Жамбыл облысының жалпы өңірлік өнімі 2007 жылы ағымдағы бағамен 266,5 млрд. теңгені, 2008 жылы – 324,8 млрд. теңгені, 2009 жылы – 348,9 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте ҚР жалпы ішкі өніміндегі Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің үлес салмағы 2007 жылы 2,1%-ды, 2008 жылы - 2,0%-ды, 2009 жылы - 2,0%-ды құрады.
Жамбыл облысының жалпы өңірлік өнімі жоғары өсу қарқынына қарамастан, бұл көрсеткіш соңғы 10 жылда тек 2003 және 2007 жылдары ғана ҚР-дағы орташа өсу қарқынынан артық болды. 2007 жылы Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің өсу индексі алдағы кезеңге қарағанда 138,6%-ды, 2008 жылы -121,9%-ды, 2009 жылы – 107,4%-ды құрады.
Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ, ЖӨӨ-нің өсу қарқынының көрсеткіштері бойынша Жамбыл облысы ҚР-ның өзге өңірлерінен біршама артта келеді және ол 15-16 орындарда тұр. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2007 жылы 262,8 мың теңгені, 2008 жылы - 316,9 мың теңгені және 2009 жылы – 336,3 мың теңгені құрады, бұл ретте орташа қазақстандық халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2007 жылы 829,9 мың теңгені, 2008 жылы – 1024,2 мың теңгені, 2009 жылы – 1068 мың теңгені құраған болатын.
Жамбыл облысының жалпы өңірлік өнімінің өсу қарқынының төмендігі көптеген факторларға байланысты болып отыр, оның ішінде өнеркәсіп құрылымы (сұраныстың әлсіздігінен тоқырап қалған химиялық және тамақ өнеркәсібінің басымдығы), ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің үлес салмағының басымдығы (ондағы еңбек өнімділігінің өсемі әлсіз), мұнай мен газдың ірі кен қорларының жоқтығы (Маңғыстау және Атырау облыстарымен салыстырғанда).
2007 жылы Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің нақты өзгеру индексі алдағы кезеңге қарағанда 109,5%-ды, 2008 жылы - 108,2%-ды, 2009 жылы – 101,2%-ды құрады. Бұл ретте 2008 жылы Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің нақты өзгеру индексі ҚР-дағы орташа деңгейден біршама артық болды (103%).
1 кесте
|
2007 жыл
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
ЖӨӨ
|
үлес салм., %
|
ЖӨӨ
|
үлес салм., %
|
ЖӨӨ
|
үлес салм., %
|
Облыс бойынша барлығы
|
266467,7
|
100
|
324806,7
|
100
|
348916,4
|
100
|
ауыл шаруашылығы
|
35479,7
|
13,3
|
39545,4
|
12,2
|
44617,4
|
12,8
|
өнеркәсіп
|
47786,7
|
17,9
|
66711,4
|
20,5
|
59366,2
|
17,0
|
құрылыс
|
13004,8
|
4,9
|
21630,7
|
6,7
|
33125,6
|
9,5
|
сауда
|
22837,1
|
8,6
|
33643,1
|
10,4
|
40265,3
|
11,5
|
көлік
|
27235,7
|
10,2
|
30300,1
|
9,3
|
29464,6
|
8,4
|
байланыс
|
3074,4
|
1,2
|
3746,6
|
1,2
|
4549,6
|
1,3
|
басқалар
|
117049,3
|
43,9
|
129229,4
|
39,7
|
137527,7
|
39,5
|
ЖӨӨ құрылымында 2007 жылы өнеркәсіп үлесіне 17,9%, 2008 жылы - 20,5%, 2009 жылы - 17 %, ауыл шаруашылығының үлесіне тиісінше - 13,3%, 12,2% және 12,8% , саудаға – 8,6%, 10,4% және 11,5%, көлікке – 10,2%, 9,3% және 8,4%, байланысқа – 1,2%, 1,2% және 1,3%, құрылыстың үлесіне – 4,9%, 6,7% және 9,5%, басқа салаларға - 43,9%, 39,7 % және 39,5% сәйкес келді.
2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп үлесінің төмендеуі олардың басқа салаларға қарағанда баяу дамуымен байланысты болды.
Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері бойынша облыс ҚР-да соңғы орында, оның көрсеткіші бір жұмыспен қамтылған адамға 2008 жылы 613 мың теңге және 2009 жылы 667,7 мың теңге (ал орташа қазақстандық көрсеткіш бір жұмыспен қамтылған адамға 2008 жылы 2043 мың теңге 2009 жылы 2152 мың теңге).
Жамбыл облысындағы еңбек өнімділігінің өсімі тұрақсыз және ҚР-дағы еңбек өнімділігінің орташа көрсеткішінен аспайды. Еңбек өнімділігінің төмендігі Жамбыл облысындағы жұмыспен қамтылудың құрылымымен тікелей байланысты, оның ішінде ауыл шаруашылығындағы өз бетінше жұмыспен қамтылудың басымдығына да байланысты. Жамбыл облысындағы еңбек өнімділігінің индексі алдағы жылға пайызбен қарасақ, 2007 жылы 127%, 2008 жылы – 116%, 2009 жылы –106% шамасында болды.
Өнеркәсіп.
Облыстың өнеркәсіп өндірісінің үлесі республикалық көлемде 2009 жылы 1,3%-ды құрады және басқа өңірлермен салыстырғанда ең төменгілердің бірі болды. Біздің аймақ фосфор мен фосфор тыңайтқыштарын (100%), қой жүнін (77%), қант (66%), шыны бөтелкелер (14%) мен керамикалық кірпіштер (17%), шұжық өнімдерін (13%) және қатты ірімшік (10%) шығаруда басты орындардың бірінде.
Облыста минералды-шикізат ресурстарының болуы арқасында тау-кен өндіру, газ өндіру, химия, тамақ, металлургия өнеркәсібі, құрылыс материалдары өнеркәсібі, электр қуаты саласы дамыған.
Жамбыл облысы ҚР барлық экспортының тек 0,6%-ын және импортының 0,7%-ын құрайды. ТМД елдеріне Жамбыл облысының импорты мен экспортының 40% сәйкес келеді. Негізгі сауда серіктестері – Ресей, Украина және Қырғызстан. Қытаймен тауар айналымы бәрінен жылдам дамуда.
Облыстың өндірістік әлеуетін тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары құрайды (1 кесте).
2005-2010 жылдардағы тауар өнімдері өндірісінің
көлемі және нақты көлем индексі
1 кесте
Атауы
|
2005 жыл
|
2006 жыл
|
2007 жыл
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл*
|
Өнеркәсіп, млрд. теңге
|
74,4
|
80,3
|
97,5
|
150,2
|
115,6
|
119,6
|
Алдағы жылға НКИ %-бен
|
100,7
|
105,4
|
114,1
|
113,0
|
69,3
|
110,8
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
тау-кенөндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру, млрд. теңге
|
3,6
|
4,0
|
4,5
|
7,7
|
6,5
|
8,7
|
алдағы жылға НКИ %-бен
|
58,0
|
101,6
|
107,1
|
125,1
|
69,6
|
131,8
|
өңдеу өнеркәсібі, млрд. теңге
|
61,4
|
65,0
|
72,8
|
109,5
|
88,2
|
91,1
|
алдағы жылға НКИ %-бен
|
105,2
|
105,1
|
109,3
|
107,0
|
73,4
|
116,5
|
электр қуатын, газ бен суды өндіру және тарату, млрд. теңге
|
9,4
|
11,3
|
20,2
|
32,9
|
-
|
-
|
алдағы жылға НКИ %-бен
|
126,2
|
108,9
|
144,0
|
128,4
|
-
|
-
|
электрмен қамтамасыз ету, газ, бу беру және ауа желдеткішін беру, млрд. теңге
|
-
|
-
|
-
|
-
|
19,9
|
18,3
|
алдағы жылға НКИ %-бен
|
|
|
|
|
55,6
|
80,7
|
сумен қамсыздандыру; канализация жүйесі, қалдықтарды жинау мен орналастыруды бақылау, млрд. теңге
|
-
|
-
|
-
|
-
|
1,1
|
1,5
|
алдағы жылға НКИ %-бен
|
-
|
-
|
-
|
-
|
62,4
|
126,3
|
*- алдын – ала мәліметтер бойынша
Сонымен 2009 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 115,6 млрд. теңгені (НКИ – 2008 жылғы деңгейге 69,3%-ды) (1 сурет) құрады. Өнеркәсіптегі ЖҚҚ көлемі 55,5 млрд. теңгені құрады. Өнімге деген сұраныстың баяулауынан, әлемдік бағаның төмендеуінен болған қаржылық дағдарысқа байланысты 2008 жылдан бастап өндірістің нақты көлем индексі төмендеді, бұл кәсіпорындардың жағдай тұрақталғанға дейін өндірістерін тоқтата тұруына алып келді. 2008 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемінің өнеркәсіптің негізгі салалары – тау кен өндірісі мен карьерлерді игеруде – 30,4%-ға, өңдеу өнеркәсібінде –26,6%-ға, электрмен қамсыздандыру, газ, бу және ауа желдеткіштерін беруде – 44,4%-ға, сумен қамсыздандыру, канализация жүйесі, қалдықтарды жинау мен орналастыруды бақылауда –37,6%-ға төмендеді.
2010 жылы мемлекетік саясатты іске асыру шеңберінде облыста дағдарыс кезеңіндегі дамудың тұрақты негізін құруға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асыру жалғастырылған. Әлемдік экономикалық құлдыраудың салдарын бәсендету қажет болды. Өнеркәсіп көлемінің өсіміне жауапты қадам жасауға облыс кәсіпорындарымен өндіріс көлемін өсіру, химия өнеркәсібінің өніміне сыртқы сұранысты қалпына келтіру, индустриаландыру картасына енгізілген жаңа өндірісті қосу, сонымен қатар қазақстандық үлесті дамыту ықпал етті.
Нәтижесінде жыл басынан өнеркәсіп өнімін өндіруде оң динамика байқалады, онда өнім көлемі 119,6 млрд. теңгені құрап, 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда 10,8%-ға өскен, оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игеруде – 8,7 млрд. теңге (131,8%), өңдеу өнеркәсібінде – 91,1 млрд. теңге (116,5%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 18,3 млрд. теңге (80,7%), сумен жабдықтауда, кәріз жүйесінде, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда – 1,5 млрд. теңге (126,3%).
2005-2010 жылдардағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі
мен нақты көлем индексінің өзгеруі динамикасы
1 сурет
Өңдеу өнеркәсібі
Облыс өнеркәсібінде өңдеу өнеркәсібі басымды сала болып табылады, оның кәсіпорындарының үлесіне өнеркәсіп өндірісінің 76,3%-ы сәйкес келеді. ЖӨӨ-ң құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2009 жылы 12,6%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 5,3 млрд. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі ЖҚҚ 2009 жылы 41,4 млрд. теңгені құрады.
Өңдеу өнеркәсібінің негізін төмендегі салалар құрайды: азық-түлік өндірісі (саладағы үлесі – 51,1%), химия өнеркісібінің өнімдері (24,5%), машинажасау (7,9%), металлургиялық өнеркәсіп (4,6%), басқа да металл емес минералды өнімдерді өндіру (4,5%), кокс және мұнай өнімдерін өндіру (1,5%), тоқыма бұйымдары (0,4%) және өнеркәсіптің басқа да салалары (5,5%).
2009 жылы өндірілген өнім көлемі 88,2 млрд. теңгені (НКИ – 2008 жылғы деңгейге 73,4%) құрады.
Соңғы екі жылда нақты көлем индексінің төмендеуі химия өнеркәсібіндегі (41,9%-ға), азық-түлік өндірісіндегі (23,8%-ға), өзге металл емес өнімдер өндірудегі (19,7%-ға), машина жасаудағы (8,5%-ға), металлургиялық өнеркәсіптегі (7,8%-ға) және т.б. өндіріс көлемдерінің қысқаруынан болып отыр. Экономикалық дағдарыс өте маңызды сынақ болды және ол облыстағы өнеркәсіп саласының кәсіпорындарының жұмысына қатты әсер етті. 2009 жылы қолданыстағы өнеркәсіп кәсіпорындарының саны 446-ны, оның ішінде 25 ірі және 38 орта өнеркәсіп кәсіпорындарын құрады, 63 ірі және орта кәсіпорындарының ішінен 6 кәсіпорнны жартылай тоқтап тұрды.
Дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында 2010 жылы өңдеу өнеркәсібі саласында өсім химия өнімін өндіру (2009 жылдың деңгейіне 138,9%), дайын металл бұйымдары (122,7%), киім (177%), өзге де метал емес минералды өнімдерін (1,6 есеге), былғары және былғарыға жататын өнімдер (3,3 есеге) көлемдерін едәуір арттыру есебінен 16,5%-ды құрады, қара металлды өндіруде өсімнің оң қарқындары байқалуда (ферроқойыртпалары – 28,2%). Саланың өндіріс көлемі 91,1 млрд.теңгені құрады.
2005-2010 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі тауар өнімдері өндірісінің көлемінің және нақты көлем индексінің өзгеруі динамикасы
2 сурет
Достарыңызбен бөлісу: |