Практика №7-9 Ауыспалы егістер. Әртүрлі маманданған және әртүрлі құрамдағы егіс танаптары бар шаруашылықтар үшін ауыспалы егістегі дақылдардың ауысу ретін көрсететін үлгіні құрастыру. Ауыспалы егіске өтудің және игерудің жоспарын және ротациялық кесте



бет2/3
Дата09.12.2023
өлшемі85 Kb.
#44626
1   2   3
Практика земледелие 9 қаз

Отамалы дақылдар – картоп, жүгері, күнбағыс, мақта, бақша дақылдары, қант қызылшасы жақсы арамшөптерден тазартушылар болып табылады. Топырақта олардан кейін қоректік заттардың жылжымалы түрлері көп жинақталады.
Алғы дақыл ретінде дәнді дақылдарды: күздік және жаздық дәнді дақылдар деп 2-топқа бөлуге болады.
Күздік дәнді дақылдардан кейін топырақта көптеген тамырлар және өсімдік қалдықтары қалатындықтан және танапты ерте босататындықтан, топырақты келесі дақылдар үшін жақсы дайындауға мүмкіндік береді.
Жаздық дақылдардың арамшөптермен күресуі әлсіздеу болады. Олардан тамыр және өсімдік қалдықтары аз қалады.
Мол өнім алу үшін ауыспалы егістігінде дақылдардың кезектесуін, олардың әрқайсысына да жақсы алғы дақыл келетіндей етіп ұйымдастырады. Яғни ол бағалы, алғы дақылдарға қоятын талаптары өзінен кейінгі дақылға жақсы алғы дақыл болуы керек.
Кезектестіріп орналастыру кезінде әр дақылдың биологиялық ерекшелігін, олардың тіршілік факторларына әсерін, топырақтың физикалық, химиялық қасиеттеріне су және қоректену режимдеріне әсерлерін, танапты ластау ерекшеліктерін ескереді. Кез келген ауыспалы егістің негізі – жыл сайын немесе белгілі бір кезең аралығында дәнді дақылдарды – отамалы, дәндібұршақ тектес, көпжылдық немесе біржылдық шөптермен, күздік дақылдарды жаздық дақылдармен кезектестіріп отыру.
Ауыспалы егісті ең жақсы алғы дақылдан бастау керек. Дәнді дақылдардың 2 жылдан артық егілуін болдырмау керек.
Күнбағыс, қант қызылшасын 2 жыл қатарынан себуге және бастапқы орнына жиі қайталап егуге болмайды.
Күнбағыс пен көпжылдық шөптерді қант қызылшасы қатарына жағалай отырғызуға болмайды, өйткені бұл дақылдар топырақты кептіріп жібереді. Қант қызылшасын күнбағыстан кейін отырғызуға болмайды.
Бұршақ тектес дақылдарды 2 жыл қатарынан еккен дұрыс емес, өйткені жинақталған азот қорын екінші жылға дақыл пайдаланбайды. Ал дәнді дақылдар азот қорын мол қажет етеді.
Отамалы және бұршақ тектес дақылдар – барлық өсімдіктер үшін жақсы алғы дақылдар болып есептеледі, сондықтан олардан соң ешқашан таза пар қалдыруға болмайды. Ал таза парларға бұларды отырғызуға болмайды.
Көпжылдық шөптер алғашқы жылы баяу дамып қанағаттанарлық өнім бермейтіндіктен күздік, жаздық дақылдармен, біржылдық шөптермен қосылып өсіріледі.
Мысалы, 1. Таза пар; 2. Жаздық бидай; 3. Жаздық бидай; 4. Арпа.
Ауыспалы егісті енгізуді: енгізу және игеру деп 2-сатыға бөледі.
1) Енгізу дегеніміз – ауыспалы егіс жобасын құрып, оны іс жүзінде енгізу. Ауыспалы егістіктерді бір пішінді мүмкіндігінше тік бұрышты етіп жобалайды.
2) Ауыспалы егісті игеру дегеніміз – жобалаған ауыспалы егістіктегі орнатылған дақылдардың кезектестірілуіне біртіндеп көшу.
Ауыспалы егісті игеру үшін оған әдетте, 2–3 жыл қажет. Дақылдардың танаптар бойынша орналасуы жасалған сызбаға сай келетін болып, тыңайтудың, дақылдардың кезеңі сақталса, ауыспалы егіс игерілді деп есептеледі. Масақты дақылдар түріне қарай алғы дақыл ретінде әртүрлі бағаланады. Күздік бидай-жаздық бидай, арпа үшін көптеген отамалы дақылдар жақсы алғы дақыл болып есептеледі. Себебі олар арашөптермен жақсы күресе алады, танапты ерте босатады. Жаздық бидаймен арпа – орташа алғы дақыл болып есептеледі. Бұлардың ішінде нашары – тары. Тары өте жай өседі де, өсіп-дамуы жайынан арамшөптерден кейін қалып қояды. Тарыдан кейін танаптарда арамшөптер көп болады.
Жаздық дақылдардың онша айтарлықтай алғы дақыл болып есептелмейтін тағы бір себебі бар, олар топырақтағы жеңіл сіңірілетін қоректік заттарды едеуір мөлшерде пайдаланады. Сондықтан олар көбіне, ауыспалы егістің ең соңғы танабына себіледі де, бұл дақылдардан кейін танаптар көбіне, парға қолданылады.
Ауыспалы егістер онда себілетін дақылдардың түріне немесе топыраққа тигізетін әсеріне байланысты:
1. Егістік-танаптық
2. Мал азықтық
3. Арнаулы болып 3-ке бөлінеді.
1. Егістік-танаптық ауыспалы егісте дәнді-масақты, бұршақ тұқымдас техникалық дақылдар және картоп өсіріледі. Техникалық дақылдар қант қызылшасы, күнбағыс, мақта, оларды масақты дақылдар егіп жүрген егін жайларға себуге болады. Танаптық ауыспалы егістерде кейде мал азықтық дақылдар егілуі де мүмкін, бірақ малды жеммен қамтамасыз ету бұл ауыспалы егістің міндетіне жатпайды.
2. Мал азықтық ауыспалы егістер – себілген дақылдардың түріне байланысты ферма маңындағы және шөп-жайылымдық болып 2-ге бөлінеді. Бұларға көбінесе, біржылдық немесе көпжылдық шөптер арпа, сұлы сияқты күтімді көп қажет етпейтін мал азықтық дақылдар егіледі. Кейбір жағдайда бұл ауыспалы егістерді мал жаюға пайдаланылады. Мал азықтық ауыспалы егістерде шаруашылықтың түріне байланысты ауа райы мен топырағына, өсірілетін малдың түріне байланысты әртүрлі дақылдар егіледі. Мысалы: шаруашылық мал бордақылауға мамандандырылған болса, көбінесе арпа, жүгері, сияқты малды тез семіртетін дәнді дақылдар егіледі. Төл алып, өсіретін шаруашылықтарда бұршақ тұқымдас, құрамында ақуызы мол дақылдар егіледі. Егер шаруашылық сүт өндіруге мамандандырылған болса, онда сүрлем беретін дақылдар, құрамында суы, қанты мол болатын қызылша сияқты тамыр жемісті дақылдар егіледі. Шаруашылық ірі қара мал, жылқы өсірумен айналысатын болса, бұл ретте олардың пішендікке жарайтын, мәдени жайылымға қолдануға болатын дақылдар өсіргені жөн. Егер ауыспалы егіс мал фермасының жанына орналасып, оған сүрлемге, көк балаусаға арналған дақылдар егілсе, бұл фермалық ауыспалы егіс болып табылады. Ал пішендік-жайылымдық ауыспалы егіс ферманың жанына орналаспауы да мүмкін.
Мал азықтық ауыспалы егістің ең басты көрсеткіші бір гектардан алынатын азық өлшемі мен қорытылатын протеин, витаминдер көлемі болып табылады. Бұл жерде әрбір жемдік өлшемге кететін еңбек мөлшері мен өндірілген жемнің өзіндік құнын да есептеу керек.
3. Арнаулы ауыспалы егістерге – топырақты немесе танапты әдейілеп, ерекше дайындауды қажет ететін дақылдар себіледі. Бұған күріш, көкөніс, темекі өндіретін ауыспалы егістер жатады.
Мысалы: күрішті себуге танаптар ерекше дайындалады – күріш себетін шектер тақтайдай түзу болуы керек, өйтпесе шекті сумен толтырғанда, судың мөлшері шектің әр жерінде әртүрлі болып, өнімі күрт төмендейді. Көкөніс, темекі себу үшін де топырақты өте жақсылап баптау керек. Өйткені бұл егістерден алынған өнімдерді адам тікелей пайдаланатын болғандықтан оларға көбінесе, органикалық тыңайтқыштар енгізіледі. Бұл ауыспалы егісте себілетін дақылдар қол күшін көп қажет етеді. Сондықтан өнімді мол алатындай етіп қажетті жағдай жасап, яғни уақтысында суарып, жөндеп күтпесе арнаулы ауыспалы егіске себілген дақылдар өзін-өзі ақтай алмай, шаруашылыққа зиян әкелуі мүмкін.
Топырақты бүлдіретін эрозияға қарсы қолданылатын, танаптағы дақылдарды 50–100 метрлік жолақтарға орналасатын ауыспалы егістер де осы арнаулы ауыспалы егістердің қатарына кіреді. Мұндай ауыспалы егістер Қазақстанның тәлімі жерлерінде орналасқан топырағы құмдауыт болып келетін аудандарда қолданылады. Бұл ауыспалы егістерге көпжылдық шөптер, масақты дақылдар мен пар үшеуі 50 не 100 м жолақтарға, желдің үдере соғатын бағытына кесе-көлденең орналастырылады. Топырақты қорғайтын ауыспалы егістер солтүстікке Павлодар, Ақмола, Қостанай, батысында Ақтөбе облыстарында, оңтүстігінде Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кездеседі.
Ауыспалы егістегі әр егінжайдың тарихы жазылатын кітап болуы керек. Бұл кітапта әр танапта жылма-жыл қандай топырақ өңдеу жұмысы жүргізілгені, қандай тыңайтқыштар қанша мөлшерде берілгені, қай дақыл себілгені, қандай арамшөптер кездесетіні, оларға қарсы қандай гербицидтер қолданылғаны, т.б. агротехникалық шаралардың бәрі жазылып тұруы керек. Бұл кітапта танап топырағының түрі, механикалық құрамы, қышқылдануы, қоректік заттар қорының мөлшері жөніндегі мәліметтер жазылуы керек. Бұл мәліметтер арқылы келесі егістік дақылдардың агротехникасы анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау