Тәжірибе – үздік мұғалім
Мемлекет еңбекке қабілетті, яғни дені сау тұрғындарға мүдделі болу керек.
АҚШ-та бұқаралық та, жоғары жетістіктер ретіндегі спортқа дәстүрлі түрде көп көңіл бөлінеді. Спорт онда білім берудің негізгі бөлігі болып табылады, Америка мектептеріндегі әр алтыншы сабақ – бұл дене шынықтыру сабағы. Балалардың спорттық демалысына ата-аналар комитеті жұмылдырылады, олар секцияларды ұйымдастыруда жәрдемдеседі. Әр мектепте шамамен 20 спорттық секциялар жұмыс істейді: америкалық және еуропалық футбол, жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол, бейсбол және т. б. Мектеп басқармасы спортқа жұмсайтын бюджет әр мектепте болатын спорттық департаментке түседі. Егер бөлінген қаражат жеткіліксіз болса, онда мұндай департаменттер ерікті қайырымдылық қорларына жүгінуі мүмкін.
Қытайда спортты зерттеу жөніндегі бірнеше ғылыми-зерттеу институттары бар. Спорттық инфрақұрылым елде жаппай салынады. Нәтижесі белгілі: аптасына кем деген 2-3 рет спортпен айналысатын адамдар саны Пекин Олимпиадасының алдында жалпы тұрғындар санының 41 %-ын құрады.
Күш біріктіру
Бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спорты бір-бірімен тығыз байланысты. Егер елде бұқаралық спорттың дамуы үшін қолайлы орта жасалмаса, жоғары жетістіктер спортының дамуына да негіз болмайды.
Бұқаралық спорт және дене тәрбиесі қазақстандықтардың көбі үшін әлі де жеке құндылық болмай отыр. Алайда дене тәрбиесімен және спортпен айналысу үшін адамның жалғыз тілегі жеткіліксіз. Мемлекет пен бизнестің қолдауынсыз, инфрақұрылымды дамытуға үлес қоспаусыз, БАҚ-тың қатысуынсыз оны дамыту өте қиын.
Бұқаралық спорт пен дене тәрбиесінің дамуына жұмсалатын шығын медициналық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығынды азайтады. Адамдар аз ауырады.
2050 Стратегиясында салауатты өмір салты ұлт саулығының кілті ретінде аталған. Сондықтан ҚР Үкіметі дене мәдениетін, бұқаралық спортты дамыту, дене шынықтыру-сауықтыру нысандарын типтік, сонымен бірге аулалық жобалар бойынша салу жөнінде жүйелі шаралар қабылдауда. Осылайша, 2014–2016 жылдардағы бюджетте Қазақстанның бірқатар аймақтарында дене шынықтыру кешендерінің құрылысына арналған қаражат салынған. Барлық бағыттағы жұмыс өте көп, ал бүкіл қоғамның бірлескен күшінің нәтижесі әрқайсымызға зор пайда әкеледі!
«Казахстанская правда», 2013, 12 қазан
А.Е. Даниярова,
т.ғ.к., қауымдастырылған профессор,
Қарағанды мемлекеттік техникалық
университетінің Қазақстан тарихы
кафедрасының доценті,
e-mail: aina171173@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |