Қр білім туразы заңЫ


-бап. Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті



жүктеу 207,66 Kb.
бет4/8
Дата20.05.2020
өлшемі207,66 Kb.
#30579
1   2   3   4   5   6   7   8
ҚР Білім туралы заңы

6-бап. Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті

      1. Жергілікті өкілді органдар:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);



      2) білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы шешім қабылдайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Облыстың жергілікті атқарушы органы:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);



      1-1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      1-2), 1-3) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;

      3) балаларды арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;

      4) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      4-1), 4-2) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

      5-1) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      6) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерін білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

      7) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;


      7-1) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      7-2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7-3) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      8-1) өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      8-2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8-2) орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      8-3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      9) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

      10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      10-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      11) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

      12) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      12-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      13) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      13) облыс ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      13-1), 13-1) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      14) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14) балаларға облыстық деңгейде жүзеге асырылатын қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

      15) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      16) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);



      16-1) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

      17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;

      18) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      18-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      19) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

      20) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

      20-1) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсынады;

      21) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;

      22) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша облыстық білім беруді басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      22-1) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

      22-2) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді;

      23) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      24) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;

      24-1) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      24-2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      24-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;

      24-3) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлейді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      24-4) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      24-4) мамандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      24-5) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      24-5) облыстық деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

      24-6) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;

      24-7) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      24-8) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      24-9) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына "Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым" грантын төлейді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      24-10), 24-11), 24-12) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);



      2) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;

      3) кешкі (ауысымды) оқыту нысанын және интернат үлгісіндегі білім беру ұйымдары арқылы ұсынылатын орта білім беруді қоса алғанда, орта білім беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды қамтамасыз етеді;

      5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, балаларға қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

      6) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;


      6-1) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      6-2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      7) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      7-1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiтедi;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      7-2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7-2) орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      7-3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      8) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

      9) мемлекеттік орта білім беру ұйымдары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

      10) балаларға арналған қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

      11) мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

      12) мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

      13) арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастырады;

      14) дарынды балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз етеді;

      15) республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын, ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

      16) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

      17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;

      18) кадрларды қайта даярлауды және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

      19) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      20) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

      22) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

      23) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;

      24) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

      24-1) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;

      24-2) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      25) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша білім беруді басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      25-1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

      25-2) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

      25-3) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;

      25-4) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;

      25-5) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;

      25-6) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлейді;

      25-7) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандандырылған жалпы бiлiм беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

      25-8 әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

      25-9) конкурс жеңімпаздарына – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдарға "Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым" грантын төлейді;

      26) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      27) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;

      28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      3-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      3) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      4) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      4-1) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4-1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      5) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5) мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

      6) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;


      6-1) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      6-2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      8) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8) жыл сайын 1 тамызға дейін мектепке дейінгі даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына білім беру органдары оқу жылына болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      8-1) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8-1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiтедi;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      8-2) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8-2) аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      8-3) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8-3) орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      9) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      10) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10) аудан (қала) ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      11) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11) мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      12) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      12) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      13) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      13) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      14) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

      15) білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

      16) ауылдық жердегі білім беру ұйымдарына жұмыс істеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

      17) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      18) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      18) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

      19) алып тасталды - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      19-1) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      19-1) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      19-2) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      19-2) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      19-3) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      19-3) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді;

      20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;


      21) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      21-1) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      21-1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      21-2) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      21-2) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      21-3) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      21-3) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

      21-4) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      21-5) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      21-5) білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін білім алудың арнайы жағдайларын жасайды;

      22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!


      5-тармақты алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Қаладағы ауданның, облыстық, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі:

      1) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;

      1-1) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады.

      Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі елді мекенде мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кері қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 29-VІ (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2017 № 88-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 172-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


жүктеу 207,66 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау