Д.Е. Джакупова,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
Патриоттық тәрбие беру
ҒЗИ директоры, экономика магистрі
е-mail: niipatriot_kstu@mail.ru
А.К. Мубаракова,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
Патриоттық тәрбие беру
ҒЗИ әдіскері
e-mail: 29-10-1988@mail.ru
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ КЕШЕНІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛРІ
Адамзат жаңа мыңжылдыққа аяқ басарда, өткенді саралап, болашаққа көз тастағанда, өркениет жетістіктерін мойындай отырып, жаһандық экологиялық мәселелерді түсініп, өз болашағын соларды шешу қажеттілігімен бірге жоспарлап, тұрақты даму жолымен алға басуды мақсат етеді.
Біздің республикамыздың көптеген өңірлерінде экологиялық жағдай тек қана қолайсыз емес, сондай-ақ, апатты.
Қоршаған ортаны ластайтын және табиғи жүйенің деградациясын туындататын негізгі қайнаркөз өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, автомобильді көлік және өзге де антропогенді факторлар болып табылады. Биосфера мен қоршаған ортаны құрайтын барлық компоненттердің ішінде атмосфера ең сезімталы болып табылады, оған ең алдымен тек қана газ тектес қана емес, сонымен қатар, сұйық және де қатты ластағыш заттар да түседі.
Адамзат атмосфераны мыңдаған жылдар бойы ластап келеді, алайда ол осы кезеңдер бойы пайдаланып келген оттың салдары мардымсыз болды.
Қазақстандағы атмосфераға жоғары уытты газ тектес және қатты заттардың үлкен көлемі бөлінуде. Егер де әртүрлі стационарлы қалдықтар бөлінуін салыстыратын болсақ, онда шамамен 50 пайызы жылу энергия көздері, ал 33 пайыз – тау және түрлі-түсті металлургия өнеркәсіптерінің еншісінде. Әртүрлі пооллютанттар шығарылуының көп көлемі Шығыс Қазақстанда – 2231,4 мың т/жыл, бұл Қазақстандағы жалпы шығарулардың 43 пайызын құрайды. Шығарылу бойынша екінші орында Орталық Қазақстан тұр – 1868 мың т/жыл немесе 36 пайыз. Ең аз атмосфера ластанатын Солтүстік Қазақстан – 363,2 мың т/жыл (7 пайыз) және Оңтүстік Қазақстан 415,1 мың т/жыл, яғни 8 пайыз. Ең мобилді, радиус әсері көлемі кең болып азот пен күкірт тотығы саналады.
Қазақстанда табиғи орта өте осалдау. Республика территориясын негізінен дала, шөлейт және шөл құрайды. Бірегей ішкі континентті теңіз бен көлдер бар, мысалға, Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан, Алакөл.
Жыл сайын республиканың беткі су көздеріне 200 млн.м3 ластанған ағынды су шығарылады. Жер асты сулары ластануының 3 мыңнан астам ошақтары анықталған, олардың көлемдері бірнеше квадрат километрден жүздеген квадрат километрлерді құрайды.
Кен-металлургия кешені өнеркәсіптерінің қызметі салдарынан Қазақстан территориясында жыл сайынғы шамамен 1 млрд.т. түсімде 20 млрд.т. астам өндірістік шығарылымы жинақталған, оның ішінде 230 миллион тоннасы радиоактивті. Жалпы алынатын кеннің 95% қалдық болып шығады, көбінесе аса улы және сақтауға арналмаған жерлерге орналастырылады. Қолда бар статистика улы қалдықтардың артып келе жатқандығын көрсетеді, әсіресе Қарағанды - 29,4%, Шығыс-Қазақстан - 25,7%, Қостанай - 17% және Павлодар - 14,6% облыстарында. Сонымен қатар, ауыр металл мен мұнай өнімдерінен Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының жерлері ластанған. Бұл жерде лақтырылып тасталған және көмулі бұрғыланған шлам, төмен радиоактивті су көлемі, бұзылған жерлер аумағы бағалауға өте қиын.
Ақтау мен Каспий теңізіне де экологиялық қатер төніп тұр. Өндірістік алпауыт Прикаспий тау-металлургия комбинаты зауыттары (ПТМК) ағынды суды Ақтау қаласынан бір – екі километр жердегі шұңқырға ағызып отырған, соның салдарынан жасанды Қошқар-Ата көлі пайда болды. Бұл зауыттар негізінен уран байытумен айналысқан. Уақыт өте келе Қошқар-Ата көлшігінде Менделеев кестесіндегі барлық дерлік элементтер жинақталған. Оның ішінде радиоактивті және уландырғыштар да бар.
Қошқар-Ата көлі мен Каспий теңізін бір-бірінен ұзындығы 8 км.аспайтын жіңішке жағалық жолақ қана ажыратып тұр, сол себепті Каспийдің қалдық жинақталған Қошқар-Ата суымен ластану қаупі туындады.
Каспий ластануынан бөлек Мангышлак атом энергокомбинаты (МАЭК) Ақтау үшін судың бір бөлігін алатын, Кұюлус техникалық суының бастау алатын жер асты суларының ластану қаупі пайда болды.
Жер асты суларының уландырғыш және радиоактивті заттармен ластануынан бөлек қалдық жинақталған Қошқар-Ата көлімен байланысты да бір мәселе бар. Қазіргі кезде бұрынғы ПТМК зауыттары тоқтап, су шығармауы салдарынан көл құрғап жатыр. Кепкен жағалауларда желмен айналаға таралатын улы шаң көтерілуде.
Маңғыстау экологтарының алдында күрделі мәселе тұр. Егер көлді бұрынғы деңгейінде сақтап тұрса, улы қалдықтардың Каспийге құйылуы мүмкін. Ал көлдің құрғауына жол берсе, барлық Ақтау мен Ақшұқыр елді мекенінің жерлері мен жайылымдық жерлеріне улы шаң тарайды.
Тұрақты түрде өсіп келе жатқан өндірістік кәсіпорындардың қалдықтары жаңа техногенді ландшафты құрайды, осы өсулер үйінділер қарқынды шаң тудырушы қайнаркөздерге айналуда.
Өндірістік қалдық шығару бойынша тау-кен өндірісінен кейінгі екінші орынды металлургия өнеркәсібі мен энергетика алып отыр. Тек қана Павлодар облысындағы Екібастұз СРЭС күл үйінділердің өзінде ғана 1,5 миллиард тонна қалдық жинақталған. Согринск СРЭС күл үйінділерінің Ертіс өзеніне қосылып кету қаупі де төніп тұр.
Өзінің металды сынап тұнбасымен белгілі Нұра өзенінің жағдайы да өте қайғылы жайт. Оған 20 жылдан астам уақыт бойы «Карбид» өндірістік бірлестігінің және Теміртау қаласының өзге де зауыттарының ағынды сулары мен Қарағандылық СРЭС-1 күлі тасталынып келеді. Күл ағынды судан сынапты сіңіріп, бүгінгі күні Нұра өзені ағысындағы 25 км. астам жерде құрамында сынап бар жаңа тұнбалы қалдықтар туындады. Нәтижесінде өзеннің барлық жүйесі қауіпті деп танылып, осы өзен жалғыз су көзі болып отырған Қорғалжың мемлекеттік қорығына да қатер төнді.
Ал енді тау-кен өнеркәсібі кешенінің аумақтық экологиялық жағдайларына келейік. Ауа бассейнін ластаушылардың негізгісі деп Балқаш тау-металлургиялық комбинатын (20%), БСАҚ «Испат-Кармет» (15%) тауға болады. Салалар бойынша белсенді ластаушылар болып қара (17%) және түсті (29%) металлургия, жылуэнергетика кәсіпорындары саналады. Ластаушы қайнаркөздердің айтарлықтай негізгілерінің бірі тау-металлургиялық және энергетикалық кәсіпорындардың үйінділері мен шлам жинақтары табылады. Бұл жағдайды көрнекілік түрде келесі диаграммада көрсетуге болады.
Аймақтық экологияны қалыптастырудағы тау-кен кәсіпорындарының әсер ету ерекшеліктері.
Аймақтардағы қоршаған орта жағдайына тек кана ресурстарды алу ғана емес, жер асты қойнауынан алынатын және орналастырылатын тау массасы, су-газдылық, пайдалы қазбалардың химиялық құрамы және т.б. әсер етеді. Минералды шикізатты ресурстарды алу және өңдеу экономиканың басқа салаларына қарағанда аймақ биосферасының барлық компоненттеріне әсерін тигізеді. Осы әсер етудің негізгі бағыттары келесі түрде көрсетіледі:
Аймақтың шикізатты алу және өңдеудің ауа бассайнін шаң және газбен ластауы;
Жер беті және жер асты суларының ластануы жән тартылуы;
Жерлерді шаруашылық айналымнан алу және бұзу, сапасын төмендету;
Жер асты қойнау ресурстарының бүтіндігі мен генетикалық өзара байланысын бұзу;
Тарихи ластанулардың ұзақ уақыт бойы жинақталуы;
ТМК жаңадан түсіп жатқан қалдықтарының айтарлықтай үлкен көлемінің жинақталуы (қазіргі кездегі ластанулар).
Қазақстан ТМК құрылымында түсті және қара металлургия сынды салалар ерекше орынды иеленеді.
Аймақтың қоршаған ортасына қара металлургияның тигізетін әсерін қарастырайық. Қара металдарды өндіру әртүрлі фазадағы қалдықтар көлемін бөлу негізінде жүргізіледі: зиянды газдар мен шаңдарды, шлактарды, қабыршақтарды бөлу, отқа төзімді материалдарды сындыру және ағынды су. Атмосфераны ластаудың негізгі қайнаркөздерінің біріне жентек пен агломераттарды, коксохимиялық, агломерациялық, доменді және өзге де өндірістерді өндіру жатады. ТРҚОҚМ мәліметтеріне сүйенсек, биосфераны ластау қара металлургия кәсіпорынының әсер ету аумағындағы жел режиміне байланысты 30-50 км радиусты құрайды. Әр тәуліктік шаң түсуі 1 км 2 аумаққа 5-15 кг құрайды. Мұндай кәсіпорындарға үлкен көлемде суды пайдалану тән, мысалға 1 т болат прокатына су шығыны 180-200м3 құрайды. Көптеген кәсіпорындарда қосымша сала ретінде су қоймасы айналымы жобасы енгізілген, алайда шығарылып тасталатын ағынды су көлемі әлі де болса өте көп. Ағынды сулар құрамында органикалық және минералды негіздегі қоспа бар: металдар гидрооксиді, тұрақты және ұшатын мұнай өнімдері, еріген уландырғыш қосылыстар және басқалар. Бізге белгілісі, ірі металлургиялық кәсіпорындар 1000 га жуық жерді шеттейді, ал тау жұмыстарымен бүлінген және күл, қалдықтар үйілген жерлер көлемі 130 мың. га дейінгі жерді алуы мүмкін. Қара металл өндіруге үлкен жер көлемінде айтарлықтай зор көлемде, қатты өндірістік қалдықтар жинақталу тән, бұл топыраққа, биосфераға, су ұңғымаларына және аймақтың ауа бассейніне кері әсерін тигізеді. Металлургиялық кәсіпорындардың әрекет ету аймағында жасанды техногенді территориялар қалыптасады, ал оның компоненттерінде өте қауіпті зиянды заттар – қорғасын, сынап және т.б. ықтимал мөлшерден асып кететін металдар.
Түсті металлургия кәсіпорындарының қалдықтары аршылған кірістіру жыныстары, соңы байытылған, металлургиялық шептегі шлак, күлді шлакты қалдықтар, қоқыр, ағынды су түрінде көрсетілген. Статистика агенттігінің мәлімдеуі бойынша ҚР аршылған таулы жыныстар шамамен 17-20%, байыту-10-12%, доменді өндіріс шлагы – 75%, ферро қорытпалы шлак – 45%, болат балқу шлагы – 16% құрайды. Қатты өндірістік қалдықтар келесі түрде бөлінеді: Қарағанды облысы – 5,4 млрд тонна, Павлодар – 4,9, Шығыс - Қазақстан – 1,42, Оңтүстік - Қазақстан – 180 млн тонна, Жамбыл – 58,12, Маңғыстау – 57,68 т. Тау-металлургиялық өндіріс қалдықтарын аршу жұмыстары арқылы пайдалану, техникалық этапты рекультивацияны жүзеге асырғанда шамамен 20-25% құрайды. Бұл әрине тарихи ластануы бар аймақтың экологиялық мәселесін шешу үшін жеткіліксіз, утилизацияланбаған өндірістің қатты қалдықтарына тұрақты өсу тенденциясы тән. Аймақтарда экологиялық мәселенің шиеленісуі қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған қалдық жинақтаушылардың артып кетуімен, олардың үстіңгі бетті ластауымен және т.б. белгіленеді, ал жаңа қалдық жинағыштар салынбаған. Республикада тау және өндіру кәсіпорындарының қалдықтары үйінділерінің аумағы 21815 млн м3 жеткен. Егер осы облыстардың аумағы 170783,3 мың га. құрайды десек, онда жердің 14,6% қалдықтардың астында жатыр. Түсті және асыл металдарды алу және өңдеу кәсіпорындарының жинақталған қалдық үйінділері көлемі 2512 млн.м3 болатын 9,2 мың га. жерді алып жатыр. Түсті металлургия қалдықтарымен үлкен көлемде жері ластанған облыстарға Шығыс-Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстары жатады. Олардың жалпы көлемі 80171,8 мың га. жерді құрайды. Бұдан шығатын қорытынды, біздің есебіміз бойынша 11,5% болады.
Атмосфераның аэрозольді ластануы. Аэразоль – ауада ілініп тұратын сияқты күйдегі қатты немесе сұйық бөлшектер. Аэрозольдің қатты бөліктері ағзаға айтарлықтай қауіпті, ол адамдарда біршама аурулар тудырады. Атмосферада аэрозольді ластанулар түтін, тұман немесе бу түрінде қабылданады. Аэрозольдердің айтарлықтай бөлігі атмосферада қатты немесе сұйық бөлшектердің немесе олардың су буымен әрекеттесуі негізінде туындайды. Аэрозольдердің орташа мөлшері 11-5 мкМ құрайды. Жер атмосферасына жыл сайын шамамен 11 куб км. Жасанды түрдегі шаң тектес бөлшектер түсіп отырады. Шаң тектес бөлшектердің көпшілігі сондай-ақ, адамдардың өндірістік қызметі негізінде пайда болады. Жасанды аэрозольді ластағыштардың негізгі қайнаркөздерінің бірі болып күлі көп көмірді пайдаланатын ЖЭС, байыту фабрикалары, металлургиялық, цементті, магнезитті зауыттарды пайдалануы табылады.
Жер бетіндегі барлық тіршілік иелері үшін ауаның маңызын айтып жеткізу мүмкін емес. Адам тамақсыз 5 апта, сусыз 5 күн, ал таза ауасыз 5 минут қана шыдай алады.
Атмосфераның ластануы ел тұрғындарының шамамен жартысы тұратын ірі қалалар мен өндірісті агломерацияларға тән.
Ең ластанған қалалар тізіміне 10 қала енгізілген, оның 8-і ауаның жоғары деңгейде ластануымен ерекшеленеді. Қалалардағы ауаның жоғары деңгейде ластануының себебі өндірістегі ескірген технология, тиімсіз тазалағыш құрылымдар, пайдаланатын жағармай сапасының төмендігі, өңделіп отыратын қайнаркөздерді әлсіз пайдалану және энергияның дәстүрлі емес көздері. Ірі қалаларда автокөліктер санының күрт артуы көмірқышқыл оксиді мен азот диоксидінің концентрациясын арттырып отыр. Олар Алматы, Өскемен, Шымкент, бұл қалаларда жыл сайынғы концентрация шамадан тым асып кеткен.
Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы өте төмен деңгейде, кейбір өңірлерде оны тіпті апатты деп те айтуға болады. Табиғатты қорғау қызметіне өте аз қаражат бөлінеді. Жаңа құрылғылар орнатылмаған, әртүрлі тазалық шаралары өте сирек жүргізіледі. Сол себепті республикадағы экологиялық жағдай төмендеп келеді.
ҚР тау өндірісті өңірлері осы өңірде тау-металлургия ұзақ уақыт бойы дамытылуы негізінде шекті экологиялық мөлшер шамадан асып кеткен аймақтарға жатады. Жинақталған және утилизацияланбаған қалдықтар үстіне қазіргі кезде үсті-үстіне қалдықтар жинақталуда. Бұл экологиялық жағдайды шиеленістіріп, өмір сапасын төмендетуде. Аймақтарда өндірістік қалдықтарлы есепке алатын, тарихи және қазіргі ластануларды міндетті дифференциациялайтын, жүйелендірілген статистика қажет. Тау ісінің бұрынғы қызметінің қалдықтарын утилизациялау, оқшаулау және залалсыздандыру ерекше методикалық тәсілді қажет етеді.
Ауа бассейнінің ластануы сонымен қатар, көмірсутекті шикізаттардың жаңа орындарын игеру мен ескілерін құрастырумен байланысты. Ол өз кезегінде атмосфераның күкіртсутегі мен меркаптанмен ластануына әкеледі. Жол бойы газының факелын жағу атмосфераға көптеген мөлшердегі жылыжайлық газ, күкірт пен азот оксиді бөлінуіне әкеледі. Бұл жерлерде көп мөлшердегі жылу фоны қалыптасады. Соңғы он жылдықта экология жер бетіндегі әйгілі сөзге айналды. Қазіргі таңда экологиялық мәселе әркімге болса да қатысты екені ешкім үшін жаңалық емес. Сол себепті қоршаған ортаны қорғау біздің мемлекетіміз үшін өзекті мәселелердің бірі.
Д.Е. Джакупова,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
Патриоттық тәрбие беру
ҒЗИ директоры, экономика магистрі
е-mail: niipatriot_kstu@mail.ru
А.К. Мубаракова,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
Патриоттық тәрбие беру
ҒЗИ әдіскері
e-mail: 29-10-1988@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |