ҚР әкімшілік құқығы Санасыров Н. Т. 2016 ж



жүктеу 0,76 Mb.
бет1/30
Дата04.01.2022
өлшемі0,76 Mb.
#31518
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Лекции АДМ ПРАВО КАЗ


Санасыров Н.Т. ҚР әкімшілік құқығы


ҚР

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҒЫ

Санасыров Н.Т.

ДӘРІС 1 ӘКІМШ. ҚҰҚЫҚ - ҚҰҚЫҚ САЛАСЫ, ОҚУ ПӘНІ, ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ. ӘКІМШ. ҚҰҚЫҚ ПӘНІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ


  1. Әкімш. құқық түсінігі.

  2. Әкімш. құқық – ҚР құқық жүйесіндегі негізгі сала.

  3. Әкімш. құқық – оқу пәні ж/е ғылым ретінде.




  1. Әкімш. құқық атқарушы билік органдарының (Үкімет, министрлер мен ведомствалар, өзге де орталық атқарушы органдар, акиматтар, сондай-ақ басқа да жергілікті атқарушы органдар) қызметін ұйымдастырумен байланысты қатынастарды реттейді, олардың құрылымын, өкілеттіктері мен құзіретін, сонымен бірге олардың арасындағы өзара іс-қимылдарын анықтайды. Әкімш. құқықпен сондай-ақ мемл-тік билік органдарының азаматтар мен ж/е өздерінің құзіреттеріне сәйкес мемл-тік емес ұйымдар мен өзара іс-қимыл жасауы барысында туындаған қатынастары, сондай-әкімш. құқ/бұзушылықпен байланысты қатынастар реттеледі.

Әкімш. құқық жалпы әмбебеп жинақталған актінің болмауымен сипатталады, мұның соңғысы құқықтың осы саласымен реттелетін қатынастар құрамының күрделі болуына байланысты. Әкімш. құқықтың қайнар көздері болып ҚР Конституциясы, ҚР әкімш. құқ/бұзушылық туралы кодексі, әкімш.-құқ-тық қатынастары нормалары бар ж/е осы қатынастарды реттейтін өзге де заң актілері, сондай-ақ ҚР қатысушысы болатын халықаралық-құқ-тық келісімдер болып табылады.

Әкімш. құқық мемл-тік билік органдарының билік-өкім шығару өкілеттіктерімен сипатталады. Заңның негізінде ж/е олардың құзіретіне сәйкес қабылданатын шешімдер орындау үшін міндетті болып табылады. Ал өзінің ішкі мазмұны жағынан олардың ерік беру - шешімдер жолданатын адамдардың белсенді іс-әрекеттеріне құқық беру; тиым салу - белгілі бір әрекеттер жасаудан тартыну талабы, нұсқаулар, яғни белгілі бір әрекеттер жөнінде адамдарға міндеттер жүктеу сипатында болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде, әкімш. құқық саласының ерекшелігін дәлелдейді, бұл әкімш. құқ-тық қатынастар субъектілері жағдайының бірдей маңызды болмайтынынан көрінеді. Алайда, осыған қарамастан, әкімш.-құқ-тық қатынастарға қатысушылар, мұның азам.-құқ-тық қатынастарға қатысушылар үшін сипатта болатынындай тең болып табылмайды, бұл ұғым азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды құқ. мен бост-тарына қысым жасалады деген сөз емес. Әкімшілік заңнамасында осы қатынастарға барлық қатысушылардың құқ. мен бост-тарын қорғау кепілдіктері айтылады, олар азаматтар мен заңды тұлғалардың, олардың арасындағы қатынастарындағы мемл-тік органдар мен уәкілетті адамдардың шешімдері мен әрекеттеріне шағым беру мүмкіндігіндей құзіретін айқын реттеуден көрінеді.

Сонымен әкімш. құқық ҚР құқық жүйесінің құрамды буыны болып табылады. Әкімш. құқықтың тағы бір маңызы - ол қаржы, банк, кеден, салық құқығы ж/е басқалары сияқты құқық салаларының жаңа институттарын құру процессінде әкімш.-құқ-тық нормалар басқарушы, әдістемелік орталық рольді атқарады, ж/е олардың орнығуына, кешенді институттар мен дербес салалар болып бөлініп шығуына көмекгеседі.

«ҚР әкімш. құқығы» мемл-тік басқарудың негіздерімен байланысты мәселелерді қамтиды, атқарушы өкіметтің жүйесін ашады, сонымен қатар жеке адамдардың мемлекетті басқарудағы рөлін көрсетеді. Ол экономиканы мемл-тік басқарудың құқ-тық, әлеуметтік дамуы мен мәдениеттің, әкімшілік-саяси құрылымдардың, ҚР салааралық мемл-тік басқарудың негіздерін, сонымен қатар басқармалық қызметте заңдылықты қамтамасыз ету нысандары (формалары) мен әдістерін оқытуды қарастырады.

«ҚР әкімш. құқығы» мемл-тік басқару жұмысы мен бұл саладағы қоғамдық қатынастарды құқ-тық реттеу механизміне түсінік береді. Басқармалық қатынастарда әкімш. құқық пәнін окытуды республика ж/е белгілі бір аймақ (облыс немесе аудан) көлемінде қарастыруға болады. Сондықтан министрліктердің, әкімшіліктердің, басқа да мемл-тік басқару органдарының болашак қызметкерлеріне тәжірибелік қызметте қажетті білім беру, біліктілік ж/е дағдыларды қалыптастыру мен бекітудің маңызы жоғары.

«ҚР әкімш. құқығы» пәнін окыту міндеттерін жалпы алғанда былай көрсетуге болады:



  • басқармалық қатынастардың ерекшеліктері мен мағынасын зерттеу;

  • басқармалық қатынастарды реттеудегі әкімш.-құқ-тық нормалардың қызметін анықтау;

  • әкімш. құқық субъектілерінің құқ-тық орнын анықтау,

  • әкімш. құқық қызметінің әдістері мен түрлерін зерттеу.

  • әкімш. құқық субъектілерінің жұмысында заңдылық тәртібін қамтамасыздандыратын тәсілдерін белгілеу.

Қазақстан - зайырлы, әлеуметтік, бастысы құқ-тық мемлекет ретінде қалыптасуға міндет койып отыр. Оның стратегиялык мақсаттары: экономиканы нарықтық қатынастарға негіздеу, либерал-демократиялық қоғам құру ж/е құқ-тық мемлекет орнату. Осы мақсаттарды жүзеге асыру жолында реформалар жүргізіліп жатыр ж/е алдағы уақытта да жүргізіле бермек. Қоғамдағы ең басты құндылық: адам ж/е оның құқ. мен бост-тары болып табылады. Ал азаматтардың мемл-тік басқару саласындағы құқ. мен бост-тарының сақталуын қамтамасыз етіп, оларды құқ-тық реттеп отыратын пән әкімш. құқық пәні болып табылады. Қоғамда құқықтың алатын орны ерекше, жалпы қоғамдық, даму құқықсыз мүмкін емес. Құқық - қалыпты өміріміздің арқауы. Мамандар пікірінше құқық - жалпы өркениет процессіндегі үзілмес компонент, қоғамдық мәдениет институты.

Әкімш. құқық жалпы қоғамдық қатынастарды, оның ішінде әкімш. құқ-тық реттелуін қарастырып, тәжірибеде (практикада) әкімш.-құқ-тық нормалардың орындалуын бақылайды ж/е мемл-тік басқаруда объектілер мен субъектілердің құқ-тық мәртебесін белгілеп, басқарудың құқұқық әдістері мен нормаларын ж/е олардың жүргізілу тәртібін айкындап, сонымен қатар басқарушы мен басқарылушы жақтардың қызметін құқ-тық реттейді.



Әкімш. құқықтың негізгі мақсат-міндеттері:

  • қоғамның, мемл-тік аппараттың, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты құрал ретінде әкімш. биліктің тиімді қызмет етуіне жағдай жасау.

  • атқарушы билікті демократиялық ұйымдастыру.

  • атқарушы биліктің қалыптасуымен байланысты азаматтар мен олардың бірлестіктерінің құқықтары мен бостандыктарының нығаюына оң әсер ету.

  • азаматтар мен қоғамды - атқарушы биліктің бір жақты озбырлығынан қорғау.

  • қоғамдық қатынастарды реттеу, нығайту.

  • Конституция талаптарына сай немесе қоғамдық даму заңдарына сай жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыру.

  • әкімшілік нормалармен, өзгеде құқық салаларымен реттелген қоғамдық қатынастарды қорғау.

  • қоғам, мемлекет, азаматтар мүддесіне сай емес басқару сапасындағы қатынастарды ығыстыру.

Әкімш. құқық- өте маңызды, әрі күрделі сала, өйткені мемл-тік әкімшіліктің қоғамдық мәні зор. Басқару қоғамның барлық саласында бар ж/е оның қызмет көлемі үлкен, мазмұны әр қилы.

  1. Әкімш. құқық - құқ-тық нормалар мен институттардың біртұтас жүйесі. Оларды біріктіретін қағидалары (принциптері), мақсаттары, реттеу әдістері ж/е пәні, Әкімш. құқық әлеуметтік мүддеге қызмет ете отырып өзге құқық салалары секілді өзінің заңдық басымдықтары ретінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қарастырады. ҚР Конституциясында азаматтардың бұлжымас-абсолюттік құқықтарының концепциясы айқындалған.

Әкімш. құқықтың басты мақсаты - мемл-тік билік аппаратын заң мүддесіне қызмет етіп, оның талаптарын орындауға бағытгау. Құқық салалары өзара пәні, құқ-тық реттеу әдістері бойынша ажыратылады.

Әкімш. құқық пәні дегеніміз оның нормаларымен реттелетін қатынастар жүйесі. Әкімш. құқық ҚР-ң құқық жүйесіндегі жеке сала ретінде қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттейді. Олар іс басқару саласында пайда болып, дамып, жойылатын қатынастар. Мұндай қатынастар әр қилы, ж/е әкімш. құқық пәнін құрайды. Бұлар басқарушылық қатынастар деп аталады.

Әкімш. құқық пәні шартты түрде екі бөлімнен тұрады:

1. Аппарат ішілік қатынастар. Мұнда мемл-тік органдардағы аппарат ішілік жұмыс әдістерін ж/е формаларын, қызметін ұйымдастыру нығайтылады.

2. Әкімш. биліктің түрлі ұйымдармен, мекемелермен, азаматтармен қатынасы.

Әкімш. құқық пәні астарында басқару мазмұнындағы қатынастар жатыр. Бұл қатынастардың түрлері:

- басқару органдары арасындағы көлбеу (вертикальды) қатынас (ҚР Үкіметі ж/е Мининистрлік)

- басқару органдары арасындағы бағынушылық қатынас (аудандық әкімдік ж/е жергілікті орган)

- басқару органдарының өздеріне бағынышты ұйым, бірлестіктермен қатынасы (завод ж/е министрлік).

Әкімш. құқық пәнімен қоса әкімш. құқық ғылымына тоқталып өтер болсақ, әкімш. құқық ғылымы заң ғылымының негізгі бөлігі болып саналады. Ол әкімш. құқықтың даму заңдылыктарын зерттейді. Әкімш. құқық ғылым ретінде әкімш.-құқ-тық құбылыстар туралы ұғымдар, категориялар ж/е тұжырымдар жүйесі болып табылады.

Қорытындылай келе әкімш. құқық дегеніміз ҚР әкімш.-құқ-тық нормаларымен ж/е нормативтік-құқ-тық актілермен бекітілген, жалпыға міндетгі нормалар жүйесі.


  1. Құқықтың кез келген бір саласының пәнін анықтау бұл сол сала реттейтін қоғамдық қақтығыстағы бірдей мәселелердің тобын анықтау болып табылады. Әкімш. құқық- қоғамдағы мемл-тік басқару ж/е атқарушы қызмет барысында пайда болган қоғамдық қатынастарды реттейді. «Администрация» термині латынның «администратио» - әкімш. ықпалдылық, бір жағынан, басқару болып табылады, сонымен қатар әкімш. құқық пәні басқарушы сипаттағы қоғамдық қатынастар деп түсіндіріледі. Яғни «әкімшілік» басқарушылық өкіл» болса, онда «әкімш. құқық» әкімш. өкілдіктің жүзеге асу процесі барысындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Сонымен «әкімш. құқық» мемл-тік басқару сферасындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы болып табылады.

Бұл қоғамдық қатынас түрлері әкімш. реттеу сферасына тән, әкімш. құқықта бастысы - мемл-тік басқару органдарының өкілдік процесі кезіндегі пайда болған қатынастарды реттеу. Сондықтан да бұл қатынастар басқарушылық деп аталады.

Әкімш. құқ-тық қатынастарды оның мазмұны мен сипатына қарай жіктеуге болады:

а) мемл-тік басқару органдары мен қызметтегі адамның шұғыл басқаруды жүзеге асыруымен (мысалы, өндіріс әкімш. ж/е цех әкімшілігіне байланысты қатынастар);

б) мемл-тік басқару органдарының мемл-тік реттеу органдарының қогамдық ұйым жұмыстарын жүзеге асырумен байланысты қатынастар;

в) мемл-тік органдардың қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас барысында пайда болған қатынастар;

г) мемл-тік органдардың азаматтарының сұранысы менқажеттіліктерін, олардың құқығын қорғаумен байланысты пайда болған қатынастар.

Мемл-тік басқару органы ж/е реттеуші әкімш. құқық саласында пайда болған қоғамдық қатынастарды нақты бағыттары бойынша келесі түрлерге бөлуге болады.



Әкімш. әрекет бағыты бойынша қоғамдық қатынастардың түрлері:

а) басқару актісін орындау, қабылдау, дайындаумен, яғни, ол дегеніміз мемл-тік басқару органдарының актісі мен заңды орындаумен тікелей байланысты;

б) құқ-тық ж/е ұйымдық нысандағы аткарушы сипаттағы күнделікті өкілдікті орындаумен байланысты;

в) қабылданған шешімдерді орындау барысын бақылап отырумен байланысты;



Әкімшілік өкілдіктің саласы бойынша:

а) әлеуметтік-мәдени құрылыс саласындағы басқару қатынастары;

б) әкімш.-саяси басқарудағы қатынастар (қоғамдық тәртіп қорғанысы, кеден ж/е т. б.).

Әкімш. құқық 2 бөлімнен: жаппы ж/е ерекше бөлімнен тұрады.

Әкімш. құқық жалпы бөлімінің жүйесі - акт, нормалар, мемл-тік басқару саласындағы жалпы мәселелер. Оларға мыналар жатады.



  1. мемл-тік басқарудың негізгі қағидаларын қарастыратын нормалар;

  2. әкімш. құқық субъектілерінің құқ-тық қатынастарын қарастыратын нормалар;

  3. мемл-тік қызметтің негізі мен қағидаларын анықтайтын нормалар;

  4. мемл-тік басқарудың түрлері мен тәсілдерін қарастыратын нормалар.

Ерекше бөлімінде әкімш. құқықтың институттарын біріктіретін нормалар қарастырылады, сонымен қатар әр сала бойынша басқару органдары олардың нақты атқаратын функциялары туралы айтылады (мысалы, әділетті басқару, сыртқы істерді басқару, ішкі істерді басқару, қорғанысты басқару, білімді басқару, денсаулық сақтауды басқару, көлік ж/е коммуникацияны басқару ж/е т.б.)


жүктеу 0,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау