Жұмыстың орындалу барысы:
Препаратты микроскоп үстелшесінен алмай тұрып, үлкен ұлғайтқыш арқылы паренхималық клеткалар құрылысын қарау, ірі паренхималық клетканы таңдап алу, клетканың қалыпты жағдайы, яғни тургорлық күйін анықтау, 2-3 клетканың суретін салу;
Плазмолизді туғызу үшін, препаратты заттық үстелшесінен алып, жабын әйнекті ашып, 8 проценттік ас тұзы ерітіндісін тамызып, жабындық әйнекпен жабады да, кіші ұлғайтқыш арқылы қарайды, біраз уақыттан соң протопласт клетка қабықшасынан алшақтайды (бұрыштық плазмолиз), одан соң ішке қарай клетка қабықшасынан әртүрлі көлемде ойыстанып, қашықтайды (ойыс плазмолиз). Одан кейін цитоплазма клетка қабықшасының ішкі бетінен толық ажырап, клетка ортасында домаланады (дөңес плазмолиз);
Плазмолиздің әртүрлі сатыларын көрсете отырып, бірнеше клетканың суретін салу;
Препаратты микроскоп үстелшесінен алып, жапырақты ыдыстағы суға салады, қайтадан препарат даярлайды;
Деплазмолиз құбылысын бақылап, суретін салу;
Қайталау сұрақтарына жауап беру.
ҚАЙТАЛАУ СҰРАҚТАРЫ.
Хлоропласттың пигменттік құрамы , атқаратын қызметі қандай?
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің хлоропласты мен төменгі сатыдағылар хроматофорларының пішіндері қандай?
Хлоропластың мембраналық құрылысы ( строма, тилакоидттар немесе ламеллалар, грандар) неден тұрады?
Алғашқы крахмал қандай процестің нәтижесінен пайда болады?
Цитоплазманың қозғалысы, түрлері.
Цитоплазманың ротациялық және циркуляциялық қозғалыстары клеткада қай уақытта болады?
Клетканың тургорлық күйі.
Плазмолиз, деплазмолиз құбылыстары және оларды болғызу жолдары қандай?
4-жұмыс. КЛЕТКАДАҒЫ ҚОРЛЫҚ ЗАТТАР. КРИСТАЛЛДАР.
Жұмыс мақсаты: Әртүрлі өсімдіктердің крахмал дәндері формасы мен құрылысымен танысу. Қымыздық қышқыл кальций кристалдар түрлерімен танысу.
тапсырма. Крахмал дәндерін қарау.
Тапсырма. Қымыздық қышқыл кальций кристалдарын қарау.
Тапсырма. Суреттерін салу.
Тапсырмаға түсініктеме.
Өсімдіктердің қоректік заттар қоры – майлар, белоктар, көмірсулар өсімдіктерге қажет және әртүрлі уақытта пайдаланылады.
Майлар май тамшылары ретінде клетка органелласы – сферосомода жиналады. Әсіресе, майға өсімдіктердің тұқымдары мен жемістері бай.
Белоктар- протеиндер клетка шырынында жиналады. Вакуоль солғанда алейрон дәндері түзіледі. Вакуоль солғанда алейрон дәндері түзіледі. Белоктарға астық және бұршақтұқымдас өсімдіктері бай.
Көмірсулар- өсімдіктерде кең тараған қоректік қор заты. Суда еритін көмірсулар – глюкоза, фруктоза, сахароза, инулин клетка шырынында жиналады.
Крахмал өсімдіктерде кең тараған қоректік қор заты болып саналады. Ассимиляциялық (алғашқы) крахмал хлоропластарда фотосинтез нәтижесінде түзіледі. Қорға жиналған (соңғы) крахмал түссіз пластидтер лейкопластар қатысуымен түзіледі және крахмал дәндері түрінде тамырда, түйнекте, тұқымда, сабақтың ішкі құрылысында жиналады. Крахмал дәндері лейкопластар ішінде түзуші орталық пайда болады да, айналасында крахмал қабаттары түзіледі. Крахмал дәндері түзуші орталық санына байланысты үшке бөлінеді. Жай крахмал дәнінде түзуші орталық саны біреу болады және айналасында крахмал қабаттары орналасады. Күрделі крахмал дәндері түзуші орталық саны бірнешеу болады және айналасында крахмал қабаттары болады. Жартылай күрделі крахмал дәндерінде түзуші орталық саны бірнешеу және әрбір орталықтың өз қабаты бар және барлық дәндерге ортақ крахмал қабаттары да болады.
Крахмал дәндерінің формасы, құрылысы және мөлшері ұнның сапасын, дәрілер дайындауда крахмал тазалығын анықтауда жақсы диагностикалық белгі болып саналады.
Минералды тұздардың кристалдары вакуольдің клетка шырынында кездеседі. Оның ішінде қымыздық қышқыл кальций кристалдары кең тараған. Кристалдар формасы әртүрлі, жекелеген, друздар- кристалдардың жұлдызша тәріздес бірігуі, рафидтер- ине тәріздес клеткалардың шоғыры.
Жұмыстың орындалу барысы:
тапсырма. Картоптың (Solanum tuferosa L.) крахмал дәндері.
Картоп түйнегін қандауырмен екіге бөліп, сапты ине ұшымен ақшыл сұйықтықты алып, заттық шыныдағы суға салып, бетін жабындық әйнекпен жабады. Препарат микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы қаралады. Крахмал дәндері мөлшері және пішіні жағынан әртүрлі. Препараттан ірі ұлғайтқыш арқылы ірі дәндерді табу. Онда кезектесіп орналасқан ашық және қою түсті қабаттар көрінеді. Крахмал дәндердің құрылысын мұқият қарап, суретін салу, онда түзуші орталық және қабаттарды белгілеу. Препаратта бір түзуші орталығы бар жай дәндермен бірге, күрделі дәндерде кездеседі. Дән крахмалдан тұратынын анықтау үшін, жабындық әйнек астына иодты калийлі иод ерітіндісі тамызылады, ерітіндінің енуіне байланысты крахмал дәндері ашық көк түстен қара түске дейін өңін өзгертеді.
Бидайдың крахмал дәндері.
Алдын ала суға салып, бөрткен бидай дәнегін қандауырмен кеседі, сапты ине арқылы эндоспермнен алып, заттық шыныдағы тамызылған суға салып, бетін жабындық әйнекпен жабады. Кіші ұлғайтқыш арқылы крахмал дәндерін тауып, обьективті үлкен ұлғайтқышқа ауыстырады. Бидай дың крахмал дәндерінің формасы жай, домалақ, түзуші орталығы мен қабаттары әлсіз байқалатын ірі және байқалмайтын ұсақ формалары да бар. Үлкен ұлғайтқыш арқылы бірнеше ірі және ұсақ крахмал дәндерінің суреттерін салу.
тапсырма. Қымыздық қышқыл кальций кристалдары.
Басты пияз (Allium cepa) пиязшығының құрғақ қабыршағында қымыздық қышқыл кальций кристаллдары жиі кездеседі. Олардың пішіні призма тәріздес, жеке немесе біріккен түрде болады.
Басты пияз (Allium cepa) пиязшығының құрғақ қабыршағында қымыздық қышқыл кальций кристаллдарын қарау үшін бірнеше күн спиртте немесе спирт пен глицерин қоспасында салынған қабыршақты заттық шыныдағы тамызылған глицеринге салып, жабын әйнекпен жабады.
Алдымен кіші, одан кейін үлкен ұлғайтқыш арқылы қаралады.
Барлық клеткаларда сопақша, шыны тәріздес қымыздық қышқыл кристалдары кездеседі. Кейбір клеткаларда біріккен түрде болады.
Кристалдары бар бірнеше клеткалардың суретін салу, түсініктеме белгілерін жазу.
Бегония жапырағы сағағындағы қымыздық қышқыл кальций кристалдары
Бегония жапырағы сағағындағы қымыздық қышқыл кальций кристалдары друздар түрінде кездеседі. Бегония жапырағы сағағынан көлденең жұқа кесінділер даярлап, заттық шыныдағы глицерин тамшысына салады да, бетін жабын әйнекпен жабады. Препараттан клетка вакуольде друздар, яғни клеткалардың жұлдызша тәріздес бірігуі байқалады. Кристалдары бар бірнеше клеткалардың суретін салу, түсініктеме белгілерін жазу. Қайталау сұрақтарына жауап беру.
ҚАЙТАЛАУ СҰРАҚТАРЫ
Алғашқы крахмал мен соңғы крахмалдың арасында қандай айырма бар?
Крахмал дәнінің типтерін атаңыз?
Жай, күрделі және жартылай күрделі крахмал дәндері қалай пайда болады?
Клеткадағы қор заттарын – крахмал, белок және майды қандай реактивтермен анықтауға болады?
Қор заты ретінде майдың крахмал мен белоктан қандай артықшылықтары бар?
Қарапайым және күрделі алейрон дәндерінің бір- бірінен айырмасы неде?
Клетка шырыны дегеніміз не, оның құрамы қандай ?
Клеткада қымыздық қышқыл кальций кристалдарының пайда болуының биологиялық мәні неде?
Қымыздық қышқыл кальций кристалдарының түрін атаңыз?
Өсімдіктердің қандай мүшелерінің клеткаларынан қымыздық қышқыл, кальций кристалдарын кездестіруге болады?
5-жұмыс. ХРОМОПЛАСТАР. ЛЕЙКОПЛАСТАР.
Жұмыс мақсаты. Піскен жеміс клеткаларында хромопластар құрылысымен танысу. Лейкопластар формасы мен клеткада орналасуымен танысу.
тапсырма. Итмұрын, томат піскен жемістер құрамындағы хромопластарды қарау.
Тапсырма. Бөлме өсімдігі Виргин традесканциясы () жапырағы эпидермасындағы лейкопластарды қарау.
Жұмыстың орындалу барысы.
тапсырма. Итмұрын, томат піскен жемістер құрамындағы хромопластарды қарау.
Заттық шыныға глицерин ерітіндісін тамызады. Ол хромопластардың анық көрінуі үшін жағдай жасайды. Итмұрын жемісінің жұмсақ бөлігінен сапты ине арқылы алып, заттық шыныдағы глицерин тамшысына салады да, бетін жабын әйнекпен жабады. Клеткалар тез ыдырау үшін, жабын әйнектің үстін сапты ине ұшымен ақырын соғып, мацерация құбылысын жүргізу. Алдымен микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы, одан кейін үлкен ұлғайтқышқа ауыстырады. Клеткалар пішіні дөңгелек, сопақша, онда хромопластар пішіні дөңгелек және бұрышты болып келеді. Клеткадағы хромопластар суретін салу.
Томат жемісіне де препарат даярлап, қарау. Томат клеткасында хромопластар дөңгелек, ине тәріздес.
2-Тапсырма. Бөлме өсімдігі Виргин традесканциясы () жапырағы эпидермасындағы лейкопластарды қарау.
Бөлме өсімдігі Виргин традесканциясы () жапырағының төменгі жағынан сапты ине арқылы эпидерманы сыдырып алады. Эпидерманы таза су орнына қант ерітіндісі тамызылған заттық шыныға салып, беті жабын әйнекпен жабылады. Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы ақшыл клеткалар көрінеді. Клетка шырыны антоцианға боялған. Микроскоптың үлкен ұлғайтқышы арқылы дір клетканы қарау, онда ядро клетка ортасында немесе шетінде орналасады. Цитоплазмада ядроны қоршай ұсақ денешіктер лейкопластар орналасқан. Бірнеше клетканың суретін салу, клетка шырынын бояу. Қайталау сұрақтарына жауап беру.
ҚАЙТАЛАУ СҰРАҚТАРЫ
Өсімдіктердің қандай мүшелерінің клеткаларынан хромопласты жиі кездестіреміз?
Хромопластың пигменттік құрамын атаңыз?
Хромопластар пішінінің алуан түрлілігі неліктен?
Хромопластың биологиялық маңызы неде?
Лейкопласт өсімдіктердің қандай мүшелерінің клеткаларында кездеседі және оның қандай реңі болады?
Атқаратын қызметіне байланысты лейкопластар қандай топтарға бөлінеді?
Клетканың бөлiнуi.
Тiрi организмдердің негiзi клетканың биологиялық қасиеттерiнiң бірі - бөлiнуге қабiлеттiлiгi. Клетка бөлiнуiнің үш әдісі бар.
1.Амитоз, 2.Митоз. 3.Мейоз.
Митоз жануарлар мен өсімдіктер клеткасының негізгі бөліну жолы. Эукариотты клеткалардың бөлінуі 2 сатыдан тұрады митоз және цитокинез. Митоз- ересек ядродан морфологиялық және генетикалық жағынан ұқсас екі жас ядроның пайда болуы.
Цитокинез – клетканың цитоплазмалық құрамының екіге бөлінуі нәтижесінде екі жас клетканың пайда болуы. Митоз және цитокинез езеңдері міндетті түрде қатар жүреді. Митоз 4 фазадан тұрады.
Клетка тақырыбы бойынша коллоквиум сұрақтары:
Микроскоп қандай құрал, оның көрсету мүмкіндігі қандай ?
Микроскоп қандай бөліктерден тұрады?
Микроскоптың оптикалық бөлігінің құрылысы мен қызметін түсіндіріңіз?
Механикалық бөлігінің құрамы мен қызметін атаңыз?
Микроскопты жұмысқа қосу үшін қандай дайындық жұмыстарын атқару қажет?
Окулярға дұрыс қарау дегенді қалай түсінесіз, оның мәні неде?
Окулярмен қарап, макрометрендік бұранда арқылы (сағат тілінің бағына бұрап) тубусты неге төмен түсіруге болмайды?
Препараттағы объектіні кіші объективпен қарауды қалай жүзеге асырасыз?
Кіші объективтегі препаратты үлкен объективпен қарау үшін оны қалай ауыстыруға болады?
Микрометрендік бұранданы қай уақытта, қандай тәртіппен пайдалану қажет?
Зат үстелшесінің жиегіндегі бұрандалар не үшін керек?
Жұмыс аяқталғаннан кейін микроскопты қандай қалыпта қою қажет?
Уақытша препараттың тұрақты препараттан айырмашылығы қандай?
Жабын және зат әйнектері және т.б. микроскоппен жұмыс жасауға қажетті жабдықтардың әрқайсысы не үшін керек?
Пішініне қарай клеткаларды қандай екі топқа бөлеміз?
Өсімдіктер клеткасы қандай екі бөлікке (протопласт және қалған бөлігі) бөліп қарастырамыз? Бұлардың бір-бірінен негізгі айырмасы неде?
Қандай органеллалар цитоплазманың субмикроскопиялық құрылымын құрайды?
Ядроны құрылымдық элементтері, химиялық құрамы және атқаратын қызметі қандай?
Мацерацияланған клеткалар деп қандай клеткаларды атаймыз? Оның себебі неде?
Жарық микроскопымен қарағанда клетка құрылысының қандай бөліктерін көреміз?
Хлоропласттың пигменттік құрамы , атқаратын қызметі қандай?
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің хлоропласты мен төменгі сатыдағылар хроматофорларының пішіндері қандай?
Хлоропластың мембраналық құрылысы ( строма , тилакоидттар немесе ламеллалар, грандар) неден тұрады?
Алғашқы крахмал қандай процестің нәтижесінен пайда болады?
Цитоплазма органеллалар және олардың атқаратын қызметі қандай?
Цитоплазма мембраналары және олардың маңызы.
Цитоплазма, оның негізгі плазмасы (гиалоплазма немесе матрикс ) туралы түсінік.
Цитоплазмада қимылдың қандай түрлерін байқауға болады?
Цитолплазмада плазмолиз құбылысының байқалуы неден?
Цитоплазма деплазмолиз қалпына қалай келтіріледі?
Пластидтердің қандай типтері бар?
Пластидтердің шығу тегін, дамуын және бір түрінен екіншісіне ауысуын қалай түсіндіруге болады?
Лейкопласт өсімдіктердің қандай мүшелерінің клеткаларында кездеседі және оның қандай реңі болады?
Атқаратын қызметіне байланысты лейкопластар қандай топтарға бөлінеді?
Өсімдіктердің қандай мүшелерінің клеткаларынан хромопласты жиі кездестіреміз?
Хромопластың пигменттік құрамын атаңыз?
Хромопластар пішінінің алуан түрлілігі неліктен?
Хромопластың биологиялық маңызы неде?
Алғашқы крахмал мен соңғы крахмалдың арасында қандай айырма бар?
Крахмал дәнінің типтерін атаңыз?
Жай, күрделі және жартылай күрделі крахмал дәндері қалай пайда болады?
Клеткадағы қор заттарын – крахмал, белок және майды қандай реактивтермен анықтауға болады?
Қор заты ретінде майдың крахмал мен белоктан қандай артықшылықтары бар?
Қарапайым және күрделі алейрон дәндерінің бір- бірінен айырмасы неде?
Клетка шырыны дегеніміз не, оның құрамы қандай ?
Клеткада қымыздық қышқыл кальций кристалдарының пайда болуының биологиялық мәні неде?
Қымыздық қышқыл кальций кристалдарының түрін атаңыз?
Өсімдіктердің қандай мүшелерінің клеткаларынан қымыздық қышқыл, кальций кристалдарын кездестіруге болады?
Клетка қабықшасы қандай негізгі қызметтер атқарады?
Клетка қабықшасының пайда болуына клетканың қандай органеллалары қатынасады?
Клетка қабықшасы мен плазмалемманың бір- бірінен айырмашылығы неде?
Алғашқы және соңғы клетка қабықшасының арасында құрылымы және химиялық құрамы жағынан қандай айырмасы бар?
Қарапайым және жиекті саңылаулардың бір- бірінен айырмалары неде?
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Васильев А.Е. Ботаника. Морфология и анатомия растений. М.: Просвещение, 1988.
2. Васильев А.Е, Воронин Н.С и др. Ботаника. Анатомия и морфология растений. М.: Просвещение, 1978.
3. Курсанов Л.И. и др. Ботаника. Т. 1, М., 1966.
4. Кудряшов З.И., Зубкевич Г.И. Курс лабораторных занятий по морфологии растений. Минск, 1970.
5.Ағалеуов Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.
6. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.
7. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы, 1994.
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Табиғат жағдайында өткізілетін өсімдіктану практикасы. Алматы, 1996.
2. Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша – қазақша сөздігі. Алматы, 1996.
3. Хржановский В.Г., Пономаренко С.Ф. Ботаника. М., 1982
4. Жуковский П. М. . Ботаника. М., 1964
5. Эзау К. Анатомия семенных растений. М., Т.Мир ,т.1,2. 1980
II -ТАРАУ. ӨСІМДІКТЕР ҰЛПАЛАРЫ
Өсімдіктер ұлпасы атқаратын қызметі, құрылысы, шығу тегі және өсімдіктер мүшелерінде орналасуы ұқсас клеткалар тобы.
Өсімдіктер тіршілігінде физиологиялық ролі және маңызы жөнінен ұлпалардың мынадай түрлері бар: түзуші ұлпалар (меристемалар), ассимиляциялық ұлпалар, қорлық ұлпалар, аэренхима, сорушы ұлпалар, жабындық ұлпалар, заттардың өтуін реттеуші ұлпалар, бөліп шығарушы ұлпалар, арқаулық ұлпалар, өткізгіш ұлпалар.
Өсімдіктердің құрылысы көптеген миллион жылдар барысында күрделенді. Эволюция процесінің барысында жаңа ұлпалар пайда болады, ұлпалар құрамына кіретін әртүрлі клеткалар типтерінің саны да артты. (Мысалы, бактериялар мен примитивті балдырларда барлық клеткалар бірдей, тек клетканың ерекшеленуі ғана байқалады. Мүктерде - 20, папоротниктәрізділерде 40 - қа жуық, ал жабықтұқымды өсімдіктерде – 80 ке жуық клеткалардың әртүрлі типтері бар. 1988 жылы профессор Н.С. Воронин классификациясы:
І. Түзуші ұлпалар (меристема)
1. төбе (апикальды)
2. жанама (бүйір)(латеральды)
а) бірінші ретті (прокамбий, перицикл)
б) екінші ретті (камбий, феллоген)
3. қыстырмалы (интеркалярлы)
4. зақымданушы (травматич)
ІІ. Ассимиляциялық ұлпалар.
ІІІ. Қор жинаушы ұлпалар.
IV. Аэренхима.
V. Қорғаныш ұлпалар.
1. Газ алмасу және транспирация қызметін реттеу және механикалық қызмет атқаратын сыртқы жабындық ұлпа.
а) бірінші ретті (эпидерма)
б) екінші ретті (перидерма)
в) үшінші ретті (қабық және ритидом)
Сору қызметін қамтамасыз ететін сыртқы қорғаныш ұлпа.
а) ризодерма, б) веламен
Заттардың өтуін реттейтін қызметті қамтамасыз ететін ішкі қорғаныш
ұлпа.
а) эндодерма, б) экзодерма, в) жапырақтың өткізгіш шоқтарының клетка лары.
VI. Бөліп шығарушы ұлпалар.
Сыртқы: а) бізді талшықтар (трихондар) және өсінділер (эмергенцы).
б) нектарниктер.
в) гидатодтар.
2. Ішкі: а) бөліп шығарушы клеткалар (эфир майлы, смолалы, танинді)
VII. Механикалық (тірек қызметі) ұлпа
Колленхима.
Склеренхима, а) талшық, б) склереид.
VIII. Өткізгіш ұлпа.
ксилема (сүрек)
флоэма (өзек)
Меристемадан басқа ұлпалар тұрақты ұлпалар деп аталады.
Эпидерма - (эпи - сыртқы, дерма - тері) -ең сыртқы тобынан құралған жапырақты және жас сабақты жауып тұрады. Эпидерманың басты қызметі- транспирация азайту және газ алмасуды реттеу. Сонымен қатар ішкі ұлпаларды зақымданудан қорғап, мүшелерге беріктік қасиет береді. Эпидерма арқылы сыртқа эфир майы шығады. Эпидерма күрделі ұлпаларға жатады. Құрамына әр түрлі морфологиялық клеткалар кіреді.
Эпидерманың негізгі клеткалары
Усьтиценің түйістіргіш және қосымша клеткалары.
Трихомдар, яғни эпидерма клеткаларының өсінді түріндегі туындылары.
Эпидермада устьице клеткаларының типтері:
Аномоцитті (ретсіз) устьиценің жанама клеткалары болмайды.
Анизоцитті (тең клеткалы емес) устьице 3 жанама оның 2 бірдей, 1 кішілеу клеткаларын қоршаған.
Парацитті (ІІ клеткалар) - 1 немесе бірнеше жанама клеткалар устьиценің ұзындық өсіне ІІ орналасады.
Диацитті (аиқас) устьиценің 2 жанама клеткалары болады, олардың бір - біріне ортақ қабырғасы өзінің, ұзындық өсіне перпендикуляр орналасады.
Актиноцитті (жұлдызша сәулелі клеткалар) - устьице бірнеше жанама клеткалармен қоршалған, олардың ұзындық өсі түйістіргіш клеткаларға радиальды (сәулелі)орналасады.
Эмергенцтер - эпидерма клеткаларына терең жатқан ұлпа клеткаларынан пайда болады.
6- Жұмыс. ЖАБЫНДЫҚ ҰЛПАЛАР
Тапсырма. Қосжарнақты өсімдіктер жапырағы эпидермасынан препараттар даярлау және қарау.
Тапсырма..Даражарнақты өсімдіктер жапырағы эпидермасынан препараттар даярлау және қарау.
Тапсырмаға түсініктеме. Өсімдіктер мүшелерінің беткейі жабындық ұлпамен қапталған Ол өсімдік мүшелерін кеуіп кетуден, механикалық зақымданудан және әртүрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайды.
Жабындық ұлпаның үш түрі бар:
Эпидермис және эпиблема.
Перидерма.
Қыртыс (ритидом).
Жапырақ, жасыл өркен, гүл және жемістерде- эпидермис, жас тамыршаларда ризодерма немесе эпиблема; бұта және ағаштар сабақтарында, тамырда, және түйнекте - перидерма; ағаш діңінде қыртыс дамиды.
Барлық жабындық ұлпаларға тән ортақ ерекшеліктер: клетка қабықшаларының су буларын өткізбеуі, клетканың тығыз орналасуы және клетка аралықтарының болмауы.
Эпидермис- алғашқы жабындық ұлпа. Күрделі ұлпа, құрамына морфологиялық тұрғыдан әртүрлі клеткалар кіреді:
Эпидерманың негізгі клеткалары.
Устьиценің түйістіргіш клеткалары.
Трихомалар, эпидерма клеткаларының өсінділері.
Устьице екі немесе барлық жағынан қосымша клеткалармен қоршалған.
Түйістіргіш және жанама клеткалардың орналасуына байланысты устьице типтері:
Аномоцитті (ретсіз)- устьиценің жанама клеткалары болмайды.
Диацитті- устьиценің екі жанама клеткалары бар, олардың бір-біріне ортақ қабырғасы өзінің ұзындық осіне перпендикулярлы орналасады.
Парацитті – бір немесе көп жанама клеткалар устьиценің ұзындық осіне параллель орналасады.
Анизоцитті – устьице үш жанама, оның екеуі бірдей, біреуі кішілеу клеткалармен қоршалған.
Актиноцитті – устьице бірнеше жанама клеткамен қоршалған, олардың ұзындық осі түйістіргіш клеткаға радиальды (сәулелі) орналасады.
Қосжарнақты өсімдіктер жапырағы эпидермасы.
Кәдімгі қызыл бояу, подмаренник настоящий, Calium verum L..
Жапырақтың эпидермис клеткаларының қабықшасы әлсіз және орташа иректелген. Жоғары және төменгі эпидермис клеткаларының пішіні мен мөлшерінде айырмашылықтар бар. 1 мм (8х10) жоғарғы эпидермис клеткаларының саны орташа мөлшермен –201 3; төменгі эпидермис клеткаларының орташа саны- 280 7. Жоғарғы эпидермис клеткаларының санына қарағанда төменгі эпидермис клеткаларының саны артық. Устьица клеткаларының пішіні бүйрек тәріздес, 1 мм жоғарғы эпидермисте устьицалар саны- 55 2; төменгі эпидермисте-51 –1, устьицалар аппаратының типі- парацитті. Төменгі эпидермисте жай қарапайым түкшелер кездеседі. Олар бір клеткалы, түзу болып келген және ұшы өсіндімен аяқталады.
Түйнекті фломис, зопник клубненосный, Phlomus tuberosa L Жапырақтың эпидермис клеткаларының қабықшасы иректелген. Төменгі эпидермис клеткаларына қарағанда жоғарғы эпидермис клеткалары кеңейген.1 мм жоғарғы эпидермис клеткаларының орташа саны – 465 2; төменгі эпидермис клеткаларының орташа саны- 546 23. Жапырағы гипостоматикалық, яғни устьицалар төменгі эпидермисте кездеседі. Устьицалар 3-6 клеткалармен қоршалған, аномоцитті. Жоғарғы эпидермисте 3-4 клеткалы қарапайым түкшелер шашыранды орналасқан. Сонымен қатар, эфир майлы бездер кездеседі. Төменгі эпидермисте жүйкенің маңайында жай түкшелерде бар. Ұзын, бұтақтанған және безді түкшелердің түрлері де кездеседі.
2- тапсырма. Даражарнақты өсімдіктер жапырағы эпидермасы.
Жаздық бидай (Казахстанская раннеспелая сорты)
Жабындық ұлпа - эпидермис клеткаларының пішіні 2 типке біріккен. Ұзын және салыстырмалы түрде қысыңқы келген клеткалар жапырақтың ұзын осіне параллель орналасқан. Қысқа клеткалардың ұзындығы мен ені бірдей. Эпидермисте бір клеткалы трихомалар саны көп және жиі орналасқан.
Жапырақ тақтасының адаксиальды беткейінде абаксиальды беткейіне қарағанда устьицалар саны көп кездеседі.
Жұмыс барысы.
тапсырма.
А). Қосжарнақты өсімдіктер жапырағы эпидермасы.
Кәдімгі қызылбояу өсімдігі жапырағының эпидермасын сыдырып алып, заттық шыныға тамызылған глицерин тамшысына салып, бетін жабын әйнекпен жабады. Микроскопты кіші ұлғайтқышқа, одан соң үлкен ұлғайтқышқа қою арқылы эпидермисті қарайды. Эпидермистің негізгі клеткаларына, устьице типі, трихомалар түрлеріне назар аудару және суретін салу.
Түйнекті фломис өсімдігі жапырағы эпидермисінен препарат даярлау және суретін салу.
2- тапсырма. Даражарнақты өсімдіктер жапырағы эпидермасы.
Жаздық бидай өсімдігі жапырағының эпидермасын сыдырып алып, заттық шыныға тамызылған глицерин тамшысына салып, бетін жабын әйнекпен жабады. Микроскопты кіші ұлғайтқышқа, одан соң үлкен ұлғайтқышқа қою арқылы эпидермисті қарайды. Эпидермистің негізгі клеткаларына, устьица типі, трихомалар түрлеріне назар аудару және суретін салу.
Ұлпалар тарауы бойынша коллоквиум сұрақтары
Ұлпа деген не?
Ұлпаның жіктелуі. Кез келген клеткалардың жиынтығын ұлпа деп атауға бола ма?Мысал келтіріңдер.
Түзуші ұлпа немесе меристема деген не?
Меристема клеткаларының гистологиялық ерекшеліктері қандай?
Күрделі және қарапайым ұлпа деген не?
Меристема пайда болуына және өсімдік мүшелерінде орналасуына қарай қалай бөлінеді?
Алғашқы түзуші ұлпалар және олардың атқаратын қызметтері қандай?
Жабындық ұлпа деген не?
Жабындық ұлпа пайда болуына және құрылысына қарай неше түрге бөлінеді?
10. Алғашқы жабындық ұлпа қандай өсімдіктерге тән?
11. Эпидермада клетка қабырғаларының қалыңдауы бірдей ме?
12. Эпидерма өсімдіктердің қай мүшелерін қаптап жатады?
13. Устьиценің құрылысы қандай?
14. Эпидерманың қорғаушы қабілетін арттыратын қандай құрамдары бар?
15. Түрлер қалай орналасады, олар қандай қызмет атқарады?
16. Соңғы жабындық ұлпа деген не?Оның қандай түрлері бар?
17. Сүректі өсімдіктер де эпидерма немен алмастырылады ?
18. Тоз өсімдіктерінің қандай мүшелерінің сыртын қаптап жатады?
19. Тоз арқылы газ алмасу және булану(транспирация) қалай жүреді?
20. Жасымықшаның клеткалық құрылымы қандай?
21.Тоз бен эпидерма клеткаларының айырмасы неде?
22.Қыртыс дегеніміз не, олар қалай пайда болады және қандай түрлері бар ?
23. Механикалық ұлпа деген не, оның қандай түрлері бар?
24. Механикалық ұлпаға тән белгілер қандай?
25. Колленхима ,склеренхима клетканың құрылымдық айырмасы неде?
26. Колленхима түрлері , олардың қабырғаларының қалыңдау ерекшеліктері қандай?
27. Неге колленхима жас өсімдіктер мүшелеріне тән?
28. Склеренхима клеткаларының негізгі белгілері қандай?
29. Склереида клеткаларының ерекшелігі неде?
30. Өткізгіш ұлпа деген не?
31.Флоэма қандай гистологиялық бөліктерден тұрады?
32. Ксилеманың гистологиялық бөліктері қандай?
33.Түтікшелер қалай пайда болады?
34.Түтікшелердің клетка қабырғаларының мүсінденіп қалындауының қандай түрлері бар?
35. Өткізгіш ұлпаның жоғарғы ағыс жолымен (ксилема) қандай заттар жылжиды ?
36. Өткізгіш ұлпаның жоғарғы ағыс жолымен қандай заттар жылжиды?
37. Қоректік ұлпа деген не, оның қандай түрлері бар?
38. Қабылдаушы қоректік ұлпа және оның түрлері?
39. Ассимиляциялаушы қоректік ұлпа және оның қызметі?
40. Қор жинаушы қоректік ұлпа және оның түрлері?
41. Су қорын жинаушы қоректік ұлпа және оның түрлері?
42. Органикалық заттар қорын жинайтын қоректік ұлпаның қандай түрлері бар?
43. Бөліп шығарушы ұлпа дегеніміз не?
44. Бөліп шығарушы ұлпа пайда болуы, орналасуына, физиологиялық мәніне қарай қандай түрлері бар?
45. Лизигендік, схизогендік, бездеуіт, гидатод клеткаларының негізгі ерекшкеліктері қандай?
46 .Бездеуіт клеткаларының түрлері және атқаратын қызметі?
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Васильев А.Е. Ботаника. Морфология и анатомия растений. М.: Просвещение, 1988.
2. Васильев А.Е, Воронин Н.С и др. Ботаника. Анатомия и морфология растений. М.: Просвещение, 1978.
3. Курсанов Л.И. и др. Ботаника. Т. 1, М., 1966.
4. Кудряшов З.И., Зубкевич Г.И. Курс лабораторных занятий по морфологии растений. Минск, 1970.
5.Ағалеуов Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.
6. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.
7. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы, 1994.
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Табиғат жағдайында өткізілетін өсімдіктану практикасы. Алматы, 1996.
2. Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша – қазақша сөздігі. Алматы, 1996.
3. Хржановский В.Г., Пономаренко С.Ф. Ботаника. М., 1982
4. Жуковский П. М. . Ботаника. М., 1964
5. Эзау К. Анатомия семенных растений. М., Т.Мир ,т.1,2. 1980
III –ТАРАУ.
ТҰҚЫМ, ҰРЫҚ ЖӘНЕ ӨСКІН МОРФОЛОГИЯСЫ
Өсімдіктер организмнің негізін құрайтын және оның өмір сүруінің негізгі қызметтерін атқаратын мүшелер вегетативті мүшелер деп аталады . Тұқымды өсімдіктердің негізгі вегетативті мүшелері тамыр, сабақ, жапырақ тұқымның ұрығынан бастама алады. Қолайлы температурада және ылғал жеткілікті болған жағдайда тұқым суды сіңіріп, ісінеді де, өскін (plantula) түзіледі. Бірінші тамыры өсе бастап осының нәтижесінде өскін топыраққа бекінеді. Ұрық тамыршасынан негізгі тамыр пайда болады . Көптеген өсімдіктердің сабағы иілген болып келеді. Кейіннен сабақ тік қалыпқа енеді. Кейбір өсімдіктердің (күнбағыс, үрмебұршақ) өскіндерінде тұқымжарнақ топырақ беткейіне шығып, жасылданады, уақытша жапырақтың қызметін атқарады . Тамыр мен сабақтың аралығын тамыр мойыны деп атайды. Тұқымжарнағы жапырағы мен тамыр мойыны аралығындағы сабақ бөлігі гипокотиль деп аталады (тұқым жарнағының астыңғы иіні). Барлық қос жарнақты өсімдіктердің гипокотилі жақсы көрінбейді . Кейбір өсімдіктердің гипокотилінің ұзындығы өте кіші, ол топырақтың астында қалғандықтан, тұқым жарнағы топырақтың үстіңгі қабатына шықпайды. Тұқым жарнағы мен алғашқы нағыз жапырақтың арасындағы сабақ аймағы эпикотиль деп аталады (тұқым жарнағының үстіңгі иіні). Өскіннің алғашқы нағыз жапырағының ересек өсімдікке тән формасы болмайды, сондықтан ювенильді деп аталады .
Астық тұқымдасының тұқымы өнгенде тұқым жарнағы тұқымда қалады . Ол эндоспермнің қорек заттарын сіңіреді . Топырақ арқылы ұрық жапырақшасы – колеоптильмен қоршалған бүршік шығады . Алғашқы нағыз жапырақ колеоптильді жарып шығады.
7- Жұмыс. Қос- және даражарнақтылар тұқымдары мен өскіндерінің құрылысы.
Сабақтың мақсаты:Тұқым құрамындағы ұрықтың өсімдік негізі екендігіне көз жеткізу.Қос-және даражарнақтылар дәндері мен өскіндерінің,тамырларының құрылысының ұқсастық ерекшеліктерін
анықтау.
Сабаққа қажетті обьектілер мен құрал-жабдықтар.
алдын-ала жібітілген кәдімгі үрмебұршақ (Phaseolus Vulgaris), жұмсақ бидай (Triticum aestivum), кәдімгі арпа (Hordeum Vulgare), егістік асбұршак (Pisum Sativum) тұқымдары мен алдын-ала өсірілген өскіндері. Қол лупасы,пинцет,сапты инелер. Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар.
1- тапсырма. Даражарнақты бидай дәндерінің сыртқы құрылысының суретін салып, оның өзара ерекшеліктерін көрсету қажет .
2- тапсырма. Қосжарнақтылар үрмебұршақ дәндерінің сыртқы және ішкі құрылыстарының ерекшеліктерін көрсетіп, суретін салу.
3- тапсырма. Бидай және бұршақ өскіндерінің морфологиялық құрамын және тамыр түрлерін көрсету.
ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ РЕТІ
1- Тапсырма. Дара жарнақтылардың эндоспермді тұқымы.
Бидай дәнін сыртқы қабыршақтарынан тазартып,шынының үстіне қойып, лупа арқылы қараңыз. Онда тұқымның сыртын жауып, тұқым қабығымен ты-ғыз кіріккен жұқа, жылтыр қабат-бидайдың жеміс серігі көрінеді.Тұқымның анатомиялық құрылысын анықтау үшін,бидайдың жібітілген дәнінен ұзын- нан тіліп, микроскоп арқылы қараңыз (7х8,15х8). Препараттан дәннің екі бөлімі-ұрық және эндосперм жақсы байқалады.
Ұрық алғашқы меристемадан тұрады, онда ұрық тамыршасы оның тамыр оймақшасы, тамыр қынабы-колеориза, ұрық сабақшасы (гипокотиль) және бүршік бөлімдері бар. Бүршік-ұрық жапырақшаларымен жабылған сабақтың бой конусы. Сыртқы ұрық жапырақшасы-колеоптиль деп аталады. Ол бүршікті өсу барысында топырақ қабаттарының механикалық әсерінен сақтайды. Түрі өзгерген тұқымжарнақты-қалқанша эндоспермге жанасып орналасады. Редукцияланған екінші тұқым жарнағы -эпибласт қалқаншаға қарама-қарсы, ұрық сабақшасы жағында жатады. Кейбір астық тұқымында эпибласт болмайды.
Препаратты жылжытып, эндосперм шет жағында белоктың майда, түйіршіктерінен, алейрон дәндерінен тұратын алейрон қабатын және бұл қабаттан ішке қарай тұқымның орталық бөліміндегі күрделі крахмал дәндерін қараңыздар.
2-тапсырма Қос жарнақтылардың эндоспермсіз тұқымы.
Қол лупасы арқылы үрмебұршақ тұқымның сыртқы құрылысын қараңыз. Тұқымның сырты тұқым қабығы-спермодермамен жабылған.Тұқымның ойыстау келген бауыр жағын-да ақшыл сопақша тұқымдақты (рубчик) табыңыз. Тұқымдақпен бір сызық бойында тұқым саңылауы (микропиле) көрінеді. Тұқымдақтан төменірек тұқым бүрінің тұқым тірсегімен кірігуінен пайда болған сызат өтеді, ол тұқым тігісі деп аталады.
Бөрткен тұқымның тұқым қабығын сыдырып, ұрық тамыршасы, ұрық сабақшасы және бүршіктен тұратын пішіні бүйрек тәрізді екі тұқым жар-нағы жатады. Тұқымда эндосперм жоқ екенін көреміз. Қоректік заттар ұрықтың тұқымжарнақтарында жиналған, клеткаларында алейрон және крахмал дәндері бар.
3-Тапсырма. Қос жарнақтылардың өскіні.
Әртүрлі мерзімде өсірілген үрмебұршақ және асбұршақ өскіндерін талда-ңыздар. Негізгі тамыр, оның ұрықтың қай бөлімінен өсіп шығатынын;
жанама тамырлар,олардың қайдан жетілетінін; өскіннің тамыр мойнын; тұқым жарнағының астыңғы қылтасын (гипокотиль); тұқым жарнақтары, олардың өскіндерінде орналасу ерекшеліктерін; тұқымжарнағының үстіңгі қылтасын (эпикотиль); саны екеу,алғашқы нағыз жасыл жапырақтарын; буынын; буынаралықтарын; бүршіктерін тауып, салыстырмалы сипаттама берініз.
Даражарнақтылардың өскіні.
Жұмыс барысында қосжарнақтылар өскіндерін талдау бағытында жүргіземіз .Бидай мен жүгері өскіндерінен:негізгі тамыр,жанама тамыр,қосалқы тамыр, колеоптиль және саны біреу жасыл жапырақты тауып, өскіннің жер асты өсуіне жататыны анықталады.
ҚАЙТАЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Тұқым қандай қызмет атқарады.?
2. Толық жетілген тұқымның бөлімдерін атаңыз.
3. Тұқым бөлімдері (тұқым қабығы,ұрық,эндосперм) тұқым бүршігінің қандай бөліктерінен және қай уақытта пайда болады.
4. Ұрықтың мүшелерін атаңыз.
5. қандай пайда болады,оның эндоспермнен айырмашылығы.?
6. Колеориза,колеориза,эпибласт қандай өсімдіктер тұқымдарына тән?
7.Тұқымжарнақтарының атқарған қызметі?
8. Тұқымның өсуіне қажет жағдайлар қандай?
9. Қосжарнақтылардың өскініне тән бөлімдерін атаңыз?
Тамыр мойыны, гипокотиль, эпикотиль деген не?
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Васильев А.Е. Ботаника. Морфология и анатомия растений. М.: Просвещение, 1988.
2. Васильев А.Е, Воронин Н.С и др. Ботаника. Анатомия и морфология растений. М.: Просвещение, 1978.
3. Курсанов Л.И. и др. Ботаника. Т. 1, М., 1966.
4. Кудряшов З.И., Зубкевич Г.И. Курс лабораторных занятий по морфологии растений. Минск, 1970.
5.Ағалеуов Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.
6. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.
7. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы, 1994.
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Табиғат жағдайында өткізілетін өсімдіктану практикасы. Алматы, 1996.
2. Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша – қазақша сөздігі. Алматы, 1996.
3. Хржановский В.Г., Пономаренко С.Ф. Ботаника. М., 1982
4. Жуковский П. М. . Ботаника. М., 1964
Эзау К. Анатомия семенных растений. М., Т.Мир ,т.1,2. 1980
IY –ТАРАУ. ӨСІМДІКТЕРДІҢ ВЕГЕТАТИВТІ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Тамыр-негізгі вегетативті мүше . Тамыр осьті апикальді мүше немесе төбе меристемасы арқылы ұзындыққа өсетін мүше . Сабақтан айырмашылығы - онда ешқашанда жапырақтар пайда болмайды және апикальді меристема тамыр оймақшасымен қапталған .
Негізгі атқаратын функциясы - су және минералды заттарды топырақтан сіңіру .
Қосымша атқаратын функциясы :
А) Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді, вертикальді өсуіне жағдай жасайды .
Б) Тамырда әртүрлі заттар синтезделеді ( көптеген аминқышқылдар, гормондар, алколоидтар) және өсімдіктердің басқа мүшелеріне жеткізіледі .
В) Тамырда қор заттар жинақталады .
Г) Тамыр басқа өсімдік тамырларымен, топырақтағы микроорганизмдермен, саңырауқұлақтармен байланысады .
Бір өсімдіктегі тамырлар жиынтығы тамыр жүйесін құрайды . Тамырлар жүйесінің құрамына негізгі тамыр, жанама тамыр және қосалқы тамыр кіреді. Негізгі тамырдан бұтақтанған тамыр - жанама тамыр . Өсімдіктің жер үсті мүшелері сабақтан пайда болған тамыр қосалқы тамыр деп аталады . Тамыр жүйесінің 2 типі бар кіндік және шашақ. Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр жақсы жетілген, қос жарнақтылар класының тұқымдастары (Ranunculaceae, Papaveraceae, Fabaceae). Шашақ тамыр жүйесі –дара жарнақтылар класының тұқымдастары –Liliaceae, Poaceae тұқымдастарына тән.
Тамырдың өсу зонасы. Тамырдың апикальды меристемасының клеткалары тамыр оймақшасымен қоршалған. Тамыр оймақшасының астыңғы жағында бөліну аймағы орналасқан. Клетканың мөлшері –1мм. Бұл аймақтан жоғары -өсу аймағы, клеткалар өте тез ұзынынан ұлғаяды. Тамыр түкшелері орналасқан аймақ сору аймағы деп аталады. Бұл түкшелердің сіңіру беткейі үлкен болады және топырақтан су мен минералды заттарды сіңіреді. Сіңіру аймағы мен сабақтың негізгі аралығы өткізу аймағы.
Тамырдың микроскопиялық құрылысы. .Егер тамырдың сору аймағынан көлденең кесінді жасасақ, мынадай құрылысты көреміз. Ішкі бөлік – орталық цилиндр, сыртқы бөлік – алғашқы қабық . Ол тамыр түкшелері бар клеткалардың бір қабаты– эпиблемамен қапталған. Алғашқы қабықтың сыртқы қабаты –экзодерма, ол тығыз орналасқан, көпбұрышты клеткалардан тұрады. Клетка қабықшасы сүректеніп, қорғаныш функциясын атқарады. Одан соң негізгі паренхима орналасқан, ол алғашқы қабықтың негізгі массасын құрайды. Эпиблема және паренхима – сору қызметін атқарады. Алғашқы қабықтың ішкі қабаты – эндодерма, ол клетка қабырғалары да сүректенген, алайда эндодерма клеткаларының арасында тірі жұқа қабырғалы -өткізгіш клеткалар болады, ол арқылы су мен минералды заттар –орталық цилиндрге келіп түседі .Өткізгіш клеткалардың цитоплазмасы таңдамалы өткізгіштігімен ерекшеленеді.
Орталық цилиндрдің сыртқы қабаты перицикл –меристематикалық активті бір қатар орналасқан тірі паренхима клеткасынан тұрады. Перициклден кейде жанама тамырлар түзіледі, кейде оны тамыртүзгіш деп атайды. Орталық цилиндрдің орталық бөлігінде радиальды өткізгіш шоқтар болады.
Тамырдың түр өзгерістері.
Тамыр метаморфозы. Тамырлар кейде ерекше қызмет атқарғандықтан, осыған байланысты қызметі өзгеруі мүмкін (метаморфозданады).
Микориза және бактериялармен бірге өмір сүруі. Көптеген өсімдіктердің тамырлары топырақ саңырауқұлағы мен бірлесіп өмір сүруі мүмкін. Өсімдік тамырлары мен саңырауқұлақ гифтері-микориза түзеді (саңырауқұлақ-тамыр “грибокорень”).
Жоғары сатыдағы өсімдікпен және саңырауқұлақ бір-біріне пайда келтіріп өмір сүреді-симбиоз күйінде. Саңырауқұлақ компоненті тамырдың су мен минералды заттарды алуын жеңілдетсе, саңырауқұлақ өсімдіктерден көмірсулар, органикалық заттар алады.
Егер саңырауқұлақ гифтері тамырдың сыртын қоршап жатса-ол микориза-эктомикориза. Ағаш және бұталы өсімдіктерге тән. Егер барлық гифтер өсімдік тамырының ішінде жатса-эндомикориза деп аталады, шөптесін өсімдіктерде кездеседі (қайың саңырауқұлақтары).
8- жұмыс. Жас тамырдың ұшындағы аймақтары
Сабақ мақсаты: Жас тамырдың ұшындағы аймақтармен танысу және тамырдың алғашқы, соңғы құрылысына тән анатомиялық ерекшеліктерін анықтау, олардың элементтерінің орналасу тәртібін білу.
Қажетті материалдар: бидай өскіндерінің тамыр ұшы.
1-Тапсырма. Жас тамырдың ұшындағы аймақтары
Тамыр ұшының препаратынан, тамыр аймақтарының құрылысын суретке салу. Тірі тамырдың ұшын “басылған”, уақытша препаратты көріп сурет салу.
ӨРКЕН. ӨРКЕНДЕР ЖҮЙЕСІ
9-жұмыс. Қосжарнақты, даражарнақты және сүректі өсімдіктер сабағының құрылысы
Тапсырма. Қосжарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының анатомиялық құрылысы.
Тапсырма. Даражарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының анатомиялық құрылысы.
Тапсырма. Сүректі өсімдіктер сабағының анатомиялық құрылысы.
1- тапсырма. Қосжарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының анатомиялық құрылысын қарау және суретін салу.
Кәдімгі қызыл бояу, подмаренник настоящий, Calium verum L..
Сабағының көлденең кесіндісі : эпидермис, алғашқы қабық және орталық шеңберден тұрады. Алғашқы қабықта бір- екі қатар хлоренхиманың жұқа қабықшалы паренхималық клеткалары бар. Колленхима клеткаларының жиынтығы сабақ өсінділерінде орналасқан. Алғашқы қабық эндодермамен аяқталған. Орталық шеңберде перицикл болмайды. Орталық шеңбер бөлігі шоқсыз құрылысты. Өзектің ортасы ауалы қуыс.
Түйнекті фломис, зопник клубненосный, Phlomus tuberosa L Сабағының көлденең кесіндісінде эпидермис, алғашқы қабық, орталық шеңберді ажыратуға болады. Эпидермис беткейі кутикуланың жұқа қабатымен жабылған. Онда жай және бұтақтанған түкшелердің түрлері кездеседі, саны аз. Эпидермис клеткалары қабатының астыңғы жағында 4-5 қатар арқаулық ұлпа- колленхима клеткалары орналасқан. Алғашқы қабық эндодермамен шектелген. Өткізгіш шоқ ашық коллатеральды. Өзек ірі паренхималық клеткалардан құралған, ортасы ауалы қуыс.
Күздік жусан, Полынь осенняя, Artemisia serotina Bunge Сабағының көлденең кесіндісі: эпидермис, алғашқы қабық, орталық шеңберден тұрады. Эпидермистің астыңғы жағында колленхима клеткаларының жиынтығы орналасқан. Алғашқы қабықты 4-5 қатар паренхима клеткалары түзеді. Сабақтың ортаңғы бөлігі болғандықтан, арқаулық талшықтар шоғының үстіңгі жағында эндодерма анық байқалады. Арқаулық талшық флоэманың үстіңгі жағында дискретті шоқ ретінде дамыған. Өткізгіш шоқ флоэма, камбий және ксилемадан тұрады, яғни ашық коллатеральды. Өзек паренхималары жұқа қабықшалы, ірі.
Жалаң мия, Солодка голая, Glycyrrhiza glabra L
Сабағының көлденең кесіндісі: эпидермис, алғашқы қабық, орталық шеңберден тұрады.
Эпидермис сыртқы жағынан кутин қабатымен жабылған. Эпидермис астында 3 қатар табақшалы колленхима орналасқан. Алғашқы қабықты 6-7 қатар паренхималар түзеді. Өткізгіш шоқтардың үстіңгі жағында арқаулық ұлпаның клеткалары дамыған. Сабағы шоқтық құрылысты, алайда шоқтардың өзара бірігіп кетуі байқалады. Алғашқы қабықта, өзекте, өткізгіш ұлпада сары, қоңыр түске боялған, мөлшері әртүрлі болып келген фенолды туындылардың гетерогенді топтары- танниндер кездеседі. Өзек жұқа қабықшалы паренхима клеткаларынан құралған. Сабақта жай түкшелер орналасқан.
Сібір сораңша, Петросимония сибирская, Petrosimonia sibirica Pall Bunge Сабағының көлденең кесіндісі: эпидермис, алғашқы қабық, орталық шеңберден тұрады. Эпидермис сыртқы жағынан кутин қабатымен жабылған. Эпидермис бір- біріне жанаса орналасқан бір қатар клеткалардан құралған. Оның астыңғы жағында бір қатар арқаулық ұлпа клеткалары колленхима орналасқан. Алғашқы қабықты паренхималық клеткалардың 4-5 қатары түзеді. Алғашқы қабық айқын көрінген эндодермамен аяқталады. Өткізгіш шоқтар бірігіп, сабақтың шоқсыз немесе ауыспалы құрылысын түзеді. Өзек ірі, жұқа қабықшалы паренхимадан тұрады.
ЖҰМЫС БАРЫСЫ. Жоғарыда аталған өсімдіктердің сабағынан уақытша препараттар даярлап, қарау, суреттерін салу.
тапсырма. Даражарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының анатомиялық құрылысы.
Казахстанская раннеспелая сорты. Буынаралығының көлденең кесіндісі: жабындық, арқаулық және өткізгіш ұлпалар жүйесінен тұрады. Жабындық ұлпаны клетка қабықшалары қалыңдаған бір қатар эпидерма клеткалары түзеді. Эпидерма клеткалары қабатының астыңғы жағында арқаулық ұлпа-сүректенген склеренхима талшықтары сақина тәріздес орналасқан. Склеренхима талшықтарында жұқа қабықшалы хлоренхима клеткалары анық байқалады.
Өткізгіш шоқтар- жабық коллатеральды, яғни ксилема және флоэмадан тұрады, камбий болмайды. Өткізгіш шоқтардың орналасуы ерекше орын алады, ауданы бойынша кіші өткізгіш шоқтар склеренхима талшықтары сақинасында орналасқан және шоқ склеренхима қынапшасымен аяқталады. Екінші қатарда, ірі өткізгіш шоқтар паренхима клеткалары арасында орналасқан. Клетка қабықшалары жұқа, паренхима клеткалары 4-5 қатарды құрайды. Сабанның ортаңғы бөлігі –ауалы қуыс (сурет 10 А). Сабақтың ішкі құрылысында арқаулық ұлпаны түзетін клеткалардың қатар саны 4-5, өткізгіш шоқтар саны 26, оның ішінде ірі өткізгіш шоқтар саны 16, кіші өткізгіш шоқтар саны 10, паренхима клеткалары 5-6 қатарды құраған.
ЖҰМЫС БАРЫСЫ. Жоғарыда аталған өсімдіктердің сабағынан уақытша препараттар даярлап, қарау, суреттерін салу.
Жаздық бидай сабағының анатомиялық құрылысы
Сурет 1
Жаздық бидай сабағының ішкі құрылысы
3- тапсырма. Сүректі өсімдіктер сабағының анатомиялық құрылысы.
Шәйқурай тобылғы, Таволга зверобоелистая, Spiraea hypericifolia L
Сабағының көлденең кесіндісі: перидерма, алғашқы қабық, орталық шеңберден тұрады. Перидерманың сыртқы жағында бір қатар эпидермис клеткалары орналасқан. Алғашқы қабық паренхималық клеткалардан тұрады. Камбийдің ұқызметіне байланысты соңғы ксилема және соңғы флоэма пайда болған. өзекті сәуле аралығында ксилема түтіктері орналасқан. Өзекті сәуле кеңейген. Өзек маңайында перимедулярлы аймақ бар. Өзек паренхималары көп қырлы, клетка қабықшалары қалыңдаған, ішінде қорлық заттар кездеседі.
9-Жұмыс. Қосжарнақты және даражарнақты шөптесін өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы.
1- тапсырма. Қосжарнақты шөптесін өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы.
2- тапсырма. Даражарнақты шөптесін өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы.
3-тапсырма. Сүректі өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы.
Кәдімгі қызыл бояу, подмаренник настоящий, Calium verum L..
Жапырағының көлденең кесіндісі: жоғарғы және төменгі эпидермис, ассимилияциялық ұлпа- мезофилл, өткізгіш шоқтар және арқаулық ұлпаның клеткаларынан тұрады. Жапырағы- бифациальды. Жапырақ тақтасының жоғары бетінде бағаналы, төменгі беткейінде борпылдақ мезофилл орналасқан. Орталық өткізгіш шоқ коллатеральды жабық, склеренхима клеткаларымен қоршалған.
Түйнекті фломис, зопник клубненосный, Phlomus tuberosa L Жапырағы бифациальды. Жапырақтың адаксиальды беткейінде 2 қатар бағаналы, абаксиальды беткейінде борпылдақ мезофилл орналасқан. Торлы жүйкелену болғандықтан ортаңғы өткізгіш шоқ ірі, коллатеральды, ол склеренхима клеткаларымен қоршалған.
Жалаң мия, Солодка голая Glycyrrhiza glabra L.
Жапырағы изолатеральды. Эпидермистен кейін 2 қатар бағаналы ұлпа орналасады. Олардың аралығында 3 қатарға дейін борпылдақ ұлпа клеткалары орналасады. Мезофиллде сары- қоңыр түске боялған танниндер бар. Ортаңғы жүйкені ірі, коллатеральды өткізгіш шоқ түзеді. Ол склеренхима клеткаларымен қоршалған.
2- тапсырма. Даражарнақты шөптесін өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы.
Жаздық бидай Казахстанская раннеспелая сорты жапырағының анатомиялық құрылысының көлденең кесіндісі: жабындық, негізгі және өткізгіш ұлпалар жүйесінен тұрады.
Ортаңғы бөлігінде паренхима клеткалары бір-бірімен тығыз байланыспаған, арасында клетка аралықтары болады. Жапырақ тақтасының барлық клеткаларында хлоропластар кездеседі.
Өткізгіш шоқтар - коллатеральды, ксилема жапырақ тақтасының жоғарғы, флоэма - төменгі беткейіне қарай орналасқан. Өткізгіш шоқ клеткалардың екі қатарымен қоршалған. Арқаулық ұлпа - склеренхима өткізгіш шоқтың жоғары және төменгі жағында орналасқан (сурет 1).
Жаздық бидай жапырағының анатомиялық құрылысы
1 - эпидермис; 2 - склеренхима; 3 - өткізгіш шоқ; 4 - мезофилл; 5 - паренхима
Сурет 2
ҚАЙТАЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Өркен деген не?
2. Өркеннің негізгі бөліктерін кестеден, гербарийден және тірі өсімдіктерден көрсетіңіз.
3. Өркен метамерлілігі деген не?
4. Қандай өркендерді ұзарған және қысқарған өркен деп атайды? Олардың бір-бірінен сыртқы пішіні және атқаратын қызыметтері жағынан қандай айырмашылықтары бар?
5. Өркендер жүйесі деген не және ол қалай түзіледі?
6.Бүршік деген не? Бүршіктің қандай түрлері бар?
7. Вегетативті бүршіктің құрылысы жағынан генеративті және вегетативті-генеративті бүршіктерден айырмашылықтары қандай?
8. Орналасуына қарай бүршіктің түрлерін атап, гербарийден көрсетіңіз.
9. Жапырақ дағы, өткізгіз шоқтар ізі және бүршік сақинасы деген не? Бұлардың бұтақтың жасын,өсімдіктің
10. Бұтақтанудың биологиялық мәні неде?
11. Дихотомиялы бұтақтанудың моноподийлі және симподийлі бұтақтанудан қандай айырмашылығы бар?
12. Дихотомиялы бұтақтанудың жалған дихотомиялы бұтақтанудан айырмашылығы неде?
13. Жапырақтың орналасуының қандай түрлері бар?
14. Өркеннің қандай түрлері бар?
15. Сүректі өсімдіктердің шөптесін өсімдіктерден айырмасы қандай?
16. Сүректі өсімдіктерді ағаш,бұта,бұташық бір-бірінен қалай ажыратады?
17. Шөптесін өсімдіктерді бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық бір-бірінен қандай белгілері бойынша ажыратады
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Васильев А.Е. Ботаника. Морфология и анатомия растений. М.: Просвещение, 1988.
2. Васильев А.Е, Воронин Н.С и др. Ботаника. Анатомия и морфология растений. М.: Просвещение, 1978.
3. Курсанов Л.И. и др. Ботаника. Т. 1, М., 1966.
4. Кудряшов З.И., Зубкевич Г.И. Курс лабораторных занятий по морфологии растений. Минск, 1970.
5.Ағалеуов Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.
6. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.
7. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы, 1994.
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Табиғат жағдайында өткізілетін өсімдіктану практикасы. Алматы, 1996.
2. Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша – қазақша сөздігі. Алматы, 1996.
3. Хржановский В.Г., Пономаренко С.Ф. Ботаника. М., 1982
4. Жуковский П. М. . Ботаника. М., 1964
5. Эзау К. Анатомия семенных растений. М., Т.Мир ,т.1,2. 1980
Достарыңызбен бөлісу: |