Практикум (русский язык). 6 Лабораторная работа 1


ЛР 15 Контрольная работа «Количественный анализ». Итоговое занятие



жүктеу 1,44 Mb.
бет68/82
Дата21.11.2018
өлшемі1,44 Mb.
#23272
түріЛабораторная работа
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82
ЛР 15 Контрольная работа «Количественный анализ». Итоговое занятие.

Цель: Решить контрольную работу на заданную тему.

Подготовиться к контрольной работе можно с помощью учебного пособия - Иванова Н.В. Сборник заданий для самостоятельной работы студентов по дисциплине «Аналитическая химия». - Петропавловск: СКГУ им.М.Козыбаева, 2009. - 250 с.

ЛАБОРАТОРНЫЙ ПРАКТИКУМ (КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК).

1-зертханалық жұмыс

АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ ЗЕРТХАНАСЫНДА ЖҰМЫС IСТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIК ТЕХНИКАСЫН САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРI.
Зертханада жұмыс iстеу тәртібі

Зертханада жұмыс жүргiзетiн студент алдымен "химиялық зертханада жұмыс iстеу ережесiмен" танысуы қажет.

1. Зертханалық жұмыс iстемес бұрын, оның жұмыс жүргiзу әдiстемесiмен танысу керек.

2. Тәжiрибенi тек таза ыдыста жүргiзу керек.

З. Реактивтердi ластауға болмайды. Реактив құйылған шынысауытты ашық қалдыруға және әр түрлi реактивтердiң тығындарын алмастыруға болмайды. Тығынды столға сырт жағымен жантайтып қояды.

4. Сынауықта немесе стақанда артық қалған ерiтiндiнi реактив құйылған шынысауытқа керi құюға болмайды.

5. Жалпыға ортақ қолданылатын реактивтi өзiнінiң жұмыс орныңа апарып қоюға болмайды.

6. Қолданылған сiлтi, қышқыл ерiтiндiлерiн, сынап, қорғасын қосылыстарын, сульфидтердi раковинаға төгуге болмайды, оларды арнайы ыдыстарға құяды.

7. Жұмыс аяқталғаң соң, ыдыстарды жуып, жұмыс орнын ретке келтiрiп қою керек.
Қауiпсiздiк техникасын сақтау ережесi

1. Жұмыс орнына артық заттарды қоюға болмайды.

2. Концентрлi қышқыл, сiлтi ерiтiндiлерiмен, хром қоспасымен өте сақтықпен жұмыс iстеу керек.

З. Концентрлi қышқыл, сiлтi және аммиак ерiтiндiлерiн тамшуырға ауызбен соруға болмайды. Тамшуырға арнайы резина сорғышты кигiзiп, сол арқылы керектi ерiтiндiнi сорып алу керек.

4. Концентрленген қышқылдарды сұйылтқанда, қышқылды аз-аздап, араластыра отырып, суға құю керек, керісінше емес!

5. Газ, түтiн бөлiнетiн және концентрлi қышқыл, сiлтi қолданылатын жұмыстарды арнайы тартпа шкафтарда жүргiзу керек. Бөлiнген газдың иiсiн бiлу үшiн оны алақанмен өзiңе қарай желпу керек.


Жазатайым жағдайдағы алғашқы жәрдем

Алғашқы жәрдем берудiң негiзгi тәртiптерi:

1. Қолды шынымен жырып алған жағдайда, жараны шыныдан тазартып, оның айналасына йод ерiтiндiсiн жағып, дәкемен таңып тастау керек.

2. Реактивтермен терi күйген жағдайда, алдымен күйген жердi сумен бiрнеше қайтара жуу қарай желпу керек.

5. Химиялық зертханада тамақ iшуге тиым салынады. Жұмыс соңынан қолды жақсылап жуу керек. Артынан сiрке қышқылының сұйытылған ерiтiндiсiмен (сiлтiмен күйген жағдайда) немесе сода ерiтiндiсiмен (қышқылмен күйген жағдайда) жуу керек. Соңынан қайтадан сумен шаю керек.

3. Дененi ыстық зат немесе ерiтiндiмен күйдiрiп алғанда, күйген жердi жаңа дайындалған калий перманганатының ерiтiндiсiмен сүртiп, артынан арнайы жақпамай немесе вазелин жағу керек.

4. Көзге ерiтiндi шашырап тиген жағдайда, көздi сумен жақсылап жуып, дәрiгерге жедел көрсету керек.
Зертханалық жұмыстарды орындау тәртібі

1. Алдын ала оқулықтан, дәріс жазбаларынан оқып, зертханалық жұмыстың мазмұнымен танысып ал.

2. Тәжірибеге керекті барлық қажеттіліктерді (ыдыстар, аспаптар, реактивтер) тексеріп алмай жұмысты бастама.

3. Нұсқауда көрсетілген барлық орындалатын іс-қимылдардың реті мен тәртібін дәл сақтап отыр.

4. Барлық қажетті алдын алу шараларын сақта (қажет болғанда сорғыш шкафта жұмыс істеу, ыстық және күйдіргіш реактивтермен жұмыс істегенде сақ болу).

5. Ортақ пайдалануға берілген реактивтерді өз жұмыс орныңа алып кетпе.

6. Егер осы тәжірибе үшін берілген қандай да бір реактивтің мөлшері көрсетілмесе, оны минималды мөлшерде ал.

7. Тәжірибе барысын мұқият бақыла және барлық өзгерістерді байқа.

8. Барлық бақылау нәтижелерін және жүрген химиялық реакциялардың теңдеулерін тәжірибе аяқталысымен жұмыс дәптеріне жаз.

9. Зертханалық сабақ аяқталғаннан кейін ыдыстарды жуып, жұмыс орнын жинастыр.



10. Қолыңды сабындап жу.

Зертханалық жұмысты безендіру формасы

  1. Орындау күні.

  2. Зертханалық жұмыстың тақырыбы.

  3. Жұмыстың мақсаты.

  4. Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар.

  5. Реактивтер (заттардың ерітінділері үшін концентрациялары көрсетіледі).

  6. Тәжірибенің аталуы.

  7. Тәжірибенің барысы, реакция теңдеуі, бақылау нәтижелері, аспаптың сұлбасы, есептеулер, кестелер мен графиктер.

  8. Қорытындылар.


2 зертханалық жұмыс

Тақырып: І аналитикалық топ катиондарына сапалық реакциялар мен бақылау жұмысы .

Бірінші катиондар тобының қоспасын талдау барысы

  1. NH4+ катионы К+, Nа+ катиондары қатысында және Несслер реактивімен немесе натрий гидроксидімен әрекеттестіру арқылы бақылауға болады. К+, Nа+ катиондарын анықтауда NH4+ ионы қабаттаса жүреді. Сондықтан зерттелетін ерітіндіде NH4+ катионы болса, К+ және Nа+ катиондарын анықтамас бұрын, оны ерітіндіден жоғалту керек. Ол үшін зерттелетін ерітіндінің 15-20 тамшысын тигельде немесе фарфор табақшаға құйып, ерітіндіні ақ «тұман» бөліну тоқтағанша қыздырады. Суытып, 8-10 тамшы дистильденген су құйып, әбден араластырып, сонан соң аммоний тұзы жоқтығын Несслер реактивімен тексеріліп, басқа катиондарды анықтауға болады.

  2. К+ катионын анықтау. Зерттелетін ерітіндінің 2–3 тамшысына 3-4 тамшы натрий гексанитро(ІІІ) кобальтаты Na3[Co(NO2)6] ерітіндісімен әсер етіліп, біраз уақыттан соң пайда болған сары натрий – калий гексанитро(ІІІ) кобальтаты Na2К[Co(NO2)6] тұнбасы К+ катионы бар екендігін көрсетеді. К+ катионын натрий – қорғасын гексанитро–(ІІ) купраты Na2Pb[Cu(NO2)6]-мен тексеріп, тұнбаны микроскоппен қарайды.


+ катионы К+ катысында калий дигидроантимонатымен анықталады. Зерттелетін ерітіндінің булану арқылы концентрленген 3-4 тамшысына осындай мөлшерде калий дигидроантимонатын КН2SO4 құйып, шыны таяқшамен араластырады. Тұнба кристалл екендігіне көз жеткізу қажет. Зерттелетін ерітіндінің 2 тамшысын заттық әйнек бетіне құйып, құрғағанша қыздырып, суыған соң уранилацетат UО2(СН3СОО)2 ерітіндісінің бір тамшысын қосады. Түзілген кристалдарды микроскоппен қарайды. NН4+ және Nа+ катиондарын әртүрлі талдау жолымен К+ катионы қатысында анықтауға болады

Сабақтың мақсаты: Аналитикалық химия пәні және оның қолданбалы мәселелерімен, І аналитикалық катиондар тобының сапалық реакцияларымен, олардың қоспасын талдау әдістерімен танысу.

Сабақ жоспары:

1. Зертханалық жұмыстарды орындау:

К+ катионына сапалық реакциялар

Na+ катионына сапалық реакциялар

NH4+ катионына сапалық реакциялар

Зертханалық жұмысты қорытындылап, қорғау.



Қажетті құрал - жабдықтар мен реактивтер:

Пробирка, заттық әйнек, шыны таяқша, конус пробиркалар, нихром сымы, спиртшам, микроскоп, сүзгі қағаз, Na+, К+, NН4+ катиондарының тұздары, NaHC4H4O6,

Na3[Cо(NO2)6], Na2Pb[Cu(NO2]6, КН2SbO4, UО2(СН3СОО)2 NH4СІ , NаОН, К2[НgJ4] ерітінділері.

Жұмыс барысы:

К+ катионына сапалық реакциялар

1. Натрий гексанитро- (ІІІ ) кобальтаты Na3 [Cо (NO2)6] К+ катионымен калий – натрий гексанитро(ІІІ) кобальтатының сары тұнбалы комплексті тұзын түзеді.

2КСІ + Na3 [Cо (NO2)6 ] → 2NaСІ + К2Na [Cо (NO2)6 ]↓

+ + Na+ + [Cо (NO2)6 ]3- → К2Na [Cо (NO2)6 ]↓

Тәжірибе. Калий тұзы ерітіндісінің тамшысына 1-2 тамшы натрий гексанитро-(ІІІ) кобальтаты ерітіндісін құяды. Күшті қышқылда ерігіш ашық жасыл түсті тұнба түзіледі. Натрий гексанитро-(ІІІ) кобальтаты тез ыдырап, қызғылт түске айналады. NH4+ катионы да осындай тұнба түзеді.

Na+ катионына сапалық реакциялар

1. Жалын түсінің өзгеруі.

Тәжірибе. Платиналы немесе нихромды сымтемірді натрий тұзы ерітіндісіне батырып, жалында қыздырғанда, жалынның түсі сары түске өзгереді. Реакция өте сезімтал, 10 – 15 секундта сары түс жоғалады.

NH4+ катионына сапалық реакциялар.

Сілтілер аммоний тұздарын аммиак газы бөлінгенше ыдыратады:

NH4СІ + NаОН → NH3↑ + NаСІ + Н2О

NH4+ + ОН- → NH3 + Н2О

Тәжірибе. Заттық әйнекке 2-3 тамшы аммоний тұзы ерітіндісі мен 3-4 тамшы сілті ерітіндісін құйып, қыздырады. Бөлінген газ иісіне көңіл бөлу керек.

Несслер реактиві К2[НgJ4] NH4+ катионымен қызыл – күңгірт тұнба түзеді:

NH4СІ+2К2[НgJ4]+4КОН→[ОНg2 NH2 ]J↓+КСІ+7КJ + 3Н2О

NH4+ + 2[ НgJ4]2+ + 4 ОН- → [ОНg2 NH2] J↓ + 7J- + 3Н2О

Тәжірибе. Аммоний тұзының бір тамшы сұйытылған ерітіндісін әйнекке тамызып, үстіне 1-2 тамшы Несслер реактиві ерітіндісін құйғанда тұнба түзіледі. Реакция өте сезімтал.

Тақырып: ІІ аналитикалық топ катиондарына сапалық реакциялар мен бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты: Талдаудың әдістерімен, дербес және жүйелі талдау әдісін және аналитикалық реакцияларды жүргізуді, ІІ аналитикалық топ катиондарын сапалық реакциялардың көмегімен анықтауды үйрену.

Сабақ жоспары:

Зертханалық жұмыстарды орындау:

Ag+ катионының жеке реакциялары.

Pb2+ катионының жеке реакциялары.

[Hg2]2+ катионының жеке реакциялары

Зертханалық жұмысты қорытындылап, қорғау.



Қажетті құрал -жабдықтар мен реактивтер:

Пробирка, заттық шыны, таяқша, конус пробирка, нихром сымы, спиртшам, центрифуга, дистильденген су, Ag+, Pb2+ , [Hg2]2+ катиондарының тұздары, КОН, NаОН, К2СrO4 КВr, КJ, Н24, SnCI2, СН3СООН, NН4ОН және 2н НСІ ерітінділері, мыс пластинкасы.



Жұмыс барысы:

ІІ аналитикалық катиондар тобына Ag+, Pb2+, [Hg2]2+ иондары жатады.

Топтық реагенті 2н НСІ ерітіндісі (ақ тұнба түзеді).

Ag+ катионының жеке реакциялары
1. Калий және натрий гидроксидтері КОН, NаОН Ag+ катионымен Ag2О күміс оксидінің күңгірт (күрең) түсті тұнбасын түзеді.

Ag NО3 + КОН → AgOH↓ + КNО3

Ag+ + OH- → AgOH↓

2AgOH → Ag2О + Н2О



2. Калий хроматы К2СrO4 Ag+ катионымен Ag2СrO4 күміс хроматының кірпіш қызыл түсті тұнбасын береді:

К2СrO4 + AgNO3 → Ag 2СrO4↓ + КNO3

СrO42- + 2 Ag+ → Ag2СrO4

Тәжірибе. Пробиркаға 2-3 тамшы күміс нитраты ерітіндісін құйып алып және 3-4 тамшы дистильденген су мен 1-2 тамшы калий хроматын қосады. Тұнба түсіне көңіл бөліп, оның ерігіштігін тексереді.

3. Калий бромиді және иодиді КВr, КJ, Ag+ катионымен AgВr күміс бромидінің солғын сары тұнбасын және AgJ сары тұнбасын түзеді:

КВr + AgNO3 → AgВr↓ + КNO3

Ag+ + Вr- → AgВr↓

КJ + AgNO3 → AgJ↓ + КNO3

Ag+ + J- → AgJ↓

Pb2+ катионының жеке реакциялары

1. КОН және NаОН гидроксидтері Pb2+ катионымен Pb(ОН)2 ақ тұнбасын түзеді, қышқылдарда және концентрлі гидроксидтер ерітінділерінде ериді.

Pb(NО3)2 + 2NаОН → Pb(ОН)2↓ + 2NаNО3

Pb2+ +2ОН- → Pb(ОН)2

2. Күкірт қышқылы Н2SO4 және сульфаттар Pb2+ катиондарымен PbSO4 ақ тұнбасын түзеді.

Pb(NО3)2 + Н24 → PbSО4↓ + 2НNО3

Pb2+ +2SО42- → PbSО4

Калий хроматы К2СrО4 және калий дихроматы К2Сr2О7 Pb2+ катиондарымен аз еритін қорғасын хроматының сары түсін түзеді:

Pb(NО3)2 + К2СrО4 → PbСrО4↓ + КNО3

Pb2+ + СrО42- → PbСrО4

Қорғасын хроматы гидроксидтерде ериді, бірақ сірке қышқылында ерімейді.



4. І- ионы Pb2+ катионымен сары тұнба түзеді:

Pb2+ + 2І- → PbІ2



Тәжірибе. PbІ2 тұнбасын алып, оның жартысына бірнеше тамшы су және 2н сірке қышқылының ерітіндісін қосып , қыздырады. Тұнба ериді, бірақ салқындатқанда қайта жылтыр сары кристалдар түрінде түзіледі.

Hg2+ катионының жеке реакциялары

Сынап І тұздарының ерітіндісі димер түрінде топталып –Hg–Нg – тобын құрайды, диссоциация нәтижесінде Нg2+ күрделі катион түзеді, онда сынаптың тотығу дәрежесі Hg2+ - болады.



1. Гидроксидтер Hg2+ катионымен сынап (І) оксидінің қара тұнбасын түзеді:

Hg2 (NO3)2 + 2NaOH → Hg2O↓ + 2NaNO3 + H2O

Hg2+ + 2ОН- → Hg2О↓ + Н2О

2.Калий хроматы К2СrО4 Hg2+ катиондарымен Hg2СrО4-ң қызыл тұнбасын береді, гидроксидтерде және сұйытылған НNO3-де ерімейді.

Hg 2+ катионының сынап металға дейін тотықсыздануы.



Тәжірибе. Мыс пластинкасына сынып (І) тұзының тамшысын тамызу керек. Бірнеше уақыттан кейін пластинкада сұр дақ металды сынап пайда болады. Пластинканы сумен жуып және шүберекпен немесе фильтрлі қағазбен ысса, оның беті жылтыр болады.

Hg2 (NO3)2 + Cu → Cu(NO3)2 + 2Hg↓

Тәжірибе шарттары:


  1. Мыс пластинкасы наждақты қағазбен тазартады.

  2. Сынап (І) оксидін пластинкаға тамызып, 2-3 мин. кейін пластинкаға түскен дақты сүзгі қағазбен ысу қажет.

  3. Күшті тотықсыздандырғыштар реакцияның жүруіне кедергі жасайды.

  4. Hg2+ иондарын тотықсыздандыратын реакциялар алынып тастау керек.


Екінші аналитикалық топ катиондары қоспасын талдау

Конус тәрізді пробиркаға зерттелетін ерітіндіден 20-30 тамшы тамызып, араластыра отырып, 2н тұз қышқылы ерітіндісін қосады. 1-2 минуттан соң, тұнбаны центрифугалап, оны құрамында бірнеше тамшы 2н тұз қышқылы ерітіндісі бар салқын сумен жуады. Центрифугат және шайылған су пайдаланылмайды. Тұнбаны 2-3 рет ыстық сумен шайып, центрифугалайды. Бұл кезде қорғасын хлориді PbCI2 ерітіндіге өтеді, ал күміс хлориді AgCI және сынап хлориді HgCI2 тұнбада қалады. Центрифугаттағы Pb2+ катионын, тұнбадағы Ag+, [Hg2] 2+ катиондарын ашады.



  1. Pb2+ катионын ашу. Центрифугаттың 3-5 тамшысына сондай мөлшерде калий иодиді ерітіндісін қосады, қорғасын иодидінің PbІ2 сары тұнбасы түзіледі, ол қыздырғанда ериді, ал салқындатқан кезде, қайтадан жылтыр сары кристалдар түседі.

  2. Hg2+ катионын ашу. Пробиркада түзілген тұнбаға 5-7 тамшы аммиак ерітіндісін құйып, араластырады. Егер [Hg] 2+ катионы бар болса, онда тұнба қараяды. Күміс хлориді аммиак ерітіндісі әсерінен кешенді тұз түрінде ерітіндіге өтеді, ал [АgNН2]СІ тұзы және сынап тұнбада қалады. Тұнбаны бөліп алу керек.

  3. Ag+ катионын ашу. Центрифугатты екіге бөліп, оның біріншісіне калий иодиді ерітіндісін, ал екіншісіне азот қышқылын құяды. Бірінші пробиркада Ag+ катионы болса, күміс иодидінің AgІ сары тұнбасы, ал екіншісінде күміс хлоридінің AgСІ ақ тұнбасы түседі.


Тақырып: ІІІ аналитикалық топ катиондарына сапалық реакциялар мен бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты: Біртекті жүйелердегі химиялық реакциялар мен тепе-теңдіктер, электролиттік диссоциация теориясы және ІІІ аналитикалық топ катиондарының сапалық реакциялары мен олардың қоспаларына талдау жасаумен танысу.

Сабақ жоспары:

  1. Зертханалық жұмыстар:

Ва2+ катионына жеке реакциялар.

Sr2+ катионына жеке реакциялар.

Са2+ катионына жеке реакциялар.

Зертханалық жұмысты қорытындылап, қорғау.


Қажетті құрал - жабдықтар мен реактивтер: Пробирка, заттық шыны, таяқша, конус пробирка, нихром сымы, спирт шамы, сулы монша, центрифуга, дистильденген су, Ва2+ Сa2+, Sr2+ катиондарының тұздары, К2CrO4, K2Cr2O7, СН3СООNa, СаSO4 x 2H2O , 2н Н2SO4 , (NH4)2C2O4, Nа2CO3 ерітінділері.

Жұмыс барысы:

ІІІ аналитикалық катиондар тобына, Ва2+, Сa2+, Sr2+ -иондары жатады.

Топтық реагенті 2н Н2SO4 ерітіндісі (ақ тұнба түзеді).

Тәжірибе. Центрифугалық пробиркалардың үшеуін алып, 3-5 тамшы тұз ерітіндісін: біріншісіне – барий хлоридін, екіншісіне – стронций хлоридін, үшіншісіне – кальций хлоридін құяды, олардың әрқайсысына 3 тамшыдан күкірт қышқылы ерітіндісін қосып, су моншасына қыздырып, тұнба түзілуін бақылайды

Температураның жоғарылауымен BaSO4, SrSO4, CaSO4 тұздарының ерігіштігі аз өзгереді, толығымен тұнба түзілуі 20 минут тұрғанда болады. Бөлме температурасында тұнба түзілу жылдамдығына көңіл аударады.

Ва2+ катионына жеке реакциялар


  1. Калий хроматы К2CrO4 Ва2+ катионымен ВаCrO4 сары тұнбасын береді:

ВаСІ2 + К2CrO4 → ВаCrO4↓ + 2КСІ

Ва2+ + CrO42- → ВаCrO4



Тәжірибе. Пробиркаға 3 тамшы ВаСІ2 барий хлориді немесе Ва(NО3)2 барий нитраты ерітіндісін алып, оған 3 тамшы калий хроматы К2CrO4 ерітіндісін және 3 тамшы сірке қышқылы ерітіндісін қосады. Су моншасында қыздырады. Қыздыру барысында ВаCrO4 сары кристалдық тұнбасы түзіледі.

  1. Жалынның боялуы. Барийдің ұшқыш тұздары түссіз жалынды сарғыш – жасыл түске бояйды.

Sr2+ катионына жеке реакциялар

Sr2+ катионының ерекше өзіне тән реакциялар жоқ.



1. Гипс суы. Гипстің қаныққан сулы ерітіндісі (СаSO4x2H2O) Sr2+ катионымен SrSО4 стронций сульфатының тұнбасын түзеді.

Тәжірибе. Пробиркаға 4 тамшы Sr(NO3)2 стронций нитратының ерітіндісін тамызып, оған 5-6 тамшы гипс суын қосады, су моншасында қыздырады және тұнба түзілуін бақылайды.

Тәжірибе жүргізу шарты.

  1. Қыздыру тұнба түзілуін тездетеді.

  2. SrSО4 тұнбасы бірден пайда болмайды, сондықтан қоспаны 10-15 минут қоя тұру керек.


2.Жалынның боялуы. Стронций тұздары түссіз жалынды кармин қызыл түске бояйды.

Са2+ катионына жеке реакциялар

  1. Аммоний оксалаты (NH4)2C2O4 (және т.б. қымыздық қышқылының ерігіш тұздары) Са2+ катионымен ақ түсті кристалдық тұнба түзеді:

СаСІ2 + (NH4)2C2O4 СаC2O4 + 2NH4

Sr2+ + C2O42- → SrC2O4



Тәжірибе. Пробиркаға 3 тамшы СаСІ2 ерітіндісін құйып және сірке қышқылының ерітіндісінің бір тамшысын қосып, сонан соң 3 тамшы (NH4)2C2O4 аммоний оксалатын және 1 -2 тамшы аммиак ерітіндісін құйып, ақ түсті кристалдық тұнба түзілуін бақылайды.

Тәжірибе жүргізу шарты.

  1. Тұнба түзілу басында рН 5-6 –да, соңынан рН 7-8 –де жүргізген дұрыс.

  2. Ва2+ және Sr2+ катиондары реакцияның жүруіне бөгет жасайды.

Ва2+ және Sr2+ катиондары (NH4)2C2O4 аммоний оксалатымен дәл сондай ақ түсті кристалдық тұнба береді, бірақ бұл қосылыстардың ерігіштік көбейтінділері әр түрлі:

ЕКСаС2О4 = 2,57 х 10-9;

ЕКSrC2O4 = 5, 6 х 10-8;

ЕКВаС2О4 = 1,6 х 10-7

Сондықтан, СаC2O4 кальций оксалаты тұнбасын іс жүзінде суда ерімейді деп есептеуге болады. Оксалаттардың сірке қышқылындағы ерігіштігі әр түрлі. Кальций оксалаты ерімейді, ал барий оксалаты стронций оксалатынан гөрі көбірек мөлшерде ериді.


  1. Жалынның боялуы. Кальцийдің ұшқыш тұздары түссіз кірпіш – қызыл түске бояйды.

3-зертханалық жұмыс

Тақырып: ІV аналитикалық топ катиондарына сапалық реакциялар мен бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты: Қышқылдар мен негіздердің табиғатымен, ерітінділердің буферлі ерітінділердің рН мәнін есептеумен, гидролиз процесімен және ІV топ катиондарының сапалық реакцияларымен, олардың қоспасын талдаумен танысу.

Сабақ жоспары:

Зертханалық жұмыстарды орындау:

Аl3+ катионына жеке реакциялар;

Сr3+ катионына жеке реакциялар;

Zn2+ катионына жеке реакциялар;

Зертханалық жұмысты қорытындылап, қорғау.


Қажетті құрал -жабдықтар мен реактивтер:

Пробирка, заттық шыны, шыны таяқша, конус пробирка, спирт шамы, Аl3+, Сr3+, Zn2+, As3+, As5+, Sn2+, Sn4+ катиондарының тұздары, NaOH, Na2CO3, NH4OH ,Со(NO3)2 алюминон, KMnO4, Н2S, K4[Fe(CN)6], Bi(NO3)3, HgCI2 және йод ерітінділері.


Жұмыс барысы:

Төртінші топ катиондарына Аl3+, Сr3+, Zn2+ , As3+, As5+, Sn2+, Sn4+ иондары жатады. Топтық реагенті - КОН және ΝαОН-ң қаныққан ерітінділері. Түзілген гидроксидтері амфотерлі, яғни ерітіндіде негіз ретінде және қышқыл ретінде де диссоциацияланады.

Ме3+ +3ОН- → Ме(ОН)3 → Н2О + Н+ + МеО-2

Тәжірибе. Гидроксидтердің ІV топ катиондарына әсерін тексереді. Ол үшін 5 пробиркаға 4 тамшыдан сәйкес тұздарын (АlCl3, CrCl3, ZnCl2, SnCl2,Na2HАsO4) және 4 тамшыдан NaOH немесе KOH тамызады да, таяқшамен араластырып, тұнбаның пайда болуын және түсін байқап, химиялық реакция теңдеулерін жазады. Әр пробиркаға 6-7 тамшы гидроксид ерітінділерін құйып, таяқшамен араластырып, реактивтің артық мөлшеріндегі тұнбаның еруін тексереді.

Cr(OH)3 Zn2+ катионы қатысында NaOH қаныққан ерітіндісінде ерімей, Cr2(ZnO2)3 (немесе Cr2O3х3ZnО) хромның цинкатын түзетініне назар аударады. Бұл құбылыс қоса тұну деп аталады.

Ерігіш карбонаттар: Na2CO3, K2CO3, (NH4)2CO3, AI3+, Cr3+, Sn2+, Sn4+ катиондарын олардың гидроксидтері түрінде тұнбаға түсіреді:

2AICI3 + 3Na2CO3 →AI2(CO3)3 + 6NaCI

AI2(CO3)3 + 3H2O → 2AI(OH)3 + 3CO2

Мырыштың негізгі тұздары NН4CІ қатысында аммиакта ериді. Натрий карбонатымен Cr3+, AI3+, Zn2+, Sn2+, As3+ катиондарымен әрекеттесу реакцияларын жасайды.



AI3+ катионына жеке реакциялар

  1. Аммиак ерітіндісі AI3+ катионын тұнбаға түсіреді.

AI3+ + 3ОН- → 2 AI(ОН)3

AI(ОН)3 аммонийдің тұздарында ерімейді.

Егер алюминий ерітіндіде алюминат түрінде болатын болса, онда оны тұнбаға түсіру үшін минералды қышқылмен әсер етіп алюминатты ыдырату керек.

NaAIO2 + 4HCI → AICI3 + NaCI + 2H2O

AIO2- + 4H+ → AI3+ + 2H2O

AICI3 + 3NH4OH → AI (OH)3 ↓ + 3NH4CI

AI3+ + 3OH- → AI(OH)3


  1. Алюминон (ауринүшкарбон қышқылының аммоний тұзы). АІ3+ катионымен қызыл түсті ішкі комплексті тұзын береді.


Тәжірибе: Пробиркаға 4-5 тамшы зерттелетін ерітінді құйып, сосын 2-3 тамшы 2н СН3СООН және 4-5 тамшы алюминон (0,1%) ерітіндісін қосады.Пробирканы сулы моншада қыздырып, араластырып, сілтілік реакцияға дейін аммиак ерітіндісін, сонан соң 3-4 тамшы 2н (NH4)2CO3 ерітіндісін қосады. Осы жағдайда, егер АІ3+ катионы болса, ол қызыл тұнбаға түседі немесе қызыл түс пайда болады.

Тәжірибенің жүру шарттары:

  1. Бұл реакцияның жүруіне Fe3+ және Bi3+ иондары кедергі жасайды.

  2. Реакция рН = 8,5 – 9,5 ортада жүреді.


Сг3+ катионына жеке реакциялар

Құрамында Сг3+ катионы бар тұздардың ерітінділері жасыл немесе күлгін түсті хромат-ион СгО42- - сары, дихромат-ион Сг2О72- - қызғылт-сары түсті болып келеді.




  1. Натрий гидроксиді хроммен әрекеттесіп Cr(OH)3 қоңыр-жасыл тұнбасын түзеді:

СгСІ3 + 3 NаOH → Cr(OH)3 ↓ + 3NаСІ

Cr3+ + 3OH- → Cr(OH)3

NаOH, КОН артық мөлшерде болса, Cr(OH)3 еріп, ашық -жасыл түсті хромит NаCrO2 түзеді:

Cr(OH)3 + ОН- → CrO2- + 2Н2О



Тәжірибе. Бір пробиркаға 3-4 тамшы СгСІ3 ерітіндісін, екіншісіне 3-4 тамшы АІСІ3 ерітіндісін құйып, әрбір пробиркаға 10-12 тамшыдан NаОН тамызып, қыздырады. Бірінші пробиркада түзілген Cr(OH)3 тұнбаға әр қарай сілті қосқанда ериді, ал қыздырғанда тағы да сұр-жасыл түрінде тұнбаға түсетініне назар аудару қажет. Екінші пробиркада түскен АІ(OH)3 тұнбасы NаОН артық мөлшерінде ериді, ал қыздырғанда тұнба түзілмейді. Реакциялардың өту шарттарын жазу қажет.

Zn2+ катионына жеке реакциялар

  1. Аммиак ерітіндісі Zn2+ катионымен қаныққан реагентте еріп, комплексті қосылыс мырыш аммиакатын [Zn [(NH3)4] (OH)2 түзетін Zn(OH)2 ақ тұнбасын береді:

ZnCI2 + 2NH4OH → Zn(OH)2 ↓ + 2NH4СІ

Zn(OH)2 + 4NH4OH → [ Z n [(NH3)4] (OH)2 + 4H2O


  1. Н2S күкіртсутек Zn2+ катионымен ZnS цинк сульфидінің ақ тұнбасын түзеді:

ZnCI2 + Н2S → ZnS ↓ + 2НСІ

Zn2+ + Н2S → ZnS ↓ + 2Н+

Тәжірибе. Пробиркаға 3-4 тамшы ZnCI2 құйып, оған 2-3 тамшы СН3СООNa ерітіндісін және 5-7 тамшы Н2S суын қосады. Тұнбаның түзілуін бақылайды. Универсал индикатор қағазымен ерітіндінің рН тексерілді. Қандай рН шамасында ZnS тұнбасы ериді?

Тәжірибенің жүру шарттары:



  1. Реакцияны сіркеқышқылды ортада жүргізген дұрыс.

  2. Тотықтырғыштардың қатысы реакция жүруіне кедергі жасайды.

Тақырып: V аналитикалық топ катиондарына сапалық реакциялар мен бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты: Әртекті жүйелердегі тепе-теңдік пен ерігіштік көбейтіндісін, ерігіштікті есептеуді және V аналитикалық катиондар тобының сапалық реакциялары мен олардың қоспасын талдауды үйрену.

Сабақ жоспары:

1. Зертханалық жұмыстарды орындау:

V аналитикалық катиондар тобына сапалық реакциялар

Зертханалық жұмысты қорытындылап, қорғау.


Қажетті құрал -жабдықтар мен реактивтер:

Пробирка, заттық шыны, таяқша, конус пробирка, нихром сымы,спирт шамы, Fe2+, Fe3+, Mn2+, Mg2+, Bi3+, Sb2+, Sb5+ катиондарының тұздары, КОН немесе NaOH, NН4OH, K3[Fe(CN)6]2, H2SO4, HNO3, NH4SCN немесе КSCN, SnCI2, NH4CI, Na2HPO4, Na2S2O3 , Zn, AI немесе Fe пластинкалары.



Жұмыс барысы:

V топ аналитикалық топ катиондары: Fe2+, Fe3+, Mn2+, Mg2+, Bi3+, Sb2+, Sb5+.

Бұл топ катиондарының топтық реагенті КОН және NaOH ерітінділері.



Fe2+ катионына сапалық реакциялар.

Темір (ІІ) тұзы ерітіндісінің түсі ақшыл-жасыл, ал сұйытылған ерітіндісі түссіз болады.



1. NaOH және KOH гидроксидтері Fe2+ катионымен темір (ІІ) гидроксидінің Fe (ОН)2 тұнбасын түзеді.

Fe2+ + 2ОН- → Fe(ОН)2

Жаңа түзілген Fe(ОН)2 тұнбасы ақ түсті болады, сосын лас жасылданады шамалы уақыттан кейін Fe(ОН)2 ауадағы О2- мен тотығып, сары-қоңыр түске өтеді.

4Fe(ОН)2 + 2 Н2О + О2 → 4Fe(ОН)3



Тәжірибе. Пробиркіге 2-3 тамшы FeSO4 (ІІ) ерітіндісін, 5 тамшы дистильденген су және 2 тамшы NaOH ерітіндісін құйып, тұнбаның түзілуіне және оның түсуіне көңіл бөлу керек.

2. Калий гексациано(ІІІ)ферраты K3[Fe(CN)6]2 Fe2+ катионымен қосылып, көк түсті тұнба темір (ІІІ) гексациано(ІІІ)ферратын түзеді:

2 [Fe(CN)6]3- + 3 Fe2+ → Ғе3[Fe(CN)6]2



Тәжірибе. Пробиркаға 2-3 тамшы темір(ІІ)сульфатын, 4-5 тамшы дистильденген су, 2 тамшы калий гексациано(ІІІ)ферратын құяды. Түзілген тұнбаның түсін бақылау және қышқылда, сілтіде еритіндігін тексеру керек.

3. Fe2+ катионының Fe3+ - ке дейін тотығуы.

Тәжірибе. Пробиркіге 3-4 тамшы темір (ІІ) тұзы ерітіндісін құйып, оның үстіне 3 тамшы 2н күкірт қышқылын, 2-3 тамшы HNO3 ерітіндісін құйып, ерітіндінің күңгірт түсі жойылғанша қыздырады.

6 FeSO4 + 3H2SO4 + 2HNO3 → 3 Fe2(SO4)3 + 2NO↑ +4H2O

3Fe2+ + 4H+ + NO3- → 3Fe3+ + NO↑ + 2H2O

Тәжірибенің жүру шарты:


  1. Реакция рН < 7 болғанда жүреді,

  2. Тотықтыру үшін 32%-тік азот қышқылы алынады.

  3. Қыздырғанда реакция қарқынды жүреді.


Fe3+ катионына сапалық реакциялар

Құрамына Fe3+ катионы кіретін тұздардың ерітінділері сары және қызыл-күңгірт түсті болады.



1. КОН, NaOH және NH4OH гидроксидтері Fe3+катионының әсерінен қызыл- күңгірт түсті темір (ІІІ) гидроксиді тұнбасын түзеді.

Fe3+ + 3 ОН- → Fe(ОН)3



Тәжірибе. 3-4 тамшы темір (ІІІ) хлоридін алып, оның үстіне 3-4 тамшы дистильденген су және 2-3 тамшы сілті қосады. Содан кейін ерітіндіні екі пробиркіге бөліп құяды. Бірінші пробиркіге 5-7 тамшы аммоний хлориді (NH4CI) ерітіндісін, ал екіншісіне 4-5 тамшы хлорсутек қышқылын құяды. Қайсысында тұнба ериді? Химиялық реакция теңдеулерін жазу қажет.

2. Калий гексациано(ІІ)ферраты K4[Fe(CN)6]3 Fe3+ катионымен қара көк түсті тұнба берлин лазурін Ғе2Fe(CN)6]3 түзеді. Реакция әлсіз қышқылдық ортада жүреді.

Тәжірибе. Пробиркаға 2-3 тамшы темір(ІІІ)сульфатын құйып, үстіне 3-4 тамшы дистильденген су, 1-2 тамшы хлорсутек қышқылын және 2 тамшы калийдің гексациано (ІІ) ферратын құяды. Реакцияны тамшы әдісімен фильтр қағазында немесе заттық шыныда жүргізуге болады.

Реакцияның жүру шарты:

  1. Реакция рН =3 кезінде жүреді,

  2. K4[Fe(CN)6]3 артық мөлшері қажет емес, өйткені ол берлин лазурінің еритін формасының түзілуін тудыруы мүмкін.


Mn2+ катионына сапалық реакциялар

Марганец тұзы ерітінділері ақшыл қызыл түсті, ал сұйытылған ерітінділері түссіз болады.



  1. КОН, NаОН гидроксидтері Mn2+ катионымен ақ тұнба марганец (ІІ)гидроксидін түзеді. Ол қышқылдарда ериді, негіздерде ерімейді.

Mn2+ + 2ОН- → Mn(ОН)2

Тұнба ауада күңгірттенеді, нәтижесінде Mn2+ катионы Mn4+-ке өзгеріп, MnО(ОН)2 немесе Н2MnО3 түзіледі.



Тәжірибе. Пробиркаға 3-4 тамшы марганец (ІІ)сульфатын, 3-4 тамшы су, 4-5 тамшы сілті ерітіндісін құяды. Ақ тұнба түзіліп, ол сары – күңгірт түске боялады. Реакция рН 9-10 ортада жүргізіледі.

Mg2+ катионына сапалық реакциялар

  1. КОН, NaOH гидроксидтері Mg2+ катионының қатысуымен аморфты тұнба магний гидроксидін Mg(OH)2 түзеді, ол қышқылда және аммоний тұзында ериді.

Тәжірибе. Бірінші пробиркаға 4 тамшы магний тұзын, оған 4 тамшы аммоний хлоридінің NH4CI қаныққан ерітіндісін қосады. Екінші пробиркаға 4 тамшы магний тұзын және оған 4 тамшы су (концентрациялары бірдей ) қосады. Одан соң екі пробиркаға да тұндырғыш – аммоний гидроксидін қосу қажет. Бірінші пробиркада неге тұнба түспейді? Түсіндіру керек.

  1. Na2HPO4 гидрофосфаты Mg2+ катионымен гидроксид және аммоний хлориді, NH4ОН қатысуларымен ақ кристалды тұнба магний – аммоний фосфатын MgNH4РО4 түзеді:

MgSO4 + Na2HPO4 + NH4OH →MgNH4PO4↓ + Na2SO4 +H2O

Mg2+ + НРО22- + NH4OH → MgNH4PO4 + H2O

Аммоний хлоридін магний гидроксидінің аморфты ақ тұнбасын түсірмеу үшін қосады.



Тәжірибе. 3-4 тамшы Mg тұзының ерітіндісін алып 4-6 тамшы 2н НСІ және 3-5 тамшы Na2HPO4 ерітіндісімен араластырады. Сосын әр тамшыдан кейін араластыра отырып, 2н аммиак құяды. Басында аммиакты қышқылмен бейтараптайды, нәтижесінде аммоний хлориді түзіліп, Mg(ОН)2 түзілуіне кедергі жасайды, реакцияның соңында магний–аммоний фосфатына MgNH4PO4 -ң қиыршық тұнбасы түседі.

Реакцияның жүру шарты:

Реакцияны аммиакты ортада рН = 8 жүргізу керек.



  1. NH4+ катионының артық мөлшері MgNH4PO4 тұнбаға түсуіне кедергі жасайды.

  2. НСІ артық мөлшерде алмаған дұрыс.


4-зертханалық жұмыс

Тақырып: VІ аналитикалық топ катиондарына сапалық реакциялар мен бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты: Комплекс түзілу реакияларымен және VІ топ катиондарының сапалық реакциялары мен олардың қоспасын талдаумен танысу.

Сабақ жоспары:

1. Зертханалық тәжірибелер:

VІ аналитикалық катиондар тобына сапалық реакциялар

Зертханалық жұмысты қорытындылап, қорғау.



Қажетті құрал – жабдықтар мен реактивтер:

Пробирка, заттық шыны, таяқша, конус пробирка, спирт шамы, Cu2+, Hg2+, Cd2+, Co2+, Ni2+ катиондарының тұздары, NН4ОН, КОН, Н2S, NН4CI, НСІ, Н2SO4, KI, SпСІ2, тиомочевина, Чугаев реактиві, Аl, Ғе, Zn пластинкасы.



Жұмыс барысы:

VI аналитикалық топ катиондарына Cu2+, Hg2+, Cd2+, Co2+, Ni2+ жатады. Бірақ, бұл элементтер Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде әртүрлі топтарда: Cu – І, Cd мен Hg – ІІ, Со пен Ni – VIІІ топта орналасқан, бұл элементтердің барлығының комплекс түзу қабілеттері бар. Бұлардың гидроксидтері аммиактың артық мөлшерінде еріп, әр түрлі аминокомплекстерін түзеді.

VI топтың катиондарының топтық реагенті – NН4ОН артық мөлшері. Cu, Co, Ni тұздарының ерітінділері түсті болып келеді, ал Cd мен Hg тұздары түссіз болады.

Ерітінді құрамында Cu2+ , Cd2+, Ni2 катиондары болса, онда олар NаОН және КОН – пен аморфты гидроксид тұнбасын береді, ал Hg2+ - оксид, Co2+ негіздік тұз түзеді.

CuSO4 + 2KOH → Cu(OH)2↓ + K2SO4

Cu2+ + 2OH- → Cu(OH)2

CdCI2 + 2KOH → Cd(OH)2↓ + 2KCI

Cd2+ + 2OH- → Cd(OH)2

NiCI2 + 2KOH → Ni(OH)2↓ + 2KCI

Ni2+ + 2OH- → Ni(OH)2

HgCI2 + 2KOH → HgO↓ + 2KCI + H2O

Hg2+ + 2OH- → HgO + H2O

CoCI2 + 2KOH → CoOHCI↓ + KCI

Co2+ + 2OH- + СІ- → CoOHCI

Бұл тұнбалардың барлығы (НСІ, НNO3, Н2SO4) және аммиактың артық мөлшеріде, тек сынап (ІІ) қосылысынан басқасы 25 % аммиак ерітіндісін құйғанда ериді.

Тәжірибе. 5 пробиркаға 3 тамшыдан сәйкес тұз алып, оған 3 тамшыдан сілті қосып, шыны таяқшамен араластырып, тұнба түсіне және түзілуіне назар аудару қажет. Содан соң әр пробиркаға 8 тамшыдан НСІ қосып, шыны таяқшамен араластырып тұнба түсуіне және еруіне назар аудару керек. Аммиактың судағы ерітіндісі (артық мөлшерде емес) VI топ катиондарымен әртүрлі қосылыс береді.

2CuSO4 + 2NН4OH → Cu(OH)2 SO4↓ + (NН4)2SO4

2Cu2+ + SO42- + 2NН4OH → Cu(OH)2SO4 + 2NН4+

CdCI2 + 2NН4OH → Cd(OH)2↓ + 2NН4CI

Cd2+ + 2OH- → Cd(OH)2

HgCI2 + 2NН4OH → [NН2Hg]СІ↓ + NН4 CI + 2H2O

HgCI2 + 2NН4OH → [NН2Hg]СІ + NН4+ + СІ- + 2H2O

NiCI2 + NН4OH → NiOHСІ↓ + NН4CI

CoCI2 + NН4OH → CoOHCI↓ + NН4CI

Концентрлі аммиак ерітіндісінің артық мөлшерімен комплексті тұздар түзеді:

CuSO4 + 4NН4OH → [Cu(NН3)4] SO4 + 4Н2O

Cu2+ + 4NН4OH → [Cu(NН3)4] 2+ + 4Н2О

HgCI2 + 4NН4OH → [Hg(NН3)4] СІ2↓ + 4H2O

Hg2+ + 4NН4OH → [Hg(NН3)4] 2+ + 4H2O

CdCI2 + 4NН4OH → [Cd(NН3)4 ]СІ2 ↓ + 4Н2О

Cd2+ + 4NН4OH → [Cd(NН3)4]2- + 4H2O

NiCI2 + 6NН4OH → [Ni(NН3)6 ]СІ2 + 6Н2О

Ni2+ + 6NН4OH → [Ni(NН3) 6 ] 2+ + 6Н2О

CoCI2 + 6NН4OH → [Co (NН3)6] CI2 + 6Н2О

Co2+ + 6NН4OH → [Co (NН3)6] 2+ + 6Н2О

Сынап (ІІ) және Co2 аммиакатының түзілуі қыздыру және NН4CI қосу арқылы жүреді.

Аммиакат ерітінділері біршама тұрақты, тек кобальттан басқасы (ауадағы оттек қатысынан) тез кобальт аммиакатына айналады, түсі шие қызыл түсті болып келеді.



Тәжірибе. 5 пробиркаға 3 тамшыдан мыс(ІІ), сынап(ІІ), кадмий, никель, кобальт тұздарының ерітіндісін алып, бірінші 3 тамшы 25% аммиак ерітіндісін құйып, шыны таяқшамен араластырады. Тұнба түсіне назар аудару қажет, содан соң әр пробиркаға 6 тамшыдан концентрлі аммиак ерітіндісін қосып, араластырып, сонымен қатар Hg2+, Co2+ катиондары бар пробиркаға NН4CI кристалдарын салады. Тұнба түсі мен комплекс тұздары ерітінділері түстерін салыстыру керек. Күкіртті сутек бейтарап ортада VI топ катиондарын сульфид түрінде тұнбаға түсіреді. Мыс(ІІ), сынап(ІІ), никель және кобальт қара түсті, кадмий сульфиді сары түсті болады. Co2+ , Ni2+ сульфидтері қышқыл ортада тұнба түзбейді, кадмий сульфиді тек әлсіз қышқыл ортада (сірке қышқылы), ал сынап сульфиді НСІ және Н2SO4 қатысында түседі, бірақ сұйытылған азот қышқылы қатысында қыздырған кезде ериді. Сынап (ІІ) сульфиді сұйытылған қышқылда ерімейді, бірақ НNO3 және патша сұйығының қатысында қыздырғанда ериді. (Күкіртті сутек Н2S улы, тартпа шкафта жүргізу керек).

Тәжірибе. 5 пробиркаға алып, әрқайсысына 3 тамшыдан мыс(ІІ), сынап(ІІ), кадмий, никель және кобальт тұздарын алып, 6 – 8 тамшыдан күкіртті сутек суын қосады. Тұнба еру үшін 6 – 7 тамшы қышқыл ерітіндісін қосып, шыны таяқшамен араластырады.

Cu2+ катионына сапалық реакциялар

  1. Аммиактың судағы ерітіндісінің артық мөлшерінде алынған мыс аммиакатының түсі көгілдір – күлгін түс береді:

CuSO4 + 4NН4OH → [Cu(NН3)4] SO4 + 4Н2O
Тәжірибе. Фарфор ыдысқа 4-5 тамшы мыс тұзының ерітіндісін әбден кепкенге дейін асбестелген торда қыздырады, периферикалық бөлігіне 1 тамшы концентрлі аммиак ерітіндісін тамызады. Пайда болған қанық көгілдір – күлгін түс Cu2+ катионы бар екенін көрсетеді. Бұл реакция барлық катион қатысыңда Си2+ анықтауға мұмкіндік береді.

Нg2+ катионының сапалық реакциялары

1. Калий иодиді Нg2+ катионымен артық мөлшердегі реагентте еріп кететін қызғылт түсті сынап иодидінің НgІ2 тұнбасын түзеді:

Нg(NO3)2 + 2KI → HgI2 + 2KNO3

HgI2 + 2КI → K2[HgI4]

Hg2+ + 2I- → HgI2

HgI2 + 2I- + 2K+ → K2[HgI4]

Тәжірибе. а) пробиркаға сынап (ІІ) нитраты Нg(NO3)2 ерітіндісінің 4-5 тамшысын құйып КІ батырылған шыны таяқшаны абайлап салады. Таяқшаны айнала тез жойылып кететін ашық қызыл түсті сынап иодидінің сақинасы пайда болады.

б) жіңішке сүзгі қағазының жолағына калий иодиді ерітіндісінің бір тамшысын тамызып, оған сынап тұзы ерітіндісін капилляр пипеткамен алып, абайлап дақтың ортасына пипетканы тигізіп, 5-6 секунд ұстап тұрғаннан кейін, қызыл дақ пайда болады.



Со2+ катионының сапалық реакциялары

Со2+ катионы сулы ерітінділері ақшыл қызық – күлгін түсті болады.



1. Аммоний NH4SCN (немесе калий) тиоцианаты (роданиді) Со2+ катионымен комплекс тұзын түзеді.

СоСІ2 + 4NH4SCN → (NH4)2[Co(SCN)4] + 2NH4CI

Со2+ + 4SCN- → [Co(SCN)4]2-

Тәжірибе. Сүзгі қағазының жолағына коцентрлі аммоний тиоцианаты ертіндісінің тамшысын тамызып, алынған даққа 1-тамшы зерттелетін ерітіндіні тамызып , қағазды аммиак буында ұстап, (аммиактың концентрлі ертіндісінде)жалында кептіреді. Егер Co2+ катионы болса дақтардың шеткі бөлігі де көк түске боялады.

Ni2+катионының сапалық реакциясы

Сулы ерітінділерді никель тұздары жасыл түсті.



Диметилглиоксим (Чугаев реактиві) аммиактық ортада Ni2+ катионымен ішкі комплекс тұзының тұнбасын түзеді.

Тәжірибе. Пробиркаға никель түзының 4 тамшысына, сутек асқын тотығының (Fe2+-Fe3+тотығуы) ерітіндісінің 2 тамшысын, концентрлі аммиак ертіндісінің 5-6 тамшысын қосады. Тұнба ерімесе, оны сүзіп, сүзіндінің 1 тамшысын фарфор пластинкаға тамызып диметилглиоксим тамшысын қосады. Ni2+катионы болса , ерітінді алдымен ақшыл – қызыл түске, соңында қызыл түсті тұнба түзеді.
5-зертханалық жұмыс

Катионның сапалық реакциялар(семинар).
1. катионның әр түрлі жіктеу жүйесі:сутекті, күкірт фосфаттық аммиак, қышқылды-сілтілі.

2. Қағидаттар ,негіз жіктеу катионның әрқайсысы бойынша аталған жүйелер.

3. Саны, талдамалық топтар әрбір жүйеде, топтық реагенттер.

4. Артықшылықтары мен кемшіліктері әрбір катионның жіктеу жүйесі.

5. қышқылды-сілтілі жүйесінің сипаттамасы :

• Өзара байланысы осы жіктеу жүйесін орналастыра отырып, элементтердің Периодтық жүйесі, химиялық элементтердің Д. И. Менделеев;

• әрбір топ катионның егжей-тегжейлі сипаттамасы

• жекелеген катионның сапалық реакция.

6. катионның қоспалар анализ құрастыру сызбасы

(ойдағы эксперимент):

• Катиондар бір талдау тобына жатады;

• Катиондар әр түрлі аналитикалық топқа жатады.


6-зертханалық жұмыс

Бірінші, екінші және үшінші аналитикалық топ

катиондарының қоспаларының жүйелік талдауы

(Тұнбалы ерітінді).

Әрбір студентке зерттелетін қоспасымен бөтелке беріледі, құрамында аталған 3 катион топтар бар.

Тапсырма: Қоспаның қамтылған катиондарын анықтаңыз(б.99-101, қолдану 5 схема5). Жұмыс нәтижелері бойынша есеп ресімдеуге, онда ашу тәртібі иондар, теңдеулер, реакция ашу, бақыланатын әсерлер, схемасы ашу.

Катиондарды анықтау.

Ерітіндіде қандай анализдік топ катиондары бар екенін олардың топтық реагенттері арқылы жеке талдау жасап анықтайды.



Бірінші топ катиондарына сынама.

Зерттелетін ерітіндінің 3-4 тамшысына 2-3 тамшы натрий карбонатын тамызады. Егер тұнба түспесе, ерітіндіде тек қана бірінші топ катиондары болуы мүмкін. Оларды жеке сапалық реакциялармен анықтайды.


Екінші топ катиондарына сынама.

Зерттелетін ерітіндіге натрий карбонатымен Na2СO3 әсер еткенде тұнба түзілсе, сол ерітіндіден 10-12 тамшы алып, оған 2н тұз қышқылының 2-3 тамшысын тамызады. Егер тұнба түсе бастаса, оның толық түсуі үшін тағы да тұз қышқылын қосады. Центрифугалап тұнбаны бөліп алады. Тұнбаны жуып, оның құрамынан екінші топ катиондарын анықтайды.


Үшінші топ катиондарына сынама.

Зерттейтін ерітіндінің 2-3 тамшысына 2н күкірт қышқылының сондай көлемін тамызып, қыздырады. Тұнба түзілсе, үшінші топ катиондарының бар болғаны, содан кейін оларға тән сапалық реакцияларымен анықтайды.


7-зертханалық жұмыс

Төртінші, бесінші және алтыншы аналитикалық топ

катиондарының қоспаларының жүйелік талдауы

(Тұнбалы ерітінді).

Әрбір студентке зерттелетін қоспасымен бөтелке беріледі, құрамында аталған 3 катион топтар бар.

Тапсырма: Қоспаның қамтылған катиондарын анықтаңыз(б.101-104, қолдану 5 схема10,11). Жұмыс нәтижелері бойынша есеп ресімдеуге, онда ашу тәртібі иондар, теңдеулер, реакция ашу, бақыланатын әсерлер, схемасы ашу.

Катиондарды анықтау.

Ерітіндіде қандай анализдік топ катиондары бар екенін олардың топтық реагенттері арқылы жеке талдау жасап анықтайды.



Төртінші топ катиондарына сынама.

Егер тұз және күкірт қышқылдары әсерінен тұнба түспесе, онда зерттелетін ерітіндінің 2-3 тамшысына артық мөлшерде (5-6 тамшы) натрий гидроксидін қосады. Алғашқы кезде түзілген тұнбаның еруі төртінші топ катиондарының бар екенін дәлелдейді.


Бесінші топ катиондарына сынама.

Егер натрий гидроксидімен көп мөлшерде әсер еткенде тұнба ерімесе, бесінші топ катиондарының бар болғаны.


Алтыншы топ катиондарына сынама.

Зерттелетін ерітіндіге аммиак ерітіндісінің артық мөлшерімен әсер еткенде, тұнба еритін болса, онда алтыншы топ катиондарының болғаны.


Бақылау сұрақтары:

1. I, II және III топтарға қандай катиондар жатады?

2. Қандай реагенттер топ реагенті деп аталады және оларға қандай талап қойылады?

3. Ерітіндіде аммоний және калий катиондары бар екенін қалай тексеруге болады? Қандай реакциялармен калий, натрий катиондарын анықтауға болады?

4. Реакцияның орындалу жағдайлары. Сезімталдық, таңдамалы және спецификалық (арнайы) реакциялар дегеніміз не?.

5. Темір (ІІ), (ІІІ) иондарының сапалық реакциялары.

6. Күкіртсутектің Zn2+ катионымен әрекеттесу реакциясы қандай эффектімен жүреді?

7. Қандай катионның тұздары жанарғының жалынын кірпіш - қызыл түске бояйды?

8. Кальций катионын стронций және барий катиондарынан қалай бөліп алуға болады?

9. Күміс катионы КІ әрекеттесу реакциясы қандай аналитикалық эффектімен жүреді?

10. Катиондардың екінші аналитикалық тобы немен сипатталады?

11. Катиондардың бірінші аналитикалық тобы немен сипатталады?



8-зертханалық жұмыс

1-6 аналитикалық топ

катиондарының қоспаларының жүйелік талдауы

(Тұнбалы ерітінді).

Әрбір студентке зерттелетін қоспасымен бөтелке беріледі, құрамында аталған 3 катион топтар бар.

Тапсырма: Қоспаның қамтылған катиондарын анықтаңыз(б.104-107, қолдану 5 схема12-14). Жұмыс нәтижелері бойынша есеп ресімдеуге, онда ашу тәртібі иондар, теңдеулер, реакция ашу, бақыланатын әсерлер, схемасы ашу.

Жұмыс барысы:

Суда еритін заттарды талдау

Талдау үшін 0,05 – 0,1г құрғақ затты алып, оны 4-5 мл дистильденген суда ерітеді. Ерігіштік кестесіне қарап, ерітіндіде қандай тұздар бар екеніне қорытынды жасайды. Талдау жасамас бұрын оның түсіне және реакция ортасына көңіл аударады. Түсіне байланысты мына катиондардың бар-жоғы туралы болжам жасалады; мысалы:

Cu2+, Co2+, Ni2+, Fe3+, Cr3+, CrO42-, Cr2O72- және т.б.

Егер ерітінді сілтілік қасиет көрсетсе, онда гидроксидтер немесе күшті негіздер мен әлсіз қышқылдар тұздары болуы мүмкін (Na2S, K2CO3, CH3COONa және т.б.). Қышқылдық қасиет көрсетсе, ерітіндіде бос қышқылдар, қышқыл тұздар немесе күшті қышқылдар мен әлсіз негіздер тұздары болуы мүмкін (NH4CI, ZnCI2, AICI3 т.с.с.). Нейтралдық қасиет көрсетсе, ерітіндіде күшті қышқылмен күшті негіз тұздары (КСІ, Na2SO4) немесе әлсіз қышқылмен әлсіз негіз тұздары NH4CH3COO сияқты болуы ықтимал. Осындай алдын – ала зерттеулер жасағаннан кей!н катиондар мен аниондарды анықтауды бастайды.



9-зертханалық жұмыс

Құрғақ затқа талдау(бақылау міндеті).

Әрбір студент құрамы орнатылған болуы керек белгісіз қатты заттың бөтелкесін алады.

Тапсырма:

Қатты денелердің құрамын орнату(операциялық тәртібі б.110-114). Жұмыс нәтижелері бойынша есеп ресімдеуге, онда ашу тәртібі иондар, теңдеулер, реакция ашу, бақыланатын әсерлер, схемасы ашу.



Құрғақ зат анализі.

Сабақтың мақсаты: Құрғақ затты талдауды үйрену.

Сабақтың жоспары:

1. Зертханалық жұмыс: құрғақ затты талдау

2. Зертханалық жұмысты қорытындылап, қорғау

3. Курсты қорытындылау



Қажетті құрал – жабдықтар мен реактивтер:

Пробирка, заттық шыны, таяқша, конус пробирка, сүзгіш қағаз, дистильденген су, нихром сымы, спирт шамы, микроскоп, сүзгі қағаз, NaHC4H4O6, Na3 [Cо (NO2)6 ], Na2Pb[Cu(NO2]6, КН2SbO4, UО2(СН3СОО)2, NH4СІ, NаОН, К2[НgJ4], К2СrO4, КВr, КJ, SnCI2 , СН3СООН, NН4ОН және 2н НСІ, K2Cr2O7, СН3СООNa, СаSO4·2H2O, 2н Н2SO4, (NH4)2C2O4, Nа2CO3, Со(NO3)2, алюминон, KMnO4, Н2S, K4[Fe(CN)6], Bi(NO3)3, HgCI2, йод, K3[Fe(CN)6]2, H2SO4, HNO3, NH4SCN немесе КSCN, SnCI2, NH4CI, Na2HPO4, Na2S2O3 Рв(NO3)2, Рв(СН3СООН)2, ҒеСІ3, ВаСІ2, AgNO3, Са(ОН)223 ерітінділері, магнезиальды қоспа, иод суы, Zn, AI немесе Fe пластинкалары.



10-зертханалық жұмыс

Емтихан «Әрекеттесуші массалар мен гомо- және гетерогенді жүйелерде құқық».

Мақсаты: берілген тақырыпқа бақылау жұмысын шешу.

Дайындық кезінде ,төмен берілген оқу материалына сәйкес бақылау сұрақтарын зерттеу қажет.

1. Константасы және гидролиз дәрежесі.

2. Гидролиз тұздарының қорытынды формулалар және тұрақтылар есептеу дәрежесі.

3. Сутегі және гидроксид иондарының қорытынды формулалар және есептеу концентрациясы.

4. Иондарды анықтау және бөлу үшін гидролиз пайдалану керек.

5. Кешенді қосылыстар, олардың жалпы сипаттамасы.

6. Кешенді қосылыстардың номенклатурасы мен түрлері.

7. Кешенді қосылыстардың қасиеттері.

8. Кешенді қосылыстардың диссоциациясы.

9. Комплекс реакциясының тепе-теңдік константасы.

10. Ішкі комплекс қосылыстар.

11. Диссоциациялық өнімдердің концентрациясын есептеу.

12. Қатты фаза мен ерітіндісі арасындағы тепе-теңдік.

13. Аз, орташа, жақсы еритін заттар.

14. Ерігіштік көбейтіндісі.

15. Тұндыру

16. Тұзды эффект

17. Қиын еритін тұнбаның еруі.

18. Ерітіндінің иондық күш әсері.

19. Тотығу-тотықсыздану процесстерінің әсері.

Бақылау жұмысқа оқу құралы көмегімен дайындалуға болады.



11-зертханалық жұмыс

Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері перманганатметрлеу
Перманганатметрлеу деп жұмысшы ерітіндісі ретінде калий перманганаты ерітіндісі (KMnO4) пайдаланылатын титриметрлік талдау әдісін айтады. Калий перманганаты қышқылдық, бейтарап және сілтілік ортада да тотықтырғыштық қасиет көрсетеді. Оның тотықтырғыштық қасиеті қышқылдық ортада күшейе түседі:

MnO4- + 8H+ + 5е- = Mn+2 + 4H2O; Е0 = +1,52 В

Калий перманганаты эквиваленттісінің молярлық массасы тотықтырғыш ретінде мынаған тең:

MЭ (KMnO4) = 158,04/5 = 31,6 г/моль

Перманганатметрлеу әдісі арқылы тек тотықсыздандырғыштың ғана емес, сонымен қатар тотықтырғыштың да сандық мөлшерін анықтауға болады. Тотықсыздандырғышты перманганаттың жұмысшы ерітіндісімен тікелей титрлеу арқылы анықтайды. Тотықтырғыштарды анықтауда кері титрлеу әдісі қолданылады: тотықтырғыш ерітіндісіне титрленген тотықсыздандырғыштың белгілі бір көлемін құйып, оның артық қалған мөлшерін калий перманганатының ерітіндісімен титрлейді.

Калий перманганаты ерітіндісінің түсі қызғылт-күлгін түсті қышқылдық ортада, оның ерітіндісімен тотықсыздандырғыш ерітіндісін титрлегенде, перманганат ерітіндісінің түсі түссізденіп отырады. Заттар перманганатпен түгел тотығып болған кезде, оның артық бір тамшысы ерітіндіні ақшыл қызғылт түске бояйды. Бұл көрсеткіш титрлеудің аяқталғанын көрсетеді. Яғни бұл әдіс индикатор қолдануды қажет етпейді (индикаторсыз титрлеу).


Стандартты ерітінділерді дайындау

Калий перманганатының ерітіндісі.

Калий перманганатының белгілі бір мөлшерін ерітіп, титрі нақты болатын ерітінді дайындауға болмайды, себебі оның құрамында, аздаған болса да, қосалқы бөлшектер кездеседі. Сонымен қатар, жаңа дайындалған калий перманганатының ерітіндісінің концентрациясы ауадағы әр түрлі заттардың (аммиак, органикалық заттар және тағы басқа тотықсыздандырғыштардың) әсерінен өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан оның ерітіндісін алдын ала, титрін анықтаудан 7-10 күн бұрын дайындайды. Калий перманганатының ерітіндісін қараңғы жерде немесе күңгірт ыдыста сақтайды.

Калий перманганаты ерітіндісінің титрін анықтау үшін тотықсыздандырғыштық қасиеті бар қымыздық қышқылы H2C2O4·2H2O немесе оның тұздары (натрий немесе калий оксалаты) пайдаланылады.

Қымыздық қышқылының ерітіндісі.

Қымыздық қышқылы қышқылдық ортада калий перманганатымен мына теңдеу бойынша әрекеттеседі:

5H2C2O4 + 2KMnO4 + 3H2SO4 = 2MnSO4 + 10CO2 + K2SO4 + 8H2O

С2О4 2- анионы 2 электрон беріп жіберіп, екі бейтарап CO2 молекуласына айналады. Сондықтан тотықсыздандырғыш ретінде қымыздық қышқылы эквивалентісінің молярлық массасы мынаған тең:

MЭ(H2C2O4·2H 2O) =126,07 / 2 = 63,04 г/моль

Қымыздық қышқылының стандартты ерітіндісін дайындау үшін оның өлшендісін өлшеуіш колбаға салып, дистилденген су құйып ерітіп, деңгейін белгіге дейін жеткізіп, араластырады. Дайындалған ерітіндінің эквивалентісінің молярлық концентрациясы мен титрін мына формулалар бойынша есептейді:

Tk = m/V

CЭ(k) = Tk· 1000 /MЭ(k)



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Перманганатметрлеу деп титриметрлік талдаудың қандай әдісін айтады?

2. Не себептен калий перманганатының жұмысшы ерітіндісін өлшендіден дайындауға болмайды?

3. Қышқылдық ортада калий перманганатымен қандай иондарды тотықтыруға болады?

4. Перманганатметрлеу әдісінде, қандай заттар стандартты ерітінді дайындау үшін қолданылады?

5. Перманганатметрлеу әдісінде ерітіндідегі а) тотықтырғыштарды және б) тотықсыздандырғыштарды анықтау үшін титрлеудің қандай түрлері қолданылады?

6. Не себептен оксалаттарды титрлегенде перманганат ерітіндісінің алғашқы тамшылары баяу түссізденсе, содан кейін реакция жылдамдығы артып, тез түссіздене бастайды?

7. Перманганатметрлеу әдісін не себептен индикаторсыз жүргізеді?


12-зертханалық жұмыс

Мор тұзындағы темірдің (II) массасын анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Мор тұзының ерітіндісіндегі темірдің массасын анықтау.

Керектi құралдар мен реактивтер: Эквивалентінің молярлық концентрациясы 0,05 моль∕л калий перманганатының титрленген ерітіндісі, H3PO4 (конц.) ерітіндісі, өлшеуір, титрлеуге арналған колба.

Мор тұзы (NH4)2Fe(SO4)2·6H2O темірдің (II) қосылыстарының ішіндегісінің ең тұрақтысы болып табылады. Мор тұзының қышқылдандырылған түссіз ерітіндісін әлсіз қызғылт түске боялғанша калий перманганатының жұмысшы ерітіндісімен титрлейді. Егер Мор тұзына 2-3 мл концентрлі фосфор қышқылын құйса, ерітіндінің түсінің өзгеруі өте анық байқалады. Себебі фосфор қышқылы Fe3+ иондарымен түссіз комплексті қосылыстар түзеді. Ал фосфор қышқылының қатысуынсыз, титрлеу аяқталғанда ерітіндінің түсі сарыдан қызғылт түске ауысатындықтан, эквивалент нүктесін анықтау қиынға соғады. Титрлеу кезінде мына реакция жүреді:



2KMnO4 + 10(NH4)2Fe(SO4)2 + 8H2SO4 = K2SO4 + 2MnSO4 + 10(NH4)2SO4 + 5Fe2(SO4)3+ 8H2O

Тотықсыздандырғыш ретінде Мор тұзының эквивалентісінің молярлық массасы оның молекулалық массасына тең. Сондықтан темірдің эквивалентісі молінің массасы сандық мөлшерде оның атомдық массасына тең, яғни 55,85 г болады.


Талдау жүргізу жолы:

1. Өлшеуірді калий перманганатының титрленген ерітіндісімен толтырады.

2. Оқытушыдан конустық колбада Мор тұзының ерітіндісін алады, оған 2 мл концентрлі H3PO4 қосады, калий перманганатының ерітіндісімен, оның артық бір тамшысынан ақшыл қызғылт түс пайда болғанша, титрлейді. Титрлеуге кеткен KMnO4 ерітіндісінің көлемін өлшейді.

3. Темірдің (II) массасын (г) мына формула бойынша есептейді:



m(Fe2+) = (MЭ(Fe2+) ·CЭ (KMnO4)· VKMnO4) / 1000

Ал егер талдау барысында зерттелініп отырған Мор тұзының ерітіндісінің көлемін өлшеуіш (100 мл-лік) колбада белгілі бір көлемге дейін сумен жеткізіп сұйылтса және титрлеуге оның қажетті аликвотты (10 мл) мөлшері алынатын болса, онда темірдің (II) массасын мына формула бойынша есептейді:

m(Fe2+) = (MЭ(Fe2+) ·CЭ (KMnO4)· VKMnO4· Vө.к.) / 1000·Vал

4. Оқытушыдан есептің жауабын тексереді және анықтаудың салыстырмалы қатесін

(∆Xc, % ) мына формула бойынша есептейді:

∆Xc = (mтеор.- mтдж)·100% / mтеор.

1. Мор тұзының формуласы қандай?

2. Темір массасын немен анықтауға болады?

3. Фосфор қышқылын құйып,қандай өзгерістірді көруге болда?

4. Титрлеу аяқталғанда ерітіндінің түсі қандай болады?

5. Оқытушы анықтаудың салыстырмалы қатесін қандай формула бойынша есептейді?

13-зертханалық жұмыс

Судың карбонатты кермектігін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Судың карбонатты кермектігін анықтау.

Керектi құралдар мен реактивтер: Эквивалентісінің молярлық концентрациясы 0,1 моль∕л тұз қышқылының ерітіндісі, метил қызыл-сары ерітіндісі, өлшеуір, көлемі 100 мл өлшегіш цилиндр, 250 мл ерітіндіні титрлеуге арналған колба.

Судың кермектігі өндірісте, ауыл шарушылығында және үй тұрмысында қажетсіз. Судың құрамында кальций және магний тұздарының болуы судың кермектігін тудыратыны белгілі. Кермекті деп кальций және магний иондарының мөлшері көп суды айтады.

Ca2+ және Mg2+ иондары концентрацияларының қосындысы судың кермектігінің сандық өлшемі болып табылады:

К(су) = С(Сa2+) + C(Mg2+)

Кермектікті 1 л судағы кальций және магний иондарының эквиваленттерінің миллимоль санымен өлшейді. 1 л жұмсақ суда 4 ммоль/л-ден кем, орташа кермекті суда 4-8 ммоль/л, кермекті суда 8-12 ммоль/л және өте кермекті суда – 12 ммоль/л-ден артық болады. Судың жалпы кермектігі карбонатты және карбонатсыз болып бөлінеді. Карбонатты немесе уақытша кермектік, су құрамындағы кальций және магний гидрокарбонаттарының мөлшерімен анықталады. Карбонатты емес (тұрақты) кермектікті кальций мен магнийдің сульфаттары, нитраттары, хлоридттері және басқа да ерімтал тұздары тудырады. Карбонатты және карбонатты емес кермектіктердің қосындысы жалпы кермектікті береді. Судың жалпы кермектілігін комплексонметрлік әдіспен анықтайды. Ал карбонатты емес кермектікті жалпы кермектік пен карбонатты кермектіктің айырымы береді.

Карбонатты кермектікті судың белгілі бір көлемін, метил қызыл-сары индикаторы қатысында, HCI жұмыс ерітіндісімен титрлеу арқылы анықтайды:

Ca(HCO3)2 + 2HCl = CaCl2 + H2O + 2CO2

Mg(HCO3)2 + 2HCl = MgCl2 + H2O + 2CO2
Талдау жүргізу жолы:

1. Өлшеуірді концентрациясы белгілі HCI ерітіндісімен толтырып, деңгейін нөлге келтіреді.

2. 100 мл суды өлшегіш цилиндрмен өлшеп, конустық колбаға құяды. Үстіне 4-5 тамшы метил қызыл-сары тамызып, ерітіндінің түрі сарыдан қызыл-сары түске айналғанша, HCI ерітіндісімен титрлейді. Титрлеуді үш қайтара жүргізеді, есептеуге көрсеткіштердің орташа шамасын алады. Тәжірибенің нәтижелерін кестеге енгізеді:




Vсу, мл

VHCl, мл

Орташадан ауытқу (Δ)

1










2










3










Vop









3. Карбонатты кермектікті мына формула бойынша есептейді:

Kсу = СЭ(HCI) ·V(HCI) ·1000/ V(cу)

Талдау нәтижелері бойынша судың кермектігіне қорытынды жасалады.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Кальций қандай тотығу дәрежесін көрсетеді?

2.Кальций тотықтырғыш па, әлде тотықсыздандырғыш па?

3.Сөндірілмеген әктің формуласы қандай?

4. Әк суын қандай реактивпен анықтаймыз?

5.Кермек суда қандай катиондар бар?

6.Кермектікті жоятын реактивтердің формуларын жазыңдар.
14-зертханалық жұмыс

Ауыз суындағагы темірді(III) роданидті комплекс түрінде фотометриялық әдіспен анықтау.

Зерханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар:

Темір (ІІІ) қызыл түсті роданидті комплекс түзуі үшін 0,05-5,0 г/ л роданид-ионы және 0,05-0,2 М қышқылдық орта керек. Бұд әдістің сезімталдығы жоғары 2,5 мкг/50 мл темір анықтауға болады. Комплексті қосылыстың жарық сіңіру максимумы 480-483 нм-де болады, молярлық сіңіру коэффициенті  = 7103. Бұл әдісте комплекс түзу сатылап жүреді, сондықтан әр уақытта темірді анықтау үшін бірдей жағдай саќтау керек. Ерітіндіде анализге кедергі келтіретін заттар, яғни роданид-иондармен комплекс түзетін элементтер, темірді тотықсыздандыратын заттар, роданидті комплексті бұзатын күшті тотықтырғыш заттар болмауы керек.

Түсті роданидті комплекс түссіз хлоридті комплекске ауысады. Роданид- ионының артық мөлшерін құйса, хлорид- комплексі түзілмеуі мүмкін.

Темірді анықтауға фторид-, фосфат-, арсенат-, тартрат- иондары да кедергі жасайды, яғни роданидті комплекстің түсін өзгертеді. Азот қышқылының әсірінен роданид темірсіз де түсті қосылыс береді.

Темір тұзының гидролизін болдырмау үшін сұйытылған азот қышқылымен ерітіндіні қышқылдау керек.

Темір роданидінің ерітінділерін бірден фотометриялау қажет, себебі ерітінділер тұрып қалса, түссіздіне бастайды.


Реактивтер

1. темір (ІІІ) тұзының стандартты ерітіндісі, Т = 0,1 мг/мл. Темір – аммоний ашудасын суда ерітіп, 5 мл азот ќышќылын ќосып, өлшегіш 1 л колбада дистильденген сумен сұйылтады.

2. 10% - калий не аммоний роданидінің ерітіндісі.

3. азот қышқылы (1:1).


Жұмысты орындау.

Градуирлік график сызу. Көлемі 50 мл бес өлшегіш колбаға 0.5; 1.0;1.5;2.0;2.5 мл темір тұзының стандартты ерітіндісін құяды да, 1 мл азот ќышќыл ерітіндісін (1:1), 5 мл 10% аммоний роданидінің ерітіндісін қосып, колба белгісіне дейін сумен сұйылтып, фотометриялайды. Жарыќ фильтрі мен кювета алдын ала таңдалады. Салыстармалы ерітінді ретінде дистильденген су алады. Алынған нәтижелерді мына кестеге жазады. 




Ерітінділер 

Темірдің 50мл көлемдегі мөлшері, мг 

Оптикалық тығыздық Д (А) 

1

2

3


4

5

анализденетін су










Анализденетін суға жоғарыда көрсетілген ерітінділерді қосып , колба белгісіне дейін су құйып , градуирлік графиктен " Д"(А) мәніне сәйкес концентрацияны табады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Роданидті комплекс түзуі үшін қандай орта керек?

2. Ерітіндіде анализге кедергі келтіретін заттар бар ма?

3. Түсті роданидті комплекс қандай комплекске ауысады?

4. Темір тұзының гидролизін болдырмау үшін нені қосу керек?

5. Не үшін градуирлік график сызу керек?


15-зертханалық жұмыс

«Сандық талдау» сараптау. Отырысы Қорытынды.

Мақсаты: Берілген тақырыпқа. бақылау жұмысын шешу.

Бақылау жұмысқа оқу құралы көмегімен дайындалуға болады.



жүктеу 1,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау