1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
1-1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік әскери оқу орындарында білім алып жатқан адам;
2) академия – белгілі бір салада ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
2-1) академиялық кредит – білім алушының және (немесе) оқытушының ғылыми және (немесе) оқу жұмысы (жүктемесі) көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;
2-2) академиялық ұтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында академиялық кредиттер түрінде меңгерген оқу бағдарламаларынан, пәндерден міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына (ел ішінде немесе шетелге) ауыстыру;
2-3) аккредиттеу органы – өзі әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткізетін заңды тұлға;
2-4) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;
3) атаулы стипендия - тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;
3-1) әдістемелік кабинет – білім беруді басқару органдарының білім беру процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандырылуын, нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагогтердің шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;
3-2) әскери, арнаулы оқу орындары – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары;
4) бакалавр – жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;
4-1) бакалавриат – тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары;
5) бейін алды даярлық - білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау;
5-1) бейіндік мектеп – жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын оқу орны;
6) бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру;
6-1) бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
7) "Болашақ" халықаралық стипендиясы — Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы немесе Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия санаттарын айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;
7-1) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесі – білім беру қызметкеріне ұйымды, оқытудың мазмұны мен мерзімдерін таңдауға мүмкіндік беретін, мемлекет белгілеген және белгілі бір ақша сомасымен қамтамасыз етілген, атаулы құжат (ваучер) түрінде ресімделген жан басына шаққандағы норматив негізінде қаржыландырылатын біліктілікті арттыру нысаны;
7-2) біліктілікті арттыру институты – үздіксіз білім беру жүйесінде кадрлардың кәсіптік біліктілігін арттырудың актуалды білім беру бағдарламаларын іске асыратын, білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық процестерді қолдауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы;
7-3) біліктілікті беру – тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, машықтар мен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;
7-4) білім алу үшін арнайы жағдайлар – ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;
8) білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу сабағының, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын оларды зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
9-1) білім беру – имандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсаттарында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі;
9-2) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;
10) білім беру гранты - "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы;
10-1) білім беру кредиті – қаржылық ұйымдар мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен оқыту ақысын төлеу үшін қарыз алушыға беретін ақша;
11) білім беру қызметі - білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс;
12) білім беру мониторингі - білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;
13) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
13-1) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты және жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және осы Заңның 47-бабының 17-тармағында аталған адамдардың бюджет қаражаты шығыстарын жұмыспен өтеу немесе жұмыспен өтемеген жағдайда орнын толтыру жөніндегі өз міндеттерін сақтауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін заңды тұлға;
14) білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі - білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдары, рәсімдері, нысандары мен әдістерінің жиынтығы;
15) бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған адамдарға берілген құжаттардың баламалылығын айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
16) білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі;
17) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау - білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім;
17-1) алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18) гимназия – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
18-1) ғылыми-әдістемелік жұмыс – ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуін және оны дамытуды жетілдіруге бағытталған қызмет түрі;
18-2) ғылым кандидаты, ғылым докторы – ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер;
18-3) докторант – докторантурада білім алатын адам;
18-4) докторантура – білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
19) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
19-1) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
19-2) ерекше мәртебе – жеке тұлғаны тәрбиелеуге, оқытуға және оның кәсіптік қалыптасуына аса зор үлес қосқаны, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз еткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті беретін және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының мәртебесі;
19-3) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар;
20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
21) жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
21-1) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі;
21-2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы (бұдан әрі – кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы) – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарын сыныптау мен кодтауды белгілейтін және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін пайдаланылатын құжат;
21-3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны;
21-4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қоры – қайырымдылық көмек, өтеусіз аударымдар, қайырмалдықтар, гранттар, білім беру ұйымдары құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары есебінен қалыптастырылатын нысаналы капитал қоры, одан түсетін инвестициялық кіріс ғылыми қызметті және (немесе) білім беру қызметін қаржыландыруға бағытталады;
21-5) жоғары колледж – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
21-6) зерттеу университеті – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын іске асыратын және білім мен ғылымды интеграциялау, жаңа білімді және технологияларды жинақтау мен трансферттеу үшін өз қызметінің нәтижелерін пайдаланатын университет;
21-7) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;
22) инновациялық - білім беру консорциумы - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар мен өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялар негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік;
23) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
24) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
25) институт – ғылыми-педагогикалық қызметті, сондай-ақ кәсіби қызмет үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
26) институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымы сапасының мәлімделген мәртебесіне және аккредиттеу органының белгілеген стандарттарына сәйкестігін аккредиттеу органының бағалау процесі;
26-1) интеграцияланған білім беру бағдарламалары – білім беру бағдарламаларының тиісті мазмұнды аспектілерін біріктіру негізінде әзірленген білім беретін оқу бағдарламалары;
27) интернаттық ұйымдар — тұратын орын беріле отырып, белгілі бір санаттағы адамдардың білім алу құқықтарына мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;
28) интернатура – клиникалық практикаға рұқсат алу үшін білім алушыларды базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны;
28-1) кадет – әскери, арнаулы оқу орнында техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
28-2) кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары – ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, уақтылы орналастырылуы мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн балаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда жүрген балаларды қабылдауды және уақытша бағып-ұстауды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы ұйым;
29) кәсіптік бағдар - білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;
29-1) кәсіптік білім – білім алушылардың белгілі бір салада кәсіптік қызметті жүргізуіне және (немесе) нақты кәсіп немесе мамандық бойынша жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді алуына бағытталған білім беру түрі;
29-2) кәсіптік даярлау – белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажет жаңа немесе өзгертілген кәсіптік дағдыны меңгеру үшін жеке адамды дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;
30) алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 172-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
30-1) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;
31) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
32) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
33) кешенді тестілеу - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;
34) клиникалық база - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының немесе денсаулық сақтау ұйымының жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жұмыс істейтін, материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейі болатын, ұйымдық-әдістемелік, оқу, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысының қазіргі заманғы әдістері негізінде дәрігерлерді, ғылыми кадрларды даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын және медициналық көмектің барлық түрлерін көрсететін клиникасы;
35) колледж – жалпы орта және техникалық пен кәсіптік білімнің немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
35-1) кооперативтік оқыту – мемлекеттің, жұмыс берушілердің және оқу орындарының корпоративтік жауапкершілігіне негізделген, кадрларды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру нысандарының бірі;
36) кредиттік оқыту технологиясы - академиялық кредиттерді жинақтай отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту;
36-1) курсант – әскери, арнаулы оқу орнында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
37) қабылдау квотасы – техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, оның iшiнде бiлiм беру гранттары көлемiнiң шектi саны;
37-1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру гранты (бұдан әрі – "Өркен" гранты) – "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тағайындайтын грант;
37-2) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор – білім беру саласындағы уәкілетті орган беретiн ғылыми атақтар;
38) қашықтықтан білім беру технологиясы - білім алушы мен педагогтің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;
38-1) қолданбалы бакалавриат – білім беру бағдарламалары "қолданбалы бакалавр" біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған орта білімнен кейінгі білім;
38-2) қолданбалы бакалавр – орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін біліктілік;
38-3) қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйым – бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын оқу-тәрбие ұйымы;
39) қосымша білім беру – білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі;
40) лицей – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстанушылық-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
41) магистр – магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;
41-1) магистрант – магистратурада білім алатын адам;
41-2) магистратура – білім беру бағдарламалары "магистр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
41-3) маман – адамдарға жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгергеннен кейін берілетін біліктілік;
42) мамандандырылған аккредиттеу - білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау;
42-1) мектепке дейінгі ұйым – мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін, арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
43) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
44) мемлекеттік атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президенті және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын стипендия;
45) мемлекеттік білім беру тапсырысы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру жөнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін кадрларды даярлау, білікті жұмыскерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі;
45-1) мемлекеттік оқу бітіру емтиханы – білім алушылардың орта білім беру курсын аяқтағаны туралы куәландыратын, мемлекеттік үлгідегі құжатты алуы үшін қажетті шарт болып табылатын, орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысаны;
46) оқу бағдарламасы – әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;
47) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;
48) оқу-клиникалық орталығы - медициналық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының қазіргі заманғы аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жабдықталған және білім алушылардың және (немесе) медицина қызметкерлерінің практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеруіне және оларды бақылауға арналған құрылымдық бөлімшесі;
48-1) оқыту – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді иелену, қабілеттерді дамыту, білімдерін күнделікті өмірде қолдану тәжірибесін иелену және бүкіл өмір бойы білім алуға ынталануын қалыптастыру жөніндегі қызметін ұйымдастырудың мақсатты бағытталған процесі;
48-2) оқыту нәтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, машықтарының, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қарым-қатынастар;
48-3) оқыту-сауықтыру білім беру ұйымы – балаларды және оқушы жастарды тәрбиелеу, оларға білім беру, сауықтыру, демалдыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
49) орта білім - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі нәтижесінде алатын білімі;
49-1) "Орта білім беретін үздік ұйым" гранты – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингілік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;
49-2) орта білім беру ұйымы – бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымы;
49-3) "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы – білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсатын, мазмұнын, сондай-ақ жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдерін айқындайтын бағдарлама;
49-4) алып тасталды - ҚР 01.04.2019 № 240-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
49-5) өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтары – тұрақты немесе уақытша (күндіз) болуды ұсына отырып, сондай-ақ қызметі өмірлік қиын жағдайдың алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асырумен байланысты заңды тұлғаларға ақпараттық, консультациялық, делдалдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жолымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, білім беру органдарының қарамағындағы ұйымдар;
49-6) өндірістік оқыту – білім беру ұйымдарының және (немесе) кәсіпорындардың (ұйымдардың) базасында білім алушылардың теориялық білім алуына, практикалық машықтануына бағытталған оқыту;
50) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
50-1) педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам;
50-2) педагог қызметін курстан кейін қолдау – педагогтің кәсіптік құзыреттілігін оның курстан кейінгі қызметін үздіксіз мониторингтеу және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі;
51) резидентура - клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны;
51-1) резидентура тыңдаушысы – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеретін маман;
52) рухани (діни) білім беру ұйымдары - дін қызметшілерін даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;
53) стипендия - білім алушыларға олардың тамағына, күнелтуіне және оқу әдебиетін сатыға алуына жұмсалатын шығындарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы;
53-1) стипендиялық бағдарламалар – қазақстандық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында шетелдіктерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарды оқытуды көздейтін және мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын бағдарламалар;
53-2) студент – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында оқитын адам;
53-3) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс – мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты, студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін жатақханалардан жаңа орындар беруді қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер үшін ақшалай төлемдер;
53-4) сынып жетекшілігі – педагогке сыныпта білім алушылардың қызметін оқу-тәрбие процесі шеңберінде үйлестіру бойынша жүктелген функция;
53-5) танылған аккредиттеу органдарының тізілімі – білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптастырған, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастықтарына кірген ұлттық және шетелдік аккредиттеу органдарының тізбесі;
53-6) тәлімгер – өндіріс немесе қызметтер көрсету саласы технологияларын меңгерген, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыратын кәсіпорынның (ұйымның) білікті жұмыскері;
53-7) техникалық және кәсіптік білім беру – білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру;
53-8) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым" гранты – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдарға рейтингтік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындысы бойынша жыл сайын бөлетін ақша;
53-9) тыңдаушы – білім беру ұйымында қосымша білімнің және дайындық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
53-10) тiрек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы бiлiм алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың қысқа мерзiмдi сессиялық сабақтарын, аралық және қорытынды аттестатталуын өткiзу үшiн таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердiң бiлiм беру ресурстары оның базасында шоғырланатын орта бiлiм беру ұйымы;
54) университет – әртүрлі салалар бойынша ғылыми-педагогикалық қызметті, кадрлар даярлауды, іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын және жетекші ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
55) училище – мәдениет саласында негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
56) ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны;
56-1) ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы – ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
56-2) ұлттық зерттеу университеті – ерекше мәртебесі бар зерттеу университеті;
57) философия докторы (РhD) – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
57-1) халықаралық мектеп – дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыратын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторизациялаудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен оқу орны;
58) шағын жинақты мектеп - білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп;
59) эксперименттік алаң – жаңа педагогикалық технологиялар мен білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
60) экстернат – білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі;
61) элиталық білім - дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын мамандандырылған жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламалары бойынша алынатын білім.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2017 № 88-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 172-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 294-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға:
1) аккредиттеу органының көрсетілетін қызметтерін;
2) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:
1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;
4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;
5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
8) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі;
9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;
10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.
2. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) еңбек нарығының кадрларға ағымдағы және келешектегі қажеттігінің тұрақты мониторингі жүйесін қалыптастырады;
4) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік әріптестердің кәсіптік білім беру проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз етеді және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға үш жылға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
5) "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекітеді;
5-1) "Өркен" грантын беру қағидаларын және оның мөлшерін бекітеді;
5-2) он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын бекітеді;
5-3) он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындайды;
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
7) Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау қағидаларын бекітеді;
8) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
10) халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекітеді;
11) мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын айқындайды;
12) Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыну енгізеді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекітеді;
13) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк басқару органының ұсынысы бойынша бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
15) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясын беру үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекітеді және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындайды;
16) мемлекеттік атаулы стипендияларды бекітеді;
17) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
18) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
19) алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
21) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
21) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекітеді;
22) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
22-1) қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру тәртібін айқындайды;
22-2) маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған, осы Заңның 47-бабының 17-тармағында аталған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату тәртібін айқындайды;
23) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 294-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
24) алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
24-1) білім беру саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекітеді;
25) алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
25-1) осы Заңның 8-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде аталған азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру тәртібін айқындайды;
26) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
27) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
28) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
29) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
29-1) шетелде кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындайды;
30) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 294-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Білім беру саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді орындайды:
1) азаматтардың білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етеді;
1-1) білім беру саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;
2) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, білім беру және ғылым саласындағы халықаралық бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
2-1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді бекітеді;
2-2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2-3) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты бекітеді және орналастырады;
2-4) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
2-5) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2-6) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
3) білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама әзірлеу және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етеді;
4) білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережелерін бекітеді;
4-1) білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
5-1) білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
5-2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
6) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлерін, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық оқу орындарының үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын қоспағанда, білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
6-1) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6-2) алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6-3) бiлiм туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру тәртібін айқындайды;
6-4) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
6-5) "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекітеді;
7) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
7-1) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
8) заңды тұлғаларға мыналарды:
бастауыш білім;
негізгі орта білім;
жалпы орта білім;
біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім;
біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім;
кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім;
кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
діни білім беру үшін бiлiм беру қызметiмен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді;
8-1) бiлiм беру мониторингiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi;
8-2) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бойынша қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
8-3) "Алтын белгi" белгiсi туралы ереженi бекiтедi;
8-4) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
8-5) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тiзiлiмiн жүргiзедi;
8-6) "Жоғары оқу орнының үздiк оқытушысы" және "Үздiк педагог" атақтарын беру қағидаларын бекiтедi;
8-7) "Орта бiлiм беретін үздiк ұйым", "Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым" гранттарының мөлшерін және оларды беру тәртiбiн белгiлей отырып, осы гранттарды беруге арналған конкурстарды өткiзу қағидаларын бекiтедi;
9) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
мамандандырылған білімнің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
арнайы білімнің арнайы оқу бағдарламаларын;
әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді;
9-1) алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10) аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және оларды танудың тәртібін белгілейді және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімдерін қалыптастырады;
11) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
11-1) тиісті үлгілердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу және оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12-1) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекітеді;
12-2) орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
13) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кәсіптер мен мамандықтардың тізбелерін қалыптастырады және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекітеді;
13-1) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын әзірлейді және бекітеді;
14) меншік нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін айқындайды;
14-1) орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
14-2) қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14-3) экстернат нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекітеді;
15) мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша сырттай және кешкі оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекітеді;
15-1) мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
15-2) сыныптауышқа сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін әзірлейді және бекітеді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекітеді;
16) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім алушыларды білім беру ұйымдарының типтері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
17) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
19) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
19-1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендеріне қажеттілігін болжау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
19-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
19-3) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
20) алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 172-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
21) білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау тәртібін белгілейді;
21-1) білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу рәсімін жүзеге асырады;
21-2) білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
21-3) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
22) бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөнiндегi қағидаларды әзiрлейдi және бекiтедi, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
23) білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын әзірлейді және бекітеді, білім туралы құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындайды; білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекітеді;
23-1) бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін әрбір пән бойынша бірыңғай базалық оқулықты айқындайды және бекітеді;
23-2) негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін пәндер бойынша бірыңғай базалық оқулықты айқындайды және бекітеді;
РҚАО-ның ескертпесі!
5-бапты 23-3) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
23-4) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;
24) мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын әзірлейді және бекітеді;
24-1) білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
25) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және оны жүргізуді үйлестіреді, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
25-1) Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
25-2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құрады және олардың қызметтері туралы ережені бекітеді;
25-3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құрады және олардың қызметі туралы ережелерді бекітеді;
26) республикалық орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;
26-1) мектепке дейiнгi, орта, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;
27) оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді әрі бекiтедi және осы жұмысты ұйымдастырады;
27-1) жыл сайын республикалық және жергілікті бюджеттер бекітілгенге дейін оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тiзбесiн бекiтедi;
27-2) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
28) республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
29) жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
29-1) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
29-2) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
30) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
31) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарының жарғыларын бекiтедi;
32) білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;
33) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
34) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерді қоспағанда, педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
34-1) педагогикалық әдеп қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
35) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
36) алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
36-1) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын береді;
36-2) ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
37) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
38) педагогтерді қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
38-1) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейін қолдауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
38-2) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
38-3) формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
38-4) формальды емес білім беретін ұйымдарды тану қағидаларын әзірлеп, бекітеді және формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесін қалыптастырады;
39) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;
40) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізеді және өз құзыреті шегінде білім беру саласында, сондай-ақ ғылыми қызметте халықаралық шарттарға (келісімдерге) және бағдарламаларға қол қояды; білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастық ұйымдарының ережелерін белгілейді және осы жұмысты үйлестіреді;
41) шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу тәртібін әзірлейді, бекітеді және белгілейді;
42) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
43) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
43-1) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
43-2) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
43-3) жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекiтедi;
44) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар береді;
44-1) білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
44-2) білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
44-3) бірыңғай ақпараттық білім беру жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
44-4) "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекітеді;
44-5) білім беру ұйымы түрлерінің номенклатурасын және олардың қызметінің, оның ішінде шағын жинақталған мектептердегі қызметтің үлгілік қағидаларын бекітеді;
44-6) мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
45) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
45-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
45-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі мәліметтерді алады;
45-3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
46) кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарында ұстаудың тәртібі мен шарттарын белгілейді;
46-1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін (бұдан әрі – жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі) әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
46-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
46-3) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
46-4) біліктілікті қашықтықтан арттыруды қамтамасыз етудің қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
46-5) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 294-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
46-6) қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін денсаулық сақтау саласындағы, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлауды қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында философия докторларын (РһD) нысаналы даярлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-7) мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорларын тағайындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-8) алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
46-9) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
46-10) экстернат нысанында оқыту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-12) дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
46-13) білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-14) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды, олар орта білім алғанға дейін, есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-15) алып тасталды - ҚР 05.07.2017 № 88-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
46-16) республикалық орта білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
46-17) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-18) стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-19) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекітеді;
46-20) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды әзірлейді және бекітеді;
46-21) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-22) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келіседі;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
46-23) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
47) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Білім беру саласындағы уәкілетті органның осы баптың бірінші бөлігінің 4), 4-1), 6), 8-1), 8-3), 11), 11-1), 13), 14), 14-1), 14-2), 16), 19), 25), 27), 34), 38), 38-1), 38-2), 43-2), 44-3), 44-5), 46-11), 46-17), 46-18), 46-19) және 46-20) тармақшаларында көзделген өкілеттіктері әскери, арнаулы оқу орындарына және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясына (бұдан әрі – Сот төрелігі академиясы) қолданылмайды.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2017 № 88-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 172-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 250-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 27.12.2019 № 294-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-1-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты құзыреті
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты мынадай өкілеттіліктерді жүзеге асырады:
1) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру қызметінің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының жекелеген бөлімдерін әзірлеуге қатысады;
2) әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының жекелеген бөлімдерін және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеуге қатысады;
3) әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) әскери, арнаулы оқу орындарында (орта білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша үлгілік оқу жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
7) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
8) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
9) тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
10) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін айқындайды;
11) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
13) орта, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының азаматтық қызметшілерінің лауазымдарын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарындағы педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
14) әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтер, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
15) әскери, арнаулы оқу орындарының ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
16) мамандықтар мен біліктіліктердің, әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбелерін бекітеді;
17) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алу нысандары мен технологиясын айқындайды;
18) әскери, арнаулы оқу орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
19) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тарау 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 294-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |