- Негізінен "инноватика" ұғымының мәні, латынның in-novus деген сөзінен шыққан, "жаңарту, өзгерту" мағынасын береді.
- Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерінен олардың берген анықтамаларын талдай келе біз бұл ұғымның төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көреміз. Жалпы алғанда, бұрыннан белгілі қолданыста жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзін инновациялық деп қарастырады. Олай болса, «инновация» деген ұғымды "жаңалық", "жаңа әдіс", "өзгеріс", "әдістеме", "жаңашылдық", ал инновациялық үдерісті "жаңа әдістеме құралы" деп түсіндіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |