Талқылау сұрақтары:
Әкімш. құқық субъектілеріне жалпы сипаттама беріңіз?
Әкімш. құқық субъектілерінің азаматтық құқық субъектілерінен айырмашылығы неде?
Әкімш. құқық субъектілерінің жекелеген түрлерін атаңыз?
ДӘРІС 5 ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
Әкімшілік жауапкершілік түсінігі.
Әкімшілік жауапкершілік қағидалары.
Әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары.
1. Қоғам қашанда белгілі бір тәртіпке, заңдылыққа сүйене отырып, өмір сүреді. Ол әрбір азаматтың саналы, жақсы тіршілігі мен жарқын болашағына жол ашады. Ал қоғамда тәртіп болмаса,ол құлдырайды, ондай қоғамның келешегі болмайды. Сол себепті қоғамды белгілі бір заңдылыққа сүйене отырып, тәртіп орнатудың маңызы зор. Қоғамдағы тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың әсерімен орнатылады. Барлық қарым-қатынасты құқ-тық тұрғыдан реттеу өте күрделі; ол көп салалы ж/е көп жүйелі процесс. Дегенмен, қазіргі уақытта реттелу субъектілері мен объектілеріне байланысты, белгілі жағдай мен аумақ аясында қолданылатын реттеу түрлері мен тәсілдері қалыптасқан. Соның бірі - заңды жауапкершілік.
Заңды жауапкершілік - жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің мақсат-мүддесін қорғаудағы өте күрделі, өте маңызды шара.
Әкімшілік жауапкершілік дегеніміз - әкімш. құқық нормаларына сүйене отырып үкіметтің арнайы органы немесе лауазымды өкілінің құқық бұзушыға әкімш. жауапқа тарту, қалпына келтіру шараларын қолдануда көрініс табатын заңды жауапкершіліктің маңызды түрі.
2. Әкімшілік жауапкершілік қағидалары:
а) әкімш. құқ/бұзушылық жөніндегі заңмен, заңға тәуелді актілермен ж/е оның нормаларымен бекітіледі. Демек, әкімш. жауапкершіліктің жеке нормативтік-құқ-тық жүйесі бар. Әкімшілік жауапкершілік нормалары жеке әкімш. құқық институтын қалыптастырады.;
б) әкімш. құқ/бұзушылық - әкімш. жауапкершіліктің ұйтқысы болып табылады. Олар қылмыс, тәртіптік іс немесе материалдық залал келтіру немесе азаматтық-құқ-тық деликт (құқ/бұзушылық) болуы мүмкін;
в) әкімш. құқық бұзушылардың іс-әрекеттеріне негізделген арнайы заңдарға сүйеніп әкімш. жауапкершілік түрлі негізде әдістер қолданады. Жасалған құқ/бұзушылық немесе теріс қылық үшін әкімш. жауапкершілікке 16 жастан бастап тартылады;
г) қоғамда құқ-тық тәртіп орнатудың құралы болып есептеледі;
д) құқық бұзушылармен үнемі күрес жүргізеді ж/е іс- әрекеттері оларға қарсы бағытталады.
Айтылғандарға қоса әкімш. құқықтың басқа жауапкершіліктерден ерекешеліктері бар:
1. Қылм. жауапкершіліктен айырмашылығы – әкімш. жауапкершілікті сот ж/е басқа да уәкілетті органдар да қадағалай отырып, сонымен қатар олар әкімш. жауапкершілікке тарта алады.
2. Азаматтық құқ-тық жауапкершілікте басты көңілге алынатын материалдық залал - әкімш. жауапкершіліктің қажетті қағидасы болып саналмайды.
3. Тәртіптік жауапкершілікте құқ/бұзушылық атқаратын қызметі әсер етеді, ал әкімш. құқықта ешбір қызмет немесе қызмет бағыныштылығы әсер етпейді.
Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін негізгі нормативтік құқ-тық акті - Әкімш. құқ/бұзушылық жөніндегі кодекс болып есептеледі. Әкімшілік жауапкершілікті жеңілдететін немесе жоятын актілер кері күшке ие, яғни олардың басылымына дейінгі жасалған құқ/бұзушылыққа да танылады. Әкімшілік жауапкершілікті қиындататын ж/е бекітетін актілердің кері күші жоқ. Жауапкершілікке қатысушылардың жастық ерекшеліктері де маңызды. Мысалы, 16 жастан 18 жасқа дейінгі құқық бұзушыларға кәмелеттік жасқа дейін қолданылатын шаралар арнайы комиссия мүшелерінің қаулысымен қадағаланады.
Ал әскер қызметкерлері мен әскерде әскери борышын өтеушілерге, ішкі істер органының төменгі ж/е басқарушы өкілдері әкімш. құқ/бұзушылық үшін тәртіптік жарғы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл азаматтарға қазба байлықтарды, жер ж/е су ресурстарын, атмосфералық ауа мен өсімдік ж/е жануарлар әлемін, жол жүру ережелері мен кеден ережелерін, өсімдіктердің карантины жайлы ережелер мен қонтрабандалық әрекеттерге жол бермеуді қадағалайтын нормаларды орындамаған жағдайда, әкімш. жауапкершілікке жалпы түрде тартылады. Аталған азаматтарға әкімш. қадағалау орындалмайды.
ҚР-ң аумағындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға ҚР-ң азаматтарына қолданатын жалпы әкімш. жауапкершілік шаралары қолданылады. Ал ҚР-ң аумағында шетел азаматтары жасаған құқ/бұзушылыққа әкімш. жауапкершілік шараларын қолдану дипломатиялық келісімдер арқылы шешіледі.
Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар.
Қажетті қорғану.
Қажетті қорғану жағдайында, яғни жеке басын,тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін ж/е қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қол сұғушыға зиян келтіру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау кезінде, егер бұл ретте қажетті қорғану шегінен шығып кетуге жол берілмеген болса, осы Кодексте көзделген әрекетті жасау әкімш. құқ/бұзушылық болып табылмайды.
Өздерінің кәсіби немесе өзгеде арнаулы даярлықтарына ж/е қызмет жағдайына қарамастан, барлық адамдар бірдей дәрежеде етті қорғаныс құқығына ие. Құқыққа қарсы қол сұғушылықтан аулақ болу не басқа адамдарға немесе мемл-тік органдарға көмек сурап жүгіну мүмкіндігі болғанына қарамастан, бұл құқық адамға тиесілі болады.
Қол сұғу сипаты мен дәрежесіне қорғанудың айқын сәйкес келмеуі, осының нәтижесінде қол сұғушыға жағдайдан туындамаған шектен тыс айқын зиян келтіру қажетті қорғану шегінен шығып кету деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана әкімш. жауаптылыққа әкеп соғады.
Құқыққа қарсы қол сұғудан туындаған үрейдің, қорқудың немесе сасқалақтап қалудың салдарынан қажетті қорғаныс шегінен асып кеткен адам әкімш. жауаптылықта болуға тиіс емес.
Аса қажеттілік.
Аса қажеттілік жағдайында, яғни осы адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтар мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру, егер бұл қауіпті өзге құралдармен жою мүмкін болмаса ж/е бұл орайда аса қажеттілік шегінен асуға жол берілмесе, әкімш. құқ/бұзушылық болып табылмайды.
Қатер төндірген қауіптің сипаты мен дәрежесіне ж/е қауіп жойылған, құқ/қорғау мүдделеріне тең немесе зиянды болдырмаудан айтарлықтай көбірек зиян келтірген жағдайға анық сәйкес келмейтін зиян келтіру аса кажеттілік шегінен асып кету деп танылады. Мұндай асып кету тек қасақана зиян келтірген жағдайда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.
Негізді тәуекел.
Қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшін негізді тәуекел жасалған кезде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру әкімш. құқ/бұзушылық болып табылмайды.
Егер тәуекелмен байланысты емес іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) аталған мақсатқа қол жеткізу мүмкін болмағанда ж/е тәуекел жасаған адам осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келуін болдырмау үшін жеткілікті шаралар қолданса, тәуекел негізді деп танылады.
Бұйрықты немесе өкімді орындау.
Өзі үшін міндетті бұйрықты немесе өкімді орындау үшін әрекет еткен адамның осы Кодексте көзделген әрекетті жасауы әкімш. құқ/бұзушылық болып табылмайды. Осындай әрекеттің жасалуына заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам әкімш. жауаптылықта болады.
Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындау үшін қасақана әкімш. құқ/бұзушылық жасаған адам жалпы негіздерде әкімш. жауаптылықта болады. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындамау әкімш. жауаптылықты болдырмайды.
3. Әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары.
Әкімшілік жауапкершілікке мынадай жағдайда тартылмайды:
1. Жеңіл тәртіп.бұзушылық деп танылса. Арнайы орган немесе лауазымды тұлға жеңіл тәртіп бұзушылықтың мән-жайын тексеріп, оның ешбір ауыр залалы болмағанын растаса, оларға ауызша ескертулер айтып қана қояды. Яғни, мұндай жағдай заңды олқылықтар мен ауыртпалықтарға әкелмейді (ақысыз жол жүру, шу көтеру);
Басқа жауапкершілік түрлерімен алмастыру немесе қоғамдық ықпал ету шараларын қолдану.
- сот билігіне немесе ұжымдық талдауға барлық материалдарды беруге болады; (мұндай жағдайлар тәрбиелік маңызды болып, объективтік негізде қалыптасқан жағдайда ғана колданылады);
- әкімш. жауапкершілікті басқа жауапкершіліктермен алмастыру әскер қызметкерлері мен әскери борышын өтеушілерге, сот, прокуратура қызметкерлеріне қолданылады;
- жауапкершіліктің мерзімін қысқартуға болады. Мұндай жағдай құрмет көрсетіп, тәртіп пен тәрбиелік танытқан жағдайда жүзеге асады.
Әкімшілік жауапкершілікті женілдететін жағдайлар:
1. мойындау;
2. кінәлаушының шын көңілмен өкінуі;
3. жасалған әрекеттерді қалпына келтіру ж/е оның қаупін болдырмау;
4. кәмелеттік жасқа толмағандығы;
5. жүкті әйел немесе 1 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы. Мұның бәрі іс жүзінде дәлелденіп, ресми түрде бекітілуі шарт. Дегенмен, істі зерттеп, талдаған арнайы орган заңда көрсетілмеген басқа жағдайлардада, яғни жауапкершілікті жеңілдетуге негізделген факторларды да анықтауына болады.
Ауырлататын жағдайларға:
1. бір рет әкімш. жауапкершілікке бірнеше олқылықтар үшін жауап беру; 1 жылда 2 рет қайталанған құқ/бұзушылық үшін бір рет жауапқа тартылу;
2. кәмелетке толмаған жас өспірімдерді құқ/бұзушылыққа итермелеген не тартқан жағдай болса;
3. құқ/бұзушылық топ адамдармен жасалса;
4. күтпеген қүрт оқиғалар үстінде жасалған болса;
5. алкаголь ішімдігін қолданып жасалған жағдай болса;
6. ескертулерден ешқандай қорытынды жасамаған тұлғаларға;
7. бұрын қылмыс жасаған адам болса.
Достарыңызбен бөлісу: |