Приказ №100 от 1 июля 2010 г "Методические инструкции по проведению мониторинга стратегических и программных документов, стратегических планов государственных органов, включающих форму и порядок составления оперативной отчетности"


-мақсат. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою



жүктеу 0,52 Mb.
бет3/3
Дата22.05.2018
өлшемі0,52 Mb.
#15622
1   2   3

10-мақсат. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою
2012 жылдың басында ТЖМЖ бақылау режимі жүзеге асып жүрді, 1 рет – режим –бақылау.

2012 жылдың басында 2011 жылдың қыркүйегінде енгізілген ТЖМЖ бақылау режимі жүзеге асырылып оыр, ол 06.04.2012 ж жылыту маусымына дейін әрекет етті.

24.09.2012 ж жылу маусымының басталуымен қалалық ТЖМЖ режимі бақылау режиміне ауыстырылды.

13.12.2012 жылы қиын метереологиялық шарттармен және ҚР Тәуелсіздігі күнін мерекелеуге байланысты қалалық ТЖМЖ жүйесі қала әкімінің өкімімен бақылау режиміне ауыстырылды.

Қала әкімдігі жыл сайын тасқын су кезінде еріген суларды өткізу үшін және қала аумағын тасқын және еріген сулардан жедел жою жөнінде ісшаралар жүргізіп отырады. Сонымен қатар, қыс кезінде қар үйінділері мен тайғақ мұзға қарсы ісшаралар жүргізіледі. Қаланың коммуналдық қызметтері төтенше жағдайларды болдырмау жұмыстарын жүргізуде.

Қорытынды:

2-ші «Әлеуметтік сала» бағыты бойынша нәтижелердің 10 мақсаты, 18 міндеті, 14 мақсатты индикаторы, 41 көрсеткіші көзделген.

Оның ішінде 2012 жылдың қорытындылары бойынша «Тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуды қамтамасыз ету үшін тұрғындардың денсаулығын жақсарту» мақсаты аясындағы бір «100 мың адамға шаққанда жалпы өлім-жітімді төмендету» мақсатты индикаторына қол жеткізілмеген.

Индикаторға қол жеткізу мақсатында 2013 жылы денсауық сақтау басқармасы «ОКО» КМК операция реанимациясының жапсарластыра салынған ғимаратын ашуды, қазіргі заманғы төрт еселі ангиографиялық құрылғы орнатуды, Қазақстанның медицина ұйымдары үшін әйелдердің босануына жәрдем беруші және балалар бойынша, интервенциялық кардиологиялық көмек көрсетуге, амбулаторлық деңгейдегі ұйымдарға, облыстық онкология диспансеріне қымба тұратын қазіргі заманғы жабдықтар сатып алуды, 20 маманды шетелде оқытуды, 109 маманның біліктілігін арттыруды, Қарағанды қаласының тұрғындарына скринингтік тексеріп-қарауды және тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Бұдан тыс, 2012 жылдың қорытындылары бойынша жоспарлы көрсеткіші 11,2 қарағанда 11,9 құраған «Әйелдер мен балалардың денсаулығын жақсарту» міндеті аясында «1 мың тірі туылған балаға шаққанда сәбилердің өлім-жітімін төмендету» көрсеткішіне қол жеткізілмеген.

2012 жылдың қорытындылары бойынша барлығы 132 сәби шетінеген (2011 жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіш – 120), оның ішінде үй жағдайында – 13 (10,0%), 2011 жылғы көрсеткіш – 14 (12,1%). Қарағанды қаласында қаза тапқан 132 баладан 32 бала облыстың өзге өңірлерінен.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі бекітіліп, облыстық бюджет шоғырландырылғаннан кейін қалалық деснсаулық сақтау бөлімі таратылды. Сол себепті қала әкімінің аппараты денсаулық сақтау саласын үйлестіру және бақылау бойынша функцияларды атқармайды.

3-бағыт. Инфрақұрылым
Байланыс және коммуникациялар
1-мақсат: Байланыс және коммуникация саласындағы қызметтердің сапасын көтеру
Байланыс және коммуникация саласында халыққа көрсетілетін қызметтердің барлық түрлерінен байланыс және коммуникация саласындағы қызметтер сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 50% құрайды.

Қарағанды облысы статистика департаментінің мәліметтері бойынша 2012 жылы халықтың компьютерлік сауаттылығы деңгейінің көрсеткіші 55% құрады, оған Қазақстан Республикасындағы ақпараттық теңсіздікті төмедету бағдарламасына сәйкес халықты компьютерлік сауаттылыққа үйрету және тестілеу өткізу жолымен қол жеткізілді.

Жергілікті телефон байланысының сандық деңгейі халықтың жалпы санының 91% құрайды.

Ұялы байланыс қызметімен қаланың жалпы белсенді тұрғындарының 85% қамтамасыз етілген.



Құрылыс
2-мақсат. Тұрғын үй құрылысын дамыту
Жоспарлы 134,8 мың ш.м. қарағанда 2012 жылы 124,5 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл жоспардың 92,4% құрайды.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру аясында Белинский көшесі, 1, 2, Күзембаев көшесі, 82 мекенжайлары бойынша жалға берілетін тұрғын үйлерге инженерлік желілер, Шахтерлер даңғылы, 36/1 мекенжайындағы кредиттік тұрғын үйге сыртқы желілер, Шахтерлер даңғылы, 35 мекенжайындағы тұрғын үйдің, «Көгілдір тоғандар», «Ескі әуежай», «Панель Центр», «Таугүл», «Оазис» ықшамаудандарының және т.б. инфрақұрылымдарын салу бойынша жұмыстар жүргізілген.

Шахтерлар даңғ. бойынша 36-кредиттік тұрғын үйдің №1-9 блок секцияларын, Ермеков көш., 9-ы.а. бойынша 12 қабатты тұрғын үйдің №5 блогын, Күзембаев көш., №82/2 бойынша 5 қабатты тұрғын үйді, Бирюзов көш., №41 бойынша 5 қабатты тұрғын үйді, Белинский көш., №1 бойынша 9 қабатты тұрғын үйді, Белинский көш., №2 бойынша 9 қабатты тұрғын үйді салу, 19-ықшамаудан, 53-үй мекенжайы бойынша емхана ғимаратын жетім балалар тұратын үй-жай үшін және төменгі қабатында кеңсе ашу үшін қайта жаңарту бойынша, сондай-ақ, 14-ы.а. "Журавушка" б/б аумағында 5 қабатты тұрғын үй, 14-ы.а. "Золотой башмачок" б/б аумағында 5 қабатты тұрғын үй, Чапаев к. бойында тұрғын үй, Восток-2 ықшамауданында тұрғын үй, 12-ықшамауданда тұрғын үй салуға ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілген.

Тұрғын үйді пайдалануға енгізу көрсеткіші 1 адамға шаққанда 0,26 ш. м. құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 51643,2 млн. теңге құрады. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі – 115,1%.

Жолдар және көлік
3-мақсат. Жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту.

Автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жұмысын жүргізу қорытындысы бойынша қалалық маңызы бар автомомль жолдарының үлесі: жақсы жағдайда – 10,4%, ұзындығы -102,2 шм., қанағаттандырарлық жағдайда – 47,8%, ұзындығы 464 шм.

2012 жылы жүк айнламы өткен жылдың деңгейіне қатысты 51643,2 мың шм. немесе 124,2% құрады, жолаушылар айналымы 2011 жылға қатысты - 1505,3 млн. т шм. немесе 104,6% құрады.

2012 жылы ұзындығы 2,3 шм. Тәттімбет көшесінен Голубые пруды ықш. дейінгі жол учаскесі салынды, ауданы 376,2 мың ш.м. 31 автожол жөнделді.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
4-мақсат. Халықты тиесілі сапасы бар коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету
Жергілікті огандарың алдындағы бас мақсат ол қала тұрғындарына тиісті коммуналдық қызмет көрсету.

2012 жылдың қорытындысы бойынша тұтынушылардың коммуналдық қызметпен қанағаттанарлығы 50,5 % құрады.

Халықтың орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қолжетімділігі 81 % құрады.

2012 жылы №4,5 сутартқышының құрылысы аяқталды, жалпы ұзындығы 47,2 км, 1,9 млрд. теңге қаржы жұмсалды.

Сұрыптау п. ішкі кварталдық су желілерінің конструкциясының ЖСҚ әзірлеу үшін 2012 жылы 24 млн. тг қарастырылып, игерілді.

Халықтың жылумен қамтамасыз ету деңгейі 76 % құрады

Бүгінгі таңда «Теплотранзит» ЖШС тұтынушыларды 2,1. млн Гкал/жыл көлемінде қамтамасыз етіп отыр, апаттық жағдайларды төмендету бойынша мерзімді ісшаралар өткізіп отыр: тозған желілер учаскелері ауыстырылды, алдағы жылыту маусымына дайындық шаралары.

2012 жылы Пришахтинск аумағын жылумен қамтитын М8 жылу магистралінің реконструкциясы басталды, М1 (Гоголь көш), М3 (Луговая көш) М3 (Майқұдық, 19 ықш), Ленин, Чапаев, Оңтүстік – Шығыс жылу магистральдарының реконструкциясына ЖСҚ әзірленді.

Халықтың сумен қамтмасыз ету деңгейі 72 81 % құрады. «Қарағанды су» ЖШС 2,8 км канализациялық желілерді ауыстырды.

Бюджеттік қаражат есебінен Сұрыптау п., Солжағалаудағы, Михайловканың канализациялық коллекторының реконструкциясына ЖСҚ әзірленді. Су тазалағыш құралдардың жаңғыртуы өткізілді -1 кезең – ҮТҚ реконструкциясы- су тазалағыш құралдардың 1 кезеңі.

«Қарағанды Жарық» ЖШС электр желілер мен электр объектілердің жаңғырту және қайта өңдеу жұмыстары жұргізілді. «Караганда Энергоцентр» ЖШС 3- ЖЭО жаңғырту және қайта өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобалық қуаттылыққа шығу -2015 жыл.
Қорытындылар:

3-ші «Инфрақұрылым» бағыты бойынша нәтижелердің 4 мақсаты, 5 міндеті, 10 мақсатты индикаторы, 15 көрсеткіші көзделген.

Оның ішінде 2012 жылдың қорытындылары бойынша «Тұрғын үй құрылысын дамыту» мақсаты аясында бір «Тұрғын үй ғимараттарын паайдалануға беру» мақсатты индикаторына қол жеткізілмеген.

2012 жылы жоспарлы 134,8 мың ш.м. қарағанда 124,5 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл жоспардың 92,4%. Жоспарлы көрсеткіштің орындалмауы Шахтерлер, 36 мекенжайы бойынша тұрғын үйді салу кезінде жұмыс кестесінен қалумен байланысты.



4-бағыт. Экология
1-мақсат. Қаланың экологиялық жай-күйін жақсарту
Қаланың экологиялық жай-күйін жақсарту үшін оны көгалдандыру бойынша шараларды қаржыландыру, соның ішінде бюджеттен тыс көздерді тарту есебінен іс-шаралар жүргізілген.

Қатты тұрмыс және басқадай қалдықтардың рұқсат етілмеген қоқыстарын анықтап, жою бойынша, қоршаған ортаны ластау, соның ішінде әкімшілік жаза қолдану бөлігінде тұрғындармен жұмыс жүргізілді.

Қала кәсіпорындарының қоршаған ортаға шығаратын қоқыстарын қысқартуға, кәсіпорындардың табиғатты қорғау және тазарту құрылғыларын жаңартуға бағытталған іс-шараларды жүргізуі нәтижесінде жалпы зиянды заттарды шығаруды төмендету 1,04 мың тонна көлемінде күтіледі (Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің мәліметтері бойынша Қарағанды қаласы бойынша нақтыланған деректер қаланың кәсіпорындары мен ұйымдары есептілікті тапсырғаннан кейін 2013 жылғы наурыз айында құрылатын болады).

МЖӘ желісі бойынша қалада қоқыс өңдеу зауытын салу мәселесі талқылануда.


Нөсер суы коллекторын салу үшін ЖСҚ әзірленген.

5-бағыт. Мемлекеттік қызметтер

1-мақсат. Әлеуметтік маңызды қызметтер көрсету сапасын көтеру
Электрондық құжат айналымы жүйесіне енгізілген жұмыс орындарының санын арттыру; «электрондық әкімдік» инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базаны дамыту; электрондық мемлекеттік қызметтерді енгізу сапасы және тиімділігіне бағалау жүргізу; халықты оқыту, сонымен қатар электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлігінде мемлекеттік қызметшілерді оқыту; ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауды қамтамасыз ету; ҚР БАМ бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша салалық қағидалардың орындалуы және «электрондық үкіметтің» базалық құрылымдарын интеграциялау ережелерін сақтауды қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс жүргізу арқылы алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізіледі.

2006-2010 жылдарға арналған Қарағанды облысының «электрондық әкімдік» құру бағдарламасын жүзеге асыру аясында сервер жабдығымен, компьютерлік техникамен басқару органдарын техникалық жабдықтау жүргізілді. Сервер үй-жайларын дайындау және жергілікті есептеу желілерін құруға назар аударылған. Жоғарыда көрсетілген бағдарламаның аясында негізгі басымдылық сервер жабдықтарына, жергілікті есептеу желілеріне, сервер үй-жайларын жабдықтауға бағытталған.

«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ Интернет желісі арқылы және мәліметтерді тасымалдаудың қорғалған арнасы (IP VPN) арқылы мемлекеттік органдарға қолжетімді қызмет көрсету үшін қажетті байланыс арналарына қосылған бір сервер жұмыс атқарады. Серверде операциялық жүйе ретінде Windows server – 2003, СУБД ретінде MSSQL Server қолданылады.

Жергілікті атқарушы органдардың компьютерлік техникамен жабдықталуы 80% құрайды, Интернет желісіне қо жеткізу 512 Kb/s орташа өткізу қабілеті бар байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.

Электрондық құжат айналымының жүйесі (бұдан әрі - ЭҚЖ) қаланың 16 мемлекеттік мекемесінде іске қосылған. Мемлекеттік мекемелер eToken кілттік ақпарат тасымалдаушыларын сатып алуда. Қазіргі уақытта 33 дана сатып алынған және электронды құжат айналымы жүйесін пайдаланушылардың компьютерлеріне орнатылды, жарамдылық мерзімі өткен соң МО КО ЭСҚ пайдаланушыларға криптокілттер қайтадан дайындалады.

Әкім, әкімнің орынбасарлары және аппарат басшысы және әр ұйымның қимасында кеңсе мамандары және мемлекеттік мекемелердің электрондық сандық қолтаңбалары белгіленген. 2012 жылы «Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» ММ электрондық құжат айналымына көшу бойынша жұмыстарды аяқтаған жоқ, себебі электронды құжат айналымын енгізуге қаражат қарастырылмаған. Іс-шаралар 2013 жылға жоспарланған және электрондық құжатайналымы жүйесін қолдауға қаражат бөлінген.

«Мекенжайлық тіркелім» ақпараттық жүйесі» жобасының аясында (бұдан әрі - МТ АЖ) 2007 жылы МТ АЖ бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу бойынша жұмыстары өткізілді. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайлары түгендеу өткізілді. Дерекқордың 2-ші кезеңі бойынша енгізу жұмыстары 41% -ке жетті. 2013 жылдың аяғына шейін дерекқорларды толық көкейтесті ету және енгізу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

Аталған ақпараттық жүйелерден басқа 2007 жылдан бастап қала әкімі аппаратының ақпараттық порталы жұмыс істейді. Бүгінгі күнге дейін порталдың құрылымы 500 мақсатты бетшеден, 55 категориясынан, 1-ші деңгейдегі 74 бөліктен, 2-ші деңгейдегі 69 бөліктен, 3-ші деңгейдегі 117 бөліктен, 4-ші деңгейдегі 7 бөліктен құралған. Портал арқылы қала әкімінің блогы, жаңалықтарға жазылу, әр мемлекеттің мекеменің мәліметі, мемлекеттік сатып алу бойынша және т.б. ақпараттық қызмет көрсету өткізіледі.

Қарағанды облысы әкімі аппаратымен «Қарағанды облысының электрондық қызмет көрсету порталы» ақпараттық жүйесі құрастырылған және тәжирибелі пайдалану енгізілген болатын. Қазіргі уақытта Web-портал арқылы Қарағанды облысының халық пен мемлекеттік мекемелері және қызметтері арасындағы жедел, ашық, шын және көрнекті тілдесу қамтамасыз ете отырып, тұрып жатқан азаматтарына әр түрлі электрондық қызмет көрсету мүмкіндігі туып жатыр.

Халықтың «әлеуметтік-маңызды қызмет көрсету сапасының қанағаттануы» жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету жалпы санынан 86% құрайды.

Қарағанды қаласы әкімдігінде 2012 жылдың 12 айында 190995 жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетілді, оның ішінде ХҚКО арқылы 31250 (17%).

Қарағанды облысы Халыққа қызмет көрсету арқылы мәліметтері бойынша әкімдігінде 12 айында ХҚКО арқылы 31250 мемлекетік қызмет көрсетілген, оның ішінде 648 мемлекеттік қызметті қарастыру мерзімі бұзылған, бұл барлық қызмет көрсеткен қызметтерінен 2%-н құрайды.

Өтініштерді қарастыру мерзімінің бұзылу себебі: 2012 жылдың 2 тоқсанында «ГосНПЦзем» РМК «Мемлекеттік жер кадастры» бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша бейімделген нұсқасына ауысқан және қайта орнату жұмыстары жүргізілген. Осыған байланысты Қарағанды кадастр орталығына ХҚКО арқылы келіп түскен сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу мерзімдері бойынша кідіріс болған. Екіншіден, 3 тоқсанның соңында «Караганда НПЦзем» ЕМК мамандырылған кәсіпорынның («Жер ресурстары мен жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы») қайта құрылуына байланысты кемшіліктерге жол берілген, Халыққа қызмет көрсету орталықтары сәйкестендіру құжаттарын шығаруды тоқтату туралы хабарланған және жер учаскелеріне актілерді қабылдау жұмыстарын тоқтатуды сұраған.

Жер қатынастар бөлімінің мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау себебін ашу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет агенттігіне мемлекеттік қызмет көрсету өтініштерін қарастыру мерзімінің бұзылу туралы түсініктеме берілді.

Есеп беру кезеңі бойынша ХҚКО арқылы 2 шағымдар түсірілген болатын, бұл барлық қызмет көрсету санынан 0,1% құрайды.

Сондықтан, халықтың әлеуметтік-маңызды қызмет көрсету сапасының қанағаттануы 86% деңгейінен жоғары болады.

Жергілікті атқару органдарының әлеуметтік-маңызды қызметтер саны – 9. Әлеуметтік-маңызды қызметтерінің құрастырылған саны – 7, бұл электрондық түрге айналдырылған мемлекеттік қызметтердің 77,8%-н құрайды.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылған атқару органдырың 72 қызметтері автоматтандырылуға жатады.

2012 жыл бойынша автоматтандырылуға жататын қызметтер тізімінен толық автоматтандырылған қызметтер саны 49, толық емес автоматтандырылған қызметтер саны – 9, автоматтандырылмаған қызметтер саны – 14. Бұл жалпы автоматтандыру дәрежесінің 68% -н құрайды.
2-мақсат. Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқару функцияларын іске асыру тиімділігін арттыру

Әкім аппаратында және аудан әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінде 7 автоматтандырылған ақпараттық жүйелері енгізілген және қосымша АЖ енгізілуі жоспарлануда:

«Электрондық құжат айналымы жүйесі» АЖ;

«Қызметкерлерді басқару жүйесі» АЖ;

«Электрондық құжат айналымы жүйесіне арналған «Электрондық құжаттарды мұрағатқа тапсыру модулі» АЖ;

«Қаржы үйі» АЖ;

«Коммуналдық мүлікті есепке алу» АЖ;

«Облыстың бірыңғай диспетчерлік қызметі» АЖ;

«Сайлаушылардың тізімін қалыптастыру» АЖ

«Жалға беру шартын есепке қою» АЖ.


2012 жылы әкімдік ғимаратында барлық жерлердегі жергілікті торап жұмыстары аяқталған. Әкімдік ғимаратында орналасқан мемлекеттік мекемелер Бірыңғай көліктік торабына қосылған және де электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйелері енгізілген болатын. Әкімге, оның орынбасарларына, аппарат және мемлекеттік басшыларына және кәсіпорнының әрбір кеңсе мамандарына электронды сандық қолтаңбалары қойылған болатын. «Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» ММ қаражат алдын ала қарастырылмағандықтан, электрондық құжат айналымына көшу жұмыстары аяқталмаған, сондықтан бұл шараны іске асыру үшін 2013 жылы қаражат бөлінген және электрондық құжат айналым жүйелерін сүйемелдеу жоспарланған.
Қорытындылар:

Жалпы бағдарлама бойынша нәтижелердің 23 мақсаты, 34 міндеті, 37 мақсатты индикаторы, 81 көрсеткіші көзделген.

Жалпы, қабылданатын шаралар жоспарланған іс-шаралардың іске асырылуын және қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

2012 жылдың қорытындылары бойынша нәтижелердің 21 мақсаты, 33 міндеті, 34 мақсатты индикаторы, 80 көрсеткішіне қол жеткізілген.

Атқарылу 96% құрады.

Атқарылмағаны:

3 индикатор:


  1. Негізгі капиталға инвестициялардың НКИ,

  2. 100 мың адамға шаққанда жалпы өлім-жітімді төмендету,

  3. Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру.

1 көрсеткіш:

  1. 1 мың тірі туылған балаға шаққанда сәбилердің өлім-жітімін төмендету.

2012 жылға жоспарланған, аясында бюджеттердің барлық деңгейлерінің жоспарланған қаражаттары игерілген іс-шаралардың барлығы орындалған. Бюджеттен тыс қаражаттардың игерілу жоспары асыра орындалған.

Қаржы қаражаттарының игерілуі жоспардың 157,3% құрады.
Қарағанды қаласының әкімі М.Смағұлов

«Қарағанды қаласының

экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімі» ММ

бастығы А. Ахметова

Орынд.: О.Надькина



423873



жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау