Проект прт



жүктеу 0,76 Mb.
бет2/8
Дата21.11.2018
өлшемі0,76 Mb.
#23341
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

2.1. Егін шаруашылығы. 2013 жылы Мемлекетіміздің ауыл шаруашылығы саласындағы саясатын жүзеге асыру нәтижесінде аудан көлемінде соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуында оң нәтижелер байқалуда.

2013 жылы аудан бойынша 29603 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде 18550 гектар дәнді дақылдар, 378 гектар мақсары, 2960 гектарға картоп, көкөніс, бақша және 8592 гектар мал азығындық дақылдары.

Жыл қорытындысы бойынша егілген 17920 гектар күріш толық жиналып, орта өнім әр гектардан 51,5 центнерден келіп, 922880 центнер астық жиналды.

12 ай қорытындысымен 630 гектар жаздық бидай толық жиналып 4670 центнер өнім алынды, орта өнім 7,4 ц/га, 378 гектар мақсары дақылынан 1600 центнер өнім алынып, орта өнім 4,2 центнерден, картоп әр гектарынан 152,0 центнерден, көкөністен 175,0 центнерден, бақшадан 183 центнерден өнім жинауға қол жеткізді.

Ауданда өсіп келе жатқан мал басын жем шөппен қамтамасыз ету бағытында қажетті мал азығы қоры жасалды. Меже бойынша 47 мың тонна шөп дайындау қажет болса 56 мың тонна болып жоспар 119,1 пайызға артық орындалды.

Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына аудан бойынша 7200 тонна арзандатылған дизель отыны алынды.

2013 жылдың күзгі егін жинау науқанына 85 астық жинайтын комбайын, 115 жатка, 77 тасымалдайтын жүк автокөлігі және 200 трактор тіркемесі 100 пайыз қатысты.

2013 жылы ауыл шаруашылығы құрылымдарына бюджеттен 786,9 млн. теңге көлемінде субсидия төленді.

Осы жасалған жұмыстардың нәтижесінде Сырдария ауданы 2013 жылдың қорытындысы бойынша облыста егін шаруашылығы саласында «Үздік аудан» номинациясын жеңіп алды.

2.2. Мал шаруашылығы. Есепті мерзімде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара басының саны 0,2 %-ға (26310 бас), оның ішінде сиыр 8,9 %-ға (11699 бас), қой 10,4 %-ға (15403 бас), түйе 1,2 %-ға (1108 бас), құс 16,8 %-ға (5485 бас) өскендігі, жылқы 11,5 %-ға (8492 бас), ешкі 15,7 %-ға (8500 бас) дейін кемігені байқалды.

Сондай - ақ, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша есепті кезеңде ет өндірісі 10,6 %-ға (3337 тонна), сүт өндірісі 14,5 %-ға (6417 тонна), жұмыртқа 56,7 %-ға (134 мың дана) азайып отыр.

Ауданда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша асыл тұқымды ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытуда 2013 жылы 350 бас мүйізді ірі қара малын сатып алу жоспарланса, бүгінгі күнге барлығы 555 бас мүйізді ірі қара сатып алынып, бұл көрсеткіш 158,5 пайызға орындалды. Сонымен қатар осы бағдарлама аясында 8 шаруа қожалықтары 89,9 млн. теңге несие алып жұмыс жасауда.

Сырдария ауданы бойынша 3 мал сою алаңы жұмыс жасауда. Оның бірі Жетікөл ауылдық округіндегі мал сою алаңы болса, екіншісі С. Сейфуллин ауылдық округі, үшіншісі Шіркейлі ауылдық округі аумағында орналасқан.

Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында «Алиакбар ата Агро», «Алижанниет», «Сарғали» шаруа қожалықтары 9,8 млн. теңге субсидия игерді.

2013 жылы ірі қара малға селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізуге «Рахметов» жеке кәсіпкер және «Шағырай», «Мырзабек», «Нұрсерік», «Оспанов», «Сейтбек», «Байдаулет Ата» шаруа қожалықтары 8,5 млн. теңге субсидия игерді.

2.3 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша. Қазақстан Республикасы Үкімітінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 санды «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау,білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына қолдау шаралары» қаулысын іске асыру мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасына 2013 жылы 55 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы алу үшін 6,7 млн. теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. Тұрғын үй сатып алу үшін 44 маманға 127,2 млн. теңге қаржы игерілді.

2014 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 8083,0 млн. теңгені құрап, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,9 пайыз болып отыр.

Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдары 2014 жылы 29453 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын екті. Ауданымыздың негізгі дақылы күріш 20007 гектарды құрады.

Сонымен қатар 7799 гектар жоңышқа, 788 гектар бидай, 80 гектары мақсары, 270 гектар картоп, 172 гектар көкөніс және 307 гектар бақша дақылдары егілді.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 3600 тн арзандатылған дизель отыны бөлінді.

2014 жылдың күзгі егін жинау науқанына 115 жатка, 156 комбайн, 143 тасымал автоколігі, 205 трактор тіркемесі қатысуда.

Мал шаруашылығы.

Есепті мерзімде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара басының саны 105,6 %-ға (28941 бас), ешкі 101,4 %-ға (9540 бас), жылқы 115,1 %-ға (10600 бас), түйе 101,4%-ға (1193 бас) өскендігі, қой 97,5 %-ға (15920 бас), құс 80,8 % болып (4673 бас), кемігені байқалды.

Сондай - ақ, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша есепті кезеңде ет өндірісі 102,3 %-ға (2762,3 тонна), сүт өндірісі 103,3 %-ға (5385,5 тонна), жұмыртқа 101,7 %-ға (124 мың дана) дейін ұлғайып отыр.

2011-2014 жылдар аралығында ауданда Сыбаға бағдарламасы бойынша 850 бас мұйізді ірі қара малын сатып алу жоспарланса, бүгінгі күнге барлығы 1381 бас мүйізді ірі қара малдары сатып алынып, бұл көрсеткіш 162,4 пайызға орындалды. Бүгінге 26 шаруашылық құрылымдары жұмыс жасап келеді.

2014 жылы ауданда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 250 бас мүйізді ірі қара малын сатып алу жоспарланса, есепті кезенде барлығы 262 бас аналық сиыр, 17 бас асыл тұқымды бұқа малдары сатып алынып, бұл көрсеткіш 104,8 пайызға орындалды.

Ауданда шаруашылықтардың аналық малдарының асыл тұқымды бұқамен қамтылуы 100 пайызды құрап, Республика бойынша 147 аудандардың ішінен 30 орында, тұқымдық түрлендіруде 21 пайызбен 60 орында орналасты.

Есепті кезенде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Тереңөзек кентіндегі «Жұмабаев Н» шаруа қожалығы 15 млн теңге несие алып, 4 бас асыл тұқымды бұқа, 85 бас аналық сиыр, А.Тоқмағанбетов ауыл округіндегі «Қарақоныс» шаруа қожалығы 9,5 млн теңге несие алып 4 бас асыл тұқымды бұқа 70 бас аналық сиыр, Шіркейлі округіндегі «Ысамаддин» шаруа қожалығы сыбаға 10 млн теңге несие алып 5 бас асыл тұқымды бұқа 53 бас аналық сиыр, Аманкелді ауыл округіндегі «Курганбеков Б» шаруа қожалығы 9,7 млн теңге несие алып 4 бас асыл тұқымды бұқа 54 бас аналық сиыр малдарын сатып алып жұмыс жасауда.

Аудан бойынша 2014 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша селекциялық және асылдандыру жұмыстары жүргізілгендігі үшін 35,2 млн. теңге субсидия игерілді.

Асыл тұқымды бұқа малын сатып алу жұмыстары жүргізілгендігі үшін 5,5 млн. теңге субсидия игерілді.

Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруда 17,8 млн. теңге субсидия игерілді.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі өзекті мәселелер:

Шаруашылықтарда ауылшаруашылық техникалары сын көтермейді. Шаруашылықтардың жаңа техникаларды сатып алуға каражаттары жеткіліксіз.

Себілетін тұқымның сапасы төмендігі.

Ауылшаруашылық жерлерінң тұздануы



Шағын және орта бизнес

2011 жылы аудан бойынша 1371 шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тiркелген.

Салада тiркелген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнде барлығы 4982 адам жұмыспен қамтылған.

2011 жыл қорытындысы бойынша салада өнімдер шығару 745,1 млн. теңге болды.

2011 жылдың есепті 12 ай мерзімі бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке 48,4 млн. теңгенің төлемдері өндіріліп, өткен жылғыдан 100,2 пайызды құрап отыр.

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелік ресурстармен қамтамасыз ету мәселесі микрокредиттік ұйымдар, кредиттік серіктестіктер және екінші деңгейлі банк филиалдары арқылы шешілуде.

2011 жылы қаржыландыру институттарынан барлығы 587,0 млн. теңгенің неиелері берілді.

Нәтижесінде ауылдық жерде шағын және орта кәсіпкерлік желісінің дамуы біршама ұлғайды. Аудан көлемінде 19 күріш ақтау цехтары, 12 мал дәрігерлік қызмет көрсету пункттері, 85 жолаушылар тасымалдау қызметі, 13 монша, 14 шаштараз, 2 тігін шеберханасы, 4 фотосалон, 465 сауда нүктелері және 28 қоғамдық тамақтандыру орындары халыққа қызмет көрсетуде.

Аудан экономикасына сырттан инвестиция тарту арқылы ауданның әлеуметтік –экономикалық жағдайын жақсартуға, жаңадан кәсіпорындар ашуға және жұмыссыздарды жаңа жұмыс орындарымен қамтуға қол жеткізіліп, индустриялық-инновациялық жұмыстар бастама ала бастады.

Үдемелі индустриалдық – инновациялық бағдарлама шеңберінде 2011 жылы агроөнеркәсіп кешені саласы бойынша ауданда төмендегі жобаларды іске асыру жоспарлануда.

«ПВХ терезе алды ақтайшалар мен ламбри шығаратын тоқтап тұрған зауытты іске қосу» жобаның егесі «СМ Пласт Сервис» ЖШС-і, жоба сомасы 529,0 млн. теңге. Зауыт барлық құрал – жабдықтармен қамтылған, инфрақұрылымдарға толық қосылған. Зауыт өнімін сатып алу жөнінде 4 диллерлік компаниялармен жалпы құны 250,0 млн. теңгеге келісім – шарттар жасалған. Серіктестіктің өз қаражаттарын қайда құрылымдау есебінен бұл жоба іске қосылып, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап зауыт жұмыс жасап келуде. Бүгінгі таңда серіктестікті 30,0 млн. теңге қаржыландыру жөнінде отандық инвесторлармен серіктестік келісімге келіп, бірінші транш бойынша инвестор 10,0 млн. теңге зауытқа қаржы салды. Осы уақытқа дейін серіктестік айына 3000 погонный метр өнім шығарса, есеп беріліп отырылған мерзім ішінде 4500,0 мың теңгенің өнімін өндірді.

Шаған ауылындағы «Жұмыс істеп тұрған ұн диірменнің қуаттылығын тәулігіне 30 тоннаға жеткізу» жобасы бойынша 15 тұрақты жұмыс орны, «Құрама жем өндіру кәсіпотнын ұйымдастыру» жобасы бойынша 15 тұрақты орны ашылады деп жоспарлануда.

«Бау-бақша өнімдерін терең өңдеу зауытының құрылысын салу» инвестициялық жобасын ҚР «Инвестициялық қоры» АҚ-ы мен бірлесіп 2011-2012 жылдары іске асырылады.

Өзекті мәселелер

Ұлықсат беру процедураларының қиындығы.

Кредиттік ресурс тарға қиын қолжетімділігі / банк жүйелерінің қатаң талап қоюы.

2012 жылдың қантар – желтоқсан айларында аудан бойынша 1392 шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тiркелген.

Салада тiркелген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнде барлығы 5142 адам жұмыспен қамтылған.

2012 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша салада өнімдер шығару 753,6 млн. теңге көлемінде болып, 2011 жылдың 12 айымен салыстырғанда 101,0 пайызға артты.

2012 жылдың 12 айында шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке 49,0 млн. теңгенің төлемдері түсіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 101,2 пайызға ұлғайды.

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелік ресурстармен қамтамасыз ету мәселесі микрокредиттік ұйымдар, кредиттік серіктестіктер және екінші деңгейлі банк филиалдары арқылы шешілуде. 2012 жылы қаржыландыру институттарынан барлығы – 960,6 млн. теңгенің несиелері берілді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ауданда біршама жұмыстар атқарылуда.

Жаңа жобаларды индустриаландыру картасына енгізу, бағдарламаның артықшылықтары мен оған қатысу жөнінде ауданда тұрақты семинар-тренингтер, түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылуда. Аудан бюджетінен бұл мақсатқа 2012 жылы 243,0 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді. «Даму институттары мен екінші деңгейлі банкілердің ауылдағы кіші бизнесті несиелендіру туралы ашып айту» тақырыбында семинар «Құндызды» және «Аманкелді» ауылдық округтерінде «Сыр ұландары» жастар қоғамдық бірлестігі арқылы өткізілді.

Оқу тренинг барысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасындағы шағын және орта бизнестің өркендеуіне бағытталған несиелендіру бағдарламалары туралы, ол бағдарламаларға қатысу жолдары, бизнес идеяны таңдау, бизнес жоспар жасау, маркетингтің алтын ережесі, қаржы, несие бағдарламалары, оны есептеу жолдары, қызметкерлерді басқару, мотивациялау ережелері, өз бизнесіңді құрудағы және оны әрі қарай тиімді жүргізудегі пайдалы кеңестер жайлы тақырыпта мәселелер қамтылды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші «Бизнес бастамаларын қолдау» бағыты бойынша бүгінгі күнге бір жоба жеке кәсіпкер А. Ахметовтың «Негізгі құралдарды қолдау» жобасы мақұлданып, субсидиялау келісімі жасалды.

Бөлшек тауар айналымының нақты көлемі 2013 жылдың 12 ай қорытындысымен 534,3 млн теңгені құрап, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113 пайызды құрап, өскен.

2013 жылдың қантар – желтоқсан айларында аудан бойынша 1415 шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тiркелген.

Салада тiркелген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнде барлығы 5247 адам жұмыспен қамтылған.



2013 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша салада өнімдер шығару 755,8 млн. теңге көлемінде болып, бюджетке 50,1 млн. теңгенің төлемдері түсірілді.

Үстіміздегі жылы өткізілген аймақтық үйлестіру кеңсінде ауданның «Ocean Energy Company» ЖШС-нің 2014-2015 жылдары іске асырылатын жоба құны 14,3 млрд. теңгені құрайтын «Кеңлік» кең орнында ілеспе мұнай газын тиімді пайдалану мақсатында электроэнергия шығару өндірісі жобасы мақұлданды.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші «Бизнес бастамаларын қолдау» бағыты бойынша үстіміздегі жылы 6 жоба субсидиялау үшін мақұлданды:



    1. «Абзал и К» ЖШС-і «Автокөлік құралдарын сатып алу жобасы» жоба құны 41,0 млн теңге, «Қазақстан халық банкі» АҚ-ы арқылы қаржыландырылады.

    2. Жеке кәсіпкер «Есқараева» Шыңғыс қонақ үйін күрделі жөндеу жобасы, құны 2,0 млн теңге, «АТФ банк» арқылы қаржыландырылады.

    3. Жеке кәсіпкер «Жамансариева» «Жолаушы тасымалдайтын автокөлігін алу» жобасы, құны 2,9 млн теңге, «АТФ банк» арқылы қаржыландырылады.

    4. Жеке кәсіпкер С.Сейсенова жолаушыларды тасымалдайтын автокөлік алу үшін «БТА» АҚ-ына құжаттарын өткізіп, банк комитетінің оң шешімін алды. Жоба құны 7,9 млн теңге.

    5. Жеке кәсіпкер Е.Мұхтаров өз наубайханасын кеңейту үшін 4,0 млн теңге көлемінде несие алып, пайызы субсидияланды. «БТА» АҚ-ы арқылы қаржыландырылды. Аталған екі жобалардың 50 пайызын «Даму» АҚ-ы кепілдендіреді.

    6. «Сырдария мұнай» АҚ ҚФ негізгі құралдарды сатып алу үшін 190,0 млн теңге «Банкцентркредит» АҚ-нан несие алып, жоба субсидиялану үшін мақұлданды.

Бөлшек тауар айналымының нақты көлемі 2014 жылдың 10 ай қорытындысымен 505,5 млн теңгені құрап, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,3 пайызды құрап, өскен.

2014 жылдың қантар – қазан айларында аудан бойынша 1498 шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тiркеліп, 2013 жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 5,9 пайызға ұлғайып отыр.

Салада тiркелген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнде барлығы 5122 адам жұмыспен қамтылып, 1,2 пайызға ұлғайған.

2014 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша салада өнімдер шығару 706,2 млн. теңге болса (2013 жылдың 10 айында 682,6 млн. тенге, яғни 3,5 пайызға өскен), бюджетке 179,7 млн. теңгенің төлемдері түсірілді (2013 жылдың 10 айымен салыстырғанда 18,3 пайызға ұлғайған).

2014 жылы жарияланған Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға байланысты және ауданда кәсіпкерлікті дамыту мақсатында кент және 13 ауылдық округі бойынша 82 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Өзекті мәселелер

Ұлықсат беру процедураларының қиындығы.

Кредиттік ресурс тарға қиын қолжетімділігі / банк жүйелерінің қатаң талап қоюы./



Инвестиция.

2011 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың бағалау көлемі 5666 млн. теңгені құрап, 2010 жылдың 12 айымен салыстырғанда 34,2 пайызды құрап отыр. Оның ішінде үйлер мен ғимараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына, басқада күрделі жұмыстарға 4988,8 млн. теңге, машиналар, жабдықтар, аспаптар, құрал саймандар алуға 676,7 млн. теңге қаржыны құрады.

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі республикалық бюджеттен 964,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 610,9 млн. теңге, жеке қаражаты 3164,6 млн. теңге, қарыз қаражаты 926,1 млн. теңгені құрап отыр.

Өзекті мәселелер:

Өндірістік инфрасатруктурасының дамымауы.

общая техническая и технологическая устарелость предприятий;

Шағын инновациялық кәсіпкерлігінің дамымауы.



2012 жылы Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың бағалау көлемі 6899,3 млн. теңге болып, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 120,3 пайызды құрады. Оның ішінде үйлер мен ғимараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына, басқада күрделі жұмыстарға 4448,7 млн. теңге, машиналар, жабдықтар, аспаптар, құрал саймандар алуға 2450,6 млн. теңге бөлінген.

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға республикалық бюджеттен 1047,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 567,3 млн. теңге, жеке қаражаттан 4355,9 млн. теңге, қарыз қаражатытан 198,2 млн. теңге, шетел қаражаты 730,3 млн. теңге көлемінде инвестициялар салынды.



2013 жылы Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айларында аудан экономикасына 22773 млн.теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,9 есеге артық орындалуда.

Оның ішінде үйлер мен ғимараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына, басқада күрделі жұмыстарға 17927,8 млн. теңге, машиналар, жабдықтар, аспаптар, құрал саймандар алуға 2017,7 млн. теңге бөлінген.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2013 жылы 10371 млн теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 2,4 есе өскен.

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға республикалық бюджеттен 3970,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 992,0 млн. теңге, жеке қаражаттан 13285,0 млн. теңге, қарыз қаражатытан 4526,0 млн. теңге көлемінде инвестициялар салынды.



2014 жылы Ағымдағы жылдың қаңтар – қазан айларында аудан экономикасына 32813,0 млн.теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 165,4 пайыз болып отыр.

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға республикалық бюджеттен 4346,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 1122,0 млн. теңге, жеке қаражаттан 23762,0 млн. теңге, қарыз қаражатытан 3583,0 млн. теңге көлемінде инвестициялар салынды.

Соның ішінде үйлер мен ғимараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары және өзге де шығындар бойынша 26943,1 млн теңгені, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар бойынша 5870,0 млн теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2014 жылдың 10 айында 3756 млн теңгені құрап, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 38,3 пайыз болып отыр.

Өзекті мәселелер: ;

Өндірістік инфрасатруктурасының дамымауы.

общая техническая и технологическая устарелость предприятий;

Шағын инновациялық кәсіпкерлігінің дамымауы.



Әлеуметтік сала.

Білім.

2014 жыл Аудан бойынша 46 білім ошақтары жұмыс істеп, онда 1102 мұғалім тәлім – тәрбие беруде. Мұғалімдердің 47-сі жоғары, 556-сы бірінші, 327-сі екінші санатты мамандар.

Сырдария ауданы бойынша 17 мектепте «Қамқорлық» акциялары өткізіліп жеке кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдардың, мекеме ұжымдарының демеушілігімен 720 мың теңге көлеміндегі қаражатқа 238 балаға материалдық көмек көрсетілді. 2014 жылдың 11 наурызында Сырдария ауданына №36 мектеп –лицейге «Қызыл ай» қоғамының төрайымы Жаукебаева Бибіжан келіп әлеуметтік аз қамтылған 18 басының оқушыларына қаржылай көмек көрсетті.

Аз қамтылған отбасының 2662 баласына және бірінші және екінші сынып оқушыларына бір мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылып берілуде. Барлығы-2586 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Сырдария ауданы бойынша 125 оқушыны мектептен 3 шақырымнан астам қашықтықтан тасымалдау шаралары ұйымдастырылып, аудандық бюджеттен 1583,0 мың теңге қаржы бөлінді.

2013-2014 оқу жылында аудандық 17 мектептегі 11-сыныптарда 411 мектеп бітіруші білім алды.

ҰБТ-ға аудан бойынша 17 мектептен 297 оқушы қатысты. Бұл мектеп бітірушілердің 72,2 пайызын құрады. Орташа балл 69,91 болды. 2014 жылы Алтын белгіге 10 үміткер ұсынылып, оның 4-і дәлелдеп шықты. Үздік аттестатқа ұсынылған 1 оқушы дәлелдей алған жоқ.

2014 жылға аудандық бюджеттен «Жалын» тынығу лагерінің 10 үй ғимаратын және асханасын күрделі жөндеу жұмыстарына 64316,0 мың теңге қаралып, жұмыстар аяқталды.

Шіркейлі ауылындағы №129 Ә.Жәмішев атындағы мектепке 600 орындық мектеп ғимаратын құрылысын салуға 2014 жылы республикалық бюджеттен 295,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 2015 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жобаның жалпы сметалық құны – 888,6 млн. теңге.

Қоғалыкөл ауылындағы кері қайтарылып алынған 140 орындық балабақша ғимаратын қайта жаңғырту үшін жобалау-сметалық құжат жасатып, мемлекеттік сараптамадан өткізуге аудандық бюджеттен 4577,0 мың теңге, С.Сейфуллин ауылында 90 орындық балабақша ғимаратын салу үшін жобалау-сметалық құжат жасатып, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 3721,0 мың теңге қаржы аудандық бюджеттен бөлінді. Шаған ауылындағы жаңа мектеп құрылысы аяқталған кезінде, ескі мектеп ғимаратын қайта жаңғыртып, балабақша ашу жоспарлануда.

Айдарлы ауылындағы №139 орта мектептің шағын тәрбиелеу орталығын қайта жаңғыртуға 15,891 млн теңге игеріліп, №36 орта мектептің ескі ғимаратын қайта жаңғыртуға 74,04 млн теңге игеріліп, пайдалануға берілді. Н.Ілиясов ауылындағы «Балдырған» балабақшасының жылу қазандығы құрылысына 21082 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылды. Қоғалыкөл ауылындағы 140 орындық және Шаған ауылындағы 90 орындық балабақшаны қайта жаңғыртуға, С. Сейфуллин ауылына салынатын 90 орындық балабақша құрылысына, мемлекеттік сараптамадан өткен жоба-сметалық құжат дайындауға аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылды.

Өзекті мәселелер

Білікті медицина кадрлердің тапшылығы.

Медицина қызметінің өз деңгейінде жүргізілмеуі.

Халықтың уақытылы дәрігерлерге көрінбеуі.

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техника базасының нығайтылмауы.

Медициналық аппараттарда жұмыс істейтін білікті маман болмауы.



Жұмыссыздық және жұмыспен қамту.

2011 жылы Елбасы халықтың әлеуметтік қорғауға зәру топтарын қорғауға арнайы тоқталды, осы тұрғыдан алғанда дәйекті саясат елдегі өмір сүру сапасын жақсарттуы.

Әлеуметтік көмектердің негізгі түрлері халықты жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша кешенді іс – шараларды жүзеге асыруға, мүгедектерді әлеуметтік қолдауға және аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған.

2011 жылы 932 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасқандардың 210 тұрмысы төмен отбасыларынан, оның ішінде бірде-бір жұмыс істемейтін отбасыларынан 15 адам жұмысқа орналастырылды.

2011 жылы қоғамдық жұмыспен 800 жұмыссызды қамту белгіленіп, жергілікті бюджеттен 41292,0 мың теңге қаржы бөлінген. 2011 жылы 908 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа тартылып, қаржы толығымен игерілді.

Қоғамдық жұмыстың 18 түрі бойынша коммуналдық меншіктегі мекемелерден жұмыстар ұйымдастырылған. Оның 76 пайызы тазалық сақтау, көркейту көгалдандыру, 0,5 пайызы бу қазандығына от жағу және басқа түрлері бойынша ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Қоғамдық жұмысқа тартылғандардың орташа жалақысы 15999 теңге және мерзімі 6 айға дейін.

Аудан бойынша «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Бағдарламаның бірінші бағытына сәйкес кәсіптік оқуға 85 адам, қайта даярлауға 65 адам, біліктілігін арттыруға 27 адам жіберілді.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты микрокредит беру. Бағдарламаға қатысамын деп ниет білдірушілер саны бүгінгі күнге 19 адам, микроқаржы ұйымы (МҚҰ) анықталғаннан кейін ниет білдірушілердің құжаттары МҚҰ- на жолданады. Қаралған қаржының көлемі – 18000,0 мың теңге.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша ауданға қаралған қаржы көлемі 44100,0 теңге болатын, ауданымызда әлеуеті төмен елді мекендерден көшіп келемін деп ниет білдірушілер болмағандықтан, қаралған қаржыны республикалық бюджетке қайтару жөнінде аудан әкімінің облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының атына ұсыныс хаты жолданды.

Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету үшін негізгі өлшем, ең төменгі күн көріс деңгейінің 40 пайызы болатын және республикада экономикалық мүмкіндіктерге қарай белгіленетін, адамның ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті кіріс шегін көрсететін кедейшілік шегі болып табылады

Аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге тұрғын үй көмегі көрсетілуде


жүктеу 0,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау