Программа развития Жамбылской области


-2010 жылдардағы химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі мен нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы



жүктеу 4,87 Mb.
бет4/15
Дата24.02.2018
өлшемі4,87 Mb.
#10652
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2005-2010 жылдардағы химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі мен нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы

4 сурет

4 суреттен көргеніміздей, 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда химия өнімдерінің тауарлары 41,9%-ға аз өндірілді, өндіріс көлемі 21,6 млрд. теңгені құрады. 2005 және 2008 жылдар аралығындағы кезеңде фосфор өндіру көп ауытқыған жоқ, өндірістің орташа көлемі жылына 74 мың тоннаны құрады.

Химия өнеркәсіптерінің қуаттары республиканың қажеттілігін өтеп қана қоймайды, сонымен қатар өнімдерін әлемдік нарыққа шығаруға да мүмкіндіктері бар. Алайда, 2009 жылы әлемдік дағдарыс салдарынан машина жасаудағы, құрылыстағы, ауыл шаруашылығындағы, Евроодақтағы сары фосфор өніміне деген сұраныстың күрт төмендеуінен сары фосфор мен минералды тыңайтқыштар бағасының (3-3,5 есеге) төмендеуінен, электр қуаты (50%), табиғи газ (23%), электр қуатын тасымалдау (17%), сондай-ақ теміржол тасымалы бағасының өсімінен химия өнімдерін өндіру төмендеді.

2005 жылдан 2007 жылға дейін екі еседен аса төмендеген тыңайтқыш өндірісінің көлемі қазіргі кезде жылына 40-45 тонна деңгейінде. 2007 жылы өндіріс құрылымында бірқатар өзгерістер болды, тиімділігі төмен болғандықтан, 2005 жылы шығарылым үлесі 28%-ды құраған суперфосфат өндіру тоқтатылды.

2009 жылдың қаржылық дағдарыс экспортты бағытталған химия кәсіпорындарының жұмыстарында байқалды. Дегенмен, қабылданған шаралардың арқасында оның салдары төмендетілді. 2010 жылы химия өнеркәсібін шығару көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 38,9% - ға артқан және 29,0 млрд. теңгені құрған, оның үлесі өңдеу өнерксібі саласында 30%-дан астамға жеткен. Өнімнің негізгі түрлерін өндіруді арттыру байқалуда, 2009 жылғы 35,0 мың тоннаға қарсы 62,5 мың тонна фосфор шығарылған.

Химия саласын дамыту мәселесі бүгінгі таңда өте өзекті болып саналады. Оның келешегі фосфориттерді әрі-қарай дамытумен, фосфорды өңдеумен, минералды тыңайтқыштардың көлемін өсірумен және өнімнің түр-түрін кеңейтумен байланысты. Бұл жерде жылдармен анықталған, өңделген әлеует бар – ол ресурстық, кадрлық, технологиялық, инновациялық.

Қазіргі таңда химия өнеркәсіптері жаңа инновациялық және бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын ашу үстінде үздіксіз жұмыс атқаруда, өнімнің қосымша құнын арттыру әлеуетін пайдалана отырып инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.

Сонымен Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған индустриаландыру картасының шеңберінде «Казфосфат» ЖШС Тараз қаласында күкірттік-қышқылдық цехтың құрылысы, Жаңатас қаласында кен өндіру кешенінің аумағында фосфориттерді суспензиялық-флотациялық қамту цехының құрылысы және жаңғырту бойынша 2 инвестициялық жобаны іске асыруда.

Ауыспалы технологияларды кәсіпорындарда жоспарлы пайдалану елдің химия өнеркәсібін дамытуға, шикізатты – күкірт қышқылын жеткізушілерге тәуелділікті есептемегенде қазақстандық үлесті өсіруге, шығарылып жатқан тауарлардың сапасын жақсартуға, ең бастысы қосымша жұмыс орындарын ашуға, өңірдің экологиясын жақсартуға, қалдықсыз өндірісті ұйымдастыруға және минералды тыңайтқыштардың өзіндік табысын төмендетуге мүмкіндік береді.



Машина жасау

2009 жылы машина жасау өнімдерін шығару 7 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2008 жылы – 91,5%-ды, ЖҚҚ көлемі – 3,5 млрд. теңгені құрайды. ЖӨӨ құрылымындағы машина жасау өнімдерін шығарудың үлесі 1,2%-ды құрады. Салада жуу техникалары басымдықпен шығарылады. Бұл саланың республика көлеміндегі үлесі аз ғана, бар болғаны 2 пайыз ғана және облыстың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 8 пайыз ғана.



Машина жасаудағы өндірістің құлдырауы 2006 жылдан басталды, бұл өнімге деген сұраныстың инвестициялық сипатымен байланысты, өнім шығару көлемі 2007 жылы 2006 жылға қарағанда 7,3%-ға, 2008 жылы 2007 жылға қарағанда – 31%-ға. 2010 жылы 2009 жылға қарағанда – 3,8%-ға өскен (6 сурет).

2005-2010 жылдардағы машина жасау өндірісінің көлемі

және нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы

6 сурет

Машина жасаудың даму қарқыны баяу. «Таразкоммаш» атты жалғыз кәсіпорын өндірістік жуу машиналарын, киім кептіретін және кір сығатын машиналар ғана шығарады, онда бірқатар шешілмеген мәселелер бар:

- жабдықтардың ескіру деңгейі өте жоғары (43-80%);

- шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, түрлерінің аздығы және өнімді ішкі тұтыну үлесінің төмендігі;

- қолда бар өндіріс қуаттырын толық пайдаланбау;

- саланың инвестицияға тартымдылығының төмендігі және айналым қаржыларының үнемі жеткіліксіздігі;

- инфрақұрылымның біршама бөлігінің (конструкторлық бюро, тәжірибелік-эксперименттік база, тексеру және техникалық бақылау орталығы) жоғалуы;

- өндірісті дамытуға қаржы тартудың пайыздық мөлшерлемелерінің жоғарылығы.

Машина жасау көлемінде аса көп үлесті «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалдары береді: «Шу локомотив жөндеу зауыты» және «Тараз локомотив жөндеу депосы».


Металлургия

Облыста алтын кенін өндіру мен байыту, металл балқыту, сондай-ақ металдан бұйымдар жасау іске асырылуда. Ферросплав, алтын және құрамында алтыны бар концентраттар өндіру барынша маңызды салалар болып табылады.



ЖӨӨ құрылымындағы металлургия өнімдерін шығару үлесі - 1%. Облыстың экспорттық-импорттық операциялар құрылымындағы металлургия өнімдерін шығару үлесі 6% шамасында. Металлургия өнімдерін экспорттау 2009 жылы 2,1 млрд.теңгені, саладағы ЖҚҚ көлемі - 3,7 млрд. теңгені құрады.
2005-2010 жылдардағы металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі және

нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы
7 сурет

7 суретте көрсетілгендей, 2005-2006 жылдары металлургия өнімінің біртіндеп өсуі байқалуда, ал 2007 жылдан бастап өндіріс көлемінің өсуі «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС жаңа өндірісін ұйымдастыру есебінен қамтамасыз етілген (әрі-қарай «ТМЗ» ЖШС), өңдеу өнеркәсібінің жаңа саласын дамытуды берді – қара металлургия. 2009 жылы өнім шығару шамамен 8%-ға қысқарған және 4,1 млрд. теңгені құрған, ал 2010 жылы 6,9% (4,7 млрд. теңге).

Саланың өсімі біріншіден «ТМЗ» ЖШС-де өнім шығарудың өсуімен қамтамасыз етілген, бұл 2007 жылдан бастап «Химпром-2030» ЖШС зауытын қайта жаңғырту бойынша ферро қойыртпалық өнімді өндіруге, болат балқыту өндірісін, электркалцийлендірген антрацитті ұйымдастыруға инвсетициялық жобаны іске асыруда.

2009 жылы кәсіпорын 1,8 млрд. теңгенің тауар өнімдерін шығарды және 9,7 мың тонна ферросиликомарганец, 6,6 мың тонна – электродты массалар, 659 тонна – жөндеу массаларын шығарды. 2007-2009 жылдардағы кәсіпорынды қайта жаңғыртуға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 6,5 млрд. теңгені құрады. Алайда 2009 жылғы өндіріс көлемінің төмендеуіне пештің сәуір айында жөндеу үшін және тамыз айында жоспарлы түрдегі жөндеу жұмыстары үшін тоқтатылуы, сондай-ақ ферросиликомарганец шығаратын шикізатпен қамтамасыз етілмеуі негізгі себеп болды.

Бүгінгі таңда елдің индустриаландыру картасының шеңберінде «ТМЗ» ЖШС ферроқорытпа өндірісі мен оның шикізаттық базасын, қуаттылығын жылына 300 мың тонна ферроқойыртпаларына дейін жеткізумен бірге әртараптандыру және кеңейту инвестициялық жобасының 2 кезеңін іске асыруда.

Облыстың дайын металл бұйымдарын өндіру Тараз қ. шоғырланған және «Құрылыс қондырғылары зауыты» ЖШС және «Имсталькон» (ЖМКЗ) ЖШС-мен ұсынылады.

«Имсталькон» (ЖМКЗ) ЖШС Қазақстан мен таяу шетел нарығында болат конструкцияларын дайындау мен монтаждау бойынша беделді орынды иеленеді.

Кәсіпорында көлемі 100-ден 20000 текше метрге дейінгі шикі мұнай мен мұнай өнімдерін, су мен басқа да сұйықтықтар сақтайтын болаттан жасалған тік шеңбер тәріздес ыдыстар шығаратын екі қуатты қондырғылар бар. 2009 жылы металл конструкцияларына деген тапсырыстың қысқаруынан кәсіпорындағы өнім шығару 38,5%-ға төмендеді. Кәсіпорында IS0 9000 сапа менеджменті жүйесі енгізілді.

2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновацилық даму мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Жаңатас» «Металлургия комбинаты» ЖШС болат балқытатын цех құрылысы 2010 жылы аяқтады. Ал Тараз қ. «Қосалқы бөлшектер» АҚ-да электрометаллургия шағын зауытының құрылыс бойынша инвестициялық жобасын іске асырды. Жобаның бастамашылары жылына металл сынықтарын 120 мың тоннадан 180 мың тоннаға дейін өндіру қуаттылығын арттыру бөліміне өзгерістер енгізген, осыған байланысты пештерді дайындау бойынша іске қосу - реттеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалық қуаттылыққа шығу 2012 жылы жоспарлануда.

Алтын өндіру Мойынқұм ауданындағы Ақбақай кен орнында шоғырланған, оның үлесінде Қазақстанда барланған алтын қорының 9%-ы сәйкес келеді. Құрамында алтыны бар кенді өңдеумен Ақбақай ТМК айналысады және олар құрамында алтыны бар концентрат, алтын және күміс шығарады.



«Ақбақай» жер асты кен орнының жылдық өнімділігі 150,0 мың тоннаны, ал ашық тау жұмыстарын жүргізетін учаскелердегі жылдық өндіріс 230,0 мың тонна топтық сілтісіздендіру үшін құрамында пайдалы қазбасы аз кен өндіреді. Ескі өндіріс орны бүгінгі таңда физикалық та, моральдық та тұрғыдан ескірген, 2010 жылдың көктемінде шахтаның бірқатар бөліктері судың астында қалды. «Алтын Алмастың» жаңа басшыларының алдындағы алғашқы кезеңдегі міндеттердің бірі өндірістік мәселелерді шешу.

2011 жылдың 1-ші жартыжылдығында «Алтын Алмас» АК» АҚ жаңа автоматтандырылған технологияларыд пайдаланумен қоса жаңа өндірісті құруды қарастыруда және алтын құрамды кенді қайта өңдеу бойынша «Ақбақай кластері» инвестициялық жобаны іске асырды. Жоба Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған республикалық индустриаландыру картасына енгізілген.

Облыс қойнауындағы көптеген пайдалы қазбалардың ішінде мыс ерекше орын алады. Қазақстандағы мыс кенінің 3%-ға жуғы біздің облысымыздың үлесінде. Мыс кенінің базасы Қордай-Шатыркөл мысты ауданында шоғырланған және ол өнеркәсіптік игеруге дайындалған Шатыркөл және Жайсан (Шу ауданы) кен орындарымен көрініс береді.


Металл емес өзге минералды өнімдер өндірісі

Облыста кендік емес пайдалы қазбаларға – құрылыс материалдарына шикізаттар, оның ішінде өңдеу тастары, әктастар, әрлеу, құрылыс тастарына және т.б. өте бай. Облыста құрылыс материалдарын өндіруді дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар.

2009 жылы металл емес өзге минералды өнім шығару 3,9 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 80,3%-ды құрады. Саладағы ЖҚҚ көлемі 2,3 млрд. теңгені құрады. ЖӨӨ құрылымындағы құрылыс материалдары өндірісінің үлесі 2009 жылы – 0,6%-ға жетті. Экспорт көлемі 2009 жылы - 4305 мың теңге болды. Құрылыс материалдарының өндірісі 2007 және 2008 жылдары өсті, алайда 2009 жылы өндіріс көлемі біршама қысқарды. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі металл емес өзге минералды өнімнің үлесі 4,4%-ды құрайды.

Әлемдік дағдарыс 2009 жылы құрылыс индустриясы кәсіпорындарының жұмысы мен құрылыс материалдары өндірісіне барынша қатты әсер етті. цемент, кірпіш, ұсақ тас, әктас және т.б. өндіретін кәсіпорындар («Монолит» АҚ, «Ақтас» ЖШС, «Керамик-Инвест» және т.б.) жартылай немесе толығымен тоқтап қалды.

2009 жылы кірпіш өндіру көлемі 48%-ға қысқарып, 60,8 мың текше метрді құрады, ұсақ тас өндіру 34%-ға қысқарып, 553,6 мың текше метрді құрады, әктас пен гипс өндірісінің көлемі 884,7 мың тоннаға қысқарды, бұл алдағы жылдың кезеңінен 47%-ға төмен.

Әктас пен ұсақ тасты экспортқа шығаратын «Ақтас» 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында тоқтап тұрды, себебі өнімге деген сұраныс болмады, олар өз жұмысын жылдың тек екінші жартысында ғана қайта бастады. Бұл кезең аралығында 352,8 млн. теңгенің өнімі өндірілді.

Индустриалды-инновациялық бағдарламасы шеңберінде 2009 жылы «Құрылыс материалдарын шығаратын комбинат құрылысы» инвестициялық жобасы іске асырылды, Жаңатас-1 әктас кен орны мен Жаңатастық құрылыс тастарының кен орны оған шикізат базасы ретінде қызмет етеді. Ал 2010 жылы «АльБасар» ЖШС гранит пен одан жасалатын бұйымдарды өңдеу цехының құрылысын аяқтады. Шығарылатын өнімдер - жиектеме, қырлама және кеспелтек.

Құрылыс кешенінің қазіргі кездегі талаптарына сәйкес келетін құрылыс материалдары, құрылыс бұйымдары мен конструкциялары өндірісіне, сонымен қатар жоғары деңгейдегі өңдеу өнімдеріне арналған шикізаттың негізгі түрлерінің қолданыстағы кен орындарының бар екендігін көрсететін бірегей минералдық-шикізаттық базасы бар біздің облысымызда Мойынқұм ауданында 2 цемент зауытының құрылысы жоспарлануда, оның бірі 2010 жылы енгізілген «Жамбылдық цемент өндірісі компаниясы» ЖШС, ал екіншісі 2011 жылдың 2 жартыжылдығында жоспарланған Хантау станциясындағы «ACIG» АҚ.

Сонымен бірге, 2011 жылдың 1-ші жартыжылдығында құрылыс индустриясында полиэтиленді құбырларды («Тараз құбыр зауыты» ЖШС) өндіру бойынша жоба іске асырылып, темір бетондық бұйымдарды өндіру («Бином Строй-Деталь» ЖШС) бойынша инвестициялық жобалары да іске асырылуда. Жобалар өңірлік индустриаландыру картасына енгізілген.
Жеңіл өнеркәсіп

Жеңіл өнеркәсіптің облыс экономикасының құрылымындағы үлесі көп емес. 2009 жылы саладағы өнім өндірісінің көлемі жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі көлемнің 0,4%-ын ғана құрады. Өндіріс көлемі 2009 жылы 325,8 млн. теңгені (НКИ - 112,1%) құрады. Саладағы ЖҚҚ көлемі 263,2 млн. теңге. Инвестиция көлемі 1,3 млрд. теңгені құрайды.

Саладағы жұмыс істейтіндер саны облыс экономикасында жұмыс істейтіндердің 0,5%-ын құрайды. ЖӨӨ құрылымындағы жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығару үлесі 0,06%. Экспорттың жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіп өнімдері экспортының үлесі бар болғаны 1,1% ғана. Саладағы жұмыс істейтін кәсіпорындардың 80%-дан астамы моральдық тұрғыдан ескірген жабдықтармен жарақтандырылған шағын және орта бизнес субъектілерімен көрініс береді.


жүктеу 4,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау