Жоба
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
|
|
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»
|
БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
|
|
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
ПРАВЛЕНИЯ
|
Алматы қаласы
|
|
город Алматы
|
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің
орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында 2008 жылғы 15 қарашада
№ 11 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу туралы нұсқаулық»;
кіріспенің бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу туралы нұсқаулық «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есеп беру мерзімдерін белгiлейді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Қызметін «өмірді сақтандыру» саласында жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерінің есебі мынадай сақтандыру сыныптары және түрлері бойынша жеке-жеке жүзеге асырылады:
1) өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша;
2) сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына қатысуымен өмірді сақтандыруды көздейтін сақтандыру түрі бойынша;
3) жазатайым оқиғалардан сақтандыру және ауырған жағдайда сақтандыру сыныбы бойынша.
Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерін есептеу үшін Нұсқаулықтың 11, 15 және 17-тармақтарына сәйкес алынған сомалар қабылданады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. «Сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына қатысуымен өмірді сақтандыру» сақтандырудың түрі бойынша сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері мынадай шамалардың қосындысына тең мәнді білдіреді:
1) сақтандыру ұйымы инвестициялық тәуекелге ұшырайтын шарттар бойынша Норматитвтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6540 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына немесе кірістеріне қатысу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 134 қаулысына (бұдан әрі – № 134 қаулы) сәйкес есептелген ішкі резерв қоры сомасының
4 (төрт) пайызы;
2) сақтандыру ұйымы инвестициялық тәуекелдерге ұшырамайтын және әкімшілік шығыстарды жабуға бөлінетін қаражат сомасы белгіленген шарттар бойынша № 134 қаулыға сәйкес есептелген ішкі резерв қоры сомасының 1 (бір) пайызы;
3) сақтандыру ұйымы инвестициялық тәуекелге ұшырамайтын және әкімшілік шығыстарды жабуға бөлінетін қаражат сомасы белгіленбеген шарттар бойынша алдыңғы қаржы жылындағы әкімшілік шығыстар сомасының 25 (жиырма бес) пайызы.»;
16-тармақ алып тасталсын;
18-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«төленуге тиіс дивидендтер шегерілген алдыңғы жылдардың бөлінбеген кірісі (оның ішінде қорлар, көзделмеген тәуекелдер резерві, тұрақтандыру резерві, өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптастырылған резервтер);»;
22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының реттелген борышы – бұл сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қамтамасыз етілмеген міндеттемесі.
Реттелген борыш мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы нақты алған ақшаның толық төленген сомасы ғана ескеріледі;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы таратылған кезде Заңның 72-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес қанағаттандырылады;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оны өтеуі мүмкін (толық немесе ішінара), оның ішінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қорытындысына сәйкес осындай өтеу кейіннен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Нұсқаулықта белгіленген пруденциалдық нормативтерді сақтамауына әкелмейді деген шартпен мерзімнен бұрын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша ғана өтелуі мүмкін;
4) белгіленген өтеу мерзімі бар реттелген борышты өтеу мерзімі бес жылдан кем болмайды. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өтеу күнінен кем дегенде бір жыл бұрын Комитетке өтеу күніне нақты төлем қабілеттілігі маржасын қамтамасыз ету жоспарын береді. Бұл талап, егер реттелген борыш нақты төлем қабілеттілігі маржасының есебіне мынадай тәртіппен енгізілген жағдайларға қолданылмайды:
борышты өтеу мерзімі басталғанға дейінгі бес жылдан асатын мерзім ішінде - борыштың толық сомасын, борышты өтеу мерзімі басталғанға дейін қалған бес жыл ішінде:
1-ші жыл – реттелген борыш сомасының 100 пайызын;
2-ші жыл - реттелген борыш сомасының 80 пайызын;
3-ші жыл - реттелген борыш сомасының 60 пайызын;
4-ші жыл - реттелген борыш сомасының 40 пайызын;
5-ші жыл - реттелген борыш сомасының 20 пайызын;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы белгіленген өтеу мерзімі жоқ реттелген борышты өтеген жағдайда болжанатын өтеу мерзімінен кем дегенде бес жыл бұрын Комитетке нақты төлем қабілеттілігі маржасын қамтамасыз ету жоспарын береді. Осы талап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы реттелген борышты нақты төлем қабілеттілігі маржасының есебіне енгізбеген, сондай-ақ оны мерзімінен бұрын өтеген жағдайларына қолданылмайды. Бұл жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, осындай өтеуге дейін және кейін нақты төлем қабілеттілігі маржасын қамтамасыз ету жоспарын алдын ала бере отырып, болжанатын өтеу күніне дейін алты ай бұрын Комитеттің реттелген борышты мерзімінен бұрын өтеуге арналған қорытындысын алады;
6) реттелген борыш, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратуды қоспағанда, Комитетпен келісілген күндерден басқа күндері өтелмеуі тиіс;
7) реттелген борыш талаптарын өзгерту Комитеттің келісімі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
23. Облигациялар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет бекіткен облигацияларды орналастыру қорытындысы туралы есептің негізінде ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының реттелген борышы болып танылады және нақты төлем қабілеттілігі маржасының есебіне енгізіледі.
Нұсқаулықтың 20, 22-тармақтарында көрсетілген талаптарды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының реттелген борышы болып табылатын облигациялар мынадай талаптарға да сәйкес келеді:
облигациялардың меншік иесінің бастамасы бойынша немесе Комитеттің алдын ала келісімі болмай өтеуге ұсынылмайды;
облигациялар шығарылымы проспектісі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына борыш бойынша сыйақы төлеу мерзімін ұзарту құқығын береді;
облигациялар шығарылымы проспектісі шығындар болған жағдайда негізгі борышты және төленбеген сыйақыны түзетуді көздейді және бұл ретте сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына өз қызметін жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған кепілдік беру қорының ең аз мөлшері мына шамалардан кем болмауы тиіс:
«жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 600 000 000 (алты жүз миллион) теңге;
«өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 1 100 000 000 (бір миллиард бір жүз миллион) теңге;
Заңның 6-бабы 3-тармағының 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) тармақшаларында көрсетілген сақтандырудың ерікті нысанындағы сыныптары бойынша және сақтандырудың міндетті нысанындағы кез келген сыныбы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін - 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге;
қайта сақтандыруды айрықша қызмет түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы үшін - 780 000 000 (жеті жүз сексен миллион) теңге.
Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есепті күндегі міндеттемелерінің жалпы көлеміндегі Заңның 6-бабының 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген сынып бойынша міндеттемелердің үлесі 90 (тоқсан) пайыздан астам құраса сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін кепілдік беру қорының ең аз мөлшері 10 (он) пайызға азайтылады.»;
32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері құнының, олардың сапа бойынша жіктеуі және өтімділігі ескерілген есебіне шарттың талаптары бойынша мерзімі өткен дебиторлық берешек, сақтандыруды (қайта сақтандыруды) қорғаудың қолданылу мерзімі басталмаған сақтандыру шарттары бойынша пайда болған дебиторлық берешек, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысы болып табылатын немесе қомақты қатысуы бар ұйымдардың ірі қатысушыларының, еншілес ұйымдарының, сондай-ақ өзге де аффилиирленген ұйымдардың дебиторлық берешегі кірмейді.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта сақтандырушының үлесі шегерілген сақтандыру резервтері сомасына жоғары өтімді активтер құнының қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептелетін жоғары өтімді активтерінің нормативін күнделікті сақтайды:
ЖА
Нжа = ------------- ≥ 1,
СР
мұнда:
Нжа – жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативі;
ЖА – Нұсқаулықтың 36-тармағында көрсетілген жоғары өтімді активтердің күнтізбелік күн соңындағы құны;
СР –Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6293 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды, сақтандыру резервтері жөніндегі есептілікті беру нысандарын және мерзімін бекіту туралы» 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 61 қаулысына (бұдан әрі – № 61 қаулы) сәйкес есептелген қайта сақтандырушының соңғы есепті айдың соңындағы үлесі шегерілген сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтерінің сомасы. Сақтандыру резервтерінің сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) ай сайынғы қаржылық және өзге де есептілікті ұсынған күнге дейін пайдаланылады.
Жоғары өтімді активтер жеткіліктілігінің нормативі бірден кем болмайды.»;
33-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33-1. Осы Нұсқаулықтың 24-тармағына сәйкес активтердің сапасы және өтімділік бойынша жіктеуін ескере отырып, жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативін және нақты төлем қабілеттілігі маржасын есептеген кезде сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі сомасына Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен және Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі мына жағдайлардың бірі болғанда енгізілмейді:
Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында «Standard & Poor's» агенттігінің «B-»-тен төмен халықаралық рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар, немесе осы рейтингілік агенттіктердің рейтингілік бағасы жоқ;
қайта сақтанушыда (цедентте) Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы туралы ақпараты, оның ішінде қайта сақтандыру шартын жасаған күннің алдындағы соңғы үш қаржы жылының қаржылық есептілігі және оны тіркеген елдің уәкілетті органының қайта сақтандыру шартын жасаған күнге дейінгі соңғы есепті кезең ішінде төлем қабілеттігі маржасы (меншікті капиталы) бойынша талаптарын сақтауы туралы ақпараты жоқ;
сақтандыру тәуекелдерін тапсыру кезінде факультативтік қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықаының мөлшері, қайта сақтандыру шарты бойынша міндеттемелерді орындау валютасы бағамының өзгеруі нәтижесіндегі асып түсу жағдайын қоспағанда, сақтандыру шарты бойынша сыйлықақы мөлшерінен асып түсуі;
қайта сақтандыру шарты жауапкершілік көлемінің он пайызынан аспайтын және сақтандыру сыйлықақысы көлемінің елу пайызынан астамын беруді көздейді;
қайта сақтандыру шарты қайта сақтанушының (цеденттің) қайта сақтандыру саясатына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6113 тіркелген) ережелеріне қайшы жасалған;
қайта сақтандыру шартында қайта сақтанушыны (цедентті) және сақтандырылған тұлғаны қоспағанда, қайта сақтанушының (цеденттің) аффилиирленген тұлғасы және (немесе) сақтанушының аффилиирленген тұлғасы сақтандыру сыйлықақының, пайданың және (немесе) қайта сақтандыру шарты немесе шарттар тобы бойынша қайта сақтанушының кірістері мен шығыстары арасындағы оң айырмасының бөлігін алу туралы талабы бар;
қайта сақтандыру шартында шарт немесе көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы бойынша барлық сақтандыру тәуекелдерін немесе бір бөлігін қайта сақтандыруға беру көзделеді.»;
34-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Жоғары өтімді активтер жеткіліктілігі нормативінің есептік мәніне қарамастан, Комитет мынадай фактілерді анықтаған жағдайда жоғары өтімді активтер жеткіліктілігінің нормативі орындалмады деп есептеледі:»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Нұсқаулықтың 32 және 36-тармақтарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері сомасын есептеу үшін мыналар ескерілмейді:
1) РЕПО операцияларының мәні болып табылатын активтерді қоспағанда, сақтандыру ұйымының меншік құқығы шектеулі (оның ішінде кепілге беру, міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін активке ауыртпалық салу бойынша мәмілені жасау нәтижесінде) активтер;
2) Заңға сәйкес ірі қатысушылар немесе еншілес ұйымдар (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар ұйымдар) болып табылатын заңды тұлғалардың акциялары және екінші деңгейдегі банктердегі салымдары;
3) осы ұйымға қатысты аффилиирленген болып табылатын, заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар;
4) сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына қатысуымен өмірді сақтандыру шарттары бойынша ішкі резерв қорын орналастыру нәтижесінде алынған активтер.»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Жеке сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарты бойынша, сондай-ақ әрбір сақтандыру тәуекелі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздігінен ұстап қалудың ең жоғары мөлшерін актуарий есептейді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартын жасау күніне және қолданыста болудың бүкіл кезеңі ішінде әрбір келесі есепті күніне өздігінен ұстап қалудың ең жоғары мөлшері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есепті күніне есептелген нақты төлем қабілеттілігі маржасының мөлшеріне қатысты мына мәндерден аспайды:
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап: 80 (сексен) пайыз;
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап: 50 (елу) пайыз;
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап: 30 (отыз) пайыз.»;
мынадай мазмұндағы 8-2-тараумен толықтырылсын:
«8-2. Қосымша пруденциалдық нормативтер: көзделмеген тәуекелдер резерві, тұрақтандыру резерві.
44-8. Көзделмеген тәуекелдер резерві (бұдан әрі – КТР) – сақтандыру төлемдерін және сақтандыру шығындарын реттеу бойынша шығыстарды жабу үшін табыс беретін сыйлықақы резерві (бұдан әрі – ТСР) жеткіліксіз болған кезде ықтимал болашақ тәуекелдер бойынша қалыптастырылатын резерв. Бұл ретте ТСР № 61 қаулыға сәйкес есептеледі.
Көзделмеген тәуекелдер резерві бір мезгілде мынадай талаптар сақталған жағдайда ай сайын есептеледі:
таза сақтандыру төлемдерінің, сақтандыру шығындарын реттеу бойынша шығыстардың және қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындар резервінің өзгеруі сомасының қол қойылған сақтандыру сыйлықақыларының және қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген КТР өзгеруінің айырмасына қатынасы сақтандыру сыныбы бойынша 105 (бір жүз бес) пайыздан артық болса;
жеке сақтандыру сыныбы бойынша қолданыстағы сақтандыру шарттары бойынша таза сақтандыру сыйлықақыларының көлемі есепті кезеңдегі қолданыстағы сақтандыру шарттары бойынша таза сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінің 10 (он) пайызынан асатын болса.
КТР төмендегідей есептеледі:
,
мұнда:
Т- таза сақтандыру төлемдері;
Ш – сақтандыру шығындарын реттеу бойынша шығыстар;
ΔШР- шығындар резервінің (қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген) өзгеруі;
ТҚ – таза қол қойылған сақтандыру сыйлықақылары (қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген қол қойылған сыйлықақылар). Таза қол қойылған сақтандыру сыйлықақылары – сақтандырушы олар нақты алынғанына немесе алынбағанына қарамастан есепке алуға қабылдаған сыйлықақылар;
ΔТСР – қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген табыс беретін сыйлықақы резервінің өзгеруі;
ТСР – есептеу күніне қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген табыс беретін сыйлықақы резерві.
Т, Ш, ΔШР, ТҚ, ΔТСР өлшемдері соңғы он екі айға есептеледі.
44-9. Тұрақтандыру резерві сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының болашақ сақтандыру төлемдеріне байланысты міндеттемелерін бағалау болып табылады.
Қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген сақтандыру ұйымының шығындылығын сипаттайтын орташа квадратты ауытқу коэффициенті шығындылықты сипаттайтын коэффициентінің орташа мәнінің 10 (он) пайызынан артық болған жағдайда, сақтандыру сыныбы бойынша тұрақтандыру резерві қалыптастырылады.
Қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген сақтандыру ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициент (бұдан әрі – шығындылықты сипаттайтын коэффициент) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 83 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4218 тіркелген) сәйкес анықталады;
44-10. Тұрақтандыру резервін және шығындылықты сипаттайтын коэффициентінің оның орташа мәнінен орташа квадраттық ауытқуын есептеу Нұсқаулыққа 7-1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Тұрақтандыру резервінің есебіне алдыңғы үш қаржы жылына есептелген, шығындылықты сипаттайтын коэффициенттердің мәндері алынады.
Тұрақтандыру резерві аяқталған қаржы жылының нәтижелері бойынша әрбір сақтандыру сыныбы бойынша жеке-жеке есептеледі.
Жазатайым оқиғалардан сақтандыру, ауырған жағдайды сақтандыру, өмірді сақтандыру, аннуитеттік сақтандыру сыныптары бойынша тұрақтандыру резерві нөлге тең болады.
Тұрақтандыру резервінің жалпы шамасы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша тұрақтандыру резервін қосу арқылы анықталады.
Ағымдағы қаржы жылының басында қалыптастырылған тұрақтандыру резерві ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейін өзгермейді.»;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға пруденциалдық нормативтердің есебін мынадай мерзімділікпен ұсынады:
ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың алтыншы жұмыс күнінен кешіктірмей – Нұсқаулықтың 1, 2, 3 және 4-қосымшаларында көрсетілген нысандар бойынша пруденциалдық нормативтердің есебін, сондай-ақ қосымша мәліметтерді;
он күн сайын – Нұсқаулықтың 6-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша жоғары өтімді активтер жеткіліктілігінің есебін;
айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша айдың есепті онкүндігінен кейінгі онкүндіктің алтыншы жұмыс күні ұсынылады;
айдың оныншы, жиырмасыншы күніндегі жағдай бойынша айдың есепті онкүндігінен кейінгі онкүндіктің екінші жұмыс күні ұсынылады.
Сақтандыру тобының бас ұйымы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың бірінші күні Нұсқаулықтың 8-қосымшасына және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға сақтандыру тобының қаржы ұйымы болып табылмайтын қатысушыларының қаржылық есептілігін қоса бере отырып, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің есебін ұсынады.
Егер есептілікті беру мерзімі демалыс (мереке) күніне келетін болса, содан кейінгі жұмыс күні есептілікті беру күні деп саналады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтерінің есебі Нұсқаулықтың 6-қосымшасын қоспағанда, қағаз тасымалдауышта ұсынылады.
Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің есебі электрондық форматта және қағаз тасымалдауышта ұсынылады.
Қосымша мәліметтер және Нұсқаулықтың 6-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша жоғары өтімді активтер жеткіліктілігінің есебі электрондық форматта, ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін тасымалдау жүйесін пайдалана отырып ұсынылады.
Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің есебі электрондық форматта, ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін тасымалдау жүйесін пайдалана отырып ұсынылады.
Қағаз тасымалдауыштағы пруденциалдық нормативтердің есебіне және есепті күндегі жағдай бойынша қосымша мәліметтерге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам) және бас бухгалтері қол қояды, мөрмен расталады және уәкілетті органға беріледі, сондай-ақ және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталады.
Қағаз тасымалдауыштағы есепті күндегі жағдай бойынша сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің есебіне сақтандыру тобының бас ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған жағдайда – оның орнындағы адам) және бас бухгалтері қол қояды, мөрмен расталады және уәкілетті органға беріледі, сондай-ақ сақтандыру тобының бас ұйымында сақталады.
Электрондық форматта ұсынылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есебіндегі деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам) және бас бухгалтері қамтамасыз етеді.
Электрондық тасымалдауышта ұсынылатын сақтандыру тобының есептілігіндегі деректердің қағаз тасымалдауыштағы деректермен сәйкестігін сақтандыру тобының бас ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам) және бас бухгалтері қамтамасыз етеді.
Комитеттің талабы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы не сақтандыру тобының бас ұйымы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей есептілігін белгіленген күндегі жағдай бойынша қағаз тасымалдауышта ұсынады.
Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің есебіне Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын сақтандыру тобы қатысушыларының олар тұрған елде олардың қызметін реттейтін тиісті мемлекеттің уәкілетті органының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген пруденциалдық нормативтерін есептеу әдістемесі, нормативтік мәндері туралы мәліметтер қоса ұсынылады.
Сақтандыру тобының өткен жылғы төртінші тоқсандағы төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің есебі уәкілетті органға есепті тоқсаннан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 45-1 және 45-2-тармақтармен толықтырылсын:
«45-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Комитетке КТР есебін қағаз тасымалдауышта Нұсқаулықтың 7-1-қосымшасының 1-нысанына сәйкес тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың алтыншы жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Комитетке тұрақтандыру резервінің есебін қағаз тасымалдауышта Нұсқаулықтың 7-1-қосымшасының
2-нысанына сәйкес есепті жылдан кейінгі жылдың 10 ақпанына дейін жыл сайын ұсынады.
45-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға КТР, тұрақтандыру резервінің есебін Нұсқаулықтың 7-1-қосымшасының 3-нысанына сәйкес есепті айдан кейінгі айдың алтыншы жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық форматта, ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін тасымалдау жүйесін пайдалана отырып ұсынады.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап пруденциалдық нормативтерді есептеуді алдыңғы жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша Нұсқаулықтың 1, 2, 3, 4 және 6-қосымшаларында көрсетілген нысандар бойынша әрбір жұмыс күні жүргізеді. Қағаз тасымалдауыштағы пруденциалдық нормативтердің есебіне бірінші басшы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер қол қояды, мөрмен расталады және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталады.
Комитеттің талабы бойынша сақтандыру ұйымы сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей пруденциалдық нормативтердің есебін қағаз тасымалдауышта ұсынады.»;
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«49. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобының бас ұйымы уәкілетті органға есептілікті беру күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде пысықталған есептілікті және есептілікке өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу қажеттілігінің себептері көрсетілген жазбаша түсіндіруді ұсынады.
Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобының бас ұйымы есептілікті беру күнінен бастап бес жұмыс күнінен асатын мерзімде Комитетке және уәкілетті органға есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып, жазбаша өтінішті ұсынады.»;
1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу туралы нұсқаулыққа
1-қосымша»;
2-қосымшада:
оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу туралы нұсқаулыққа
2-қосымша»;
4-тармақта
«
|
Резервтік капитал және ескерту іс-шаралары резерві
|
114
|
|
»
|
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
Резервтік капитал, Көзделмеген тәуекелдер резерві және Тұрақтандыру резерві
|
114
|
|
»;
|
3-қосымшада:
оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу туралы нұсқаулыққа
3-қосымша»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өмірді сақтандыру, аннуитеттік сақтандыру сыныптары үшін;
2. Сақтандырудың «Сақтандырушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына қатысуымен өмірді сақтандыру» түрі үшін»;
5-тармақта
«
|
Резерв капиталы және ескерту іс-шараларының резерв
|
114
|
|
»
|
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
Резервтік капитал, Көзделмеген тәуекелдер резерві және Тұрақтандыру резерві
|
114
|
|
»;
|
4, 5, 6, 7-қосымшалардың оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу туралы нұсқаулыққа 4-қосымша»;
«Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу туралы нұсқаулыққа
5-қосымша»;
«Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу туралы нұсқаулыққа
6-қосымша»;
«Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу туралы нұсқаулыққа
7-қосымша»;
осы қаулының қосымшасына сәйкес Нұсқаулыққа 7-1-қосымшамен толықтырылсын;
8-қосымшада:
оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу туралы нұсқаулыққа
8-қосымша»;
«
|
3.
|
Инвестициялар шегерілген сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының нақты мөлшері (2 - 1)
|
|
»
|
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
3.
|
Инвестициялар шегерілген сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының нақты мөлшері (1 – 2)
|
|
».
|
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының бір жүз сегізінші абзацының талабы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
4. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұрақтандыру резервін есептеген кезде алдыңғы есепті күнге тұрақтандыру резерві осы қаулының қосымшасына сәйкес есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |