Көрсетілген жұмыс аймақтарындағы Ericsson қызметкерлеріне арналған басқа мәліметтер
мен қосымша ережелерді
Топ саясаттары
,
Топ директивалары
және
Топ нұсқаулары
бөлімдерінен, сонымен қатар жергілікті директивалар мен нұсқаулардан табуға болады
Ericsson Топ саясаттары, Топ директивалары және Топ нұсқаулары бөлімдеріне сілтемелерді
осы жерден
табуға болады.
(http://internal.ericsson.com/book/7982/egms-ericsson-ericsson-
group-management-system?unit=GLOB)
Бір-бірімізбен және акционерлерімізбен қатынастарымызды реттейтін
негізгі Топ саясаттары мен директиваларына
ШОЛУ.
3
МАЗМҰНЫ
СЕНІМДІ СЕРІКТЕС БОЛУ
Біздің басшылық принциптеріміз
5
Талаптарға сәйкестік үшін жауапкершілігіміз
6
Талаптарға сәйкестікті сақтауға қатысты мәселелер туралы
хабарлау
7
БИЗНЕСТІ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ЖҮРГІЗУ
Жауапты корпоративтік азаматтар ретіндегі
міндеттемелеріміз
8
Іскерлік операцияларымыздың барлығында адам құқықтарын
құрметтеу
9
Денсаулық және қауіпсіздік
10
Тұрақты дамуға мүдделілік
10
Ұжымдық этика кодексі
11
ӘРБІР ӘРЕКЕТ ЕСКЕРІЛЕДІ
Заңдар мен ережелерге сәйкестік
12
Коммуникация және қаржы туралы ақпарат
13
Мүдделер қайшылығын шешу
14
Компания активтерін қорғау және тиісті түрде пайдалану
15
Ақпаратты қорғау
16
4
Құрметті әріптестер,
Іскерлік этика кодексі – сенімді серіктес ретінде түсінігімізді сақтауға, бизнесті
жауапкершілікпен жүргізуге және әрбір әрекеттің ескерілетінін бізге еске салуға
арналған біздің нұсқаушы негізгі ереже және құрал.
Бұл нұсқаулар – біздің жұмыс істеу жолымыздың негізі және олар бізге
тұтынушыларымызбен, серіктестерімізбен, қызметкерлерімізбен, акционерлерімізбен
және басқа бірлескен ұйымдастырушылармен сенімді және абыройды сақтауда
көмектеседі.
Іскерлік этика кодексін міндетті түрде мұқият оқып шығыңыз. Әрқайсыңыздың осы
Кодексте жазылған принциптерге сай жұмыс істеуіңізді күтемін. Барлығымыз осы
стандарттарға сай болуға міндеттіміз.
Мен Ericsson компаниясының ұжымдық жауапкершілік мәселелеріне және бизнесті
жауапкершілікпен жүргізуге мүдделімін. Сіз де осы жолды ұстанатыныңызды
білдіріңіз. Әрбір әрекет ескеріледі.
ПРЕЗИДЕНТТЕН ЖӘНЕ
БАС ДИРЕКТОРДАН ХАТ
Ганс Вестберг
Президент және Бас директор
Сәуір, 2014
5
СЕНІМДІ СЕРІКТЕС
БОЛУ
Адалдық, ашықтық және жауапкершілік бизнес
жүргізу жолымызды ерекшелейді. Жұмысты адал
істеу тұтынушыларымызбен, серіктестерімізбен,
жұмысшыларымызбен, акционерлерімізбен және
басқа да мүдделі тұлғаларымызбен арада сенім
мен шынайылықты қамтамасыз етуде аса маңызды
болып табылады. Мұндай сенім мен шынайылық
бизнес жүргізу жолымызда ашықтықты және бизнес
активтері мен тұлғалардың құпиялылығын қорғау
үшін бизнесті жүргізгенде құпиялылықты талап
етеді.
Іс жүргізу кезінде ашықтық ортасын жасаудың
басымдығы барлығымыз үшін жоғары. Біздің Іскерлік
этика кодексіміз – келісім-шарттарымыз бен нарыққа
шығару кезінде ісімізді ашық және сенімді түрде
атқаруға берген уәдеміз. Компания осы Кодексте
орнатылған принциптерге сай жұмыс істейді
деп күтеміз. Директорлар кеңесі мен Атқарушы
басшылық тобының мүшелерінен бастап Ericsson
компаниясына жұмыс істейтін жеке тұлғаға дейінгі
барлық адам осы стандарттарға сай болуға міндетті
болады.
Іскерлік этика кодексі компаниямыздың бизнесті
жауапкершілікпен жүргізу мүддемізді, соның ішінде
келесілерді көрсетеді:
Жауапты ұжымдық азамат болу
Іскерлік операцияларымыздың барлығында
адам құқықтарын құрметтеу
Денсаулық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Тұрақты дамуды қолдау
Ұжымдық этика кодексінде орнатылғандай UN
Global Compact принциптерін қолдау
Сондай-ақ, Кодекс Ericsson компаниясына Ericsson
компаниясының қызметкерлер басқармасында
немесе Ericsson кеңселерінде Ericsson қызметкері
немесе мердігері ретінде, не болмаса жеке мердігер
ретінде жұмыс істейтін барлық тұлғалар үшін
ережелерді қамтиды, соның ішінде:
Барлық уақытта қолданыстағы заңдармен және
ережелермен сәйкестікті қамтамасыз ету
Қаржы есептері мен басқа да халыққа
жолдауларда толық, әділ, тура, уақтылы және
түсінікті ақпарат берілуін қолдау
Мүдделер қайшылығын тиісті түрде шешу
Компания активтерін қорғау және дұрыс
пайдалану
Жеке ақпаратты қорғау
Біздің басшылық принциптеріміз
6
Ericsson компаниясына жұмыс істейтін барлық
адам Кодексті компанияның осында көрсетілген
мүдделіліктерін қолдау және олармен қатар жұмыс
істеу мақсатында қарап шығуы және Кодекстегі
бізге арналған ережелерге, сонымен қатар
қолданыстағы заңдарға сай жұмыс істеуі тиіс. Оған
қоса, біз Ericsson компаниясының Топ саясаттарын,
директивалары мен нұсқауларын, сонымен
қатар жергілікті директивалар мен нұсқауларды
орындауымыз керек; олай істемеу жұмыскердің
компаниядағы жұмысын тоқтатуды және/немесе
азаматтық және қылмыстық жауапкершілікті қоса
тәртіптік шараны тудыруы мүмкін.
Талаптарға сәйкестік үшін жауапкершілігіміз
Біз лидерлерімізге қосымша міндеттер жүктейміз. Өз
әрекеттері арқылы олар сәйкестіктің маңыздылығын
көрсетуге тиiстi. Үлгі болудың, сұрақтары бар немесе
осы кодексті ықтимал бұзулар туралы хабарлағысы
келетіндер үшін ашық болу сияқты маңызы зор.
Лидерлер осы кодекстің орындалуын және өз
ұйымдарында қолданылуын қамтамасыз етуі тиіс.
Лидерлер этикаға сай келмейтін әрекетке көз жұма
қарамауы тиіс.
7
Ericsson компаниясына жұмыс істейтін жеке
тұлғалар – Ericsson компаниясының қызметкерлер
басқармасында немесе Ericsson кеңселерінде
жұмыс істейтін жеке тұлғалардан заңдардың немесе
Іскерлік этика кодексінің бұзылғанына сенімді болған
жағдайда басқарушыларына немесе жергілікті
белгіленген тәртіп бойынша хабарлау сұралады.
Егер басшының өзі оқиғаға араласқан болса
немесе мәселелерді жеткілікті түрде шеше алмаса,
жұмысшылардың жоғарырақ лауазымды басшыға
немесе жергілікті белгіленген тәртіп бойынша
хабарлауына кеңес беріледі.
Жабдықтаушылар, тұтынушылар мен басқалар
– Жұмысшылар, тұтынушылар және Ericsson
компаниясымен қарым-қатынастағы басқа
серіктестер заңдардың немесе Іскерлік этика
кодексінің бұзылғаны туралы күдіктерін жергілікті
басқарушыға немесе жергілікті белгіленген тәртіп
бойынша хабарлай алады.
Ericsson компаниясының Compliance Line
жүйесі – Хабарлау үшін жоғарыдағы арналар қол
жетімді немесе лайық болмаса және мәлімделген
ереже бұзушылық
топ немесе жергілікті басқару тарапынан орын
алса және
коррупцияға, күмәнді есеп жүргізуге немесе
аудит мәселелеріне қатысты болса немесе
Ericsson компаниясының маңызды мүдделеріне
немесе жеке денсаулық пен қауіпсіздікке
басқаша жолмен айтарлықтай әсер етсе,
ереже бұзушылықты Ericsson компаниясының
ұжымдық сыртқы информатор процесі арқылы
хабарлауға болады: Ericsson компаниясының
Compliance Line жүйесі туралы хабарлау. Қатысты
адамдарға қолданылатын жергілікті заңнамаға
сәйкес болған жағдайда, хабарлар осы процесс
арқылы өңделуі мүмкін. Ericsson компаниясының
Compliance Line жүйесі туралы ақпаратты
Ericsson
интранет желісінен
1
және
Ericsson веб-сайтынан
2
алуға болады.
Лидерлерден хабарланған мәселені байыппен
қарастыру және олардың этикасына, құндылықтары
мен процедураларына және кез келген жергілікті
заңды немесе реттеуші міндеттемелерге сәйкес
қанағаттанарлық шешімін табуын қамтамасыз
ету үшін жұмыс істеуі талап етіледі. Ericsson ізгі
ниетпен хабарланған ереже бұзушылықтар үшін
жекелеген ереже бұзушылыққа қатысты ешқандай
алалаушылықты немесе кек қайтаруды құптамайды.
Талаптарға сәйкестікті сақтауға қатысты мәселелер
туралы хабарлау
1
http://internal.ericsson.com/reporting-compliance-concerns
2
http://www.ericsson.com/reporting-compliance-concerns
8
БИЗНЕСТІ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН
ЖҮРГІЗУ
Адам құқықтарын, денсаулық пен қауіпсіздікті
және қоршаған орта мәселелерін қоса ұжымдық
жауапкершілік мәселелерін кәсіби жолмен
қарастыру және компанияның күнделікті жұмысында
бизнесті жауапкершілікпен жүргізуге мүдделілігін
ұйғару Ericsson компаниясына жұмыс істейтін
барлық адамның жауапкершілігі болып табылады.
Біз байланыстың экономикалық гүлденуге және
әлеуметтік активке үлес қосатын және көптеген
тұрақты даму тапсырмаларына шешімдерді
беретін негізгі адам қажеттілігі екеніне сенеміз.
Біз технологиямыздың әлемдегі жақсылық күші
болуын қамтамасыз етуге және барлық болымсыз
әсерлерді азайтуға ат салысамыз. Біз ақпарат пен
байланыс технологиясы (ICT) үлкен анықтықты
арттыратынына және денсаулық, оқу, жиналысу
еркіндігі мен ой білдіру еркіндігі құқығы сияқты
көптеген негізгі адам құқықтарын жақсартатынына
қалтқысыз сенеміз.
Әлеуметтік және этикалық тұрғыда
жауапкершілікпен әрекет ету маңызды болып
табылады және біз бизнес жүргізген қоғамдарда
жауапты азамат болуға ат салысамыз. Бұл дүние
жүзі бойынша өнімдеріміз бен қызметтерімізді
өндіруге және қолдауға ат салысатын адамдардың
және Ақпараттық-Байланыс Технологиялары
пайдаланушыларының қамын кеңінен ойлаймыз.
Ericsson компаниясы адам құқықтарын, еңбек
стандарттарын, қоршаған ортаны басқаруды
және коррупцияға қарсы шараны қамтитын 10 UN
Global Compact принциптерін ұстануға мүдделі.
Бұл принциптер бизнесті жауапкершілікпен жүргізу
әдісіміздің негізін құрайды.
Ericsson брендінің әрдайым адам құқықтарын
құрметтеумен, әділ және қауіпсіз жұмыс істеу
жағдайларымен және этикаға сай және экологияға
зиянсыз іс жүргізумен байланыстырылғаны
маңызды.
– компанияның мүддесі
Жауапты корпоративтік азаматтар ретіндегі
міндеттемеміз
9
Ericsson компаниясы бірігу еркіндігіне және
ұжымдық талқылауға, мәжбүрленген еңбекке,
балалар еңбегіне және кемсітпеуге арналған барлық
халықаралық түрде жарияланған адам құқықтарын,
соның ішінде Адам Құқықтары Туралы Халықаралық
Билльді және жұмыстағы негізгі принциптер мен
құқықтар туралы Еңбек ұйымының декларациясын
құрметтейді.
Біз бизнес пен адам құқықтарына арналған UN
нұсқау принциптерін бизнес жұмыстарымызда
қолдануға мүдделіміз. Біз қандай да бір адам
құқықтарының бұзылуына араласпауымызды
қамтамасыз етуге ат салысамыз. Барлық
жағдайларда, қайшылықты талаптарға тап
болсақ та, халықаралық түрде анықталған адам
құқықтарының принциптерін ұстану жолдарын
қарастырамыз.
Біз Байланысқан Қоғамда пікір білдіру еркіндігі
және құпиялылық құқығы сияқты белгілі бір адам
құқықтары мәселелеріндегі нақты тапсырмалардан
және технологияны дұрыс пайдаланбаудан
туындаған басқа құқықтар әсерінен хабардармыз
және мұндай қатерлер мен тапсырмаларды азайтуға
белсенді түрде жұмыс істейміз.
Құпиялылық пен қауіпсіздік Ericsson жеткізетін
өнімдер мен қызметтердегі маңызды элементтер
болып табылады және өнімдеріміз бен
қызметтеріміздің жұмыстарында құпиялылықтың
адам құқықтары аспектілері мен пікір білдіру
еркіндігінің сақталуын қамтамасыз ету үшін біз
өніміміз бен бизнес процестерімізді реттейміз.
Іскерлік операцияларымыздың барлығында адам
құқықтарын құрметтеу
10
Ericsson компаниясы хабардар болуды, алдын
алуды және күтімді арттыра отырып мықты кәсіби
денсаулықты және қауіпсіздік мәдениетін сақтауға
мүдделі.
Күнделікті жұмыстарымызда қауіпсіз және
денсаулыққа зиянсыз жұмыс ортасын
қамтамасыз ету үшін біз тұтынушыларымызбен,
жабдықтаушыларымызбен және басқа
акционерлерімізбен бірге жұмыс істейміз.
Біздің мүдделілігіміз тіркелген басқарма
басқарулары жүйесі арқылы және барлық
қажетті әрекеттерді орындау арқылы көрсетіледі.
Осы басқаруларды қолдану арқылы Ericsson
компаниясына жұмыс істейтін барлық адамның өмірі
мен денсаулығын қорғауға іздену және Ericsson
компаниясының коммерциялық мүддесі мен брендін
және тұтынушыларымызды қорғау арқылы жауапты
қызметкер ретінде әрекет етеміз.
Ericsson компаниясы қоғамның тұрақты дамуына
мүдделі, яғни келешек ұрпақтың өз қажеттіліктеріне
сай жұмыс істеу мүмкіндігін кемітпестен қазіргі
уақыттағы қажеттіліктерге сай даму. Біз тұрақты
дамуды ұзақ мерзімді әлеуметтік активпен,
экономикалық гүлденумен және жақсартылған
қоршаған орта жұмысымен анықтаймыз.
Ericsson өнімдер мен қызметтерді және шешімдерді
үздік тұрақты даму жұмысымен әзірлеуге, шығаруға
және ұсынуға ат салысады.
Жұмыстарымыздың болымсыз әсерлерін азайту
және қоғамның тұрақты дамуына мүмкіндік беру
үшін технологиямыздың болымды әсерлерін көбейту
мақсатында үздіксіз жұмыс істейміз.
Біз қызметкерлер арасында тұрақтылық туралы
білімді мен хабардар болуды арттырамыз
және адамдарға, бизнес пен қоғамға оң
әлеуметтік, қоршаған орта және экономикалық
әсерлері бар әрекеттерде акционерлермен
проактивті түрде жұмыс істейміз. Сондай-ақ, біз
жабдықтаушыларымызды жеткізу тізбегімізде
жеткілікті тұрақты даму стандарттарын қамтамасыз
етуді ұймдастыруға міндеттіміз.
Денсаулық және қауіпсіздік
Тұрақты дамуға мүдделілік
11
Барлық жеке тұлғалар өз жұмыстарының негізгі
шарттары мен талаптарын білуі тиіс және
тәжірибесі, өнімділігі және біліктілігі бірдей
тұлғалар бірдей жұмыс жағдайларында бірдей
жұмыс орындап жатқандарға сай бірдей жұмыс
үшін бірдей еңбекақы алады.
Жұмысшылардың денсаулығы мен жұмыс
орнының қауіпсіздігіне әрдайым басымдық
берілуге тиіс. Бұл жұмыс жағдайларының
барлық аспектілеріне қолданылады.
Ұжымдық этика кодексін құрметтеу және қолдау
әрбір Ericsson қызметкерінің міндеті және Ericsson
қызметкерлерінің Ұжымдық этика кодексіне сай
қаралуы әрбір Ericsson бөлімі мен компаниясының,
сонымен қатар әрбір басқарушының міндеті болып
табылады.
Жабдықтаушылар мен олардың қосалқы
мердігерлерінен Мінез-құлық кодексіне бағыну және
сәйкестіктерін растау талап етіледі.
Адам құқықтарын құрметтеу және жұмысқа алудың
әділ жағдайларын, қауіпсіз еңбек жағдайларын,
экологиялық мәселелердің жауаптылықпен
қаралуын және жоғары этикалық стандарттарды
қамтамасыз ету мақсатында, біздің Ұжымдық
этика кодексіміз UN Global Compact принциптеріне
негізделеді және дүние жүзіндегі Ericsson
компаниясының өнімдері мен қызметтерінің өндіріс,
жеткізу мен қолдау сатыларын қоса, компанияның
жұмыстарында қолданылады.
Ұжымдық этика кодексі келесіні қамтамасыз етеді:
Барлық адамдар жеке таңдауы бойынша
бейбіт және заңды түрде жұмысшылар ұйымын
құруға және оған қосылуға не қосылмауға
ерікті және ұжымдық түрде талқылауға қатысу
құқығына ие.
Ericsson балалар еңбегін пайдалануды
қабылдамайды.
Ешқандай тұлға, мысалы, нәсілі, түсі, жынысы,
жыныстық ориентациясы, отбасылық жағдайы,
жүктілігі, ата-аналық жағдайы, діні, саяси
ұстанымы, азаматтығы, ұлты, әлеуметтік шығу
тегі, әлеуметтік жағдайы, жергілікті жағдайы,
мүгедектігі, жасы немесе бір одаққа мүшелігі,
не болмаса қолданыстағы жергілікті заң
бойынша қорғалған кез келген басқа сипаты
үшін кемсітілмеуі тиіс.
Ұжымдық этика кодексі
12
ӘРБІР ӘРЕКЕТ ЕСКЕРІЛЕДІ
– Ericsson компаниясының қызметкері ретінде немесе
мердігері, не болмаса жеке мердігер ретінде Ericsson
компаниясы үшін жұмыс орындайтын барлық адамдарға
арналған ережелер
Инсайдерлік сауда – Ericsson компаниясына
жұмыс істейтіндердің барлығы барлық қолданыстағы
инсайдерлік сауда және құпия ақпарат негізінде
бағалы қағаздармен операциялар бойынша
кеңес беру жөніндегі ережелерге сәйкес әрекет
етуі тиіс. Кез келген акциялары ашық айналымда
жүрген компаниядағы, соның ішінде Ericsson
компаниясындағы акцияларды немесе бағалы
қағаздарды мұндай компания туралы инсайдерлік
ақпаратқа ие болып тұрған кезде тікелей немесе
жанама түрде сатып алуға немесе сатуға және
инсайдерлік ақпаратты Ericsson компаниясының ішінде
немесе сыртында ешкімге, соның ішінде отбасыңызға,
әріптестеріңізге немесе Ericsson компаниясы үшін
міндеттерді атқару мақсатында мұндай ақпаратты
қажет етпейтін басқа адамдарға жария қылуға
болмайды. «Инсайдерлік ақпарат» дегеніміз –
тиісті акциялардың немесе бағалы қағаздардың
саудадағы бағасына айтарлықтай әсер етуі ықтимал,
жарияланбайтын ақпарат.
Құпиялылық – Ericsson компаниясы қызметкерлерге,
серіктестерге, сыртқы жұмыс күшіне, тұтынушыларға
және соңғы пайдаланушыларға қатысты ақпарат
сияқты жеке ақпараттың құпиялылығын қорғауға
мүдделі. Ericsson компаниясынан жеке ақпаратты
қорғауға қатысты заңдарға жүгіну талап етіледі.
Жеке ақпаратқа кіру немесе өңдеу әрекетіне
қатысқаныңызда, қолданыстағы заңдық және келісім-
шарттық талаптармен танысуыңыз және оларға сай
әрекет етуіңіз керек.
Ericsson өзінің бизнесіне қатысты барлық заңдар
мен ережелердің талаптарын орындайды. Ericsson
компаниясының істерін жүргізгенде, алуан түрлі
құқықтық мәселелерге кезігуіңіз мүмкін. Кез келген
қолданыстағы заңның немесе ереженің бұзылуы
Ericsson компаниясына және қамтылған жеке
тұлғаларға қатерлі зардап әкеледі. Сондықтан, сіздің
міндетіңіз тиісті заңдармен және ережелермен, соның
ішінде төменде берілгендерімен танысу және оларға
сай әрекет ету болып табылады.
Халықаралық іскерлік келісім-шарттар –
Халықаралық бизнеске араласқанда бізге белгілі бір
заңдар мен ережелер қолданылады. Халықаралық
бизнес транзакцияларына қатысқандардың барлығы
барлы қолданыстағы жергілікті және сыртқы заңдармен
және ережелермен таныс болуы және оларға жүгінуі
тиіс, мысалы, экспорттау және импорттау ережелері,
байкотқа қарсы нұсқаулар, сауда тыйымдары және
күші бар санкциялар.
Әділ бәсекелестік – Ericsson әділ бәсекелестікті
қолдауға мүдделі. Әділ бәсекелестік бизнесті дамыту
мен инновацияның негізі болып табылады. Ericsson
компаниясына жұмыс істейтіндердің барлығы ашық
нарықта мүмкіндігінше табанды және сындарлы түрде
бәсекелесе отырып, Ericsson жұмыс атқаратын әрбір
елдегі монополияға қарсы заң талаптарына сай болуы
тиіс. Монополияға қарсы заң мәселелері Топтың заң
бөлімімен бірлесе отырып қаралуы керек. Ол бөлім
іштей және сотпен немесе басқа органдармен бірге
оларды басқаруға және үйлестіруге жауапты болып
табылады.
Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру – Ericsson
компаниясынан бухгалтерлік принциптері мен
стандарттарын қатаң ұстану, қаржы туралы ақпаратты
тура және толық хабарлау, сондай-ақ бухгалтерлік және
қаржылық есептің қолданыстағы заңға, ережелерге
және тізімдеу талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз
ету үшін тиісті ішкі бақылаулар мен процестер жүргізуі
талап етіледі. Компанияның осы саладағы күш-
жігерлерін қолдауыңыз керек.
Заңдар мен ережелерге сәйкестік
13
Ericsson компаниясының қызметкерлері
жұмыстарды жақсартуда қатысуды арттыру үшін
құрылғыларының жұмыстық және қаржылық
өнімділігін жақсы түсінуі маңызды болып табылады.
Бұл Ericsson компаниясының қаржылық ақпаратты
жариялау саясаты мен инсайдерлік ережелер
және қор биржалары мен бағалы қағаздар
нарығын қадағалау органдарының тізімдеу және
хабарлау ережелері сияқты шектерде көрсетілген
заңдық талаптармен теңестірілуі керек. Ericsson
компаниясының бұл талаптарды орындау
міндеттемесі Ericsson компаниясына жұмыс істейтін
тұлғалардың компания акциясының бағасына
ықпал етуі мүмкін материалдық жаңалықтарды
басқару жолын анықтайды. Сыртқы тараптарға
қаржы көрсеткіштері мен перспективалар туралы
түсініктемелерді тек өкілдер туралы нұсқаулық
бойынша құқық берілген ресми компания өкілдері
Топтың бұқарамен қарым-қатынас бөлімі қолдайтын
іс-әрекеттерімен бірге бере алады.
Қаржы есебін берумен айналысатын барлық
адамдар әрқашан Ericsson мемлекеттік мекемелерге
немесе органдарға тапсыратын немесе басқа да
қоғамдық байланыс орындарына жасайтын есептер
мен құжаттарда толық, әділ, тура, уақтылы және
түсінікті ақпаратты көрсетуі тиіс.
Өкілетті өкілдерге компанияны сыртта таныстыру
тапсырылады және тақырыптардың кең ауқымын
қамтуы мүмкін. Барлық жұмысшылар компания
туралы ортақ ақпаратты бөлісу арқылы Ericsson
компаниясы туралы әлемге жариялауға
шақырылады, бірақ қаржылық көрсеткіштер,
стратегияға қатысты мәселелер немесе жеке
тұтынушыға қатысты ақпарат туралы тек өкілетті
өкілдер түсініктеме беруі тиіс. Топтық қызмет
байланыстары күмәнді кезде қызметкерлерді
қолдауға дайын.
Коммуникация және қаржы туралы ақпарат
14
Біз іскерлік шешімдерді жеке ойларымыз бен
қатынастарымыздан гөрі, Топтың ең ізгі мүдделерін
негізге ала отырып қабылдаймыз. Ericsson
компаниясының ең ізгі мүддесі үшін өз бетімізше
шешім қабылдауға бір нәрсе кедергі келтіргенде
немесе ықпал еткенде мүдделер қайшылығы
туындайды. Біз жеке мүдделеріміз Топтың
мүдделеріне қайшы келуі немесе қайшы келетін
болып көрінуі мүмкін жағдайларды болдырмауымыз
керек.
Төменде қаперге алынуы тиіс жағдайлардың
мысалдары берілген:
Бизнес мүмкіндіктер – Ericsson мүдделеріне
қайшы болуы мүмкін болған жағдайда, Ericsson
үшін міндеттерді атқару кезінде анықталған
бизнес мүмкіндіктерді өзіңіз үшін пайдалануға
болмайды. Сондай-ақ, Ericsson компаниясының
мүддесін немесе ақпаратын немесе Ericsson
компаниясындағы лауазымыңызды жеке бас
пайдаңыз үшін басқаша жолмен пайдалануға
болмайды.
Басқа жұмыс – Ericsson компаниясынан тыс,
компенсациямен немесе компенсациясыз, Ericsson
компаниясындағы жұмыс өнімділігіне зиян келтіретін
немесе зиян келтіруі мүмкін, не болмаса мүдде
қайшылығын жасауы мүмкін ешқандай жұмысты
қабылдамауыңыз керек. Ericsson қызметкерлері
уақыт пен назарды Ericsson компаниясындағы
міндеттерді орындаудан басқа нәрсеге бұратын
немесе Ericsson компаниясындағы жұмыс
уақытында жұмыс істеуді қажет ететін сыртқы
іскерлік мүдделерге араластырмауы тиіс. Ericsson
қызметкерлері кез келген АБТ (Ақпараттық-
Байланыс Технологиялары) ұйымынан немесе кез
келген жабдықтаушыдан, мердігерден, агенттен,
тұтынушыдан немесе Ericsson компаниясының
бәсекелесінен жұмысты қабылдамау арқылы кез
келген ықтимал мүдделер қайшылығының алдын
алуы тиіс.
Кеңестерге мүшелік және басқа да сыртқы
байланыстар – Ericsson қызметкерлері мүдделер
қайшылығын тудырған жағдайда, коммерциялық
емес кәсіпорындағы немесе мемлекеттік мекемедегі
директорлар кеңесінде немесе соған ұқсас органда
қызмет атқара алмайды. Мұндай қызметтердің
барлығын басшыңыз алдын ала мақұлдауы керек.
Ericsson компаниясымен мүдделер қайшылығы
пайда болу мүмкіндігі болмаса, коммерциялық емес
немесе қоғамдық ұйымдардағы кеңестерде қызмет
атқаруға алдын ала мақұлдау қажет емес.
Саяси белсенділік – Ericsson саяси партияларға
немесе комитеттерге, не болмаса жеке
саясаткерлерге тікелей немесе жанама жолмен
жарналар немесе төлемдер төлемейді немесе басқа
түрлі қолдау көрсетпейді
3
. Ericsson компаниясының
атынан немесе корпоративтік қаражаттарды немесе
ресурстарды пайдалану арқылы қандай да бір саяси
үлестер қосуға болмайды.
Сыйлықтар, жеңілдіктер, сыйақылар және
ойын-сауықтар – Үшінші бір тарапқа немесе одан
заңдардың бұзылуына әкелетін немесе Ericsson
компаниясы немесе үшінші тарап үшін болашақ
жұмыстарды немесе міндеттерді атқару кезіндегі
кәсіби пайымдауға әсер ететін немесе әсер етуі
мүмкін болып көрінетін сыйлықтар, жеңілдіктер,
сыйақылар немесе ойын-сауықтар ұсыныстарын
ұсынуға немесе қабылдауға болмайды.
Пара, қайтарым ақша, т.б. – Ericsson
компаниясының немесе кез келген үшінші тараптың
жұмысшыларына немесе басқа өкілдеріне немесе
серіктестеріне немесе олардан тікелей немесе жана
түрде ешқандай пара, қайтарым ақша немесе кез
келген басқа заңсыз немесе этикаға жатпайтын
пайда талап етуге немесе қабылдауға тыйым
салынады. Кез келген мұндай ұсыныс немесе
ұсынуға ыңғайлану Топтың заң бөліміне дереу
хабарлануы керек.
Мүдделер қайшылығы туралы хабарлау –
Ericsson компаниясы сізден мүдделер қайшылығын
тудырады деп орынды түрде күтілетін жағдайларды
немесе транзакцияларды хабарлауын талап
етеді. Егер мүдделер қайшылығын тудыратын
бір транзакция немесе кез келген басқа келісімге,
не болмаса орынды түрде мүдделер қайшылығы
деп қабылдануы мүмкін басқа нәрсеге қатысып
жүргеніңізден күмәндансаңыз, басшыңызға
немесе Топтың заң бөліміне хабарлауыңыз керек.
Басшыңыз бен Топтың заң бөлімі мүдделер
қайшылығы бар-жоғын анықтау және, бар болған
жағдайда, оны қалай шешу керектігін анықтау
үшін сізбен жұмыс істейді. Мүдделер қайшылығын
тудыратын транзакцияларға немесе келісімдерге
автоматты түрде тыйым салынбағанымен, белгілі
бір транзакциялардың немесе келісімдердің
кейбіреулері керексіз болуы мүмкін және жоғарғы
сатыдағы басшылық мүшесі сияқты кей тұлғалар
үшін мұндай транзакциялар немесе келісімдер
Директорлар кеңесінің Аудиторлық комитетінің
немесе акционерлердің мақұлдауын қажет етуі
мүмкін.
Мүдделер қайшылығын шешу
3
Бұл бөлімдегі ешнәрсе Ericsson компаниясының белгілі бір құқылы қызметкерлерінен ерікті жарна жинау және
Америка Құрама Штаттарындағы сайланған саяси лауазым кандидаттарына үлес қосу үшін Америка Құрама
Штаттарының заңы (нақты айтқанда 2 U.S.C. § 441b(b)(4)(B)) бойынша рұқсат етілген түрде бөлек қор құруға және оны
жүргізуге тыйым салмайды.
15
Ericsson компаниясында алуан түрлі активтер,
соның ішінде материалдық активтер, меншікті
ақпарат пен зияткерлік меншік бар. Сіз өзіңізге сеніп
тапсырылған Ericsson мүлкін қорғау және жалпы
Ericsson компаниясының активтерін қорғауға көмектесу
үшін жауаптысыз. Бұл үшін Ericsson компаниясының
қауіпсіздік нұсқауларын білуіңіз және түсінуіңіз
керек. Назарыңызға іліне салысымен, Ericsson
мүліктерінің жоғалғаны немесе жоғалу қаупі туралы
басқарушыңызға немесе Ericsson қауіпсіздік бөліміне
дабыл қағып, хабарлауыңыз керек.
Төменнен ақпаратты іште және сыртта өңдеу,
коммуникация жүйелері мен зияткерлік меншік
бойынша кейбір нұсқауларды табасыз.
Зияткерлік меншік – Зияткерлік меншікке компьютер
бағдарламалары, техникалық құжаттама мен
өнертабыстар сияқты алуан түрлі мүліктер жатады.
Белгілі бір зияткерлік меншік авторлық құқық, патенттік
құқық, сауда белгісіне құқық және т.б. арқылы арнайы
қорғалады және қорғалуы мүмкін.
Зияткерлік меншік Ericsson үшін ең жоғарғы құнға ие
және оған тиісті түрде мұқияттықпен қарау керек. Бұл
құнды активті қорғау үшін қалай әрекет ету керектігі
туралы нұсқауларды ұстануыңыз және, күмәніңіз
болса, сұрауыңыз керек.
Жұмыс бабымен Ericsson қызметкерлері жасаған
зияткерлік меншік, халықаралық конвенцияларда,
қолданыстағы заңдарда және Ericsson компаниясымен
келісімде көрсетілгеннен басқа жағдайларда заң және/
немесе еңбек келісім-шарты немесе басқа келісім
бойынша Ericsson компаниясының меншігіне өтеді.
Ericsson компаниясының АТ ресурстарын
пайдалану – Ericsson компаниясының АТ ресурстары,
соның ішінде байланыс жүйелері мен Интернетке
қосылу Ericsson ісін жүргізу немесе басшылығыңыз
тарапынан немесе қолданыстағы Топтың басшылық
құжаттары бойынша рұқсат етілген басқа да қосымша
мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін. Ericsson
компаниясының АТ ресурстарына Ericsson компаниясы
бермеген құрылғылармен және сақтау құралымен
кіру үшін сізге басқарма немесе қолданыстағы Топтың
басқарушы құжаттары рұқсат беруі тиіс.
Қолданыстағы заңмен рұқсат етілген ауқымда
Ericsson компаниясының АТ ортасына қандай
да бір құрылғыдан немесе сақтау құралынан
кіру (Ericsson берген не бермеген) орнатылған
бағдарламалық жасақтама, USB сақтау құрылғысы,
қорғау жүйелері, әкімші ақпараты, қосымша желі
қосылымдары, шифрлану, вирусқа қарсы немесе
зиянды бағдарламалық жасақтама мен компоненттер,
т.б. үшін тексеріледі. Ericsson бизнесін қорғау
және Ericsson компаниясының АТ ресурстарын
рұқсатсыз пайдалануды анықтау мақсатында
Ericsson компаниясының АТ ресурстарына кіру
немесе Ericsson компаниясының ақпаратын сақтау
үшін пайдаланылатын барлық құрылғылар мен
сақтау құралына кіру рұқсатын беруіңіз сұралуы
мүмкін. Мұндай сұрауды тек рұқсат етілген қауіпсіздік
функциясы бойынша және қолданыстағы процестерге
сәйкес жасауға болады.
Ericsson компаниясының АТ ресурстарын жол бергісіз
пайдалануға алаяқтық, қажытатын, қорқытатын,
заңсыз, нәсілдікке немесе жыныстыққа бағытталған,
анайы, бопсалайтын, беделге нұқсан келтіретін немесе
кәсіби ортаға басқаша жараспайтын материал мен
ақпаратты өңдеу, жіберу, алу, қарау, көрсету, сақтау,
басып шығару немесе басқа жолмен тарату жатады.
Ericsson компаниясынан шыққанда – барлық
Ericsson активтерін, соның ішінде Ericsson
компаниясының меншікті ақпараты бар кез келген
ақпарат тасығышты қайтарып беруіңіз керек. Ericsson
компаниясынан шыққаннан кейін, сіз Ericsson меншікті
ақпаратын пайдалану мен жариялауға қойылатын
шектеулерге бағынышты болып қала бересіз.
Компания активтерін қорғау және тиісті түрде пайдалану
16
Ericsson компаниясының және
тұтынушыларымыздың, серіктестеріміз
бен жабдықтаушыларымыздың құпия
және меншікті ақпаратын қорғау
Ericsson компаниясына жұмыс істейтін адамдарда
Ericsson компаниясының меншігіндегі ақпаратқа
және кейде үшінші тараптардың да ақпаратына
кіруге рұқсаты бар. Мұндай ақпарат қаржы туралы
ақпарат, бизнес жоспары, техникалық ақпарат,
жұмысшылар мен тұтынушылар туралы ақпарат
және басқа да ақпарат түрлері болуы мүмкін.
Рұқсатсыз ену, пайдалану және жариялау Ericsson
компаниясына немесе үшінші тарапқа зиян
келтіруі мүмкін, сондықтан сізге тиісті түрде рұқсат
берілмеген жағдайда ақпаратқа енуге, пайдалануға
немесе жариялауға рұқсат етілмейді. Рұқсатсыз ену,
пайдалану және жариялау, сондай-ақ, заңдарды,
соның ішінде құпиялық туралы ережелерді
бұзуы мүмкін. Рұқсатыңызға күдіктенген кезде,
басқарушыңыздан немесе Ericsson қауіпсіздік
бөлімінен нұсқауларды сұрауыңыз керек.
Ericsson компаниясының және оның
тұтынушыларының, серіктестерінің және
жабдықтаушыларының жеке ақпаратын
қорғауға көмектесетін кейбір ережелер
төменде берілген:
1.
Ericsson жарияламаған ақпаратты
төмендегілерден басқа ешкімге жарияламаңыз:
(i) жұмыстарында ақпаратқа кіру рұқсатын
қажет ететін және ақпаратты алуға орынды
себебі бар Ericsson компаниясына жұмыс
істейтін адамдар,
(ii) Ericsson тарапынан мұндай ақпаратты
алушы ретінде өкілет берілген кез келген
адам немесе
(iii) жұмыстағы міндеттеріңізге сәйкес мұндай
ақпаратты беруіңіз тиіс адамдар.
2.
Міндеттеріңізді орындау мен Ericsson үшін
жұмыс істеуден басқа жағдайларда жеке
ақпаратқа тікелей және жанама түрде
қол жеткізуші, көшіруші, қайта жасаушы
немесе пайдаланушы болмаңыз. Ericsson
компаниясынан шыққанда, жеке ақпаратқа
кіруге немесе пайдалануға берілген кез келген
рұқсат жарамсыз болады және қолыңыздағы
барлық ақпарат қайтарылуы немесе тасталуы
тиіс.
3.
Жеке ақпараттың теріс пайдаланылғанын
немесе өңделгенін білгеннен кейін, бірден
басшыңызға хабарласыңыз және мұндай
ақпаратты қорғау үшін Ericsson компаниясымен
толық ынтымақтастықта жұмыс істеңіз.
4.
Жеке ақпаратты Ericsson тарапынан рұқсат
етілмеген жеке компьютерлерде, сақтау
құралында немесе басқа құрылғыларда
сақтамаңыз. Үшінші тарап бұлт қызметтері
немесе басқа желіде орналастыру қызметтері
тек Ericsson топ қауіпсіздігі бөлімі тарапынан
мақұлданған жағдайда жеке ақпаратты сақтау
үшін пайдаланылуы тиіс.
5.
Ericsson компаниясына жұмыс істейтін
адамдарға берілген рұқсаттар тек олар
арналған жолмен пайдаланылуы тиіс. Құпия
сөздер мен PIN кодтары және сол сияқты
ақпарат ешқашан рұқсатсыз адамдармен ортақ
пайдаланылмауы немесе оларға пайдалануға
берілмеуі тиіс.
Ақпаратты қорғау
17
Ericsson
SE-164 83 Stockholm, Sweden
Телефон: +46 10 719 0000
www.ericsson.com
Group Policy 011 03-2927
© Telefonaktiebolaget LM Ericsson 2015
Достарыңызбен бөлісу: |