялық өткізгіште педалдық немесе байланыссыз басқарылатын ауыз су фонтаны болады.

  1. Санитариялық өткізгіштің жоспарлануы персоналдың жеке және арнайы киім ағындарының қиылысу мүмкіндігін болдырмауы тиіс. Еркін қол жеткізу аймағының үй-жайларынан санитариялық өткізгішке соқпай бақыланатын қол жеткізу аймағының үй-жайларына өту мүмкіндігі болмауы тиіс.

  2. Стационарлық санитариялық шлюздер жұмыс үй-жайларының екінші және үшінші аймақтарының арасында орналастырылады. Жүргізілетін жұмыстар көлеміне және сипатына байланысты санитариялық шлюздерде мыналар көзделеді:

  1. қосымша жеке қорғаныш құралдарын ауыстырып киюге, сақтауға және алдын ала дезактивациялауға арналған орындар;

  2. қол жуғыштар;

  3. радиациялық бақылау орны.

Стационарлық санитариялық шлюздерден басқа тікелей жөндеу жұмыстары жүргізілетін үй-жайдың кіреберісінде орнатылатын тасымалды санитариялық шлюздерді қолдануға жол беріледі.

  1. Санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың еденінің, қабырғалары мен төбелерінің, сондай-ақ шкафтар беттерінің ылғалға төзімді, радиоактивті заттарды сіңіргіштігі төмен және жеңіл тазартылатын және дезактивацияланатын жабындары болуы тиіс.

  2. Гардеробтағы үй және жұмыс киімін сақтауға арналған орындар саны ауысымда тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін адамдардың ең жоғары санына сәйкес болуы тиіс.

  3. Ластанған арнайы киімге арналған қойманы орналастыру жууға жіберілетін киімді таза үй-жайларға соқпай көшеге шығару арқылы жабық тасымалдануды қамтамасыз етуі тиіс. Қойма радиометрлік бақылау орындары мен кірлеген арнайы киім гардеробына жақын орналастырылады.

Арнайы киімді сұрыптау оның түрі мен радиоактивті ластану дәрежесі бойынша жүргізіледі. Ластанған арнайы киім гардеробтан қоймаға буып-түйілген күйде кейін арнайы жуу орнына тапсыру үшін беріледі.

  1. Жеке қорғаныш құралдарын (алжапқыштар, көзілдіріктер, респираторлар, қосымша аяқ киім) сақтауға және беруге арналған үй-жайлар таза аймақта, таза арнайы киім гардеробы мен жұмыс үй-жайларының ортасында орналастырылады.

Санитариялық өткізгіштердің «таза» және «лас» аймақтарын тазлауға арналған тазалау құралдары арнайы үй-жайларда (қоймаларда) немесе арнайы шкафтарда бөлек сақталуы тиіс.

  1. Тері жабындарын радиометрлік бақылау пункті себезгі бөлмесі мен үй киімі гардеробының ортасында орналастырылады.

11-параграф. Радионуклидтермен ластанған немесе



құрамында радионуклидтер бар материалдар мен бұйымдарды

қолдануға қойылатын талаптар

 

  1. Құрамында радионуклидтер аз материалдар мен бұйымдарды жұмыста пайдалануға жол беріледі. Құрамында радионуклидтер бар шикізатты, материалдарды, бұйымдар мен өнімдерді ықтимал пайдалану туралы шешім қабылдау критериі оларды пайдалануды жоспарланған түрінде 10 мкЗв аспауы тиіс күтілетін жылдық жеке тиімді сәулелену дозасы болып табылады, жылдық ұжымдық тиімді доза бір адам-Зиверттен артық болмауы тиіс.

  2. Бетінде бекітілмеген (алынатын) радиоактивті ластануы бар материалдар мен бұйымдардың (металл, ағаш және басқалары) қолданылуына жол берілмейді.

  3. Гигиеналық нормативтерде келтірілген мәндерден кем техногендік радионуклидтердің меншікті белсенділігі кезінде, арнайы жұмыс істеуін талап ететін деңгейлерге дейін радионуклидтердің концентрациялануына әкелетін пайдалануды қоспағанда, кез келген материалдарды, шикізатты, бұйымдарды және өнімдерді (басқа азық-түлік шикізатын, тамақ өнімдерін, ауыз су және жануарлар үшін жем) пайдалануға ешқандай шектеулер енгізілмейді.

.

  1. Техногендік радионуклидтердің меншікті белсенділігі бар шикізат, материалдар, бұйымдар мен өнімдер Гигиеналық нормативтерде келтірілген мәндерден МАҮБ мәндеріне дейін (бірнеше техногендік радионуклидтер болған жағдайда материалдағы барлық техногендік радионуклидтердің үлестік белсенділігінің қатынасу сомасы МАҮБ мәндеріне олар үшін 1-ден аз болуы тиіс) және осы Санитариялық қағидалардың 161-тармағының талаптарын сақтаған кезде шекті қолданылуы мүмкін. Одан әрі осы шикізаттан, материалдардан немесе бұйымдардан өндірілген өнім міндетті радиациялық бақылауға жатады.

  2. Құрамында шығу тегі табиғи радиоактивті заттар бар құрылыс материалдары мен тыңайтқыштарын пайдалану кезінде Гигиеналық нормативтер талаптарының сақталуы қамтамасыз етіледі.

  3. Құрамында осы санитариялық қағидалардың 161-тармағында келтірілген деңгейлерден жоғары радиоактивті заттармен ластанған одан әрі пайдалануға арналған материалдар, бұйымдар мен өнімдер Гигиеналық нормативтерде көрсетілген деңгейлерге дейін дезактивациялауға жатады.

  4. Радионуклидтердің құрамы туралы және радиациялық объектіден шығаруға арналған шикізатта, материалдарда, бұйымдар мен өнімдерде алынатын радиоактивті ластанудың жоқтығы туралы құжатты осы объектінің радиациялық қауіпсіздігі қызметі (немесе жауапты адам) береді.

  5. Қайта өңдеу объектілеріне жөнелтугe арналған ластанған металл шикізат оның белсенділігі жойылғаннан кейін радиациялық объектілерде алдын ала қайта балқытуға немесе қайта балқытылған металды одан әрі пайдаланудың кез келген нұсқасында қайтадан радиоактивті қалдықтардың түзілуін болдырмайтын өзге бір түрде қайта өңдеуге жатады.

  6. Құрамында радионуклидтер бар материалдарды дезактивациялауды, қайта балқытуды немесе өзге бір түрде қайта өңдеуді жүргізу осы объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда жол беріледі. Шикізатты қайта өңдеу және оны одан әрі пайдалану технологиясы қорытындыға сәйкес әзірленеді және осы объект басшысымен бекітіледі.

  7. Металдарды алдын ала қайта балқыту немесе өзге бір түрде қайта өңдеуден кейін шектеусіз пайдалану үшін негізгі ұзақ мерзімдік радионуклидтер бойынша рұқсат етілген үлестік белсенділіктің сандық мәндері осы Санитариялық қағидаларға 12-қосымшада келтірілген.

  8. Осы Санитариялық қағидалардың 192-тармағына сәйкес шектеулі пайдалану санатына жатқызылған шикізатты, материалдар мен бұйымдарды пайдалану мүмкін емес немесе үйлесімсіз болған жағдайда, олар өнеркәсіптік қалдықтарды көму орындарындағы арнайы бөлінген учаскелерге жіберіледі. Бұл қалдықтарда алынатын радиоактивті ластанудың болуына жол берілмейді. Осындай шикізатты, материалдарды, өнімдерді және бұйымдарды көму тәртібі, жағдайлары және тәсілдері осы объектілерге жауап беретін ұйымдармен немесе мамандандырылған ұйымдармен белгіленеді.

  9. Құрамында МАҮБ мәндерден жоғары радионуклидтер бар шикізатты, материалдар мен бұйымдарды одан әрі пайдалану мүмкін емес немесе үйлесімсіз болған жағдайда, олармен радиоактивті қалдықтар сияқты жұмыс істеу қажет.

 

 

12-параграф. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге



қойылатын талаптар


  1. атмосфералық ауаға техногендік радионуклидтердің шығарындысы заңнамаға сәйкес белгіленетін нормативтік белгіленген рұқсат етілген шығарындылар мен рұқсат құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Газ тәрізді радиоактивті қалдықтар белсенділігін төмендету мақсатында рұқсат етілген шығарындымен реттелетін деңгейге дейін ұсталуға және (немесе) сүзгілерде тазалауға жатады, содан кейін атмосфераға жойылуы мүмкін.

  1. қалдықтарды радиоактивтілерге жатқызу критерийлері, оларды жіктеу, сондай-ақ радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен санитариялық ережелер, гигиеналық нормативтер талаптарына сәйкес (бұдан әрі – нормалау құжаттары) белгіленеді.

  2. Агрегаттық күйі бойынша радиоактивті қалдықтар сұйық, қатты және газ тәріздес болып бөлінеді. сұйық және қатты радиоактивті қалдықтармен жұмыс жасау жүйесі оларды жинауды, залалсыздандыруды, қайта өңдеуді, сақтау және (немесе) көмуді, сондай-ақ радиоактивті қалдықтарды тасымалдауды қамтиды.

  3. Радиоактивті қалдықтарды объектіден мамандандырылған ұйымға өңдеуге, ұзақ уақыт сақтауға және (немесе) көмуге беру арнайы қаптамаларда (контейнерлерде) жүргізілуі тиіс.

Қаптаманың (контейнердің) беттеріндегі радиоактивті ластану деңгейлері осы Санитариялық қағидалардың 85-тармағында келтірілген мәндерден аспауы тиіс.

  1. Радиоактивті қалдықтарды тасымалдау мамандандырылған ұйымдармен нормалау құжаттарына сәйкес арнайы жабдықталған көлік құралдарында жүргізілуі тиіс.

  2. Радиоактивті қалдықтарды көму орындарын таңдау гидрогеологиялық, геоморфологиялық, тектоникалық және сейсмикалық жағдайларды ескере отырып, жүргізілуі тиіс. Бұл ретте, ұзақ мерзімді болжауды ескере отырып, қалдықтарды оқшаулаудың бүкіл мерзімі ішінде халықтың және қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.

  3. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жүзеге асырылатын қызмет процесінде заңды немесе жеке адамдар, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру үшін, осы объектінің басшысымен бекітілетін радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу схемасы болуы тиіс.

  4. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің барлық кезеңдерінде олармен негізделген халықтың тиімді сәулелену дозасы жылына 10 мкЗ-дан аспауы тиіс.

  5. Жауапты адам жұмыс істеу процесінде түзілетін радиоактивті қалдықтарды жинауға, уақытша сақтауға және жоюға дайындауға жүйелі түрде бақылауды және есепке алуды жүргізеді. Көрсетілген мәліметтер нормалау құжаттарына сәйкес нысан бойынша радиоактивті қалдықтарды есепке алу журналына енгізіледі.

  6. Радиациялық объектінің әкімшілігі тағайындайтын комиссия жылына бір рет мамандандырылған ұйымның көмуге тапсырған, сондай-ақ радиациялық объектіде орналасқан радиоактивті қалдықтардың санын есепке алудың дұрыс жүргізілуін тексереді.

Көмуге тапсырылатын радиоактивті қалдықтардың партиясына паспорттарды алғаннан кейін, он жұмыс күн ішінде заңды немесе жеке адамдар көмуге тапсырылатын радиоактивті қалдықтардың партиясына паспорттардың көшірмесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынады.

13-параграф. Техногендік иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде радиациялық бақылауға қойылатын талаптар


  1. Техногендік сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі радиациялық бақылау персонал мен халықтың сәулелену деңгейлерін айқындайтын барлық негізгі радиациялық көрсеткіштерге жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір радиациялық объектіде радиациялық бақылау жүйecі бақылау түрлерінің, радиометрлік және дозиметрлік аппаратура типтерінің, өлшеу орындары мен бақылау кезеңділігінің нақты тізбесін көздейді.

Радиациялық бақылау персоналдың дозиметриялық бақылауын және радиациялық жағдайдың бақылауын қамтуы тиіс.

Өндірістік жағдайларда табиғи сәулелену көздерінің персоналдың сәулеленуіндегі үлесі ол жылына 1 мЗв асатын жағдайларда бақыланады және есепке алынады.

  1. Жеке дозиметриялық бақылау персоналдың жылдық дозаларын анықтау мақсатында жүргізіледі және «А» тобының персоналы үшін міндетті болып табылады. Персоналдың сәулеленуіне жеке дозиметриялық бақылауға жұмыстың сипатына байланысты мыналар кіреді:

  1. тері жабыны мен жеке қорғаныш құралдарының ластануын радиометрлік бақылау;

  2. тура және/немесе жанама радиометрия әдістерін қолдану арқылы ағзаға радиоактивті заттардың түсу сипатын, динамикасын және деңгейлерін бақылау;

  3. жеке дозиметрлер қолдану арқылы немесе есептеу жолымен сырттай бета-, гамма- және рентгендік сәулелену, сондай-ақ нейтрон дозаларын бақылау. Радиациялық бақылау нәтижелері бойынша персоналдың тиімді дозаларының мәндері есептеледі, ал қажет болған жағдайда жекелеген ағзалардың эквивалентті сәулелену дозаларының мәндері айқындалады.

  1. Радиациялық жағдайды бақылауға жүргізілетін жұмыстар сипатына байланысты мыналар кіреді:

  1. жұмыс орындарында, жапсарлас үй-жайларда, радиациялық объект аумағында, санитариялық-қорғаныш аймағы мен байқау аймағында рентген, гамма және нейтрондық сәулелену дозаларының қуатын, иондаушы сәулелену бөлшектері ағынының тығыздығын өлшеу;

  2. жұмыс беттерінің, жабдықтың, көлік құралдарының, персоналдың жеке қорғаныш құралдарының, тері жабындары мен киімінің радиоактивті заттармен ластану деңгейлерін өлшеу;

  3. жұмыс үй-жайларының ауасындағы газдар мен аэрозольдердің көлемдік белсенділігін айқындау;

  4. радиоактивті заттардың шығарындылары мен төгінділерінің белсенділігін өлшеу немесе бағалау;

  5. санитариялық-қорғаныш аймағы мен байқау аймағындағы қоршаған орта объектілерінің радиоактивті ластану деңгейлерін өлшеу.

  1. І және ІІ санаттардың объектілерін өндірістік радиациялық бақылау жүйесі келесі техникалық құралдарды:

  1. стационарлық автоматтандырылған техникалық құралдар негізінде үзіліссіз бақылауды;

  2. бірге алып жүретін және жылжымалы техникалық құралдар негізінде жедел бақылауды;

  3. стационарлық зертханалық аппаратура, талдау үшін сынамалар сұрыптау және дайындау құралдары негізінде зертханалық талдауды пайдалануы тиіс.

Автоматтандырылған жүйелер ақпаратты бақылауды, тіркеуді, бейнелеуді, жинауды, өңдеуді, сақтауды және беруді қамтамасыз етуі тиіс.

  1. Өздігінен бөлінудің тізбекті реакциясы туындауы мүмкін мөлшерде бөлінетін материалдармен жұмыстар жүргізілетін үй-жайларда, сондай-ақ ядролық реакторлар мен шекті жинақтауларда және жұмыстар жүргізу кезінде радиациялық жағдай елеулі өзгеруі мүмкін басқа да І сыныпты жұмыстар кезінде дыбыстық және жарықпен дабыл беру құрылғылары бар радиациялық бақылау аспаптарын орнатады, ал персонал апаттық дозиметрлермен қамтамасыз етіледі.

  2. Персоналдың сәулелену дозаларын жеке бақылау нәтижелері 50 жыл бойы сақталады. Жеке бақылау жүргізу кезінде жылдық тиімді және эквивалентті дозалардың, соңғы 5 жылдағы тиімді дозаның, сондай-ақ бүкіл кәсіптік қызмет кезеңі ішінде жинақталған жиынтық дозаның есебі жүргізіледі. Персоналдың жеке сәулелену дозаларының деректері (жылдық және жарты жылдық) осы Санитариялық қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес «Иондаушы сәулеленудің техногендік көздерін қалыпты пайдалану жағдайларында персонал адамдарының сәулелену дозалары туралы мәліметтер» № 1-ДОЗ нысаны бойынша және «Радиациялық апат немесе жоспарланатын көтеріңкі сәулелену жағдайларында персонал адамдарының, сондай-ақ апаттық сәулеленуге ұшыраған халық адамдарының сәулелену дозалары туралы мәліметтер» № 2-ДОЗ нысаны бойынша ресімделеді және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

  3. ИСК-мен жұмыс істейтін адамдардың сыртқы сәулеленуінің жеке дозасын есепке алу карточкасын (бұдан әрі – персоналдың жеке карточкасы) жалдаушы «А» және «Б» тобының персоналына жататын әрбір қызметкерге бастауы тиіс. Персоналдың жеке карточкасының нысаны осы Санитариялық қағидаларға 13-қосымшада келтірілген.

Жеке сәулелену дозасы кейіннен персоналдың жеке карточкасына, сондай-ақ радиациялық объектілерде деректер базасын құру үшін машина тасымалдаушыға енгізумен журналда тіркеледі.

Сәулелену көздерімен жұмыс жүргізілетін басқа ұйымға ауысқан жағдайда жұмыскердің жеке карточкасының көшірмесі жаңа жұмыс орнына табысталуы тиіс; еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда қызметкердің қолына беріледі; түпнұсқасы бұрынғы жұмыс орнында сақталады.

  1. Сәулелену көздерімен жұмыс істеуге іссапарларға жіберілетін адамдарға алынған сәулелену дозалары туралы толтырылған жеке карточканың көшірмесі берілуі тиіс. Іссапарға жіберілген адамдардың сәулелену дозалары туралы деректер олардың жеке карточкаларына кіруі тиіс.

  2. Техногендік сәулелену көздерімен жұмыстар жүргізілетін радиациялық объектілерде бақылау деңгейлері белгіленеді.

Бақылау деңгейлерінің тізбесі мен сандық мәндері жұмыс жағдайларына сәйкес және қорытынды негізінде айқындалады.

  1. Бақылау деңгейлерін белгілеу кезінде мыналарды ескере отырып оңтайландыру қағидатын басшылыққа алу керек:

  1. радиациялық әсердің уақыт ішіндегі біркелкі еместігі;

  2. осы объектідегі радиациялық әсердің қол жеткізілген деңгейін рұқсат етілген деңгейден төмен сақтаудың орындылығы;

  3. радиациялық жағдайды жақсарту бойынша іс-шаралардың тиімділігі.

Жұмыс сипаты өзгерген кезде бақылау деңгейлерінің тізбесі мен сандық мәндері нақтылануға жатады. Атмосфера ауасындағы және су қоймалары суындағы радионуклидтердің көлемдік және меншікті бақылау деңгейлерін айқындау кезінде олардың азық-түлік тізбектері бойынша түсу мүмкіндігін және сол жерде жиналған радионуклидтердің сыртқы сәулеленуін ескеру керек.

  1. Радиациялық бақылаудың нәтижелері дозалар шектерінің мәндерімен және бақылау деңгейлерімен салыстырылады. Бақылау деңгейлерінің жоғарылауын объектінің әкімшілігі талдауы тиіс.

Радиациялық қауіпсіздікті радиациялық бақылау нәтижелерін талдау әр объектіде жүзеге асырылады, бағалау нәтижелері жыл сайын радиациялық объектінің радиациялық-гигиеналық паспортына енгізіледі. Радиациялық қауіпсіздікті бақылау деректері радиациялық ахуалды бағалауға, бақылау деңгейлерін анықтауға, сәулелену дозаларын төмендету бойынша іс-шараларды әзірлеуге және олардың тиімділігін бағалауға, радиациялық объектінің радиациялық-гигиеналық паспорттарын жүргізуге пайдаланылады. ИСК-мен жұмыс түріне байланысты радиациялық-гигиеналық паспорттың нысаны әзірленеді және радиациялық объектінің әкімшілігі бекітеді, ол халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведмоствасының аумақтық бөлімшелеріне ұсынылады.

Радиациялық объектінің радиациялық-гигиеналық паспорттарының үлгілік нысаны осы Санитариялық қағидаларға 14-қосымшада көрсетілген.

Персонал үшін Гигиеналық нормативтерде белгіленген дозалар шектерінен немесе халықтың сәулелену квоталарынан асу жағдайлары туралы радиациялық объектінің әкімшілігі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін (жазбаша түрде) хабардар етеді.

14-параграф. Жеке қорғаныш және жеке гигиена құралдарын

пайдалануға қойылатын талаптар


  1. Сәулелену көздерімен жұмыс істейтін немесе осындай жұмыстар жүргізілетін учаскелерге баратын барлық адамдар жұмыстар түріне және сыныбына сәйкес жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

  2. Ашық түрде І сынып радиоактивті заттарымен жұмыстар кезінде және ІІ сынып жекелеген жұмыстары кезінде персоналда жеке қорғаныштың негізгі құралдары жиыны болуы, сондай-ақ ықтимал радиоактивті ластану деңгейі мен сипатына байланысты қосымша қорғаныш құралдары болуы тиіс.

Жеке қорғаныш құралдарының негізгі жиынына: арнайы ішкиім және аяқ киім, шұлық, комбинезон немесе костюм (кеудеше, шалбар), қалпақ немесе дулыға, қолғаптар, бір рет қолданылатын сүлгілер мен бет орамалдар, тыныс алу органдарын қорғау құралдары (ауаның ластануына байланысты) кіреді.

ІІ сыныптың жұмыстары кезінде және ІІІ сыныптың жекелеген жұмыстары кезінде персонал халаттармен, қалпақтармен, қолғаптармен, жеңіл аяқ киіммен және қажет болған жағдайда тыныс алу мүшелерінің қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі.

  1. Радиоактивті заттармен жұмыстарға арналған жеке қорғаныш құралдары белсенділікті жақсы жоятын материалдардан жасалады немесе бір рет пайдаланылатын құралдар қолданылады.

  2. Радиоактивті ерітінділермен және ұнтақтармен жұмыс істейтін адамдарда, сондай-ақ радиоактивті заттармен жұмыстар жүргізілетін үй-жайларды жинайтын персоналда жеке қорғаныш құралдарының негізгі құралдары жиынынан басқа қосымша пленка материалдардан немесе полимерлі жабыны бар материалдардан жасалған арнайы киімі: алжапқыштар, жеңқаптар, кеудешелер, шалбарлар, резеңке немесе пластик арнайы аяқ киім болады.

  3. Радионуклидтермен ластанған металды дәнекерлеу немесе кесу бойынша жұмыстар атқаратын персонал ұшқынға төзімді белсенділігі жақсы жойылатын материалдардан жасалған арнайы жеке қорғаныш құралдарымен жабдықталады.

  4. Тыныс алу ағзаларының қорғаныш құралдарын (сүзгіш немесе оқшаулағыш) үй-жай ауасының радиоактивті заттармен ықтимал аэрозольді ластану жағдайларында (ұнтақтармен жұмыстар жүргізу, радиоактивті ерітінділерді булануы) қолдану қажет.

  5. Үй-жай ауасының радиоактивті газдармен немесе булармен ластануы мүмкін жұмыстар кезінде (апаттарды жою, жөндеу жұмыстары) немесе сүзгіш құралдар қолдану радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етпейтін болса оқшаулағыш қорғаныш құралдарын (пневматикалық костюмдер, пневматикалық дулығалар, ал жекелеген жағдайларда - дербес оқшаулағыш аппараттар) қолдану керек.

  6. Тері жабындарының радиоактивті ластану ықтималдығы бар радиациялық объектілерде дезактивация құралдары ретінде жуу құралдары пайдаланылады.

  7. Жоғары сыныптың жұмыстарына арналған үй-жайлардан төмен сыныптың жұмыстарына арналған үй-жайларға өту кезінде жеке қорғаныш құралдарының радиоактивті ластану деңгейлері бақыланады. Екінші аймақтан үшінші аймаққа өту кезінде қосымша жеке қорғаныш құралдарын шешеді.

  8. Рұқсат етілген деңгейлерден жоғары ластанған арнайы киім мен ішкиім дезактивация үшін арнайы кір жуу орындарына жөнелтеді. Негізгі арнайы киім мен іш киімді ауыстыруды персонал кемінде жеті күнде бір рет жүзеге асырады.

Қосымша жеке қорғаныш құралдары (пленка, резеңке, полимерлік жабыны бар) әр пайдаланудан кейін санитариялық шлюзде немесе басқа арнайы бөлінген жерде алдын ала дезактивацияланады. Егер дезактивациядан кейін олардың қалдық ластануы рұқсат етілген деңгейден жоғары болса, қосымша жеке қорғаныш құралдары арнайы кір жуу орнына жөнелтіледі.

  1. Ластану анықталған жағдайда, жеке киім мен аяқ киім радиациялық қауіпсіздік қызметінің бақылауымен дезактивациялауға, ал оны тазалау мүмкін болмаған жағдайда көмілуге жатады.

  2. Ашық түрде радиоактивті заттармен жұмыстарға арналған үй-жайларда мынаған:

  1. жұмыскерлердің жеке қорғаныш құралдарынсыз болуына;

  2. ас ішуге, темекі шегуге, косметикалық заттарды пайдалануға;

  3. азық-түлік өнімдерін, темекі бұйымдарын, үй киімін, косметикалық заттар мен жұмысқа қатысы жоқ басқа да заттар сақтауға жол берілмейді.

  1. Ас ішу үшін ыстық су тартылған қолжуғышпен жабдықталған, ашық түрде радиоактивті заттармен жұмыстар жүргізілетін үй-жайлардан оқшауланған арнайы үй-жай көзделеді.

  2. Радиоактивті заттармен жұмыстар жүргізілетін үй-жайлардан шығар кезде арнайы киім мен басқа жеке қорғаныш құралдарының радиоактивті ластануына бақылау жүргізіледі, арнайы киім мен басқа жеке қорғаныш құралдарының радиоактивті ластануы анықталған жағдайда, дезактивациялауға жіберіледі.

4-тарау. Медициналық сәулелену кезінде радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



 

  1. Пациенттер мен халықтың медициналық сәулеленуінің барлық түрлері (профилактикалық, диагностикалық, емдік, зерттеу) кезіндегі радиациялық қауіпсіздік рентгендік-радиологиялық емшаралардың барынша көп пайдасына қол жеткізу және радиациялық зиянды азайту арқылы қамтамасыз етіледі.

  2. Диагностикалық ақпарат немесе терапиялық эффект алу мақсатында пациенттерді медициналық сәулелендіру дәрігердің тағайындауымен және пациенттің келісімімен жүргізіледі. Тиісті емшараны өткізу туралы түпкілікті шешімді рентгенолог дәрігер немесе радиолог дәрігер қабылдайды.

  3. Медициналық диагностикалық сәулелендіру басқа баламалы диагностикалық әдістер ақпарат тұрғысынан жеткіліксіз болса немесе қолдану мүмкін болмаған жағдайларда медициналық көрсетілімдер бойынша жүзеге асырылады.

  4. Емшаралар орындаудың оңтайлы режимдері және оларды орындау кезінде пациенттің сәулелену деңгейлері көрсетілетін сәулелік диагностика мен терапия әдістемесі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітіледі.

  5. Рентгендік-радиологиялық диагностикалық зерттеулердің барлық түрінің жүргізілу регламенттері детерминирленген сәулелік әсерлердің болмауына кепілдік береді.

  6. Адамдарды ғылыми медициналық ақпарат алу мақсатында сәулелендіру зерттелушілерге сәулелендірудің ықтимал салдарлары туралы мәліметтер тапсырылғаннан кейін олардың міндетті түрдегі жазбаша келісімі кезінде жүзеге асырылады.

  7. Сәулелік терапия жүргізу кезінде сәулелік асқынулар қаупін төмендету мақсатында патологиялық ошақтың орналасуы ескеріледі.

  8. Рентгендік–радиологиялық медициналық зерттеулер мен сәулелік терапия үшін Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізіліміне енгізілген және оны пайдалану құқығына қорытындысы бар аппаратура пайдаланылады.

  9. Сәулелік терапия және диагностика бөлімдері (бөлімшелері) емдік-диагностикалық емшараларды орындау кезінде пациентті және персоналды радиациялық қорғаудың жылжымалы және жеке құралдарының міндетті жинағын қолданады.

  10. Рентгендік-радиологиялық диагностикамен және терапиямен айналысатын медициналық персонал пациенттердің сәулелену дозаларын мүмкіндігінше төмен деңгейде сақтай отырып, қорғауды қамтамасыз етеді.

  11. Пациенттің әрбір жүргізілген рентгендік-радиологиялық зерттеуден және сәулелік терапия емшараларынан алған сәулелену дозалары оның амбулаториялық картасына міндетті қосымша болып табылатын дербес медициналық сәулелену дозаларын есепке алу парағына енгізіледі.

  12. Пациенттің жинақталған медициналық диагностикалық сәулелену дозасы 0,5 Зв жеткенде, егер сәулелік емшаралар өмірлік мәні бар қажеттілікпен байланысты болмаса, оның сәулеленуін одан әрі шектеу бойынша шаралар қабылданады.

  13. Пациенттің талабы бойынша оған күтілетін немесе алынған сәулелену дозасы туралы және рентгендік-радиологиялық емшаралар жүргізудің ықтимал салдарлары туралы ақпарат ұсынылады.

  14. Медицина персоналына өзінің кәсіби сәулеленуін қысқарту мақсатында пациенттің сәулеленуін ұлғайтуға жол берілмейді.

  15. Пациентке терапевттік мақсатта радиофармацевттік препарат енгізу кезінде дәрігер оған ұрпақ өсіруден уақытша бой тартуға кеңес береді.

  16. Радиофармацевттік құралдарды диагностика және терапия мақсатында жүкті әйелдерге енгізуге жол берілмейді.

  17. Диагностика немесе терапия мақсатында емшек емізетін аналарға радиофармацевттік препараттар енгізу кезінде баланы емшекпен тамақтандыру уақытша тоқтатылады.



5-тарау. Табиғи сәулелену көздерінің әсер етуі кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 


  1. Өндірістік жағдайларда табиғи сәулелену көздерінің әсері кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптар жұмыскерлердің табиғи радионуклидтерден сәулеленуі жылына 1 мЗв-дан асатын кез келген объектілерге қойылады (жер асты жағдайларында жұмыстарды жүзеге асыратын табиғи радионуклидтердің құрамы жоғары минералдық және органикалық шикізат қазбалайтын және қайта өңдейтін ұйымдар).

Урандық емес кеніштер мен басқа да жер асты құрылыстарының жобалық құжаттамасында радиациялық қауіпсіздік мәселелері сипатталған.

  1. Табиғи радионуклидтер (уран, радий, торий) алу мақсатында кен қазбалайтын және қайта өңдейтін объектілер, сондай-ақ осы радионуклидтерді пайдаланатын ұйымдар техногендік сәулелену көздерімен жұмыстар жүргізетін ұйымдарға жатады.

  2. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар тұрғызу үшін аумақтың топырақ үстінен радон ағынының тығыздығы секундына шаршы метрге 250 микробеккерельден (бұдан әрі - мБк/(м2*с) аспайтын учаскелерін таңдайды. Ғимарат құрылысын топырақ үстінен радон ағынының тығыздығы 250 мБк/(м2*c) асатын учаскеде жобалау кезінде ғимараттың жобасында радоннан қорғану жүйесі көзделеді.

  3. Техногендік сәулелену көздерімен жұмыстар жүргізілмейтін объектілерде жұмыскерлердің өндірістік жағдайларда табиғи сәулелену деңгейлері Гигиеналық нормативтерде келтірілген мәндерден аспауы тиіс. Жұмыс ұзақтығын өзгерту, радиациялық әсер деңгейін айқындайтын өндірістік шаңдағы радионуклидтердің радиоактивті тепе-теңдігінің бұзылу жағдайларында объектінің әкімшілігі қорытынды негізінде радиациялық әсерді бақылау деңгейлерін белгілейді.

  4. Табиғи сәулелену көздері себепші болған радиациялық жағдайды бақылау жүзеге асырылуға тиіс жұмыс жасайтын объектілердің, цехтардың немесе жеке жұмыс орындарының тізбесін құрастыру үшін оларға бастапқы тексеру жүргізіледі.

  5. Егер тексеру нәтижесінде объектіде жұмыскерлердің 1 мЗв/жыл сәулелену дозаларынан асу жағдайлары анықталмаған болса, онда одан әрі радиациялық бақылау міндетті болып табылмайды. Алайда өндірістік технологияны жұмыскерлердің сәулеленуінің ұлғаюына әкеліп соғуы мүмкін түрде елеулі өзгерту кезінде қайтадан тексеру өткізіледі.

  6. Дозаның ұлғаюы 1 мЗв/жыл белгіленген, бірақ дозаның 2 мЗв/жыл ұлғаюы жоқ объектілерде жұмыскерлердің сәулелену деңгейлері ең жоғары жұмыс орындарында іріктелген радиациялық бақылау жүргізіледі.

  7. Жұмыскерлердің сәулелену дозалары жылына 2 мЗв-дан аспайтын объектілерде сәулелену дозаларын тұрақты бақылау жүзеге асырылады және оларды төмендету бойынша іс–шаралар жүргізіледі.

  8. Гигиеналық нормативтерде белгіленген нормативтен (5 мЗв/жыл) жоғарылау анықталған жағдайларда, радиациялық объектінің әкімшілігі жұмыскерлердің сәулеленуін төмендету бойынша шаралар қабылдайды. Гигиеналық нормативтерде көрсетілген нормативті сақтау мүмкін болмаған жағдайда, объектіде тиісті жұмыскерлерді жұмыс жағдайлары бойынша техногендік сәулелену көздерімен жұмыс істейтін персоналға теңестіруге жол беріледі. Қабылданған шешім туралы объект әкімшілігі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведмоствосының аумақтық бөлімшесіне (жазбаша түрде) хабарлайды. Жұмыс жағдайлары бойынша техногендік сәулелену көздерімен жұмыс істейтін персоналға теңестірілген адамдарға «А» тобының персоналы үшін белгіленген радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық талаптар қолданылады.

  9. осы Санитариялық қағидалардың «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» параграфында келтірілген критерийлер бойынша радиоактивті қалдықтар санатына жатқызылатын объектілерде оларды жинау, уақытша сақтау және көму ұйымдастырылады.

  10. Халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптар реттелетін табиғи сәулелену көздеріне: радон изотоптарына және олардың үй-жайлары ауасында ыдырау өнімдеріне, құрылыс бұйымдарында болатын табиғи радионуклидтердің гамма-сәулеленуіне, ауыз суда, тыңайтқыштарда және пайдалы қазбаларда болатын табиғи радионуклидтерге қолданылады.

  11. Халықтың радиациялық қауіпсіздігінің салыстырмалы дәрежесін табиғи сәулелену көздерінің тиімді дозаларының мынадай мәндері сипаттайды: жылына 2 мЗв-дан кем – сәулелену елдің тұрғындары үшін табиғи сәулелену көздері дозаларының орташа мәндерінен аспайды; жылына 2-ден 5 мЗв-ге дейін - көтеріңкі сәулелену; жылына 5 мЗв-дан астам - жоғары сәулелену. Сәулеленудің жоғары деңгейлерін төмендету бойынша іс-шаралар бірінші кезекті тәртіпте жүзеге асырылуы тиіс.

  12. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттар тұрғызу үшін аумақтардың учаскелерін таңдау кезінде гамма-аясы 0,3 мкГр/сағ аспайтын және топырақ үстінен радон ағынының тығыздығы 80 мБк/(м2*с) артық емес учаскелер бөлінеді.

  13. Ғимарат құрылысы үшін радон ағынының тығыздығы 80 мБк/(м2хс) артық учаске бөлінген кезде ғимараттың жобасында радоннан қорғану жүйесі (тұтас бетон тұғырық, жертөле үй-жайы жаппасының жетілдірілген оқшаулауы) көзделеді. Топырақ үстінен радон ағынының тығыздығы 80 мБк/(м2*с) кем болған кезде радоннан қорғану іс-шараларының қажеттілігі әр жағдайда қорытынды негізінде айқындалады.

  14. Өндірістік радиациялық бақылау тұрғын үйлер мен әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттардың барлық құрылысы, қайта жаңарту, күрделі жөндеу және пайдалану кезеңдерінде жүзеге асырылады. Нормативтік мәндерден асу анықталған жағдайларда себептерге талдау жүргізілуі және гамма-сәулелену қуатын және (немесе) үй-жайлардың ауасындағы радон құрамын төмендетуге бағытталған қорғану іс-шаралары жүзеге асырылуы тиіс. Салынып, қайта жаңартылып немесе күрделі жөнделіп жатқан ғимараттың гамма-сәулелену дозасының және үй-жайлардың ауасындағы радонның көлемдік белсенділігінің қуаты нормативтік мәндерге сәйкес келуі тиіс.

  15. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттарды өндірістік радиациялық бақылауды заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген ұйымдар жүзеге асырады.

  16. Құрылыс материалдары мен бұйымдарындағы табиғи радионуклидтер құрамын бақылауды өндіруші ұйым жүзеге асырады. Табиғи радионуклидтердің үлестік белсенділігінің мәндері мен қауіптілік сыныбы материалдар мен бұйымдардың әр партиясының ілестірме құжаттамасында (паспортында) көрсетіледі.

  17. Фосфорлы тыңайтқыштар мен мелиоранттардағы табиғи радионуклидтердің үлестік белсенділігінің мәндерін жеткізушілер ілеспе құжатта көрсетеді.

6-тарау. Радиациялық апаттар кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


жүктеу 2,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау