«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 2,43 Mb.
бет1/3
Дата22.05.2018
өлшемі2,43 Mb.
#16094
түріКодекс
  1   2   3



.

Астана қаласы город Астана


«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы

2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының


6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.

  2. «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 261 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11205 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

  2. осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдеріне Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

  3. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі


Е. Біртанов


«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі

_______________ Қ. Бозымбаев

2018 жылғы «___» ___________
«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

______________ Т. Сүлейменов

2018 жылғы «___» ___________

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2018 жылғы « » .

№ бұйрығымен

бекітілген



«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Осы «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Cанитариялық қағидалары (бұдан әрі – Cанитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №155 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10671 болып тіркелді) «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтің күші таралатын иондаушы сәулелену көздерінен барлық сәулелену жағдайларында зиянды радиациялық әсерден персоналды және халықты қорғау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2. Санитариялық ережелер Қазақстан Республикасының аумағында олардың бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, қызмет нәтижесінде адамдардың сәулеленуі ықтимал барлық заңды және жеке тұлғалармен орындау үшін міндетті болып табылады.

3. Санитариялық қағидалар:

1) жобалау, радиоактивті заттарды және басқа иондаушы сәулелену көздерін өндіріп шығару, өндіру, сақтау, пайдалану, тасымалдауды;

2) радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау және көмуді;

3) әсері иондаушы сәулеленуді генерациялайтын иондаушы сәуле шығару көздерін және электрофизикалық қондырғыларды пайдалануға негізделген аспаптарды, қондырғылар мен аппараттарды монтаждау, жөндеу және реттеуді;

4) иондаушы сәулеленудің техногенді көздерін радиациялық бақылауды жүзеге асыратын барлық заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.

Санитариялық қағидалар сондай-ақ адамдардың табиғи иондаушы сәулелену көздерімен сәулелену деңгейі қызметіне байланысты болатын заңды және жеке тұлғаларға және радиоактивті заттармен ластанған аумақта жұмыстарды орындайтын ұйымдарға қолданылады.

  1. Осы Cанитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

  1. ағзадағы немесе тіндегі доза (бұдан әрі – DТ) – адам денесінің белгілі бір ағзасындағы немесе тініндегі орташа сіңірілген доза:



мұнда: mт – ағзаның немесе тіннің массасы, ал D – dm массасының элементіндегі сіңірілген доза;

  1. ашық сәулелену көзі – оны пайдалану кезінде оның құрамындағы радионуклидтердің қоршаған ортаға түсуі ықтимал сәулелену көзі;

  2. апаттық сәулелену – радиациялық апат нәтижесіндегі сәулелену;

  3. арнайы контейнер – еркін ашуға болмайтын жүктерді арасында қайта тиеусіз, буып-түйілген немесе буып-түйілмеген жүктерді бір немесе бірнеше көлік түрімен тасымалдау үшін конструкцияланған көлік жабдығы, көп рет қолдану мақсатында қатты және берік жасалады. Арнайы контейнерлер ретінде үлкен жүк контейнерлері және буып-түю жиынтықтары болуы мүмкін.

  4. араласу деңгейі (бұдан әрі – АД) – созылмалы немесе апаттық сәулелену ахуалдарының пайда болу жағдайларында қорғаныш немесе апаттан кейінгі шаралар қабылданатын, қол жеткізілген кезде жол берілмейтін дозалар шамасы;

  5. араласу – сәулелену ықтималдығын не сәулелену дозасын немесе сәулеленудің қолайсыз салдарларын төмендетуге бағытталған іс-қимыл;

  6. радиациялық объектінің радиациялық-гигиеналық паспорты – ұйымда радиациялық қауіпсіздік жағдайын сипаттайтын және оны жақсарту бойынша ұсынымдар қамтылған құжат;

  7. әлеуетті сәулелену – радиациялық апат нәтижесінде пайда болуы мүмкін сәулелену;

  8. белсенділік (бұдан әрі – Б) – уақыттың осы сәтінде нақты энергетикалық жағдайдағы радионуклидтің қандай да бір мөлшерінің радиоактивті шамасы:

dN – dТ уақыт аралығында болатын, нақты энергетикалық жағдайдан кенеттен ядролық түрге айналудың күтілетін саны. Белсенділік бірлігі Беккерель (бұдан әрі – Бк) болып табылады. Бұрын қолданылған жүйеден тыс белсенділік бірлігі кюри (бұдан әрі - Ки) 3,7x1010 Бк құрайды;



  1. байқау аймағы – радиациялық бақылау жүргізілетін санитариялық-қорғаныш аймағынан тыс аумақ;

  2. бақылау деңгейі – қол жеткен радиациялық қауіпсіздік деңгейін бекіту, персонал мен халықтың сәулеленуін, қоршаған ортаның радиоактивті ластануының одан әрі төмендеуін қамтамасыз ету мақсатында жедел радиациялық бақылау үшін белгіленетін дозаның, доза қуатының, радиоактивті ластанудың бақыланатын шамасының мәні;

  3. доза қуаты – уақыт бірлігі (секунд, минут, сағат) ішіндегі сәулелену дозасы;

  4. доза шегі (бұдан әрі – ДШ) – қалыпты жұмыс жағдайларында жоғарыламауы тиіс жылдық тиімді немесе эквивалентті техногендік сәулелену дозасының шамасы. Жылдық доза шегін сақтау детерминирленген әсерлердің пайда болуының алдын алады, ал бұл ретте стохастикалық әсердің ықтималдығы қолайлы деңгейде сақталады;

  5. D-шамасы – жоғарылаған кезде детерминирленген әсерлер анықталатын және радиоактивті көз қауіпті болып есептелетін жеке радионуклидтерге арналған белсенділіктің шекті мәні. Қауіптілік санаты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 155 бұйрығымен бекітілген «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтерінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10671 болып енгізілді) (бұдан әрі – Гигиеналық норматив) келтірілген.

  6. детерминирленген сәулелену әсерлері – иондаушы сәулелену тудырған, оларға қатысты одан төмен болғанда әсер болмайтын, ал одан жоғары болғанда әсердің ауырлығы дозаға байланысты болатын шектің болуы болжанатын, клиникалық анықталатын зиянды биологиялық әсерлер;

  7. дезактивация – қандай да бір беттен немесе қандай да бір ортадан радиоактивті ластануды жою немесе төмендету;

  8. маңыздылығы ең аз белсенділік (бұдан әрі - МАБ) – асып кеткен кезде көз еспке алуға және бақылауға жататын ашық немесе жабық иондаушы сәулелену көзінің белсенділігі;

  9. маңыздылығы ең аз үлесті белсенділік (бұдан әрі - МАҮБ) – асып кеткен кезде көз еспке алуға және бақылауға жататын ашық иондаушы сәулелену көзінің үлестік белсенділігі. Жабық сәулелену көздері үшін олармен жұмыс істеуге рұқсат алу қажеттілігі туралы шешім МАБ есепке алынбастан, оның белсенділігін МАҮБ -пен салыстыру жолымен айқындалады. МАҮБ өлшем бірлігі граммға беккерель БК/г;

  10. жергілікті көз – бетіне жақын жерде құрамындағы радионуклидтердің (табиғи радиациялық аяның үлесін есептен шығарғанда) гамма-сәулелену дозасының қуат мәні (қашықтықта 0,1 м артық емес) радиоактивті ластануы бар немесе бетінде бета-бөлшектер ағынының тығыздығы 0,4 Беккерель шаршы сантиметрге (бұдан әрі - Бк/см2) және (немесе) альфа-бөлшектер 0,04 Бк/см2 асатын зат;

  11. жылдық тиімді (эквивалентті) доза – күнтізбелік жыл ішінде алынған сыртқы сәулеленудің тиімді (эквивалентті) дозасының және осы жыл ішінде ағзаға радионуклидтердің келіп түсуіне негізделген ішкі сәулеленудің күтілетін тиімді (эквивалентті) дозасының жиынтығы;

  12. жол берілмейтін доза – қорғау іс-шаралармен жол берілмейтін радиациялық апат салдарынан болжанатын доза;

  13. жабық сәулелену көзі – бұл құрылғысы оған есептелген қолдану және тозу жағдайларында оның құрамындағы радионуклидтердің қоршаған ортаға түсуін болдырмайтын сәулелену көзі;

  14. жұмыстар сыныбы – персонал үшін қауіптілік дәрежесі бойынша нуклидтердің радиоуыттылығына және белсенділігіне байланысты радиациялық қауіпсіздік бойынша талаптарды айқындайтын ашық иондаушы сәулелену көздерімен жұмыстардың сипаттамасы;

  15. жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындаған кезде қызметкердің тұрақты немесе уақытша болатын орны;

  16. жылдық түсу шегі (бұдан әрі – ЖТШ) – монофакторлық әсер кезінде шартты адамның жылдық дозаның тиісті шегіне тең күтілетін дозамен сәулеленуіне әкеп соғатын бір жыл ішінде нақты радионуклидтің ағзаға түсуінің рұқсат етілген деңгейі;

  17. жоспарланатын көтеріңкі сәулелену – радиациялық апаттың дамуының немесе оның салдарларын ескерту мақсатында белгіленген негізгі дозалар шегінен асатын дозаларда персоналдың жоспарланатын сәулеленуі;

  18. жеке қорғаныш құралы – персоналды сыртқы сәулеленуден, радиоактивті заттардың ағзаның ішіне түсуінен және тері жабындарының радиоактивті ластануынан қорғау құралы;

  19. иондаушы сәулеленуді генерациялайтын құрылғы (көз) – иондаушы сәулелену зарядталған бөлшектер жылдамдығының өзгеруі, олардың аннигиляциясы немесе ядролық реакциясы есебінен туындайтын электрлік-физикалық құрылғы (рентген аппараты, күшейткіш, генератор);

  20. иондаушы сәулелену көзі (бұдан әрі – ИСК немесе сәулелену көзі) – – радиоактивті заттар, радиоактивті заттары бар аппараттар немесе құрылғы, сонымен қатар иондаушы сәуле шығаратын немесе иондаушы сәуле шығаруға қабілетті электрофизикалық аппараттар немесе құрылғы;

  21. иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу – иондаушы сәулелену көздерін дайындаумен, жеткізумен, алумен, иеленумен, сақтаумен, пайдаланумен, берумен, қайта өңдеумен немесе көмумен, импорттаумен, экспорттаумен, тасымалдаумен, техникалық қызмет көрсетумен байланысты қызмет;

  22. ИСК-мен жұмыс – радиациялық бақылауды қоса алғанда, жұмыс орнында сәулелену көзімен жұмыс істеудің барлық түрлері;

  23. кәсіптік сәулелену – персоналдың техногендік иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу процесінде сәулеленуі;

  24. квота – нақты техногендік сәулелену көзінен халықтың сәулеленуін шектеу үшін белгіленген доза шегінің бір бөлігі және сәулелену жолдары (сыртқы, сумен, тамақпен және ауамен келіп түсуі);

  25. үлестік (көлемдік) белсенділік – заттағы радионуклидтің А белсенділігінің заттың массасына m (көлеміне V) қатынасы: 

EMBED Equation.3

Үлестік белсенділік бірлігі – килограммға беккерель (бұдан әрі – Бк/кг). Көлемдік белсенділік бірлігі – текше метрге беккерель (бұдан әрі - Бк/м3);

  1. медициналық сәулелену – медициналық тексеру немесе емдеу кезіндегі пациенттердің сәулеленуі;

  2. өндірістік сәулелену – жұмыскерлердің өндірістік қызмет барысында барлық техногендік және табиғи иондаушы сәулелену көздерінен сәулеленуі;

  3. радиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін өндірістік бақылау – шаруашылық жүргізетін субьектілердің өздері іске асыратын бақылау түрі:

сыртқы сәулеленуді (жұмыс орындарын, іргелес үй-жайларды, персоналдың жеке дозаларын), ішкі сәулеленуді (тағам өнімдеріндегі, ауыз судағы, жұмыс аумағындағы ауадағы, тұрғын үй және қоғамдық нысандардағы радионуклидтердің үлесті, жиынтық белсенділігін анықтауды) дозиметриялық бақылау;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес Өндірістік бақылау бағдарламасын (бұдан әрі - ӨББ) дайындау (қолданыстағы ӨББ-ны оңтайландыру);

бекітілген кесте бойынша объектілерден судың, шикізаттың, бұйымдардың сынамаларын алуды;

сынамаларды зертханаға жеткізуді (қолданыстағы Гигиеналық нормативтерге сәйкес);

құралмен өлшеулер мен зерттеулерді орнында ұйымдастыруды (мамандар мен құралдарды жеткізу);

ӨББ-ның орындалуы бойынша құжат айналымын ұйымдастыру, зерттеу нәтижелерін білікті талдау, ӨББ-ның нәтижелері туралы есептер дайындауды қамтиды.



  1. персонал – техногендік иондаушы сәулелену көздерімен тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін («А» тобы) немесе жұмыс жағдайлары бойынша олардың әсері аясында болатын («Б» тобы) жеке адамдар;

  2. 222Rn және 220Rn - радон изотоптарының еншілес өнімдерінің эквивалентті тепе-тең көлемдік белсенділігі (бұдан әрі – ЭТКБ) – 218 Po (RaA); 214Pb (RaB); 214Bі (RaC); 212Pb(ThB); 212Bі (ThC) – радон изотоптарының қысқа мерзімдік еншілес өнімдерінің көлемдік белсенділігінің таразыланған жиынтығы, тиісінше:

(ЭТКБ) Rn = 0,10 ARaA + 0,52 ARaB + 0,38 ARaC

(ЭТКБ) Tn = 0,91 AThB + 0,09 AThC,

Аі - радон изотоптарының еншілес өнімдерінің көлемдік белсенділігі;

  1. радиоактивті зат – құрамында радионуклидтер бар кез келген агрегаттық күйдегі табиғи немесе техногенді кез келген материалдар;

  2. радиоактивті ластану – радиоактивті заттардың материалдың үстіңгі бетінде, ішінде, ауада, адамның денесінде немесе басқа жерде Гигиеналық нормативтерде және осы Санитариялық қағидалардың талаптарында белгіленген деңгейлерден асатын мөлшерде болуы;

  3. көму – пайдаланылып болған ядролық отынды немесе радиоактивті қалдықтарды көму пунктіне оларды алып қою ниетінсіз орналастыру;

  4. радиациялық апат аймағы – радиациялық апат фактісі белгілі болған аумақ;

  5. радиациялық қауіптілік санаты – атом энергиясы пайдаланылатын объектімен жұмыс істеген кезде немесе ықтимал авария жағдайларында халық және (немесе) қоршаған орта үшін оның радиациялық қауіптілік дәрежесі бойынша атом энергиясы пайдаланылатын объектінің сипаттамасы;

  6. радиациялық бақылау – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылау және ұйымдағы, қоршаған ортадағы радиациялық жағдай туралы және адамдардың сәулелену деңгейлері туралы ақпарат алу (дозиметрлік және радиометрлік бақылауды қамтиды);

  7. радиациялық апат – адамдардың белгіленген нормалардан артық сәулеленуіне немесе қоршаған ортаның радиоактивті ластануына әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін радиоактивті өнімдердің және (немесе) иондаушы сәулеленудің жобада көзделген дұрыс пайдалану шекараларынан тыс шығуы болған атом энергиясын пайдаланатын объектіні қауіпсіз пайдалану шектерінің бұзылуы;

  8. радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу – радиоактивті қалдықтарды жинаумен, тасымалдаумен, қайта өңдеумен, сақтаумен және (немесе) көмумен байланысты барлық қызмет түрлері;

  9. радиациялық объект – техногендік иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу жүзеге асырылатын ұйым;

  10. радиоактивті қалдықтар – құрамында алып қою деңгейінен жоғары радионуклидтер бар, одан әрі пайдаланылуы көзделмейтін радиоактивті заттар, ядролық материалдар немесе радионуклидті көздер;

  11. радиоактивті заттармен жұмыс – радиациялық бақылауды қоса алғанда, радиоактивті заттармен жұмыс орнында жұмыс істеудің кез келген түрі;

  12. шекті топ – сәулелену көзінің барынша көп радиациялық әсеріне ұшырайтын бір немесе бірнеше белгілері (жынысы, жасы, әлеуметтік немесе кәсіптік жағдайлары, тұратын жері, тамақтану рационы) бойынша бір текті халық арасынан шыққан адамдар тобы (кемінде он адам);

  13. сіңірілген доза (бұдан әрі – D) – затқа берілген иондаушы сәулелену энергиясының шамасы:  

, мұнда:

 de – элементарлық көлемдегі затқа иондаушы сәулелену арқылы берілген орташа энергия, ал – осы көлемдегі заттың массасы.

Энергия кез келген белгілі бір көлем бойынша орташалануы мүмкін және бұл жағдайда, орташа доза көлемге берілген, осы көлемнің массасына бөлінген толық энергияға тең болады. Халықаралық бірліктер жүйесіндегі бірліктерде сіңірілген доза килограммға бөлінген джоульмен (Дж/кг-1) өлшенеді және грей (бұдан әрі – Гp) арнайы атауы бар. Бұрын қолданылған жүйеден тыс рад бірлігі 0,01 Гр тең;

  1. сәулелену – иондаушы сәулеленудің адамға әсері;

  2. санитариялық өткізгіш – киім, аяқ киім ауыстыруға, персоналды санитариялық өңдеуге, персоналдың тері жабынының, жеке қорғаныш құралдарының, арнайы және жеке киімінің радиоактивті ластануын бақылауға арналған үй-жайлар кешені;

  3. санитариялық шлюз – қосымша жеке қорғаныш құралдарының алдын ала дезактивациялауға және ауыстыруға арналған радиациялық объекті аймақтарының арасындағы үй-жай;

  4. стохастикалық сәулелену әсерлері – иондаушы сәулеленуден туындайтын, пайда болуының дозалық шегі жоқ, пайда болу ықтималдығы дозаға барабар және көріну ауырлығы дозаға тәуелді болмайтын зиянды биологиялық әсерлер;

  5. тиімді доза (бұдан әрі – Е) – олардың радио сезімталдықты ескере отырып, адамның бүкіл денесінің және оның жекелеген ағзалары мен тіндерінің сәулеленуінің кейінгі салдарларының пайда болу тәуекелінің өлшемі ретінде қолданылатын шама. Ол осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген ағзалар мен тіндердегі эквивалентті дозаның тиісті өлшенетін коэффициенттерге қосындысын білдіреді:

,

Нт - ағзадағы немесе тіндегі T эквивалентті доза, ал Wт - ағза немесе тін T үшін өлшейтін коэффициент.



Тиімді доза бірлігі – зиверт (Зв);

  1. ұжымдық тиімді доза – сәулеленудің стохастикалық әсері туындауының ұжымдық тәуекелінің өлшемі, ол жеке тиімді дозалар жиынтығына тең. Ұжымдық тиімді доза бірлігі - адам-зиверт (бұдан әрі а-Зв);

  2. табиғи сәулелену көзі – Гигиеналық нормативтерге және осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келетін шығу тегі табиғи иондаушы сәулелену көзі;

  3. техногендік сәулелену көзі – бұл оны пайдалы қолдану үшін арнайы құрылған немесе осы қызметтің жанама өнімі болып табылатын иондаушы сәулелену көзі;

  4. техногендік сәулелену – пациенттердің медициналық сәулеленуін қоспағанда, қалыпты, сондай-ақ апатты жағдайлардағы техногендік көздерден сәулелену;

  5. табиғи сәулелену – табиғи сәулелену көздеріне негізделген сәулелену;

  6. тәуекел – сәулелену нәтижесінде адамда немесе оның ұрпағында қандай да бір зиянды салдарлардың пайда болу ықтималдығы;

  7. табиғи радионуклидтер – уран-238 және торий-232 қатарларының радиоактивті элементтері;

  8. үстіңгі беттің алынбайтын ластануы (бекітілген) – байланыс кезінде басқа заттарға берілмейтін және дезактивация кезінде кетпейтін радиоактивті заттар;

  9. үстіңгі беттің алынатын ластануы (бекітілмеген) – байланыс кезінде басқа заттарға берілетін және дезактивация кезінде кетірілетін радиоактивті заттар;

  10. халықтың радиациялық қауіпсіздігі – адамдардың қазіргі немесе келешек ұрпағының денсаулығына қауіпті иондаушы сәулелену әсерінен қорғалу жағдайы.

  11. радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – персонал мен халықтың сәулелену деңгейлерін төмендетуге бағытталған ұйымдастыру, технологиялық, техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және медициналық-профилактикалық іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;

  12. халық – иондаушы сәулелену көздерімен тыс жерлерде жұмыс істейтін персоналды қоса алғанда барлық адамдар;

  13. балама доза (бұдан әрі – HT,R) – сәулеленудің осы түрі үшін тиісті өлшеу коэффициентіне көбейтілген ағзадағы немесе тіндегі сіңірілген доза, WR:

, мұнда:

DT,R – ағзадағы немесе тіндегі T орташа сіңірілген доза, ал WR - R сәулелену үшін өлшеу коэффициенті;

Осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген өлшеу коэффициенттері әртүрлі сәулелену түрлерінің әсер етуі кезінде баламалы доза нақты сәулеленудің осы түрлері үшін баламалы дозалардың суммасы ретінде айқындалады:



,

мұнда: Баламалы дозаның бірлігі зиверт (бұдан әрі – Зв) болып табылады;

  1. ішкі сәулелену кезінде күтілетін эквивалентті (бұдан әрі – Нт(τ)) немесе тиімді (Е(τ)) доза – ағзаға радиоактивті заттар түскеннен кейін өткен уақыт τ ішіндегі доза:

мұнда: tо – түсу сәті, ал HT(t) – T ағзада немесе тінде t уақыт сәтіне балама дозаның қуаты.



τ айқындалмаған кезде оны ересектер үшін 50 жасқа тең және балалар үшін 70 жасқа тең деп қабылдау керек.

  1. Егер мына жағдайларда:

  1. иондаушы сәулеленуді генерациялайтын кез келген электрлі-физикалық құрылғылар ең жоғары энергиясы 5 кэВ аспаса және құрылғының сыртқы бетінен 0,1 м қашықтықта кез келген қолжетімді нүктеде баламалы доза қуаты 1,0 мкЗв/сағ. аспайтын кез келген ықтимал режимде және пайдалану жағдайларында болса;

  2. жабық радионуклидтік сәулелену көзінің үстіңгі бетінен 0,1 метр қашықтықта орналасқан кез келген нүктедегі доза қуаты 1,0 мкЗв/сағ. аспайтын болса, және берік герметизациялануы қамтамасыз етілсе;

  3. ашық және жабық радионуклид көздері Гигиеналық нормативтерде белгіленген белсенділігі МАБ-дан төмен болса.

Ядролы материалдарды және ИСК есепке алудың мемекеттік жүйесі шеңберінде ескерілетін белсенділігі МАБ-тан төмен уран, торий және плутоний изотоптары бар радионуклидтік көздері кірмейді.

  1. жұмыс орнында радионуклидтің үлестік белсенділігі МАҮБ-дан аз немесе ашық көздегі радионуклидтің белсенділігі Гигиеналық нормативтерде келтірілген МАБ-нен аз болса, бұл ретте жекелеген радионуклидтердің белсенділігі олардың кестелік мәндеріне қатынасының жиынтығы 1-ден аз болса;

  2. ұйымда ашық радионуклид көздерінің жалпы белсенділігі МАБ-нен 10 еседен аса артық болмаса немесе әртүрлі радионуклидтер белсенділігінің Гигиеналық нормативтерде келтірілген олардың кестелік мәндеріне қатынасының жиынтығы 1-ден аспайтын болса, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу талап етілмейді.

2-тарау. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын



санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1-параграф. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары


  1. Персоналдың, халықтың және қоршаған табиғи ортаның радиациялық қауіпсіздігі егер радиациялық қауіпсіздіктің негізгі қағидаттары (негіздеу, оңтайландыру, нормалау) және Қазақстан Республикасының «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі Заңымен (бұдан әрі – Заң), Гигиеналық нормативтермен және қолданыстағы санитариялық қағидалармен белгіленген радиациялық қауіпсіздік талаптары сақталған болса, қамтамасыз етілді деп саналады.

Негіздеу қағидаты сәулелену көздерін пайдалануға лицензия беру, нормативтік-техникалық құжаттаманы бекіту кезінде, сондай-ақ оларды пайдалану жағдайлары өзгерген кезде жаңа сәулелендіру көздерін және радиоактивті объектілерді жобалау кезінде қолданылады. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі қағидаттарын іс жүзінде іске асыру осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада келтірілген тәсілдерге сәйкес орындалады.

Радиациялық апат кезінде негіздеу қағидаты сәулелену көздері мен сәулелену жағдайлрына емес, ал қорғаныс іс-шараларына жатады. Пайда шамасы ретінде осы іс-шарамен болдырмаған дозаны бағалаған жөн. Сәулелену көздерін бақылауды қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар міндетті түрде жүргізіледі.



Оңтайландыру қағидаты осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес иондаушы сәулелену көздерін қалыпты пайдалану жағдайларында қолданылады.

Радиациялық апат жағдайларында доза шектерінің орнына араласудың неғұрлым жоғары деңгейлері қолданылатын жағдайларда оңтайландыру қағидаты жол берілмейтін сәулелену дозасын және араласуға байланысты зиянды ескере отырып, қорғаныш іс-шарасына қолданылады.

Нормалау қағидаты адамдардың сәулелену деңгейі байланысты болатын барлық адамдармен қамтамасыз етіледі және барлық ИСК-дан азаматтардың сәулелену дозаларының Заңмен және нормативтермен белгіленген жеке шектерден асырмауды көздейді.



Гигиеналық нормативтерде регламенттелген тиімді және баламалы сәулелену дозаларын бақылау үшін дозалардың негізгі шегінен туынды болып табылатын: доза қуатының, радионуклидтердің ағзаға жылдық түсуінің және басқа да көрсеткіштердің монофакторлық әсерінің жол берілетін деңгейі (бір радионуклид үшін, түсу жолдары немесе сыртқы сәулеленудің бір түрі үшін) енгізіледі.

Техногендік сәулелену кезіндегі туынды нормативтер монофакторлық әсерлерге есептелген және олардың әрқайсысы дозаның бүкіл шегін аяқтайды, оларды пайдалану барлық бақылаудағы шамалардың олардың жол берілген мәндеріне қатынасының жиынтығын бірліктен асырмау шартына негізделеді.

Халық үшін белгіленген доза шегін тек бір техногендік сәулелену көзіне немесе олардың шектелген санына пайдаланудың алдын алу үшін негізгі техногендік сәулелену көздеріне квоталар қолданылады.

Квоталар мәндерін негіздеу радиациялық объектілер жобаларында қамтылған. Квоталар белгілеу бойынша ұсынымдар осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.



2-параграф. Радиациялық қауіпсіздік жағдайын бағалау


  1. Объектіде және әрбір өңірде радиациялық қауіпсіздікті бағалау:

  1. қоршаған ортаның радиоактивті ластануының сипаттамасы;

  2. радиациялық қауіпсіздік бойынша іс–шараларды және радиациялық қауіпсіздік саласындағы гигиеналық нормативтердің, қағидалар мен гигиеналық нормативтердің орындалуын қамтамасыз етуді талдау;

  3. радиациялық апаттардың ықтималдығы және олардың ауқымы;

  4. радиациялық апаттар мен олардың салдарларын тиімді жоюға дайындық дәрежесі;

  5. 1 ДОЗ, № 2 ДОЗ регламенттелген нысандар нәтижелері бойынша «А» және «Б» тобы персоналының, сондай-ақ барлық ИСК-дан халықтың жекелеген топтары алатын сәулелену дозаларын талдау;

  6. сәулелену дозаларының белгіленген шектерінен артық сәулеленуге ұшыраған адамдар санының негізінде жүзеге асырылады.

Радиациялық объектілер персоналы мен халықтың радиациялық қауіпсіздігі жағдайын сипаттайтын жоғарыда көрсетілген барлық көрсеткіштер осы Санитариялық қағидаларға 14-қосымшада белгіленген тәртіпке сәйкес радиациялық объектінің радиациялық-гигиеналық паспорттарында жыл сайын көрсетілуі тиіс.

  1. Радиациялық объектінің радиациялық-гигиеналық паспорттарында келтірілген деректерге талдауды Гигиеналық нормативтердің, осы Санитариялық қағидалардың талаптарына және алдыңғы жылдардың деректеріне салыстыру арқылы жүргізген жөн.



жүктеу 2,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау