ҚР ҰҒА академигі А. М. Ғазалиевтың редакциясымен


ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ



жүктеу 17,89 Mb.
бет4/9
Дата14.05.2018
өлшемі17,89 Mb.
#12725
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Адам байырғы заманнан қоршаған ортаға әсер етеді. Осының нәтижесінде адамның жан-жақты көп ғасырлы қызметі қазіргі топырақ және өсімдік жабынын, әуе және ауыз су (су) ортасына, жануарлар әлеміне терең із қалдырды. Адам жаңартылмайтын табиғи ресурстарды тоздырады және жаңартуға болатын элементтердің өнімдеріне қауіп төндіреді. Одан оның биологиялық және әлеуметтік феномен ретінде тіршілігі мен ақыл-ойының дамуы тәуелді болатын табиғи ортаны өзгертеді. Қоршаған ортаның ластануы өткір және қорқынышты сипатқа ие.

Мұнай және газ өнеркәсібі инвестиция көлемі бойынша өнеркәсіп саласы арасында бірінші орынға ие. Бұған қарамастан мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеудің негізгі аудандарында – Атырау мен Маңғыстау облыстарында – жұмыстар мешеу технологияларды, ескі жабдықтарды қолдана отырып жүргізіледі, бұл апатқа және мұнайдың жылыстауына әкеліп соғады.

Соның нәтижесінде Батыс Қазақстанда мұнай ластануының жалпы ауданы 194 мың. га құрайды, ал, төгілген мұнайдың көлемі - 5 млн. т. астам.

Бүгінде мұнай кәсіпорнындағы қалдық өндіріс проблемасы өткір. Мұнайды өндіру артқан сайын жаңа проблема пайда болды – ол күкірттің көп көлемде жинақталуы. Мысалы, Теңіз кен орнының өзінде 7 миллион тоннадан астам. Бұл күкірттің қоршаған ортаға әсерін бағалау әлі жүргізілген жоқ, тек бүгінде одан әрі шетелге сату үшін күкіртті түйіршікке қайта өңдеу бойынша жұмыс басталды.



Жылдар және он жыл өтті. Бірте-бірте мұнай экономикалық субстанциядан саясатқа айналды. Континенттің жан-жағына болатын жалпы әлемдік әсері осында Еуразия орталығында тынымсыз шоғырланды. Саясат болжап болмайтын халықтық соттың төрешісіне айналды. Оған мысал – Каспий теңізі құқықтық мәртебесі төңірегіндегі соңғы оқиғалар.

Мұнайды шексіз алуға болмайтындығы белгілі, алайда уақыт өте келе қабат қысымы түседі, ал, мұнай басқа да кендер сияқты қатталып түзіледі. Макат – Эмбаның ежелгі мұнай кәсіпорыны, онда мұнайды 50 жылдан астам өндіруде, бірақта өндіру деңгейі төмендемейді. Макат мұнайы жанармай мен жағармайлардың жоғары сұрыпты түрлерін береді. Құлсары кен орынында мұнайдың 40% өндіріледі. Бұл ірі кен орны, онда шапшып атқылайтын ұңғымалар жұмыс істейді. Мұнайды атқылап өндіру ең арзан және жоғары өнімді. Мұнаймен бірге ауаға газ да атқылайды. Он шақырым бойына кейде жалынды факельдер көрінеді. Мұндай газдың бөлігін тұрмыстық мақсатта қолданады, бірақта көп жағдайда ол жоқ болып кетеді. Газдың аса мол қоры жоғалмас үшін, қазіргі таңда тозған қатқа газды кері тартып шығару әдісі қолданылады. Бұл үдемелі әдіс газды болашақта сақтауға және бір мезгілде қоршаған ортаны зиянды қоспалардан тазартуға мүмкіндік береді. Каспий жағалауында тұратын қазіргі заманның адамы, түсініксіз қыңырлықпен табиғатпен жасалған заңдарға, оларды өздерінің қажеттіліктеріне жаратудың орнына қарсы күрес жүргізеді.

Қазақстанның Каспий маңы проблемалары барлық Каспий секторының жалпы негізгі проблемаларының бөлігі болып табылады. Оларды шешу үшін биоресурстар мен көмірсутек шикізатын үйлестіріп қолдану бойынша қазіргі заманғы шаралар қажет. Қазақстан халықаралық каспий экологиялық проблемаларының 5 бөлігінің бірі болып табылады. Осы ұзақмерзімді бағдарламаның мақсаты Каспийдің сезімтал экологиялық жүйесін сақтау және қалпына келтіру болып табылады. ҚР белсенді ұстанымы басқарушы комитеттің қызметі үшін Қазақстанға жауапкершілік артқаны көрініс береді.

Каспийде 1989 жылғы Аляскадағы Вильям принцінің шығанағында Эксон Вальдес мұнай танкері су астындағы рифке соғылып болған апат сияқты үлкен экологиялық апаттар болған жоқ. Онда теңізге шамамен 240 мың мұнай баррелі төгілді, 1600 км жағалық сызықтың, соның ішінде 3 ұлттық саябақтың және 5 қорықтың ластануына әкеліп соқты. Апат салдарын жою бойынша шараларға қарамастан, табиғатқа түзелмейтін зиян келтірілді. Каспийдегі мұнайды өндіру проблемалары көңіл алаңдатарлық. Танкерлерді жуу кезінде, теңіз мұнай өндіруші платформалардағы апат кезінде, оны тасымалдау барысында теңізге мұнай қалдықтары тасталады. Судың беткі қабатына жұқа қабықпен мұнай дақтары төгіледі. Бұл Каспийдегі бекіре тұқымдас балықтар санының азайуына және Каспийдегі итбалық пен құстардың жаппай қырылуына әкеліп соқты.

Сондай-ақ, факельдегі ілеспе газды жағу практикасы едәуір экологиялық және экономикалық зиян келтіреді. Жоғарылатылған жылу фоны және газдың жануы кезінде кен орны маңындағы қоршаған орта компоненттерінің қышқылдануы аудандардың мұнай кешендері маңындағы топыраққа, өсімдікке, жануарлар әлеміне жағымсыз әсер етеді. Газдың қайтарылмайтын шығындары жылына 740 млн. м3 құрайды. Теңіз мұнай-газ кен орны (облыстық көрсектіштерден 6 есе жоғары) аймағындағы тұрғындарының атмосфералық ауаның күкірт және азот диоксидімен ластануынан ауру-сырқауының артуы байқалған.

Каспий деңгейінің көтерілуі нәтижесінде 200 құбырлар мен мұнай кен орындары, соның ішінде ірі - Қаламкас және Қаражанбас кен орныдарын су басып кетті, осы жағдай тек биологиялық әртүрлілікке (Каспийде әлемнің бекіре балықтарының 90%, орнитофауна түрлерінің үлкен саны, эндемик - каспийлікитбалық шоғырланған) ғана емес, және де Каспий теңізінің барлық экожүйесіне әсер етеді. Кейінгі 10 жылда кәсіптік балықтарды аулау 10 есеге қысқарған.

Мұнай өнімдерімен және мұнай кәсібінің ағын суларымен ластану қарашірік жағдайына, қышқылды-сілтілік тепе-теңдігіне, азот және фосфор қозғалмалы формаларының құрамына, топырақ су сүзіндісінің химиялық құрамына және кен орындарының жоғарғы беттерінде жер асты суы тұзды құрамына әсер етеді.

Мұнайды өндіру. Кен орындарын пайдаланумен қатар жүретін химиялық ластанудың барлық түрлерінің ішінде атмосфераға мұнай көмірсутектерінің шығарылуы және ағын суларға сырғуы аса қауіп төндіреді. Сонымен бірге, атмосфераға шығарылатын көмірсутектер 48%, көміртек тотығы 33% және қатты қалдықтар 2% құрайды. Факелдерде жыл сайын шамамен мұнай газының 7,1 млрд м3 жағылады.

Мұнай кен орындарын пайдалану кезінде ілеспе газдарды көбінесе метанды, азотты, оттектті және көміртектің қостотығын жағу нәтижесінде атмосфераға жылулық әсер ету орын алады. Көмірсутектер аймақ өңіріндегі энергия шикізат балансында басым роль атқарады. Соңғы және басқа ілеспе газдардың шығып кетуі техногенді жүктеме түсетін, барлық қоршаған ортаның ауысуына әкеліп соғады. Озон қабатының нашарлауы жалғасуда. Тропосфераның жерге жақын қабатында жылыжай эффектісінің көрінуі газ тәрізді көмірсутектердің және су буының әрекетімен шартталған. Тропосфераға лас заттардың шашырап таралуы биосфераның сапасына кері әсер етеді. Ауа бассейнінің ластану процесі тропосфераның төменгі және ортаңғы биіктіктеріндегі төмен түсетін биіктіктермен байланысты. Оларды түсіру және жайылу тәсілдері мен масштабтары типтік синоптикалық процестерге айтарлықтай тәуелді.

Ұңғыманы пайдалану кезеңінде уақытша техногенді ағындардың орталықтары қызмет етеді, олар апат жағдайында, жөндеу жұмыстары кезінде және де ұңғыма жұмысын бұзатын басқа да себептердің салдарынан туындайды. Техногенді ағындардың құрамына кіретін негізгі заттар, ол құрамында ерітілген газ және азған жоғары минералданған қабатты суы бар мұнай ретінде болып келетін қабатты сұйық болып табылады.

Ұңғымадағы техногенді ағындар жерді, беткі және жер астындағы суларды ластай отырып, топырақ және су биоценоздарын бұзады.

Каспийдің солтүстік-батыс жағалық аумақтарында, Тенгиз және Прорва кен орындарында мұнайды өндірудің игерілуі мен дамуына байланысты экожүйе қазақстандық мұнайы өте бай күкірт және құрамында күкірті бар қосылыстармен ластануға ұшыраған.

Мұнайды тасымалдау кезінде экологиялық қауіптіліктің негізгі түрлері теңіз бойынша тасымалдау және құбыр желілерінің жарылуымен байланысты. Осы құбыр желілері көп бөлігі өте ұзақ уақытта пайдаланылған және сапалық жағынан ескірген. Қазақстанда мұнай желілеріндегі апаттардың саны жылына 500-700 оқиғаларға дейін жетеді, әртүрлі бағалаулар бойынша осы апаттардан болатын шығындар 1,5 млн т мұнайды құрайды.

Мұнайдың және мұнай өнімдерінің ағып кетуі жағдайында топырақ және өсімдік қабатына ең негізгі әсер топырақтың және өсімдік қабатының фитомассасының биологиялық өндірімділігінің төмендеуіне әкеледі.Мұнайдың 12 л/м2 көлемінде ағып кетуі жағдайында жер бөлігіндегі өсімдіктер фитомассасының 3 жылдан кейін 74%-ға төмендеуіне, ал 25 л/мкезінде – бір жыл ішінде 90%-ға төмендеуіне әкеледі. Солтүстік бөлік жағдайлары үшін топырақтың мұнаймен ластануынан кейін өсімдік қабатының өздігінен қалпына келу периоды 10 жылдан 15 жылға дейін. Құбыр желілерінің жарылуымен болған апаттан кейін бірнеше жылдан соң мұнаймен ластанған жерді зерттеу кезінде мұнай 1 метрден көп тереңдікте табылған.

Аса қауіпті автокөлік және темір жолдары, өзен, көлдер арқылы өтетін орындардағы магистралды мұнай құбыры болып табылады.

Осыдан басқа, мұнай көмерсутектерімен ластану өрісі қайраң суларда, мұнайды тасымалдау және қарқынды кеме қатынасы аумақтарында қалыптасады, мұхиттардың ауқымды айдындарын қамтиды. Солтүстік Каспийде мұнай өнімдерімен ластану мәселесі өте өткір, себебі оның айдынында мұнайды өндіру кешенінің жабдықтары мен жүйесінің жетілдірілмегендігінен, сонымен қатар, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін танкерлермен тасымалдау көлемі ұлғаюынан мұнай дақтарының үлкен массаларының жүйелік жинақталуы байқалады.

Мұнай өнімдерін пайдалану. Қатты ластану мұнай өнімдері мен газдарды тарату және сақтау, тасымалдау кезінде болады. «Алтын мұнай өнімдері» АҚ мұнай базасының зиянды қалдықтарының атмосфералық ауаны ластау деңгейінің сандық сипаттамасын келтірейік. Ластау көздерінің негізгі техникалық көрсеткіштері анықталған. Ластаушы заттардың жылдық (607,17 т, соның ішінде 293,9 т – көмірсутектер жұбы) және максимал (103,9 және 97,65 г/с сәйкес) қалдықтары белгіленген.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес адамдар үшін химиялық өндірістің объектілері немесе атом станциялары қаншалықты қауіпті болса, автокөліктерден шығарылатын газдар соншалықты қауіп төндіреді. Біздің елімізде антидетонациялық қоспа ретінде тетраэтилқорғасыннан тұратын бензинді пайдалану жағдайы тереңдей түсуде. Батыстың дамыған көптеген елдерінде оны пайдаланудан бас тартқан, себебі қорғасын адамның жүйке жүйесіне, репродуктивті қызметіне қайтымсыз әсер етеді, балалардың ақыл-ойының дамуын тежейді, қан қысымының артуына әсер етеді.

Мұнай-газ кешенінің үлесіне атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтар көзінің 70% және олардың көлемінің шамамен 2/3 жатады. Есептер көрсеткендей, азот тотығы мен көмірсутектер ластану көзінен 1-2 км. шегінде шекті ұйғарынды концентрацияға дейін шашырайды, ал атмосфераның жерге жақын қабатындағы шашырау зонасы 5-8 км. жетеді. Атырау облысында газ өндіру бойынша ірі кәсіпорындардың бірі «Жайықмұнай» МГӨ болып табылады, оның құрамына бірнеше мұнай кәсіпорындары кіреді.

Соңғы жылдары Каспий маңында жалпы мұнай өндіруде аса қауіпті күкіртті мұнайдың экологиялық үлесі артуда. Мұнайды өндірудің артуымен байланысты ластану масштабы артты, теңіздің барлық акваториясы қамтылған. Ластану көбінесе Еділ мен Жайық өзендерінің ағындарынан болады. Еділден теңізге күнде 77 мың мұнай көмірсутектері түседі. Қазіргі таңда Маңғыстау облысымен шектесетін аудандардағы теңіз суларының ластану деңгейі 10-13 ШҰК, ал мұнаймен ластанған жердің ауданы 194 мың га. құрайды.

Каспий маңы аймағының табиғи ортасына әртүрлі экологиялық зардаптардың зиянды әсері. Жағалау белдеуінің мұнаймен және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктонның және басқа да теңіз флорасының және фаунаның жаппай қырылуының себебі болып табылады. Суда жүретін құстар мен итбалықтардың жаппай қырылуы байқалған. Мұнай өндіретін аймақ тұрғындарының денсаулығына айтарлықтай зиян келтіріледі. Газ факелдерінен 2-3 км арақашықтықтағы көптеген өсімдіктерге зиян келтіріледі, ал 200-250 метр радиуста олар толықтай жоғалып кетеді. Жағалауда жаппай шөлге айналу, мұнай кәсіпорыны аудандарында - жергілікті шөлге айналудың өте күшті ірі ошақтары байқалған.

Каспий маңы ойпаты - Маңғыстау аймағындағы мұнаймен ластанған жердің жалпы ауданы 200000 га. жететіні анықталды. Мұндай жерде химиялық, химиялық-физикалық және су-физикалық қасиеттер өзгереді, жер микроағзаларының қызметі және тотықтыру-қалпына келтіру потенциалы бұзылады. Ластанған жердің сортаңдауы, pH орта, және сілтілік, сондай-ақ, қорғасын, барий, стронций, молибден және де басқа қауіпті заттар көбейеді.

Мұнай өндіретін барлық аймақтарда бала туу, тұрғындардың табиғи өсімі төмендегені белгілі болды. Жоғарыда айтылғандардың барлығынан мынадай қорытынды жасауға болады, мұнай-газ аймақтарындағы экологиялық проблема қазіргі өркениеттің шиеленіскен мәселелерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы экологиялық жағдай аса төмен деңгейде, кейбір аудандарда оны өте қиын деп сипаттауға болады. Табиғатты қорғау әрекеті мақсатында аз көлемде қаражат бөлінеді. Жаңа жабдықтар орнатылмайды, әртүрлі салыстырмалы шаралар өте сирек жүргізіледі. Сондықтан жыл сайын республикадағы экологиялық жағдай күрделене түсуде.

Өндірістің мұнай саласы барлық жер бетіндегі геожүйелерге өзінің зиянды әсерін тигізеді. Мұнайдың әртүрлілігі (ағын сулар, топырақ, мұнай шламы, ілеспе және пайдаланылған газдар) оларды жоюға және мамандандырылған қайта жасау технологияларын жасау мүмкіндігін шарттайды. Тазалау, қайта жасау және оның өнімдерін пайдалану кезінде түзілетін қалдықтар, олардан пайдалы заттарды алу немесе бөлу үшін қолданылады. Қалдықтарды кәдеге жарату бір мезгілде қоршаған ортаны қорғауға және шикізаттың жаңа көзінің пайда болуына мүмкіндік береді.






Р.Т. Шерембаева,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Өнеркәсіптік экология және химия

кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к.

e-mail: rimkesh_62@ mail.ru



БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ МӘСЕЛЕСІ
Балқаш көлі Каспий теңізінен және кеуіп бара жатқан Арал теңізінен кейінгі үшінші тұрған ағынсыз континент ішілік су қоймасы. Балқаш көлі Орталық Азияның Қазақстанның Оңтүстік шығысына қарай аридалы құрғақ аймақта орналасқан. Балқаш бассейнінің ауданы 413 мың км. Оның 113 мың км немесе 27 % астамы ҚХР Синзян Ұйғыр Автономиялық ауданының аумағына тиесілі (СҰАР). Балқаш маңындағы негізгі су көздері Іле өзені болып табылады, көлге таза өзен суларының 80 % келуін қамтамасыз етеді. Жыл сайын жаңартылып отыратын су ресурстарының (жер үсті сулары) қалыптастыру зонасы негізінен ҚХР СҰАР аумағынан келеді, сондықтан Іледен келетін өзен суларының 60 % астамы көрші шекаралас аумақтан келеді.

Көл ұзындығы 600 км. болатын ендік бағытта созылған су қоймасынбілдіреді. Көл Ұзынарал арқылы екі бөлікке бөлінеді: Батыс, суы аз және кең бөлігі, Шығыс, бұл да суы аз, бірақ тар бөлікті, неғұрлым терең және кең Борлытөбе ерекше көрінеді. Іле өзені шеткі батыс өзен иірімдеріне құяды, қалған төрт өзен: Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз Шығыс бөлігіне құяды. Алайда олардың ағысы көлге келіп құятын өзен суларының тек 20 % құйылуын құрайды. Сондықтан көлдің батысынан шығыс өзен иірімдерін тұрақты су ағысын құрайды [1, 2 б.].

Балқаш маңында Қазақстан халқының шамамен 16 % тұрғыны тұрады.

Бұл жерде өзен ағыстарының шамамен 24 км жиналады, ал бұл республиканың шамамен 25 % су және 42 % гидроэнергетикалық ресурстарын құрайды. Жер асты су қоймаларының белгіленген қоры жылына 3,2 км құрайды (шамамен 13 % жер үсті сулары). Қазіргі кезде бекітілген қордың 2 % пайдаланылуда. Бұл дұрыс, өйткені жер асты суларының үлкен бөлігі тау етегіндегі аймақтарға шоғырланған, олардың жердің үстіндегі сулармен байланысы әлі түпкілікті шешілген жоқ. Бұдан басқа, Балқаш маңындағы жер асты сулары қатты ластанған, сондай-ақ жер үсті сулары да ластанған, бірақ соңғысына қарағанда олар өзі тазартатын қабілетке ие емес. Жер асты сулары биоценозы тіршілік ету әрекеті әлсіз.

Балқаш көлі туралы алғашқы тарихи-географиялық мәліметтер қытайларда пайда болды, олар Орталық Азиямен байланыс жасай отырып, басқаларына қарағанда осы өңір тарихымен жете таныс болды. Ұлы Қытай қорғанынан Батысқа қарай кеңістікті қытайлар «Си-Юй» (Батыс өлкесі) деп атады және ол туралы б.з. дейінгі 126 жылдары білді. 607 жылы сол кездегі Орталық Азияда өмір сүрген 44 мемлекеттің картасы жасалды, алайда бұл сипаттама сақталған жоқ. VIII ғасырдан бастап Балқаш көлінен Тянь-Шань тауына дейінгі аумақ Жетісу деген атаумен белгілі (қазақша Жетісу, қырғызша Жетисуу), бұл жерде көшпелі халықтардың (түріктер мен моңғолдардың) және Орталық Азияның отырықшыл халықтарының мәдениеті араласып кетті.

Александр фон Гумбольдт Балқаш көлі қытайларға «Си-Хай» деген атаумен таныс (Батыс жақтағы көл. Осы атау 1855 жылғы атласқа енгізілген) деп жорамалдайды. «Балқаш-Нор» (Balas-nur — «Балқаш» көлі), жоңғарлар мен қалмақтарға, еуропалық елші Юлиус Клапроттың түсіруі бойынша құрастырылған 1833 жылғы картада бейнеленген. Түріктер мен моңғолдар өздерінің елді мекендерінен батысқа қарай барлық географиялық объектілерді ақ түспен белгілеген, оны «Ақ теңіз» деп атады, ал олардың мемлекеттерінің шекарасы батысқа қарай шегінген кезде, көл «көк» (шығыс) «Көкше теңіз» деген атауға ие болды. Қазақтар көлді «Теңіз» деп атады, ал бұл дегеніміз «теңіз» дегенді білдіреді [2, 1 б.].

Балқаш барынша терең енді Балқаш-Алакөл бөлігінде жатыр, неоген-төрттік дәуіріндегі Тұран тақтасының жазық иілісінің нәтижесінде түзілген, соның салдарынан құмтас өзен шөгінділерімен толтырылды. Көл қазандығы бірнеше ұсақ шұңқырлардан тұрады. Балқаштың батыс бөлігінде тереңдігі 7-11 м-ге дейінгі екі ойпаты бар – оның бірі батыс жағалауынан Тасарал аралынан Қоржын түбек мүйісіне созылып жатыр, ал екіншісі оңтүстікте Бертіс шығанағынан созылып жатыр, ол Батыс Балқаштың барынша терең жері болып табылады. Шығыс Балқаштың ойпат тереңдігі 16 м құрайды, барлық шығыс бөліктің ең үлкен тереңдігі - 27 м құрайды. Барлық көлдің орташа тереңдігі 5,8 м құрайды, судың жалпы көлемі – шамамен 112 км.

Балқаштың батыс және солтүстік жағалауы – тым биік (20-30 м) және жартасты, палеозойлық тау жыныстарымен түзілген және көне дәуірлік террасалар іздері байқалады. Қарашаған шығанағынан бергі Іле өзеніне дейінгі оңтүстік жағалау төмен (1-2 м) және құмды, биік суларды мерзім сайын сулар басып қалады (көптеген ұсақ көлдерге айналған), кей жерлерде биіктігі 5-10 м болатын жағалау төбешіктері кездеседі. Жағалау сызығы өте бұралаң және көптеген шығанақтар мен қайнауларға бөлінген. Батыс бөліктегі ірі шығанақтар: Сарышаған, Қашқан теңіз, Карақамыс, Шемпек (көлдің оңтүстік соңы), Балақашқан және Ахметсу. Шығыс бөлігінде Құзкөл, Балықты көлдері, және Қарашыған шығанақтары көрінеді және Байғабыл, Балай, Шауқар және Кеңтүбек және Қоржынтөбе түбектері орналасқан [3, 303 б.].

Өңірде ірі полиметалл рудаларының, тас көмір, құрылыс материалдарының кен орындары орналасқан. Үлкен жер аумағы дәстүрлі түрде жайылым ретінде пайдаланылды, сондықтан осы жерде мал шаруашылығына арналған өнімділігі жоғары жайылым орналасқан. Суармалы егіс алқабы үшін үлкен жер аумағы 2 млн. га-дан асады; олардың 30 % көне дәуірде пайдаланылды.

Қазіргі кезде суармалы жер үшін Қазақстан тарапынан шамамен 600 мың га жер және Қытай тарапынан шамамен 300 мың га Балқаш көлі бассейнінен жер пайдаланылады. Көптеген ғалымдар, әсіресе қытай ғалымдары Балқаш маңындағы жер және су ресурстарын дұрыс пайдалану кезінде тиімді өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісінің жоғары деңгейіне қол жеткізуге болады деп санайды. ҚХР Үкіметі СҰАР Орталық Азиядағы барынша дамыған және өркендейтін өңірге айналдыруға барынша күш жұмсауда.

Балқаш маңында өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, балық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары даму үстінде. Осы өңір үлесіне Қазақстан өнеркәсібінің 16 % және ауыл шаруашылығының 13 % тиесілі, 44 % астамы балық аулау, 75 % пайдаланылатын жер тиесілі. Бұдан басқа, көлдің жағалауына түсті металлургияның алыбы – Балқаш мыс балқыту комбинаты орналасқан. Қаратал өзенінің жағалауында мырыш-қорғасын комбинаты жұмыс істейді, тас көмір, полиметалл рудаларының карьерлері барланған және қазып алу басталған, сондай-ақ жергілікті шикізат базасында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорыны жұмыс істеп тұр [3, 5 б.].

Көптеген шаруашылықтар мал шаруашылығын дамытуға мамандандырылған. Ауыл шаруашылығының өнімдері мал шаруашылығының 63,7 %-нан алынады, 36,3 % өсімдіктер өсіруден алынады, алғашқы келтірілген сан 38,6 % қой шаруашылығымен (жүні, терісі, еті) анықталады және 25,5 % мал шаруашылығына тиесілі (сүт, ет, тері).

Қазақстан шегінде ауыл шаруашылығын енгізу технологиясы өте төменгі деңгейде. Жылдам нәтижелер алу үшін жанталасқан кезде мал шаруашылығының ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі бұзылды, ол дәстүрлі құрылымда қой малының, жылқы малының, түйе малының кемуіне негізсіз орасан шығын әкелді. Қазақтар ертеде қой мен ешкіні жылқы мен сиырға қарағанда «бес ауызы» бар деп санаған: бір ауызымен олар жұтаң құнарсыз өсімдіктерді тамыр жемістерімен бірге жұлып бітірген, ал қалған төрт аяқтарымен (үшкір тұяқтарымен) жайылымның жұқа қарашірік қабатын таптап тастайды. Сондықтан бұрынғы қазақтар қой мен ешкі санын күрт шегеріп отырған, оның орнына ірі қара малды баққан. Ал бұл туралы қазіргі кездегі «мәдениетті ұрпағы» ұмытып кеткен. ХХ ғасырдың басында 0,6 т астам құрғақ шөп беретін құнарлы жайылым жоқ, барлық жерде, әсіресе тау маңындағы жазғы жайылымдар тапталған, ал бұл жел мен су эрозиясының процестерін күшейткен. Сондықтан қазіргі кездегі жайылымдардың өнімділігі 0,3 т/га жететін жерді әзер құрайды.

Осындай жылдам және экологиялық негізсіз технология өсімдіктерден де байқалады. Соңғы 20 жыл ішінде қысқы бидай мен себілген шөптердің егісі маңызды түрде азайды, ал оның орнына жүгері, күнбағыс, көкөніс дақылдарының егісі ұлғайды.

Бұл ретте суды үнемдейтін технологияларға жеткіліксіз көңіл бөлінуде: сусыз және суы аз технологиялық процестерді дамытуға, қайтарымды – қайталамалы сумен қамтамасыз ету, ағынды суларды тазартуға және т.б.

Пайдаланылған сулардың жалпы санынан тек 15-20 % толық емес тазалауға ұшырайды. Қалған бөлігі тазартусыз жергілікті жердің табиғи өзен желісіне лақтырылады. Сонда қатты ауыр тұрмыстық қалдықтар мен құрылыс қалдықтары лақтырылады. Еріген және жауын суларымен бірге бұл қалдықтар өзен желісін үстіңгі және жер асты суларын қатты ластай отырып Балқаш көлінің ақырғы сағасына құйылады.

Көлді үлкен және тікелей ластаушылар Солтүстік Балқаш маңындағы өнеркәсіптік объектілер болып табылады, олар ағынды суға көптеген тармақты қоймалардың жауын канализациясы арқылы шығарылады және күкіртті ангидрит және басқа газдар келіп түсетін атмосфералық ауа арқылы тарайды. Мысалы, Балқаш тау кен-металлургия комбинаты Тораңғылық шығанағына ағын суларын лақтырады. Ондағы мыстың концентрациясы 35-48 ШРК (шекті рауалы концентрацияға) жетеді, ал апатты лақтырындылар кезінде 300 ШРК асып түседі.

Соңғы жылдары су ағыстарын гидрохимиялық режиммен бақылау балық шаруашылығы пайдаланатын су қоймаларында сульфаттың (ШРК) артуы байқалады. Мысалы, шағын Сарышағанда сульфаттың құрамы ШРК тен 8-8,9 есе артық, Бертіс қойнауында 7,7-9,5есеге, Балқаш маңында. 7,7-8,1 есеге артық. ШРК артуы хлоридтер құрамында да байқалады: шағын Сарышағанда 1,3-1,5 есеге, Бертіс қойнауында 1,3-1,5 есеге және Балқаш маңында 1,3-1,6 есеге артық.

Егер Балқаш өзенінің тұтастай ластануын сипаттайтын болсақ, онда келесі көрініс байқалады. Хлоридтер проценттік қатынаста гидрохимиялық талдаулардың жалпы санынан шекті рауалы концентрациядан 80,4 % жағдайда асып түседі, сульфаттар және мыс - 100 %, мырыш 25,3 %, фторидтер 98,0 %, мұнай өнімдері 40 %, фенолдар 33,3 % жағдайда асып түседі.

Балқаш көлінің суында бірқатар микроэлементтер бар, олардың аясында ауыр металдар Балқаш маңындағы топырақ грунттың геохимиялық ерекшелігіне байланысты жетекші орын алады, сондай-ақ олардың өзендерге және ағын сулары бар көлдерге түсуі және өнеркәсіптік объектілерден ауа лақтырындыларынан су қоймасының бетіне жартылай шөгуі байқалады.

Балқаш көлінің суындағы марганец, мыс, мырыш, барий, титан, бор, никель, мырыш пен кадмий балық шаруашылығының қоймаларына арналған ауыр металдар ШРК асып түседі. Стронций, мыс, қорғасын, молибденнің фондық құрамы тұрақты артуда, ал бұл антропогендік факторлардың әсерімен түсіндіріледі. Бертіс топырағындағы кейбір элементтердің (мырыш, мыс, қорғасын) жоғары құрамына назар аудару керек, ол ұзақ уақыт бойы (50 жылдан артық) ағынды суларға Балқаш тау кен-металлургия комбинатынан (БТМК) лақтырылып отырды. Батыс Балқаштағы және Бертіс қойнауындағы

қалайы фондық мәндерден асып түседі.

Көлдің негізгі ластаушылары Іле, Қаратал, Лепсі және Ақсу өзендерінің бойында орналасқан ауыл шаруашылығының алқаптары, сондай-ақ Балқаш қаласы өнеркәсіптік кәсіпорындар болып табылады. Осы уақытқа дейін Қаратал өзені бассейнінде Текелі ГОК жұмыс істеді, оның қалдықтары Қаратал өзенін ластады және сол өзен суымен Балқаш көліне зиянды заттар келіп түсті.

Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлауы тропикалық тізбек бойынша беріледі, гидробионттардың тіршілік әрекетіне, соның ішінде балықтарға әсер ете отырып, нәтижесінде азық қорының нашарлауына, балықтардың өну жағдайының нашарлауына және олардың қорының азаюына әкеліп соғады. Балық етінің құрамындағы микроэлементтер мен олардың судағы концентрациясы арасындағы байланысты кобальт пен мыс үлгісінен байқауға болады. Су айдынының барынша ластанған ауданы – Бертіс қойнауында балықтың бұлшық ет тканіндегі мыстың жинақталуы 1,5-4 есеге, ал кобальт 100-150 есеге артық, ал бұл Сарышаған ластанған түбегінде аздау. 1995 жылғы зерттеулердің деректері бойынша Торанғалық шығанағында ауланған сазанның бұлшық етінде мыстың жинақталу коэффициенті 61,4; Майтан шығанағында - 43,5; Сасықкөл шатқалында - 13,2 құрады. Кобальттің жинақталу коэффициенті осыған сәйкес - 90,0; 65,3; 12,5 теңеледі. Бұдан басқа, Майтан шығанағында ауланған сазанның бұлшық етінде сынап табылған.

Балқашқа ластанған сулар тек тау-кен комбинатынан ғана келіп түспейді, сонымен бірге Қытайдан да келеді, шекаралық бекеттерде мыс пен басқа заттар құрамының қатты артқаны тіркелген. Қытай аумағына Іле өзені бассейнінен жылына 14,5 км суды сұрыптау байқалады, себебі Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы халқының белсенді өсуінен 3,6 есеге ұлғайту жоспарлануда. Сарапшылардың пікірі бойынша Тянь-Шань мұз ағыстарының ұлғаюына қарамастан 10 % жинақтау нормасы апатқа әкеліп соғуы мүмкін, Балқаш шығыс бөлігінің құрғауымен екі бөлікке бөлінуі мүмкін.

Қазіргі кезде ҚХР су қатынасы 2001 жылғы 12 қыркүйектегі «ҚР Үкіметі және ҚХР Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге» қол қойылған, сол негізде жұмыс істеуде. Қазақстан-қытайлық бірлескен комиссия және сарапшылардың жұмыс тобы құрылды және сол бойынша әрекет жасауда.

Балқаш көлінің экологиясы үшін қауіп-қатерлер байқалады, әсіресе Арал теңізіне ұқсас апаттың қайталануы мүмкін екенін көрсетеді. Осыған ұқсас бірқатар алаңдаушылықтар да байқалады. 1970 жылдан бастап Қапшағай су қоймасын толтыру үшін Іле өзенінің суы пайдаланыла басталды, сол үшін 39 км су кетті, ал бұл өзен ағысының 2/3 азаюына және көл деңгейінен төмендеуіне әкеліп соқты. Балқаштың таяздауы әсіресе оның терең батыс бөлігінде байқалады. 1972 мен 2001 жылдар аралығында көлден оңтүстікке қарай 8 км жерде орналасқан шағын Алакөл тұзды көлі мүлдем жойылып кетті, ал Балқаштың оңтүстік бөлігі осы уақыт ішінде шамамен 150 км су бетін жоғалтты. Балқаш маңындағы 16 көл жүйесінен тек бесеуі ғана қалды, босау процесі шамамен бассейннің 1/3 қамтыды. Тұзды шаң көл түбінен көтеріледі, азиялық шаң боранын қалыптастыруға үлес қоса отырып, өңір климатына қолайсыз әсер етеді [4, 2 б.].

Экологиялық қадамдарды жақсарту қадамдары ретінде Қапшағай су қоймасын толтыруды тоқтату, металлургия комбинатының ағысты суларын тазалау, суландыруға кететін қайтарымсыз шығындарды азайту және т.б. ұсынылды.

2000 жылы Алматы қаласында әр түрлі елдерден келген эколог ғалымдар, сондай-ақ бизнес пен билік өкілдері жиналған «Балқаш-2000» конференциясы өтті. Форум жұмысының нәтижесінде қарар қабылданды және президентке, парламентке, үкіметке және халықаралық ұйымдарға Балқаш-Алакөл бассейнінің экожүйесін басқарудың жаңа принциптері туралы үндеу жолдады, өңірдегі қаржыландырылған жобалар бойынша үлкен мүмкіндіктердің жеке капиталын ұсынады.

2005 жылы Балқаш көлінің проблемалары бойынша халықаралық экологиялық форумда «Қазақмыс» корпорациясы экологиялық таза өндірістің құрылысын аяқтайды деп жариялады, ал бұл 80-90 % лақтырындылар азайтуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары алқаш көлінің бассейніндегі экологиялық ахуалдың нашарлағанын көрсетті. Балқаш көлінің Тянь-Шань мұздықтардың қарқынды дамуының арқасында екінші аралға айналмады.

ҚХР қазіргі уақытта Іле өзенінің жоғарғы ағысындағы үлкен гидромелиорациялық жұмыстарға байланысты, осыған байланысты Балқаш көліне судың келуі азая бастады. Сондықтан қазақстандық және халықаралық қоғамды тұрақты ақпараттандыру үшін жыл сайын Іле-Балқаш регатасы өткізіледі. Биылғы жылы Ресейдің желкенді кемелерінің ұсынысы бойынша, мамыр айында «Балқашты ұрпақ үшін сақтаймыз» деген ұранмен Балқаш көлінде Желкенді кемелер регатасы өткізілді.

Балқаш көлі бассейніндегі ахуалды тұрақты бақылау үшін және өңірдің тұрақты экономикалық дамуын жасау үшін мыналар қажет:

- Балқаш көлі бассейніндегі су объектілерінің ағымдық жағдайының мониторингі;

- климаттың антропогендік өзгерістері бассейні су бетінің ресурстарын бағалау;

- Іле өзені шектес Қытай аумағындағы суды тұтынудың әрі қарай артуы және климаттың антропогендік өзгерістері кезінде мүмкін қолайсыз зардаптарды анықтау;

- өңірдің экономикалық қажеттіліктерін барынша толық ескеретін нақты шаралар және жер үсті су ресурстарын пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын, Іле-Балқаш проблемасының экологиялық талаптары мен халықаралық аспектілерді әзірлеу.

Әдебиеттер тізімі


1. Экологическое состояние озера Балхаш (доклад к бассейновому совету 27.06.2013 г.) / Комитет экологического регулирования и контроля. Департамент экологии по Карагандинской области.

2. Основные экологические проблемы Казахстана: загрязнение воды и сельскохозяййственных объектов, загрязняющих оз. Балхаш. http:// ego.gov.kz/ 21 янв. 2013 г.

3. Коробкин В.И. Экология. Ростов на Дону: Феникс, 2014. – 610 с.

4. Бологов П. Балхаш может повторить судьбу Арала – Headline.kz.



М.Қ. Малыбаева,

e-mail: peih.kstu@mail.ru



АРАЛ ТЕҢІЗІ: ЖАҺАНДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ
Арал теңізі бұрын көлемі жағынан дүниежүзінде төртінші теңіз болып саналған еді, оның табиғат қоры өте бай, ал Арал маңындағы табиғат ортасы гүлденген және биологиялық тұрғыдан өте бай өлке еді. Аралдың бірегей оқшау болуы және әртүрлілігі ешкімді де бей-жай қалдырмады. Теңіздің осындай атауға ие болуы да таңқаларлықтай емес. Себебі «Арал» деген сөздің өзі түрік тілінен аударғанда «арал» деген мағынаны береді. Сірә, біздің ата бабаларымыз Аралды Қарақұм мен Қызылқұм арасындағы ыстық шөл даладағы жайлы қоныс және құтқарушы арал деп санаған ғой.

Арал теңізі 35000 жыл бұрын Тұран ойпатында пайда болған. Арал деп осы теңізді ең бірінші атаған адам араб географы және ғалымы Ибн-Руста (920 ж.) өз еңбектерінде атап көрсеткен. Арал теңізі ағынсыз, яғни әлемдік мұхитқа шығатын жолы жоқ теңіз болып саналады. Арал теңізі Қазақстанның оңтүстігінде және Өзбекстан автономиялық облысындағы Қарақалпақстан аралығында орналасқан. Аталуының өзі «Аралдар теңізі» деген мағынаны білдіреді, себебі онда 300 аралдан артық арал бар.

Оның бассейніндегі климаттық өзгерістерге байланысты теңіздің тарихи табиғи көп жылғы тербелісі амплитуда 1,5-2 метрмен өлшенді. Судың көлемі 100-150 куб. км. өзгертілді, ал су бетінің ауданы - 4 мың шаршы. км көтерілді.

1918 жылы Ресей үкіметі Арал теңізіне сулары құйылатын екі өзен - оңтүстіктегі Амудария өзені және солтүстік шығыстағы Сырдария өзендерінің ағыстарын бұрып жіберді, себебі шөл даланы суару үшін, шөл далаға күріш, қауын, дақылдар мен мақта егу үшін сол өзен сулары пайдаланылды. Бұл Кеңес үкіметі жоспарының бір бөлігі еді, мақтаны немесе «ақ алтынды» өсіру үшін жанталасты, ал мақта кеңес елінің сыртқа шығарылатын басты өнімі болып саналды. Бұл жоспар, әрине, ең ақырында іске қосылды, себебі Өзбекстан осы күнге дейін әлемде мақтаны сыртқа шығарушы ірі елдердің бірі болып саналады.

Суармалы тоғандар 1940-жылдардан бастап ірі ауқымды көлемде салына басталды. Суармалы тоғандардың көбісі нашар салынған, судың сортаңға айналуына немесе булануына әкеліп соқтырды. Орта Азиядағы ірі Қарақұм каналында шамамен 30-75 % су далаға кетті. 1960 жылдары, судың 20 км-ден 60 кубтық километрге дейін жыл сайын теңізге құйылудың орнына жерге ағып кетіп отырды. Осылайша, теңізді сумен қамтамасыз етудің үлкен бөлігі бұзыла бастады, 1960-жылдардан бастап Арал теңізі тарыла бастады.

1960 жылдарға дейін оның ауданы 66,1 мың ш. км-ге теңесті. Тереңдігі 10-15 м, ең үлкен тереңдігі - 54,5 м. Аралдың барынша ірі аралдары – Барсакелмес және Возрождение. 1961 мен 1970 жылдар аралығында Арал теңізінің деңгейі орташа алғанда жылына 20 см-ге түсіп отырды. 1970-жылдарда орташа норма жыл сайын 50-60 см-ге төмендеп отырды, ал 1980-жылдарға қарай теңіз деңгейі төмендей берді: жылына 80-90 см-ге төмендеді [1, 4 б.].

Өңірдегі суармалы көп дақылды егіс алқаптарын дамыту нәтижесінде жердің сапасы нашарлай бастады, қайтарымсыз суды тұтыну көлемі артты, жаңбыры аз қуаңшылық жылдар көп болды, 80-жылдардың басында Арал теңізіне Амудария мен Сырдария өзендері суларының құйылуы мүлдем тоқталды.

1990 жылдарға қарай оның ауданы 36,5 мың шаршы км құрады (соның ішінде Үлкен теңіз 33,5 мың шаршы км құрады). 1995 жылдарға қарай теңіз тіпті су көлемінің төрттен үш бөлігін жоғалтты, ал үстіңгі бетінің ауданы жартысынан астамы қысқарды.

2004 жылдарға қарай теңіз өзінің бастапқы үстіңгі беттік ауданынан 25 % ға дейін қысқарды, бес есеге дейін артқан тұздану сол теңізге тән өсімдіктер мен жануарлар дүниесін құртып жіберді. Қазіргі кезде теңіз түбінің 33 мың шаршы километрден астамы құрғап кетті. Жағалау сызығы 100-150 километрге дейін шегініп кетті. Судың тұздығы 2,5 есеге дейін ұлғайды. Ал теңіздің өзі екі бөлікке бөлінді – Үлкен Арал және Шағын Арал. Осылайша Арал кеуіп бара жатыр.

Арал теңізінің кеуіп қалуы үлкен масштабта қоршаған ортаның қыста жылы болуына және жазда салқын болуына әкеліп соғуда, қуаңшылық пен құрғақшылық артуда, климаттың континенттілігі шиеленісуде. Тұзды құм шаң теңіз аймағындағы 15 мың га дейінгі жайылым жерді жыл сайын жұтып алуда.

Осы жерде мекендеуші сүт қоректі жануарлар мен құстар түрлері 50%-ға дейін азайып кеткен.

Осылайша, Арал маңындағы Арал теңізінің құрғап кетуіне байланысты ғаламдық сипатта халықтың денсаулығына және шаруашылықты жүргізу үшін зардаптардың шығу тегі мен деңгейі бойынша қалыптасқан экологиялық проблемалардың күрделі кешені пайда болды.

Қазіргі күні Арал маңындағы барлық аймақта тым күрделі экологиялық жағдай қалыптасты (Арал маңындағы аудан 47,2 мың ш. км. құрайды). Бұл жерде су және жер ресурстарының сапасы жойылған, экожүйенің құрамы мен төзімділігі бұзылған, қоршаған ортаның экологиялық құндылығы азайған, оның өнімділігі жоғары қасиеттері жойылған, қоршаған ортаның улануы күрт артқан, осыған байланысты ортаның медициналық-гигиеналық тұрақтылығы жойылған. Рыбацкий, Мойнақ, Әжібай, Жалтырбас, Бозкөл, Алтынкөл және Каратма шығанақтары жоғалып кеткен [1, 3 б.].

Жылына 300 күнге жуық өңірде құмды тұз дауылы соғады. Кеуіп қалған теңіз түбінен атмосфераға 75 млн. тонна құм мен шаң көтеріледі, ал Арал маңындағы 1 га ауыл шаруашылығы жеріне 520 кг тұз түседі, ал бұл егілетін дақылдарға орасан зор шығын әкеледі. Аралқұм шөлі егістік жердің 2 млн. гектарын жұтып алды, жайылымдық жерлердің, орман алқаптарының, басқа да өсімдіктер дүниесінің құлдырауына әкелді. Теңіздің кеуіп қалуы жалғасып жатыр, ал бұл дегеніміз теңіз суының түбінен әлі де тұзды топырақ грунттар босайды дегенді білдіреді, сол кезде Арал маңындағы ауа әлі де улы тұз бен шаңға батады. Егер атмосфералық шаң негізінен ылғалды жерлерде шөгіп жинақталуы мүмкін дегенін ескерсек, онда бұл процестен таулар да сырт қала алмайды, себебі орта азиялық өзендер мен сулардың бастауы сол таулардан алынады. Арал тұзы мен шаңы ауаға тым биікке көтеріле отырып, бұлттармен араласып кетеді, үлкен ара қашықтыққа дейін ұшады, тұзды шөгінділер ретінде шөгеді.

Арал катастрофасының зардаптары өңір аумағынан да шығып кетті.

Теңіздің кеуіп бара жатқан акваториясынан жыл сайын жанартау атқылаған сияқты 100 мың тонна тұз бен әр түрлі химикаттары мен улы қоспалары бар ұсақ ұнтақты шаң ұшады, ұшқан тұз бен шаң дауылы барлық тіршілікке келеңсіз әсерін тигізуде. Арал батыстан шығысқа қарай күшті ағынды ауа ағысының жолында орналасқан, сондықтан атмосфераның жоғарғы қабатына аэрозольдардың шығуына мүмкіндік береді, ластану әсері тым қатты күшейеді.

Тұз ағындарының іздері барлық Еуропа бойынша, тіпті Солтүстік Мұзды мұхитқа дейін ұшады.

Аралдың таяздау және соған шектес жатқан өңірлердің шөл далаға айналуын талдау 2010-2015 жылдарға қарай теңіздің толықтай жойылып кетуі мүмкін деген қатерлі болжамға әкеледі. Нәтижесінде – жаңа Аралқұм шөлі пайда болады, Қарақұм мен Қызылқұм шөлдерінің жалғасына айналады. Тұз бен әр түрлі улы заттардың үлкен мөлшері көптеген жылдар бойы бүкіл жер шарына таралады, ауаны улайды және планетаның озон қабатын бұзады. Арал маңында жаз неғұрлым құрғақ және қысқа, ал қысы тым қатты суық және ұзақ болады. Ал мұндай жағдайдан ең бірінші, әрине, Арал маңының тұрғындары зардап шегеді. Ол, бәрінен бұрын, суға деген өткір қажеттіліктен туындайды.

Демек, тұрғындар күніне 125 литр орташа норма орнына, тек 15-20 литр су ғана алады. Бірақ тек суға деген қажеттілік ғана емес, сонымен қатар әр түрлі проблемалар да туындайды. Бұл күні өңір аштықтан, жоқтықтан, сондай-ақ әр түрлі эпидемиялар мен аурулардан зардап шегуде.

Арал әрдайым теңіз өнімдерін бай жеткізушілердің бірі болған еді. Енді судың тұзды деңгейінің ащы болғаны соншалықты, көптеген балық түрлері қырылып қалды. Сол кезде аулап жүрген балықтардың қабыршақтарында пестицидтердің жоғары деңгейі жиі байқалды. Бұл әрине, Арал маңындағы тұрғындардың денсаулығына айтарлықтай әсерін тигізді, балық аулау кәсіпшілігі және балықты қайта өңдеу өнеркәсібі жойылу үстінде, адамдар жұмыссыз қалуда.

Бұрын топыраққа астық түсімін арттыру мақсатында көптеген улы тыңайтқыштар себілді. Улы химикаттармен байытылған судың тазарту құрылғыларының нашар болуының кесірінен өзен ағыстарының бойына да таралды, яғни барлық жаңа жерлерді улады. Соның салдарынан – Арал маңында өсетін қамыс, күріш, бидай құрамында әр түрлі канцерогендердің жоғары деңгейі байқалады. Өңірде ТМД елдерінің ішінде ана мен балалар өлімі жөнінен ең жоғары орында тұр (1 000 туған балаға 75). Туберкулез, астма, тиф, анемия, паратиф, гепатит, рак сияқты ауру түрлері өте көп. Бауыр мен бүйрек аурулары белең алуда [3, 4 б.].

Арал теңізінің жойылып кетуі туралы әр түрлі пікірлер айтылуда.

Біреулер Аралдың түпкі қабаты бұзылып, ол Каспий теңізіне ағып кетті деп айтады. Ал біреулер Аралдың жойылып кетуі Жер шары климатының жалпы жылыну өзгерісіне байланысты табиғи процесс дейді. Кейбіреулер тау мұздықтарының үстіңгі беттерінің құлдырауы, Сырдария мен Амудария өзендерін қоректендіретін шөгінділердің минералдануы мен олардың тозаңдануында деп айтады.

Алайда барынша кең таралған бастапқы нұсқа – Арал теңізі қоректенетін су ресурстарының дұрыс емес таралуы болып табылады. Арал теңізіне келіп құятын Амудария мен Сырдария өзендері бұрын су айдынын қоректендіріп отыратын негізгі күре тамыр еді. Екі өзен де өз бастауын таулардан алатыны белгілі, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан және Түрікменстан аумақтары арқылы өтеді. 60-жылдардан бастап осы екі өзеннің су ресурстарының негізгі бөлігі ауыл шаруашылығының жерін суландыруға және Орталық Азия өңірін сумен қамтамасыз етуге кете бастады. Соның нәтижесінде ағысы төмен түсіп кеткен өзен арналары жойылып бара жатқан теңізге дейін жете алмайды, құмға сіңіп кетеді. Бұл ретте бұрылған судың тек 50-60 % ғана суармалы егіс алқаптарына жетеді. Бұдан басқа, Амудария мен Сырдария өзен суларын дұрыс емес және үнемді емес бөлудің кесірінен суармалы жері бар тұтас аудандарды батпақты жерлерге айналдырып жіберді, ол жерлер пайдалануға жарамсыз болып қалды, ал кейбір жерлер су мүлдем жетіспейтін жерлерге айналды. Егін шаруашылығы үшін жарамды 50-60 млн. гектар жерден тек 10 млн. гектар ғана суарылады.

Орталық Азия мемлекеттері мен халықаралық қауымдастықтар Арал маңындағы проблемаларды шешу бойынша шешімдер қабылдауда. Алайда ол шешімдер өкінішке қарай экологиялық апаттың бастапқы себебімен күресуге емес, ең бірінші кезекте оның зардаптарын жоюға бағытталған. Мемлекеттер мен халықаралық гуманитарлық ұйымдар бөлетін негізгі күштер мен қаражаттар халықтың тіршілік деңгейін және өңірдің инфрақұрылымын көтеруге кетеді. Теңізді қалпына келтіру туралы мүлдем ұмытып кетті.

Қазіргі кезде әлемдік капиталды Арал теңізінің тағдыры емес, сол өңірдің қаншалықты табиғи қоры бар екені қызықтыратыны өте өкінішті. Бұл жердегі газдың болжамдалған қоры 100 млрд. куб. метрді құрайды, ал мұнай 1-1,5 млрд. тоннаны құрайды. Арал бассейнінде жапондық JNOC корпорациясы мен Shell британ-голландиялық компанияның мұнай мен газды іздеуі жүргізілуде.

Әлемдік инвестицияларды қатыстырып, өңірді құтқаруға болады деп ойлайтын көптеген жергілікті шенеуніктер тек өз қара бастарының қамын ғана ойлайды.

Алайда бұл Арал теңізінің проблемасын шеше алады ма екен? Бәрінен бұрын, кен орындарын қазу өңірдегі экологиялық ахуалды одан сайын шиеленістіреді.

1994 жылы 23-24 маусымда Парижде Дүниежүзілік банк, ПРООН бен ЮНЭП ұйымдастырған Арал теңізі бассейнін дамыту Бағдарламасы бойынша кездесу өтті, осы кездесуде Орталық Азия мемлекеттерінің өкілдерінің, 33 үкіметтік және агенттік және үкіметтік емес ұйымдардың делегациясының қатысуымен Орталық Азия мемлекеттері әзірлеген жақын арада жақсарту бойынша нақты іс әрекеттер Бағдарламасы мақұлданды.

1995 жылы Орталық Азия республикаларының үкіметі, өңір мамандары мен ғылыми қоғам, халықаралық ұйымдар Нөкіс қаласында Арал теңізі бассейнінің тұрақты даму проблемалары бойынша Орталық Азия мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың Декларациясын қабылдады.

Ол тұрақты даму принциптерінің қатаң сабақтастығын және осындай маңызды проблемаларды шешуге назар аударуды қарастырады.

Орталық Азия мемлекеттері үкіметтері құрған Мемлекет аралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясы белсенді жұмыс атқаруда, ол экология талаптары және барлық елдердің мүдделері есебінен Арал теңізі бассейнінің су ресурстарын бірлесе басқару мен пайдаланудың барлық мәселелерін қарастырады. Бұл ретте өңірдегі бес республиканың қай қайсысы да теңізді сақтау проблемасымен бірлесе қарастырады.

Арал теңізі шамамен 50 жыл ішінде кеуіп қалды. 1987 жылы шегініп бара жатқан теңіз екі жеке су бөлікке бөлінді, Солтүстік Арал теңізі (Шағын Теңіз немесе Кіші Арал теңізі) және Оңтүстік Арал теңізі (Үлкен Теңіз немесе Үлкен Арал теңізі). Оларды қосу үшін жасанды канал да қазылды, бірақ олардың арасындағы байланыс 1999 жылы тоқтап қалды, себебі екі теңіз де тарыла бастады. 2003 жылы Оңтүстік Арал теңізі әрі қарай шығыс және батыс бассейндері деп бөлінді.

1991 жылы Қызылорда қаласында Н.Ә. Назарбаев қатысымен Қазақстан ғылым академиясының сессиясы өтті. 1993 жылы мемлекеттердің бес басшы қатысымен саммит өтті, сонда Президент Н.Ә. Назарбаев Аралды құтқару бойынша халықаралық қорының бірінші президенті болып сайланды [4, 7 б.].

Оңтүстік Арал теңізі маңызды дәрежеде Өзбекстан жағында қалды, маңызды түрде тағдыр тәлкегінде қалды.

Енді бұл да бір бірінен оншақты километрге алшақтап кеткен үшінші су айдыны. Шағын Арал — Қазақстан аумағындағы Арал теңізінің бір бөлігі.

Шағын Аралды тұзды көлдің қалған бөлігімен қосатын тар бұғазды 1992 мен 1998 жылдары арақабырға қылды, бірақ екі жолы да бекітілмеген құм бөгеті — су деңгейінің арту шамасы бойынша сумен шайылып кетті.

Қазақстан егемендігін жариялағаннан кейін Арал теңізін қайта жаңғырту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін құтқару бойынша көптеген жобалар әзірленді. 2003 жылы қазанда Қазақстан Үкіметі ұзындығы 13 км болатын жаңа әрі неғұрлым сенімді Көкарал бөгетін салу жоспары туралы жариялады, ол 2005 жылы салынып бітті. Судың деңгейі маңызды түрде артты, ащылығы біршама азайды, қазір өнеркәсіптік масштабта балық ауланады.


Әдебиеттер тізімі
1. Нукусская декларация государств Центральной Азии и международных организаций по проблемам устойчивого развития бассейна Аральского моря (г. Нукус, 5 сентября 1995 г.) // http://mkur.uznature.uz.

2. Программа конкретных действий по улучшению экологической обстановки в Приаралье. 23-24 июня 1994.



3. Международный Фонд спасения Арала «Программа конкретных действий по улучшению экологической и социально-экономической обстановки в бассейне Аральского моря на период 2003-2010 гг.». –Душанбе – 2003 // http://ecoportalca.kz.




жүктеу 17,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау