Кәсіпорынның қаржы-экономикалық бөлімінде студент кәсіпорыннның қаржыны ұстауы және оларды басқарудың негізгі принциптері мен элементтері туралы толық және анық түсінік алуы керек, атап айтқанда:
кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау принциптері мен кезеңдерін зерделеу: шаруашылық (коммерциялық) есебі;
қаржылық қатынастардың құқықтық қамтамасыз етілуін зерделеу: реттеу әдістері және нормативтік, құқықтық актілері;
кәсіпорынның қаржылық жоспарын немесе негізгі бюджетін құрастыру және қамтамасыз ету тәртібі;
кәсіпорынның қаржы-шаруашылық бағалары, оның ақшалай қаражат ағымы негізінде кәсіпорынның қаржылық стратегиясының негізгі бағыттары мен әдістемелерін зерттеу;
кәсіпорын бюджетін құру, оның сыртқы қаржыландыруда дамуы мен шығынын, қажеттілігін болжау және болашағын бағалау үшін қаржылық көрсеткіштерді (пайдалылығық, беріктіктің қаржылық қоры, қаржылық және өндірістік иінтірек) есептеу әдістемесімен тәжірибеде танысу және игеру;
субъектінің инвестициялық саясатымен және инвестициялық шешім қабылдау критерийлерімен; инвестициялық жобаларды таңдаудың негізгі әдістерімен; құнды қағаздарды сатып алумен, сақтаумен және сатумен қаржылық тәуекелдікті бағалау әдістерімен танысу;
кәсіпорындағы қаржылық бақылаудың негізгі әдістерін, түрлерін және нысандарын игеру;
кәсіпорындағы қаржылық және кассалық жоспарларды орындауды қаржылық бақылауды қамтамасыз ету тәртібін зерделеу.
Кәсіпорынның қаржылық бөлімінде тәжірибеден өткенде студент қаржымен басқару саласы туралы анық мәлімет алуы керек және негізделген, таразыланған шешім қабылдауға тәжірибелік дағдылануы керек.
Есепте зерделенген материалдың жоғарыда санамаланған деректері көрсетіледі, есеп айырысулар мен талдаулар жасалады, сонымен қатар сәйкес құжаттар қоса беріледі.
Қазыналық органдар мамандарының жұмыс орындарында практикадан өту кезінде практикадан өтуші мыналарды зерделеуге және талдауға міндетті:
қазынашылық орган жүйесін, олардың міндеттері мен қызметін;
қазынашылық органдардың аумақтық құрылымдары, олардың сипаттамасын және бөлімдердің қызметтік сипаттамасын;
республикалық және жергілікті бюджеттердің (қазынашылық органдармен жергілікті және бөліп тұратын салықтарын түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында бөлінуін талдау; республикалық және жергілікті бюджетке кіріс түсімін талдау) кіріс бөліктерін орындау бойынша қазынашылық органдардың жұмыс істеу механизмі;
бюджеттердің шығыс бөлігін атқару бойынша қазынашылық органдардың жұмыс істеу механизмі;
қазынашылық органдардың бақылау қызметі (мемлекеттік бюджет қаражаттарының мақсатты жұмсалуын бақылау);
республикалық және жергілікті бюджет шығыстары мен кірістері туралы есеп және есеп жүргізу жүйесі;
қаржылық және қазынашылық аумақтық органдар есеп жүргізуіндегі айырмашылықтарды салыстыру және келісу түрлері.
Бюджет шығыстары мен кірістеріне есеп жүргізу бойынша операцияларды жүргізуді автоматтандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |