Рационал бөлшекті қосу әне азайту Сабақтың мақсаты: Білімділік



жүктеу 14,73 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі14,73 Kb.
#14601
түріСабақ
  • Сабақтың мақсаты:
  • Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу. Рационал, яғни алгебралық бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін қолдана білуге, қасиеттерді білуге үйрету.
  • Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін кеңейту. Рационал бөлшектерді қосу мен азайту кезінде алған теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
  • Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге; пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, жүйелі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне сенімділікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
  • Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
  • Сабақта қолданған әдіс-тәсілдер: Түсіндірмелі-көрсетілімді, миға шабуыл, проблемалық әдіс, өз шешімдерін ұсыну, сұрақ-жауап , талдау және рефлексия
  • Сабақтың типі: Меңгерген білімдерін практикада қолдануға бағытталған дәстүрлі сабақ
  • Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, карточкалар,
  • бағалау парағы, сызбалар.
  • Оқушылардың біліміне және біліктілігіне қойылатын талаптар:
  • Нені білу керек: - Алгебралық бөлшектердің қосындысын және айырмасын қалай табу керектігін білу. - Рационал бөлшектерді қалай түрлендіруге болатынын үйрену.
  • Нені меңгеру керек: - бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту тәсілін және қысқаша көбейту формулаларын қолдана білу, натурал және бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдана білу.
  • .
  • Сабақтын барысы:
  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Үй жұмысын тексеру(сигналдық карточка арқылы)
  • Жаңа тақырып пен өткен тақырыптың байланысы («Көсемдікке ұмтылу» стратегиясы)
  • «Қайталау – оқу анасы». (« Сәйкестендіру» стратегиясы)
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаты (оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру)
  • Жаңа сабаққа дайындық («Ой қозғау» стратегиясы)
  • Жаңа сабақты түсіндіру
  • Сабақты бекіту (бекіту тапсырмалары)
  • Сабақты пысықтау (оқулықпен жұмыс)
  • Рефлексия («Табыс ағашын отырғызу»)
  • Сабақты қорытындылау (қорытынды алгоритмі)
  • Үй тапсырмасын беру
  • Бағалау (Ашық журнал)
  • І. Ұйымдастыру кезеңі:
  • Оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау.
  • Мұғалімнің кіріспе сөзі: Психологиялық дайындық:
  • - Кәнеки балалар, бүгін барлығымыз бір-бірімізге не тілейміз?(оқушылар орындарынан тұрып, мұғалімге қарап: «сізге шығармашылық табыс» және бір-біріне қарап: «бізге көтеріңкі көңіл күй»,-деп айтады.)
  • ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
  • Жаңа сабақты меңгеруде тірек болатын оқушылардың үй тапсырмасының дұрыстығы сигналдық карточка көмегімен тексеріледі. Үй тапсырмасының жауаптары тақтада жазулы тұрады, ал оқушылар дәптерлеріндегі жауаптарымен салыстырады. Дұрыс жауабы болса, жасыл түсті фигураны, дұрыс болмаса қызыл түсті фигураны көтерулері керек (тексерудің соңында оқушылар бағалау парағына мұғалімнің айтқан бағасын қояды).
  • III. Жаңа тақырып пен өткен тақырыптың байланысы
  • «Көсемдікке ұмтылу» стратегиясы бойынша өткен сабақтың ережелері сұралады.
  • Қойылатын сұрақтар:
  • Рационал өрнек деп нені айтады?
  • Рационал бөлшек дегеніміз не?
  • Рационал бөлшектің негізгі қасиеті қалай тұжырымдалады?
  • Рационал бөлшектің негізгі қасиетінен шығатын екі салдарды айтып беріңдер.
  • IV. «Қайталау – оқу анасы»
  • «Сәйкестендіру» стратегиясы бойынша
  • =
  • V. - Алдымызға қойған негізгі мақсатымыз рационал бөлшектерді қосу және азайту, яғни оларға амалдар қолдануды тиімді тәсілмен шешуді үйренуіміз керек.
  • Оның бірінші шарты: алған білімдеріңді жинақтап, орынды қолдана білу.
  • VI. Жаңа сабаққа дайындық.
  • «Ой қозғау» стратегиясы.
  • Тақтада алгебралық бөлшектерге байланысты 5 есеп шығару жолымен жазылып тұрады, ал оқушылар бұл есептердің дұрыс шығарылғанын ғана табулары керек. Дұрыс берілген тапсырманы тақтаға шығып орындайды(бағалау парағына мұғалімнің айтқан бағасы қойылады)
  • Жаңа тақырыпты меңгеруде қолданылатын тәсілдер:
  • Жай бөлшектерді қосу және азайту тәсілдері
  • Қысқаша көбейту формулаларын қолдану
  • Топтау тәсілін қолдану
  • Қысқарту тәсілі
  • Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
  • Натурал және бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері
  • VIІ. «Миға шабуыл» стратегиясы:
  • 5-сыныптың математика оқулығынан
  • Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу (азайту) алгоритмін
  • Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу (азайту) алоритмін еске түсіру. (Ережесін оқушылардан сұрау)
  • Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді қосу (азайту)
  • дәл осылай орындалады, яғни
  • Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді қосу (азайту)
  • ережесінің тұжырымдамасын оқушылардың
  • өздері жасайды.
  • Дәл осылай бөлімдері әртүрлі рационал бөлшектерді қосу (азайту) ережесінің тұжырымдамасын береді.
  • VІІI. Бекіту тапсырмасы ретінде
  • есеп шығару үлгісі көрсетіліп, талданады. Әрбір оқушыға жеке-жеке тапсырма беріледі. Оқушылар тапсырманы орындап, қасында отырған оқушымен алмасып, бір-бірін тексереді (қателескен оқушы тақтаға шығып орындайды).
  • IX. Сабақты пысықтау
  • (оқулықпен жұмыс)
  • Есеп
  • А деңгейі
  • В деңгейі
  • С
  • деңгейі
  • 1
  • №256
  • (1,2)
  • №261
  • (1,2)
  • №265
  • (1,2)
  • 2
  • №257
  • (1,2,3)
  • №262
  • (1,2)
  • Математикалық диктант
  • Бөлімдері әртүрлі рационал бөлшектерді қосу (азайту) үшін:
  • мүмкін болса, бөлшектердің бөлімдерін ... жіктейміз;
  • бөлшектердің ... бөлімін табамыз;
  • әрбір бөлшектің ... көбейткішін анықтаймыз;
  • әрбір бөлшектің алымы мен бөлімін ... көбейткішке көбейту арқылы ортақ бөлімге келтіреміз;
  • бөлімдері бірдей ... бөлшектерді қосу (азайту) амалын орындаймыз.
  • X. Сабақты қорытындылау
  • ХI. Рефлексия:
  • – Енді «Табыс» ағашын отырғызайық.
  • (Тақтада ағаштың суреті)
  • Ағаш діңі - жаңа сабақта өтілген тақырып,
  • жасыл желек – экология, ал ағаштың жемісі- сіздің алған білімдеріңіз (оқушылар өздері таңдаған алманы алып, тақтада тұрған ағашқа жапсырады).
  • • Қызыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
  • Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналамын.
  • Жасыл алма: Сабақ маған түсініксіз.
  • XII. Үйге тапсырма:
  • §13оқуға,
  • №256(3,4), №257(4,5,6), №260(3,4), №265(3,4)
  • “Рационал” сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.
  • XIII. Бағалау «Ашық журнал»
  • Бағалау критериі:
  • 3-8 ұпай – «3»
  • 9-12 ұпай – «4»
  • 13-15 ұпай – «5»

жүктеу 14,73 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау