Приказ №100 от 1 июля 2010 г "Методические инструкции по проведению мониторинга стратегических и программных документов, стратегических планов государственных органов, включающих форму и порядок составления оперативной отчетности"


–мақсат. Тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуды қамтамасыз ету үшін тұрғындардың денсаулығын жақсарту



жүктеу 0,52 Mb.
бет2/3
Дата22.05.2018
өлшемі0,52 Mb.
#15622
1   2   3

2мақсат. Тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуды қамтамасыз ету үшін тұрғындардың денсаулығын жақсарту.

2012 жылы Қарағанды қаласы бойынша скринингтік қамту 39% құрады. Қала халқын қанайналым жүйесі ауруларын ерте айқындауға профилактикалық скринингтік медициналық тексерулер жүргізілді. 80593 адам қамтылды, жылдық жоспардың 103,3 % құрады (78025 адам). Тексерілген науқастардан 6807 (8,4%) науқас айқындалды, оның ішінде диспансерлік есепке 6638 (8,2%) адам алынды. Қант диабетін ерте айқындауға - 80592 адам не 103,3% қамтылды, жоспарға (78025). Тексерілгендерден 273 (0,3%) науқас анықталды, оның ішінде диспансерлік есепке 267 (0,3%) алынды.

Глаукоманы айқындауға 63860 адам қамтылды нежылдық жоспардың 123,8% (51602 чел), 54 (0,08%) адам айқындалды, оның ішінде диспансерлік есепке 54 (0,08%) алынды.

Ісіалды жағдайларды және сүт безі обырын айқындауға 15554 адам қамтылды–жылдық жоспардың 96,5% (16112 адам). Тексерілгендерден 3466 (22,3%) науқас анықталды, диспансерлік есепке 3435 науқас алынды (22,1%). Ісікалды жағдайларын және сүт безінің обырын айқындауға 19903 адам не жылдық жоспардың 101,4% (19635 адам), айқындалғаны 715 (3,6%) науқас, диспансерлік есепке 702 науқас (3,5%) алынды.

Қарағанды қаласы бойынша профилактикалық тексерумен 1 жастан 17 жасқа дейінгі 107794 бала (100,4%), қамтылды, 9102 бала оңалтылды (90,8%), диспансерлік есепке 15990 бала (14,8%) алынды.

Қарағанды қаласының АМСК қызметінің шығындары деңгейін жалпы қаржыландыру көлемінен 43% дейін ұлғайту әрбір АМСК ұйымына әлеуметтік қызметкерлерді, психологтарды енгізумен, халықтың нысаналы топтарын профилактикалық тексерудің өзгеруімен (ересектерде және т.б. гепатитті анықтау скринингін қосу) жан басына шаққандағы нормативті теңестіру, ұлғайту

Қала бойынша әлеуметтік-елеулі аурулармен науқастанған, тегін және жеңілдіктегі дәрілік заттармен қамтамасыз етілген науқастардың үлес салмағын 82% дейін жеткізу – жыл сайынғы қаржыландыру көлемін әлеуметтік-елеулі аурулармен науқастанған, тегін және жеңілдіктегі дәрілік заттармен қамтамасыз етілген науқастарды қамтамасыз етуге арналған 823 млн. теңгеге дейін ұлғайту арқылы іске асырылды, (2011 жылы 810,3 млн. теңге бөлінді.

2012 жылы қалада біліктілік санаты бар медицина қызметкерлерінің үлес салмағы: дәрігерлер - 63%, орта медициналық қызметкерлер 59% құрады. Көрсеткішке қол жеткізу шетелде 20 маманды оқыту, 109 маманның біліктілігін арттыру, 122 дәрігер және 426 орта медициналық қызметкерді қайта даярлау және біліктілігін арттырумен қамтамасыз ету арқылы қол жеткізілді.

Қарағанды қаласында қан айналымы жүйесі ауруларынан болған өлім-жітімнің өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 489,3-тен 428,3-ке, яғни 61%-ға төмендегені байқалды, төмендеуге атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде қол жеткізілді.

Онкологиялық науқастардан болған өлім-жітім 2011 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 134,2-ден 132,6-ға, яғни 1,6% төмендеді.

Ісікалды жағдайларды және тоқ және тік ішек обырын айқындауға 48092 адам қамтылды, олардың ішінен 39 науқас (0,1%) анықталып, диспансерлік есепке 39 (0,1%) адам қойылды.

Ісікалды жағдайлар және сүт бездерінің обырын айқындауға 15554 адам қамтылды, олардың ішінен 3466 (22,3%) адам анықталып, диспансерлік есепке 3435 науқас (22,1%) қойылды.

Ісікалды жағдайлар және жатыр мойыны обырын айқындауға 19903 адам қамтылды, олардың ішінен 715 (3,6%) науқас анықталып,диспансерлік есепке 702 науқас (3,5%) қойылды.

Уақытылы өтініш жасау және онкологиялық ауруларды ерте айқындау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіледі: 509983 дана баспа материалдары тираждалды және таратылды, профилактикалық тексеруге шақырған 2 билборд орнатылды, 178504 адам қамтылған 23342 аса профилактикалық шаралар өткізілді.БАҚ жұмыс: 24 ТД-бағдарламасы, радио -107, бейнероликтерді жалға беру - 769. Ақпарат 150 роллер стендтері үшін ауысымдағы баннерлерде ұсынылды, 12 сәулелі скроллер, 18 электронды ақпараттық терминал. 2012 жылы «Облыстық онкологиялық диспансер» КМК 30 млн. теңге тұратын сұйықтық цитологиясы аппараты сатып алды.

Қарағанды қаласында туберкулезден болған өлім-жітімді азайту – науқастарды резерв қатарындағы препараттармен қамту, халық арасында туберкулезді уақытылы айқындау, тұрғындарды БАҚ арқылы хабардар ету арқылы қол жеткізілді. Одан басқа, Қарағанды қаласында туберкулезден болған өлім-жітім көрсеткішін азайту алғашқы медициналық-санитарлық ұйымдармен, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен және ведомстволық мекемелермен туберкулезге қарсы шаралар кешенін орындау бойынша бірлескен жұмыс нәтижесінде қол жеткізілді. 2012 жылы қатынасқа түсуден болған ауруларды ескерту мақсатында және уақытылы жүргізілген туберкулезге қарсы жұмыстар нәтижесінде – 2079 бала сауықтырылды. 2012 жылдың қорытындысы бойынша 9 жылжымалы мониторинг жүргізілді.Профилактикалық тексерру жүргізу жоспары 100% құрады. Емделуден бас тартқан науқастар – 9,7% құрады. Оларды емдеуге тарту бойынша (белсенді жұмыстар жүргізіледі (ІІБ, құжаттарды сот арқылы ресімдеу). Туберкулез бойынша «Біздің мақсатымыз туберкулезді тоқтату» тақырыбында айлықтар, жоо студенттері арасында «Өзіңді туберкулезден қорға» девизі бойынша акциялар, ТБ бойынша - 5 арна, Қазақстан Қарағанды арнасында сөз сөйлеу өткізілді. Туберкулез мәселелері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде постскриптум. Туберкулездің алдын алу бойынша «Еркін дем ал» бейнеролигі шығарылды. Қарағанды қаласының базарларында халықты профилактикалық тексеру үшін жылжымалы флюорографтар орнатылды. 150 адам қамтылды. 2012 жылы барлығы 27 мың адам қамтылған 2771 дәріс оқылды, 130 адам қамтылған 4285 әңгімелесу, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізілді. ПКИО ОО және «Шахтер» стадионында спартакиадалар өткізілді Облыстың туберкулезге қарсы қызметі емдеудің амубаториялық және стационарлық кезеңдерінде науқастарды емдеу ұйымдастыруға әдістемелік, сондай-ақ азық-түлік жинағы және науқастардың амбулаториялық кезеңде емдеу мекемесіне дейінгі жолақыларына қаражат бөлу арқылы әлеуметтік көмек көрсететін, «Жасыл түс комитеті» желісі бойынша 2 қатардағы препараттармен қамтамасыз ететін Жаһандық қормен, «Денсаулық атымен серіктестер» ҮЕҰ және Қызыл жарты ай Қоғамымен өзара іс-қимылда жұмыс жасайды. ҚР ДСМ «Туберкулезбен күрес бойынша іс-шараларды жетілдіру шаралары туралы» 17.06.2011 жылғы №404 бұйрығы негізінде халық арасында профилактикалық шаралар жүргізу үшін облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, СӨС ОО және туберкулезге қарсы қызмет арасында бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді.

Қарағанды қаласы бойынша АИТВ-инфекциясының 15-49 жас – 0,029 жас топтарында таралуын ұстап тұруғат қол жеткізілді. 15-тен 49 жасқа дейінгі аралықтағы 51945 адам тестілеуден өткізілді, оның ішінде 77 АИТВ-инфекциясын жұқтырғандар айқындалды. Аталған индикаторды қол жеткізу нәтижесі «ЖИТС эпидемиясына қарсы әрекет бойынша іс-шаралар жоспарына» сәйкес ҚР денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ҚОДСБ «ЖИТС-пен дүниежүзілік күрес күні және профилатикалық айлық өткізу туралы» 31.10.2012 жылғы №626ө бұйрығы шығарылды.

БАҚ-да халық арасында АИТВ-инфекциясының профилатикасы бойынша ақпараттық-білім беру жұмыстары жүргізіледі. 5 билборд, 5 көше баннерлері орнатылды. Ақпарат 150 роллерлік стенд, 12 сәулелі скроллер, 18 электронды ақпараттық терминал үшін ауысымдағы баннерлерде ұсынылды.

2012 жылдың қорытындысы бойынша 100 мың тірі туғандарға шаққандағы өткен жылғы осы мерзімдегі 1 жағдайға қарсы 1 ана өлімі жағдайына жол берілді, көрсеткіш 8,9 құрады.



Ана мен баланы қорғауға бағытталған бағдарламаларды іске асыру шеңберінде бірқатар шаралар жүргізілді:

  1. Ана мен бала өлдімінің алдын алу және болдырмау бойынша қысқамерзімді іс-шаралар жоспары әзірленді; медицина ұйымдарының перинаталдық көмек көрсету жағдайларына неғұрлым бейімделген перинаталдық көмекті аймақтандыру бойынша 30.04.2012 жылы №183 жаңа бұйрық шықты;

  2. Жүкті әйелдердің, экстрагениталды аурумен науқас, жүктілікке қарсы көрсетімі бар әйелдердің мониторингі жүргізіледі;

  3. Барлық денсаулықтарына ерекше назар аударылатын жүкті әйелдер, босанатын және босанған әйелдер, сондай-ақ ҚР ДСМ «Жүкті әйелдердің, босанатын және босанған әйелдердің сыни жағдайларының мониторингі бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» 28.05.2010 жылғы №389 бұйрығына және ҚОДСБ 13.1.2010 жылғы №530 бұйрығына сәйкес күнделікті ақпарат Республикалық мекемелерге және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігіне ұсынылады.

  4. Ана мен бала өлімін төмендету бойынша 4 облыстық штаб өткізілді, оның ішінде 1 штаб ҚР денсаулық сақтау Министрі және облыс әкімінің төрағалығымен, 3 штаб облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткізілді, сондай-ақ 2 облыстық акушерлік-педиатриялық кеңес, 6 ана және бала өлімінің алдын алу бойынша мәжіліс өткізілді.

  5. ҚОДСБ 02.02.2011 жылғы №68 бұйрығы шеңберінде «ОПО» оқу орталығы базасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Аналар қауіпсіздігі», тиімді перинаталдық технологиялар, акушерлік операцияларды жүргізу техникасы, шұғыл көмек көрсету оқу бағдарламасы бойынша әртүрлі мамандықтағы медицина қызметкерлерінің (терапевтер, жедел жәрдем, анестезиологтар, анестезистер, акушер-гинекологтар, акушерлер, неонатологтар) оқыту жалғастырылды, Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы бойынша ҚОДСБ, ҚММУ, ҚР ДСМ МФҚБК Қарағанды облысы бойынша департаментінің мамандары Қарағанды қаласының перзентхана және балалар ұйымдарында ұйымдастыру – әдістемелік көмек көрсету мақсатында акушерлік және гинекологияның өзекті мәселелері бойынша кешенді тексерулер жүргізді.

2012 жылы Жол картасына сәйкес нәрестелердің жүрек ақауын түзету бойынша «ОКО» ШЖҚ КМК базасында операциялар жалғастырылды, ТБЖА бар нәрестелерге 292 операция жасалды, АМСК және стационарлардың акушер-гинеколог дәрігерлері және акушерлері Жүкті әйелдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 5 тренинг өткізілді, жедел жәрдем терапевтері мен фельдшерлері үшін«Акушерліктегі шұғыл көмек» циклына оқытылды, Қарағанды қаласының медицина ұйымдарының аймақтық трененрлері оқытылып, даярланды, оның ішінде 8 акушер-гинеколог, 21 акушер, 11 терапевт және 14 фельдшер. Ағымдағы жылы «ОПО» КМК 2 УДЗ дәрігері «АменБҰҒО» АҚ базасында инвазивті процедураларды жүргізу бойынша мамандандырудан өтті. 01.06.2012 жылдан бастап ОПО базасында инвазивті шаралар жүргізіледі. Қарағанды қаласының медицина ұйымдарының 8 УДЗ дәрігері республикалық және жақын шетелдер оқу орталықтарының базасында туа біткен даму ақауының пренаталдық диагностикасы бойынша оқытылды. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап, ОПО базасында бекітілген кестеге сәйкес облыстық , аудандық және қалалық ЕПҰ-дың УДЗ дәрігерлеріне арналған ұрықтың ТБДА УДЗ бойынша жұмыс орнында оқыту ұйымдастырылды. Есепті мерзімде Қарағанды қаласы медицина ұйымдарының 8 УДЗ дәрігері ұрықтың ТБДА диагностикасы бойынша оқудан өтті.Қарағанды қаласының жүкті әйелдерін дәрілік препараттарын қамтамасыз ету үшін 716 мың теңге, Қарағанды қаласының балары үшін 61 912 мың теңге бөлінді.

2012 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Қарағанды қаласының перзентхана ұйымдарына құны 209 748 мың теңге сомасында қазіргі заманғы қымбат тұратын 12 бірлік жабдық сатып алынды.

2012 жылдың қорытындысы бойынша нәрестелер өлімі көрсеткішіне қол жеткізілді, 1000 тірі туғандарға шаққанда өткен жылғы осы мерзімдегі 11,3 қарсы 11,9 құрады.

Қарағанды қаласы бойынша 2012 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 2011 жылдың осы мерзіміндегі 120 қарсы 132 нәресте бала шетінеді, оның ішінде үйде 2011 жылғы 14 (12,1%) 13 (10,0%)

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің «Қазақстан Республикасында перинаталдық көмекті аймақтандыруды жетілдіру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» 07.05.2010 жылғы №325, Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қарағанды облысында перинаталдық көмекті аймақтандыру туралы» 05.04.2012 жылғы №183 бұйрығына сәйкес қауіп тобындағы жүкті әйелдер перинаталдық көмек көрсетудің 3 деңгейінде босандыру үшін жолданады.

Қарағанды қаласында 2 перзентхана 3 деңгейдегі ЕПҰ болып табылады: «Облыстық перинаталдық орталық» КМҚК, «Облыстық клиникалық ауруханасы» КМК. Осыған байланысты 2012 жылы Қарағанды қаласында шетінеген 132 бала, облыстың басқа аймақтарынан 32 бала.

Қарағанды қаласы бойынша 100 бала ( оның ішінде үйде – 13) шетінеді. Себептері: туа біткен даму ақауы, перинаталдық себептер, пневмония, ЖРВИ, 4 бала Қарағанды қаласының стационарларында шетінеген, Қарағанды қаласында тіркелген басқа облыстың балалары,

Қарағанды қаласында нәрестелер шетінеуін төмендету мақсатында келесі шаралар жүргізілді: неонаталды хирургия бойынша Жол картасы шеңберінде «ОБКА» КМК базасында ТБЖА бар нәрестелерге 48 операция жасалды, «ОКО» базасында ТБЖА бар нәрестелерге 87 операция жасалды. Ағымдағы жылы ДДҰ «БЕЖАЫЖ» бағдарламасын енгізу бойынша қаланың медицина ұйымдарынан 30 дәрігер педиатрлар және жалпы практика дәрігерлері және 87 балалар ұйымдарының медбикелеріне Белорус Ғылыми-зерттеу институтының мамандары БЕЖАЫЖ Ж ағымдағы жылы 56 каскадтық тренинг жүргізді.

Балалар өлім-жітімін төмендету мақсатында (100 000 мың тірі туғандарға шаққанда 5 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімі көрсеткіші 13,2 құрады, 147 бала шетінеді (2011 жылы – 131 бала) 2012 жылдың қорытындысы бойынша ана мен бала өлімін төмендету бойынша 4 облыстық штаб өткізілді, оның ішінде 1 штаб денсаулық сақтау Министрі мен облыс әкімінің төрағалығымен, 3 штаб облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен, 2 облыстық акушерлік-педиатриялық емдеу-профилактикалық кеңесі және ана мен бала өлімінің алдын алу бойынша 6 мәжіліс өткізілді, шешім шығарылды –ерте жастағы балаларды, әсіресе, нәрестеледі сапалы патронаждық бақылау күшейтілді, күн сайынғы балаларға көрсетілетін емдеу-профилатикалық көмек сапасының «төменнен-жоғары» күн сайынғы мониторингі қамтамасыз етілді. Сондай-ақ Қарағанды қаласы бойынша балалар шетінеуінің көрсеткішіне 0 жастан 18 жасқа дейінгі профилатикалық тексерулер жүргізу есебінен қол жеткізілді. Қала бойынша профилактикалық тексерумен 1 жастан 17 жасқа дейінгі 107794 бала (90,8%) қамтылды, диспансерлік есепке 15990 бала (14,8%) қойылды.
Халықты әлеуметтік қорғау
3-мақсат: Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі

2012 жылы «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ АӘК тағайындау үшін 1777 адам келген, оның ішінде АӘК алушылар арасындағы еңбекке қабілеттілер саны 570 адам, осыдан АӘК алушылар құрамындағы еңбекке қабілетті тұрғындардың үлесі 2012 жылы 32,1 % құрады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда төмендеу қарқыны байқалады. Өтініш берушілер санының азайуы еңбек ақы көлемінің өсуімен, жаңа жұмыс орындарының пайда болуымен, зейнетақы көлемінің өсуімен, мемлекеттік жәрдемақы мен бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақылардың өсуімен байланысты.

2011 жылы күнкөріс деңгейі 14391 теңгені, 2012 жылы 15244 теңгені құрады, яғни күнкөріс деңгейінің өсу қарқыны 106 % құрады.

2013 жылдың 1 қаңтарына арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждардың саны 2035 адамды, 2012 жылы жоғарыда аталған қызметтермен 1956 адам қамтылды, сол себепті арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылғандардың үлесі 96 % құрады, мұнда арнаулы әлеуметтік қызметтерді мемлекеттік сектор ұйымдары ұсынған.

2012 жылы жұмысқа орналасу сұрағы бойынша 11371 адам келген, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 10666 адам адам жұмысқа тұрғызылған, жұмысқа тұрғызуға әрекет ету үшін келген тұлғалар санынан жұмысқа жыл қортындысы бойынша тұрғызылғандар үлесі 93,8 %, бұл жоспарланған көрсеткіштерден жоғары.

Жаңа жұмыс орындарын құру көрсеткіштері орындалған. Жастар тәжірибесі бойынша 380 адамғажұмыс орындары, 170 адамғаәлеуметтік жұмыс орындары, 1327 адамғақоғамдық жұмыс орындары, 809 адамға мекемелерден бос жұмыс орындары түсті.

Жұмыспен қамтылған тұрғындардың жалпы санынан өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар үлесі 6,6 % құрады.

Жыл қортындысы бойынша қоғамдық жұмыстарға 1375 адам жіберіліп, төленген еңбек ақының жалпы сомасы 102 млн. теңге, кәсіптік дайындау, қайта дайындау және біліктілігін жоғарылатуға-350 адам жіберіліп, 4,9 млн. теңгетөленген.

Жұмыспен қамту аймағында халықты әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралары15,5 млн. теңгеге, оның ішінде:

-өз ісін ашуға материалдық көмек 44 адамға 2,8 млн. теңгеге;

- әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған 73 адам 3,9 млн.теңгеге;

-жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастырылған 84 адам 8,8 млн. теңгеге көрсетілген.

2012жылы:

-мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 56,8 млн. теңгеге 639 отбасына/1985 алушыларға. Отбасының бір мүшесіне АӘК орта мөлшері айына 2 388,5 теңгені құрады;

-.Балалар жәрдемақысы -711 өтініш иесіне 1396 балаға ай сайын әр бала үшін 1618 теңге көлемінде 14,6 млн. теңгеге төленген.

.
Мәдениет және тілдерді дамыту
4-мақсат: Мәдениет саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

2012 жылы мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған 22 ірі ісшаралар мен сайыстар өткізілді. Аталған ісшараларға қала тұрғындары, оқушылар, студенттер, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты. Қалалық ісшаралар «Мюзикола», «Ринго», Б.Шадаева, Е.Көкеев, «На-На» тобы, «Верасы», «Пламя» сияқты қазақстандық және таяу шетелдердің эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтті. Алғаш рет 2012 жылы Бірінші Президент күні аталып, Қарағандының 13 алаңында қала мен облыс мәдениет үйлерінің шығармашылық ұжымдарымен концерттік бағдарламалар өткізілді.

2012 жылы мәдени - ойын-сауық ісшараларымен қамтылған халық үлесі 190 мыңнан астам адамды құрады, ол қала халқының санынан 40 % құрайды.

2012 ж арналған жоспар бойынша, кітапханалардың электрондық ресурстарын пайдаланушылар саны -10,3 мың адам, 2012 ж жоспарының орындалуы 100% құрады. Электронды каталогқа енізілген кітапханалық қордың саны 2012 жылы 43,1 жазуды құрады.

2012 жылы сомасы 5,7 млн.тг кітапханалық қорларды жасақтау жоспарланды. Электронды мемлекеттік сатып алу көмегімен баға ұсыныстары әдісімен сомасы 5,7 млн.тг 684,8 мың дана әдебиет алынды, оның ішінде 125,3 мың дана қазақ тілінде.

№6 кітапхана филиалы, №12 балалар кітапханасы филиалының ағымды жөндеуіне 17,7 млн. тг бөлінді, «Шахтер» ҚМКК, «Жаңа Майқұдық» МҮ ҚМКК, «Железнодорожник» МҮ.


5-мақсат: Мемлекеттік тілді дамыту

Көрсетілген бағытқа жету жұмыстары «Тілдер туралы» ҚР Заңына сәйкес жүргізілді.

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 24 қыркүйектегі №42/3 қаулысына сәйкес, барлық мемлекеттік мекемелердегі іс жүргізу мемлекеттік тілге ауыстырылды. Кіріс және шығыс құжаттарға бақылау жүргізіледі. 2012 жылы мемлекеттік тілде жүргізілетін құжаттар үлесі 78 % құрады.

Әлеуметтік сауал бойынша, халықтың үштен бір бөлігі мемлекеттік тілді еркін игерген. әрекетті жүзеге асыру, еркін түсіндіру және мемлекеттік тілде жұмыс атқару үшін халық арасында салмақты жұмыс өткізу қажет. Нашар білетін қатарына ұлты қазақ емес адамдар енеді. Еркін сөйлеп, оқып, құжаттар құрастыратын; еркін сөйлеп, оқитындар; қиналып сөйлейтіндер – қала халқының 49% құрайды.

«Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ Мемлекеттік бағдарлама асында мемлекеттік және де басқа тілдерді дамыту мақсатында кешенді ісшаралар өткізді.

Жыл басынан мемлекеттік тілдің мәртебесі мен мағынасын насихаттау мақсатында: 1 семинар, 2 дөңгелек үстел, 9 сайыс және Славян жазуының күніне, Тілдер күніне арналған 2 қалалық мереке өткізілді.

БАҚ арқылы мемлекеттік тілді үйрену және енгізу бойынша насихат жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2012 ж телеарнадан 1 интервью, жергілікті басылым өнімдерінде 1 интервью жоспарланды. Тіл тосқауылын жеңу, мемлекеттік органдардың іс жүргізуінде мемлекеттік тілдің үлесін арттыру, көрнекі ақпарат мен жарнамаларда тілдік нормалардың бұзушылық нормаларын азайту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
Дене тәрбиесі және спорт, туризм
6-мақсат. Бұқаралық спортты және дене тәрбиесі-сауықтыру қозғалысын дамыту.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес 2012 жылы 238 спорттық-бұқаралық шара өткізілді. Жарыстарға қатысқандардың жалпы әртүрлі жастағы 31 мың адам. Шаралармен тұрғындардың барлық санаттары: балалар мен жасөспірімдер клубтарындағы балалар, жастар, өндірістік ұжым мүшелері, ардагерлер, мүгедектер қамтылған. 2012 жылы қаланың аула клубтары арасындағы 12 спорт түрі кіретін оныншы Спартакиада өткізілді. Жалпы білім беру мектептері, колледждер мен кәсіби лицейлер Спартакиадасы шеңберінде ақтық және қалалық жарыстар өткізіледі. Үш жыл қатарынан «Студенттік Лигалар» қалалық жарыстары шеңберінде 4 спорт түрінен жарыстар өткізілуде – волейбол (ерлер+әйелдер), шағын футбол (ерлер), баскетбол (ерлер+әйелдер) және үстел теннисі (ерлер+әйелдер).

Дене шынықтыру және спортпен белсенді шұғылдануға қалалық кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбекші ұжымдарын тарту жұмысы жүргізілуде. Кәсіпорындардың қызметкерлеріне сауықтыру жаттығуларын өткізу үшін білім беру мекемелерінің спортзалдарын ақысыз ұсыну туралы меморандумдар жасасуда. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына алғанда, аталған сауықтыру топтарында 200-ге жуық ересек тұрғындар жаттығады. Сонымен қатар, әлеуметтік қорғалатын халық санаты үшін жеңілдіктермен және ақысыз негізде қаланың спорт кешендері мен фитнес орталықтарында сауықтыру жаттығулары ұйымдастырылған. Қазіргі таңда 50 астам мүгедектер «Спортика.кз», «Персона» фитнес орталықтары, «Карат» спорт кешені, «Шахтер» КМҚК спорт нысандарына ақысыз барады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Бұқаралық спорт, дене шынықтыру-сауықтыру мен жоғары спорттық жетістіктерді дамыту бойынша барлық жоспарлы көрсеткіштер мен индикаторлар орындалды.


7-мақсат: Бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру

2012 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында ішкі туризмге келушілер саны 101,5 мың адам, сырттан ел ішіне келу туризміндегілер саны – 5,6 мың адам. 2012 жылы күтілетін көрсеткіш тиісінше 135,3 мың және 8,61 мың адам құрайтын болады.


Ішкі саясат
8-мақсат. Мемлекеттілікті және ұлт бірлігін одан әрі нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Қоғамдық – саяси салада индикаторлардың жетістігі мен міндеттердің көрсеткіші Қазақстан дамуының басымдықтарын және Страгияны түсіндіру және насихаттау жөнінде семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу, Қарағанды қаласында қоғамдық-саяси жағдайларға мониторинг және әлеуметтік зерттеулер жүргізу, ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру шеңберінде ҮЕҰ қызметтерін жандандыру бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлеу және ҮЕҰ қызметтеріндегі халықтың қанағаттануына мониторинг жүргізу арқылы іске асырылады.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде әлеуметтік сауалнамалардың қорытындысы бойынша 2012 жылға қоғам мен мемлекет институттарының өзара қарым-қатынасын оң бағалаған халық үлесі 80%, конфессияаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясатты оң бағалаған - 61%, этносаралық қарым-қатынас саласында -84%, құрады.
Қоғам қауіпсіздігі және құқықтық тәртіп

9-мақсат. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыскерлікпен, заңға қайшы есірткі айналымы мен нашақорлықпен күрес жүргізу

Индикатор «50% деңгейі төмен емес 2015 жылғы ішкі істер органына халықтың өcу деңгейі болжамы» Осы көрсеткіштер әлеуметтік сұрақтарды жүзеге асыруда тәуелсіздік қайнардың негізімен зерделінеді ҚР ІІМ мәліметі бойынша Қарағанды облысының көрсеткіштері,қаржыландырудың жоқтығына байланысты,2012 жылы талдау жұмысы жүргізілмеген.

Мақсаттандырылған индикаторға жету мақсатында 2 мақсат қойылған:

1. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

2012 жылы Қарағанды қаласы бойынша 313 жол транспорттық оқиғасы тіркелген және 142703 автотранспорт құралы тіркелген.

Жалпы қала бойынша 2012 жылда, 2011 жылмен салыстырғанда жол транспортының оқиғасының өсуі 1,6% (308-ден 313) байқалды, алайда ЖКҚ деңгейінің төмендеуі 10 мың. бір. Транспортқа төмендеуі автотранспорт құралын тіркелуінің ұлғайуына байланысты (125352-ден 142703) төмендеді.

2011 жылмен салыстырғанда ЖКҚ-да өлгендердің деңгейі 15,6% (с 45 до 52) өсуімен және ЖКҚ-да жәбірленушілердің деңгейінің 1% (с 341 до 334) төмендеуі байқалды .

2. Есірткі бизнесімен және нашақорлықпен күрес, қылмыскерді іздестіру және қылмыспен күресудің нәтижесін жоғарылату

2012 жылы ауыр және аса ауыр қылмыс түрлері бойынша 972 қылмыс тіркелген, яғни 2011 жылға қарағанда 1,2% пайызға төмен, оның ішінде 535 қылмыс ашылған (2011 жылы 443).

Заңсыз айналымда 13 кг. 919 гр. алынған (2011ж. – 8 кг. 977 гр.) әр түрлі есіртке құралы, оның ішінде: героина – 8 кг. 217 гр., (2011 ж. - 3 кг. 447 гр.).

Жоспарланған индикаторға жету мақсатында, көрсеткіштерге және мақсатқа жету мақсатында Қарағанды қ. ІІБ ЖПБ қызметкерлерімен әрқашандық негізде ЖҚО жоғары түрде жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер білдіретін құқықбұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік жұмыстар жүргізілді

Бұқаралық ақпаратқа әрқашан баспа сөз шығарылады, оның ішінде телевизор, радио арқылы. Мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде, еңбек ұжымдарында әңгімелер жүргізіледі. Зерделеуге сәйкес жол транспорттық оқиғалардың жоғарғы апатының негізгі себебі: транспорт құралының жүргізушілерімен шапшаңдық режимін сақтамаудан; қарама қарсы жол шығып кетуі; қиылыс жолдарында кезекті сақтамау; жаяу кісі жүретін жол қозғалыстарын сақтамау болып табылады.

ЖҚА зерделеу жүргізілгеннен кейін облыстық ЖПБ ББ№2 ЖҚ-не ерекше апаттық қауіпті жерлерде постыларды және маршруттарды өзгерту үшін ақпарат жолданады.

Жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін нығайту үшін, ерекше алғанда кісі таситын транспорттарда Қарағанды қ. ІІБ ЖПБ жеке құрамымен әрқашандық негізде әр түрлі шаралар жүргізіледі, яғни жедел-профилактикалық шаралар «Тәртіп сақтау», «Жолқозғалысының қауіпсіздік аптасы», «Автобус», «Абайлаңыз балалар», «Светофор» және басқа, сонымен бірге қаланың көшелерінде Қарағанды қаласының Білім беру бөлімімен бірлесіп және мекемелердің қатысуымен әр түрлі акциялар жүргізіледі (ЮИД, ЖҚА жәбірленушілерге көмектес, мотто спорт, және басқа.). Осы шаралар БАҚ-қа молынан шығарылады.

Жол жағдайларын, транспорт құралдарының жағдайларын және қауіпсіздікте жол полициясының нәтижесін жоғарылату үшін 2012 жылы ЖПБ жол инспекциясы қызметкерлерімен көше жолдарында және техникалық құралдарды реттеу, сонымен қатар теміржолдарды зерделеу жүргізілді. Қорытындысы бойынша актілер жазылды және анықталған кемшіліктерді жоюға нұсқамалар беріліп, оған орындалғаны туралы жауаптар алынды. Жергілікті орындау органдарына ақпараттар жолданды. Жолдардың ластануына, За загрязнение дорог, жолдарды күту бойынша кемшіліктер, жол құрылыстарының және нұсқаманы орындамағандары үшін заңды тұлғалар ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 485,486 және 487 бабтарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Сонымен қатар ЖПБ жол инспекция топтарымен 2012 жыл бойы өндірістегі жол жұмыстарының схемалары, құрылыс жобалары және орналасу схемалары, жақындағы автокөлік жолдары қарастырылды, сонымен қатар азаматтардың және заңды тұлғалардың жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша арыздары қаралды.

Қарағанды қ. ІІБ ЖПБ ғимаратында азаматтарға қызмет көрсету жағдайын жақсарту мақсатында қабылдау залдары жабдықталды, онда қызықтырушы сұрақтармен азаматтарды қабылдау жүзеге асырылады. Қарағанды қаласының азаматтарына автотранспорт құралдарын тіркеу және қайта тіркеу сұрақтары бойынша қызмет көрсетіледі, жүргізуші куәлігін тапсырумен Қарағанды облысының ЖПБ РЭП қызметкерлері айналысады.

Қарағанды қ. ІІБ ЖПБ қызметкерлерімен қылмыстар және жемқорлыққа жол бермеу үшін әрқашандық негізде сабақтар, әңгімелер жүргізіледі және азаматтарды қабылдау орындары тексеріледі.

ІІБ ЖПБ қатарында жемқорлықтың алдын алуға бағытталған міндеттемелер талқыланды.

Әрқашандық негізде жол полиция қызметкерлерінің жеке құрамымен «Жемқорлықпен күресу туралы» ҚР Заңын оқып зерделеу бойынша және жемқорлық құқық бұзушылыққа және қылмысқа жол бермеу жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Одан басқа, азаматтар жағынан жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша жұмыс жүзеге асырылуда.

2012 жылы Қарағанды қ. ІІБ патрульдік полк қызметкерлерімен Қарағанды қаласының аумағында жасалған 1439 қылмыстар ашылды. Көше қылмыстары жасалған кезде нарядтардың әрекет нарядтардың әрекет дағдысын тексеру және нығайту мақсатында және «ізін суытпау» бойынша қылмыстарды ашу тәсілі және ырғағын жүзеге асыруда қалалық ІІБ ӘПБ қызметкерлерімен жеке құраммен оқу-жаттығулар жүргізу кестесі дайындалды.

Бөтеннің мүлкін тонау қылмысын ашу, ескерту және көше қылмыстарын және басқа мүліктік қылмыстарды тәжірибелеу мақсатында, сонымен бірге Қарағанды қаласында елеулі жерлерде қылмыстың залалданған орындарын, қылмысқа қатысты тұлғаларды «ізін суытпай» ұстау зерделеу негізінде 50 локалдық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жедел ахуалды жағдайды тұрақтандыру және ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу мақсатында, сонымен қатар бірталай ұйымдастыру-тәжірибелік шаралары әрқашандық негізде аумақтық бөліністерге тәжірибелік көмек көрсету үшін жүзеге асырылады.

Одан басқа, осы категория бойынша ашылмаған барлық қылмыстар ерекше бақылауда тұр, ай сайын оларды ашу жұмысы бойынша тыңдау кестесі құрылады. Тыңдаушылар қорытындысына сәйкес жедел есептегі істерді оқу барысында анықталған кемшіліктерді жою және қылмыстарды ашу бойынша шаралар жүргізу туралы нұсқаулар жолданады, сонымен қатар ҚР ҚПК 132 бабы тәртібімен ұсталған тұлғаларды әрқашандық негізде УҰИ жағдайында бұрын ашылмаған басқа қылмыстар жасалуына қатыстылығы тексеріледі. 2012 жылы полиция қызметкерлерімен бұрынғы жылдары жасалған қылмыстардың ішінен 119 қылмыс ашылды.

Қарағанды қаласының аумақтарының елеулі залалданған көшелерінде локалдық жұмыстар апта сайын жүргізіледі.

Аса ауыр және ауыр қылмыстар бойынша тоқтатуға жоспарланған және тоқтатылған қылмыстық істерді, сонымен бірге тұлғалармен оқып зерделеуді бақылауды қамтамасыз ету. Оқып зерделеу негізінде оларды ашылуға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу шараларының жоспары өңделеді.

Бұрынғы жылдары жасалған қылмыстарға қатыстылығын тексеру мақсатында тұрақты түрде әкелінген тұлғаларды міндетті түрде криминалистік есепке қою арқылы локалдық жұмыстар жүргізіледі және әрі қарай қылмыс жасалған орыннан алынған іздердің дактилокарталары тексеріледі, сонымен қатар анықтау үшін база бойынша ұялы телефондарды тексеру, заттай айғақтарды алу және әрі қарай бұрын жасалған қылмыстарды ашу, оның ішінде бұрынғы жылдары ұялы телефондарды ұрлау жұмыстары жүзеге асырылуда.

Есірткі құралының ірі партиясын ұстау және халықаралық наркотрафиктерді жою, есірткі бизнесі жүйесінде ұйымдастырылған қылмыс тобын талқылау және анықтау бойынша арнайы топ құрылды.

Есірткі бизнесінің жүйесінде ұйымдастырылған қылмыс тобының жұмысының алдын кесу және анықтау, ескерту үшін, есірткі бизнесінің жүйесінде ұйымдастырылған қылмыс тобын әзірлеу, анықтау және халықаралық наркотрафиктерді жоюға және есірткі құралының ірі партияларын алу бойынша арнайы топтарын құрылды.

ҚР ІІМ Біріктірілген деректер банкін қолдануы және құрылымы жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, заңсыз есірткі айналымымен байланысты заңды және жеке тұлғалар, оқиғалар туралы жедел ақпараттарды біріктірілген деректер банк құрылымы жүргізіледі. (Есірткілер-факт, Наркотики-көріну).

Қарағанды қ. ІІБ ЕБҚКБ қызметкерлері ІІБ ӘПБ және КПБ қызметкерлерімен бірлесіп, есірткіні тарату фактілерін анықтау мақсатында ойын-сауық және оқу мекемелерінде тұрақты негізіне тексерістер жүзеге асырады.

2012 жылы «Боровичок» кафесінде жүргізілген тексеріс барысында көрсетілген мекеменің иесі ӘҚБтҚРК 319-1 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау