Осы қызмет бойынша 972 сұхбаткерден жауап алынды. Заңды тұлғаны тарату, ЖК қызметін тоқтату салық төлеушілер үшін аса күрделі қызметтің бірі болып табылады, дегенмен 10 балдық шкала бойынша қызметпен қанағаттанушылық 8,6 балды құрады, бұл айтарлықтай жоғары баға.
Қызмет көбінесе қағаз түрінде ұсынылады (78%) және жек басының салық органына келуін талап етеді. Бұл орайда салық төлеушілер оны электронды форматқа ауыстыруынжиі өтінеді, ол уақыт шығындарын азайтып, салық органдарының қызметкерлерімен болатын қарым-қатынасқа жол бермес еді.
39-диаграмма. Қызметтерді автоматтандыру деңгейі, сұхбаткерлердің %-ы, N=893
Салық төлеушілердің тарапынан жазғыруды тудыратын негізгі пунктердің бірі – қызметтерді ұсыну мерзімі. Нәтижені күтудің орташа уақыты – 306,5 сағат. Осы мәселеде бірнеше аспектілер бар. Қызмет алушылардың салықтық сауаттылығы мерзімге айтарлықтай ықпал етеді, яғни бухгалтерияны қате жүргізу, салық есептілігін уақытында тапсырмау және т.б., осыған байланысты кәсіпкерлер кәсіпорынды тарату кезінде бірнеше мәселелерге ұшырайды. Басқа жағынан, мемлекеттік кіріс органдары қызметкерлерінің төмен біліктілігі, қызметті ұсынудың төселмеген механизмі мерзімдерді ұзартуға себеп болады.
Бір рет жүгінген кезде кезекті күтуге жұмсалатын орташа уақыт 26,2 минутты құрайды.
46-кесте. Қызметті алуға жұмсалатын уақыт шығындары
Қызмет нәтижесін күту уақыты
|
Бір рет жүгінген кезде кезекті күтуге жұмсалатын уақыт
|
306,5 сағат
|
26,2 минут
|
Кәсіпкерлердің пікірі
«Бұл процедураның негізгі аспектісі – ұзақ мерзімдер. Қызмет ету кезінде компанияның салық органдарымен мәселелері болмаса, онда тарату процедурасы жылдам өтеді. Егер қандай да бір қиыншылықтар болса, онда ол едәуір ұзаққа созылады».
«Мерзімдер: нақты регламенттеудің жоқтығы, басқа меморганнан мәліметтерді ұсынуға сұраныс жіберу керек. Қызмет көрсетудің бес айында тек үш айы осы сұраныстарға жауап күтумен болдық. Осы меморгандарға салық қызметі тарапынан қандай да бір ықпал ету мүмкін емес, себебі олар тәуелсіз орган, жеке тұрғыда өтініш берушінің жүгінуіне жол берілмейді, себебі орындаушылар туралы еш ақпарат жоқ, сұраныс салық органына жіберіледі, ол туралы ақпарат берілмейді».
«Құжаттарды ұсынуға байланысты нақты нұсқаулық жоқ. Мысалы, осы қызмет стандартында таратудың нақты мерзімі көрсетілмеген, мұны алдын ала білу мүмкін еместігін білемін, бұл бизнестің көлеміне, кредиторлардың тез табылуына байланысты; бухгалтерияның жағдайы қалай, мемлекет алдында қарызы бар ма және т.б. Салықшыларды кез-келген қызмет көрсету барысында көмектесуге мүдделі болуы үшін не істеу керек? Мен бұл жерде бейресми сыйақыларды айтып тұрған жоқпын, олардың мәселені түсініп, кеңес беріп, тез шешудің жолдарын көрсетуін айтамын. Адамның бір сұрақпен бірнеше рет бір маманнан екінші маманға жүгіріп жүргені ештеңе етпейді, оларға бәрібір, үнемі бос емес, клиенттермен футбол ойнағандай болады. Сондықтан да осындай жүгірістің нәтижесінде қанағаттанушылық болмайды. Осының бәрі электронды емес, қағаз жүзінде болғандықтан орын алып отыр».
«Біздің кәсіпкерлер бухгалтерияны әділ және сауатты жүргізгеннің маңыздылығын бағаламайды. Ешқандай кәсіпқой кеңес сіздің ЖШС бухгалтердің қателігін түзете алмайды, осының салдарынан айыппұл мен өсімппұл пайда болады. Тарату кезінде айыппұл төлеуге қаражат табылмайды, шетке шығу жалғаса береді, әзірге басшылық қажет қаражатты таппайынша тарату процесі ұзаққа созыла береді».
Қызмет параметрлерімен қанағаттану
Қызметтің түрлі аспектілерімен қанағаттану бизнестің көлеміне байланысты ерекшеленеді. Төменде келтірілген диаграммадан өріп отырғанымыздай, шағын бизнес барлық аспектілер бойынша қанағаттанушылықты білдіреді, ал орта және ірі бизнес өте төмен бағалар қойып отыр. Ол түбегейлі сұхбаттан алынған пікірлерге сәйкес келеді: «Компанияның көлемі осы қызметке әсер етеді ғой деп ойлаймын. Ірі бизнесті таратуға қарағанда ЖК жабу оңай әрі тезірек секілді. Фирма қаншалықты ірі болса, соншалықты нюанс көп. ЖК үшін бұл есептіліктің қарапайымдылығы, салық ставкалары жоғары емес және бәрі аздап оңай, ал ірі бизнесте бәрі күрделі, ұзақ әрі үлкен».
Ірі бизнес өкілдері қызметті алу барысында әр кезеңде түрлі қиындықтармен ұшырысады. Ең төменгі қанағаттанушылық кезектегі күту уақыты мен процедура – 7,7 балл. Аса жоғары балдарды қызмет көрсету жағдайларына (8,2 балл) және техникаға (8,1 балл) байланысты қойды.
Орта бизнеске қанағаттанушылық шамамен бір деңгейде, барлық параметрлер 8 және 8,3 балл аралығында бағаланған.
ЖК жою процедурасын жеңілдету үшін осы қызметпен қанағаттанушылық айтарлықтай байқалды – барлық белгіленген параметрлерді жеке кәсіпкерлер жоғары бағалаған. Әсіресе қызметкерлермен қанағаттанушылық бойынша айырмашылық ерекше көзге түседі – 9 балл, ірі бизнес осы аспект бойынша 7,9 балл қойған. Мүмкін оңай процедура салық қызметкерлерінің өз біліктілігін көрсетуге жол беретін шығар.
40-диаграмма. Қызмет параметрлерімен қанағаттанушылық, орташа балл
41-диаграмма. Бизнестің көлеміне байланысты қызмет параметрлерімен қанағататнушылық, орташа балл
Достарыңызбен бөлісу: |