№ п/п
|
Пән
коды
|
Пән аты және кредиттер саны
|
Пререквизиттер
|
Постреквизиттер
|
Пәнге сипаттама
|
Күтілетін нәтиже
|
1 курс
|
1
|
ZhK1201
|
Журналистикаға кіріспе
3 кред.
|
Мәдениеттану
|
|
Журналистика терминінің шығу тарихы.Орысша журналдар жиынтығы.19 ғасырдың 2-жартысында қолданысқа енуі. Фотография мен кинематографияның пайда болуына байланысты фото және киножурналистиканың дүниеге келуі. Фотография, деректі кино туралы.20-ғасырдың 20-жылдарынан бастап радиотехника жетістіктеріне байланысты радиожурналистика, Радиохабар жанры пайда болды. 40-жылдардан бастап тележурналистиканың қарқынды дамуы.Тележурналистика. 20 ғасырдың 90-жылдары ақпарат тарату көлемі мен шапшаңдығы жөнінен журналистиканың басқа салаларынан басым түсетін бүкіләлемдік байланыс торабы-Интернеттің пайда болып, қолданысқа енуі. Әлеуметтік басқару құралы екендігі. Оның құқықтық негіздері. Негізгі функциялары мен принциптері.
|
Мемлекеттік басқару салаларының жұмысын , мемлекеттің жоспарлары мен талаптарын халыққа жеткізудің тиімді жолдарын меңгереді.Жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде мемлекетімізге белсенді көмекші болудың қыр-сырын меңгереді.Теория мен практиканы қатар ұштастырған озық ойлы, тіге шешен, даулы мәселелерді ұтымды шешетін сауатты маман иесі болып шығады.
|
1
|
ZhT1201
|
Журналистика тарихы
3 кред.
|
Мәдениеттану
|
Интернет журналистика
Этика және құқықтану
|
Журналистика терминіне сипаттама.Әлемдік журналистиканың тарихы туралы.19-ғасырдың 50-жылдарындағы газет-журналдардың сипаты. Қазақ даласындағы баспасөз туралы. «Түркістан уалаятының газеті»(1870-1882), «Дала уалаятының газеті»(1888-1902), «Айқап» журналы(1911-1915) мен «Қазақ газеті»(1913-1918) туралы. «Семипалатинский листок».Баспасөзде жарияланған материалдар туралы.
|
Студенттер қазақ журналистикасының тарихын игерумен бірге алашшыл азаматтардың қайраткерлік келбетін, алғашқы еңбектерін қоса үйреніп шығады.Қолжазбамен жұмыс жасауды, текстологиялық дағдыны үйреніп шығады.
|
1
|
ZhKSO1201
|
Журналистика және көркем сөз өнері
3 кред.
|
Мәдениеттану
|
Журналистиканың қоғамдық міндеті
|
Журналистика жай мамандық емес, ол-шығармашылық өнер, шабыт шалқардың бір түрі.Журналист жай ғана ақпарат-жаңалық таратушы емес, қазақ тілінің бай, құнарлы екендігін еліміз бен өзге ұлттарға танытушы адам. Адам құқын қорғау, сөз, баспасөз бостандығы мен пікір алуандығына негізделген журналистиканың елдің саяси, әлеуметтік, экономика және рухани салаларындағы өзекті мәселелерге белсене араласуы.Қазақстан журналистерінің мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ақпарат құралдарының қай саласында қызмет атқарса да, негізінен оқырмандар алдындағы азаматтық жауапкершілігін терең сезініп, саяси, әлеуметтік мәселелер туралы принциптік көзқарасты ұстауы.Олардың құрылтайшылар ықпалында қалып қоймай, журналист этикасына адал болуына, өзара тәжірибе алмасуына Қазақстан Журналистер Одағының съездері мен өзге де бас қосуларының, халықаралық медиафорумдардың ықпалы мол екендігі. Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы.
|
Студент әр кезеңдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге байланысты телехабарлар мазмұнын саралап , тақырып ауқымын зерттеуге және бағдарлама мен материалдың жанрлық, тілдік, стильдік әдіс-тәсілдерін үйренеді. Сонымен қатар хабар түрлеріне талдама жасап, оның таихи тағылымына ой қорытуды игереді.
|
2
|
ZZhZhTOK
1202
|
Заманауи журналистикадағы жанрлық түр мен оның қызметі 3
|
Мәдениеттану
|
Журналистикаға кіріспе
|
Журналистикадағы жанрлар түрі. Хабар. Рецензия. Мақала .Шолу. Шығармашылық портрет. Эссе. Эпиграмма.
|
Студенттер жанрлар түрін меңгерумен бірге , оларды жазудың методикасы мен техникасын меңгереді.
|
2
|
VAKTzhET
1202
|
БАҚтану және эфир тілі 3
|
Мәдениеттану
|
Журналистикаға кіріспе
|
Қазіргі уақытта ақпаратты өндіру мен тарату үдерісін нығайту барысында әлемдік инфрақұрылым жасақталды.Ал ақпарат адамзат үшін өркениет көзі болып мойындалуда.Ақпараттық индустрияны меңгерген елдің даму деңгейі де соған сәйкес болмақ.Мұндай индустриясыз ел бәсекеге қабілетті болмайды.Қазақстан әзірге Ресейдің ақпарат өнімдерінің тұтынушысы болуда.Ақпараттық индустрияның үш құрамтасы (компоненті):ақпараттық кеңістік, ақпараттық тіл, ақпараттық өндіріс.
|
Білімгерлер Қазақ мәдениеті мен өркениетінен хабар алады, қазақ т жазу мәдениетін қадірлеуге үйренеді. Ата-бабамыздың тілін, әдебиетін қастерлеуге бағытталады, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттін жетілдіреді.
|
2.
|
ZhMmM1202
|
Журналистика менеджменті мен маркетингі
3 кред.
|
Мәдениеттану
Экономика
Менеджмент
|
Журналистикаға кіріспе
|
БАҚ менеджменті-БАҚ өнімдерінің сапасын арттыруға бағытталған, көпшілік аудиторияның талап-тілегін орындай отырып, табыс табу, сондай-ақ адамдар арасындағы , реакция қызметкерлері арасындағы қарым-қатынасты реттеу арқылы редакция жұмысысының тиімділігін арттыру.
БАҚ-тағы маркетинг-көпшілік аудиторияның сұранысын қанағаттандыру үшін және оларды өзіне тарту, ауқымын кеңейту, талап-тілектерін орындау үшін жүзеге асырылатын қызметтің бір түрі.
|
Студенттер менеджменттік және маркетинг қызметін журналистика саласында қолдануды үйреніп шығады.
|
3
|
KZhT1203
|
Қазақ журналистикасының тарихы
3 кред.
|
Мәдениеттану
|
Журналистикаға кіріспе
|
Қазақ журналистикасының бастауы-қазақ даласында шыққан алғашқы газеттер мен журналдар. «Түркістан уалаятының газеті»(1870-1882), «Дала уалаятының газеті»(1888-1902), «Айқап» журналы(1911-1915) мен «Қазақ газеті»(1913-1918) туралы. «Семипалатинский листок».Баспасөзде жарияланған материалдар туралы.Алғашқы журналистер : А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Д.Сұлтанғазин, М.Сералин. Кейінгі буын журналистері: Қ.Смайылов, С.Әшімбаев, Б.Мұқаев, Ж.Аупбаев, Қ.Сәрсенбай, Қ.Әуесбай, т.б.
|
Студенттер қазақ журналистикасының көрнекті өкілдерін біледі және олардың стильдік, журналистік қолтаңбасын біліп шығады.
|
3.
|
DSh 1203
|
Дикторлық шеберлік
3 кред.
|
Мәдениеттану Журналистикаға кіріспе
|
Қазақ журналистикасының тарихы
|
Стэнд-Ап (журналистика)-телерепортажда тілшінің кадрға шығуы. Ағылшын тілінен аударғанда тұру деген мағына.Негізі тік тұру міндет емес, кейде тілші Стэнд-Апты жүріп, отырып, жатып та жасай береді.
Кіріспе стэнд-Ап-репортаждың басында
Көпір стэнд-Ап-репортаждың ортасында
Қорытынды стэнд репортаждың соңында.
|
Студенттер эфирге шығудың практикалық машықтарын игереді.
|
3
|
UZh1203
|
Интернет-журналистика
3 кред.
|
Мәдениеттану
|
Журналистикаға кіріспе
Қазақ журналистикасының тарихы
|
Желілік журналистиканың ерекшеліктері.Интернеттің пайда болуы мен даму тарихы.Желіні пайдаланып жұмыс жасау әдістері.Веб парақшаларын әзірлеу әрекеті.Сайттарды басқару тәсілдерімен танысу.Вебжурналистік еңбек қатынасын реттейтін кәсіби-этикалық ережелер мен қағидалар.Желілік жүйелерді табысты жүргізудің принциптерін, web-дизаин және we-коммуникация негіздері.
|
Студенттер Интернетпен жұмыс жасау дағдыларын игереді. web-дизаин және we-коммуникация негіздерін үйреніп шығады.
|
4.
|
TZh1204
|
Телевизиялық журналистика 3 кред.
|
Журналистикаға кіріспе
|
Қазақ журналистикасының тарихы
|
Тележурналистиканың өзіндік ерекшелігі. Жанрлары мен принциптері. Құрылымдық ерекшеліктері. Тележурналистің міндеттері. Этикалық ережелері.Сөз сөйлеу мәнері.Шешендік, іскерлік. Еркіндік.Ақпаратты тез қабылдауы.Коммуникативтік-интегративтік саясатты түсіне білуі.Аналитикалық, прогностикалық, ұйымдастырушылық атқарымдардың болуы.
|
Студенттер телемектеп тәжірибесінен өтіп, еркін, жүйелі, әдеби нормада сөйлеу мінерін үйреніп , этикет қағидаларын меңгереді.
|
4.
|
ZhzhK 1204
|
Журналистика және қоғам 3 кред.
|
Философия
Әлеуметтану
Журналистикаға кіріспе
Қазақ журналистикасының тарихы
|
БАҚтану және эфир тілі
|
«Газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі»-А.Байтұрсыновтың сөзінің мәні.Журналистикадағы электронды БАҚ, интернет журналистиканың пайда болуы. Қоғам дамуының журналистикаға әсері.Төртінші билік иесі.Журналистика қоғаммен, қоғамның журналистикамен тығыз байланысы туралы.Журналистиканың қоғамда алатын орны. Журналистика -халық пен билікті , ел мен үкіметті жалғастырушы алтын көпір .
|
Журналистиканың қоғам өміріндегі рөлін түсініп, шынайы журналистің қандай болу керектігі жөніндегі критерийлерді меңгереді.
|
4
|
TE1204
|
Телеэфир тілі
3 кред.
|
БАҚтану және эфир тілі Этика және құқықтану
|
Қазіргі тележурналистика
|
Телеэфир тілінің ерекшелігі.Лексикалық нормалар.Сөйлеу этикеті.Әдеби тіл нормалары.Публицистикалық стиль ерекшелігі.Ақпараттық дәлдік, анық, нақты жаңалықты іріктеу ерекшелігі.Сыртқы келбет пен шешен, жатық сөйлеудің гармониялық сабақтастығы.Еркіндік кеңістігі.
|
Студент шешен, еркін , әдеби нормада сөйлеудің қағидаларын меңгеріп шығады.
|
5
|
RZh1205
|
Радиожурналистика
3 кред.
|
БАҚтану және эфир тілі
Этика және құқықтану
|
Әлемдік журналистика
|
Радиожурналистиканың өзіндік ерекшелігі. Қазақ радиосының тарихы. Алғашқы радиодикторлары туралы.Тілшілер мен комментатордың өзіндік қызмет ерекшеліктері. Хабар дайындау .Эфирге шығару дайындығы. Мәтінді оқу мәнері.Дауыс диксиясы мен дауыс интонациясы.
|
Студенттер радиохабарын дайындау машығы мен оны тыңдарманға жеткізудің тиімді тәсілдерін меңгеріп шығады.
|
5
|
MTIZh1205
|
Мемлекеттік тілде іс жүргізу
3 кред.
|
Қазақ тілі
Әлеуметтану
|
БАҚ құралдары
|
Құжат үлгілерінің берілу үлгісі.Үлгілердің жалпы сипаты мен толтырылу жолдары туралы.Нотариалдық құжаттар.Олардың үлгілері. Нотариалдық құжаттар тіліндегі саяси-әкімшілік терминдер.Мемлекеттік акт. Маңызы мен тілдік сипаты. Ресми іс-қағаздар тілінің мәтіндік нормалары.
|
Студенттер мемлекеттік тілде нормативті құжаттардың толтырылуын және қолдану нормаларын игеріп шығады.
|
5
|
TAL 1205
|
Телеарна лексикасы
3 кред.
|
Қазақ тілі
Этика және құқықтану
|
БАҚ құралдары және өкілеттік органдар
|
Телеарна лексикасының өзіндік ерекшеліктері.Лексикалық нормасының сипаты.Тілдік және публицистикалық ерекшелігі.Лексиканың этикалық және құқықтық негіздегі этикеттері.Сөйлеу мәтінінің дайындалу үлгісі.
|
Телеарнада қолданылатын лексикалық нормаларды игеріп шығады.
|