ЕАЖ-не қойылатын мақсатты талаптар
ЕАЖ-не келесі жүйелік талаптарды қанағаттандыруы керек:
Бейімділік – ЕАЖ-нің өзгермелі заңнамалық және нормативтік актілерге, регламенттелетін байланыс қызметін есептеуге бейімделу мүмкіндігі;
Адекваттылық – ЕАЖ-нде пәндік аймақтағы әрбір нысанға деректер базасында деректер, ал пәндік аймақтағы әрбір үрдіске деректерді өңдеу функциясы сәйкес болуы керек;
Валидтік – ЕАЖ-нің функциялары Техникалық тапсырманың жариялаған мақсаттары мен талаптарына сәйкес келуі керек;
Иілгіштік – ЕАЖ-нің оны ендірген кезде оператордың әлі түсініксіз перспективалық есептерін шеше алатын және жұмыстың тиімділігін асыра алатын толықтыру, қайта баптау, бейімдеу мүмкіндіктері болуы керек;
Ақпараттың қорғалымдығы – ЕАЖ-нің кез келген ақпараты санкцияланбаған қолжетімнен қорғалуы қажет;
Бірігушілік – ЕАЖ-нің сыртқы автоматтандырылған ақпараттық жүйелермен және телекоммуникациялық оператордың ішкі құжат айналымының жүйесімен бірігу, сонымен бірге нормативтік құқықтық ақпараттың деректер базасын қолдау мүмкіндігі;
Интерактивтілік – ЕАЖ-нің алға қойған мақсатқа жету үшін пайдаланушы мен компьютердің арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз ету мүмкіндігі;
Масштабталулығы – ЕАЖ-нің жүктемесін пайдаланудың бастапқы кезеңінде аппараттық қамтама мен базалық программалық қамтамаға шамадан тыс талап қоймай, техникалық құралдарды және оның арнайы программалық қамтамасын өзгертусіз және толықтырусыз базалық программалық қамтамаға лицензияларды қарапайым қосу арқылы көтеру мүмкіндігі;
Мобильділік – қосымша қомақты шығындарсыз ЕАЖ-нің әртүрлі платформалар мен орталарда жұмыс істеу мүмкіндігі;
Модулділік – ЕАЖ-нің құрамында нақты тапсырманы шешуге мүмкіндік беретін және дербес қолданыла алатын араларында анық сипатталған интерфейсі бар ақпараттық-программалық бірліктер болуы керек;
Мультитілділік – ақпаратты бейнелеу үшін түрлі тілдерді орнату мүмкіндігі;
Сенімділік – базалық программалық қамтаманың сенімділігімен және программалаудың аспаптарын игеру деңгейімен, жеткізушінің ЕАЖ-нің арнайы программалық қамтамасын жасау мен ендіру тәжірибесімен, сонымен бірге ЕАЖ-ні жасау кезінде қолданатын стандарттар және технологиялармен қамтамасыз етіледі;
Бапталымдық – ЕАЖ-нің өзгеру мүмкіндігі "туыс" жобалардың шешімдерін жалпылау өнімі болатын жүйенің анықтамаларында берілетін баптау параметрлерінің санымен анықталады, мұнда, биллингтік жүйе негізінде неғұрлым бір бірінен ерекшеленген көп жобалар орындалған сайын оларда жасаушылардың тәжірибелері соғұрлым көбірек шоғырланады, соғұрлым ЕАЖ-нің бапталу мүмкіндігі жоғары болады.
Объектілі-бағыттылық – ЕАЖ-ні жобалау және программалау кезінде топтық жүйені әзірлеуге, жүйенің моделін тұрғызу және жобаның бірегей депозитарий деректері бойынша жобаны құжаттандыруды автоматты түрде орындауға мүмкіндік беретін CALS-технологиясы мен CASE-құралдарын қолдану керек;
Ашықтық – ЕАЖ-нің құрамы, құрылымы мен алғашқы кодтарының толық және нақты сипатталуы, ол болашақта операторға әзірлеушінің көмегінсіз жүйені жетілдіруге мүмкіндік береді;
Әкімшіліктің қарапайымдылығы – әкімшінің пайдаланушыларға тек ЕАЖ-нің нысандары мен функцияларына қолжетім құқығын беріп ақырғы пайдаланушылардың автоматтандырылған жұмыс орнын программаламай құруға мүмкіндік беретін, құралдардың болуы;
Кеңейтілімдік – ЕАЖ-не қосылған жаңа нысандар мен функциялар бұрыннан барларға шығын келтірмей және жасалынған мен пайдаланылған бөлімдерге өзгерістер ендірмей сүйемелденулері керек;
Баланстанғандылық – ЕАЖ-нің негізгі есептеу мен деректерге қолжетім процедураларының деректер базасының серверінде шоғырландыру есебінен клиент бөліміндегі жүктемелерді төмендету және серверлік бөліміндегі жүктемелерді көтеру;
Келісімділік – ЕАЖ-нің программалары мен құжаттамасы бірдей терминдер, анықтамалар, нысандар және функциялар үшін бір мағыналы, қарама қайшылықсыз сипаттамаларды қамтуы керек;
Стандарттылық – ЕАЖ-нің программалық қамтамасы мен құжаттамасы мемлекеттік және халықаралық стандартқа сәйкес болуы;
Бірегейлік – ЕАЖ-нің енгізу, түзету, сақтау, репликация, қайта қалпына келтіру, қосақтау, деректерді беру, тестілеу, ендіру үрдістерін және сыртқы түрін бірегейліктеуге, сонымен қатар интерфейстегі көп қателер мен ауытқулардан құтылуға мүмкіндік беретін пайдаланушы интерфейсін тудыру (генерациялау) әдісінің болуы;
Орнатушылық – ЕАЖ-ні қосымша программалық құралдарды, соның ішінде қазақша, орысша, ағылшынша қаріптер мен драйверлерді қажет етпей қарапайым орнату мүмкіндігі;
Тұрақтылық – ЕАЖ-нің тұрақсыздандыру ықпалынан пайда болған ауытқудан кейін өзінің жұмысын жалғастыра беру мүмкіндігі.
Құрамы, құрылымы және функциясына қойылатын талаптар
4.2.1 ЕАЖ төмендегідей компоненттерден тұрады:
абоненттер мен байланыс қызмет түрлерін тіркеу мен есепке алу, абоненттермен есеп айыру және төлемдерді өңдеу, сонымен бірге байланыс қызметін көрсету сұрақтары бойынша нормативтік-құқықтық және ведомствалық актілерге сәйкес шығыс құжаттарын тудыратын телекоммуникациялық оператор қызметшісінің жұмысын автоматтандыру үшін қажетті құралдар.
жергілікті желідегі ЕАЖ-нің компоненттері мен телекоммуникациялық желідегі стандарты хаттамалар бойынша басқа сыртқы ақпараттық жүйенің арасындағы ақпарат алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ететін деректерді қабылдау, сақтау және жіберу үшін қажетті құралдар.
апат кезінде деректер мен программалардың сақталымдығы мен бүтіндігін қамтамасыз ететін ақпаратты резервтік сақтау және қайта қалпына келтіру үшін арналған құралдар;
ЕАЖ-нің жұмыс қабілеттілігін тексеруді және аппараттық және программалық құралдардың ақаулы жұмыс істейтін себептерін жергіліктендіріп және оларда сақталған ақпараттың бүтіндігі мен дұрыстығын бұзбай отырып, ақаулыққа диагностика жасауды қамтамасыз ететін техникалық күтімге арналған құралдар.
4.2.2 ЕАЖ компоненттері бірыңғай ақпараттық қамтамамен бірігуі және өзара әрекеттесуі керек.
4.2.3 ЕАЖ компоненттері телекоммуникациялық операторлардың бірыңғай функционалдық менeджмент жүйесі құрамында жұмыс жасауы керек.
4.2.4 ЕАЖ-нде жұмыс істеу үшін банктік жүйе, телекоммуникациялық операторлардың төлем қабылдау пунктісі, төлемдерді қабылдаудың басқа да пунктері арқылы абонент шоттарын төлеу мүмкіндігі қарастырылуы қажет.
4.2.5 ЕАЖ-нің ақпаратты қағаз және электронды тасушыларынан қабылдайтын банктер, пошта бөлімдері немесе басқа пункттер және деректерді беру арналары арқылы абоненттер жасаған төлемдер туралы деректерді ендіруге мүмкіндігі болуы керек.
4.2.6 ЕАЖ алдын ала төлемдерді (аванс), кешіктірілген төлемдерді және қызмет көрсетілгеннен кейін (ұжымдық пайдалану пункті) тікелей өткізген төлемдерді жүргізуге мүмкіндігі болуы керек.
4.2.7 ЕАЖ-нде есеп айыруды бастаудың регламентті уақытына дейін ЕАЖ-нің есеп айыру қызметі операторының өтінімі бойынша бір немесе абоненттер тобы үшін есеп айыру аралығындағы есептеулерді жүргізуге мүмкіндік болуы керек.
4.2.8 ЕАЖ телекоммуникациялық оператордың бөлімшесіне байланыс күтіміне байланысты анықтамалық ақпараттарды беруге міндетті.
ЕАЖ-нің жіктелуіне қойылатын талаптар
ЕАЖ-ні жобалау, әзірлеу және қолдануды реттеу мақсатында ЕАЖ-нің келесі жіктелім белгілері енгізіледі:
ЕАЖ-ні міндетті түрде жұмыс жасайтын байланыс желісінің сыйымдылық мөлшері бойынша;
ЕАЖ-ні қолдану деңгейлері бойынша:
ЕАЖ-нің жоғары деңгейі байланыс қызметін көрсетудегі технологиялық үрдістердің басқа ішкі жүйелердің бірігу және байланыс кәсіпорынын басқару мүмкіндігін кең қолдануды қамтамасыз етеді;
ЕАЖ-нің төменгі деңгейі басқа технологиялық үрдістерге бейімделу мүмкіндігінсіз жергілікті қолдануды қамтамасыз етеді;
ЕАЖ-нде жүзеге асыралатын қызмет орындары мен қызметтер номенклатурасы бойынша:
байланыс қызмет орындарының 1-2 қызметі бойынша есептеуді жүргізуге бағытталған қарапайым ЕАЖ;
бір байланыс қызмет орынының 1-2 қызметі бойынша есептеуді жүргізуге бағытталған арнайы ЕАЖ;
осы стандарт тарайтын (1 бөлімді қараңыз) байланыс желілеріндегі қызметтердің кез келген терулері бойынша есептеуді жүргізуге бағытталған әмбебап ЕАЖ.
ЕАЖ-нің өндірістік сериялығы бойынша:
жүйені сериялы өндіру және көптеген байланыс операторларының желілерінде ендіруге мүмкіндік беретін тираждалатын ЕАЖ;
тек нақты телекоммуникациялық оператордың желісінде пайдалану үшін әзірленген бір ЕАЖ.
ЕАЖ-нің функционалдық мүмкіндіктері бойынша:
аймақтық байланыс операторлары үшін ЕАЖ стандартты (типтік) және аймақтық байланыс қызметтерін есептеуді жүргізуді қамтамасыз ету және ұлттық валюта мен мемлекеттік тілді қолдауы қажет.
байланыстың ұлттық операторлары үшін ЕАЖ аймақаралық желілер арасындағы өзара қарым қатынастарды қамтамасыз ету және елдегі ұлттық валюта мен мемлекеттік тілді қолдауы қажет;
байланыстың трансұлттық операторлары үшін ЕАЖ әртүрлі уақыт аумағындағы ұлтаралық (мемлекетаралық) деңгейдегі желілердің өзара әрекетін және көп тілділік пен көп валюталықты қамтамасыз етуі керек.
Сыртқы жүйелермен өзара әрекеттесуіне қойылатын талаптар
ЕАЖ телекоммуникациялық операторлардың сыртқы АЖ-мен өзара әрекеттесу мүмкіндігіне ие болуы керек:
технологиялық (АТС, АҚТС, Телеграф және т.б.);
ақпараттық-анықтамалық (телекоммуникациялық операторлардың анықтамалары және т.б);
қаржылық-экономикалық (бухгалтерия, жоспарлау бөлімі және т.б).
мамандарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі;
қашықтан банктік күтім жүйесі.
ЕАЖ-нің сыртқы АЖ-мен өзара әрекеттесуі жалпы қабылданған ашық ақпаратты құрылымдау мен жіберу стандарттарын пайдалану негізінде жүргізілуі керек.
ЕАЖ-нің сыртқы АЖ-мен өзара әрекеттесуін ұйымдастыру үшін олардың стандарттық түйіспелері бойынша техникалық, программалық және ақпараттық үйлесімдік қамтамасыз етілуі керек.
ЕАЖ-нің автоматтандырылмаған сыртқы жүйелерінің элементтерімен түйіндесуі қағаз технологиясы деңгейінде (қағаз құжаттарымен) жүзеге асырылады.
ЕАЖ ақпаратты сыртқы жүйелерден автоматты және автоматтандырылған түрде енгізу мүмкіндігіне бағытталуы керек.
ЕАЖ-не алғашқы деректерді сыртқы жүйелерден ақпаратты қағаз және электронды тасушы көмегімен автоматтандырылған енгізу кіріс деректердің растылығы мен дұрыстығын бақылайтын программалық және аппараттық құралдарды міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асуы керек.
ЕАЖ-не алғашқы деректерді сыртқы жүйелерден автоматты енгізу кіріс деректердің растылығы мен дұрыстығын бақылайтын программалық құралдарды міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асуы керек.
ЕАЖ-ні енгізу кезінде оның ERP-жүйесімен ғана емес телекоммуникациялық операторлaрдың АТ-инфрақұрылымының басқа құраушыларымен ықпалдасу мүмкіндігі болуы керек. Оларға мыналар жатады: мамандарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі, электронды құжат айналымының жүйесі, қаржылық есептілік пен бухалтерлік санау жүйелесі, қашықтықтан банктік күтім жүйесі, төлемдік жүйе және т.б.
Егер әртүрлі байланыс қызметтерінің есептеуі бірнеше ЕАЖ-нде жүргізілсе, онда ERP-дағы барлық ЕАЖ бойынша толық ақпараттың бар болуы телекоммуникациялық операторларға дебиторлық қарыздарды басқаруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық басқару жүйесі мен ЕАЖ интерфейсін іске асырудың әртүрлі тәсілдері бар: файлдармен алмасу, бірігу шинасы, СОМ интерфейсі. Практикада интерфейстің түрлері ЕАЖ-нің жаңартудың шектеулі мүмкіндіктерімен анықталады, ол клиенттің бірігуге арналған шығындарын қысқартады.
Алғашқыдан ЕАЖ бағалар, тариф және басқа да құндық сипаттамалар туралы анықталған деректер негізінде қызмет немесе тауар құнын есептеудің шағын есептерін шешуге бағытталған, сондықтан оның жұмысының тиімділігі телекоммуникациялық операторлардың ERP-жүйесімен тығыз ықпалдасуынсыз мүмкін емес.
Байланыс операторларының ЕАЖ-нің бір-бірімен және ERP-мен бірігуі телекоммуникацияда бірыңғай ақпараттық кеңістік құруға және олардың жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
ЕАЖ-нің і пайдаланушыларының біліктілігіне және жұмыс тәртібіне қойылатын талаптар
ЕАЖ-ні пайдаланушының үш түрі бар: пайдаланушы-абонент, пайдаланушы-оператор, пайдаланушы-әкімші.
Пайдаланушы-абонент өзін-өзі күту интерфейсі арқылы интерактивті режімде өздігінен ақпарат алуына, есеп-шотты басқаруына және басқа қызметтерді пайдалануына мүмкіндік алады.
ЕАЖ телекоммуникациялық желілерінің шекті сыйымдылығын есепке ала отырып максималды тиімді және тұрақты жұмысқа қажетті аралығында пайдаланушы-абоненттердің санын арттыруға мүмкіндік беру керек. ЕАЖ-ні пайдаланушы-абоненттердің компьютер және интернетпен жұмыс істеуден басқа арнайы дайындықтың болуына талап қойылмайды.
Пайдаланушы-оператор, пайдаланушы-әкімшінің саны мен санатын ЕАЖ-нің орнаталуы және жайылуы кезінде тек телекоммуникациялық оператордың бірінші басшысы тағайындауы керек.
Пайдаланушы-оператор лауазымдық нұсқаулардан басқа техникалық, өрт және экологиялық қауіпсіздік нұсқауларын білуі керек, сонымен бірге сәйкес автоматтандырылған жұмыс орнында (АЖО) байланыс қызметін есептеу бойынша өндірістік тапсырмалардың қайсыбірін орындау үшін құқығы болуы қажет.
Пайдаланушы-әкімші пайдаланушы-абоненттер мен пайдаланушы-операторларды тіркеп және шығарып жібере алады, ақпараттық ресурстарға қолжетім құқығын жасайды, ақпараттың сақталымдығы мен бүтіндігіне бақылау жасайды, материалдарды автоматты мұрағаттаудың жиілігін анықтайды, сонымен бірге ЕАЖ-нің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша өзге регламенттелген әрекеттерді орындайды.
ЕАЖ-ні әкімшілеу және техникалық күту бойынша қызметшінің біліктілігі «Информатика», «Ақпараттық жүйе», «Есептеу техникасы және программалық қамтама» «Басқару жүйесінде автоматтандыру және ақпараттандыру» мамандықтары бойынша жоғары білімімен анықталады.
ЕАЖ-нің тәулік бойы жұмыс режіміне есептелуі қажет, тек жылына бір рет қана күрделі жөндеу жүргізуге байланысты тоқтатылады. ЕАЖ-нің үздіксіз жұмыс жасау уақыты 120 сағаттан кем болмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |