Медициналық статистикада қандай да бір факторлардың әсерінен оқиғаның пайда болу қауіп-қатерінің өзгеруі зерттеледі. Қауіп-қатерлік этиологияны (қауіп-қатер факторлары, немесе қорғаныс факторлары), диагностиканы (бар ауруды айқындау ықтималдығы), емдеу (қолайлы емес оқиғаның пайда болу немесе жазылу ықтималдығы), аурудың алдын-алу, болжау (белгілі бір популяцияда аурудың белгілі бір сатысында пайда болуы мүмкін оқиға) зерттеулерінде негізгі ұғым болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |