Психологияның теориялық-методологиялық негіздері



бет1/10
Дата18.12.2017
өлшемі2 Mb.
#4544
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

С.Е.Бөлекбаева, Е.И.Бурдина, Н.К.Твердохлебов



ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Педагогика және психология мамандықтарында оқитын студенттерге және магистранттарға арналған

оқу құралы

Павлодар

УДК 371.264

ББК 88.4

Б78
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынған



Пікір жазғандар:

Сакенов Д.Ж. – п.ғ.к., доцент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының психолого-педагогикалық факультетінің деканы;

Жуманкулова Е.Н. – п.ғ.к., С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің доценті.
Құрастырушылар: С.Е.Бөлекбаева, Е.И. Бурдина,

Н.К. Твердохлебов


Б78 Психологияның теориялық-методологиялық негіздері : оқу-

құралы / құраст. : С.Е.Бөлекбаева, Е.И. Бурдина,

Н.К. Твердохлебов – Павлодар : Кереку, 2009. – 143 б.

ISBN 9965-802-33-5


Оқу құралында білім беру мекемелеріндегі психологтарға психодиагностика және психокоррекция іс әрекеттерінің критерийлерін анықтау әдістемелері берілген.

Оқу құралы «Жалпы психология», «Жас ерекшелік психологиясы», «Психодиагностика», «Психокоррекция және реабилитация негіздері» пәндерін оқу үрдісінде педагогикалық мамандықта оқитын студенттерге және магистранттарға ұсынылады.

УДК 371.264

ББК 88.4
ISBN 9965-802-33-5

© Бөлекбаева С.Е., Бурдина Е.И.,

Твердохлебов Н.К., 2009

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2009

Кіріспе
“Психологияның теориялық-методологиялық негіздері” оқу құралы “Білім берудің мемлекеттік білім стандарты” негізінде дайындалып, білім мекемелеріндегі болашақ мамандарға, сонымен қатар, тәжірибелі психологтарға, педагогтарға, пән мұғалімдеріне, өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға қажет болған басқа да мамандарға арналған.

Оқу құралын дайындау кезінде авторлар студенттерді, магистранттарды, аспиранттарды психологиялық-педагогикалық зерттеу аймағында қосымша білімдермен барынша құралдандыруға, тәжірибелік жүзеге асыру процесінде теорияны ыңғайлы, нәтижелі, өнімді қылып істеуге тырыстық. Ақпаратты ұғына отырып, мәтінге ең көлемді ғылыми жағдайларды жинай отырып, ғылымсымақтықтан, терминологиялық күрделі тіркестерден қашқақтауға тырысып, сонымен бірге мәтінді тұрмыстық сөздермен толтырмауға, көптеген жағдайлардағы ұжымдар мен жеке тұлғалардың әрекеттері процесін көп жылдары бақылай отырып және жеке зерттеу тәжірибеміздің қорытындысын негізге ала отырып өзіміздің берік позициямызды нақты және анық айтуға тырыстық. Бұл қаншалықты іске асқанын оқырмандар айта жатар.

Оқу құралына сегіз дәрістер енгізілген, олардың мазмұны өзара логикалық бірізділікпен, авторлардың бірнеше жылғы еңбектерінде айтылған идеялармен, сонымен қатар, жоғары оқу орындарында көп уақыт бойы ғылыми-дидактикалық іс-әрекеттерінің қорытындыларымен байланысқан.

Кейбір дәрістердің алдында сұрақтар берілген, басқаларында берілмеген, себебі «дәріс» шартты атау. Бұл қатаң ғылыми тұрғыдан қарағанда дәріс емес, ол осы аталған пән бойынша лектор-оқытушыға және оқушыға арналған қосымша деректер.

Әрбір дәріс тапсырмалармен қамтылған, біздің ойымызша, ол тапсырмаларды шығармашылықпен орындау, болашақ және қазіргі мамандардың өздерінде жоғары сапалы креативтікті қалыптастыру жүйесіндегі өз бетімен білім алудың ең тиімді жолы.

Бұл дәрістердің мазмұны интеллектуалды оқырмандардың ойлампаздықпен игерулеріне, шығармашылықпен өңдеулеріне есептелген.



1- Дәріс. Психологияның методологиялық принциптері мен заңдылықтары. Психологиядағы методологиялық амал-тәсілдер
Методология – бұл адамның психикалық процесстерінің саласындағы танымның ғылыми әдістері туралы, психологтың және маманның теориялық және тәжірибелік қызметін құру және ұйымдастыру әдістері жөніндегі ілім.

Методологияның негізгі міндеттері:

1) гносеологиялық міндет. Бұл міндет іске аса отырып, зерттеу объектісіне сол мезетте, дамудың сол кезеңіндегі өзіне тән зерттеу обьектісін суреттеуге, зерттеудің сол объектісіне неге дәл осы процесстер мен құбылыстар тән екенін түсіндіруге, зерттеліп жатқан психологиялық объектіде қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін болжап айтуға мүмкіндік береді;

2) методологияның праксеологиялық міндеттері психологтың қайта құру қызметі – оның мақсаттарын орнату, әдістерді, тәсілдерді, т.с.с.көлемді және конструктивті суреттеу, мақсатқа жету тәсілдерін қамтамасыз етеді;

3) аксеологиялық, бағалау міндеті жас маманға жаңа психолого- педагогикалық процесстер, жаңалықтарды жорамалдауға сүйене отырып, критерийлер мен бағалау жүйесін өңдеуге мүмкіндік береді.

4) рефлексивті функция маманмен, психолог-педагогпен жоғарыдағы үшеуімен қатар іске асады және психологиялық ғылымның даму қорытындысын талдауға және ұғынуға бағытталған, және, психологиялық немесе, психолого-педагогикалық зерттеу әдістерінің жүйесі жайлы ойлану жағын қамтиды;

5) нормативтік ұйғарым функциясы педагогикалық және психологиялық процесстер жүйесінде не болу керек екендігін және олар өздерінің дамуының нақты белгіленген уақыт ішінде қалай жұмыс істеу керектігін көрсетеді;

6) шығармашылық-эвристикалық функция теориялық психологияның методологиясы мен оның қолданбалы сферасының (практикалық психология) арасындағы өзара қатынаспен, өзара әсерімен, өзара келісушілікпен шектеледі. Бұл зерттеушіге тек бір тапсырманы ғана емес, қазіргі әлеуметтік-экономикалық қайта құру кезеңіндегі өзекті мәселелердің тұтас жиынтығын шешуге мүмкіндік береді.

Зерттеуші-психологтың әдіснамалық мәдениетінің жоғарғы деңгейі мына мәселелермен негізделеді:

- маманның тұрақтыазаматтық дүниетанымдық позициясымен;

- оның шығармашылық потенциялы мен бәсекеге қабілеттілігімен;

- ғылыми білімнің фәлсапа, әлеуметтану, педагогика, филология, кибернетика және т.с.с. аумақтарын жете білуімен. Бұл маманның нақты психологиялық проблемаларды шешуге көмектесетін жаңа ойлар мен әдістер жиынтығын кеңейтуге септігін тигізеді:

- оның интеллектілігімен, креативтігімен, қабылдауы мен ойлауының бистандарттығымен;

- оның өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу тенденцияларымен.

Психолог-маман өзінің зерттеу қызметінде бірқатар әдіснамалық принциптерге жүгіне алады. Бұл принциптер психоло-педагогикалық тәжірибелерді меңгеруге себеп болатын нәтижелі қорытынды алуға көмектеседі.

Методологияық принциптердің ішінен мыналарды бөліп қарастыруға болады:

Принциптердің ішінде бірінші өзектісі – аксеологиялық. Бұл принцип теория мен тәжірибе арасында өзіндік көпір ретінде болып, қоршаған әлемге – қоғамға, табиғатқа, мәдениетке, өзіне деген қатынасы мен танымның абстрактілі-теориялық және тәжірибелік деңгейімен байланысы механизмінің рөлін атқарады.

Қазіргі уақыттағы нағыз өзекті тұлғаны сипаттайтын құндылықтар төмендегідей:

1) жеке өзінің және ұжымдық қажеттіліктерін қанағаттандыратын тәжірибелік қорытындыларды, теориялық жұмыстарды қалыптастыруда психикалық тіршілік әрекетінің барлық түріндегі және барлық бағыттағы шығармашылығы;

2) махаббат жеке тұлғаның рухани, қайталанбас, бірегей деңгейдегі өзара қарым- қатынаста, көп қырлы байланыстарында болатын күйі, жағдайы.

Индивидтер мен ұжымдардың тәртіптілігі, яғни, олардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындауда шыншылдық, ұяттылық, әділдік қасиеттері.

Еркіндік - құндылық ретінде басқа адамдардың немесе басқа ұжымның міндеттері мен құқықтарына қандай да бір мемлекеттің заңнамасымен бекітілген көлемде қысым жасамауға бағытталған жеке тұлғаның немесе ұжымның әрекеті.

Әлеуметтік-мәнді өзін-өзі тәрбиелеу адамның өзекті құндылықтары ретінде өзін-өзі тану, өздерінің психикалық процесстерінен және күйлерінен негативтік қасиеттер мен дағдыларды ығыстырып шығару; өзін-өзі шығармашылық дамыту, үздіксіз өз бетімен білім алу әрекеттерінен тұрады.

Адамның іс-әрекеттері - олардың материалдық және рухани құндылықтарды құруды тұрақты қажеттілік ету ретінде.

Біз рухани және материалдық игіліктерді өндірудің әр түрлі салаларында жұмыс істейтін ұжымдар мен жеке тұлғалардың нышаны ретінде өзекті құндылықтарды белгіледік. Білім беру саласына қатысты айтатын болсақ, аксиологиялық принципті мынадай құндылықтармен толықтыруға болады, олар: жаңа формациядағы жас ұрпақты дайындау жолында еңбек етіп жүрген психологтардың, педагогтардың, ғалымдардың еңбек ақысын дифференцияланған түрде төлеуді жетілдіру.

Келесі әдіснамалық принцип – зерттеушінің жоғарғы мәдениетін көрсететін мәдениеттілік принципі. Бұл мынадай мағынаны береді:

- таза психолого-педагогикалық білімділік, зерттеу заты (предмет) мен объектіні терең білу. Зерттеу кезінде байланысқа түсетін кез келген контингенттегі адамдарды түсіне және қабылдай білу;

- диалогиялық сөйлесу қабілетіне игеру, яғни, өзіңнің және басқаның эмоциясын тежеуге, сөйлесуге, сұрауға, тыңдауға, қарсы сөйлеуге, сендіруге үйрене отырып, соңында, өнегелік және құқықтық нормаларды бұзбай мақсатқа жету;

- психолого-педагогикалық ойлау қабілетін, оның тереңдігі мен бейімділігін қалыптастыру;

- үнемі өз бетімен жалпы және психолого-педагогикалық білімін жетілдіруге итермелейтін өзіне көңілінің нақты бітпеуі және сын көзімен қарауы;

- психолог және педагог ғалымдардың монографияларындағы және басқа да еңбектеріндегі аздаған дәл еместікті, қайшылықтарды, логикалық еместікті аңғара білу, өзінің интеллектісі мен эрудициясына сүйене отырып оларды уақытында түзету және коррекциялау;

- жеке қасиеттерінің қандай да бір кемшіліктерінен толық ажырау.

Жоғары мәдениетті психолог-зерттеуші терең түсіне отырып, өзінің психикалық тіршілік әрекетінде қалдыруға болатын ақауды жоқ шығар;

- зерттеушінің өзімен қарым-қатынаста болатын адамдарды өздерінің ойларын, пікірлерін, ұсыныстарын ерікті, ашық айтуға талаптандыру. Сөз тапқыштығының өзіндік ерекшелігі, сөйлеу бейнелілігі, тапқырлығы да психолог-зерттеушінің жоғары мәдениетінің көрсеткіштері.

Антропологиялық принцип. Адам жөніндегі ғылым жиынтығына қол жеткізу есебімен жүзеге асатын психологиялық зерттеуге сай келетін психологиялық методологияның келесі принципі. Аталған принциптің мынадай тәсілдері айқындалады:

1) жеке тұлғалық - тұтастық тәсілі. Бұған тән адам жөніндегі білімнің интеграциясы. Сондықтан өткен ғасырлардың ілімі мен қазіргі уақыттағы ғалымдардың жетістіктерін ұғыну қажет;

2) Рухани-бағытталған тәсіл адамның өзін-өзі кемелдендіру идеяларымен түсіндіріледі. Бұл бағытта А. Құнанбаев, Л.Н.Толстой, М.О.Әуезов және т.с. сияқты өткен ғасырдың ұлы ойшылдарының еңбектері үлкен орын алады;

3) Биолого-генетикалық тәсіл, зерттеуші-психологтың эксперименттік мәліметтер мен ғылыми тұжырымдарға сүйене отырып қалыптастырған адам эволюциясының шарттары , физиологиялық, биолого-генетикалық механизмі жөніндегі түсініктерінің тереңдігін білдіреді;

4) Этнопедагогикалық тәсіл ұлттық халықтық салт-дәстүрлерге, оның мәдениетіне, ұлттық-этникалық ырымдарға, әдеттерге сүйене отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру процессін іске асыру және ұйымдастыруды ұйғарады. Ұлттық мәдениет бала өсетін және қалыптасатын, әртүрлі білім беру мекемелері қызмет атқаратын ортаға спецификалық бейнелілік береді.

Келесі принцип гуманистік принцип. Адам ең ұлы құндылық болып табылады, және зерттеу объектісі ретінде алына отырып, тек сол қалыпта ғана қарастырылу керек. Бөгде адамдардың, топтардың, ұжымдардың сол адам жайындағы ойлары зерттеу процессі мен қорытындысына әсер етпеуі керек. Адамның объективті бағасы – гуманизацияның қорытындысы болып табылады. Зерттелушіге қатысты гуманизацияның одан ары дамуы мыналардан тұрады:

- адамның тұлғалық қасиеттерін кемелдендіруде және дамытуда жағымды жағдайлар жасау, немесе, өткір жанжалдар, орналаспағандық, алкогольдік препараттарды қолдану және т.б жағдайлар негізінде анықталған психикалық ауытқулардан реабилитациялау;

- адамды үнемі назарда ұстау. Оның ішкі жан дүниесінде болып жатқан өзгерістерді талдау және оны зерттеу процессіне қайта оралу;

- сыналушы мен қоршаған ортаның гармониялық қатынасын қалыптастыру және оны қамқорлыққа алу.

Синергетикалық принцип, методологиялық принциптер жүйесіндегі зерттеу процесінде жеке тұлғаны жүйе ретінде қабылдау және жеке тұлға-жүйе мүмкіндіктері адамдық қасиеттері белгілегендей бола алатын және өзі болғысы келетін өзіндік, спонтандық негізде, яғни, өзін-өзі өқыту, өзін-өзі шығармашылық дамыту, өзін-өзі басқару қасиеттерін қалыптастыру арқылы өзінің мақсаттарына жету дегенді білдіретін принцип. Бір сөзбен айтқанда, психологиялық зерттеуде синергетизм принципі мына үш ішкі жүйені болжайды:

- бұл өз бетімен оқуға, өз бетімен білім алуға айналатын оқыту;

- бұл өзін-өзі дамытуға айналатын даму ;

- бұл өзін-өзі тәрбиелеуге айналатын тәрбие.

Психологиялық методология жүйесінде психологиялық заңдылықтарды оқу үлкен орын алады. Олардың ішінде төмендегілерді бөліп қарастыруға болады:

1) биогенетикалық заңдылық. Бұл заңдылықты атақты жаратылыс тану ғылымын зерттеуші неміс ғалымы Ф.Мюллер мен Э.Геккель орнатты. Мына мағынаны білдіреді: баланың филогенез бен онтогенез арасындағы психикалық дамуына табиғи айналымды жүзеге асыру; баланың психикасында филогенездің психикалық процесі қысқа және жылдам түрде қайталанады, яғни, бала психикасының онтогенезінде биологиялық дамудың және адамның тарихи-мәдени дамуының кезеңдерінің негізгі сатыларын суреттейді.

Материалистік психология көрсетілген заңдылықтарға жатады. Ол баланың психикалық дамуының нақты-тарихи мінездемелерді, бұл дамудың баланың үлкендермен, қоршаған ортамен өзара байланысу әдістері мен формаларына тәуелділігін ескермейді;

2) Стивенс заңдылығы. Бұл заңдылықты америкалық ғалым Стивенс орнатты. Қоздырғыштың белгілі бір деңгейдегі дене күші мен әсер алу күшін байланыстыратын формула болып табылады. Оны негіздеуге психофизиологиялық зерттеудің мәліметтері жұмылдырылады. Бірақ, әдетте, психофизикалық өлшем қорытындысы аса жоғарғы тұлғалық өзгерістерді анықтайды, ал бұл анықталған көрсетіштерді дәлелдеуді қиындатады, сондықтан, әдетте, психолог-зерттеушілер келесі қосымша заңдылықтарды пайдаланады;

3) Вебер-Фехнер заңдылығы. Бұл заңдылық әсер алу күшінің сол сенсорлық жүйемен анықталатын кейбір тұрақтының қатысуымен қоздырғыштың физикалық күшінен логарифмдік тәуелділігін белгілейді. Алайда, эмпирикалық зерттеу бұл тәуелділікті тек қоздырғыштың қабылдаған маңыздылығының орта бөлік диапазонына ғана растайды;

4) Йерксо-Додсон заңдылығы. Бұл заңдылықты американдық психологтар Р.Йеркс пен Д.Додсон ашты. Ол орындалып жатқан әрекеттің өнімділігінің (сапасының) мотивацияның қарқындылығына (деңгейіне) тәуелділігін орнатты. Ғалымдардың бекіткен бірінші заңдылықтары, мотивацияның қарқындылығы өскен сайын, әрекет сапасы да соған сәйкес колокол тәрізді қисық болып өзгереді: алғашқыда көтеріледі, содан соң, әрекеттегі сәттіліктің жоғарғы көрсеткіш нүктесіне көше отырып, біртіндеп төмендейді. Әрекеттің барынша үлкен нәтижелі болғандағы мотивация деңгейін авторлар мотивацияның (оптимум) ең жақсы жағдайлар жиынтығы деп атады.

Олардың екінші заңдылығы субъект үшін әрекет неғұрлым күрделі болған сайын, мотивация деңгейі солғұрлым төмендейтіні ол үшін үйлесімді деген қағидаға сендіреді.

Заңдылықтар мен принциптер жүйесінде оларға анағұрлым жақын ұғымдар бөлініп шығады, бұлар – зерттеудегі методологиялық тәсілдер. Кейбіреуін атап өтсек:

1) зерттеуде жүйелілік тәсіл органикалы біртұтас күрделі объектілерді зерттеуде қолданылады. Зерттеуші психолого-педагогикалық объектіні тәсілдің жүйелілік тұрғысында объектінің сыртқы және ішкі байланыстарына талдау жасап, ондағы орны мен функцияларын ескере отырып, оның барлық элементтерін қарастыру керек.

Психолого-педагогикалық проблемаларды шешуде, жүйелілік тәсілдерді шешу аумағында жүйе төмендегі ерекшеліктермен сипатталатынын білу керек:

- ең бірінші, жүйелілік қасиеттің ерекшелігін қамтитын біртұтастығымен, жүйелік қасиеттің ерекшеліктерімен, жүйенің әр элементтерінің бір-біріне тәуелділігімен, және сонымен қатар, дамудың спонтанды негіздегі қабілеттілігін иеленген, әр компоненттің анықталған оғаштығымен;

- құрылымдылығымен. Ол жүйені құрылымдық ретінде байланыстар жиынтығын және оның элементтері арасындағы қатынасын ашу арқылы суреттеп айтады;

- жүйенің ішкі және сыртқы факторлардың өзара байланыстығымен;

- иерархиялығымен. Ол объектіні мына үш аспектілер бойынша қарастыруға мүмкіндік береді: жүйенің дербестігі ретінде, жоғарғы деңгейлі жүйе ретінде, жүйе астылы ретінде;

- схемалар мен модельдерді қолдану арқылы бейнелеудің көптігімен.



  1. Психолого-педагогикалық зерттеулердегі тарихи және логикалық бірлік позициясы тұрғысынан қарағанда, қалпы арқылы ыңғайлау, тәсілдеу (подход). Ол мыналардан тұрады: психолого-педагогикалық мәселені алға қойғанда және оны шешу кезінде зерттеуші-психолог сол мәселер бойынша психология тарихында және психолого-педагогикалық тәжірибеде не істелгенін байланыстырып, анықтау керек, бұрынғы психологиялық концепцияларды дамыту мен кемелдендіру мақсатында жасалған жұмыстарды логикалық деңгейде талдап шығу керек және жаңа негізде инновациялық теория мен психолого-педагогикалық технология құру керек.

  2. Әрекетшілдік тұрғы дегеніміз, әрекет -жеке тұлғаның дамуындағы орталық фактор болып табылады, бәрінен бұрын, актуалды, бәсекестік қабілетті, зиялы деген мағынаны білдіреді. Әрекетшілдік тұрғы зерттеу объектісін қызмет жүйесі аясында, оның генезисін, дамуын қарастырады деп болжайды, себебі, әрекет – қоғамның бүтіндей және оның жеке өкілдерінің тіршілік ету және даму амалдары, зерттеушінің өзін қосқанда, әлеуметтік шындықты және табиғатты өзгертудегі жан-жақты процесс.

  3. психолого-педагогикалық зерттеуде жеке тұлғалылық тәсіл жеке тұлға ретінде адамның шығармашылық, әлеуметтік мәні жайында түсінік қалыптастыру деген мағынаны білдіреді. Жеке тұлғаны тарихи-қоғамдық дамудың жемісі ретінде, және мәдениетті алып жүруші ретінде мойындау, ол жеке тұлғалықты адам натурасымен шатастыру деген емес, тіпті нәрсенің ішіндегі нәрсе де емес.

Жеке тұлғалық тұрғы педагогикалық процессті құрастыру және жүзеге асыру кезінде жеке тұлғаға мақсат ретінде, субъект, қорытынды және оның әсерлілігінің басты критериялары ретінде бейімделу деген мағынаны білдіреді. Ол жеке тұлғаның бірегейлігін, сыйлау құқығын, оның интелектуалды және өнегелік бостандығын мойындауды талап етеді. Көрсетілген зерттеу әдісі аумағында жеке тұлға қалыптастыруда оның шығармашылық потенциалына және болашағын өздігімен дамытудың табиғи процессіне сүйенуге, соған сәйкес жағдайларды жасау ұсынылады.

  1. Полисубъективті (диалогиялық ) тұрғы жеке тұлғаның маңызы жеке тұлға қатысқан әрекет процессіне қарағанда анағұрлым жан-жақты және күрделірек екенін көрсетеді. Жеке тұлға өзінің “адами” мазмұнын басқалармен араласқанда, өзін-өзі диалогиялық айқындау процесінде, басқа адамдардың ойында диалогиялық қабылдану кезінде табады. Бұл тұрғыда, жеке тұлға қоршаған адамдармен араласудың қорытындысы және жемісі болып табылады. Сондықтан да жеке тұлғаны зерттеу процессінде әлеуметтік топта өзара қатынас пен өзара әрекетті қолдаушы ретінде қарастырған жөн. Диалогиялық тәсіл тұлғалықпен және әрекетшілдікпен бірлесе отырып, зерттеушіге субъектілердің психолого-педагогикалық бірлестігін құруға көмектеседі. Осының арқасында, “объектілі” әсер өзара даму және өзін-өзі дамыту шығармашылық процесстеріне орын береді.

  2. Детерминикалық тұрғы психолого-педагогикалық проблемаларды зерттеу жүйесінде адамдардың әрекеттері себепті келісілген, факторлар жүйесімен, өмірлерінде болатын уақиғалармен шектелген және анықталған деген қағиданы зерттеушінің ескеруі деген мағынаны білдіреді. Детерминизм дегеніміз – психикалық құбылыстардың оларды тудырушы факторлардан заңды тәуелділігін айтады және ең алдымен, себептілік - мезгілі бойынша өз салдарының алдын ала жүретін және сол салдарды тудыратын әртүрлі жағдайлардың жиынтығы ретінде енгізіледі.

Алайда детерминизмнің басқа да формалары кездеседі. Бұлар:

- сиобемді детерминизм – жүйенің жеке компоненттерінің тұтастықтың глобалды қасиеттеріне тәуелділігі;

- кері байланыс детерминизмі, белгілі бір жағдайларда анықталған нәтижелер оның пайда болу себептеріне әсер етеді деген мағынаны білдіреді;

- статистикалық детерминизм - бірдей себептер, статистикалық заңдылықтарға бағынатын, белгілі бір шекарадағы әртүрлі эффектерге әкелуі мүмкін.

Детерминикалық тәсіл - адам өзінің заттық әрекетінде айқын дүниені өзгерте отырып, адам өзі де өзгереді. Әрекеттің арқасында материалдық рухани мәдениет қалыптасады және адамның маңызды күш-қуаты, оның көп қырлы рухани әлемі іске асады.
Қорытынды
Қазіргі теориялық психологияда орныққан және атақты ғалымдардың эксперименталды және эмперикалық жұмыстарында өзін-өзі ақтаған методологиялық принциптер мен тәсілдерді қолдану, жаңа зерттеу жұмыстарын бастаған ғалымның ойлаған мақсатына жетуге үлкен көмегін тигізеді, ал егер оны қолданбаса, алынған қорытындылар схолактикалық сипат қабылдайды.

Тыңдаушыларға тапсырма
1-ші тапсырма. Методологиялық принциптер мен тәсілдерді қолдана отырып, екі орта жалпы білім беретін мектептерде (жоғарғы оқу орындарында) эксперименталды зерттеу жұмыстарын ұйымдастырыңыз. Осы жұмыста белгіленген эксперимент жүргізе отырып, мектептердің бірінен эксперименталды сыныпты (топ) анықтаңыз, ал басқа мектепте белгілеу экспериментін (психодиагностикалық) ғана өткізіп бақылау сыныбын анықтаңыз. Зерттеу қорытындысы және салыстырмалы талдау бойынша ашық баспаға арналған мақала дайындаңыз.

Тақырыбын мына авторлар ұсынған кестеден алуға немесе өзіңіз анықтауға болады.

Ғылыми мақалалардың тақырыптарының үлгілері:

1) жоғарғы сынып оқушысының қабылдауының, еске сақтауының және зейінінің әлеуметтік орны және оны жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда дамыту мәселелері;

2) бәсекеге қабілетті жоғарғы сынып оқушысын (студентті) жоғарғы білім беруді реформалау жағдайында дамыту және қалыптастыру;

3) жоғарғы оқу орнының (мектептің) түлектерінің шығармашылық ойлау қабілетін дамыту технологиясы және инновациялық әдістер жүйесі;

4) инновациялық әдістер мен тәсілдерге сүйене отырып, студенттің (жоғарғы сынып оқушысының) интелектуалды деңгейін көтеру;

5) білім беру мекемелеріндегі түлектердің шығармашылық ойлау қабілеттерінің қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық даму сатасындағы әлеуметтік маңыздылығы.

6) білім алушы жастарды тұлғалық-бағыттап оқыту, білім беру, дамыту саласындағы проблемалар.

7) студенттік өзін-өзі басқару - жоғарғы оқу орнын басқару жүйесіндегі инновациялық білім бере-дамыту құрылымы ретінде.

8) оқып жүрген жастардың бойында коммуникативті-лидерлік қасиеттерді қалыптастыру және дамыту.

2-ші тапсырма. Ашық басылымға арналып дайындалған мақалаңызды семинарлық сабақтардың бірінде, бірге оқитын құрдастарыңыздың алдында қорғаңыз. Айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді ескере отырып мақалаңызды қайта өңдеп, ашық баспаға тапсырыңыз.
2- Дәріс. Психологиялық теориялар дамуының методологиялық негіздері
Қарастырылатын сұрақтар
1. Психологиялық методологияның дамуына жаратылыстану ғылымдарының әсері.

2. Жалпы психологияның дамуы және оның методологиялық негіздері.

3. Жас ерекшелік психологиясы теориясының дамуы.

4. Педагогикалық психологияның методологиясы. Оның қазіргі жағдайы және даму перспективасы.

5. Психологияда жеке тұлғаның даму теориясы және оның методологиялық негіздері.

6. Педагогикалық процессті басқару теориясы және оның методологиялық негіздері.

Психологиялық методологияның бастапқы бағыттарын анықтаған, отандық жаратылыс зерттеушілерінің ең алғашқыларының бірі И.М.Сеченов болып саналады. Оның фундаменталды еңбектерінің мағынасын қысқартылған түрде қарастыра отырып, оған ең бірінші бас миында адамның психикалық қызметінің әр түрлі структуралық және генетикалық мінездемесі ретінде пайда болған рефлекстердің психологиялық мағынасын анықтауға және барлық психикалық актілер рефлекс жолымен дамитынын, және сыртқы сезім қоздырғыштарының әсері әр түрлі қылықтардың болуына бірінші себепкер бола алатынын және онсыз ешқандай ой болмайтынын сәтті дәлелдегенін айтып өткен жөн. Типі бойынша рефлекторлық бола отырып, психикалық процесстер рефлекторлық акттың басталуымен ғана емес, сонымен қатар, оның нәтижесімен, яғни – адамның қылықтарымен, әрекеттерімен, мінез-құлықтарымен, ойлап жасайтын әрекеттердің барлық себептерімен тығыз байланысты, олардың әртүрлілігі ең соңында бұлшық еттердің қимылына әкеледі Ал психология - бұл психикалық әрекеттер туралы ғылым, ол сезімнің, ойлаудың, қабылдаудың, елестетудің және т..б. даму жүйесін зерттейтін ғылым.

Оның методологиялық идеялары ойлаудың сипаттамасында өзінің айқын да анық көрінісін, объектілердің бөлектілігін тапты; оларды бір-бірімен салыстыру; сол салыстырулардың бағыты, олардың шектестігінің бағыты, ұқсастығы, себептілік байланыстары қандай болуы керек екенін көрсетті. И.М.Сеченовтың айтуы бойынша баланың ойлау қызметінің түп тамыры оның сезімталдығында жатыр, және оның ақылын сезім органдарынан бөлуге болмайды, ал, баланың ойлауының бастапқысы, оның сезім органдары арқылы берілетін әсер алу процесі бірге араласқан (слитый) сезімдерінің бөлшектену процессімен тұспа-тұс келеді. Ойлаудың барлық сипаттамалары қабылдаумен үздіксіз біріккен танумен тығыз байланысты.

Ұлы ғалымның осы мықты методологиялық мұралары психологиялық теорияда және тәжірибеде бүгінгі күнге дейін толық игерілмеген және қолданылмай келеді.

Адамда, кейіннен оның зерттеуші, атақты ойлаушы, ғалым, суретші болып қалыптасуына әсерін тигізетін барлық ақыл-ой құрылымдарының іздерінің болуын, тіпті ұрықтану сатысында да цивилизацияның көріністерінің болуын, И.С.Сеченов толық жауапкершілікпен пайымдаған.

Басқа атақты жаратылыс зерттеушісі И.П.Павлов психологиялық методологияны жүйкенің жоғарғы қызметін ашуымен қаруландырды және оның – күшті, ұшқалақ немесе «ұстаусыз»; күшті, байсалды немесе баяу; күшті, байсалды, қозғалғыш немесе еті тірі; жоғарғы жүйке қызметінің әлсіз түрі деп төрт түрін анықтады. Осы бір өте маңызды, қазіргі практикада, әсіресе педагогикалық практикада аяғына дейін меңгерілмеген, әлі толық қолданылмаған жаңалық қазіргі зерттеушілердің алдында жаңа міндеттер қояды, сонымен қатар, олардың өздерінің актуалдануларын арттырады және методологиялық мәдениеттің өздігінінен дамуына көмектеседі. Осы мәселені ең алғашқы болып зерттеген Б.М.Теплов және В.Д.Небылицин сияқты орыс ғалымдары, олар жүйке жүйесінің қасиеттерінің күрделі жақтарын анықтап, адамның жеке психологиялық айырмашылықтарының физиологиялық негізінде жаңа түсініктер өндірудің алғы шарттарын құрды.

Психологияның ғылым ретінде дамуына В.М.Бехтерев, А.А.Ухтомский, В.А.Вагнер, П.Ф.Лесгафт сияқты жаратылысты зерттеуші ғалымдар белгілі бір үлес қосты. В.М.Бехтеревтың “Психика и жизнь”, “Объективная психология”, “Коллективная рефлексология” сияқты негізгі жұмыстары, В.А.Вагнердің “Возникновение и развитие психических способностей” сияқты көлемді және мағыналы еңбектері А.А.Ухтомскийдің шығармалары психологияның методологиялық негіздерін байытты. Барлық психологиялардың ішінде өзінің методологиясын дамытудың өткір қажеттілігін бастан кешіріп отырғаны ол - “жалпы психология”. Ол жалпылап алғанда психологияның алдында тұрған принциптік сұрақтарға жауап беруге, теориялық принциптерді жасап шығаруға, психологиялық танымның әдістерін негіздеуге, психологиялық нақтылықтардың пайда болуының және дамуының негізгі заңдылықтарын бір қисынға келтіруге талпынады. Жалпы психология психологиялық заңдылықтарды, психологияның теориялық принциптерін және әдістерін анықтайтын эксперименттік және теориялық зерттеулердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Оның негізгі ұғымдары, тек қана психологиялық циклдың емес, басқа да оқу курстарының индивидтары игеретін методологияның өзіне айналады. Сондықтан, оның алдында өзінің методологиялық базасын қалыптастыратын, дамытатын, жетілдіретін аса жауапкершіліктер тұр.

Әрине бірінші кезекте, жалпы психологияның негізін қалаушы қалпындағы принциптер өзіне көңіл аудартады, оның негізінде маманның теориялық және тәжірибелік қызметі айқындалады.

Әлбетте, Р.С.Немовтың [1] жоғарғы оқу орындарына арналған оқулығында жалпы психологияның принциптері және методологиялық принциптер жайлы ештеңе айтылмаған. Қазіргі уақыттағы күрделі психологтардың бірі Е.И.Роговтың құрастырған дәрістер жиынтығында екі принцип ғана аталған. Олар – детерминизм және даму принциптері. Оның өзінде анықтама көп сөзбен көміліп, айқын көрсетілмеген, сол көпсөздікті алып тастағанның өзінде де, оның мазмұны өзгермейді [2]. Авторлар ұжымының оқулығында да методология жайында ештеңе жазылмаған [3]. Қазіргі уақыттағы ең атақты ғалымдардың бірі Л.Д.Столяренко да [4] бұл проблеманы қозғамайды, бірақ, өзінің жаңа оқулығында [5] дамудың генетикасын, шығармашылықтың және сананың бірлігі, детерминизм принципін қысқартылған түрде мінездеуді (суреттеуді) жөн көріпті. А.В.Петровский басшылық еткен жалпы психологияның авторлар ұжымының принциптерге берген мінездемелері де мардымсыз [6] .

Қолданбалы психология (жасөспірім, педагогикалық, әлеуметтік, экономикалық, медициналық, әскерлік, инженерлік және т.с.с) саласында жұмыс істеп жүрген ғалымдарға методологиялық мәні зор жалпы психологияның орталық ұғымы - жоғарғы жүйке қызметінің типі (темперамент) болып табылады. Осы ұғымның әдіснамалық негізі – адамның мәнін тану, тәрбиелеу, білім беру, дамыту әдістерін қалыптастыру кілті болып табылады. Методологиялық проблеманы жалпы психологияның авторлары қалай шешеді екен? Л.Д.Столяренконың жоғарыда аталған оқулығынан темпераментке берілген мінездемелерінен тек қорытынды ойларды ғана келтірейік:

“Холерик: көңілдің көтерілуінің жағымды циклдарының жігерліліктің жағымсыз циклдарының төмендеуімен алмасып отыруы, мінез-құлық пен көңіл-күйдің бір қалыпты еместігіне, адамдармен қарым-қатынаста невротикалық олқылықтың байқалуына және дау-жанжалға икемдігіне әкеледі”.

“Сангвиник: стресстік жағдайларда “жолбарыстың реакциясын” көрсетеді, яғни, өзін белсенді және ойланып қорғайды, жағдайдың дұрысталуы үшін күреседі”.

«Флегматик: көңіл-күйі бір қалыпты, тұрақты. Маңызды жағымсыз жағдайларда сырттай бірқалыптылық көрсетеді».

“Меланхолик: жүйке жүйесінің жоғарғы сезімталдығына ие бола отырып, меланхоликтерде анық айқындалған шығармашылық және интелектуалдық қабілеттер бар”. [4, б. 278-279].

Жалпы психология бойынша басқа оқулықтың авторы Р.С.Немов психологиядағы жеке тұлға түсінігі анықтамасының күрделілігі мен маңыздылығының методологиялық қырының жан жақтылығы жайында көп ойланбастан неміс философы И.Канттың ілімін пайдалана отырып темпераменттің барлық түрлерін айқындап берді [1, б. 395–396].

Жалпы психология бойынша дәрістер жиынтығын құрастырушы Е.И.Рогов, темпераменттердің түрлеріне мінездеме бере отырып, “сангвиниктер жаңа танысқан адамдармен тез тіл табысып, жаңа талаптар мен жағдайларға тез үйреніп кетеді. Бір жұмыстан екінші жұмысты еш қиындықсыз ауыстырып қана қоймай, жаңа дағдыларға тез үйренеді. Холериктер болса, сангвиниктерге қарағанда қозғалыстарында әсемдік аздау және салғырттығы басым. Флегматик, әдетте, жаңа танысқан адамдармен тез тіл табыса алмайды, сыртқы әсерлерге сирек үндеу көрсетеді. Меланхоликке барлық психикалық процесстердің бәсендетілген екпіні және назардың тұрақсыздығы тән”. [2, б.388-389].

“Психология” оқулығының авторлар ұжымын басқарған И.В.Дубровина былай деп жазады: “Сангвиник бейтаныс адамдардың ортасында өзін суда жүзген балықтай сезінеді, ал ерекше және жаңа жағдай оны тек қоздырады. Ал флегматикте өзінің адамдарға деген қарым-қатынасы тұрақты және бір қалыпты. Меланхоликтер өте ренжігіш, басынан өкпелер мен сәтсіздіктерді ауыр өткереді. Көп сөйлегенді ұнатпайды, жалғыздықты жаны сүйеді. Үйреншіксіз, жаңа жағдайларда өзін ыңғайсыз сезініп, жиі ұялады”. [3, б.228-229]. Жас ұрпақпен жұмыс істеуге дайындалып жүрген болашақ мамандарға бағытталған оқулықтағы мынадай мінездемелердің қаншалықты сандырақ екенін аңғару қиын емес.

А.В.Петровскийдің жетекшілігімен дайындалған оқулықтарында әдістемелік ерекшеліктер тиянақты қарастырылған. Бұнда жеке тұлғаның ой қабілетімен, оның жалпы қызметімен, жеке тұлғасының қабілеттілігімен, тәрбие мен оқытудың ерекшеліктерімен, кәсіби қызметінің ерекшеліктерімен байланысты, темпераменттің методологиялық проблемалары қозғалған. Әлбетте, оқулықтағы материал біраз ескірген, және жаңа методологиялық, инновациялық өңдеулер негізінде түзетулер мен толықтыруларды қажет етеді.

Б.Ц. Бадмаевтың айтуы бойынша, психологияда маңызды бөлімдердің бірі – бұл жасөспірім психологиясы. Бірақ біз ұсынылған оқулықтар мен оқу құралдарының негізінде толық талдау жасауды мақсат тұтпаймыз, тек екеуіне ғана тоқталып, мұнда ұсынылған методологиялық инструментариелерді талдаумен шектелеміз.

Бірінші өкілдікке В.С. Мухинаның [7] болашақ мамандарға арналған оқулығы және жасөспірімдерге арналған хрестоматиясын еңгізуге болады.

Оқулық өсу кезеңінің туылған күнінен бастап жастық кезеңге дейінгі мерзімді қамтиды; соңғы бөлімді қорытындылау тұрғысында көрсетіледі және біздің көзқарасымызда белгіленген фактілері кейбір түсініктемелері бар өзгеше бақылау күнделігі болып бейнеленген. Не оқулықтың басында, не бірде-бір тарауда мамандарға арнайы қолдану үшін берілген ұсыныстары бар әдістемелік нұсқаулар көрсетілмеген; студенттерге зерттеу жұмыстарындағы теориялық мақсатын кеңейте және бекіте түсетін шығармашылық тапсырмалары жоқтың қасы. Ал “жас ерекшелік психологиясы” курсының бағдарламасы бойынша оқулықта берілген қосымшасы оқытушының жоғарғы оқу орнындағы қызметі әдістемелік негіз ретінде маңызды компоненттермен ешқандай сәйкес көрініс таппайды. Бағдарламаның ешбір бөлімі әдістемелік кеңестермен, нұсқаулармен, ұсынылатын әдебиеттер тізімімен, қысқа әрі нұсқа жасалған сараптамалармен және оқу курсын оқытушысы үшін тәжірбиелік кеңестермен жабдықталмаған. Әдістемелік негізден айрылған оқулық маманның шығармашылық, психоло-педагогикалық ойлау, даму қабілетінің үлкен кедергісі болып табылады.

Алайда, В.С.Мухинаның біздің айтылып жүрген хрестоматия оның дайындалған еңбегі болды. Оның көрсеткен атақты авторлардың кең “тізімі” оқулықтың әдістемеліктен айрылған тұстарын компенсация жасаудың едәуір дәрежесін көтеруге мүмкіндік береді.

Е.О.Смиридов, В.Т.Утробин [8, б. 202,211], В.С.Мухинаның өзінде [8, б. 289-296], Р.Т.Баярд, Д.Ж.Баярд [8, б.389-403], Е.А.Леванов [8, б. 411-428], А. Е. Личко, А. Р. Абрумов, Е. Г. Гройнин, Ю. В. Панов [8, б. 440-451] зерттеулерінде, Хрестоматияға қосылған қосымшалар тек қана біздің бақылауымызды әдістемелік ойлау қабілетімізді байытып қана қоймай, қарқынды дамытады, әрі жетілдіре түседі.

Жас ерекшелік психологиясының мазмұнын көрсететін Р.С.Немовтың еңбегі, яғни, біздің ойымызша, жас ерекшелік психологиясын анықтаушы әдістемелік инструкциялар екінші кітаптың негізі болмақ. Онда Қазақстан Республикасының реформаланған оқу жүйесінің байланысы үнемі жаңаша толықтырылып отыруы, әлемдік кең көлемде білім алу прогресіне кіру, сондай-ақ, мемлекетіміздің әлеуметтік - экономикалық қарқынды дамуы, тәжірбелік жұмыстарда оқытушылар мен дарынды студент жастардың ынталануы болатын 5 түрлі мәселе сәтті анықталады.

Болашақ мамандардың шығармашылық- әдістемелік өздік дамуының біздің заманымыздың көрнекті ғалымдары негізін және рет-ретімен мазмұндап көрсеткен. Сондай-ақ, артық ауыз сөзі жоқ, психодиагностиканың шығармашылықта және іс жүзінде қолданылатын аспектілері бар ынталандырғыш материалдарды жиырма төртінші тарауынан табады. Бірақ қолданбас бұрын ғалымның еңбек сүйгіштігін қарыз ретінде өтеу керек, - ол тек ғана психодиагностиканың қажетті әдебиеттерін анықтап ғана қоймай, болашақ маман осы материал арқылы жеке қызығушылығы мен қалауының жолын дәл бағыттай алатын қажетті ақпарат көздерін, әр тарау мен беттерден ала алатынын көрсетті.

Психологиялық теорияларда педагогикалық психология үшін көптеген көрсетілген еңбектер жетерлік. Сараптама үшін біз негізгі бастама болған оқулықтарда И.А.Зимней [10] және Р.С.Немов [9, б. 527-585] еңбектерінде әдістемелік аспектілерді ғана бөліп көрсетіп анықтадық.

И.А.Зимняяның «Педагогикалық психология» оқулығын сараптай отырып, біз мына бір жайттарды аңғардық: Кез-келген автор өз кітабын басапаханаға дайындағанда ең бастысы өзінің болашақ оқырмандары туралы елестету керек. Осы жағдайда педагог кең мағынада және мұғалім - ана ғұрлым тар мағынада көрсетіледі. Сөз жоқ, нормативтік құжаттарда ішкі себептерден пайда болатын негіздісінің алынып тасталсын деген шартымен жасалған белгілі принциптердің қалыптаспаған түрі бірде-бір педагогта, жетекшілерде, білім мекемелерінде жоқ. Және басқа жете зерттелген көрнекті ғалымдар принциптері принцип кез келген теория, білім, ғылымның негізі болғандықтан мұғалімдердің қызметтік жұмыстарын өзара ретке келтіруші және оқу процесіндегі тәрбиешілердің, қатардағы оқу департаментімен бірге педагогикалық ұжымда мектеп жетекшілігін атқарып жүрген педагогтардың, ата-аналар қауымының қолданысқа кең түскен тиімді факторы болып отырғаны даусыз. Сондай-ақ, басқа адамдарға деген қарым-қатынасын, іс-әрекетін анықтайтын адамның көз жеткізген сеніміне айналмақ. Бұл жеке тұлғаның мінез-құлық және оның мінезін көрсететін негізгі критерийлердің мөлшері болып табылады.

Мұндай көрнекті оқулықта келер ұрпақты тәрбиелейтін мамандарға бағыштала көрсетілген не маңызы зор әдістемелік категориялар, не педагогикалық принциптері хақында бірде-бір ескертпелер жоқ. Бірақ оқулықтың жалпы әдістемелік негізін жоққа шығарғанымыз әділсіз болар еді.

Біздің ойымызша,, студент жастардың «педагогикалық психологияның зерттеу әдістемесі» тарауы белгілі бір қызығушылықты арттырады. Автор, педагогикалық психологияның ең негізгі әдістеме ретінде ақпарат көздерін анықтады. Мұнда анықталған үш ақпарат көзі бар: Л – бақылау қорытындысы және эксперттік баға фактісі бойынша адам өмірін тіркеу жолы арқылы алынған мәлімдемелер. Q- түрлі сұрақнамалар және өзін-өзі бағалау әдісі негізінде алынған басқа да мәліметтер; Т- обьективті тестілер.

Негізгі әдістерге автор мыналарды қосады: бірінші курс студенттеріне де жақсы мәлім болған бақылау жұмыстары және студенттер арқылы жинақталған тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен педагогикалық тәжірибенің кең көлемдегі мәліметтері автордың интерпретациясында тіпті де ешқандай жаңа ақпарат көрсетпейді. Сондай сапалы деңгейге өзін-өзі бақылау әдісі, әңгімелесу, интервью, анкета алу, эксперимент, іс әрекеттердің сараптамалары кіреді.

Автордың ұсынған тестілеу әдісін біз ең өнімді және мағыналы деп санаймыз. Өйткені, бұл әдіс білім беру жүйесінің қазіргі заманғы даму кезеңінде болашақ маманның педагогикалық тәжірбиесінде және мұғалімнің тәжірибелік қызметінде үлкен орын алады.

Автордың әдістер классификациясын анықтауын зерттеудің жаңалығы деп есептеуіміз керек, оған мыналарды жатқызуға болады: ғылыми танымның деңгейі; зерттеуші-педагогтың объектпен әрекеттесу түрі; зерттеудің мақсаты мен ұзақтығы; объектінің өзін-өзі зерттеу, танып-білу ерекшеліктері.

Бүгінгі күнде зерттеу әдістері, әдістердің жіктелуін методологияның бөлігі ретінде студент жастар кең қолданады және ол ғылыми өндірістің сапасын арттырады (баяндамалар, ғылыми хабарламалар, ғылыми мақалалар, студенттік конференцияларға арналып дайындалған баяндамалар, т.б). Кітаптың мазмұнына сонымен қатар, зерттеудің тәсілдері [10, б. 68], ойын моделінің құрылымы [10, б.73], мұғалімнің кәсіби міндеттерінің модульдік ұсынылымдары [10, б. 141] енген. Бірақ, жалпы алғанда, мұғалімнің кәсіби қызметін жоғарылату фактілерін, оның еңбегінің психологиялық маңызын зерттеу әдістері толық ашылмаған. Бұл жағдай оқулықтың методологиялық құндылығын төмендетеді.

Басқада белгілі автор Р.С.Немов өзінің “Педагогикалық қызметтің психологиясы” деп атаған жұмысында [9, б. 527-585], педагогикалық еңбектің методологиялық құрылымдар мәселесіне тиіспейді, тек қана, жалпы түрде теориялық талқылаумен шектеледі.

Өзіміздің теориялық және тәжірибелік қызметімізден біз мынадай тұжырымға келдік: білім беру мекемелерінде болашақ маманның психологиялық мәдениеті жоғарғы оқу орындарының білім беру жүйесінің жағдайында, өзінің нақты Мен-концепциясы болғанда ғана дамып, кемелденеді. Ал болашақ маманның Мен-концепциясы жоғарғы оқу орнында білім алу барысында қажеттілікке ие болған қасиеттердің құрылу негізінде, методологиялық негіздер мен педагогикалық принциптердің қалыптасу негізінде пайда болады. Психолого-педагогикалық саласындағы магистранттар мен студенттерге, барлық мамандықтардағы пән-мұғалімдеріне тірек болады деп есептеп, бөліп алған принциптер мыналар деп санаймыз: ең бірінші, бұл оқушының тұлғалық қасиетін өзінің пәнінің құралдары арқылы дамыту принципі. Мұғалім бұл принципті терең ұғынып, жақсы меңгерсе, оқушыларға өзінің оқу пәнін меңгертудегі, тапсырмалардағы кейбір қиындықтардан, мәселен өзіне және оқушыға шамадан тыс күш түсуінен құтылады.

Өзінің пәні арқылы оқушыны дамыту дегеніміз – болашақ кәсіби мамандығымен байланысты жеке – бейімділік білімін және оған деген дара-дифференцияланған ыңғайларды кемелдендіру деген мағынаны білдіреді. Бұл принцип білім мекемесінің орта тобы және мектеп түлектерімен жұмыс жасайтын жоғарғы топ мамандарының атқаратын мамандық қызметін жетілдіруге өте маңызды.

Маманның қызмет процесінің екінші принципіне тәрбиелеуге деген шынайы махаббат, оны сыйлау және кемшіліктерін толтыруды талап ету қатынастары жатады.

Егер, педагогтың құрылымы тұлғалық жинағында көрініп тұратын болса, бұл принцип машықтанудың негізгі критерийлері болып табылады.

Сыныптасының, мектепте бірге оқитындарының бетін қайтаратын, оларды жақсы көрмейтін, сыйламайтын, олардан алшақ жүруді қалайтын көптеген оқушы бары даусыз. Ал машықтанған маманның бұлай етуге құқығы жоқ. Табиғатынан өзінің-өзі маңызын көтеру потенцияларына ие, яғни, табиғи болмысын қалыптастыра алатын қадірлі тұлғаларды тәрбиелеу – оның басты міндетті. Мұндай жағдайларға түрлі мысал келтіруге болады. Мәселен: үнемі жолдастарының күлкісіне қалып жүретін, шеттен тыс қалған мектеп оқушысы жасырын, немесе, жария түрде сол, немесе, басқа да мұғалімдердің қолдауымен өсе келе жақсы студент, инженер, мұғалім, жазушы, ақын болып шығып жатады. Жеке тұлғаның кемшіліктеріне не жатады? Бұл ұғымға әдістемелік негіздеме берген А.С.Макаренко [11, б. 446-448] болатын. Ол өте қатаң түрде “Неліктен адамда тұлғалық кемшілік болуға тиіс? Ешқандай да кемшілік болмауы керек. Егер сізде 20 артықшылығыңыз болса, 10 кемшілігіңіз болса, біз оның әуелі бесеуін, сосын тағы 3-еуін жойыып көруіміз керек.Сонда, 2 кемшілік қалады. Ал ол бізге не қажеті бар? Маман жақсы, бірақ, қызба. Бұдан құтылуға болмай ма? Адамнан талап ету керек. Сондай-ақ, өзіңнен де талап ете білу керек. Міне сонда, керемет адам шықпақ” деген еді.

Бұл тәжірибеде де бекітілген еді.Белгілі авторлардың бірі өз дәрісінде мектеп директорлары арасында қызметтік ойын өткізді. Бұл ойында микротоптар ойыншыларына тұлғалық 35 кемшілігінен 5 кемшілігін ғана қалдыру талап етіледі. Ойын осы 5 кемшіліктің тізімі жазылып, әрқайсысына арнайы өңдеу жасау түрінде өткізіледі. Қорытынды соңында әрбір кемшілік кілтте көрсетілген және қатал талқылауды талап етті. Соңғы қорытындыда кілтте көрсетілген нұсқауларға толығымен келіспейтіндігін аңғартты.

Студент мұндай сауалдар жайлы өте сирек ойланады. Сондықтан меңгерілген, сіңірілген және меншіктелген, тұлғалық көз жеткізуге айналған принцип, әдістемелік мәдениеттің қалыптасуын, ақыл-ойда шығармашылық серпіліс және психолого-педагогикалық көрегендікті көрсетеді.

Маман-педагогтың үшінші принципіне педагогтың әйгілі педагогикалық принциптік мақсаты, мақсаттық бағыты, мақсатқа лайықтылық, пән мұғалімінің, тәрбиешінің, психологтың, педагогтың “Мен” концепциясы жатады. Мақсат – болжамдық кейіп, оның жетістігі – педагогтың өзінің кәсіби функциялары мен компетенциясының аймағындағы ынтасымен ойлану әрекеті. Сонымен қатар, мақсат – жеке тұлғаның ішкі жүйесінде тұйықталмаған, керісінше, ұжымдағы оқушылардың, ата-аналардың назарына педагогикалық концепцияларыда жарияланып, ұйымдастырушылық мекемелерде, педагогикалық кеңестерде, әдістемелік бас қосуларда, ата-аналар комитетінде мақұлданып, педагогикалық өзіндік түзету процесстерінде түзетулер, тілектер, барлық пайдаланушы тұлғалардың тілектері, ұсыныстары қабылданып, коррекцияланған. Түзетулер еңгізілген, келісілген мақсат, біздің көзқарасымыз бойынша, егер үнемі тексерулер, түзетулер, күнделікті болатын процестерге бағынатын инспекторлық тексерістер, мысалы: әлеуметтік статусы жоғары қонақтардың келе беруі немесе т.б. кедергілер жасалмаса, онда арнайы маңызды құндылықтарға ие болу мүмкіншіліктерін алар еді.

Білім беру саласындағы заңдылықтар мақсатына жету үшін педагогтардың өздігімен білім алу және өздігімен еңбектену жұмыстарының барлық түрі жүзеге асуы керек және оған кедергі келтіретін әрбір себептің білім беру процесінен жойылуы және жеке тұлғалық көріністерінен ығыстырылуы қажет.

Келесі принцип – жақсы жүйеге қойылған және үнемі жетілдіріліп отыратын психолого-педагогикалық диалог, оның көмегі мынада:

- педагог және оның көзқарастарымен, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының білім туралы заңымен келісе алмайтын әр түрлі контингенттегі мұғалімдермен, әдеттен шығатын және өздерінің балаларына жөндеп тәрбие бере алмайтын ата-аналармен, девиантты оқушылармен күрделі әлеуметтік ситуацияларда кездесетін түсінбеушілікті және жаңа пайда болып келе жатқан қақтығыстардың басын ашып, шешу;

- жас жеткіншектерге білім беру, оларды дамыту барысында жоғарғы деңгейдегі өнімді технологияларды енгізудің қорытындысын көрсете отырып, конструктивті дау-дамайлар жасап, оны жеңіп шығу және қазіргі талапқа сай инновациялық түлектерді дайындау.

Білім беру мекемелеріндегі маманның педагогикалық процесстердің әдістерін таңдау принципі. Қазакстан Республикасының білім туралы заңының негізінде құрылған (п. 3, 41 бап). Бұл заңның аясында педагог әр түрлі “сәнді” теория, концепция құрылымдарын қолданудан босатылып, маман педагог “білім беру мемлекеттік стандартты сақтау шарты бойынша, өзінің педагогикалық қызметін ұйымдастыру түрлері мен әдістерін еркін таңдау” мүмкіндігіне ие болады [12].

Маманның педагогикалық қызметтің өнімді әдістерін таңдауы - оның зерттеушілік, методологиялық қыр-сырын жеткілікті білуіне және оқушылардың тәжірибелік ілімінің технологиясына байланысты. Жас жеткіншектерге білім беруде нәтижелі әдістерді анықтау мақсатында біздің ойымызша педагог ең бірінші нені білу қажет?

Қолында жеке технологиялық журналы болу керек. Бұл журналдың бірінші жартысына өзінің тәрбиеленушісінің жоғарғы жүйке жүйесінің түрін, өзінің болашақтағы нәтижелі еңбек қызметі жайлы жазып, өз басының саулығына педагог өз еркімен өзіне үлкен жауапкершілік арту керек. Ары қарай журналда тәрбиеленушінің мінезіндегі ерекшеліктер және орта және жоғарғы буындағы оқушылардың акцентуациясының бар болуы немесе жоқ болуын бекітіледі; бұл жерде жас өспірімдер мен жоғарғы сынып оқушыларының акцентуациясы қысқартылған түрде белгіленеді, содан кейін когнитивтік процесстердің – ойлау, қиялдау, назар аудару, қабылдау диагностикасының қорытындысы, ерікті-эмоционалды жағдайы, оқушылардың қажеттіліктерін жоғары, орташа, төмен деген деңгейлерінің мотивтерінің қорытындысы белгіленеді. Осы толтырылған технологиялық журнал педагогтың ойларының салмақтылығына, жоғарғы мәдениетті тұлға қалыптастыру , өзінің тұлғалық-сапалық кешенінде қандайда бір кемшіліктері бар қыз балалар мен ер баларды назарынан “өткізіп алмау” ниетінің кепілдемесі болып табылады. Бұл жерде жастардың осы көрсетілген процесстерін дамыту тәсілдері қысқартылған түрде белгіленеді.

Журналдың бұл бөлігін біз Р.С. Немов (1), Л.С.Столяренко (5), Е.И.Рогов (2), және Н.И.Шевандрин (14) сияқты авторлардың ұсынған зерттеу әдістеріне сүйене отырып, толтыруды ұсынамыз.

Журналдың екінші бөлімінде кәсіпқой тәрбие мен оқудың, яғни білім берудің даму процесінде өзі қадағалаған мектеп директорының, әріптестерінің, ата-аналардың, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының жұмыстарының қорытындысында, ең бастысы, тәрбиеленушінің белсенді шығармашылық өздік жұмысының қорытындысында пайда болған өзгерістерді белгілейді.

Осы қарастырылып отырған принципте барлық жеке қасиеттердің дамуының перспективалық әдістердің бірі деп біз өзіміздің өкілеттігімізбен және өзіміздің кейбір кәсіби функцияларымызбен оқушылармен бөлісу (делегирование школьникам) деп ойлаймыз. Кезінде бұл әдісті атақты педагог Т.И.Гончарова (15) қолданып, және ол ең жоғарғы көрсеткішке жеткен. Бүгінгі күнде қолымызда қызықты да мағыналы оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар мен мақалалар бар кезде бұны қайта жаңғырту уақыты жетті. Т.И.Гончарованың көп жылғы тәжірибесі және біздің тәжірибеміз көрсеткендей, оқып жүрген тәрбиеленушілер педагогикалық функциялармен бөлісуді (делегирлеуді) жасөспірімдер мұғалімнің сенімі деп санап, ал, жоғарғы сынып оқушылары оны өздерінің болашақ кәсіптеріне қолдануға көмектесетін қосымша педагогикалық-психологиялық білім алу мүмкіндігі ретінде санап, бұл құбылысты үлкен қызығушылықпен қабылдайды. Оқушылар үлкен ынтамен пән мұғалімінің ассистенті болып, жасы кіші оқушының когнитивтік құбылыстарын кемелдендіре және дамыта отырып, оның жетекшісі функциясын атқарады. Жоғарғы сынып оқушыларынан құрылған микротоптар, әсіресе, гуманитарлық пәндер аумағында құрылған топшалар, 2-3 ай көлемінде нақтыланған тақырып бойынша сабақ жүргізуге дайындалып, оны өте жоғарғы көрсеткіште өткізеді, өйткені, пән мұғалімінің көмегімен сабақ өткізу әдісі олардың ойында әбден қалыптасып, ал физика, химия, математика және т.б. сабақтарда микротоптағы оқушылар көп айлар бойы жасаған шығармашылық есеп қорытындысын көрсетеді. Делегирлеу әдіс ретінде өзін-өзі толық ақтайды. Өйткені, оқушының қабілетінің интелектуалды дамуына оң әсер етіп, жұмыс уақыты кезінде мұғалімді интелектуалдық күштеуден босатып, өзін басқасы шеше алмайтын басқа да шығармашылық мақсаттарды орындауға босатады.

Педагогикалық еңбектің тағы бір принципі жоспарлау болып табылады. Аталған оқу құралының авторлары осы принципті жүйелі қолдана отырып, нақты айқын қорытынды алды. Мынадай тәжірибе өткізілді: жоспарлы күндері кезіндегідей сол қалыпты еңбек жолының белсенділігімен апта бойы жоспарлаудан бастарту.

Бір апталық жұмыстың қорытындысын шығарғанда әр кезде жоспарлы апталармен салыстырғанда 10-15 пайызға төмендедік. Қазіргі уақытта өзінің ғылыми түсіндірмесін таппаған осы феномен қорытындылануда.

Жоспарлау өзіне педагогикалық қызметтің барлық түрлерін қамтиды, әсіресе, оқушының жеке тұлғасының барлық бағыттағы даму жүйесімен органикалық байланысына маңызы зор: интеллектуалдық – шығармашылық дамуы, когнитивтік процесстерді дамыту және қалыптастыру, әсіресе, ойлау, қабылдау, креативтік және т.б.

Жоспарлау принципі – педагогикалық тәжірибеде аса күрделі мәселе. Өйткені, оны іске асыру білім беруде жоғары жетістіктерге жеткізгенмен, мектептің басқармасына, жетекшіге күнделікті мәселелерді шешуге кедергі жасайды. Жетекші жоғарғы органдардың тапсырмасын орындауға уақыт бөліп, жоспарлы жұмыстар мен жоспарлы тапсырмаларды орындауды кейінге қалдырады. Принцип ретінде жоспарлау әдісі нені қамтиды? Бұл төмендегі ойлап-толғанып жасалған операциялар жүйесі:

- жаңа әлеуметтік – экономикалық Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін құру, оның жоғары дамыған дүние жүзілік білім кеңістігіне ену жағдайында тәрбиеленушінің жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту бойынша қызметін бағалау және ұғыну;

- тәрбиеленушінің психологиялық қасиеттерін кемелдендіруге және дамытуға қызмет жасаған әріптестердің еңбектерін бағалау және ұғыну. Жұмыстағы әріптестерімен әңгімелесу арқылы анықтамалар жинау, сабақтан тыс, соның ішінде, жиналған ақпараттарды қорытындылау және продуктивті ойлау дұмысы негізінде пайда болған рационалдық қосымшаларды стратегиялық және тактикалық жоспарлауға еңгізу сабақтарына қатысу;

- Стратегиялық және тактикалық жоспарлауды өзара үйлестіру, олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігінің мәнін анықтау. Стратегиялық жоспарлауда жеткілікті үлкен уақыт мерзіміне, тіпті түлектің мектепті тәмамдаудың ақырғы күндеріне дейінгі мерзімге жасалған болжамды қорытындыны белгілеу өте маңызды, және оның жеке қасиеттерінің қандай көлемге дейін қалыптасқандығын белгілеу қажет. Бұл жерде көбіне эмоционалдық – жігерлі - әлеуметтік – маңызды – тапқырлық, ойы мен ісінің белсенділігі, ұстамдылық, мінезінің тұрақтылығы және т.б. қасиеттеріне көп назар аудару керек.

Бұдан кейін тәрбиеленушінің ой өрісін дамытуды, оның шығармашылық потенциялын және оның ойлау, сөйлеу, қабылдау, назар аудару, еске сақтау сияқты когнитивтік қабілеттерін жалпы креативтік жолмен дамытуды қалыптастыру, жоспарлау қажет.

Ары қарай, тәрбиеленушінің күрделі әлеуметтік жағдайларда өзін-өзі ұстай алу, тапқырлық таныту қасиеттерін қалыптастыру және дамыту. Мектепті бітірген соң тәрбиеленуші әке мен шеше арасындағы қатынасты ғылыми негізде сауатты дамытып және кемелдендіре алады. Туыстарының мінез ерекшеліктерінің кепілдемелерін психологиялық сауатты түрде өңдей алады, когнитивті қасиеттерді дамыту жүйесін кемелдендіре алады, кенеттен науқастанып қалған мұғалімді алмастырып, сабақтарды және оқудан тыс сабақтарды жеткілікті ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізе алады.

Стратегиялық (перспективалық) жоспарлау түрлерінің бірі мынау болуы мүмкін:

2008-2009 оқу жылының 11 сынып (мектеп бітіруші) оқушылары (бүгінгі 9 сынып, 2006-2007 оқу жылында) ұжымының даму стратегиясы.

Жоспарланған істер:

1 мектеп түлегінің өзінің болашақ мамандығын және өзінің интеллектуалды – ұйымдастырушылық, мінезінің креативтік қасиеттерін қорғауы. (Сыныптың ісіне мектептің көрші сыныптарының, басқа мектептерден түлектер, пәндік мұғалімдер шақырылды);

2) тәжірибелік қызметті иммитациялау (іскерлік ойын);

3) Ми “шабуылы” (күрделі әлеуметтік және тәжірибелік проблемаларды шешу) және т.б. Оннан астам өзекті жұмыстарды жопарлауды ұсынуға болмайды.

Ары қарай жоспарда мына беттің сол жақ жартысында сынып ұжымының және педагогтың тәжірибелік қызметінің мақсаты мен жобалы уақыты, ал оң жақ бөлігінде болжамдық қорытындылар көрсетілген. Мұның арасында мынадай болуы мүмкін: талант компоненттерін (қабілеттер, дарындылық) анықтау және дамыту, лицейлердің, колледждердің, жоғарғы оқу орындарының, өндіріс орындарының басшылығының арасындағы байланыстарды қалыптастыру,

Стратегиялық жоспар әр 9 сынып оқушысына: оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі оқыту, өзін-өзі дамыту стимулы бар, ал қорытындысында, табиғи болмысы және өз тілегі бойынша мамандық алу мүмкіндігі мәлім.

Педагогтың мақсаты – мектептен қоғамдық және мемлекеттік сұраныстарды қанағатттандыратын, бойында педагогикалық сауаттылығы жоғары, дені сау, инновациялы, тапқырлық, қасиеттері бар, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген инновациялық тұлғалар шығару.

Тактикалық жоспарлау стратегиялық жоспарлаудан ойларды “бөліп алып” және бір оқу жылын қамтиды. Сонымен қатар, екінші жарты жылдық стратегиялық дамуға жақын түсіп, ал бірінші жарты жылдық айлармен жоспарланады. Жұмысын жаңа бастап жатқан педагогке жоспарды толық және апталап жасауды ұсынамыз, сонымен, оқушылардың қатысуы жоспарды нақтыландырады.

Тактикалық жоспарлаудың мынадай түрлерін ұсынуға болады: айлар мен күндер, мақсат пен ұйымдастырушылық формалар, нақтылы істер мен күтілетін қорытынды (әрине күтілетін қорытынды графасында тек сыртқы көрсеткіштер байқалады, өйткені, жоспарды дайындауда оқушылар өздері қатысады, ал оларға әлі көздеген мақсатқа жету процесінде қандай ішкі қасиеттер қалыптасатынын сараптап түсіну қиын).

Тағы да қосарымыз, барлығын еске сақтау мүмкін болмағандықтан педагогта қиын оқушылармен және олардың ата-аналарымен, микротоптармен жұмыс жасау жүйесі көрсетілген өзінің жеке “құпиялы” жоспары болу керек.

Келесі кешендік принцип - өзінің педагогикалық іс-әрекеттерін мөлшерлеу, есептеу және мониторинг жүргізу. Жоғарыда атап өткендей Қазақстан Республикасының білім жөніндегі заңына сүйене отырып, оларды қосымша деп атауға болады..

Еңбекті мөлшерлеу бір жағынан нормативтік құжаттармен және әр оқу пәндері бойынша оқу бағдарламаларымен, жалпы мектептік құжаттар – мектеп жарғысымен, ішкі тәртіп ережелерімен, жалпы мектептік жоспармен, оқу жүктемесін бөліу жөнінде мектеп директорының бұйрығымен және т.б. анықталады. Басқа жағынан, пән мұғалімі психоло-педагогикалық іс-әрекетінің уақытын, жеке дифференцияланған қызметін, қиын балалар мен жеке ата-аналарды қайта тәрбиелеу жұмысын өзінің жеке жоспарында белгілей отырып, сынып ұжымының мүмкіндіктерін, дарынды және қабілетті оқушылардың дидактикалық мүмкіндіктерін және тағы басқа мәселелерді ескерген жөн.

Осы принципте педагогтың жасаған жұмыстарының жыл бойғы қорытындысы мен есебі үлкен рөл атқарады. Әдетте пән мұғалімдері мен жетекшілер білімнің жылдық есебі қатарына формальдік іс ретінде қарайды.

Жылдық есеп беру – бұл өзінің пәні арқылы тұтас ұжымның немесе жеке тұлғаның даму қорытындысымен ілескен мониторингтың құжат түрінде көрсетілген жүйесі. Бұл педагогикалық еңбекті кемелдендірудегі ойластырылған кепілдемелер мен қорытындылар. Жетекшілер үшін бұл- өзінің ұйымдастыру-басқару жұмыстарын талдауда, білім беруді ұйымдастыруды дамыту стратегиясын анықтауда, ЖОО, колледждер, лицейлар сияқты басқа да оқу орындарымен мектепаралық байланыстың тиімді жүйесін құруда баға жетпес материал болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау