Программа дисциплины для студентов


Құрастырушы: ______аға оқытушы Алимова Ж.С



жүктеу 5,02 Mb.
бет3/33
Дата17.11.2017
өлшемі5,02 Mb.
#946
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Құрастырушы: ______аға оқытушы Алимова Ж.С..



5В060200 «Информатика» мамандығының күндізгі нысанда оқитын студенттеріне арналған «Экономикалық есептеулердің бағдарламалық құралдары» пәнінің


БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Бағдарлама 2014 ж. «___»_________ бекітілген оқу жұмыс бағдарламасының негізінде әзірленді.


Кафедра отырысында ұсынылды 2014 ж. «___»_________, №_____хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________________ Джарасова Г.С.


ФМжАТ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2014 ж. «_____»______________ №____хаттама

ОӘК төрағасы __________ Искакова А.Б. 2014 ж. «____»_____________

1 Оқу пәнінің паспорты
Пәннің атауы «Экономикалық есептеулердің бағдарламалық құралдары»
Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 3

Семестр: 5



Жалпы сыйымдылық – 135 сағат

Аудиториялық сағаттар – 45 сағат (дәріс -15 сағат, практикалық сабақтар –30 сағат)

СӨЖ – 90 сағат (оның ішінде СӨОЖ – 22,5 сағат)
Бақылау формасы

Емтихан – 5 семестр


2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараты

Алимова Жанар Сагидуллаевна

Информатика магистрі, аға оқытушы

Математика және информатика кафедрасы А корпуста (Ломов к-сі, 64) орналасқан, ауд. А-408, тел. 67-36-87 (ішкі 11-25)


3 Пәннің мақсаты мен міндеттері
Оқу пәні - «Экономикалық есептеулердің бағдарламалық құралдары» курсы қаржылық ұйымдарды басқару және экономикалық есептерді шешу үрдісінде есеп техникасы мен байланыстардың жаңа құралдарын қолдану негізінде экономикалық ақпараттық жүйелерді қолдану мен қалыптастыру сұрақтарын зерттеуді білдіреді.

Пәннің мақсаты - «экономикалық есептеулердің бағдарламалық құралдары» пәнін оқытудың мақсаты студенттердің алдағы кәсіби қызметіне есептеу техникаларын қолдану және меңгеру үшін білім беру, қажетті іскерлік дағдыны игерту.

Пәннің міндеттері

  • студенттерге есептеу техникасының негізін оқыту және

  • компьютермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

4 Пререквизиттер және постреквизиттер

4.1 Пререквизиттер Пәнді оқу барысында келесі пәндер бойынша қалыптасқан білік пен дағды қажет:

  • Информатика

  • Экономикалық теория негіздері

  • Мәліметтер қорының теориясы


4.2 Постреквизиттер

Пәнді оқу барысында қалыптасқан білім, білік және дағды алдағы уақытта 1С платформада бағдарламалау технологиясы пәнін меңгеруге қажет.


5. Білім мен дағдыларға қойылатын талаптар

Студент түсінуі керек:



  • Мәліметтер қоры және оларды ұйымдастыруды;

  • Оптималды шешімді іздеу жолдарын;

  • ЭАЖ құру әдістері туралы;

білу керек:

  • Төлемде қарапайым ағымдарды талдауды автоматтандыруды;

  • Аннуитеттер мінездемесін есептеулерді автоматтандыруды;

  • Купондық облигацияларды талдауды автоматтандыруды;

  • Векселдермен орындалатын операцияларды талдауды автоматтандыруды.

қолдана білу:

  • Экономикалық есептеулерде қолданылатын бағдарламаларды;

  • MS Excel-де бар функцияларды;

тәжірибешілік дағдыларды меңгеру:

  • MS Excel-де кесте қою және ақпараттық технологиялар параметрін таңдау;

  • Қарапайым ағымдағы төлемдегі қаршылық операцияларды орындау функцияларын;

  • Қарапайым аннуитеттің ағымдағы (қазіргі уақыттағы) бағасын анықтау функцияларын;

  • Периодтық пайдамен облигацияны бағалау әдісінде функцияларды;

  • Қаржылық векселдердің бағасын бағалау функцияларын;

  • Критерий бойынша мәліметтерді іздеуді және сүзгілуді қамтамасыз ету;

құзыретті болу:

  • EXCEL қолданбалы программа ортасында типтік есептеулерді автоматтандыру;


6 Күндізгі оқу түріне арналған пәннің тақырыптық жоспары
Сабақтардың түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу

№ р/с

Мазмұны


Сағаттар саны

Дәріс

Тәжірибе

СӨЖ

1.

Ақпараттық технологиялар. MS Excel бар функцияларын қолдану.

1

2

10

2.

MS Excel де кесте қою және ақпараттық технологиялар параметрін таңдау

2

4

10

3.

Төлемде қарапайым ағымдарды талдауды автоматтандыру

2

4

10

4.

Аннуитеттер мінездемесін есептеулерді автоматтандыру

2

4

10

5.

Купондық облигацияларды талдауды автоматтандыру

1

2

10

6.

Векселдермен орындалатын операцияларды талдауды автоматтандыру

2

4

10

7

Мәліметтер қоры

2

4

10

8

Мәліметтерді сұрыптау және сүзгілеу

1

2

10

9

Оптималды шешім табу

2

4

10

Барлығы

15

30

90


7 Дәрістік сабақтардың мазмұны

Тақырып №1. MS Excel-дің ендірілген функцияларын қолдану. Excel ортасында типтік есептеулерді автоматтандыру.

Excel программасы Microsoft Office пакетіне кіреді және Windows-тың басқаруымен электрондық кестелерді дайындауға және өңдеуге арналған.

Excel құжаты (өңдеу объектісі) кез келген аты және .XLS кеңейтілуі бар файл болып табылады. Осындай файл Excel терминінде жұмыс кітабы деп аталады. Әр XLS файлында 1-ден 255-ке дейін электрондық кестелер орналаса алады, әрқайсысы жұмыс беті деп аталады.

Excel электрондық кестесі 16384 (Excel-97-65536) жолдан және 256 бағаннан тұрады, ол компьютер жадысында орналасқан. Жолдар 1-ден 16384-ке (немесе 1-ден 65536-ға) дейінгі бүтін сандармен нөмірленген, ал бағандар A,B, C, …Z, AA, AB,…IV латын алфавитінің әріптерімен белгіленген. Excel-дің құрылымдық негізгі элементі ұяшық – бағандар мен жолдардың қиылысы. Әрбір ұяшыққа мәтінді, санды немесе форлмуланы еңгізуге болады.

Бағдарламада формулалар деп, бетте шығарылатын есептеулерді айтады. Формулаларды қолымен немесе бағдарламамен ұсынылып отырған дайын формулалар қолдану арқылы енгізуге болады. Формула әрқашан теңдік белгісінен басталады. Бағдарламада формула жасауға арналған бірнеше логикалық және математикалық есептер ескерілген. Есептеу түрі күрделі болуы мүмкін. Формулаларда константадан басқа адрестер мен ұяшықтардың аттарын қолдануға болады. Орындалу реті жақшалардың көмегімен өзгереді.

= А1+А2*3/А3. Егер осы жұмыс кітабының басқа беттің ұяшығына сілтемені көрсету керек болса, онда теңдік !А1 деп жазылады. Дәлелдер ретінде сандар, ұяшықтардың адрестері, формулалар немесе функциялар алға шыға алады. Мысалы, СУММ (А1,МАКС (А2,А3)). Ұяшықтардың абсолютті бағыттауы және салыстырмалы бағыттауы. Ұяшықтардың абсолютті бағыттауы курсордың ауысу кезінде нақты (керек) ұяшықтың адресі өзгермегендей қызмет етеді. Ол үшін $ белгіні қолданады, мысалы,= СУММ ($А$1: $А$2). Ыңғайлы болу үшін ұяшыққа ат иеленуге болады. Ол үшін ұяшықты ерекшелеп, ВСТАВКА-ИМЯ-ПРИСВОИТЬ-ті таңдау керек. Аты 255 символдан аспауы тиіс, сөздердің араларында ашық жерлердің, сызықшаның болмауы тиісті. Аты символдан немесе астын сызу символынан басталады. Функцияның көбі функция шебері көмегімен еңгізіледі.

Формула тапсырмасына арналған әртүрлі техникалық қабылдаулар қолдануға болады. Формула “=” белгіден басталатынын есте сақтау керек. Формула арифметикалық операциялардың белгілерінен құрылады алады: “+”, “-”, “*” (көбейту), “/”(бөлу), дөңгелек жақшалар, функциялар, есептеу реті математикада қабылданған талаптарға сай болады.

Техникалық қабылдау 1:

“=” белгісін еңгізу, ал содан соң формуланы бәрін жазып қою, ұяшықтардың адрестерін көрсете отырып, пернетақта арқылы оларды теріп алып, арифметикалық операциялардың белгілерімен оларды қосу.

Техникалық қабылдау 2:

“=” белгісін еңгізу, ұяшықты шерту арқылы ұяшықтардың адрестерін енгізу, адрес формулада тұру тиіс және дәл осы арифметикалық операциялардың белгілерімен оларды қосу.

Ұяшықтардың қосындысын есептеуге арналған пернені қолдануға болады, қосуға жататын ұяшықтардың диапозонын тышқан арқылы ерекшелеу. Егер көрші емес ұяшықтардың диапозондарын ерекшелеу қажет болса, ерекшелеу кезінде [Ctrl] пернесін басу керек.

Күрделі формулаларды құру кезінде, әртүрлі математикалық , статистикалық немесе басқа функциялардан құрылған формулаларды формула шеберін қолдану лайықты, пернені басып шақыруға болады немесе “ВСТАВКА” менюінің “ФУНКЦИЯ” командасын таңдау.


Жағымсыз өзгертулерден ұяшықтардың қорғаныш механизмы.

Excel жағымсыз өзгертулерден ақпаратты қорғауға мүмкіндік береді. Қорғаныш тәсілдері барлық жұмыс кітаптарын, бүтін бетті және бөлек ұяшықтарды немесе ұяшықтардың диапозондарын айырады.

Бөлек бетті қорғау үшін, “Сервис” менюінің “Защита” командасын таңдау керек, содан соң “Защитить лист” командасын (жұмыс кітабын қорғау үшін - “Защитить книгу” командасын таңдау керек). Қорғанышты құру кезінде пароль беруге болады. Беттен (кітаптан) қорғанышты шешу үшін “Сервис” менюінің “Защита” командасының “Снять защиту листа” (“Снять защиту книги”).

Егер беттің ұяшықтар қатарын қорғау ғана қажет болса, қандай да бір әрекет орындау алдында ескерту қажет, Excel тек қана тұтас бетті қорғай алады. Демек, барлық беттің мәліметтеріне қорғаныш салмас бұрын, өзгерілетін ақпаратты сақтайтын ұяшықтардан қорғанышты алып тастау керек. Ол үшін ақпаратты қорғау керек емес ұяшықтарды ерекшелеп, содан соң “Формат” менюін таңдап, содан кейін “Ячейки” командасын, ал ашылған диалогтық терезеде “Защита” қосымшасын таңдау және “Защищаемая ячейка” терезесінен жалаушаны алып тастау. Жұмыс бетіне немесе кітабқа қорғаныш құру кезінде ерекшеленген ұяшықтар өзгертулерден қорғалмайды .


  1. Алғашқы құны 280000 теңге, қызмет мезгілі 6 жыл трактор ДТ-75 М маркасының жылдық және айлық тозығын Excel көмегімен есептеу қажет. Ол үшін келесі кесте құру қажет:

 

A

B

C

D

Е

1

Алғашқы құны

Жылдар

Тозықтың

нормасы


Жылдық тозық

Айлық тозық

2

280000

1-ші

6/21

=A2*C2

=A2*C2/12

3

 

2-ші

5/21

=A2*C3

=A2*C3/12

4

 

3-ші

4/21

=A2*C4

=A2*C4/12

5

 

4-ші

3/21

=A2*C5

=A2*C5/12

6

 

5-ші

2/21

=A2*C6

=A2*C6/12

7

 

6-шы

1/21

=A2*C7

=A2*C7/12




  1. Үлгі. Объект - трактор, алғашқы құны 260000 теңге, қызмет мезгілі 5 жыл, тозық нормасы 20%. Регрессивті әдіспен тозықты есептеу, оның есептеуі объекттің алғашқы емес, баланс (қалдық) құнын және объектті жою кезінде объект құнының тозықталмаған бөлігі таратушы құнды қамтиды

(металлолом құны, жарамды қосалқы бөлшектер және басқа материалдар), келесі кестені құру керек.

 

А

B

C

D

E

1

Жылдар

Трактор құны:

1-ші жыл алғашқы

2-5-ші балансты


тозық нормасы

(%)


Жылдық тозықтың сомасы

Айлық тозықтың сомасы

2

1-ші

260000

20

=B2*C2/100

D2/12

3

2-ші

=B2-D2

20

=B3*C2/100

D3/12

4

3-ші

=B3-D3

20

=B4*C2/100

D4/12

5

4-ші

=B4-D4

20

=B5*C2/100

D5/12

6

5-ші

=B5-D5

20

=B6*C2/100

D6/12

7

Қорытынды

=B6-D6

 

=СУММ(D2:D6)

 

Көңіл аудару қажет, Excel-дің D7 торында орналасқан СУММ функциясы арқылы трактор қанауының 5 жылға қорытынды тозық есептеледі. Осы функцияны шақыру екі тәсілмен орындалады:

- пернесі және қосу диапозон нұсқауы көмегімен,

- формулалар шеберін шақырып, функциялардың ұсынылып отырған тізімінен СУММ функциясын таңдау және қосу диапозон нұсқаулары арқылы.

Excel-де тозықты бөліп шығаруына арналған функциялардың қатары ескерілген, бұрыңғы КСРО аумағында қолданылған АМР және АМГД әдістерімен тозықты есептеген.

АМР синтаксисы:

АМР(құн, қалдық, период).

Нәтиже:

Нәтиже ретінде бір периодтық мүліктің тозық мөлшері қайтып келеді .



Дәлелдер:

құн – мүліктің бастапқы құны;

қалдық – тозықтың соңында қалған құн (таратушы құн);

период - период саны, период бойы мүлік тозықталады.

Функция біркелкі әдіспен тозықты есептейді. 280000 теңге құнды, қанау мезгілі 5 жылды құрайтын, таратушы құны ескерілмеген объекттің жылдық тозықтық бөліп шығаруларын есептеу үшін, АМР (280000;0;5) жазып, нәтижесінде, осы функция орналастырылған торда 56000 саны шығу керек. Егер айлық тозықты есептеу керек болса, онда период ретінде 60 саны еңгізіледі(5 жылдағы айлар саны).

АМГД синтаксисы:

АМГД (құн, қалдық, қанау уақыты, период).

Нәтиже:

Нәтиже ретінде көрсетілген периодқа арналған мүліктің тозық мөлшері қайтып келеді.



Дәлелдер:

құн – мүліктің бастапқы құны;

қалдық – тозықтың соңында қалған құн (таратушы құн);

қанау уақыты - периодтар саны, период бойы мүлік тозықталады;

период – уақыттың аралығы, қанау уақытының өлшем бірлігі ретінде қолданылады (жыл).

Функция кумулятивті сандардың әдісімен тозықты есептейді. 280000 теңге құнды, қанау мезгілі 6 жылды құрайтын, таратушы құны ескерілмеген объекттің жылдық тозықтық бөліп шығаруларын есептеу үшін, қанаудың бірінші жылына АМГД (280000;0;6;1) жазып, нәтижесінде, осы функция орналастырылған торда 80000 саны шығуы тиіс, қанаудың екінші жылына - (280000;0;6;2) жазып, үшінші жылына - (280000;0;6;3) және т.с.с.. Егер айлық тозықты есептеу қажет болса, онда тозықтың алынған мағынасы 12 санына бөлінеді(1 жылдағы айлар саны).



280000

1

80 000,00




2

66 666,67




3

53 333,33




4

40 000,00




5

26 666,67




6

13 333,33

Азайтылушы қалдық әдісін (тозықты есептеудің регрессивті әдісі) АМР функциясын қолданып есептеуге болады:



A

B




C




1

260000-0=

260000

АМР(В1;0;5)=

52 000,00.

2

В1-С1=

208000

АМР(В2;0;5)=

41 600,00.

3

В2-С2=

166400

АМР(В3;0;5)=

33 280,00.

4

В3-С3=

133120

АМР(В4;0;5)=

26 624,00.

5

В4-С4=

106496

АМР(В5;0;5)=

21 299,20.

Таратушы құны

В5-С5=

85197








Тақырып №2. MS Excel де кесте қою және ақпараттық технологиялар параметрін таңдау.

Қарастырылатын сұрақтар:



  1. Ауыстырулардың кестелері арқылы талдау өткізуі.

  2. ВПР(), ГПР(), ПОИСКПОЗ(), ИНДЕКС(), ЕСЛИ() функциясын қолдануы.

жүктеу 5,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау