Психологияның теориялық-методологиялық негіздері



бет3/10
Дата18.12.2017
өлшемі2 Mb.
#4544
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Кесте 2 - Білім беру мекемелеріндегі инновациялық парадигмалар жүйелері




Жаңа және бұрынғы жылдардан оралған прогрессивті парадигмалардың мазмұны

мен тараулары



Шындық негіздегі білім

беру әрекеттерінің болжамдалатын нәтижелері мен қазіргі фактілері



1 тарау. Мектепке дейінгі білім беру.

Педагогикалық ұжымның ата-аналармен бірлесіп жұмыс істеуі. Балаларды тәрбиелеуде, дамытуда, білім беруде және оларды мектепте оқытуға психологиялық дайындауда өзара жауапкершілік жүйесін құру.


Мектеп жасына дейінгі балаларды ғылыми негізде психодиагностикалау.[22, б. 62-156]

2 кестенің жалғасы


Балаларда психокоррекцияны ғылыми негізде жүргізу.


Балаларды ғылыми психология мен педагогиканың тәсілдерімен жан-жақты дамытуды мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеудің мемлекеттік жалпы міндеттілік стандарты негізінде құрастырылған жоспарлар мен бағдарламаға сәйкес жүргізу [12, б. 76-77].
Мектепке дейінгі мекемелерде құрылған педагогикалық кеңеске жалпы білім беретін мектептің (балабақша түлегі барады деп жоспарланған мектеп) педагогикалық кеңесінің келісімі бойынша балабақшада тәрбие алушылардың болашақ педагогтары - бастауыш сынып мұғалімдерін енгізу .
Балабақшаның педагогикалық кеңесінің құрылымдық звеносы болашақ 1-ші сынып оқушыларының ата-аналарымен белсенді өзара әрекеттестікте болу үшін тиісті жағдайлар жасау керек..
Кішкентай балаларды сапалы жоғары дәрежеде тәрбиелеу, дамыту мен білім алулары үшін педагогикалық және ата-аналар ұжымдарының өзара әрекеттестіктерінің жаңа технологиялық жүйесі

2 кестенің жалғасы

құрастырылады.

2 тарау. Мектептегі білім беру.
1 тарауша. Бастауыш мектепте білім беру.

Бастауыш мектептің дәстүрлі әдістемелік кеңесі жұмыс істеуді жалғастырады, бірақ жаңа негізде.


Жалпыға міндетті оқу негізінде

психолого-педагогикалық білім алатын ата-аналар мен бастауыш мектеп мұғалімдердің өзара әрекеттері кәсіби диалог ретінде, өзара шығармашылықтарын өзіндік дамыту ретінде қалыптасады, жаңа идеялармен, ғылыми білімдермен молайтылады, ғылыми еңбектерді оқуға, жаңа тиімді парадигмаларды қалыптастыруға және дамытуға ынталандырады.


2 тарауша. Жасөспірімдерге білім беру (5-9 сыныптар).

Жасөспірімдерге психодиагностика жүргізу (онтогенездегі ең күрделі контингент). Ақпараттың жазылып алынуы, оның құпиялық сипаты. Девиантты, аддиктивті және деликвентті жасөспірімдерді анықтау. Құқық қорғау органдарының көмегінсіз, қиын балаларды әр-түрлі педагогикалық тәсілдермен қайта тәрбиелеу әдістемелерін қарастыру.


2 кестенің жалғасы

Ғылыми ақпарат негізінде жасөспірімдердің когнитивті қабілеттерін дамыту. Тиімді мінезді қалыптастыру және дамыту.
Жасөспірімдердің өзін-өзі тәрбиелеуіне сынып жетекшісінің «жұмсақ» бақылау жүйесін қалыптастыру, әсіресе жексұрындық мінездері мен тәртібін ығыстыру жолында.

Жасөспірімдерде шығармашылықтың дамуын және өзін-өзі дамытуын қалыптастыру.Мақсатты әрекет ететін шығармашылық одақтарды және бірлестіктерді мадақтау.

Жасөспірімдердің сынып жетекшісінің бақылауымен өзіндік білім алуын қалыптастыру және дамыту, ол заңдылық іс-әрекеттердің шекарасынан шықпауы керек, әрі міндетті мемлекеттік стандарттағы оқу пәндерінен алатын білімдерін жетілдіруі керек.
3 –ші тарауша. Жоғары сынып оқушыларына білім беру.

Жоғары сынып оқушылары орталық «заң шығаратын» аймақта іскерлік өзін-өзі басқаруын құру, олар өзін-өзі басқарудың анықталған Ережесі мен Уставына сәйкес нақты контингентпен (жоғары сынып


3 кестенің жалғасы

оқушыларының жалпы жиналысы, конференциялар) және атқарушы органдармен жұмыс жасайды.


Жоспарлы өзін-өзі тану, өнімсіз немесе тұлғалық дамуға зиян келтіретін мінез бітістерін ығыстыру жолымен өзін-өзі тәрбиелеу, өз бетімен білім алу, шығармашылық өзін-өзі дамыту, МЕН –концепциясын жетілдіру негізінде әрбір жоғары сынып оқушысының өзіндік актуализациялануы.

Профориентация ғылыми негізделген психодиагностика мен психокоррекция негізінде осы саладағы мамандармен құрастырылады.



3 тарау. ЖОО-да білім беру.

Психолого-педагогикалық және педагогикалық профильдің студенті алғашқы апталардан бастап қарапайым студент емес, студент-зерттеуші болып, индивидті психолого-педагогикалық зерттеу бойынша нақты міндеттерді шешеді (топтар, индивидтардың микротоптары), сол уақытта психологиялық теорияларды меңгереді. (ВДН типі, мінез, мінез акцентуациялары, ойлау,интеллект,қабылдау, түйсік, ес, т.б.). Сыналушыларға (олардың

2 кестенің жалғасы

жақындарына) нұсқаулар және сыналушылардың психикалық процесстерінде жүретін өзгерістерді белгілеп отыруға мүмкіншілік беретін мониторинг жоспарын дайындайды, өзінің практикалық кеңестеріне және ұстанымдарына қосымшалар мен коррективтер енгізеді. Студент – зерттеуші статусы ЖОО-ны бітіргенше сақталады.

Оқытудың дәстүрлі әдістері дамып, жетіліп, инновациялық тәсілдермен толықтырылады, тәжірибесін молайтады: әрекеттердің имитациялық түрлерімен - «психолого-педагогикалық консилиумдар», «педагогикалық кеңестер», « вакантты «басқарушы лауазымына» сайлану», «ми шабуылдары», «педагогикалық кеңес мәжілісі» және т.б.
ЖОО-нын басқару құрылымында студенттік өзін-өзі басқаруды қалыптастыру мен дамыту студенттік білім беруді жетілдіру және студенттік жастардың өзіндік білім алуларындағы маңызды фактор болып табылады. ЖОО-да өзін-өзі басқарудың жалпы институттық «заң шығарушы» және атқарушы органдары немесе соларға ұқсас топтар құрылады.
Оқытудың барлық кезеңдерінде студенттің жоспарлы кәсіби тұлғаның

2 кестенің жалғасы

өзін-өзі актуалдау, жоспарға психикалық өмірлік іс-әрекеттің барлық бағыттары бойынша өзін-өзі тану, соның ішінде когнитивті қабілеттер, өзін-өзі тәрбиелеу (жаман қасиеттерден арылып, жақсы қасиеттерді дамыту) өзін-өзі білімдендіру, өзіндік шығармашылығын дамыту (әдістер құрастыру, оригиналды баяндамалар,статьялар және т.б.) дайындау.


Ата-аналардың психолого-педагогтық білімі, психологиялық университет пен «мектепке дейінгі» психолого-педагогикалық факультет құру. Ата-аналарды нөлдік курсқа қабылдау.
Ата-аналарды психодиагностикалауды психолого-педагогикалық университеттің нөльдік жоспары мен бағдарламасы бойынша жүргізу. Психокоррекция, ата-аналар ұжымын қалыптастыру.

Мектепке дейінгі мекемелерде педагогикалық және ата-аналар ұжымдарының пікірлестік жүйесін құру.


Осы ұжымдар мүшелерінің арасындағы қарама-қайшылықтар мен кедергілерді мүлде жою. Білім беру процессі субъектілерінің психолого-педагогикалық ойлауын интенсивті дамыту.
Бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақшаның түлектер тобының педагогтары арасындағы өзара әрекет жүйесі қалыптасады, дамиды, жетілдіріледі. Педагогикалық кеңестің белгіленген құрылымдық звеносы ең кішкентай, болашақ оқушылардың білімдерін дамыту стратегиясы мен тактикасын жасайды.
Болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары «Ата-аналар психолого-педагогикалық университетінің» бірінші курсына оқуға түсуге дайындалады.
Кішкентай балаларды дамыту процесінде туындаған мәселелер «Ата-аналар психолого-педагогикалық университетінің» сабақтарында шешіледі және балаларды тәрбиелеуді жетілдірудің рационалды басқару шешімдері тосындық негізде

қабылданады.

Мектепте «Ата-аналардың психологиялық білімі университетінің» 1-4 курстары жұмыс істейді.

«Ата-аналар психолого-педагогиканың университетінің» 1-4 курстарында ата-аналардың когнитивті процестерді оқуы, үй тапсырмаларын орындау және т.б. ата-аналарға «кәсіби» әрекеттестік негізінде, ғылыми әдістемелер негізінде өз балаларында ойлаудың, еске сақтаудың, қабылдаудың, зейіннің, қиялдың барлық түрлерін дамытуға көмектеседі, сонда төменгі сынып оқушыларының тағылымдық процесстері тек тілектестікпен ғана емес, нақты істер нәтижесінде шешіледі.


Ата- аналар психолого-педагогикалық университетінің 7(8) жыл оқыту мерзімімен жұмыс істей бастауы. Ата-аналардың психологиялық қасиеттер, процесстер мен қалыптар туралы элементарлық білім алулары. Үй тапсырмасын орындау кезінде білімдерін кеңейту және тереңдету. Университет «стденттері» мен пән-мұғалімдерінің «кәсіби одағын» құру.
Университетте білім алатын ата-аналар және педагог- пән мұғалімдерінің шығармашыл және пікірлестер одағы ұжымын қалыптастыру.
Жасөспірімдер мен ата-аналардың достық одағын құру. Ата-аналардың өздерінің өсіп келе жатқан балаларын жаңаша қабылдауын қалыптастыру. Балалардың, өздерінің психолого-педагогикалық университетте білім алып жатқан ата-аналарына «жұмсақ», интеллигентті әсерлерін тигізу.
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін ата-аналардың материалды жағынан қамтамсыз ету.Осы бағытта жасөспірімдер мен ата-аналар арасында өткір қайшылықтардың болмауы. Ата-аналардың психолого-педагогикалық жалпы міндетті оқу бағдарламасында арнайы тақырыпты анықтау.
Жасөспірімдер сыныптарында өзіндік басқаруды өздерінің «заңдылық» және «атқарушылық» органдарымен құру, құқықтары мен міндеттерін үнемі кеңейтіп отыру, олардың жоғарғы сынып оқушыларының осыған тектес органдарымен өзара байланыстары мен өзара әрекеттестіктері.

Құқықтары мен міндеттерінің сақталуы және екі жақтың тең құқықтылығы, демократиялық және өзара пайдалы ынтымақтастық негізінде басқару және өзін-өзі басқару органдарының тиімді әрекеттестіктерінің құрылуы.

Жоғары сынып оқушыларының ата-аналарымен және пән мұғалімдермен әбден жетілдірілген одақ, өзара әсер ету, адамда бірде бір кемшіліктер болмау керек деген принципке сүйену (принципті ең алғаш А.С. Макаренко қалыптастырды) [11, б. 446-448]. Ата-аналарды «Ата-аналардың психолого-педагогикалық университетінің» 10-11 (12) курстарында оқыту. Ата-аналарды

университеттен сертификат тапсырумен шығару.


Өндірісте, мекемелерде, білім беру ұйымдарында және т.б. кадрлардың тұрақтамауы тез төмендейді, ол мамандардың өз істеріне сүйіспеншілігіне, берілгендіктеріне және нәтижелі азаматтық қасиеттеріне байланысты.

Студенттің теориялық ойлауы, оның психолого-педагогикалық ойлауы практикалық психолого-педагогикалық ойлаумен қатар қалыптасады.

Студент зерттеушілік іскерлік пен дағдыны психолого-педагогикалық пәндер оқытушыларымен бірге қызмет істеу жүйесінде игереді. Студент ғылыми-практикалық студенттер конференциясына ғылыми баяндама, ашық басылымдарға статья дайындауға нақты мүмкіншілік алады. Оқытушылардың дәріс, семинар, практикалық сабақтар жоспарына кіретін тақырыптардан кіші-гірім баяндамалар дайындауға мүмкіншілігі болады. Студент әлем стандарттары деңгейіндегі квалификацияланған жаңа формация маманы ретінде қалыптасады.

Инновациялық әдістеме практикалық бағытта болады, барлық курс студенттерін мұғалім, мектеп директоры, оның орынбасары, психолог, сынып жетекшісі рөльдеріне қойып, оларды теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Осылайша олардың интеллектісін байытып, псхолог-педагогикалық ойлауын жетілдіреді. ЖОО-ны бітірер кезде студент квалификацияланған маман болып


шығады.


Өзін-өзі басқару органдарының әсер етуінен студенттердің белсенділігі, инициативасы, шешім қабылдау, оқу процесіне жауапты қарау, өз бетімен оқу, білім беру мекемелерінде жұмыс жасауға бағытталған дайындық, кәсіби функцияларын квалификациялы атқару қалыптасады.

Студенттердің өзін-өзі актуализациялау жоспарын студенттік топта қорғау және одан кейін алынған нәтижелерді қорғау нақты, еріктік, кәсіби-тұлғалық өзін-өзі актуализациялауды қалыптастырады. Оқыту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу бөлшектенбейтін бір комплекске жиналады және ол өздігінен оқу, өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, шығармашылық өзін-өзі дамыту әрекеттерімен жетілдірілген.


Жастар жаңа идеяларды көбейтеді және өңдейді. Мысалы, ПМУ, ПМПИ-да, белсенді, интенсивті ғылыми негізде студенттік өзін-өзі басқару енгізіліп жатыр. Демократиялық негізде, альтернативті варианттарды пайдалана отырып, өзін-өзі басқару органдарына студенттерді сайлау жүріп жатыр.

Кейбір топтарда, жеке факультеттерде барлық бірінші курс студенттері зерттеу жұмыстарымен айналысып жатыр, бұл теориялық білім сапасын көтеріп, практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастырады, білім беру мекемелері үшін жоғары квалификацияланған мамандар даярлауға көмектеседі.

Қорытынды
Психолого-педагогикалық парадигмалар бірнеше функциялар атқарады:

- болашақ мамандардың, сондай-ақ қазіргі білім беру мекемелерінде жұмыс атқарып жүрген педагог-практиктердің психолого-педагогикалық ойлауын және методологиялық мәдениетін жетілдіруді және дамытуды белсендіреді;

- әрбір маманға өзінің жас ұрпақты оригиналды, өнімді оқыту, дамыту, тәрбиелеу, білім беру әдістерін анықтауға көмектеседі;

- Топтардың және жоғары шығармашылдық потенциалдары бар пікірлестер ұжымдарын қалыптастыру үшін маңызды фактор болып табылады.

Инновациялық парадигмалардың қазіргі таңдағы жүйесі Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңының арқасында нақты мүмкіндік алып отыр [12, б.83].
Тыңдаушыларға тапсырма
1-ші тапсырма. Басшылармен және педагог практиктермен келісе отырып, белгілі бір уақыт аралығында (тоқсан, семестр, триместр бойы) қандай да бір сыныпта (топта), қандай да білім беру мекемелерінде (мектеп, лицей, гимназия, ЖОО, колледж) қызмет істейтін пән мұғалімдерінің жұмысын бақылаңдар. Бақылау нәтижесінде алынған материалды мына жоспар бойынша өңдеңіздер:

- педагогтар жүзеге асырып жаткан парадигмалар сипаттамасы, олардың «Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңына» сәйкестігі.

- психолого-педагогикалық процесстер және позитивті сипаттағы құбылыстар.

- негативті сипаттағы психолого-педагогикалық процесстер.

- оқыту-тәрбие процесстерінің нәтижелері

- өз пікіріңізше, позитивті, оның ішінде жеке меншіктік парадигмаларды іске асыру мен дамыту және педагогикалық практикадан әлеуметтік тұлғаның дамуына кедергі келтіретін, негативті парадигмаларды ығыстырып тастау мәселелері бойынша тұжырымдар, нұсқаулар, рекомендациялар.



2-ші тапсырма. Алынған нәтижелерді ғылыми баяндама ретінде жасап, оқытушымен келісіп дәрісте (семинарда, практикалық сабақта) қорғаңыз.

3-ші тапсырма. Өзіңіздің кәсіби Мен-концепцияңызға тиімділеу, өзіңізге ұнайтын, әрі қарай ойластыруды талап ететін және соңынан психолого-педагогикалық практикаға енгізілетін жеке меншіктік парадигманы кіргізіңіз.
4-Дәріс. Психолого-педагогикалық зерттеулердегі ғылыми әдістердің топтамасы мен сипаттамасы
Зерттеудің ғылыми әдістерінің біз бергелі отырған топтамасы келесі түпкі бастамаларға (принципиальный подход) негізделген:

зерттеулердің таңдап алынған әдістері зерттеушінің рухани тілектеріне «гармониялық келісімді» болуы қажет, оның ынтасына, сұраныстарына, қажеттіліктеріне, оның бүтін МЕН-концепциясына сай болуы керек;

зерттеу әдістемелері зерттеушінің темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерінің, оның эмоционалды-еріктік аймағының, коммуникативті-лидерлік қасиеттерінің негізінде қалыптасады;

ғылыми зерттеудің әрбір таңдап алынған әдісі сәйкесті (валидты) және сенімді болуы және басқа барабар әдістермен қосымша салыстырулы, алғашқыда өзінде және ең жақын ортада қабылдануы керек.

Жоғарыда келтірілген деректерге байланысты ғылыми зерттеу әдістерінің топтамасын төмендегідей береміз.

Әдістердің бірінші тобы зерттеудің стратегиялық, болашақ (перспективный) мақсаттарына бағындырылған, яғни соңғы нәтижеге шамаланған (рассчитана) – зерттеушінің санасында қалыптасқан, оның ойымен сәйкес келетін ең тамаша (идеальный) бейне.

Әдістердің екінші тобы зерттеуші-экспериментатордың немесе практикалық педагогтың тактикалық мақсаттарын қанағаттандыруға есептелген және зерттеудің соңғы мақсаттарының түпкі (базалық) негізі болатын аралық нәтижелерге жетуге бағытталған.

Зерттеудің ғылыми әдістерінің үшінші тобы оперативті мақсаттарға бағындырылған және зерттеу процессіне продуктивті түзету мен қосымшалар енгізу үшін деректер алуға есептелген.

Топтаманы осылай беруге себепші болған жағдайлар, зерттеуші сырттан келген, фактілерді құштарлықсыз есепке ала беретін және эксперименталдық деректердің дәл, туралығын ғана қалайтын шет адам-ғалым емес, ол ысылған (квалифицированный) маман немесе жоғары оқу орнын бітірген профессионал, ол үшін зерттеу әдістері және практикалық әдістер мен технологиялар біріккен айрылмайтын болып қосылған кешен және жаңашаландырылған (инновационный) жастарды жаңашаландырылған тіршілік әрекетін қалыптастыру жолы арқылы мектептен кейінгі өмірге дайындау мәселелерін шешуге көмектеседі. Осы көзделген мақсаттарға кіретін әдістерді тиімді пайдалану болашақ педагогтар мен жұмыс жасап жүрген педагогтардың жұмыс жасау стильдеріне байланысты. Ғылыми психолого-педагогикалық әдебиеттерде кеңінен қарастырылған басқару және өзін-өзі басқару стильдеріне сүйенбегеннің өзінде, айта кететін мәселе, ол болашақ маманға және жұмыс істеп жүрген маман-зерттеушіге маңызды орталықжорамал (центральнополагающий) – оның іс-әрекетінің барлық бағытындағы интеллектуалдық стилі, оны көрсететін:

- зерттеушінің жалпы бәсекелестіктік қабілеті. Ол зерттеушіде жоғары

немесе орташадан жоғары болуы керек [17, б. 546–549];

- әдістемелік мәдениеттің биік деңгейі, оны 1-ші қосымшада көрсетілген тест, осы оқу құралы немесе жоғарыда келтірілген автордың тестісі арқылы анықтауға болады [17, б. 538–539];

- интеллектіліктің жоғарғы немесе орташадан жоғары деңгейі [17, б. 540 - 545];

- шығармашылық потенциалының жоғарғы немесе орташадан жоғары деңгейі [17, б. 550];

- жауапты шығармашылық (творчестволық) шешімдер қабылдау қабілеті деңгейінің жоғары немесе орташадан жоғары болуы [17, б. 563–565];

- дауласудың, жанжалдасудың орташа деңгейі [17, б. 554];

Егер Сіз белгіленген немесе одан жоғарылау дейгейді өзіңізден таба алмасаңыз, нәтижесіне зерттелінушінің өзін адекватты қабылдай алмауына қатысты, оның жеке басының сәттілігі байланысты болса, ондай практикалық зерттеу сияқты жауапты істі жүргізуге біз нұсқау бере алмаймыз. Бұл жағдайда келесі әрекеттер қажет:

- қалыптасқан «интеллектуалдық құндылығын» қайта бағалау, және әсіресе, өзінің өзін бағалауына сынай қарау арқылы, өзінің МЕН-концепциясын қайта қарау керек;

- өз білімін жетілдіру жоспарында ғылыми психолого-педагогикалық әдебиеттерге көп уақыт бөлу керек (осы оқу құралында пайдаланылған әдебиеттер тізімін қара) және Қазақстан Республикасының білім беру заңдылықтарын мұқият оқып және талдауға ерекше көңіл бөлу керек [12].

Жоғарыда көрсетілген мақсаттар мен оларға жету әдістер тобын сипаттайық.

Зерттеудің стратегиялық мақсаттары ұзақ кезеңдерді қамтиды және зерттеушінің нақты әдістердің жиынтығына сүйене отырып сол мақсаттарға жету жолында өз әрекеттерін жүзеге асыруымен қорытындалады. Кез келген психолого-педагогикалық зерттеулер оқушының, оның ата-аналарының, педагогтардың, басқа да адамдардың жеке тұлғасымен тікелей байланысты болғандықтан, біздің ойымызша, әдістердің ең қажеттісі –проективті әдістер жүйесі. Олардың ішінде келесі топтамаларды бөліп және нұсқауға болады:

Бірінші топтама – темперамент типтерін [24, б. 173–185] және мінездің ерекшеліктерін, сонымен қатар боз балалар мінезінің акцентуациясын [25], еріктік қасиеттерді [16] және адамның агрессиялық деңгейін [26, б. 150–181] және т.б. анықтауға арналған тестер, барлық аталған қасиеттер мінездің компоненттері болып саналады, ал мінез өмір барысында пайда болатын құрылым. Практикалық зерттеушіде өзіндік жұмыс кезінде зерттелушіге әртүрлі кеңестер беру мүмкіншілігі туады, біреулерін ығыстырып келесі позитивті түрлерімен ауыстыру, үнемі оларды дамыту және жетілдіріп отыру.

Стратегиялық мақсаттарға жету әдістерін жүзеге асыру үшін зерттеуші-педагог (болашақ педагог) қолданатын технологиялық әрекеттерді былайша құруға болады (кесте 3).

Зерттеуші – экспериментатордың тактикалық мақсаттарына жету әдістерінің сипаттамасы. Біздің ойымызша, проективтік әдістерге жататын, бірақ тәрбиеленушінің анық бейнесін алуға мүмкіндік беретін суреттер тестісінің тобын қолданған тиімділеу. Бұл тестілерді барлық сыналушыларға, олардың жасына байланысты өзгерте отырып қолдануға болады. Мектеп жасына дейінгі балалардан бастап білім беру ұйымдарының түлектеріне дейін қолданылады.

Зерттеуші-экспериментатор суреттер тестісінің интерпретациясын оқып білу кезінде оның текстісін қатаң түрде ұстануға міндетті емес. Ол үшін қажеттісі суреттегі сыналушының нақты мәнін сипаттайтын ең елеулі белгілерін (самое существенное) анықтау және сол елеулі белгілерді қолдана отырып, жеке тұлғаны проектылау мәселелерін бөліп алып, оның моделін жасау.

Кесте 3 – Технологиялық әрекеттер




Проективті әдістерді қолдану нәтижесінде шамамен осындай негативті фактілер анықталды

Стратегиялық мақсатқа

жету үшін жексұрындық құбылыстарды жою жолындағы зерттеуші-экспериментатордың әрекеттері



Балалар үйінде тәрбиеленушілерді қорлау, жәбірлеу, тіл тигізу және т.б. (көбінесе ересектердің осындай әрекеттері жасөспірімдерге қарсы жасалады)

Зерттеушінің негативтік құбылыстарды жою үшін Қазақстан Республикасының заңдылықтары негізінде ұйымдастырылған, әдепті, бірақ, өте қатал, келісімге келмейтін әрекеттері.

Кейбір тәрбиеленушілердің жексұрындық қасиеттері, әсіресе жасөспірімдерде, олар латентті түрде дамитын – ұрлыққа, бұзақылыққа, қайыршылыққа бейімділік.

Жасөспірімдердің жеке тұлғасына көңіл бөлу. Зерттеу нәтижесін бірігіп талдау. Үлкендер мен кішілердің арасында жеке достықты және сол жүйеде сенімділік әңгімелесулерді ұйымдастыру.

Мойындалмаған өзара жақтырмаушылық негізінде туындаған кейбір сыналушылар мен жекелеген педагогтар арасындағы күрделі ара-қатынастар, педагогтарда анықталған интеллектің жетіспеушілігі және т.б.

Зерттеу нәтижесін педагогпен бірге талдау, оған жанама әсер ету. Тәрбиеленушілермен жеке жұмыс жүргізу.

Оқушылар ұжымынан шеттетілген, өздерінің жалғыздықтарынан қайғы-қасірет шегетін бақытсыз балалар.

Шеттетілгендерді қолдау, оларды тиімді іс-әрекеттерге тарту. Ұжымның бақытсыз балаларына өздерінің көзқарастарын өзгерту жөнінде топ лидерлерімен жеке жұмыстар жүргізу.

Сурет тестілерінің ішінен келесілерді таңдап алуға болады:

1) «Автопортрет» және «Әлемде жоқ жануарлар» әдістемелері». Бұл тесті орта мектептердің жоғарғы сынып оқушыларында, мектеп-гимназияларда және жоғары оқу орнының бірінші курс студенттерінде қолдануға болады. Олардың қорытындылары зерттеушінің мінез акцентуациясын анықтауға арналған әдістермен алынған деректерін толықтыра түседі. Аталған әдістемелер біздің практикамызда нәтижелі болып шықты, оларды кең түрде қолдануға болады [25, б. 286–296];

2) «Жанұяның кинетикалық суреті» тестісін бастауыш мектеп оқушыларына және кіші жасөспірімдер арасында қолданған тиімдірек болады [27, б. 470 – 476]. Ол зерттеушінің көп уақытын алмайды, бірақ алынған қорытындылары тактикалық мақсаттарға жету үшін жүргізілетін эксперименталды-зерттеу әрекеттерінде кеңінен қолданылады. Бұл тестке өте жақын, әрі оны толтырып, түзетіп отыратын тест «Үй. Ағаш. Адам» [26, б. 124–150], дегенмен, қайталаймыз, тәптіштеп толық түрінде талдаудың қажеті жоқ. Практик-зерттеушіге өзіне «жұмбақ» болған жеке тұлға туралы жалпы мағлұмат жеткілікті және ол белгілі бір деңгейде суреттік тест қолдану барысында ашылды. Барлық сыналушыларға суреттік тестілерді қолданудың қажеті жоқ, педагог-экспериментаторға ең қажеттісі тактикалық мақсаттарға жету үшін, кейбір жеке тұлғаларды нақты сынақтан өткізу үшін тиімді әдістемелерді таңдап алу;

3) Біз ұсынған «Суретте көктемгі өзенді көрсеру» тестісі және «Суретте немесе бірнеше суреттерде өзіңнің болашақ іс-әрекеттеріңді көрсету» тестісі практикада білім беру ұжымдарының түлектері мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттерінің жұмыстарында апробациядан нәтижелі өтті. Тестілеу нәтижелері дербес жұмыс жүйелерін анықтауға, тактикалық максаттарға жетудің продуктивті әдістерін таңдап алуға көмектеседі. Педагог-зерттеуші, өзінің интеллектуалды шығармашылық потенциалының деңгейіне және зерттеудің тактикалық мақсаттарына жету мәселелеріне сүйене отырып, зерттеу қорытындысының интерпретациясын дайындайды;

4) Зерттеуші-практикке тактикалық мақсаттарға жету үшін нструментария таңдау мәселесін нәтижелі шешу кезінде басқа да мынадай әдістемелерді қолдануға болады:

а) «Мақалдарға түсінік беру» әдістемесі. Сыналушылардың жасына қарай 20 – 25 мақал таңдап алынады және олардың кілті анықталады. Сыналған топтың (сынып, топ) жалпы дамуы бағаланады. Жауаптары былайша бағаланады: кілтпен дәл келсе немесе оған өте жақын болса – 1 балл; жартылай үйлессе – 0,5 балл; дәл келмесе – 0 балл. Жалпы ақыл-ой даму деңгейін жиналған баллдардың санына байланысты экспериментатордың өзі анықтайды және өзінің тактикалық зерттеу мақсаттарына жету үшін нұсқауларды өңдеп, жетілдіреді.

б) «Сөйлемді аяқта» тестісін зерттеуші-педагог (болашақ маман) құрастырады, 18 – 30 және одан да көп аяқталмаған сөйлемдерден тұрады, олар сыналушылардың жасына, жынысына және зерттеушінің алдына қойған мақсаттарына сай болуы керек. Мысалы:

1. Егер мен жетінші сыныпта оқып жүргенде, ата-аналарым менің айтқаныма көнгенде, онда мен қазір...

2. Менің сенімімше (убежден), сыныптас жолдастарымның көпшілігі мені

3. Менде болса.

4. Мұғалім ...., әрине, ақылды, бірақ . және т.б. Сыналушы барлық сұраққа жауап бермеуі мүмкін, бірақ алынған қорытындыларды тактикалық мағынасы бар дербес жұмыстарды ұйымдастыруда қолдануға болады.

в) «Практикалық психолог сөздігі» материалының негізінде әртүрлі проективті әдістемелерді өздігінен құрастыруға болады [18, б. 449- 452].

Әдістердің үшінші тобы зерттеудің оперативтік мақсаттарына жетуіне бағындырылған және негізінен ұйымдастыру кезеңінде, негізгі және қосымша болжамдарды құрастыру кезінде, эксперименттің бағдарламасы мен айқындау және өзгерту жоспарларын құрған кезде қолданылады. Экспериментатор- зерттеушіге әсіресе осы кезеңде белсенді инициативті көмекшілер өте қажет, оларды мынадай зерттеу әдістерін қолдану арқылы анықтаған тиімді:

спонтандық негізде, «кездейсоқ» пайда болған, көптеген оқушылардың – эксперименталдық контингенттің болашақ мүшелерінің ойын тербететін мектептің өзекті әлеуметтік мәселелері туралы дискуссиялар өткізу. Ереже бойынша, басқаларының арасынан үй тапсырмасын орындауға кететін уақыт, өз бетімен орындайтын жұмысқа бос күн бөлу, оқушылар мен әртүрлі психотипті педагогтар арасындағы өзара әрекеттестіктер, мектеп оқушыларының дербестігі мен өздерін-өздерінің басқаруы, олардың әртүрлі өнеркәсіп орындарымен және жоғары оқу орындарымен әрекеттестіктері туралы мәселелерге аса көңіл аударған жөн.

эксперименталдық зерттеуге енгізілген кейбір оқушылармен, микротоптармен және ұжымдармен өзгерту сипаты бар сенімді әңгімелер өткізіп тұру.

зерттеушінің оперативті тілектері мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқушыларға шығарма, әңгімелер, естеліктер жазғызу және осы топқа жататын тағы да басқа әрекеттерді жасау.

Бұл әдістерді қолданған кезде сыналушылардың әрекеттері күтпеген жерден болуы және ойламаған әрекеттерге айналып кетуі мүмкіндігінен зерттеушінің реакциясы шапшаң болуы керек, сондықтан, ол диалогтік сөйлеу мәнерін, жақсы ойда сақтау , икемді ойлау, жаттықтырылған қабылдау сияқты қасиеттерді толық игеруі қажет.

Стратегиялық, тактикалық және оперативтік мақсаттарға жету жолдарын қамтамасыз ететін зерттеу әдістерінің арасында зерттеушінің дұрыс қолдана алатын, өздерін тиімді жағынан көрсеткен, бұрыннан белгілі мына әдістерді де қолдануға болады:

- бақылау, психолого-педагогтық, әлеуметтану, философия және т.б. ғылымдарда әмбебап әдіс ретінде. Әдістің дефинициясы барлық сөздіктерде, оқулықтарда, оқу құралдарында толық берілген, сондықтан, біз оларды қайталауды жөн көрмедік. Тек қана зерттеуші-экспериментаторға қойылатын өте қажетті талаптарға тоқтала кетейік:

1) эксперименттік әрекеттер басталғанға дейін, бірақ, сыналушы контингентті, зерттеу объектісін және тақырыбын білгеннен кейін, бақылаудың барлық мақсаттары мен міндеттерін анықтау керек, үнемі оларға қайтадан оралып және іштей (во внутренней речи) қайталап отыру керек.

2) зерттеуші өзінде әлсізденбейтін бақылаушылық белсенділікті қалыптастыруы, басқа адамдар көңіл аудармайтын құбылыстар мен процесстерді жазып алуы, бақыланған фактілерді үнемі талдап отыруы қажет. Кейбір маңыздылау процесстерді жазып алып, ұзақ уақыт сақтауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау