Арнайынемесешығармашылық
даярлаудыталапететін
мамандықтардыңтізбесінжəне
Арнайы немесе шығармашылық
емтихандар өткізуқағидаларын
бекіту туралы
«Жоғары білім берудің кəсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111
қаулысының 10-тармағына сəйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сəйкес Арнайы немесе шығармашылық
даярлауды талап ететін мамандықтар тiзбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сəйкес Арнайы немесе шығармашылық
емтихандар өткізуқағидаларыбекітілсін.
2.Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті
(Ф.Н. Жақыпова):
1) осы бұйрықтың белгілеген тəртіппен Қазақстан Республикасы Əділет
министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық
ақпарат құралдарында жарияласын.
3.
Осы
бұйрықтың
орындалуын
бақылау
вице-министр
М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
Б. Жұмағұлов
2
Қазақстан Республикасы
Білім жəне ғылым министрінің
2013 жылғы « »
№ бұйрығына
1-қосымша
Арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар
тізбесі
Коды
Мамандықтардыңатаулары
Арнайы дайындықты талап ететін мамандықтар
5В010400
Бастапқыəскеридайындық
5В010800
Денешынықтыружəне спорт
5В021500
Исламтану
Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар
5В010600
Музыкалықбілім
5В010700
Бейнелеуөнеріжəнесызу
5В040100 Музыкатану
5В040200 Аспаптықорындаушылық
5В040300 Вокалдықөнер
5В040400 Дəстүрлі музыка өнері
5В040500 Дирижерлеу
5В040600 Режиссура
5В040700 Актерлікөнер
5В040800 Эстрада өнері
5В040900 Хореография
5В041000 Сценография
5В041100 Композиция
5В041200 Операторлықөнер
5В041300 Кескіндеме
5В041400 Графика
5В041500 Мүсін
5В041600 Өнертану
5В041700 Сəнөнері
5В042000 Сəулет
5В042100 Дизайн
5В042300 Арт-менеджмент
5В050400 Журналистика
5В090600 Мəдени-тынығужұмысы
5В140100
Орындаушылықөнер
5В140200
Халықаспаптары
5В140300
Əн айту өнері
3
Қазақстан Республикасы
Білім жəне ғылым министрінің
2013 жылғы « »
№ бұйрығына
2-қосымша
Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу қағидалары
(бұдан əрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кəсіптік оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгі қағидаларының 10-тармағына сəйкес əзірленген жəне арнайы немесе
шығармашылық емтихандарды өткізу тəртібін анықтайды.
2. Арнайы немесе шығармашылық емтихандар (бұдан əрі –
шығармашылық емтихандар) жоғары оқу орындарына арнайы немесе
шығармашылық даярлықты талап ететін мамандықтарға түсетін тұлғалар үшін
өткізіледі.
3. Шығармашылық емтиханның мақсаты талапкерлердің шығармашылық
қабілеттерінің жəне шығармашылық бағыттағы кəсіптерді меңгерудегі
тұлғалық алғышарттарының болуын тексеру болып табылады.
4. Шығармашылық емтихандарды жоғары оқу орындарының пəндік
комиссиялары өткізеді.
5. Əрбір мамандық бойынша шығармашылық емтиханның саны екіге тең.
6. Шығармашылық мамандықтарға талапкерлерден өтінімдерді қабылдау
олардың таңдаған жоғары оқу орнының мекен-жайы бойынша жүзеге
асырылады.
7. Шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны мен мазмұныосы
Қағидаларға қосымшаға сəйкес анықталады.
8. Шығармашылық емтиханды ұйымдастыру жəне өткізу үшін құрамы
ректордың бұйрығымен бекітілетін пəндік комиссиялар құрылады.
9. Шығармашылық емтихандардың кестесін (пəннің атауы, күні, уақыты
жəне өткізілетін орны, консультациялар, нəтижелерді жариялау күні) қабылдау
комиссиясының төрағасы бекітеді жəне құжаттар қабылдау басталғаннан
кешіктірілмей талапкерлердің назарына жеткізіледі.
10. Шығармашылық емтихандар 25 балдық жүйе бойынша бағаланады.
Шығармашылық емтиханның нəтижесі бойынша, олардың сəтті өткенін
растайтын ең төменгі балл саны – 10 балл.
11. Бірінші шығармашылық емтиханда белгіленген балл санынан кем
алған талапкерлер келесі емтиханға жіберілмейді.
4
2. Шығармашылық емтиханды өткізу тəртібі
12. Шығармашылық емтихандар өткізу аудиториясына жіберуді жəне
емтиханды өткізу кезінде осы Қағидаларды сақтауды қабылдау комиссиясының
жауапты хатшысы жəне оның орынбасары, емтиханды өткізуге тартылған
арнайы кезекшілер, техникалық хатшылар қамтамасыз етеді.
13. Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде аудиторияда бөтен
тұлғалардың болуына жол берілмейді.
14. Талапкер шығармашылық емтиханға кестеде көрсетілген мерзімде
келеді. Талапкер аудиторияға емтихан басталғанға дейін 30 минут бұрын
жіберіледі.
15. Талапкер шығармашылық емтихан өткізу аудиториясына жеке басын
куəландыратын құжатты жəне құжаттарын қабылдағаны туралы қолхатты
көрсеткен жағдайда жіберіледі.
16. Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде бір орыннан басқа орынға
ауысуға, емтихан материалдарымен алмасуға, көшіріп алуға, аудиторияға
оқулықтарды, басқа да əдістемелік əдебиеттерді, мобильді байланыс
құралдарын кіргізуге жəне қолдануға тыйым салынады.
17. Шығармашылық емтихандар тыныш жəне қолайлы жағдаймен
қамтамасыз етіледі, талапкерлерге өз білімі мен білік деңгейін толық көрсете
алуына барынша мүмкіндік жасалады.
18. Шығармашылық емтихандарды өткізу кезінде талапкерлерге жəне оны
өткізу үшін тартылған жоғары оқу орнының қызметкерлеріне өзімен бірге
байланыс жəне электрондық-есептеу техникаларын алуға жəне пайдалануға
тыйым салынады.
19. Шығармашылық емтихан басталғаннан кейін талапкерлерге емтихан
материалдары беріледі жəне титулдық парақтарды ресімдеуге ұсынылған
тəртіптер түсіндіріледі, сондай-ақ шығармашылық емтиханның басталу жəне
аяқталу уақыттары, нəтижелерді жариялаудың жəне аппеляция өткізудің
уақыты мен орны көрсетіледі.
20. Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде талапкерлер мынадай
талаптарды сақтайды:
1) тыныштық сақтау жəне өз бетінше жұмыс істеу, емтихан алушымен
жəне басқа талапкерлермен сөйлеспеу;
2) аудиторияда жүрмеу, басқа орынға отырмау;
3) шығармашылық емтиханның аяқталғанға дейін емтихан алушының
рұқсатынсыз емтихан аудиториясынан шықпау.
21. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін талапкер аудиториядан шығарылады.
Бұл ретте емтихан жұмысының тутулдық парағына емтихан алушының
қолымен расталған шығару себебі туралы жазылады. Талапкердің бұл жұмысы
жойылады.
22. Талапкер дəлелді себептермен емтиханға кешігіп немесе келмеген
жағдайда ол шығармашылық емтиханды жазбаша өтініші мен шығармашылық
5
емтиханды жіберіп алуына дəлелді себептерін растайтын құжаттарды ұсынуы
негізінде ректордың рұқсаты бойынша бекітілген кесте шеңберінде басқа
уақытта тапсыруға жіберіледі.
Шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дəлелді себептер мыналар
болып табылады:
1) талапкердің ауырып қалуы (емдеу мекемесінен ауырып қалғандығы
туралы анықтаманы ұсынумен расталады, анықтама емдеу мекемесінің мөрімен
бекітіледі);
2) төтенше жағдайлар, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы (мемлекеттік
мекемеден төтенше жағдайдың немесе жол-көлік оқиғасының болу фактісін
айғақтайтын анықтама ұсынумен расталады);
3) жақын туыстарының (ата-анасы, ерлі-зайып, балалары, асырап
алушылар, асырап алғаны, толыққанды жəне толыққанды емес ағайындары мен
апа-қарындастары, атасы, əжесі) қайтыс болуы (анықтамамен расталады).
23. Дəлелді себептер бойынша шығармашылық емтиханға келмеген
тұлғалар оған шығармашылық емтихандарды өткізу мерзімінен кешіктірілмей
қосымша анықталған күні жіберіледі.
24. Дəлелсіз себептермен шығармашылық емтиханға келмеген талапкерлер
емтихан тапсыруға жіберілмейді.
25. Шығармашылық емтиханға қайта қатысуға жəне қайта тапсыруға
рұқсат етілмейді.
26. Емтихан жұмыстарын тексеру тек жоғары оқу орнының ғимаратында
жүргізіледі.
27. Шығармашылық жұмыстарды тексеруді тек пəндік комиссияның
мүшелері жүргізеді.
28. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары еркін нысандағы
бағалау ведомосымен жəне пəндік комиссия хаттамасымен ресімделеді.
29. Тексерілген жұмыстар, бағалау ведомостері жəне бағалары мен
тексеруші емтихан қабылдаушылардың, пəндік комиссиясы төрағасының
қолдары қойылған хаттамалар жауапты хатшыға (оның орынбасарына)
нəтижелерді жариялау үшін беріледі.
30. Шығармашылық емтиханның нəтижелері емтихан өткеннен кейін келесі
күні хабарланады.
31. Талаптарды сақтауды жəне шығармашылық емтихандарды бағалау
кезіндегі даулы мəселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде шығармашылық
емтихандар тапсырушы тұлғалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету
мақсатында əрбір жоғары оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссия шығармашылық емтиханның нəтижелерімен
келіспейтін тұлғалардың өтінімдерін қарастыру үшін құрылады. Апелляциялық
комиссияның төрағасы мен құрамы жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен
бекітіледі.
32. Апелляцияға өтінімді аппеляциялық комиссия төрағасының атына
шығармашылық емтихан тапсырушы тұлға жеке береді. Өтінім шығармашылық
6
емтихан нəтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін
қабылданады жəне оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады.
33. Апелляциялық комиссия əрбір тұлғамен жеке тəртіпте жұмыс істейді.
Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның өтінімі
апелляцияға қарастырылмайды.
34. Шығармашылық емтихан нəтижелерімен келіспеу туралы апелляция
бойынша шешім комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен
қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы
шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның
жəне комиссия мүшелерінің барлығының қолы қойылған хаттамамен
ресімделеді.
35. Жоғары оқу орындары меншік нысанына қарамастан:
1) апелляция аяқталған күні шығармашылық емтихандарды өткізу
нəтижелерін Ұлттық тестілеу орталығына тапсырады;
2) он күнтізбелік күн ішінде білім беру саласындағы уəкілетті органға
шығармашылық емтиханды ұйымдастыру жəне өткізу жөніндегі қорытынды
есепті, сондай-ақ шығармашылық емтихан тапсыру туралы бұйрықтардың
көшірмелерін ұсынады.
7
Қазақстан Республикасы
Білім жəне ғылым министрінің
2013 жылғы « »
№ бұйрығымен бекітілген
Арнайы немесе шығармашылық
емтихандарды өткізу қағидаларына
қосымша
Арнайы немесе шығармашылық емтихандардың нысаны мен мазмұны
Коды Мамандықтардыңатаулары
Бірінші
шығармашылық
емтихан
Екінші
шығармашылық
емтихан
1 2
3
4
Арнайы дайындықты талап ететін мамандықтар
5В010400 Бастапқыəскеридайындық Спорт
түрлері
бойынша
нормативтер
Спорт ойындары
5В010800 Денешынықтыружəне
спорт
Мамандану
бойынша
нормативтер
Жалпы
дене
даярлығы бойынша
нормативтер
5В021500 Исламтану
Кəсіпке
жарамдығын
анықтау
үшін
əңгімелесу
Ислам
негіздері
бойынша
ауызша
емтихан
Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар
5В010600 Музыкалықбілім
Соло орындау
Өнер
тарихы
бойынша
ауызша
емтихан
5В010700 Бейнелеуөнеріжəнесызу
Сурет
Кескіндеме
5В040100 Музыкатану
Музыкалық
шығарманы сынап
талдау.Музыкалық
викторина.
Музыкалық
тақырыптарды
орындау
Гармония бойынша
ауызша
емтихан.
Сольфеджио
бойынша диктант
5В040200 Аспаптықорындаушылық Соло
бағдарламаны
орындау
Гармония бойынша
ауызша
емтихан.
Сольфеджио
бойынша диктант
5В040300 Вокалдықөнер
Соло
бағдарламаны
Музыканың
бастауыш теориясы
8
1 2
3
4
орындау
бойынша
ауызша
емтихан.
Сольфеджио
бойынша диктант
5В040400 Дəстүрлі музыка өнері
Соло
бағдарламаны
орындау
Гармония бойынша
ауызша
емтихан.
Сольфеджио
бойынша диктант
5В040500 Дирижерлеу
Дирижерлеу. Естіп
талдау.
Рояльда
ойнау.
Коллоквиум
Гармония бойынша
ауызша
емтихан.
Сольфеджио
бойынша диктант
5В040600 Режиссура
Жазбаша жұмыс
Режиссура бойынша
ауызша емтихан
5В040700 Актерлікөнер
Актер шеберлігі,
сахна тілі
Би, вокал
5В040800 Эстрада өнері
Эстрада
вокалы.
Аспапшылар үшін
бағдарлама
орындау
Гармония бойынша
ауызша
емтихан,
сольфеджио
5В040900 Хореография
Орындау
шеберлігі
Хореография
педагогикасы
бойынша
ауызша
емтихан
5В041000 Сценография
Сурет, кескіндеме Композиция
5В041100 Композиция
Шағын нысанды
жанрдағы
шығармалардан
көрініс.
Музыкалық
əдебиет бойынша
коллоквиум
Гармония бойынша
ауызша
емтихан.
Сольфеджио
бойынша диктант
5В041200 Операторлықөнер
Практикалық
жұмыс –
павильонда жəне
табиғатта түсіру
Физика
бойынша
ауызша емтихан
5В041300 Кескіндеме
Сурет, кескіндеме Композиция
5В041400 Графика
Сурет, кескіндеме Композиция
5В041500 Мүсін
Сурет, мүсін
Композиция
5В041600 Өнертану
Жазбаша жұмыс
Өнертану бойынша
ауызша емтихан
5В041700 Сəнөнері
Сурет, кескіндеме Композиция
5В042000 Сəулет
Сурет
Сызу
9
1 2
3
4
5В042100 Дизайн
Сурет
Сызу
5В042300 Арт-менеджмент
Коллоквиум.Арт-
жобаны
таныстыру
«Психологиялық
менеджмент»тренинг
і
5В050400 Журналистика
Шығарма
Кəсіпке жарамдығын
анықтау
үшін
əңгімелесу
5В090600 Мəдени-тынығужұмысы
Орындау
шеберлігі
Ұйымдастырушы-
режиссерлік
шеберлік
5В140100 Орындаушылықөнер
Соло
бағдарламаны
орындау
Гармония бойынша
ауызша
емтихан.
Сольфеджио
бойынша диктант
5В140200 Халықаспаптары
Соло
бағдарламаны
орындау
Гармония бойынша
ауызша
емтихан.
Сольфеджио
бойынша диктант
5В140300 Əн айту өнері
Соло
бағдарламаны
орындау
Музыканың
бастауыш теориясы
бойынша
ауызша
емтихан.
Сольфеджио
бойынша диктант
Достарыңызбен бөлісу: |