Программалау тілдері жоғары оқу орындарына арналған оқулық


 ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет71/82
Дата16.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#14051
түріПрограмма
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82

 
196 
13. ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ  
Компьютердің  машиналық  тілінде  жҧмыс  істеу  программалаушының  ӛте 
жоғары  деңгейін  талап  етеді.  Есептеу  машиналарының    бірте-бірте  кӛбеюіне 
байланысты онымен қарым-қатынас жасауды оңайлату қажеттілігі пайда болды. 
Біріншіден  істелген  іс  –  компьютер  жадын  бӛлу  жҧмысы  автоматтандырылды 
және машиналық командалар ҥшін адамға тҥсінікті белгілеулер енгізілді. Осылай 
пайда болған  компьютермен  қатынасу  тілі  Ассемблер тілі  деп  аталды.  Кейін-
нен  кӛптеген  тілдер  дҥниеге  келіп,  олар  уақыт  талабына  сай  мҥмкіндігінше 
жетілдіріліп отырылды. 
Программалау  тілдерін  жасау  және  дамыту  жҧмысының  басында  АҚШ-
тағы  атақты  IBM  фирмасы  тҧрды.  Бҧл  фирма  кәсіби  программалаушылардан 
басқа  да  мамандарға  алгебралық  формулалармен  жҧмыс  істеуге  дағдыланған 
ғылыми қызметкерлер мен инженерлерге жеңіл қолдануға болатын компьютер-
лер шығаруға тырысты.  
1953  жылы  Джон  Бэкус  компьютерлердің  IBM-704  атты  нҧсқасына  арнап 
программалауды оңайлататын жаңа тіл ойлап шығаруды ҧсынды. Осыған орай 
жаңа  тілдің  сӛйлемдерін  (операторларын)  машиналық  кодқа  тҥрлендіретін 
программаны – трансляторды да жасап шығару керек болды.  
Алдыңғы  кезде  мамандар  Бэкустың  жҧмыс  тобына  ҥлкен  сенімсіздікпен 
қараған  болатын,  ӛйткені  машиналық  кодты  жетілдіру  істерінің  алғашқы 
ҧсыныстары  айналасында,  «адам  тілінде  сӛйлейтін»  компьютерлер  болады 
деген әңгіме-сӛз кӛп болған еді.  
Әйтсе де, FORTRAN (FORmula TRANslator — формулаларды тҥрлендіргіш) 
деп аталған тіл 1957 жылдың сәуірінде дайын болды және ол машина тіліне тек 
«формулаларды  аударып»  қана  қоймай,  циклдерді  ҧйымдастыру  істерін  де 
автоматтандыра білді.  
Бҧл  жҥйенің  табысы  кҥткен  мҥмкіндіктен  бірнеше  есе  асып  тҥсті,  1958 
жылдың  ӛзінде-ақ  IBM-704  компьютерлеріндегі  машиналық  командалардың 
жартысынан  астамы  қолмен  емес,  осы    Фортран  тілінің  трансляторы  арқылы 
алынды. 
Негізінде, Фортран жаңа программалау қҧралы емес, бҧрынғы нақты маши-
наға кӛмекші ретінде, оны сату ісін арттыратын мҥмкіндіктің бірі ретінде ғана 
жасалған жҧмыс болатын.  
Бірсыпыра  кемшіліктерінің  болуына  қарамастан,  мысалы,  кейбір  програм-
малау  идеологтары  Фортранды  «зердені  тҧйыққа  тірейтін,  синтаксис  ереже-
лерімен біріккен бҧтақшалардың тізбегі, оны оқып ҥйренуге тиым салу» керек 
деп шулағанымен, бҧл тіл кӛпшілікке кең таралып кетті және оны басқа маши-
наларға да икемдеп енгізу ісі жҥргізіле бастады.  
Икемдеу  ісі  (адаптация),  Фортран  тілінен  басқа  машина  тілдеріне  транс-
лятор программалар жасау арқылы жҥргізілді, әрине, ол оңай іс емес болатын. 
Дегенмен,  программалау  тарихында  тҧңғыш  рет  программаны  жақсы 
қойылған  тапсырма  бойынша  (Фортран  тілінің  ережелерімен)  жасау,  «не 


 
197 
жазарыңды  білмейтін»  тілде  жазғаннан  гӛрі  әлдеқайда  жеңіл,  әрі  арзан  екенін 
кӛрсете білді.  Басқаша айтқанда, ешқандай программалаусыз-ақ есепті ықшам 
тҥрге келтіріп, оны тҥсінікті етіп қоя білу де ҥлкен ӛнер саналып, жоғары баға 
ала бастады.  
Фортран тілі басқа да бір маңызды рӛл атқарды: ол  әртҥрлі компьютерлер 
бір-бірімен ортақ тіл таба алатын тамаша қҧралға айналды.  
Фортран  бірнеше  рет  толықтырылып,  ӛткен  ғасырдың  сексенінші 
жылдарына  дейін  кең  пайдаланылды.  Сонан  кейін  оны  жаңа  тілдер  ығыстыра 
бастады.  Соңғы  кездерге  дейін  ол  АҚШ-тың  Аэронавтика  мен  ғарыштық 
зерттеулер  жҥргізетін  ҧлттық  басқармасының  (NASA)  компьютерлерге 
арналған программалар  жасайтын негізгі  тілі болды.  Оның  әртҥрлі  нҧсқалары 
осы  кездерде  де  қуатты  компьютерлер  ҥшін  есептеу  программаларын  жасау 
мақсатында кең қолданылып келеді.  
Фортранның осындай кенеттен ашылған қасиеттері, оның әртҥрлі компью-
терлер  ҥшін  әмбебап  тіл  бола  алатын    мҥмкіндіктері  программалау  идеолог-
тарын қарапайым ойын программаларын жазудан босатып, оларды ӛмірдің кез 
келген кезеңінде пайдаға асатын  «әмбебап, жақсы, қолайлы тамаша» тіл жасау 
ісіне бет бҧрғызды. Оның ҥстіне трансляторларды жазатын олар емес, басқалар 
екені етенеден белгілі еді.  
Программа жасаушылардың «Ең жақсы – жақсының жауы» деген ҧранына 
қарамастан, Алгол (ALGOrithmic Language) деп аталған жаңа тілді жасау ісі екі 
жылдан аса уақыт алды және ол негізінен Европада ғана кең қолданыста болды. 
Бҧл, сірә, Европада да программалау тілдерінің мамандары бар дегенді дәлел-
деу ҥшін жасалған сияқты болды. 
Алгол  туралы  белгілі  информатик  мамандардың  бірі  Грейс  Хоппер  былай 
деген  болатын:  «Ол  ҥлкен  поэмаға  ҧқсас:  математика  тҧрғысынан  қарапайым, 
әрі тҥсінікті, бірақ практикалық тҧрғыдан олай дей алмаймыз». 
Осылай  программалау  саласындағы  европалық  аналитиктер  тілдің 
әмебаптығына  кӛңіл  бӛлсе,  біртіндеп  компьютер  шығарушылардың  әлемдегі 
кӛш басшысына айналған IBM фирмасы одан да мықты тіл шығаруға бет алды. 
IBM  фирмасы  1964  жылы  PL/1  (Programming  Language  One  —  Нӛмірі 
Бірінші  Программалау  Тілі)  тілін  дҥниеге  келтірді.  Сол  кездегі  АҚШ 
мамандары  осы  тілді  –  программалау  тілдерін  жасаушылар  ойлап  тапқан 
мҥмкіндіктердің  асқар  шыңы  болар  деп  ҥміттенді.  Солай  болды  да.  Бҧл  тілге 
кӛптеген жаңалықтар енгізілген еді. 
Әйтсе  де,  супер  әмбебап  программалау  тілдерін  жасау  идеясы  кір  жуғыш 
машинасы бар теледидар жасаған сияқты біраз жерде артық кетіп жатты, оның 
кӛптеген мҥмкіндіктерін пайдалану оңай болмады.  
Программалау тілдерінің ең жақсысын жасаймыз деп зерделерін жҧқартып 
жатқан  теоретиктер  жҧмысы  алаңдағы  жалғыз  допты  қуалаған  футбол  коман-
дасы тәрізді болды – солардың жасаған тілін ең жақсы, әрі әмбебап деп айтсын 
деуге ҧмтылған жарысушылар кҥйінде жҥрді.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау