Салыстырмалы қауіп-қатер не үшін қолданылады? Салыстырмалы қауіп-қатер, қауіп-қатер факторына байланысты нәтиженің пайда болу ықтималдықтарын салыстыру үшін қолданылады. Мысалы, шылым шегудің гипертониялық аурулардың жиілігіне ықпалын бағалағанда, сүт безі обыры (емшек қатерлі ісігінің) жиілігінің оральды контрацептивтерді қабылдауға байланыстылығын зерттегенде және т.б. Салыстырмалы қауіп-қатер – белгілі бір емдеу әдістерін тағайындағанда немесе болуы мүмкін жанама әсерлерге зерттеу жүргізгенде ең маңызды көрсеткіш.
Достарыңызбен бөлісу: |