ҚР ҚБҚ 04-26-2019 «Азаматтық және өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу» Қазақстан Республикасының құрылыстағы басшылық құжаттары



жүктеу 1,12 Mb.
бет12/15
Дата21.12.2019
өлшемі1,12 Mb.
#24752
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

11-тарау. Атқарушы құжаттама
176. Құрылыс үдерісінде жұмыстарды орындаушылар жұмыстардың белгілі бір кезеңдерінің аяқталуына қарай өндірістің барлық сатыларында жобалық шешімдердің нақты орындалуын және құрылыстар мен олардың элементтерінің нақты жағдайын көрсететін атқарушылық құжаттаманы жасауға міндетті. Нақты атқарушылық құжаттарды жасау міндеттілігі, мазмұны мен нысандары мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары өкілдерінің негіздемесі мен нұсқауы кезінде осы құжаттың, басқа да қолданыстағы нормативтік құжаттардың, шарттың, жобаның талаптарымен белгіленеді.

177. Атқарушылық құжаттамаға жатады:

1) 4-қосымша түрі бойынша жұмыстарды жүргізу журналы;

2) мемлекеттік нормативтермен белгіленген түрі бойынша авторлық қадағалау журналы;

3) геодезиялық бөлу негізін қабылдау актісі;

4) іргетас астындағы ашық орлар мен қазаншұңқырларды қарау актісі;

5) нақты ғимараттарға отырғызу актісін ресімдей отырып, жергілікті жерде (ғимараттарды отырғызу), ғимараттардың (құрылыстардың) орналасуының атқарушы сызбалары;

6) инженерлік желілер мен жер асты құрылыстарының атқарушы сызбалары мен профильдері;

7) өндірістік мақсаттағы объектілердің атқарушы бас жоспарлары;

8) тұрғызылған конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың элементтері мен бөліктерінің атқарушылық геодезиялық сызбалары;

9) 10) 5-қосымшаның түрі бойынша объектінің аяқталмаған құрылысын консервациялауға жататын монтаждалмаған және пайдаланылмаған жабдықтардың, конструкциялар мен материалдардың ведомосы;

10) 6-қосымша түрі бойынша жасырын жұмыстарды куәландыру актілері;

11) 7-қосымша түрі бойынша жауапты конструкцияларды аралық қабылдау актілері;

12) қабылдау сынақтарының нәтижелерінің қосымшасы бар жабдықты жеке сынау актілері;

13) кешенді сынаудан кейін жабдықты қабылдау актілері;

14) арнайы журнал - бетон жұмыстары;

15) арнайы журнал - қадаларды батыру;

16) арнайы журнал - дәнекерлеу жұмыстары;

17) арнайы журнал - кіріс бақылауы;

18) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге жауапты тұлғалар жасаған, заттай орындалған жұмыстардың осы сызбаларға (оларға енгізілген өзгерістерді ескере отырып) сәйкестігі туралы жазбалары, шешімдердің нобайлары бар объектінің құрылысына арналған жұмыс сызбалары;

29) оның ерекшелігін ескере отырып, құрылысқа қатысушылардың қалауы бойынша жобалық шешімдердің нақты орындалуын көрсететін басқа да құжаттар.

178. Атқарушылық құжаттамаға жататын әрбір құжатқа оның шынайылығы үшін жауап беретін оны жасаған лауазымды тұлға қол қояды. Орындалған жұмыстардың немесе конструкциялардың сәйкестігін бағалауды тіркейтін құжаттарға бұдан басқа осы жұмыстарды жүргізуге жауапты тұлғалар қол қояды.

179. Құрылысты жүзеге асыратын тұлға белгіленген тәртіппен ресімделген атқарушылық құжаттаманы құрылыс салушыға (Тапсырыс берушіге) жұмыстар мен объектіні қабылдау - тапсыру алдында береді. Қолданылып жүрген заңдарда, нормативтік құжаттарда және жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен белгіленген жағдайларда құжаттаманың жекелеген түрлері мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына, геодезиялық қорларды ұстаушы ұйымдарға және пайдаланушы ұйымдарға олар белгілеген құрамда және тәртіппен берілуі мүмкін.

Ескертпе - қосымша атқару құжаттамасын (жоғарыда келтірілген атқару құжаттамасын қоспағанда) ұсыну қажеттілігі Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) және мердігердің (бас мердігердің) келісімі бойынша нақты жобалық шешімдер мен объект құрылысының негізінде айқындалады.



12-тарау. Құрылысты ұйымдастыру жобасын әзірлеу

180. Құрылысты ұйымдастыру жобасы Тапсырыс беруші, мердігерлік құрылыс ұйымдары, сондай-ақ құрылысты қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйымдар үшін міндетті құжат болып табылады.

Құрылысты ұйымдастыру жобасы жұмыс жүргізу жобасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Құрылысты ұйымдастыру жобасын бас жобалау ұйымы немесе оның тапсырысы бойынша - басқа жобалау ұйымы әзірлеуі тиіс.

Құрылысты ұйымдастыру жобасы құрылысты, сәулет жобасын немесе құрылыс жобасын инвестициялау негіздемесінің құрамында әзірленеді.

181. Құрылысты ұйымдастыру жобасын әзірлеу үшін бастапқы деректер:

1) алдын ала жобалық бастапқы деректер:

объектіні кезекке және (немесе) іске қосу кешендеріне бөлу жөніндегі шешімді көрсете отырып, құрылысты ұйымдастыру жөніндегі бастапқы деректерді қоса бере отырып, жобалауға арналған тапсырма;

ғимараттар мен құрылыстарды «реконструкциялау» кезіндегі ерекше жағдайлар туралы деректер (жұмыс жүргізу кезеңінде ғимаратты немесе құрылысты пайдалану тәртібі);

инженерлік, инженерлік-геологиялық іздестіру материалдары (объектілерді реконструкциялау (жаңғырту) және күрделі жөндеу кезінде);

қолайсыз табиғи құбылыстарға және геологиялық процестерге ұшыраған аумақтардағы объектілерді және режимдік бақылаулардың деректерін техникалық зерттеу материалдары;

2) жоба материалдары және жобалау-сметалық құжаттама:

геодезиялық бөлу негізін құрудың ұтымды схемасын, әдістерін, дәлдігін таңдау үшін құрылысты ұйымдастыру жобасында объект құрылысының геологиялық және табиғи жағдайларының ерекшеліктерін, жұмыстардың жаңа технологиясының, жаңа құрылыс конструкцияларының ерекшеліктерін көрсету қажет;

ғимараттардың, құрылыстардың және инженерлік коммуникациялардың конфигурациясы мен конструктивтік шешімдері мен объектіні кезекке бөлу жөніндегі шешімдер және (немесе) іске қосу кешендері (жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес) техникалық-экономикалық көрсеткіштері бар (құрылыс көлемі, пәтерлердің жалпы ауданы, сыйымдылығы, қабаттылығы және т. б.);

жер массасының картограммасы бар құрылыс алаңын тік жоспарлау;

таксациялық жоспар;

құрылыс аумағын қолайсыз табиғат құбылыстары мен геологиялық процестерден қорғау жөніндегі іс-шаралар және оларды орындау кезеңдері (аумақты инженерлік дайындау және т. б.);

сметалық құжаттама;

құрылысты электр энергиясымен және сумен уақытша қамтамасыз ету үшін Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) ұсынатын техникалық шарттар;

қайта өңдеуге немесе кәдеге жаратуға арналған құрылыс қалдықтары мен қоқыстарды қабылдайтын ұйымдармен келісілген тасымалдау қашықтығын көрсете отырып, артық топырақты әкету және жетіспейтін топырақты әкелу, топырақтың уақытша үйіндісі, құрылыс қоқыстарын, оның ішінде одан әрі қайта өңдеу орындарына әкету орындары туралы мәліметтер;

егер бас мердігерлік ұйым анықталса, құрылыс конструкцияларын, бұйымдарын, материалдары мен жабдықтарын жеткізуші кәсіпорындардан жеткізу және тасымалдау шарттары туралы мәліметтер;

құрылыстың директивтік мерзімдерін белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;

күрделі және эксперименттік объектілердің құрылысына қойылатын арнайы талаптар;

жобада қолданылған отандық энергия және ресурс үнемдеуші конструктивтік элементтер, материалдар және энергия үнемдеуші инженерлік жүйелер туралы мәліметтер;

«реконструкцияланатын» объектілерде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу шарттары туралы мәліметтер;

шетелдік фирмалармен келісім-шарттарда көзделген құрылыс шарттары туралы мәліметтер;

мердігердің (бас мердігердің) деректері, егер ол белгілі болған жағдайда.

182. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды, ғимараттар мен құрылыстарды қайта жаңартуға, сондай-ақ кеңейтуге және техникалық қайта жарақтандыруға арналған жұмыстарды жүргізу жобасы кәсіпорынмен, «Тапсырыс беруші ұйыммен» келісіледі.


1-параграф. Құрылысты ұйымдастыру жобасының құрамы мен мазмұны
183. ҚҰЖ құрылысты ұйымдастыру жобасының құрамы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген, Қызметті ұйымдастыру және Тапсырыс берушінің (Әзірлеушінің) функцияларын жүзеге асыру Ережесінің талаптары бойынша реттеледі. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 10795 болып тіркелген.

Құрылысты ұйымдастыру жобасы Тапсырыс беруші (құрылыс салушы), мердігерлік ұйымдар, сондай-ақ қаржыландыруды және материалдық-техникалық жабдықтауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін міндетті құжат болып табылады. Құрылысты ұйымдастыру жөніндегі шешімдерді таңдауды бағалау критерийлері әдістерін, модельдеу әдістерін және қазіргі заманғы компьютерлік кешендерді кеңінен қолдана отырып, нұсқалық пысықтау негізінде жүзеге асыру қажет.

184. Объектінің құрылысын ұйымдастыру жобасы құрылыстың жалпы ұзақтығын (айларда), оның ішінде дайындық кезеңін және жабдықты монтаждау кезеңін және құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға еңбек шығындарын көрсете отырып, жобада көзделген құрылыстың толық көлеміне (объект) әзірленеді.

Объектіні ҚҰЖ кезектері бойынша салу кезінде құрылыстың толық дамуына арналған жүзеге асырылуын ескере отырып, құрылыстың әрбір кезегіне әзірленеді.

Объектіні іске қосу кешендерін бөле отырып салу кезінде ҚҰЖ іске қосу кешендерінің бөлінуін есепке ала отырып, құрылыстың толық көлеміне әзірленеді.


13-тарау. Жұмыс өндірісінің жобасын әзірлеу
185. Жаңа құрылыс және «реконструкция» жұмыстарын жүргізу жобаларын құрылыс-монтаж ұйымдарының мердігері (бас мердігері) немесе олардың тапсырмасы бойынша жобалау-технологиялық ұйымдар әзірлейді. Жалпы құрылыс, монтаждау және арнайы құрылыс жұмыстарының жекелеген түрлеріне ҚҰЖ осы жұмыстарды орындайтын ұйымдар әзірлейді.

Жұмыс өндірісінің жобасы жалпы ЖӨЖ объектінің құрылысына, ғимараттың жеке бөлігін, құрылымдарды немесе элементті салуға, сондай – ақ жекелеген немесе жаңа жұмыс түрлеріне - жеке ЖӨЖ орындауға әзірленуі мүмкін.

186. Тапсырыс беруші кәсіпорындар мен жобалау ұйымдары «реконструкциялауға», жұмыс істеп тұрған өндірістердің, күрделі және эксперименттік объектілерге жобалық құжаттаманы әзірлеумен немесе олардың тапсырысы бойынша мамандандырылған жобалау-технологиялық ұйымдар ҚҰЖ әзірлейді және нақты шарттарды ескере отырып, оларды орындаудың әдістері мен реттілігін анықтайды.

187. Кран жолдарын орнатуға ҚҰЖ әзірлеуді арнайы ұйымдар немесе лицензиясы бар кранның иесі - ұйымдар орындайды:

1) стационарлық мұнаралы крандар объектілеріндегі қондырғылар (крандар, байланыстар үшін іргетастарды есептеу);

2) егер топырақ тығыздығына тығыздаудың әдеттегі әдістерімен қол жетпесе және оны тығыздау немесе күшейту бойынша қосымша шаралар талап етілсе, мұнара кранының рельс жолдарына жер төсемін дайындау;

3) мұнаралы крандардың рельс жолдарына түсетін құрылымдар мен құрылыстарды күшейту бойынша іс-шараларды әзірлеу және есептерді орындау.

188. Тоғыз қабаттан жоғары ғимараттар, сондай-ақ күрделі, эксперименттік және ғибадат объектілерін салу кезінде Геодезиялық жұмыстарды жүргізу жобаларын мамандандырылған ұйымдар әзірлейді.

Басқа жағдайларда Геодезиялық жұмыстарды орындау тәртібі мен көлемі жұмыс жүргізу жобасының бір бөлімімен анықталады.

189. ЖӨЖ әзірлеу үшін бастапқы материалдар:

1) Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) ЖӨЖ, құрылыс мердігері (бас мердігер) немесе жобалау ұйымы (күрделі және эксперименталдық объектілер үшін) тұтастай ғимаратқа (құрылысқа) жұмыс жүргізу жобасын, оның бөлігін, әзірлеу мерзімдері мен көлемін көрсете отырып, жаңа жұмыстардың түрін әзірлеуді негіздеп беретін әзірлеуге тапсырма;

2) құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ);

3) жаңа құрылысқа, «реконструкциялауға» жобалық құжаттама;

4) объект туралы өзге де деректер көздері;

5) конструкцияларды, бұйымдарды, материалдар мен жабдықтарды жеткізу шарттары туралы, пайдалануға белгіленген құрылыс машиналары мен механизмдерінің саны мен түрлері туралы, сондай-ақ құрылысшылардың негізгі кәсіптер бойынша жұмыс кадрлары туралы мәліметтер;

6) құрылыс, монтаждау және арнайы құрылыс жұмыстарын жүргізу ерекшелігіне қатысты басқа да мәліметтер;

7) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды «реконструкциялау» кезінде техникалық тексеру материалдары мен нәтижелері, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндіріс жағдайында құрылыс, монтаждау және арнайы құрылыс жұмыстарын орындау жөніндегі талаптар;

8) құрылысшыларды негізгі кәсіптер бойынша жұмысшы кадрлармен қамтамасыз ету, жұмыстарды орындауға, өндірістік-технологиялық жинақтауға және құрылыс жүктерін тасымалдауға инновациялық техника мен технологияларды қолдану, қажет болған жағдайларда құрылысты ұйымдастыру және жұмыстарды вахталық әдіспен орындау шарттары;

9) инженерлік және инженерлік-геологиялық іздестіру материалдары.

190. Құрылыс объектісі туралы деректер толықтырылады:

1) мердiгердiң (бас мердiгердiң) өндiрiстiк мүмкiндiктерiн сипаттайтын ақпарат: құрылыс бөлімшелерінің мамандануы, біліктілігі және қуаты;

2) бөлімшелердің жарақтандырылуы, өндіру нормаларының орындалу деңгейі, жұмыстарды механикаландыру, объектіні салу кезінде энергия тиімді әдістерді қолдану жөніндегі мүмкіндіктер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

3) құрылыс алаңындағы жергілікті жағдайларды зерделеу: жер бедері, қолданыстағы құрылыстар мен екпелер, желдің басым бағыттары, уақытша жолдарды төсеу мүмкіндігі, қоймалар мен тұрмыстық үй-жайлардың орналасуы.

191. ЖӨЖ-де әзірленетін материалдардың құрамы мен егжей-тегжейлі дәрежесін Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) белгілейді.


1-параграф. Жұмыс өндірісі жобасының құрамы мен мазмұны
192. Жұмыстарды жүргізу жобасының құрамы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидалары» құжатының талаптарымен регламенттеледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 сәуірде № 10795 тіркелді.

193. Отырғызылған топырақта құрылыс алаңындағы су үлестіргіш орындар, уақытша құрылыстар мен механикаландырылған қондырғылар ғимараттар мен құрылыстардан жергілікті жердің төменгі жағынан жер бедерінде жоба бойынша, ал олардың айналасындағы алаңдарда судың тез ағуын ескере отырып жоспарланған түрде орындау керек.

194. Күрделі және эксперименттік ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған жұмыстар өндірісінің жобалары жұмыс өндірісінің бес негізгі сатыларының әрқайсысына әзірленуі тиіс:

дайындық жұмыстары (құрылыс басталғанға дейін);

жер асты құрылыстарын салу (нөлдік цикл);

ғимараттардың (құрылыстардың) жер үсті бөлігін тұрғызу;

құрылымдарды монтаждау және жабдықтарды баптау, сантехникалық, электротехникалық және басқа да арнайы жұмыстар, ғимараттарды өңдеу бойынша жұмыстар;

аумақты абаттандыру.

Жұмысты жүргізудің әрбір сатысында орындалатын жұмыстардың ұйымдастырылуын, технологиясын және ресурсты қамтамасыз етілуін реттеп отыратын өзара байланысқан ЖӨЖ кешенін әзірлеу орынды.

195. Кәсіпорынның (корпусты, цехты және т.б.) «реконструкциялауға» арналған жұмыс өндірісінің жобасы жаңа құрылыс сияқты көлемде, бірақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорында жұмыс өндірісінің ерекшеліктерін ескере отырып әзірленеді. Құрылыс бас жоспарында, қолданыстағыларын бөлумен, қолданыстағы желілер мен коммуникациялар, қолда бар жаңа желілер мен коммуникациялардың жанасуы, құрылысшылар мен монтажшылар пайдаланатын өтпе жолдар салынады.



196. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді «реконструкциялауға» жұмыс жүргізу жобасында еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі мен жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына ерекше назар аудару қажеттігі талап етіледі. Құрылыстың бас жоспарында технологиялық жабдықты монтаждау бойынша жұмыстар үшін міндетті түрде барлық қажетті байланыстырулар, монтаждау аймағына жанасатын және алаңды ұйымдастыру және монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша негізгі шешімдерге әсер ететін салынып жатқан ғимараттар мен құрылыстардың негізгі өлшемдері мен экспликациялары, ірілендірілген құрастыру көлік схемалары мен алаңдары, сондай-ақ монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша шешімдер анықталатын негізгі монтаждау жабдықтарының тізбесі жазылады.
2-параграф. Өндіріс жұмыстарының жобасын келісу және бекіту тәртібі
197. Жұмыстарды жүргізу жобасы келісіледі:

1) мүдделі жергілікті органдармен (егер жоба бойынша жұмыстарды жүргізудің бөлінген шекарасымен және Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) құжаттары бойынша белгіленген тәртіппен келісілген объектінің құрылысы кезеңінде жұмыстарды жүргізу шекарасы ұлғайтылса);

2) санитариялық қағидалар талаптарынан негізделген ауытқулар болған жағдайда гигиена және эпидемиология орталығымен;

3) әкімшілік полиция органымен, оның аумағында объектінің құрылысы жүргізіліп жатса, егер көлік немесе жаяу жүргіншілердің қозғалысын ұйымдастыруды өзгерту жағдайы туындаса;

4) нормалардан ауытқыған кезде және құрылыс алаңы мен трассада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша арнайы әзірленген іс-шаралар болған кезде төтенше жағдайлар органдарымен.

198. Құрылыс бас жоспары объектіде мұнаралы кранды орнататын ұйыммен немесе жүк көтергіштігі жоғары басқа крандардың иесі - ұйымымен келісіледі.

Қосалқы мердігерлік жұмыстарды жүргізу жобасы мердігермен (бас мердігермен) келісіледі.

199. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды, ғимараттар мен құрылыстарды «реконструкциялауға» жұмыс жүргізу жобасы пайдаланушы кәсіпорынмен, Тапсырыс беруші ұйыммен келісіледі.

Технологиялық жабдықты монтаждауға (демонтаждауға) арналған жұмыс өндірісі жобасының жекелеген бөлімдері нақты жағдайды ескере отырып, жұмыс тәртібімен келісуге жатады.

14-тарау. Техникалық қадағалау
200. Осы тарауда құрылыс жобаларын (инвестициялық жобаларды) іске асыру кезінде тапсырыс берушілердің (құрылыс салушылардың), мемлекеттік тапсырыс берушілердің – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің), сондай-ақ объектілер құрылысын техникалық қадағалау жөніндегі сарапшылардың (ұйымдардың) қолдануы үшін объектілердің құрылысына тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) техникалық қадағалауын ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі айқындалады.

201. Ғимараттар мен құрылыстар объектілерінің құрылысына тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) техникалық қадағалауын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы №71 бұйрығымен бекітілген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» құжаттың және ҚР ҰЭМ ҚТКжШІЖРБК 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 110-НҚ бұйрығымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйін техникалық қадағалау» әдістемелік құжаттың талаптарымен регламенттеледі;

202. Техникалық қадағалауды тапсырыс беруші (құрылыс салушы), белгіленген тәртіппен қадағалау жөніндегі арнайы уәкілетті өкілдер, жүзеге асырады:

1) құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталған кезеңдерін жүйелі бақылауды және қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың құрылысына;

2) жоғарыда аталған ғимараттар мен құрылыстардың жобалық шешімдерге, құрылыс нормаларына, құрылыс ережелеріне, осы ҚР ҚБҚ 1.03-00-2019 нормаларына және белгіленген тәртіппен бекітілген НТҚ мен НТҚ-ның басқа да қолайлы құжаттарына сәйкес келуіне;

3) Қолданылатын материалдардың, монтаждау мен монтаждың шефінің, технологиялық және инженерлік жабдықтардың, бұйымдар мен конструкциялардың, инженерлік қамтамасыз ету жүйелерінің сапасына;

4) шартта (келісімшартта) белгіленген тәртіппен және мерзімдерде объектілерді салуды және пайдалануға қабылдауды жүзеге асыруға құқығы бар.



15-тарау. Авторлық қадағалау
203. Ғимараттар мен құрылыстар объектілерінің құрылысына тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) авторлық қадағалауының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы №71 бұйрығымен бекітілген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» құжаттың және ҚР ҰЭМ ҚТКжШІЖРБК 15.09.2016 №110-НҚ бұйрығымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстар құрылысына авторлық қадағалау» әдістемелік құжаттың талаптарымен регламенттеледі.

204. Объектілердің құрылысына авторлық қадағалау жүргізуді жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеушілер жүзеге асырады.

Жобалаушы құрылыс салушы ұйымның немесе құрылыс ұйымының құрамына кірген жағдайда, авторлық қадағалау осы ұйымның басшылығымен келісім бойынша орындалады.

205. Тапсырыс берушімен (құрылыс салушымен) келісім бойынша жобалаушы ұқсас белгілері мен бейіні бойынша техникалық қадағалау функцияларын орындауды авторлық қадағалауды жүргізуге қосымша қабылдай алады (конструктивтік бөлік, жалпы құрылыс, инженерлік бөлімдер және т.б.).

206. Жобалау ұйымдарының құрылыс сапасына авторлық қадағалауы Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) техникалық қадағалауымен және басқа да құрылыс сапасын бақылау органдарымен бірлесіп жүзеге асырылады.

207. Авторлық қадағалау Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) мен жобаның авторы және (немесе) әзірлеушілері арасында жасалған шарт (келісімшарт) негізінде жүзеге асырылады және объектіні пайдалануға түпкілікті енгізгенге дейін құрылыстың бүкіл кезеңі ішінде, ал келіскен жағдайда оны пайдаланудың бастапқы кезеңі ішінде жүргізіледі. Объектінің құрылысына авторлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде құрылысты авторлық қадағалау журналы үнемі жүргізіледі.

208. Құрылыс объектісі аяқталған кезде авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға Тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды не бекітілген нормативтік құқықтық актінің белгіленген түріне сәйкес теріс қорытынды береді.

16-тарау. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау
209. Құжаттың осы тарауының талаптары еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерді қамтиды және құрылыс пен реконструкция кезінде міндетті болып табылады.

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету осы құжаттың ҚР ҚБҚ 1.03-00-2019 талаптарымен және «Құрылыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы» қолданыстағы нормативтік құжаттарды ерікті түрде қолдану тәртібімен регламенттеледі.

210. Объектілерді салу кезінде барлық қатысушылар қызметкерлерге қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінің алдын алу бойынша шаралар қабылдайды.

Еңбек қауіпсіздігі ұйымдық-технологиялық құжаттамада (құрылысты ұйымдастыру жобасында, жұмыс өндірісінің жобасында, технологиялық карталарда және т.б.) қамтылған шешімдер негізінде тұрақты қамтамасыз етіледі.

Құрылыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша білімдерін тексеру үшін келесі талаптар белгіленеді:

1) Білім алудың үш түрі бар:

бастапқы - инженерлік-техникалық персонал лауазымға кіріскен күннен бастап бір айдан кешіктірмей тиісті емтихан комиссиясында өндірістегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша бастапқы тексеруден өтуге міндетті;

мерзімді - үш жылда кемінде бір рет жүзеге асырылатын білімді мерзімді тексеру;

кезектен тыс - «Құрылыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы» ерікті қолдану құжатының талаптары бойынша кезектен тыс;

2) жұмысқа жаңадан тартылған жұмысшыларды жіберер алдында ұйымның басшысы қолданыстағы НТҚ және НҚА талаптарына сәйкес оларды оқытуды және еңбек қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.

211. Өндірістік аумақтар (құрылыс объектілері, өндірістік және санитарлық-тұрмыстық үй-жайлары мен құрылыстары бар құрылыс және өнеркәсіп кәсіпорындарының алаңдары), жұмыс учаскелері мен жұмыс орындары міндетті түрде қауіпсіз жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету үшін арнайы дайындалады.

212. Құрылыс объектісінде жұмыс жүргізу технологиялық реттілігін ескере отырып жүргізіледі. Алдыңғы жұмыстардың аяқталуы келесілерді дайындау және орындау үшін шарт болып табылады.

Жұмыстарды қоса атқарған жағдайда оларды орындау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі технологиялық қосымша іс-шаралар әзірленеді.

213. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу ЖӨЖ және ҚҰЖ-да әзірленген іс-шараларға сәйкес жүзеге асырылады.

214. Бірнеше мердігерлік ұйымдардың құрылыс алаңында бірлесіп жұмыс істеген кезде мердігер (бас мердігер) құрылыс объектісіндегі еңбек жағдайларының жай-күйін бақылауды жүзеге асыруға тиіс.

Еңбек және орындаушылық тәртіпті арттыру бойынша ұйымдастырушылық және тәрбие жұмыстарын жүргізуді, еңбек қауіпсіздігі, табиғи және энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі талаптарды сақтауды дербес жүргізуге және қосалқы мердігерлік ұйымдардан талап етуге міндетті.

Объектіде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретін қауіпті жағдайлар туындаған жағдайда мердігерлік немесе бас мердігерлік (қосалқы мердігерлік) ұйымдар бұл туралы құрылыстың барлық қатысушыларын хабардар етуге және адамдарды қауіпті аймақтан шығару үшін шаралар қолдануға міндетті.

215. Ғимараттар мен құрылыстарды бұзу, демонтаждау және оларды реконструкциялау процесінде бұзу кезінде орындалатын жұмыстардың сипатына байланысты мынадай қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсер етуінің алдын алу жөніндегі шараларды қарастыру:

1) ғимараттар (құрылыстар) конструкциялары элементтерінің өздігінен құлауы және жоғары орналасқан бекітіл(ме)ген конструкциялардың, материалдардың, жабдықтардың құлауы;

2) құрылыс машиналарының қозғалмалы бөліктері, олар өткізетін заттар мен жүктер;

3) жұмыс аймағының ауасында шаңның немесе зиянды заттардың жоғары болуы;

4) жұмыс орнының биіктігі 1,3 м және одан жоғары болатын құламаға жақын орналасуы.

Ғимараттар мен құрылыстарды бөлшектеу және бұзу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу осы ҚР ҚБҚ 1.03-00-2019 құжатының және «Құрылыстағы еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі» ерікті түрде қолданылатын қолданыстағы құжаттардың талаптары , сондай-ақ басқа НҚА және НТҚ бойынша орындалады.

216. Жұмыс өндірісінің жобасында қарапайым және қысқы жағдайларда құрылыс алаңында негізгі жұмыстарды қауіпсіз өндіру үшін жағдайлар жасау жөніндегі талаптар мен техникалық шешімдер көрсетіледі:

1) құрылыс алаңын ұтымды ұйымдастырудың құрылыс-бас жоспарында сипаттау және көрсету;

2) жер жұмыстарын жүргізу, кірпіш қалау, монолитті темір-бетон конструкцияларын бетондау, құрылыс конструкцияларын монтаждау, шатыр және әрлеу жұмыстары, технологиялық (импорттық) жабдықтарды монтаждау, құрылыстарды арнайы әдістермен және нақты жағдайларға байланысты басқа да жұмыс түрлерін орнату кезінде еңбек қауіпсіздігінің ерекшеліктерін көрсету;

3) өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар.

217. Құрылыс өндірісін ұйымдастыру кезінде жерді қалпына келтіруді, табиғи ресурстардың ысырабын болдырмауды, топыраққа, су айдындарына және атмосфераға зиянды шығарындылардың алдын алуды немесе тазартуды қамтитын қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау талап етіледі. Көрсетілген іс-шаралар мен жұмыстар жобалау құжаттамасының негізгі жиынтықтарының тиісті маркаларына әзірлеу кезінде енгізіледі.

218. Күзет, қорық және санитарлық аймақтар мен аумақтар шегінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың арнайы ережелері мен ережелерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

219. Салынып жатқан объектілердің аумағында жобалау құжаттамасында көзделмеген ағаш-бұта өсімдіктерін кесуге және өсіп тұрған ағаштар мен бұталардың тамыр мойындары мен діңдерін топырақпен көмуге жол берілмейді.

220. Құрылыс алаңдарынан тікелей беткейлерге топырақты шайып кетуден тиісінше қорғаусыз су шығаруға жол берілмейді. Жоспарлау жұмыстарын орындау кезінде кейіннен пайдалану үшін жарамды топырақ қабаты міндетті түрде алдын ала алынып, арнайы бөлінген орындарда жиналады.

221. Уақытша автомобиль жолдары мен басқа да кірме жолдар ауыл шаруашылығы алқаптарының және ағаш - бұта өсімдіктерінің бүлінуін болдырмау жөніндегі талаптар ескеріле отырып орнатылады.

222. Селитебті аумақтарда құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде ауаның тозаңдануын және газдануын болдырмау жөніндегі талаптар міндетті түрде орындалады. Қалдықтар мен қоқыстарды жинау кезінде жабық науалар мен жинағыш бункерлерді қолданбай, оларды ғимараттар мен құрылыстардың қабаттарынан тастауға жол берілмейді.

223. Бұрғылау жұмыстарын орындау барысында су тұтқыш қабаттарға жеткен кезде жер асты суларының ұйымдастырылмаған төгілуін болдырмау бойынша шаралар қабылдау қажет.

Әлсіз топырақты жасанды бекіту жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде төменде жатқан горизонттардың жер асты суларының ластануын болдырмау жөніндегі жобада көзделген шаралар қамтамасыз етілсін.

224. Құрылыс алаңында пайда болатын өндірістік және тұрмыстық ағындар ЖӨЖ және ҚҰЖ-да көзделген тәртіппен, іс-шаралармен тазартылады және залалсыздандырылады.

225. Табиғи ресурстарды ілеспе әзірлеуге тиісті мемлекеттік қадағалау органдарымен және жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі - ЖАО) келісілген жобалау құжаттамасы болған кезде ғана рұқсат етіледі.

226. Өнеркәсіптік және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерді салумен бір мезгілде орындалатын жерді мелиорациялау, тоғандар мен су қоймаларын құру, жыраларды, арқалықтарды, батпақтарды және қазылған карьерлерді жою жөніндегі жұмыстарды мүдделі ұйымдармен және мемлекеттік қадағалау органдарымен белгіленген тәртіппен келісілген тиісті жобалық құжаттама болған жағдайда ғана жүргізу керек.

227. Өзен арналарын тазарту және кеңейту жөніндегі жұмыстарды өлшенген бөлшектердің тасымалдануын болдырмау мақсатында су ағысының жылдамдығы аз болған кезде аралық кезеңде жүргізген жөн.

228. Орман мен бұталарды кесумен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде құрылыс алаңынан тысқары жануарлар дүниесінің ығысуын қамтамасыз ететіндей етіп, құрылысты ұйымдастыру талап етіледі.



жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау